Көтергіштертер мен домкраттар және олардың түрлері мен қолдану аясы


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Тақырыбы: Көтергіштертер мен домкраттар және олардың түрлері мен қолдану аясы

Орындаған:

Оқу тобы:

Қабылдаған:

Қызылорда 2016-2017 оқу жылы

Жоспар

І. Кіріспе

а) Көтергіштер және домкраттар жайлы жалпы мәлімет

ІІ. Негізгі бөлім

а) Көтергіштердің пайдаланылу аясы

ә) Көтергіштердің түрлері

б) Аударғыштар

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Көтеріп-тасымалдау қондырғылары автомобиль кәсіпорынының технологиялық жабдықтарының бірыңғай кешенді құрамдас бөлігі болып саналады және өндірістік процестің құраушы элементтерінің барлығының дерлік функциялық үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Қондырғының бұл түрі кәсіпорын территориясындағы тасымалдау жұмыстарын орындауды және техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде автомобиль агрегаттары мен тораптарына қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Келесі түрлерге бөлінеді: бақылау, көтеріп-бақылау, көтеріп-тасымалдау және тасымалдау қондырғылары. Бақылау қондырғыларына бақылаушы жыра (канава) және эстакадтар жатады. Көтеріп-бақылау қондырғыларына әртүрлі типтегі көтергіштер, гараж домкраттары, автомобильді аударғыштар, т. б. жатады. Көтеріп-тасымалдау қондырғыларына көтергіш арқалықтар, тәлдер, аз габаритті жылжымалы жүк көтергіш крандар, гидравликалық тіреуіштер қарапайым жүк қармауыш механизмдері бар әр түрлі типтегі арбашалар болып табылады.

Гидравликалық домкраттар орындалуы қарапайым, пайдаланғанда сенімді, үлкен жүк көтерімділік пен ПӘК-ке ие болуы мүмкін және ықшамды қондырғы. Тасымалданатын гидравликалық домкрат бірыңғай тұрқыға орналастырылған күштік гидроцилиндрден, қолдық плунжерлі сораптан, жұмыс сұйықтығына арналған резервуардан және клапандар жүйесінен тұратын қондырғы болып табылады. Көтеру биіктігінің диапазонын ұлғайту үшін штоктың жоғарғы бөлігі бұрамамен жабдықталынады. Жұмыс сұйықтығы ретінде минералды майлар пайдаланылады. Домкратқа жұмыс сұйықтығы оймалы тығын көмегімен құйылады. Жүкті көтеру жұмыс сұйықтығын айдаушы клапан арқылы плунжерлі сораппен күштік цилиндр астындағы жұмыс қуысына беру арқылы жүзеге асады. Жүкті түсіру үшін жұмыс қуысы мен резервуарды жалғастырушы кранды ашады. Жұмыс сұйықтығының жоғары қысымды қуыстан ағып кетуін алдын-алу үшін штоктың беті жоғары дәлдікпен өңделеді, 45 НRC. С және одан да жоғары жиілікті токпен шыңдайды, хромдалады. Толық саңылаусыздыққа қол жеткізу үшін 50 МПа дейін қысымда жұмыс істейтін манжет орнатады. Гараждық сүйремелі домкраттар жылжымалы жүккөтергіш механизмі болып табылады. Бұл домкраттардың конструкциясы домкраттың атқарушы құрылғысын көтеру орнына, басқару органдарын көтерілетін автомобильдің габариттерінің шегінде қалдырып, жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл домкраттар конструкциясының негізін екі немесе төрт доңғалақтарына атқарушы құрылғылар, плунжерлі қолдық басқару сорабы, жұмыс сұйықтығының ыдысы мен басқару органдары орнатылған пісірілген рама құрайды.

Негізгі бөлім

Көтергіштер автомобильды еденнен жоғары қажетті биіктікке көтеріп, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын ыңғайлы жүргүзуге арналған. Оның жіктелуі төменгі суретте көрсетілген.

C:\Users\DAu\Desktop\osnovnye-vidy-domkratov.jpg

1-сурет. Көтергіштердің негізгі түрлері

Көтергіштер механикалық жане гидравликалық, қолмен және электррмен басқарылатын болып бөлінеді. Орны бойынша еденге және шұңқырға орнатылады . Көтергіштер бір және көп плужерлі, жук көтергіштігі 2…12 тонна және оданда жоғары болуы мүмкін. Аспалы шұңқырға орнатылған көтергіштер автомобильдің астының пішіні немесе рамасы әр түрлі машиналарды көтеруге арналған.

Плунжерлі көтергіштер. Қазіргі кезде ең ыңғайлы көтергіш - плунжерлі көтергіштер болып табылады. Ол электрлигидро сорғыдан, екі плунжерлі тіреуден тұрады, пайдалануға өте ыңғайлы, барлық талаптарға сай.

500с/1500с электро-механикалық екі тіреуден тұратын жылжымалы екі табаны бар көтергіш. Жүк көтергіштыгы 3 тонна. Электр қозгалтқышының куаты 4, 5кВт. Көтеріп - түсіру жылдамдығы 50секунд. C:\Users\DAu\Desktop\2.jpeg

2-сурет. Плунжерлі ОМА503 көтергіші

ОМА503 -екі тіреуы бар автомобильді көтеруге арналған стационарлы көтергіш. Көтергіш сенімділігі жағынан дүние жүзілік талаптарға сай. Автомобильді көтергіш бұранда арқылы 1900-ммге дейін көтереды . Жүк көтергіштігі 3 тонна. Электр қажетті қуаты 4, 2кВт. Бұл көтерілген жүктерге 3 тоннаға дейінгі автомобильді көтеріп, техникалық қызмет көрсетуге арналған.

Ұтқыр - ұстындық көтергіштер. Әмбебап пайдалануға тиімді, ауыр жүк көліктерін көтеріп, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы көтергіш . Ұстынды көтергішті іргетас қажет етпейтін, ТҚ көрсететын бөлімдерде және одан басқа жерледе де пайдалануға болады. Ұстындардың жұмыс істеуі электро-механикалық. Барлық ұстындар синхронды жұмыс істейді, қауіпсіздік жағдайы толық қарастырылған. Атқарылатын жұмыстың және көтеретін жүктін салмағына байланысты көтергіш 4, 6, 8 ұстынмен жабдықталады, көтергіштың жалпы жүк көтергіштігі 12 тоннадан 80 тоннаға дейін .

ПП-15 6 тіреуі бар диаметрі - 15…17 дюйм дөңгелектері бар автомобильдерді дөңгелектер немесе рамасына көтеруге арналған.

Жүк көтергіштігі . . . 15 тонна

Биіктігі . . . 1700 мм

Электр қажеттілігі . . . 9кВт

Тіреулер саны . . . 6

Көтеріп-түсіру жылдамдығы . . . 0, 65 м/ мин

C:\Users\DAu\Desktop\PP-11.png

3-сурет. ПП-15 көтергіші

«Ермак 3» электромеханикалық автомобиль көтергіші көрсетілген . Жүк көтергіштігі 24, 30, 36, 45 тонналы. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланылады .

C:\Users\DAu\Desktop\ермак 30000.jpg

4-сурет. Ермак 3 көтергіші

ПП-20 жүк автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету үшін жәні електен көтеруге арналған көтергіш берілген.

Жүк көтергіштігі . . . 20тонна

Көтеру биіктігі . . . 20, 30мм

Көтеріп - түсіру уақыты . . . 60 секунд

C:\Users\DAu\Desktop\пп20.gif

5-сурет. ПП-20 көтергіші

Стационарлы-электромеханикалық автомобиль көтергіштері. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланылады. Оларды еденге бетондап, жылжымайтындай етіп орнатады. Автомобильді көтеру тістегерішті редукторға орнатылған бұрама аркылы орындалады. Көтергіштер шектегіш бергіштермен жабдықталған, ол арқылы автомобильдың көтерілу биіктігі реттеліп тұрады .

ПС-10 көтергіші, оның техникалық сипаттамасы :

Жүк көтергіштігі . . . 10тонна

Көтеру биіктігі . . . 2100мм

Көтеру тәсілі . . . рама арқылы

Электр қозғалтқыш қуаты . . . 6кВт

Тіреулер саны . . . 4

Электр қозғалтқыш саны . . . 4

Көтеру жылдамдығы . . . 0, 5м/мин

Электромеханикалық 4 тіреулі көтергіш КР440NE автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу үшін қолданылады. Олардың бірнеше түры, жүк көтергіштігі 6 . . . 24 тонна дейінгі сериялары қолданылады . Техникалық сипаттамасы :

Электр қозғалтқыштарының саны . . . 4

Жүк көтергіштігі . . . 24тонна

Жүк көтеру биіктігі . . . 1820мм

Платформа ұзындығы . . . 8 метр

Кейінгі жетілдірілген 7000 сериялық аяқты көтергіштер кез келген жүк автомобильдеріне, автобустарға, автопойыздарға тіркемесімен сервистік және жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған: бұл көтергіштер 9т, 13т, 18т, 22, 5т, 33т, 5, 45т, 55т. болып келеді.

Иінтіректі көтергіштер 12Г272М/24Г272М жүк автомобильдерін көтеру үшун қолданылады . Техникалық сипаттамалары:

Жүк көтергіштігі . . . 12-24тонна Көтеріге кететін уақыт . . . 2, 5/3, 5мин

Түсіруге кететін уақыт . . . 1 мин

Платформа ұзындығы . . . 7, 3метр

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рейкалы домкрат
Жүккөтергіш крандардың классификациясы мен міндеті
Транспорт түрлері және тасымалдау қондырғыларын таңдау
ЖАБДЫҚТЫ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫНА ОРНАТУ ТӘСІЛДЕРІ
Гидравликалық авариялық құтқару құралдарын қолданып, құтқару жұмыстарын жүргізу
Тасымалдаушы машиналар
Тас материалдарды сұрыптау машиналары
Ғимарат конструкциясының бұзылуы
Автокөлікті пайдалану кезінде еңбекті қорғау
Динамикалық жүктемесі жетерлік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz