Республика үкіметінің мемлекеттік органдармен қарым- қатынасы


Республика Үкіметінің Мемлекеттік органдармен қарым- қатынасы
Республика Үкiметi:
Республика Президентiн Үкiмет бағдарламасының, Президент тапсырмаларының орындалуы және өз қызметiнiң басқа да бағыттары туралы ұдайы хабардар етiп отырады;
Республика Президентi актiлерiнiң орындалуын ұйымдастырады және оларды министрлiктердiң, өзге де орталық, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын бақылауды жүзеге асырады;
заң жобасын Парламент Мәжiлiсiне енгiзу туралы Президенттiң тапсырмаларын орындайды;
мемлекеттiк бағдарламаларды Президенттiң бекiтуiне ұсынады.
Үкiмет Республика Президентiмен Үкiметтiң заң жобалары жөнiндегi жұмыстарының жоспарларын келiседi.
Республика Президентi толығымен немесе бiр бөлiгiнде Үкiмет актiлерiнiң күшiн жояды не тоқтата тұрады.
Республика Үкiметiнiң заң шығару бастамашылығы құқығы болады, ол тек қана Парламент Мәжiлiсiнде жүзеге асырылады. Заң актiсiнiң жобасын енгiзу туралы шешiм Үкiметтiң тиiстi қаулысын шығару жолымен қабылданады.
Республика Үкiметi:
1. Республика заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi, оларды министрлiктердiң, басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын бақылайды;
2. Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi табыс етедi;
3. мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты ұлғайтуды көздейтiн Республика заңдарының жобалары жөнiнде қорытындылар бередi;
4. Парламент депутаттарының сұрауларына жауап бередi.
Республика Үкiметi:
1. Республика Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн министрлiктердiң, және орталық атқарушы органдардың қызметiне басшылықты жүзеге асырады, олардың Республика заңдарын, Президентi мен Үкiметi актiлерiн орындауын қамтамасыз етеді;
2. министрлердiң және өзге де орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдар туралы ережелердi, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң штат санының лимиттерiн бекiтедi;
3. Республика Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн министрлiктер, орталық атқарушы органдар, сондай-ақ ведомстволар актiлерiнiң толығымен не бiр бөлiгiнде күшiн жояды немесе тоқтата тұрады;
4. Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5. Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлердiң, орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, бұған Республика Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орталық атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары енбейдi;
6. қолданылып жүрген заңдарда белгiленген өзге де функцияларды атқарады.
Республика Үкiметi:
1. ведомстволар қызметiнiң аясын, өкiлеттiктерiн және жауапкершiлiгiн белгiлейтiн нормативтiк актiлер шығарады;
2. тиiстi орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша ведомстволардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң штат санының лимиттерiн бекiтедi;
3. Үкiмет құрамына кiрмейтiн тиiстi министрлердiң, мемлекеттiк комитеттер төрағаларының, орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша ведомстволардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4. қолданылып жүрген заңдарда белгiленген өзге де функцияларды атқарады.
Республика Үкiметi:
1. мемлекеттiк басқару мәселелерi жөнiндегi Республика атқарушы органдарының қызметiне басшылықты жүзеге асырады, олардың Республика заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауын бақылайды;
2. жергiлiктi атқарушы органдар актiлерiнiң күшiн толығымен немесе бiр бөлiгiнде жояды не тоқтата тұрады, оларды жою не тоқтата тұру туралы Республика Президентiнiң қарауына ұсыныстар енгiзедi;
3. Тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарды басқаратын әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң әкiмдерi Республика Президентi мен Үкiметiнiң өкiлдерi болып табылады және Республика Үкiметiне мемлекеттiк басқару мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
Республика Үкiметi заңдарда белгiленген тәртiппен өзге де, соның iшiнде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметiн қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерiн шешедi.
Үкіметті құру кезінде мемлекет басшысы парламенттік республикалар үшін міндетті болып саналатын, оған тек парламентке басым болған партия өкілдері ғана кіретін ережелерді сақтамайды.
Осылайша, республиканың қоғамдық-саяси және мемлекет-құқықтық ерекшеліктерімен мына төмендегі жағдайлар басқару нысаны болып табылады:
мемлекеттің жоғарғы органдарының сайланатындығы;
бұл органдардың қызметінің дәл мезгілдік параметрлермен (мерзіммен) шектелуі;
-мемлекет басшысының кейбір әрекеттеріне жауапкершілік белгілеу;
- мемлекеттің жоғарғы оргаңдарындағы билікті жеке құқық бойынша емес, халықтың тапсыруы бойынша жүзеге асыру;
- азаматтардың мемлекет алдындағы және мемлекеттің азаматтар алдындағы екі жақтан жауапкершілігі.
Мемлекеттік Үкіметтің қызметкерлерінің негізгі міндеттері ҚР Конституциясы мен заңдарын, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, заңдарда белгіленген тәртіп пен азаматтардың өтініштерін қарауға, олар жөнінде қажетті шаралар қолдануға; өздеріне берілген құқықтар шегінде және заңды міндеттеріне сәйкес өкілеттерді жүзеге асыруға; мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға; өздерінен жоғары басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындауға; өз өкілеттігінің шегінде мәселелерді қарауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға, белгіленген тәртігшен лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды алуға құқықтары бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz