Іргетас темірбетондарын өндіру зауыты



Жобаға берілген тапсырма . .
1. Кіріспе ... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. Өндіріс туралы мағлұмат ... ... ... ... ... . . 5
3. Технологиялық бөлім . . . . . .. . . . . . . . . . 7
3,1.Бұйымның номенклатурасы . . . . . . . . . 7
3,2.Технологиялық схеманың жазбасы мен принципиальды схемасы . . . . . 11
3,3. Кәсіпорынның,цехтың немесе объектінің жұмыс істеу режимі . . . . . . . 13
3,4. Жылумен өңдеу әдісін негіздеу және жылумен өңдеу тәртібін таңдау . .15
3,5. Жылу қондырғысын конструктивті есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
4. Техника қауіпсіздік ережелері . . . . . . . 27
5.Қоршаған ортаны қорғау . . . . . . . . . . . . . 30
6. Қорытынды . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . 31
7. Қолданылған әдебиеттер тізімі . .. . . . . 32
Күрделі құрылысты индустриялаудағы айтарлықтай жетістіктер ең алдымен бетон мен темірбетон бұйымдарының кеңінен қолданылуымен тікелей байланысты. Қазіргі кезде, темірбетон бұйымдары мен конструкцияларының толып жатқан номенклатураларын жасап шығаратын көптеген өнеркәсіп орындары бар. Қазіргі бетон және темірбетон неше түрлі үй және ғимараттарды тұрғызу үшін кеңінен қолданатын материалдар мен бұйымдар. Бетонды құрылыста кеңінен қолданудағы бастапқы негіз, ол байланыстырушыны және толтырғыштарды өндіруге қажет табиғи шикізаттың таусылмас қорының барлығы; байланыстырушы мен толтырушыны жасау үшін өнеркәсіп өндіріс қалдықтарын пайдаланудың экологиялық маңыздылығы; түрлі толтырғыштарды, оның ішінде жасанды кеуекті толтырғыштарды қолдана отырып, бетонның орташа тығыздылығын кең аралықта өзгерту мүмкіншілігі; азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстардың, оның ішінде жер астында, суастында және суүстінде пайдаланатыны, ғимараттардың қатаң және түрлі талаптарын қанағаттандыру мүмкіншілігі болып табылады .
Құрама темірбетонның өнеркәсіпте жылдам даму сатысында және өндіріс технология жетілдіру кезеңінде болып табылады. Техниканың және өндірістің технологиясында үздіксіз даму барысында құрама темірбетонның дайындалу процесстері туралы ғылым қарқынды дами бастады. Құрама темірбетонның кең ауқымда пайдалану барысында құрылыста металл, ағаш және басқа да дәстүрлі материалдардың шығынын азаюына, еңбек өнімділігін арттыруына, ғимарат тұрғызу мерзімін қыскартуға мүмкіндік береді.Болашақта құрылысты дамытуды қарастыру құрама темірбетонды пайдалануды, өндіріс сапасын және тиімділігін әрі қарай арттыруды қажет етеді. Темірбетонның қолайлы ерекшеліктері:
● Отқатөзімділік;
● Қоршаған ортаға зияынсыздығы;
● Биологиялық және химиялық әсерлерге шыдамдылығы (осы материалдан жасалған бұйымдарға ескіру, шіру, коррозия және уақытша тозу қауіпті емес);
● Созымдылық және технологиялылық (бұндай түрдегі конструкцияны өндіру кезінде тапсырушы таңдаған кез келген қалыпты қабылдай алады):
Бұдан басқа, құрылыста темірбетонды қолдану басқа метериалдарға қарағанда, мысалы металдардан (болаттар) арзанырақ болып келеді. Темірбетонды конструкциялар құрама және монолитті болып бөлінеді. Құрама конструкциялардың екіншіден айырмашылығы оларды бірден зауытта өндіреді және құырылс бөлшектерін жинап құрылыс кезінде құрастырады. Монолитті конструкцияларды құрылыс кезінде дайындайды.
1.Қ.А. Бисенов, С.С. Үдербаев, Г.С. Абиева «Құрылыс материалдары», (оқу құралы), Алматы, «Ғылым», 2008 ж.
2.Қ.А. Бисенов, С.С. Үдербаев, Р.Ә. Нарманова «Құрылыс материалдары мен бұйымдары» Алматы,«Издат Маркет», 2007 ж.
3.Баженов Ю.М., Комар А.Г. Технология бетонных и железобетонных изделий. Москва, «Стройиздат», 1993г.
4.ГОСТ 13015.0 – 93. Конструкции и изделия бетонные и железобетонные
5.ГОСТ 13105.1 – 93. Конструкции и изделия бетонные и железобетонные.
6.ГОСТ 13105.2 – 93. Конструкции и изделия бетонные и железобетонные.
7.СТ РК 937-92. Конструкции и изделия бетонные и железобетонные
8.ГОСТ 13015-2012. Изделия бетонные и железобетонные для строительства. Общие технические требования. Правила приемки, маркировки, транспортирования и хранения
9.ГОСТ 18105-2010 - Бетоны. Правила контроля и оценки прочности.
10.СТБ 1383-2003. Плиты покрытий и перекрытий железобетонные для зданий и сооружений.
11.Стефанов Б. В. и др. Технология бетонных и железобетонных изделий. – Киев, 1982.
12.Технологическое обеспечение производства железобетонных конструкций: Учеб. Пособие / Э.И. Батяновский, В.В. Бабицкий, Е.В. 13.Коробко, П.И. Юхневский. Мн.: БГПА, 2001. – 161с.
14.Цителаури Г.И. Проектирование предприятий сборного железобетона. М.: Высшая школа, 1986.
15.Чаус К. В. др. Технология производства строительных материалов, изделий и конструкций -М.: Стройиздат, 1986.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Жобаға берілген тапсырма . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Бет
1. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. Өндіріс туралы мағлұмат . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
3. Технологиялық бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
3,1.Бұйымның номенклатурасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
3,2.Технологиялық схеманың жазбасы мен принципиальды схемасы . . . . . 11
3,3. Кәсіпорынның,цехтың немесе объектінің жұмыс істеу режимі . . . . . . . 13
3,4. Жылумен өңдеу әдісін негіздеу және жылумен өңдеу тәртібін таңдау . .15
3,5. Жылу қондырғысын конструктивті есептеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26
4. Техника қауіпсіздік ережелері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27
5.Қоршаған ортаны қорғау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30
6. Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
7. Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 32

Кіріспе
Күрделі құрылысты индустриялаудағы айтарлықтай жетістіктер ең алдымен бетон мен темірбетон бұйымдарының кеңінен қолданылуымен тікелей байланысты. Қазіргі кезде, темірбетон бұйымдары мен конструкцияларының толып жатқан номенклатураларын жасап шығаратын көптеген өнеркәсіп орындары бар. Қазіргі бетон және темірбетон неше түрлі үй және ғимараттарды тұрғызу үшін кеңінен қолданатын материалдар мен бұйымдар. Бетонды құрылыста кеңінен қолданудағы бастапқы негіз, ол байланыстырушыны және толтырғыштарды өндіруге қажет табиғи шикізаттың таусылмас қорының барлығы; байланыстырушы мен толтырушыны жасау үшін өнеркәсіп өндіріс қалдықтарын пайдаланудың экологиялық маңыздылығы; түрлі толтырғыштарды, оның ішінде жасанды кеуекті толтырғыштарды қолдана отырып, бетонның орташа тығыздылығын кең аралықта өзгерту мүмкіншілігі; азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстардың, оның ішінде жер астында, суастында және суүстінде пайдаланатыны, ғимараттардың қатаң және түрлі талаптарын қанағаттандыру мүмкіншілігі болып табылады .
Құрама темірбетонның өнеркәсіпте жылдам даму сатысында және өндіріс технология жетілдіру кезеңінде болып табылады. Техниканың және өндірістің технологиясында үздіксіз даму барысында құрама темірбетонның дайындалу процесстері туралы ғылым қарқынды дами бастады. Құрама темірбетонның кең ауқымда пайдалану барысында құрылыста металл, ағаш және басқа да дәстүрлі материалдардың шығынын азаюына, еңбек өнімділігін арттыруына, ғимарат тұрғызу мерзімін қыскартуға мүмкіндік береді.Болашақта құрылысты дамытуды қарастыру құрама темірбетонды пайдалануды, өндіріс сапасын және тиімділігін әрі қарай арттыруды қажет етеді. Темірбетонның қолайлы ерекшеліктері:
● Отқатөзімділік;
● Қоршаған ортаға зияынсыздығы;
● Биологиялық және химиялық әсерлерге шыдамдылығы (осы материалдан жасалған бұйымдарға ескіру, шіру, коррозия және уақытша тозу қауіпті емес);
● Созымдылық және технологиялылық (бұндай түрдегі конструкцияны өндіру кезінде тапсырушы таңдаған кез келген қалыпты қабылдай алады):
Бұдан басқа, құрылыста темірбетонды қолдану басқа метериалдарға қарағанда, мысалы металдардан (болаттар) арзанырақ болып келеді. Темірбетонды конструкциялар құрама және монолитті болып бөлінеді. Құрама конструкциялардың екіншіден айырмашылығы оларды бірден зауытта өндіреді және құырылс бөлшектерін жинап құрылыс кезінде құрастырады. Монолитті конструкцияларды құрылыс кезінде дайындайды. Ауыздықталған құрылыс алаңы дайындалып және бетонды арматуралық каркаска құю жүзеге асады.
Бетон және темірбетон негізгі құрылыс материалдары болып табылады. Физико - механикалық қасиеттерінің салдарынан темірбетон төзімділік және өндірістегі технико - экономикалық тиімділігі жағынан жақсы көрсеткіштері бар. Сондай - ақ цемент және бетон алу үшін жеткілікті шикізат қоры болып табылады және құрылыста маңызды орын алады.

Өндіріс туралы жалпы мағлұмат
Темірбетон бұйымдар өндірісінің технологиясы мынадай кезекпен жүретін негізгі операциялардан тұрады.
Бетон араласпасын дайындау және арматураны дайындау

Арматураны қалыпқа орнату

Бетон араласпасын салып (құйып) нығыздау

Ыстық бумен өңдеу

Бұйымдарды қалыптан босату

Қалыптарды тазалау және майлау
Темірбетонның қолданылатын жерлері:
Тұрғын үйлері
Азаматтық ғимарат
Жерасты құрылысы
Арнайы бетондар
Темірбетон өнімінің бірнеші түрлері қарастырылады: плиталар, блоктар, кадалар, панелдер, әртүрлі өтпелі жане өтпейтін каналдар, арнайы бетондар өнімі жане еденнің астында орналасатын ғимараттың арнайы бөлігі.
Іргетасты плита - бұл күшті болат сеткасынан армирленген темірбетон конструкциясы. Әдетте олардың қалыңдығы 120 дан 320, ал ұзындығы 80, 100, 120 см. Іргетасты блоктар - бұл ұзындығы 3, ал қалығдығы 40-60 см тікбұрышты формалардан жасалуы мүмкін. Блоктардың жанынан ерітіндіні толтыруға немесе бетонның тік жігін әрі қарай құрастыру үшін іргетаста арнайы саңылау қалдырады. Берілген блоктар қабырғаны қалау кезінде жане жертөле жайларында қолданады, кейде оларды жертөле қабырғасы деп атайды. Іргетас құрамасын қолдану көбіне процессті әрі қарай құрастыру үшін, қиындықты болдырмау үшін құрылыста қысқы уақытта қолданады.

1 - сурет . Темірбетон іргетастарының ұзындықтары
Ғимараттың қаңқалы конструкциясы. Бұл өнімнің конструкциясына бір қабатты жане көп қабатты ғимараттың арқалықтары, әр түрлі бағаналар жабындар, төлем мен беларқа.
Олар арнайы армирленген бетонның белгілі маркасынан, бірақ 200 төмен болмауы керек. Ал жабынды ферма , әртүрлі шатыр тіреуші ферма жане кранды беларқалар 300 маркадан жоғары бетондардан жасалады.
Қабырғалық панелдер жане блоктар. Көрсетілген ғимараттың сыртқы қабырғасы жылытылмайтын жеңіл немесе ауыр бетондардан жасалады. Ал ірі борпылдақ бетондар жылытылатын ғимараттардың қабырғаларында пайдаланылады.Панелдерді бірнеше қабатты ауыр бетоның жылуөткізгіш қасиеті бар , бір қабатты ұялы бетондар, жеңіл немесе ірі борпылдақты ауыр бетоннан жасайды.

