Арматура түрлері және арматуралау тәсілдері


Арматура түрлері және арматуралау тәсілдері
Арматура деп конструкция жұмыс сипатына сай бетон массасына орналастырылатын құрыш шыбықтары немесе қаңқалары және торлары.
Темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын арматуралау үшін арматуралық болатты шыбықтардан және сымдардан жасалынатын, сурет 16. 12. келтірілгендей, арматуралық элементтерін, пісірілген жазық торларын және қаңқаларын, кеңістік қаңқаларын қолданады. Жасалынатын жиналмалық темірбетон бұйымдарын және конструкцияларын көтеру үшін монтаждық ілмектерін, ал оларды өзара құрастыру үшін - салатын бөлшектерін пайдаланады (сурет 16. 13. )
Сурет 16. 12. Арматура түрлері:
а - тегіс шыбық (стерженовая) ; б - тегіс сым; в - ыстықтай өңделген периодтік профильдегі; г, д - сымнан иірілген бұрым; е - суйықтай жаншылған; ж - пісірлген тор.
• Салынатын бөлшектер конструкциясы. Жинақталмалы темірбетон бұйымдарына жыл сайын жүздеген - тонна - металл жаратылады. Панельдік үй құрылысында барлық металл шығынынын 20 % үй элементтерін бірін - біріне түйістіре беріктейтін осы салынатын бөлшектерді жасауға жұмсалады. Салынатын бөлшектері, сурет 16. 13. келтірілгендей, конструкциясы бойынша штампталынған және пісірілген болып жіктеледі. Штампталынған салынатын бөлшектер конструкциялары пісірілгендердікімен салыстырғанда жеңілдеу, себебі оларды қалыңдығы 8 мм табақ орнына 4-5 мм табақтан жасайды.
Салынатын бөлшектерді құрыш жолағынан жасау мүмкін болмайтын жағдайда штамптауды пайдаланады, ол арматуралық шыбықтарды пісіруді флюс қабаты астында электр доғамен немесе контактылы - рельефтік тәсілдермен орындайды. Соңғысы ең тиімді, себебі жұқалау табақтарды пайдалануға мүмкіндік тудырады, 30 % дейін құрыш үнемдеуге болады.
Салынатын бөлшектерді жасарда - оларды шаблон бойыйша кесу және автоматталынған кешендерді пайдалану арқылы едәуір металды үнемдеуге мүмкіншілік туады.
Сурет 16. 13. Салынатын бөлшектер конструкциясы:
а - пісірілгендердікі; б -: m - дегальдар массасы.
Құрыштан жасалынатын арматуралар - өңдеу тәсілдері бойынша ыстықтай өңделінген, термиялық біріктелінген және суықтай деформацияланған болып, қолдану жағданлары бойынша - алдын-ала кернеуленген және кернеуленбеген. профилі бойынша - тегіс және периодтық профилімен болып жіктелінеді және механикалық қасиеттеріне байланысты арматуралық құрышты 16. 1. - кестеде келтірілгендей кластарға бөледі.
16. 1. -кесте. Арматуралық құрыштық басты мезханикалық сипаттамасы
Стержке, диамерті,
мм
• Алдын-ала кернеуленген арматура. Алдын-ала кернеуленген бұйымдар жасарда бетонда бүкіл қимасы бойынша немесе тек созғыш кернеулі зонасында ғана алдын- ала қысымдық туғызады. Бұл қысу кернеу шамасы конструкцияны пайдаланар мезгілінде бетонда пайда болатып созу кернеуінен басымдау болуы қажет. Әдетте бетонды аддын-ала қысу 5-6 МПа, ал темірбетондық қысымдылық құбырларды жасарда 10-12 МПа кернеулікпен қысымдайды. Бетон қысымдалынуы кернеулендіре тартылған арматураны босатқаннан кейінгі серпінділік күш әсерінен болады. Мұндай күш бетонның арматурамен ілінісуі есебінен немесе анкерлік құрылымдар көмегімен бетонға беріледі, нәтижесінде бетон қысылып қалады.
Бетон қысылып қалуы үшін қолданылатын арматураның серпінділік деформациясы оның ағу шегінің 85 - 90 % құруы тиісті, ал айқын ағу шегі жоқ көміртекті құрыштар үшін - үзуге мықтылық шегінің 65 - 70 % құрайды.
Кернеуленетін арматуралар ретінде сымдық және шыбықтық арматуралық құрыштарды қолданады, ал кернеуленбейтіп қосымша арматуралар ретінде, мұндайлар егер кернеуленетін бұйымдарда орын алатын болса, пісірілген торлар және қаңқалар жарамды болады.
Алдын-ала кернеуленген бұйымдарды жасарда жеке шыбықтармен (стерженьдермен) немесе сымдар иірмелерімен бетонды бірбіліктілікпен қыспалдауды және екі немесе бірнеше бағытта тартыла кернеуленген сымдармен көлемдік қыспалауды қолданады.
Конструкцияларда қолданылатын арматуралық элементтер арматурадан, созар кезде арматураны бекітетін құрылымдарынан және арматуралық элементтерін құрастыратын жеке шыбықтарды және сымдарды жобалық орындарында мызғытпай ұстататын тетіктерден тұрады. Арматураны бекітуге арналған құрылым конструкциясы арматуралық элементін жасау үшін қолданатын машина мен тетіктерді, типтермен байланысты болады. Бұл тетіктердің екі түрін қолданады - қысқыштарын және анкерлерін (қазықшаларын) . Арматурларды бекіту тәсілдері бойынша бұлар былайша жіктелінеді; сыналықтар, жалпақтар, сопақтылар, толқындықтар, ілмектер. бұрамалықтар, жабықтылар. Келтірілген тетіктерде арматуралық иірілме ұлпарын жұмсақ құрыш дөңгелек сақинаға кіргізіп престейді.
Бұрамалықтан (оймалықтан) басқа келтірілген тетіктердің барлығы стерженьдерді және периодтік профяльді стерженьдерді бекіту үшін қолданады.
Шыбықтық (стерженьдік) арматураны ұстату және бекіту үшін винттік оймасы бар немесе профильдері созылдыра тартылатып арматура профиліне кері профильдегі түрлі «сына тәрізді кескінді» қолданады. Қысқыш құрылымдардың прогрессивтік конструкциясына алдын-ала механикаланған жолымен сымдық пакеттерді құрастырарда қолданатын топтық қысқыштары жатады. Әрбір шыбықты (стерженьдерді), сымдар таралымын немесе олардың топтамасын бекіту үшін қысқыштарын қолданады.
Сым иірмелері үшін анкерлер тарту тәсілі және ұштарын бекіту бойынша ажыратылады. Иірілмелерді бекіту үшін қазықшылардың (анкерлердің) екі түрін: конус тәріздісін екіжақты әсерін домкратпен арматураны тартады және гильзалықты - арматураны стерженьдік домкратпен тартарда қолданады.
Алғашқы кернеуді арматурадан бетонға беруді үш тәсілмен жүзеге асырады: біріншісі - диаметрі 2, 5÷3 мм арматура мен бетон ілінісуі арқасында; үлкен диаметрдегі арматураның бетонмен ілінісуін сым бетінде жаншылған ойықтар қалдыру арқылы немесе екі - үш сымман иірілме құру есебінен, не болмаса периодтық профильдегі арматураны қолдану арқылы жетілдіреді. Екіншісі - қазықшылар құрылымымен нығайтылған арматураның бетонмен ілінісуі арқылы; үшіншісі - арматура мен бетон ілінісуін ескермей-ақ, арматуралық элементтері ұштарындағы қасықшылар құрылымдары арқылы тартылу күшін бетонға көшіру, жолымен.
Арматураны тарту тәсілі механикалық және электромеханикалық болып екі топқа жіктеледі. Механикалық тәсілде домкрат көмегімен арматура біліктік күшпен тартылады. Алдымен арматура жобалық кернеудің 50% тең күшпен тартылады. Осы қалпында қысқыш құрылғысын және арматураларынын орындылықтарын тексеріп пысықтайды. Сосын арматура тартылу шамасын жобалық тартылуынан 10% асатынға жеткізеді. бірақ сымның созуға мықтылық шегінің 85% аспайтындай болуы керек. Осындай күйінде 5 млн ұстап тұрады, бұдан кейін тартуды жобалық - шамасына дейін төмендетеді. Кернеуленген арматураны босатуды (бетонды қыспалау) бетон бұйымы талапқа сай мықтылығына жеткенде және бетондағы сымдардың ұштары бекімдіктерін тексеріп барып жібереді. Дәл бетон мықтылығын байқаулық үлгілерін сынаумен анықтайды. Арматураны жіберер уақытына таялғанда, әдетте, бетон мықтылығы жобалығының 70% құрайды. Тартылуын жіберуді стендада біртіндеп екі-үш этапта жүргізеді. Тартылынған сымды біртіндеп жіберу мүмкін болмаған жағдайда, бұйым қиығы білігіне симметриялығын сақтай отырып, сымдардың жалпы санының бірден, 10-4 5 %- дан кесу арқылы кернеу бетонға беріледі. Механикалық тәсіл бойынша әдетте, арматура арнаулы стендада тартылады.
Электрикалық тәсіл құнды жабдықтарды қажет етпейді және еңбек сыйымдылығы шамалы. Мұндай тәсіл шыбықтық (стерженьдік) класс арматуралық құрышты, аса берік құрыштық сымдардан жасалынған сымдық және иірілмелі арматураларды, суықтай өңделінген диаметрі 4÷5 мм периодтік профильдік сымды және жеті талшықты сымдар иірілмелерін тарту үшін қолданады. Электрикалық тәсілмен арматураларды созу үшін бірінен кейін бірін немесе бірнеше стерженьдерді бірден тартатын қондырғыны қолданады. Бұдан басқа стержндерді қалыптан тыс немесе тікелей соның ішінде қыздыратын қондырғылар да болады. Сурет 16. 14 көрсетілгендей, қалыптан тыс шыбықтық арматураларды электрмен қыздыру қондырғысында диаметрі 12-14 мм. бұйымдардағы санына сай келетін бірнеше құрыш шыбықтарын бірден қыздыруға мүмкін болады. Қондырған екі контактылық тұрғыдан (бірі жылжымайтын, екіншісі жылжымалы) және бір аралық тіректен тұрады. Әрбір контактыда екіден губкалары бар: біреуі токжүргізуші, ал екіншісі - қыспалық. Шыбықтардың қыздырылуын автоматикалық жолмен бақылайды, қыздырылған шыбықтары (стерженьдерді) қондырғыдан алып қалыптардағы тіректерге тиеп орналастырады. Осы қалыптардағы тіректер арматура суып келе қысқаруына кедергі болады. Конструкция нығыздалып қалыпталынған бетон қатайғаннан кейін арматураны тірегінен босатып арматуралағы тартылу күші бетонға беріледі. Нәтижесіндс бетон алдын-ала кернеуленген болып қалады.
Арматураны үзіліссіз механикалық және электромеханикалық тәсілмен тарту (созбалау) мәнісі мынада: берілген шамаға дейін алдын-ала кернеуленген сымды қабылдалынған арматуралау схемасына сәйкес қалып тығырығына (поддонға) орналастырады.
Тартылған сымды сол күйінде бекітуді тығырық иериметрі бойынша орналасқан қазықшаларға ұштарын орау жолымен қамтамасыз етеді. Тартылудан пайда болатын күш конструкциядағы бетон қатайғанға дейін қазықшалар арқылы стендаға немесе қалыпқа беріледі. Бетон қатайып қажетті мықтылығына жеткеннен кейін сымдар ұштарын кесіп босатады, нәтижесінде сымдардағы тарту кернеулері тікелей бетонға беріледі де алдын-ала кернеуленіп қалады. Бұйым білігіне қатысты арматура байлығымен немесе көлденең, қиыстыра немесе диогналымен орналастырылуы мүмкін. Мұндайда, бетон екі-үш қабатты және тіпті көлемдік алдын-ала қыспалануы мүмкін.
Сурет 16. 14. Қалыптан шыбықтық арматураны электрмен қыздыру қондырғысы:
1 - қозғалмайтым тұғыр; 2 - пневматикалық цилиндр; 3 - қысқыш губка; 4 - ток жүргізетін губка; 5 - аралық тірек: 6 - қыздырылатын стержень; 7 - жылжымалы тірек; 8 - аяққы ажыратқыш
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz