Бетон және темірбетон бұйымдары мен құрылымдары



1. Бетон және темірбетон бұйымдары мен конструкциялары
2. Бетон және темірбетон өнімдерін құрылыста қолданудың бастапқы негіздері
3. Темірбетон бұйымдары мен конструкциялар типтері
4. Азаматтық үйлер құрылысына арналған темірбетон бұйымдары
5.
Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағынан дамуы әрқашан да күрделі құрылыстың тиімді және жедел жүргізілуімен тікелей байланысты болатыны ежелден белгілі. Қоғамдық өндірістің дамуына және әлеуметтік міндеттердің шешілуіне арналған халық шаруашылық қорларын тұрғызу және оны тездете жаңарту, сонымен қатар, құрылыс өндірісі тиімділігін пәрменді жоғарылату – күрделі құрылыстың басты мақсаты болып табылады.
Күрделі құрылыс дамыған жағдайда нысандарды нормаланған мезгілде пайдалануға енгізу, құрылыстың кезекті мезгілге бітіріп қойған бастама көлемін және аяқталмаған құрылыс көлемін нормалық деңгейде ұстау, сонымен қатар, құрылыс сапасын және еңбек бейімділігін айтарлықтай асырау маңызды міндеттерге жатады.
Қазіргі өндіріс орындарындағы жүріп жатқан жаппай жекелендіру процесіне сәйкес қаражатты ең алдымен, істеп тұрған өнеркәсіп орындарын қайта конструкциялауға және техникалық қайтадан жабдықтауға жұмсалуы тиіс. Осындай құрылыс жұмысының басты көлемі жергілікті минералдық шикізат қорын қолдана жасалынған материалдар мен зауыттық бұйымдарын қолдана орындалып,жұмсалған қаражат тиімділігін көтеру – құрылысшылардың ұтылмас жолы. Әсіресе, құрылыста индустриалдық бұйымдар мен консртукцияларды қолдану арқылы оның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін бірнеше рет жоғарылату мүмкіншілігі туады.
Күрделі құрылысты индустриалаудағы айтарлықтай жетістіктер ең алдымен бетон мен темірбетон бұйымдарының кеңінен қолданылуымен тікелей байланысты. Қазіргі кезде, темірбетон бұйымдары мен конструкцияларының толып жатқан номенклатураларын жасап шығаратын көптеген өнеркәсіп орындары бар.
Бетон және темірбетон конструкциялары өнеркәсіптерінің дамуы өнеркәсіп жағынан өркендеген басқа елдердегі даму тәжірибесі мен өрлеу дәрежесіне сәйкес келеді және бірқатар көрсеткіштері бойынша дүниежүзілік жетістіктер деңгейіне жоғарыланған.
Сонымен қатар, бетон және темірбетон конструкциялары өндірісіндегі кемшіліктер де жетерліктей. Болашақта осы олқылықтарды біртіндеп жою пайдаланып жатқан цементтер өндірісінде жетілдіруді қажет етеді, жасалуы, сақтау және қолданылу процесінде цементшығыны әлі де айтарлықтай. Бетон даярлауда қолданатын толтырғыштардың көпшілігі стандарттар талабына толық сәйкестенбейді. Темірбетон конструкцияларын жылумен өндіруде көптеген ыстық бу пайдаланусыз далаға шығындалады, қалып паркінің жаңалануы нашар, бетондық араласпаны даярлауға әбден жарайтын өндіріс қалдықтары әлі де болса аз пайдаланылады. Өндірісте, әсіресе, қалыптау және арматура жасау цехьарында еңбек сыйымдылығы осы уақытқа шекті жоғары болып келеді, қолмен істелінетін жұмыс көлемі көптеу, өнеркәсіп құрылысына қолданатын конструкцияларды жасарда, қол жұмысының үлесі 40% жетеді.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Бетон және темірбетон бұйымдары мен конструкциялары. Жалпы мәліметтер
Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағынан дамуы әрқашан да күрделі құрылыстың тиімді және жедел жүргізілуімен тікелей байланысты болатыны ежелден белгілі. Қоғамдық өндірістің дамуына және әлеуметтік міндеттердің шешілуіне арналған халық шаруашылық қорларын тұрғызу және оны тездете жаңарту, сонымен қатар, құрылыс өндірісі тиімділігін пәрменді жоғарылату - күрделі құрылыстың басты мақсаты болып табылады.
Күрделі құрылыс дамыған жағдайда нысандарды нормаланған мезгілде пайдалануға енгізу, құрылыстың кезекті мезгілге бітіріп қойған бастама көлемін және аяқталмаған құрылыс көлемін нормалық деңгейде ұстау, сонымен қатар, құрылыс сапасын және еңбек бейімділігін айтарлықтай асырау маңызды міндеттерге жатады.
Қазіргі өндіріс орындарындағы жүріп жатқан жаппай жекелендіру процесіне сәйкес қаражатты ең алдымен, істеп тұрған өнеркәсіп орындарын қайта конструкциялауға және техникалық қайтадан жабдықтауға жұмсалуы тиіс. Осындай құрылыс жұмысының басты көлемі жергілікті минералдық шикізат қорын қолдана жасалынған материалдар мен зауыттық бұйымдарын қолдана орындалып,жұмсалған қаражат тиімділігін көтеру - құрылысшылардың ұтылмас жолы. Әсіресе, құрылыста индустриалдық бұйымдар мен консртукцияларды қолдану арқылы оның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін бірнеше рет жоғарылату мүмкіншілігі туады.
Күрделі құрылысты индустриалаудағы айтарлықтай жетістіктер ең алдымен бетон мен темірбетон бұйымдарының кеңінен қолданылуымен тікелей байланысты. Қазіргі кезде, темірбетон бұйымдары мен конструкцияларының толып жатқан номенклатураларын жасап шығаратын көптеген өнеркәсіп орындары бар.
Бетон және темірбетон конструкциялары өнеркәсіптерінің дамуы өнеркәсіп жағынан өркендеген басқа елдердегі даму тәжірибесі мен өрлеу дәрежесіне сәйкес келеді және бірқатар көрсеткіштері бойынша дүниежүзілік жетістіктер деңгейіне жоғарыланған.
Сонымен қатар, бетон және темірбетон конструкциялары өндірісіндегі кемшіліктер де жетерліктей. Болашақта осы олқылықтарды біртіндеп жою пайдаланып жатқан цементтер өндірісінде жетілдіруді қажет етеді, жасалуы, сақтау және қолданылу процесінде цементшығыны әлі де айтарлықтай. Бетон даярлауда қолданатын толтырғыштардың көпшілігі стандарттар талабына толық сәйкестенбейді. Темірбетон конструкцияларын жылумен өндіруде көптеген ыстық бу пайдаланусыз далаға шығындалады, қалып паркінің жаңалануы нашар, бетондық араласпаны даярлауға әбден жарайтын өндіріс қалдықтары әлі де болса аз пайдаланылады. Өндірісте, әсіресе, қалыптау және арматура жасау цехьарында еңбек сыйымдылығы осы уақытқа шекті жоғары болып келеді, қолмен істелінетін жұмыс көлемі көптеу, өнеркәсіп құрылысына қолданатын конструкцияларды жасарда, қол жұмысының үлесі 40% жетеді. Төменгі класстар бетондарынан жасалынатын конструкциялар үлесі айтарлықтай, сонымен қатар, жоғары мықтылық бетондардан жасалатын тиімді конструкциялар небәрі 0,10,2 % аралығында. Жеңіл және кеуекті бетондардан жасалатын жинақты жүккөтерімші және қоршаушы конструкциялар көлемі бар болғаны 15-20% аспайды. Көптеген нысандар тым ұзақ салынып, техникалық-экономикалық көрсеткіштері төмендеу болатыны жиі кездесіп тұрады. Оның үстіне ғылым және техника-технология жетістіктерін шаруашылық салаларына енгізу жұмыстары бүгінгі күннің талабына сәйкестенбейді.
Осы келтірілген құрылыстағы олқылықтарды жою негізінде бағдарлама жасап, күрделі құралыста бұдан былайғы уақытта индустриялау процесін дамыту және еңбек өнімділіг асыру бойынша пәрменді шара жүргізу құрылысшы мамандар мен ғалымдардың маңызды мақсаттары мен міндеттері болып саналады.
Қазіргі нарықтық жағдайда құрылыс саласындағы әрбір маман міндеті қаражат шығынын, әрбір еңбек сағатын, әрбір материал (цемент, бетон, металл, темірбетон т.б.) өлшемін тиімділікпен пайдалануды дәл есептеу. Өндіріс экономикасын терңінен түсінбей өнеркәсіп өндірісінің тиімділігін асырудың жолдары мен негізгі бағыттарын таңдау және бағалау тәсілдерін меңгермейінше, материал және еңбек қорларын үнемдеу амалдарын білмейінше, бұл міндеттерді шешу мүмкін емес.
Бетон және темірбетон өнімдерін құрылыста қолданудың бастапқы негіздері.Қазір бетон және темірбетон нешетүрлі үй және ғимараттарды тұрғызу үшін кеңінен қолданатын материалдар мен бұйымдар. Бұдан былайғы уақытта да, олар құрылыстың барлық сатысында ең көп қолданатын маңызды материалдар, бұйымдар және конструкциялар болып қала беруінде күмән жоқ.
Бетонды құрылыста кеңінен қоланудағы бастапқы негіз, ол байланыстырушыны және толтырғыштарды өндіруге қажет табиғи шикізаттың таусылмас қорының барлығы: байланыстырушы мен толтырушыны жасау үшін өнеркәсіп өндіріс қалтықтарын пайдаланудың экологиялық маңыздылығы: түрлі толтырғыштарды, оның ішінде жасанды кеуекті тотырғыштарды қолдана отырып, бетон орташа тығыздығын кең аралықта өзгерту мүмкіншілігі: азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстардың оның ішінде жерастында, суастында, суүстінде пайдаланатыны ғимараттардың қатаң және түрлі талаптарын қанағаттандыру мүмкіншілігі. Темірбетон конструкцияларына қажетті архитектуралық және пайдаланарлық қасиеттерін беру мақсатында қолданылатын көптеген құрылыс және өңдеме материалдарымен бетонның сыйысушылығы.
Темірбетон өнеркәсібінің дамуына қозғаушы күш болған факторларды екі топқа бөлуге болады: біріншісі конструкциялық шешімдерді жетілдіруге немесе жаңа конструкциялардың пайда болуына мүмкіндік беретін факторлар; соның арқасында жетерліктей тиімді және сенімді тәсілдермен конструкциялық жетілдіру жағын шешу мүмкін болып, темірбетон бұйымдарын жасау және тұтас конструкциялық тұрғызу көлемі көбейе түсті. Әртүрлі құрылыс саласына керекті темірбетон бұйымдары номенклатурасының құрамын кеңейтуге, сондай-ақ, жобалық шешімдерді әрі қарай жаңалау бағыттарына әсер ететін және конструкциялар мен ғимараттарды жетілдіру қажеттігін анықтайтын факторлар.
Бірінші топтағы факторларға жататындар: бетонжане темірбетон ғылыми теорияларын ескерудің тәжірибелік тәсілдерінің дамуы; түрлі бетондардың (ауыр, жеңіл, ұялық, ыстыққа төзімді және т.б.), тиімді арматуралық құрыштары мен арматуралық бұйымдардың жасалынулары, белгілі технологияларды және өндіріс процестерін дайындау және жетілдіру, темірбетон бұйымдары мен конструкцияларынзауыттық жағдайда жасау үшін тарамдалған мықты өнеркісіптерінің құрылуы.
Екінші топтағы факторлар өнеркәсіптік, қоғамдық және тұратын үйлердің аумақтық жопарлық шешімдерін дамытуды, конструкцияларды унификациялауды және типизациялауды, құрылыстардың жаңа түрлеріне (көліктер, байланыс, атомдық энергетика ғимараттарына және т.б. Жер астында және су астында ерекше жағдайларда салынатын ғимараттарда) темірбетон конструкцияларын қолдануды кеңейту мүмкіншілігін қамтиды.
Бетон және темірбетон конструкцияларының беріктілігі мен мәңгілігінің жоғарылығы, олардың жоғары температура және агрессивтік орта әсерлеріне тұрақтылығының жоғарылылығы, су астында бетонның қатайып мықтылығын жоғарылататын қабілеті, бетонның және темірбетонның үйлерді, ғимараттарды және конструкцияларды арналуына және пайдалануына сәйкестендіре салу және тұрғызу мүмкіншілігі құрылысшыларды ертеден қызықтырған.
Ресейде темірбетонды ХІХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап қолданатын болған. Көбінесе, темірбетонды көпқабатты өндірістік және азаматтық үйлерді, порттық ғимараттарды және көпірлерді саларда қолданған.
1918-1928 жылдары құрылыста қолданылған бетон мен темірбетон көлемі 18 миллион метр кубтан асып түскен. Тек 1928 жылы 4,7 млн. метр куб бетон және темірбетон іске пайдаланылып, 1,4 млн. т. цемент және 370 мың т. арматура жұмсалған.
1930-1941 жылдары құрылыстағы темірбетон қолданылу салдары жетерліктей кеңейтілген. Бір қабатты және көпқабатты өнеркәсіптік үйлердің жүк тиеліп тұратын басты конструкцияларын (іргесін, бағанасын, кранасты арқалығын, жабынын және тіпті қабырғасында, арқылық және арқалықсыз жабындыларды) біртұтас темірбетоннан, орындаған, сондай-ақ, көпқабатты тұрғын үйлерді, элеваторларды, салмаларды, сыйымдықтарды, жерасты ғимараттарын тұтастандырған темірбетоннан салған. Мысалы, сол жылдары Харьковтағы турбиналық зауытта 200 тонналық кранастындағы арқалық тұтас темірбетоннан жасалған.
Ұлы Отан соғысы жылдарында болаттың керемет тапшылық жағдайында отан қорғау өнеркәсібінің маңызды обьектілерін саларда бетон және темірбетон өте кең қолданылған.
Соғыс кездерінде бетоннан және темірбетоннан салынған үйлер мен ғимараттар, әсіресе, кеңістікте істейтін (элеваторлар, резерауарлар, түтін мұнаралары, көпірлер және т.б.) көптеген тиген, түскен артиллериялық снарядтарға және авиация бомбаларына төтеп беру нәтижесінде темірбетонның мәңгілі, мықтылығы және тұрақтылығы жоғары сапалы құрылыс материалы екендігіне құрылысшылардың және ғалымдардың көзі жеткенді.
Соғыстан кейінгі жылдары бұрынғы бұрынғы қалпына қайтадан келтіру жұмыстарында темірбетон кеңінен қолданылған. Үйлер мен ғимараттардың, оның ішінде көпірлер мен гидротехникалық құрылыстарының басты конструкцияларындағы бүлінген жерлерін жөндеудің соңғы тәсілдері ойластырылған
Мұндай ұшан-теңіз құрылыс жұмыстарын орындау барысында бетон үшін жершілікті материалдарды толтырушылар ретінде пайдалануға көп көңіл бөлінген (шлактарды, кірпіш сынықтарын, гравий - құм араластарын және т.б.). Осылайша 1948 жылғы тәмәм соғыс салдарын жою жұмыстарының басым көпшілігін халқымыз аяқтаған.
Тұрғын үйлер мен азаматтық құрылыстар үшін ірі қалаларды және шоғырланған құрылыс орталықьтарында өнімділігі жылына 20-25 мың мерт куб, кейінірек жылына 200 мың метр куб бетон және темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын шығаратын механикалық зауыттар біртіндеп іске қосыла бастады.
1956 жылдан бастап өнеркәсіп құрылысында жинамалық темірбетон конструкцияларының қолдану деңгейі айтарлықтай көтеріле түсті.
Темірбетон конструкцияларының көпшілігі 1960 жылға дейін ашық палигондар мен стендалар да жасалынып шығарыланатын болған. 1960-1965 жылдары өнеркәсіп құрылыстары үшін темірбетон конструкцияларын шығаруды универсалды зауыттардың мамандандырылған технологиялық созындыларында, мамандандырылған цехтарында және өнімділігі жылына 100-180 мың метр куб кәсіпорындарында ұйымдастырылған.
Жинақтағыш темірбетон өндірісі біртіндеп ірілене түсті. Айталық, 1958 жылы барлық жинақталғыш темірбетонның 86 % қуаттылығы жылына 50 мың метр куб төмен кәсіпорындарында, 1965 жылы тәмәм олардың үлгісіне 46 %, ал 1958 жылы жылдық өндіру көлемінің тек 17,5 %-ғана жасалынған.
Жиналмалы темірбетонды арматуралауға жұмсалған болат мөлшері 1960 жылы 300 мың т. шамасында, 1965 жылы - 4,7 млн.т., болатын, өзгеше айтқанда, құрылысқа бөлінген болаттың жалпы мөлшерінің 40% құраған.
1980 ж. Кейінгі басталған жиналмалы темірбетонды кеңірек қолдану практикасына байланысты, басқа материалдары мен крнструкцияларын қолдану салалары және көлемі терең өзгеріледі, үйлер мен ғимараттарды жобалау және салу тәсілдерін түгелдей басқаша қарастыруды талап етті.
Өткен ғасырдың 1980-1990 ж.ж. аралығында темірбетон конструкциялары көліктік және энергетикалық, ауылшаруашылық және өнеркәсіптік құрылыстарында пайдалану масштабы айтарлықтай ұлғайды. Алдын-ала кернеуленген шпалдарды, электрберуші сымдармен контактылық жүйелер тіректерін, темірбетон құбырларын, резервуарлар бөліктерін және тағы сол сияқты арнаулы бұйымдар мен конструкцияларды өндіру технологиясы қалыптанды. Мұндай конструкцияларды пайдалану металды үнемдеумен қатар, күрделі қаражат шығынын, құрылыс құнын және пайдалану барысында жұмсалынатын шығындарды төмендетуді қамтамасыз етеді.
Жиналмайтын темірбетонды кең қолдану үйлер мен ғимараттарды типтік жобалар бойынша салуға көшуді талап етті. Дүниежүзінде бірінші рет алдын ала кернеуленген жинақшыл конструкцияларының сериялық зауыттық өндірісі басталды. Алдын ала кернуленген темірбетонды өндіру қарқыны биік болғаны соншалықты, тіпті бүкіл жинақшыл темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын өндіру қарқынына асып түскен. Егер жинақшыл темірбетонның жалпы көлемі 1980 жылғымен салыстырғанда 1995 жылы 25 есе өссе, алдын ала кернеуленген конструкциялар өндіру 300 еседен көбірек өскен.
Өнеркәсіптік жинақшыл темірбетонның жаратылуы бетон өндірісіндегі техникалық прогреске ықпалын тигізді. Мысалы, 1954 жылы технологиялық процестердің механикалану деңгейі 15 - 25 % жеткен, ал автоматикалану, бетон араласпасын дайындау процесін ескермегенде, шын мәнінде мардымсызболатын. 1980 былайғы уақытта алдынғы кәсіпорындарда өндіріс процестерін механикалау деңгейі 70-72% жетіп автоматикалау 10-12% құрады.Бетон араласпаларыныңнеше бір түрлерін дайындау мүмкіндіктері пайда болды. Мұншама түрлі бетон араласпаларын іске пайдалану дірілдете тығыздаудың нешебір тәсілдерін, тауар бетон зауыттарында және жинақшыл темірбетон кәсіпорындарында цемент пен толтырушыларды автоматикалық тәсілмен дозалауға көшу, еріксіз араластыратын бетон араластырғыштарын өндіріске енгізу жіне т.б. техникалық прогресс арқасында мүмкін болып, бұл өндіріс саласында ТЭК жақсартуға қол жеткенді.

Темірбетон бұйымдары мен конструкциялар типтері.
Жиналмақшы темірбетон бұйымдары мен конструкцияларды құрылыс комбинаттарында және темірбетон зауыттарында жасалынатыны белгілі. Сондықтан, оларды жобаларда бұйымдардың зауыттық технологияларына қойылатын талаптары ескеріледі. Бұл талаптар элементтердің шектік массасын, олардың геометриялық мөлшерін, пішінін және элементтер қимасын, олардың арматуралануын, зауыттық дайындық дәрежесін анықтауға негіз болып табылады. Көліктік және жүккөтермелік жабдықтар шарты бойынша элемнттер ұзындығы, әдетте 25м, ені 3 м және массасы 25 т. аспайды. Типтік жиналмақ конструкцияларының номиналдық мөлшерінен рұқсат етілетін ауытқуын стандарттармен және техникалық жағдаймен тағайындайды, әдетте +-5 + 10 мм құрайды.
Өндірісте цемент үнемдеу мақсатында бұйымдарды минустық рұқсатымен шығаруға талаптанады.
Жиналмақ темірбетон бұйымдары ұзындық, жазықтық, блоктық, кеңістік түрінде шығарылады. Бірінші түріне бағаналар (тіреуіштер) ригельдер, арқалықтар, прогондар, қадалар, фермалар жатады, екіншісіне - жамылтқы және жабынды плиталары, қабырға және қалқа панельдері, бункерлер, резервуарлар қабырғалары, тіреуіш қабырғалар, үшіншісіне - массалық бұйымдар іргетас, құрама іргетастар, жертөле қабырғалары, қоршаушы конструкциялар. Төртіншісіне - санитарлық көлемдік кабиналар, көтергіштер (лифталар), блок - бөлме, құдықтар сақиналары, силостардың коробкалық элементтері жатады. Жиналарлық темірбетондардың жалпы көлемінің 80 % астамын азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс бұйымдары құрайды.
*Азаматтық үйлер құрылысына арналған темірбетон бұйымдары. Ірге тастар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бетондар және болаттардан шыбықтардың бірігіп жұмыс жасауы, олардың арасындағы күштерімен тығыз байланыста
Портландцемент өндіру үшін шикізат материалдары
Арматура түрлері және арматуралау тәсілдері
Бетон цементтің түрлері
Жасанды қиыршық тас
Бетон және темірбетон бұйымдары мен конструкциялары
Бетонға арналған толықтырғыштар
Темірбетон бұйымдарын өндірудің конверлік әдісі. Термиялық өңдеу бойынша арматуралардың жіктелуі
Құрама темірбетон бұйымдарымен конструкциясы
Бұйымның номенклатурасы
Пәндер