Тәрбие процесінің жүйесі мен құрылымы, тәрбие процесінің жалпы заңдылықтары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тәрбие процесінің жүйесі мен құрылымы, тәрбие процесінің жалпы заңдылықтары

ТП - күрделі динамикалық жүйе. Бұл жүйенің әр компоненті өз кезегінде өзіндік компоненттері бар жүйе ретінде қаралады. Қолайлы анықтау шектерін қолдану арқылы әрқилы жүйе мен құрылымдар түзуге болады. Қазіргі теориялық педагогикада ТП талаптарымен құрылған мынадай жүйелері белгілі: ТП мақсаты, міндеті, мазмұны, процестің өту жағдайлары, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынасы, тәрбие іс-әрекетінің қолданылатын әдістері мен формалары, процестің даму кезеңдері және т. б. Солардың кейбіреулерін қарастырайық:

Мақсаттық талап ТП-нің құрылымын шешуге бағытталған міндеттердің бірізділігін білдіреді. Қазіргі мектеп жағдайында тәрбие процесінің бағыттары мынадай:

үйлесімді, жан-жақты дамыту мақсатын есепке ала отырып, тұлғаны біртұтас қалыптастыру;

азаматтық құндылықтар, әлеуметтік-бағдарлы мотивация, ақыл-ой, эмоционалдық және еріктік үйлесім ауқымы негізінде тұлғаның адамгершілік сапаларын қалыптастыру;

оқушыларды ғылыми, мәдени және өнер, т. б. қоғамдық құндылыққа қатыстыру;

қоғамның демократиялық өңделуіне, тұлғаның құқық-тары мен міндеттеріне сәйкес өмірлік позицияға тәрбиелеу;

тұлғаның мүмкіндіктері мен тілектерін, сонымен бірге әлеуметтік талаптарын ескере отырып, оның икемділігін, ептілігін және қызығушылығын дамыту;

- оқушылардың даралық және қоғамдық түсінімдерін дамытатын танымдық іс-әрекет ұйымдастыру;

тұлғаны сапалы тәрбиелеу мақсатында әлеуметтік құнды, әрі жан-жақты іс-әрекет ұйымдастыру;

тұлғаның аса маңызды әлеуметтік функциясын, яғни, өзгермелі еңбектік іс-әрекет жағдайындағы қатынастарын дамыту, әлеуметтік қуаттылықты көтеру.

Келесі құрылым ТП-нің негізгі сатыларын белгілеуге негізделеді. Бұл сатылар - қойылған міндеттердің сапалы шешілуіне бағытталған бірізді кезеңдердің міндетті түрде өтетін процесі. Құрылым ТП бірізділігінің және бірлігінің терең заңдылығын түсінуде өте маңызды:

қойылатын талаптар мен ережелерді тәрбиеленушілердің түсінуі;

білімнің сенімділігі;

сезім қалыптастыру;

іс-әрекетке араласу және іс-әрекет арқылы тәрбиелеу.

Келесі құрылым да бірізді процесс кезеңдерін анықтауға негізделеді, бірақ ол енді басқа талаптарға, яғни процестің жүруінің пәрменділігін қамтамасыз ететін бірліктер арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерге негізделеді: а) тәрбиенің негізгі міндеттері мен мақсат-тарын қамтитын процесті жоспарлау; б) материалды (еңбек, табиғатты қорғау) ; қоғамдық (ұжымдық, ұйымдастыру-басқарушылық, коммуникативтік) ; рухани (эмоционалды -сезімдік, танымдық, құндылық-бағдарлаушылық) іс-әрекеттерді ұйымдастыру; в) тәрбиеленушілердің негізгі іс-әрекеттерінде тұлға аралық қарым-қатынасын және оның дамуын реттеу; г) жоспарланған және алынған нәтижелердің айырмашылығын бақылау және қорытындылар шығару, жіберілген қателіктер мен қол жеткізетін жетістіктерге талдау жасау.

ТП кезеңдерінің өлшем шектері ретінде педагогика-лық әрекеттің бірізділігін пайдалануға болады. Бұл жағдайда құрылымда мынадай бірліктер пайда болады:

жалпы нормалар және талаптармен танысу;

қарым-қатынас қалыптастыру;

көзқарастар мен тұжырымдар қалыптастыру;

тұлғаның жалпы бағытын қалыптастыру.

Бұл әрекеттердің барлығының нәтижесі - нормалық қалыптағы тұрақты мінез-құлық әдеттерін баулу. Әрекеттердің әдеттенуі біртіндеп мінез бітістеріне, тұлғалық қасиеттерге ауысады.

Жалпы заңдылық ауқымының әрекеті ТП-нің барлық жүйесіне таралады. Жалпы заңдылық осы процестің маңызды және ірі бірліктерінің арасын байланыстырып отырады. Жүйе ішіндегі бірліктерінің байланысын анықтайтын заңдылық жеке (нақты) заңдылық деп аталады. ТП жалпы педагогикалық процестің бөлігі ретінде осы процестің заңдылықтарына бағынады.

Тәрбиелеу тәжірибесі үшін ТП-інің кейбір бірліктерін тәрбие сапасына ықпал жасайтын заңды қатынастар пәрменділігімен байланыстыру қажет.

Тәрбиелеу пәрменділігі мыналарға байланысты:

қалыптасқан тәрбиелік қатынастарға;

әрекеттерді ұйымдастыру мен оған қойылған мақсат-тардың бір-біріне үйлесуіне;

3) тәрбиелік әсердің әлеуметтік тәжірибесі мен сипатының (бағыттылығы, мазмұны)
тәрбиеленушілерге ықпал етуіне;

объективті және субъективті факторлар әрекетінің байланысына;

тәрбиелеудің және өзіндік тәрбиенің қарқындылығына;

педагогикалық өзара әрекеттегі тәрбие процесіне қатысушылардың белсенділігіне;

тәрбиемен ұштасушы дамыту және оқыту процестерінің пәрменділігіне;

тәрбиелік ықпалдың сапасына;

тәрбиеленушінің ''ішкі жан дүниесіне'' әсер ету қарқындылығына;

тәрбиеленушілердегі сөздік және сезімдік процестердің даму деңгейі мен педагогикалық әсер етудің үйлесуіне;

тәрбиеленушілердің өзара бір-бірімен қарым-қатынасының қарқындылығы мен санасына байланысты болады.

Тәрбие мазмұнын түсінерде қойылатын талаптар мен мақсаттарға сай оқушының білімі, нанымы, дағдылары, тұлғалық сапасы мен белгілері тұрақты әдеттер жүйесі деп қабылданған.

Тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы - бұл ақыл-ой, дене, адамгершілік, еңбек пен политехникалық, эстетикалық тәрбиелердің біртұтас педагогикалық процесте тоғысуы. Қазіргі тәрбие бағыттарының негізіне мына идеялар жатады:

Тәрбие мақсаттарының шынайы болуы. Бүгінгі нақты мақсат - бұл адамның ептіліктері мен дарындығына сүйене отырып, оны жан-жақты дамыту. Бұл мақсатқа жетудің құралы - әр адамның мәдениет қоры негіздерін игеруі. Осыдан тәрбие мазмұнының орталық түсінігі, яғни тұлғаның ''базалық мәдениеті'' келіп шығады. Бұл өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті болып табылады, яғни, экономикалық мәдениет пен еңбек мәдениеті, саяси, демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік пен экологиялық мәдениет, көркемөнер және дене мәдениеті, отбасы қатынастар мәдениеті.

Үлкендер мен балалардың біріккен іс-әрекеті. Тәрбиеші жұмысының мазмұны балалармен бірге рухани мәдениеттің жақсы үлгілерін, адамгершіліктік өнеге, іс-әрекет мәдениетін іздестіру арқылы өмір нормалары мен заңдылықтарын өңдеуден құралады. ТП-де оқушының өзіндік белсенділігі көрінеді.

өзін-өзі тану. Адамның сенімі, демократиялық көзқарасы, өмірлік позициясы арқылы тұлғаның толық қалыптасуы нақты тәрбиеде жобаланады.

Тәрбие мазмұнындағы маңызды элемент - адамның өмірлік өзін-өзі тану мәдениеті. өмірлік өзіндік таным - бұл кәсіптік, азаматтық түсініктерді қамты-майтын өте кең ұғым. өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті адамды өз бақытының және өз өмірінің субъектісі ретінде сипатталады. Адамның өзіне-өзі үйлесімді болуы арқылы оның кәсіптік, азаматтық және адамгершілік өзіндік танымы қалыптасады.

Тәрбиенің тұлғалық бағыты. Мектептегі тәрбие жұмысының өзегін тек бағдарлама, іс-шаралар, әдістері мен формалары ғана құрамайды, сонымен қоса ол бала, жеткіншек, жасөспірім арқылы сипатталатын педагогика-лық істің жоғары мақсаты мен мәніне тәуелді. Олардың жеке қызығушылығы, ыңғайы, өзіндік мінез-сипаты мен бірге өз қадірін сезінуін дамыту керек. Тәрбиеленушілердің қызығушылығынан жоғары рухани қажеттіліктеріне қарай өтуі тәрбие ережесіне айналуы қажет.

өз еркіндігі. Тәрбиеленушінің өз еркі болмай, тәрбие жұмыстарын дамыту, бірлесе жұмыс істеу идея-ларын іске асыру мүмкін емес. ТП-і еріксіз ұйымдас-тырылса, ол балаға да, мұғалімге де кері әсерін тигізеді. Балаларды ''тәрбиелеуге'' міндеттеме керек. Егер тәрбие-леушілер тәрбиеленушілердің қызығушылығына, асқақ арманына, азаматтық және жолдастық міндеттеріне, өзбеттілігі мен шығармашылығына сүйенсе, сонда тәрбиеленушілердің тәрбиеге деген ықылас-ынтасы оянады.

6. Ұжымдық бағыты. Тәрбие жұмысының мазмұны ұжымда тәртіп құралы ретінде
қолданылатын тұлғаны мәжбүрлеу әдісіне емес, оның рухани, адамгер-шілік күштерінің ырықты
артуына бағытталады.

Мектептің нақты тұрмыс, өмірге қарай бағыт-талуы тәрбие мазмұны мен тәсілдерін жаңартудың тірегі. Ол келесі мүмкіндіктерге жол ашады:

тұлғаны тоқыраудан құтқарып, оның жан-жақты дамуына қуат береді;

ескі догмаларды жаттай беруден гөрі, әлемді танып, өзгертуге бағыттайды;

әміршілдік пен жатсынудан гуманистік және бірлескен іс-әрекетке жол көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту заңдылықтары мен принциптеріне түсінік
Педагогиканың дәрістері
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Тәрбие мақсаттарының шынайы болуы
Басқару заңдылықтары мен принциптерінің қажеттілігі
Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері, қызметтері, зандылықтары, қозғаушы күштері мен ұстанымдары
Педагогикалық процестің принциптері
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Педагогиканың теориялық, методологиялық негіздері. Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz