Тәрбиенің мақсаты мен тәрбиелік кәсіби қызметінің мотивтері


1. Тәрбиенің мақсаты
2. Тәрбиелік кәсіби қызметінің мотивтері
3. Мақсат пен мотив адам іс.әрекетінің мәндік бірліктері
Педагогтің кәсіби қызметі адамның барша іс-әрекетіндегідей мақсат қоюдан басталады. Педагогтің балалармен жүргізіп жатқан ісінде мақсат болмаса, ол істі кәсіпқой маманның жұмысы деп бағалауға болмайды, оны әншейін бір әрекет, тәрбиелік процеспен ешбір байланысы жоқ, жәй белсенділік деп түсіну керек.
Мақсатты сезіну әрқандай іс-әрекетке қуат береді. Ұлы да шапағатты мақсат адамның бар шығармашылық күшіне қанат беріп, оны өрістете түседі. Мақсатқа жету адам бағытының негізі болған терең де толық қанағат-танушылық тудырады.
Тәрбие мақсаты - педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны нақтылау, жобалау, дайындау - педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқауы.
Кейде педагог балалармен оқу-тәрбие жұмыстарын нақты айқындалған мақсатсыз-ақ орындаған сияқты болады. Бірақ сол бағыт-бағдарсыз бастаған ісінде қаншалықты сарсаңға түсіп, оңды-солды ұрынғанын, нәтижеге жете алмай шаршап-шалдыққанында бір-ақ түсінеді. Егер түсінсе!
Шынында да, күнделікті мектептегі педагогикалық тәрбиеде болмыс көрсеткендей, мақсат проблемасы өте нашар шешілуде, кейде ол мәселе тіпті естен шығарылады, осыдан ''мақсатсыз тәрбие'', яғни жол-жөнекей тәлім етек алған құбылыс. Осының салдарынан педагогтің кәсіби қызметінің өнімі жоқтың қасы, балалар мен ұстаздардың шығармашылық мүмкіншіліктері іске қосылмайды, ал кәсіптік іскер не істерін білмей, ақырында түңіледі, жұмысынан қанағаттанушылық рахат көрмейді.
Тәрбиелік істің мұндай келеңсіз жағдайларының объективті себептері мақсаттың әлеуметтік-психологиялық табиғатынан туындайтынын түсіне білу қажет.
Мақсат - субъект санасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі туралы ой болжамы. Демек, мақсат - жағдайлар себепті пайда болуынан, нақты болмыстан алынатындықтан - ол объективті құбылыс. Мысалы, өмірінде домбыра ұстап, үніне зер салмаған педагог балаға музыкалық тәрбие беруі мүмкін емес т.б.
Мақсат объективті себептерден бастау алумен бірге субъективтік те категория, себебі ол сана туындысы, ол адам ойында пайда болып, әр нақты тұлғаның сана-сезімдік ерекшеліктерінің көрінісін береді. Ертедегі латындар айтқандай: ''Екі адам зат жөнінде бір әңгіме айтуы мүмкін, бірақ бірінің әңгімесі екіншісіне ұқсамас''. Бір мақсатты жалау еткен педагогтар, сол мақсаттың өзін әртүрлі баламада түсінеді, себебі олардың әрқайсысы кәсіби әрекеттің нәтижесінде өз сана деңгейінен баға береді. Сондықтан, мақсат болжау проблемасы - тәрбиелі адамның идеалды образының дараланған саналардағы көптеген баламаларын қамтыған мақсаттың мүмкін-дігінше нұсқасын анықтау - байсалды зердемен қоса, көп уақыт та, мамандық күш салуды да талап етеді. Адам өзіне ықпал етуші объективті және субъективті әсерлердің нәтижесінде өмір бойы қалыптасады. Бірақ педагогикалық жүйелер (мектепке дейінгі, мектептік, мектептен соңғы) жеке адамның қалыптасу деңгейі мен сапаларын нақты көрсететін өзінің уақыттық шектеріне ие болғандықтан, әр саты аяғындағы тәрбиелік нәтижелер жөнінде сөз қозғауы мүмкін.
өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсаты - кең әлеумет пен ғылымның араласуымен тек мемлекет белгі-лейтін педагогикалық саясаттың басты құрылым бірлігі. Жарияланатын тәрбиелік мақсаттардың экономикалық, құқықтық және ұйымдастыру шарттарын қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті. Былайша айтқанда, құқық негізінде бекіген тәрбие мақсатының іске асуына қоғамның бар мүмкіндіктері бағытталуы қажет, әлбетте, бұған да тиісті бақылау қажет.
Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университеті, 1989.
Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
3.Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру. /Методикалық нұсқау. А., 1990.
4.Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.
5.Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. -А., 1992.

6.Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
7.Әбілова З. Этнопедагогика. -А., 1997.
8.Әтемова Қ. Ата-аналар жиналысының мәні. Қаз. мем. 1-1996.
9.Болдырев Н. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. -Алматы, 1987. тарау.
Болдырев Н. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1980.
Богословский В. т. б. Жалпы психология -А., Мектеп, 1980, 13 тарау.
Безкаравайный С., Жұмабаев А. Мектепте өткізілетін тарихи-әдеби кештер. -А., Мектеп, 1968.
Бержанов Қ. Тәрбие мен оқытудың бірлігі. -Алматы, 1973.
Бабанский Ю. Педагогика. -Москва, 1988. 23-тарау.
Батышев С. Научная организация учебно-воспитательного процесса. -М., 1975.
Внутришкольное управление: Вопросы теории и практики. Под ред. Т. И. Шамовой.
Елеманов С., Күктілеуов А. Жастарға арналған праволық білім беру негіздері. -А., 1985.
Егембердиев Ж. Мектеп жұмыстарын жоспарлау /Методикалық ұсыныстар. -А., Мектеп, 1975.
Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. -А., 1985.
20.Ильина Т. Педагогика, -М., 1984 жыл.
21.Керімов Л. Праволық тәрбие жүйесі. (11-лекция). -А., 1991.
22.Капралов Р. Класс жетекшісінің жұмысы. -А., 1983.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 6 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге
Таңдаулыға:   




Тәрбиенің мақсаты мен тәрбиелік кәсіби қызметінің мотивтері

Педагогтің кәсіби қызметі адамның барша іс-әрекетіндегідей мақсат қоюдан
басталады. Педагогтің балалармен жүргізіп жатқан ісінде мақсат болмаса, ол
істі кәсіпқой маманның жұмысы деп бағалауға болмайды, оны әншейін бір
әрекет, тәрбиелік процеспен ешбір байланысы жоқ, жәй белсенділік деп түсіну
керек.
Мақсатты сезіну әрқандай іс-әрекетке қуат береді. Ұлы да шапағатты мақсат
адамның бар шығармашылық күшіне қанат беріп, оны өрістете түседі. Мақсатқа
жету адам бағытының негізі болған терең де толық қанағат-танушылық
тудырады.
Тәрбие мақсаты - педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны нақтылау,
жобалау, дайындау - педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқауы.
Кейде педагог балалармен оқу-тәрбие жұмыстарын нақты айқындалған мақсатсыз-
ақ орындаған сияқты болады. Бірақ сол бағыт-бағдарсыз бастаған ісінде
қаншалықты сарсаңға түсіп, оңды-солды ұрынғанын, нәтижеге жете алмай шаршап-
шалдыққанында бір-ақ түсінеді. Егер түсінсе!
Шынында да, күнделікті мектептегі педагогикалық тәрбиеде болмыс
көрсеткендей, мақсат проблемасы өте нашар шешілуде, кейде ол мәселе тіпті
естен шығарылады, осыдан ''мақсатсыз тәрбие'', яғни жол-жөнекей тәлім етек
алған құбылыс. Осының салдарынан педагогтің кәсіби қызметінің өнімі жоқтың
қасы, балалар мен ұстаздардың шығармашылық мүмкіншіліктері іске қосылмайды,
ал кәсіптік іскер не істерін білмей, ақырында түңіледі, жұмысынан
қанағаттанушылық рахат көрмейді.
Тәрбиелік істің мұндай келеңсіз жағдайларының объективті себептері
мақсаттың әлеуметтік-психологиялық табиғатынан туындайтынын түсіне білу
қажет.
Мақсат - субъект санасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан
туындайтын әрекеттің нәтижесі туралы ой болжамы. Демек, мақсат - жағдайлар
себепті пайда болуынан, нақты болмыстан алынатындықтан - ол объективті
құбылыс. Мысалы, өмірінде домбыра ұстап, үніне зер салмаған педагог балаға
музыкалық тәрбие беруі мүмкін емес т.б.
Мақсат объективті себептерден бастау алумен бірге субъективтік те
категория, себебі ол сана туындысы, ол адам ойында пайда болып, әр нақты
тұлғаның сана-сезімдік ерекшеліктерінің көрінісін береді. Ертедегі латындар
айтқандай: ''Екі адам зат жөнінде бір әңгіме айтуы мүмкін, бірақ бірінің
әңгімесі екіншісіне ұқсамас''. Бір мақсатты жалау еткен педагогтар, сол
мақсаттың өзін әртүрлі баламада түсінеді, себебі олардың әрқайсысы кәсіби
әрекеттің нәтижесінде өз сана деңгейінен баға береді. Сондықтан, мақсат
болжау проблемасы - тәрбиелі адамның идеалды образының дараланған
саналардағы көптеген баламаларын қамтыған мақсаттың мүмкін-дігінше нұсқасын
анықтау - байсалды зердемен қоса, көп уақыт та, мамандық күш салуды да
талап етеді. Адам өзіне ықпал етуші объективті және субъективті әсерлердің
нәтижесінде өмір бойы қалыптасады. Бірақ педагогикалық жүйелер (мектепке
дейінгі, мектептік, мектептен соңғы) жеке адамның қалыптасу деңгейі мен
сапаларын нақты көрсететін өзінің уақыттық шектеріне ие болғандықтан, әр
саты аяғындағы тәрбиелік нәтижелер жөнінде сөз қозғауы мүмкін.
өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсаты - кең әлеумет пен ғылымның
араласуымен тек мемлекет белгі-лейтін педагогикалық саясаттың басты құрылым
бірлігі. Жарияланатын тәрбиелік мақсаттардың экономикалық, құқықтық және
ұйымдастыру шарттарын қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті. Былайша айтқанда,
құқық негізінде бекіген тәрбие мақсатының іске асуына қоғамның бар
мүмкіндіктері бағытталуы қажет, әлбетте, бұған да тиісті бақылау қажет.
Тәрбие мақсатының мазмұны неде, ол қалай айқындалады?
өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатының мазмұны қоғамның
өркениеттілігіне (цивилизованность), оның демократиялық сипатына,
экономикалық мүмкін-дігіне, педагогикалық жүйелер дамуын болжастыратын және
нақты жағдайларды үйлестіріп отыратын мекеме-леріне байланысты.
Мақсаттың жалпыланған сипаты жағдайлардың әртүрлі көрініске енуіне
тәуелсіз, оның іске асып отыруын қамтамасыз етеді.
Мақсат әрекеті адамның саналық (идеялық) өнімі болғандықтан өте құбылмалы,
тез өзгеріске түседі, себебі ол үздіксіз ауыспалы дүниемен, сонымен бірге
өзгерістегі тұлғамен де әрекеттік-қозғалмалы байланыста болады. Тәжірибе,
білім, оқиға т.б. адамды байытып отырады, бірақ құбылмалы сана иесі -
субъект сол байлыққа жету жолында өзінің де өзгеріп жатқанын байқай
бермейді, не оған тіпті мән бермейді. Мысалы, педагог ''кеше'' де,
''бүгін'' де өзін бір мақсат ұстағандай сезінеді, ал сырттан қарағанға,
оның кәсіби педагогикалық ісінде өзгерістердің болғаны айдан анық
байқалады. өмірдің өтпелі-ауыспалылығы мақсаттың да бір қалыпта өзгеріссіз
қалмауына ықпал жасайды.
Мақсаттың өзгермелі қозғалысы педагогикалық процесте өте айқын көрінеді.
Себебі, баланың сыныптан сыныпқа қарай, жастан жасқа дамып өзгеруі қас
қағымдай, сондықтан өсіп келе жатқан жеке адамның әлеуметтік-психологиялық
жаңа құрылымдары бір мақсаттың ысырылып, орнына екіншісінің қойылуы табиғи
талаптар дамуының нәтижесі болып есептеледі.
Ал, соңғы нәтижені көздеген жалпыланған сипатты мақсат жастық өзгерістер
байланыстылығын сақтап, ''тәрбиелі адамның'' жеке образын баламаластырып
қарауға, айқындауға мүмкіндік береді.
Момын да, айдағанға көнгіш бастауыш сынып оқушысы да, тынымсыз, беймаза
жасөспірім де, менмен-сінген ''данагөй'' жоғары сынып шәкірті де - бәрі де
мұғалім бастаған бір даму жолын басып өтеді, әңгіме сол жолдың кең болып,
күтілген жеке адамдық әртүрлілікті сыйғыза алуында. Осы мысалда көптеген әр
жас деңгейіне бай-ланысты күтілген нәтиже - нақты мақсатқа байланысты 6
жастағы балаусаның мектеп жолын түгелдей басып, 17 жасында жетілетін
нәтижесі - жалпы мақсат өнімі.
Мақсаттың қозғалмалылығы мен ауыспалылығы оның ешқашан шектелмейтінін
көрсетеді. Мақсатты, көр-кемдеп айтсақ, жақындаған сайын, алыстай түсетін
жұлдызбен теңестірген жөн. Мақсаттың бітуі - рухани не заттай жойылу деген
сөз. Мақсат өзін белгілейтін субъект - адаммен бірге дамып отырады, себебі
ол сол субъектіде жасалады, сондықтан да субъектінің өрлеуімен мақсат та
жоғарылай бастайды. өссем деген кәсіпкерге тән қасиет: көңіл толмау,
күйзелу, алас ұру; ал тоқтаған кәсіп иесі - мәңгі тыныштықтағы өлі жан.
Міне дамудың бір көрінісі.
Жеткізбес мақсат - мақсат болып қала беру үшін, оған жетем дегенді шарш
атып, шалдықтырмас үшін, шексіз мақсатқа жетудің қиындығынан адам бас
тартып, бос арманшылдардың қатары толыспас үшін, мақсат жалпы сипатқа ие
болуы керек, сонда ғана ол ілгерілеген сайын ұлғайып, іс-әрекетке бағыт-
бағдар бола алады. Қарапайым мысал, бір кісі кіріп, жасасам болар дегендей,
баспана жоспарлап, бастады. Бірақ көпті көрген бір көршісі келіп:
''Бөлмелеріңді былай жаса'' - деп ақыл берді: мақсат туды - бөлме өзгерді,
екінші көрші тұрып ''Айна, есіктеріңді олай ет''- деп ақыл айтты. Мақсат
өзгерді - айна, есіктер көрік алды. үшіншісі келіп: "Шатырыңды сен олай
қылма, былай қыл''- деп және бір кеңес қосты: сәнді шатыр шықты. Ақыр
аяғында кісінің жалпы мақсаты - баспана да бітті, бірақ әншейін баспана
емес, көз тойдырар үй болды. үй салушының мақсатқа орай жоспары мен әдісі
негізінен сақталды, бірақ ол жасаған өнім бастапқы күтілген нәтижеден
айрықша болып шықты, оның себебі - мақсаттың жалпы сипатындағы шығармашылық
еркіндіктің болуынан туындады. Іскер мақсат аймағында әрекет етті, бірақ
осы аймақ тар болғанда оның шеберлікке жетуі күмәнді болар еді.
Сонымен, мақсат - өз қызметін атқару үшін жалпы сипатқа ие болуы тиіс.
Сонда ғана тәрбие мақсатының жалпы тәрбие процесіне байланысты орны нақ
көрінеді: мақсат - бастау көзі, педагогтің кәсіби қызметінің бірінші
элементі. Схема түрінде бұл былайша сипатталады.

Бұдан туындайтын ой - мақсат тәрбие процесінің мазмұнын айқандайды, мақсат
тәрбие нәтижесіне негіз болады, мақсат - педагогтің кәсіби іс-әрекетінің
баға-өлшемі, мақсат - педагог санасының үздіксіз айналымда жүретін ой
объектісі. Бұған қосымша, тәрбие жүйесі толығымен мақсатқа тәуелді, оған
орай өз мән-мағынасына ие болады.
Сонымен, педагогикадағы мақсат болжау анықтамасы:
Мақсат болжау - бұл қазіргі заман өркениетінде жасап жаңартушы қабілетке ие
осы дәуір жеке адамының қажетті даму деңгейін қамтамасыз ететін объектив,
әлеуметтік-психологиялық және мәдени жағдайларды түсіну; бұл сондай адамның
жалпы идеал бейнесін мейлінше нақтылайтын сөз жүйесін іздестіру; бұл тәрбие
мақсатын қабылдауға мүмкіндік беретін шарттар ретінде балалық шақ
табиғатына, жеке адам даму мәніне және даралық болмысына талдау, баға бере
алу; бұл нақты бала жасаған нақты жағдайларды талдай отырып, оларды
қойылған мақсат мазмұнымен орайластыру.

Мақсат категориясына қарама-қарсы категория - арман. Екеуінің бір-біріне
ортақ ұқсастығы олардың санада туындап, әрі жасайтын идеялық бейне
болуында. Ал айырмашылығы - осы бейнеге субъект қатынасының әртүрлілігі.
Арман - елестің немесе қиялдың субъектіге берер біршама қанағаттану сезімі.
Арман адамды шындық болмыстан алшақтатады.
Мақсат - бұл да бейне, бірақ онан келетін қанағаттану тек ішкі қабылдаудан
емес, сол бейнені іс-әрекетке қосып шындыққа айналдырудан. Бұл бейне
субъекті белсенді әрекетке бағыттайды, ықпал жасайды. Туындай отырып,
мақсат ойға алған, көздеген нәтижеге жетпей, өз қанағатын таппайды. Бұл
арада бейне-нәтиже тек іштей қызығу үшін емес, нақты жетістік үшін қажет.
Арман субъекттің енжарлығынан келіп шығады, әркетсіздікке байланысты, ал
мақсат - іс-әрекет, белсенді қызметтің бастау көзі.
Бірақ өзіміз жасап отырған, қарама-қайшылығы қабысқан барша дүниеміздегідей
- бұл екі шекті құбылыс - арман мен мақсат өзара тығыз байланысқан. Арман -
мақсат түзу үшін ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Тәрбиенің мақсаты жайлы
Тәрбиенің мақсаты, мазмұны
Тәрбиенің негізгі мақсаты
ОТБАСЫНДАҒЫ ТӘЛІМ –ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ
Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
Тәрбиенің мақсаты жайлы жалпы түсінік
Әдебиеттік оқытудың тәрбиелік, дамытушылық мақсаты мен міндеттері
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты мен міндеттері
Педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты
Аудармашы кәсіби қызметінің негіздері
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.



WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь