Даосизм ілімінің өткені мен бүгіні



І. Кіріспе
а) Жалпы даосизм туралы түсінік
ІІ. Негізгі бөлім
а) Даосизм философиясының мәні
ә) Ортағасырлық даосизмның көрнекті өкілдері
б) Кейінгі даошылар ілімі
в) « Фэн.шуй » жүйесі
ІІІ.Қорытынды
Даосизм (қытайша «дао цзяо” – «жол ілімі”) б.з.б. ІV-ІІІ ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда болды. Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди («Сары император”) ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық нанымдардан және ежелгі магтар ілімінен бастау алады, ал оның негізгі қағидалары данышпан Лао-цзынікі деп саналатын «Жол мен ізгіліктер туралы канонда” (Дао-дэ-цзинде) және философ Чжуан Чжоу көзқарастары көрініс тапқан (б.з.б. ІV-ІІІ ғғ.) «Чжуан-цзыда” баяндалады. Тұтас жүйе ретіндегі даосизм «Лэ-цзы” (б.з.б. ІV-ІІІ ғғ.) және «Хуаинань-цзы” (б.з.б. ІІ ғ.) еңбектерінде тұжырымдалған.
Даосизм – адамға қоршаған әлемнің сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды мақсат етіп қоятын ілім. Даосизмнің негізгі категориясы дао (жол, ақиқат, тәртіп) – ғарыш болмысының ішкі заңдылығы, табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар әлемін тудырушы бастау. Дао тек бастапқы себеп қана емес, сондай-ақ соңғы мақсат, болмыстың аяқталуы. Даоны ешкім жаратпаған, бірақ барлық нәрсе даодан жаратылған және соңында даоға қайта оралады. Дао – бұл барлық нәрсе, сонымен қатар ол еш нәрсе де емес; ол – мәңгілік және шексіз; даоның аты да заты да жоқ болғанмен, ол – бәріне есім мен атау беруші бастама. Дао – беймәлім, оны сезім органдары арқылы танып білу мүмкін емес, ол уақыт пен кеңістік аясын қажет етуден ада. Даоның нақты көрінісі тек «дэ” (ізгілік) күші арқылы ғана байқалады: егер дао барлығын жаратушы болса, дэ – қоректендіруші. Тақуа мақсаты – даоны тану, ол оны «ғарыш үйлесімділігі” – адамның табиғатпен қауышуы деп түсінеді.
1)Ғабитов Т. Х., Өмірбекова М. Ш.Мүтәліпов Ж., Құлсариева А.Т.
«Мәдениеттану негіздері» . Оқулық---Алматы: «Зият», 2003ж.-240б.
2)« Қазақ совет энциклопедиясы» ,7-том.
3) Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ. Мұхамбетәли. «Философия тарихы». А., 1999. - 288
4) Бердяев Н.А. «Өзін-өзі тану» М., 1991.
5) «Философия»,Т.Ғабитов. А., 2005.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Тақырыбы: Даосизм ілімінің өткені мен бүгіні
Орындаған:
Оқу тобы:
Қабылдаған:

Қызылорда 2016-2017 оқу жылы

Жоспар
І. Кіріспе
а) Жалпы даосизм туралы түсінік
ІІ. Негізгі бөлім
а) Даосизм философиясының мәні
ә) Ортағасырлық даосизмның көрнекті өкілдері
б) Кейінгі даошылар ілімі
в) Фэн-шуй жүйесі
ІІІ.Қорытынды

КІРІСПЕ

Даосизм (қытайша дао цзяо" - жол ілімі") б.з.б. ІV-ІІІ ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда болды. Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди (Сары император") ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық нанымдардан және ежелгі магтар ілімінен бастау алады, ал оның негізгі қағидалары данышпан Лао-цзынікі деп саналатын Жол мен ізгіліктер туралы канонда" (Дао-дэ-цзинде) және философ Чжуан Чжоу көзқарастары көрініс тапқан (б.з.б. ІV-ІІІ ғғ.) Чжуан-цзыда" баяндалады. Тұтас жүйе ретіндегі даосизм Лэ-цзы" (б.з.б. ІV-ІІІ ғғ.) және Хуаинань-цзы" (б.з.б. ІІ ғ.) еңбектерінде тұжырымдалған.
Даосизм - адамға қоршаған әлемнің сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды мақсат етіп қоятын ілім. Даосизмнің негізгі категориясы дао (жол, ақиқат, тәртіп) - ғарыш болмысының ішкі заңдылығы, табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар әлемін тудырушы бастау. Дао тек бастапқы себеп қана емес, сондай-ақ соңғы мақсат, болмыстың аяқталуы. Даоны ешкім жаратпаған, бірақ барлық нәрсе даодан жаратылған және соңында даоға қайта оралады. Дао - бұл барлық нәрсе, сонымен қатар ол еш нәрсе де емес; ол - мәңгілік және шексіз; даоның аты да заты да жоқ болғанмен, ол - бәріне есім мен атау беруші бастама. Дао - беймәлім, оны сезім органдары арқылы танып білу мүмкін емес, ол уақыт пен кеңістік аясын қажет етуден ада. Даоның нақты көрінісі тек дэ" (ізгілік) күші арқылы ғана байқалады: егер дао барлығын жаратушы болса, дэ - қоректендіруші. Тақуа мақсаты - даоны тану, ол оны ғарыш үйлесімділігі" - адамның табиғатпен қауышуы деп түсінеді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
а) Даосизм философиясының мәні
Даосизм философиясының мәні - бес алғашқы элементтер (топырақ, ағаш, металл, от және су) туралы ілім болып табылады. Осы алғашқы элементтерден әлем құралған. Ал элементтердің өзі киден" (алғашқы материя) бастама алып, элементтердің негізін құрайды деп түсінілген.
Даосизмнің тағы бір негізгі ұғымы әрекеттенбеу" (у-вэй") - табиғи әлемдік тәртіпке кереғар келетін мақсаттық әрекетті терістеу, табиғи үйлесімділікті бұзбау, табиғат дамуына араласпау, адамның табиғилығын ұстану, қандай күйде жаратылса, сол күйде болу. Басынан жаратылған нәрсені өзгертуге тырысу ұмтылысын жоққа шығаратын әрекеттенбеу қағидатына сүйенген ел билеушісі Аспан асты елін тәртіпке келтіріп, мемлекетті басқарған, толқулардың алдын алған. Даосизм ғарыштағының бәрін бір тұтастық ретінде қарастырады, қарама-қайшылықтарды үйлестіруге талпынады.
Чжуан-цзы" бойынша өмір мен өлім жалпылама метаморфозалардың тек сатылары ғана. Универсум сияқты кіші әлем - адам да мәңгілік. Оның физикалық тәні өлгенде рухы әлемдік арнаға" сіңеді. Өмір бастауы ретіндегі даомен бірігу, діни пайымдау, тыныс және гимнастикалық жаттығу, жыныстық тазалық, алхимия және с.с. арқылы ғана мәңгілікке жетуге болады.
ә) Ортағасырлық даосизмның көрнекті өкілдері
Тақуа-даошылар табиғат аясына кетіп, үйлесімділікке жету үшін онымен тұтасуға талпынды. Ажалды жеңу мен ұзақ өмір сүру үшін кем дегенде, біріншіден, рухты қоректендіру" қажет. Даошылар адамды көптеген рухтардың мекені, құдіретті күштердің шоғырлануы ретінде қарастырады. Тәндік рухтардың осы жүйесіне аспандық иерархия сәйкес келеді. Аспандағы рухтар адамның жақсы-жаман істерін тізіп, санап, өмір ұзақтығын анықтап, өсиеттерді орындауға, ізгі болуға шақырады. Ұзақ өмір сүрудің екінші шарты тәнді қоректердіру" - қатаң диета сақтау және организмге тіршілік дарытатын эфирді тарататын тыныс гимнастикасын жасау болып табылды. Ұзақ өмір сүру мен мәңгілік өмір сүру идеяларын уағыздау даошыл магтар мен уағыздаушыларға халық арасында және император алдында үлкен бедел әкелді. Олар жаңа діннің негізін қалап қана қоймай, сонымен қатар мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін дәрілер мен эликсирлер жасайтын алхимияны" дамытты. Сондай-ақ даошылдар астрология, бал ашу, геомантия, магия және дерт шалған адамды айықтыруға септесетін медицинамен айналысты. Көне даосизмнің философиялық ұстанымдары ортағасырлық даошылардың діни ілімдеріне негіз болды. Ортағасырлық даосизмнің көрнекті өкілдері Гэ Хун (VІ ғ.), Ван Сюаньлань (VІІ ғ.), Ли Цюань (VІІІ ғ.), Тянь Цяо (Тянь Цзиншэн) (X ғ.), Чжуан Бодуань (XІ ғ.). Конфуцийшілдік білім алған интеллектуалды элита да даосизм философиясына қызығушылық танытты, оларға қарапайымдылық пен табиғилықтың көне культі қатты ұнады, табиғатпен тұтасуда творчестволық еркіндікке қол жеткізілді. Даосизмге деген ықылас, әсіресе, Хань династиясы құлап, конфуцийшілдік ресми дін ретінде өз мүмкіндігін сарқыған уақытта орын алды. Буддизмнің Қытай жеріне бейімделуі барысында даосизм одан бірқатар культтер мен философиялық ой-тұжырымдарды қабылдады, буддалық ұғымдар мен философиялық концепциялар қытайларға түсінікті даолық терминдерге аударылды. Даосизм неоконфуцийшілдіктің дамуына ықпал етті. Магия және физиогномистикамен байланысқан оккульттік даосизм халық бұқарасын өзіне тартты, сол себепті ол билік тарапынан қарсылыққа ұшырады. Билік одан көтерілісшіл-эгалитарлық дәстүр ұшқынын сезді. Даолық көзқарастар құпия қауымдардың идеялық негізіне (Ұлы теңдік жолы", Ақ лотос ілімі" және т.б.) және шаруалар көтерілісінің жебеушісіне айналды (мысалы, 184 жылғы Сары орамалдылар" көтерілісі). Барлық адамдардың анасы, туылмаған Ана-Сиванму құдайының мекені - Батыс жұмағы туралы ілімді дамытқан даошылар, баршаның теңдігі және әлеуметтік әділеттілік идеясын негіздеді. Емшілер мен көріпкелдер де осы идеяларды жақтағандықтан, олар көпшілікке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Қытай мемлекеті мен құқығының тарихы
Орта ғасыр мәдениеті
Діни антропология пәні және мәні мен мақсаты
Даосизм білім туралы
Құқықтық - саяси ілімдер тарихы
Даосизм ілімі
Конфуций діні
Адам мәселесі
Ежелгі Қытай еліндегі саяси ойларды қарастыру
Қытай философиясы
Пәндер