Технологиялық бөлім
Бұйымның номенклатурасы
Бұйымның номенклатурасын таңдағанда негізгі етіп келесі көрсеткіштерді қабылдайды:
1)сыртқы және ішкі қабырға панельдерін қолдануды көбейту және жаппаның меншікті салмағын төмендетуге әкеліп соғатын ірі панельді тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық және өндірістік құрылыс тарату;
2)ғимараттардың қабаттарын жоғарылату және азаматтық тұрғын үй құрылысына қаңқалы сызбаны кең көлемде ендіру.
3)конструкция салмағын жеңілдету және монолитті фундамент пен қада негіздерін кең көлемде ендіру іргетасқа құрама темірбетон шығындарын азайтады.
4)инженер ғимараттары, жер асты қатынас жолдары және т.с.с. құрылыстар үшін құрама темірбетонды кеңінен қолдану арнайы темірбетон бұйымдары өндірісін жоғарылатуға арналған.
5)алдын ала кернеуленген конструкцияның өндірістегі көлемін ұлғайту.
6)көлемдік-блокты үй құрылысы өндірісін дамыту.
Іргетастарды және үйасты қабаты бөлмелерінің қабырғаларын келесі талаптарды қатаң сақтаумен пайдалану керек:
-ғимаратқа қосылған алаңда жер беті суларын алып кететін құбырлар болуы керек;
-су әкететін астаулар қоқыстардан тазартылып кем дегенде 0,005 еңісте болуы керек;
-үйасты қабаты қабырғаларында орнатылатын терезелер тротуарлар деңгейінен 15 см биік орналасуы тиіс;
-үйасты қабаты бөлмелері мен іргетастар арқылы өтетеін инженерлі коммуникациялар герметизирленуі және жылытылуы тиіс;
-үйасты қабаты бөлмелерінде орналасқан құбырлардан ағып кеткен сулар сол мезеттте құрғатылуы тиіс.
Пайдалану процесінде тиым салынады:
-іргетастар мен үйасты қабаты бөлмелерінің қабырғаларының тік және көлденең гиидроизоляциясы бұзылуы кезінде;
-талаптан тыс ағаштар мен өсімдіктер отырғызу;
-шөгулер пайда болған жағдайда;
-инженерлі құралдардың бұзылуы кезінде үйасты қабатын су алса;
-құралдардың астына қосымша іргетастар орнату керек, бекітілген жобадан тыс бөлмелердің биіктігін едендердің белгісін төмендету арқылы ұзарту;
-қазаншұңқырлар, орлар қазу және басқа да ғимаратқа жақын (10 м дейін) арнайы жер жұмыстарын рұқсатсыз орындау;
-10-15 см дейін биіктегіш орнатылған ғимараттың жанына топырақ себу;
-үйасты қабаты мен техникалық бөлмелерді арнайы келісімсіз тұрғындармен қолдану.
Тұрғын қорына қызмет көрсетуді ұйымдастыру келесі жағдайларды қамтуы тиіс:
-үйасты қабаты және техникалық бөлмелердің температура-ылғалдылық режимін, ол жер беті қоршау конструкцияларының конденсатының түсуіне әкеледі;
-үйасты қабаты және техникалық бөлмелердің қабырғаларында пайда болған жарықшақтарды жою, олардың дамуына жол бермеу;
-үйасты қабаты және техникалық бөлмелердің конструкцияларындағы дымқылды және топырақтардың сулануын жою;
-үйдің ішкі және сыртқы дренаждарының жұмыс істеуін қадағалау;
-үйасты қабаты және техникалық бөлмелерге кіру жерлерді таза ұстау;
Үйасты қабаты және техникалық бөлмелер жыл мезгілінде вентиляционды құбырлар, терезелер, және басқа да ауа жібергіш заттар көмегімен желдетіліп отыруы тиіс.
Үрлегіштер ауданы шамамен 1600 жертөле және техникалық бөлмелердің ауданы сияқты болады; үрлегіштер желдеткіштер орналасқан қабырғаларға қарама-қарсы орналастырылады (ғимараттың әр секциясына кемінде 2 үрлегіш келеді); үрлегіштерді торлы бетпен жапқан жөн болады. Цоколды ғимараттарда үрлегіштер ашық болуы керек. Үйасты қабаты бөлмелерді жылы күндері желдеткен жөн.
Үйасты қабаты бөлмелер құрғақ, таза және жарық болуы керек.
Ауа температурасы +5 °С төмен болмауы керек, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы - 60% көп емес.
Үйасты қабаты қабырғалары тротуарлар деңгейінен 15 см биік орналасуы тиіс; жертөле қабырғасы мен үйдің қабырғасы түйіскен жерде жапсарлар болмауы керек; қоқыстан тазарту 1 айда кемінде бір рет жүргізілуі тиіс; жертөлені судан тазарту үшін оның еденінің еңісін 0,03 етіп жобалау қажет, бұрыш қабырғада су айдағыш құрал болуы керек (құбыр); жаңбырдан қорғау үшін жобалау кезінде сәулетшімен келісіп жапқыштар орнатуға болады.
Тротуарлар мен ірге табандар ғимарат қабырғасынан тік еңістерге ие болып, 0,03 тең болуы керек. Ірге табандар беті, жүретін жолдардан 15см шамасына көтеріліп жатуы тиіс. Ірге табандар еңі жобалау кезінде орнығады (құмды ірге табандарды бетонды ірге табандармен ғана алмастыруға болады).
Ғимараттың іргетастарында, үйасты қабырғаларында немесе негіздерінде (қабырғаларда жарылулар, қалау қатарларының немесе горизонтальды жапсарлардың майысуы, қабырғаларда кездесетін бұзылулар, үйасты қабырғаларының беттеріне немесе үйдің цокольдық бөлімдерінде және т.б. дымқыл дақтың) ақаулардың болуын көрсететін белгілер болса, онда осы конструкцияларды мұқият қарап шығу және лайықты шаралар қабылдау қажет.
Тасты іргетастарда және үйасты қабырғаларында (шойтас, ірі блокты және т.б.) жоюды талап ететін келесі негізгі ақауларды кездестіруге болады: тік және қиғаш жарықшақтар, жергілікті шөгінділер, қалаудың қабаттануы және шойтасты іргетастарда бөлек тастардың құлауы, қыртыстану немесе темірбетонды панельдердің немесе сылақтың қорғау қабаттарының бұзылуы, үйасты қабырғасының ішкі беттерінің дымқылдануы. Іргетастардың зақымдануы немесе бұзылуының себептері негіздердің топырақ суымен шайылуы, топырақтың сумен қанығуы, конструкцияларға жабысып тұратын, жерасты сулардың агрессиялық әсері, гидроизоляцияның зақымдалуы.
Топырақтардың, іргетас конструкцияларының және үйасты қабырғаларының жағдайын зерттеу шурф жасау әдісімен жүргізу ұсынылады. Іргетастарды тексеру үшін лайықты мамандандырылған ұйымдардың мамандарын шақыру ұсынылады.

1- кесте - Шығарылатын өнімдер номенклатурасы
Бұйымның атауы
Бұйымның маркасы
Габариттік
өлшемдері, мм
Бе-тон түрі
Бетон марка-сы
Бе-тон кла-сы
Бе-тон көле-мі,
м3
Болат шығыны,кг
Бұ-йым-ның сал-мағы,т

шы-бық-ты
ора-ма
салм. бөлш.

ұз-ғы
ені
Биік-гі

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Қабырғалық іргетас блоктары

ФБС 24.4.6
2380
400
600
Ауыр
200
В11
0,439
-
-
1,46
1,05

ФБС 24.6.6
2400
600
600
Ауыр
200
В15
0,583
-
-
1,46
1,40

ФБС 12.4.6
1200
400
600
Ауыр
200
В15
0,265
-
-
1,46
0,64

ФБС 12.6.6
1200
600
600
ауыр
200
В15
0,398
-
-
1,46
0,96

Шикізат материалдары

Цемент

Ауыр бетондарды өндіру үшін портландцементті, пластифицирленген порландцементті, гидравликалық қоспалары бар портландцементті, шлакопортландцементті, тез қатаятын портландцементті және т.б. қолданылады. Цементті бетонның талабына байланысты таңдайды (тығыздығына, аязғатөзімділігіне, химиялық беріктігіне ж.т.б.)
Цементтің маркасын оған жобасы бетонның сығылғандағы тығыздығына байланысты.

Кесте 2.1.1. Бетонның тығыздығына байланысты цементтің маркасын таңдау
Бетонның тығыздығы, МПа
100
150
200
250
300
400
500
600 аса
Цементтің маркасы
300
300
300 - 400
400
400 - 500
500 - 600
600
600

Ұсақ толтырғыштар

Ұсақ толтырғыштарға түйірлерінің диаметрі 0,14-5мм аралығындағы құм (көбінесе кварц, сирегірек дала шпаты, әктас) жатады. Құм түйірлерінің беттік ауданы олардың ірілігіне байланысты. Белгілі бір көлемде ұсақ түйірлердің ауданы ірі түйірлермен салыстырғанда үлкен болады. Сондықтан ұсақ құмның түйірлерін өзара біріктіру үшін, оларды байланыстырғыш заттың өте жұқа қабатымен жапсақ цемент шығыны көбейеді. Осыған байланысты құмның ішінде диаметрі 0,14мм елеуіштен өтетін түйіршіктердің мөлшері 10%-дан аспауы, ал 5мм-ден ірі түйірлер мөлшері 5%-дан аспауы тиіс.
Бетонда және құрылыс ерітінділерінде қолданылатын құмның ірілігі ірілік модулъмен Мі) анықталынады:

мұнда А2,5 - А0,14 дегеніміз елегенде тесіктерінің диаметрі 2,5 - 0,14мм елеуіштерде құмның толық қалдықтарының % - дық мөлшері.
Ірілік модулі бойынша құмдар ірі (Мі = 2,5-3,5), орташа (Мі = 2,0-2,5) және ұсақ (Мі=1,5-2,0) болып бөлінеді. Тесіктерінің диаметрі 0,63мм елеуіштегі ірі құмның толық қалдығы А0,63= 0-75% аралығында болады. Әдетте, бетон үшін негізінде ірі және жеткілікті орташа және біраз ұсақ түйірлері бар құм қолданылады. Аязды аймақтарда қолданылатын маркалары 200 және одан жоғары бетондар үшін орташа тығыздығы 1550кгм3-нан кем емес құмды пайдаланған жөн. Ол үшін құм түйірлері арасындағы қуыстарды азайту қажет. Сондықтан құм құрамында әр мөлшерлі түйірлер болуы тиіс, құм түйірлері мөлшері оны стаңдартты елеуіштер жиынтығынан өткізу арқылы анықталынады.Мысал үшін алынған кұмның құрамы 1 - кестеде келтірілді.Бұл кестеде құмның ірілігін қалай табу әдісі көрсетілген. Мұнда келтірілген құмның ірілік модулі 2,6-ға тең. Құмды стандартты елеуіштің жиынтығынан өткізіп сынаудың нәтижесін графика (сызықпен түсірілген бейне арқылы көрсеткен қолайлы егер көлденең бойына (абсциссада) елеуіштердін тесік өлшемін мм-мен, ал тік бойына (ординатада) түйірлердің әр елеуіштегі толық қалдығын %-пен келтірсек, (1-сурет) 1-кестеде келтірілген кұмның құрамын 1-суреттегі графикамен салыстырсақ, онда бұл құмның бетон жасауға жарайтындығын байқаймыз, өйткені оның құрамы диаграммадағы штрихталған облыстың ішінде.

Кесте - 2.1.2. Құмның ірілігін табу құрғақ құмның навескасы - 1000г
Елеуіш тесіктерінің мөлшері, мм
Меншікті қалдықтар мөлшері
Толық қалдықтар мөлшері, %

Толық қалдық
Жеке қалдықтар

2,5
150
15
15
1,25
150
15
30
0,63
200
20
50
0,3
200
20
70
0,14
250
25
95
0,14-тен өтті тозаң
50
5
100
Жинағы
-
-
260

Ірі толтырғыштар

Бетонның ірі толтырғыштарына түйірлерінің диаметрі 5-70 (кейде 150) мм аралығындағы жарықшақ (жарылған немесе малта құмыр) тастар жатады. Бұлар мөлшері 5-10; 10-20; 20-40 және 40-70мм аралығындағы фракцияларға бөлінеді. Бұл толтырғыштардың нұсқасы текше формалас болуы тиімді. Пластинка және ине пішінді тастарды ірі толтырғыштағы мөлшеріне стандарт шек қояды: І5%-дан көп болмауы тиіс.
Жарықшақ және малтатастардың құрамында әр мөлшерлі түйірлер болса олар жақсы құрамын деп есептелінеді, өйткені мұндай түйірлер арасындағы қуыстардың көлемі аз болады және олардан бетон алу үшін цемент аз кетеді (шығындалады). Бұл тастардың қуыстарының көлемі 45%-дан аспауы керек. Ауыр бетон толтырғыштарының беріктігі олардан жасалған бетондардың беріктігінен жоғары болуы керек малта тастарда 1,3-1,5 есе, ал жарықшақ тастарда маркасы 300 және одан жоғары бетондар үшін 2 еседен кем емес, төмен маркалы бетондар үшін 1,5 еседен кем емес болуы тиіс.

Бетонның қоспалары

Пластификациялаушы қоспалар бетонның беріктігін төмендетпей, оның жылжымалылығын бірнеше есе арттыру қабілетіне ие.
Супер пластификаторларды бетон араласпаларына сулы ерітінді түрінде жұмысшы ерітіндіге, цемент массасының 0,7-1,5% мөлшерінде ендіреді. Оған қосымша жоғары алюминатты цементтер үшін суперпластификаторлардың мөлшері көп болуы тиіс.
Суперплпстификаторлар негізінен синтетикалық полимерлік заттар, сондықтан қымбат. Бірақ оларды қолдану цементті 50 кгм3 үнемдеуге мүмкіндік береді.
Бетон қоспасын араластыру барысында цемент дәндерінде адсорбцияланған ББЗ қабықшасы сырылып, гидрация үрдісі жылдамдайды. Әлсіз пластификациялаушы қоспалар, гидрофильдеуші қоспалар сияқты құрылым түзілудің бастапқы сатысын ұзартады, бетонның уақыт өтуімен пластикалық беріктігінің өсуін баяулатады.
Пластификаторларды бетондармен құрылыс ерітінділерінде қолданған кезде, портландцементтің клинкерлік минералдарында С3S мөлшері 40 % аз, ал C3A мөлшері 10 % жоғары болса, оларды қолдану тиімсіз екендігін ескеру қажет.

Электр энергиясы

Қалыптау құю және басқа да цехтағы электр энергиясының жылдық шығыны белсенді қуаты мен қондырғы құралдардың уақыт бірлігінде жүктелу коэффициентін есепке алғандағы жұмыс уақытының жылдық қоры бойынша келесі формуламен анықталады:
(кВт, сағ)
кВт. Сағ.
Мұндағы: Ра - электр қозғалғыштың белсенді қуаттылығы (кВт. сағ) Fg - қондырғы құралдардың жұмыс істеу уақытының жылдық қоры тәулік (255).
m - қондырғы құралдардың 1 тәулікте жұмыс істеу уақыты, сағ.
ηж - қондырғы құралдардың уақыт бірлігінде жүктелу коэффициенті 10,7.
Ра=Кс Ра=0,7*10=7
Мұндағы: Кс - сұраныс коэффициенті.
Сұраныс коэффициенті:

Өндірістік жайдың 1 шаршы метрін жарықтандыру үшін қажетті қуаттылық шамамен 5 кВт, тұрмыстық жайларға - 10 кВт, ал кәсіпорын территориясындағы өткелдер мен алулардың 1 км-н ұзына бойы жарықтандыру үшін - 0,5 кВт, бір кезектік жұмыста - 1250 сағ. 2 кезектік - 2000 сағ.Үш кезектік жұмыста 2400 сағ.
Сыртқы жарықтандыру үшін қажетті уақытының жылдық мөлшерін 2400 сағ.Деп қабылдайды.

Сығымдалған ауа

Сығымдалған ауа қажеттілігінің жалпы мөлшерін қалыптау құю және де басқа цехтар үшін ауамен істейтін барлық қондырғылардың үздіксіз істеу кезіндегі ауа шығыны, оларды әрбір кезекте пайдалану коэффициенттері және олардың жұмыс істеу уақытының жылдық қоры бойынша келесі формуламен анықталады.

мұндағы: Qизд - үздіксіз жұмыс істегенде 1 сағаттағы ауа шығыны, м3
Кж - компрессор қондырғысының бір мезгілде жүктелуін ескеретін коэффициент (Кж=0,85...0,99).
Fg - жылдық жұмыс уақытының қоры, тәулік.
m - қондырғы құралдарының тәуліктегі жұмыс уақыты, сағ.
ηж - қондырғы құралдардың уақыт бірлігінде жүктелу коэффициенті.

Су

Қалыптау - құю және басқа да цехтарда, жалпы кәсіпорында су техникалық мақсатта және де жұмыстық мүдделерге пайдаланады. Техникалық мақсатта пайдаланылған судың жылдық шығыны келесі формуламен анықталады:

мұндағы: q - бір станоктағы судың шығыны, л.
S - станоктар саны, дана.
Fg - жұмыс уақытының жылдық қоры, тәулік.
m - тәуліктегі жұмыс уақыты, сағ.
ηж - уақыт бірлігіндегі жүктелу коэффициенті (η=0,7...0,8).
Бір кезекте шаруашылық тұрмыстық мүдделер үшін әр адамға 25 л, сол душта шомылу үшін 60 л су шығыны болады деп қабылдаймыз.

Бу
Жылумен өңдеуге қажетті будың жылдық мөлшерін келесі мәліметтерге (кестелік мәліметтер) бетон аралас-ң жылдық бағдарламасы және қалыптау-құю цехы жұмыс уақытының жылдық қоры) сүйене отырып анықтайды.
Сонан соң жылыту және желдету үшін қажетті будың жылдық шығынын формуланың көмегімен анықтайды:

мұндағы: qж - үй-жайдың 1 м3-қа кететін жылу шығыны. (15...20) ккалсағ.
Н - жылынатын кезеңіндегі сағат мөлшері
V - үй-жайдың көлемі, м3
i - меншікті булану жылуы, ккалкг (i=540)
Оңтүстік Қазақстан аймағында жылыту маусымы 180 тәулікте немесе 180*24=4320 сағ.тең.
Арматуралық элементтер
Торлар, каркастар ГОСТ 9561-95 бойынша жасалынады. Қолданылатын арматуралардың класы А-І, А-ІІ, А-ІІІ, А-ІV ГОСТ 10884 бойынша және кәдімгі сым класы В-ІІ ГОСТ 7348 бойынша жасалынады.
Көтергіш ілгіштерді арматураның класы А-І Ст3 маркісінен ГОСТ 10922 бойынша жасалынады.
Кернелетін арматуралар арматура цехында дайындалады.
Қойылатын бөлшектер класы А-ІІІ периодты профильді арматура болатын маркісі Вст3 жазық сызықты болатынын маркасы ПС-5 бұрыштық болаттан жасалынады.
Монтажды ілгіштер класы А-І маркасы Ст3 жұмыр дөңгелек болаттан жасалынады ГОСТ 5781-61.
Майланатын материалдар
Майланатын материалдар төменгі талаптарға жауап беру керек.
Майлауды механикалық жүргізу мүмкінділігі, поддон бетін
бетонқалдығынан тазалағанда қалып коррозияға ұшырамауы керек: өрт жағынан қаіпсіз болуы керек. Қалаптың темір бөлігін майлағанда ОЭ-2 эмулсияны қолданамыз.
Кесте - 2.1.3. ОЭ-2 эмульсиясының құрамы

Майлағыш зат
% - тік құрамы
1
Синтетикалық қышқыл эмульсия (ЭКС)
20
2
Т = 60 ºС қаныққан әк ерітіндісі
70-75
3
Солярлы май
5-10

Бұйымдарды өндірудің технологиялық режимдері
Темірбетон конструкцияларын дайындаудың технологиялық процесіне: қалыпты дайындау, арматуралау, қалыптау, жылумен өңдеу, ұстау, маркілеу деген өндірістік операциялар кіреді. Осы процестер белгілі бір жұмыс орында технологиялық бойлық посттарда жүргізіледі.
Элемент циклының ұзақтығы элементтік процестердің құрамына кіретін операциялардың ұзақтығы мен орынауыстыру арқылы анықталады.
Бетон араласпасын жайғастыру бетон жайғастырғыштың көмегімен жүргізіледі. Бетонжайғастырғыштың бос жүргендегі жылдамдығы 20 - 40 ммин аралығында қабылданады. Бетонжайғастырғышта орналасқан бункерлердің көлденең жүрісінің жылдамдығы 6-8 ммин. Қалыпқа бетон араласпасын жайғастырғанда бетонжайғастырғыш пен бетонтаратқыштардың жұмыс жүрісінің жылдамдығы 10 - 12 ммин.
Дайындалған бетон араласпасы қалыптау цехына бетон тасымалдағыш арба эстокадосынд атасымалданады автоматтандырылға нмеханизмдер көмегімен бетон тасымалдағыш арбадан бетон араласпасын бетон жайғастырғыштың бункерлеріне түсіріледі. Бетон жайғастырғыш рельстік жолмен жылжып отырып бетон араласпасы қалыпқа жағастырылады.
Виброөңдеу режимі қалыптанатын бетон араласпасының түріне және қолданылатын құрал-жабдықтардың түріне байланысты анықталады. Бетон араласпасын жайғастыру қабат бойынша 30-35 см жүргізіледі. Жайғастыру үш рет салу арқылы жүргізіліп кейін оны тығыздайды.Тығыздау жұмысы виброалаң арқылы тығыздалынады.
Шығарылатын конструкциялар тығыздау алаңында жүргізіледі. Тығыздау ұзақтығыбетон жылжымалылығы 60-80 сек - 0,5 мин және бетонды жайғастырып біткенде тағы да 2 мин тығыздалынады.
Арматуралық қаңқалар мен қойылатын бөлшектерді орнату тек қана қалыпты тазалап және майлап болғаннан кейін жүргізіледі.
Қалыптағы қаңқалардың жобалық орны арматуралық өзекте орналасқан фиксаторлар көмегімен орнатылады.
Конструкцияларды арматуралау режиміне кернелетін арматураны керу кіреді. Арматураны керу электротермиялық әдіспен жүргізіледі.
Алдын-ала кернеудің электермиялық әдісінің мәні: кернелетін арматураны трансформатор көмегімен электр тогы өткізіледі. Арматуралық өзек арқылы аз кернеулі (35-50В) үлкен күшті (500-1500А) электр тогы откен кезде олар қажетті күшті ұзарту қамтамасыз ететіндей есептік температураға дейін қыздырып және оған сәйкес ұзартылған өзектер метал қалыптың бүйір жағына анкермен бекітіледі АІІІ өзекті арматураны қыздыруға ұсынылатын температура Т = 350ºС қыздыру уақыты 3 мин. Арматураны қыздыру қалыптан тыс электротермиялық қыздыруға арналған мамандандырылған қондырғылар көмегімен жүргізіледі. Өнімділігі бір сағатта 30 өзекті арматураны қыздырады.

Өндірістің технологиялық есептері

Бетонның құрамын іріктеу абсолютті көлем тәсілі және Боломей-Скрамтаев формуласы арқылы табылады:

Мұндағы, Rб ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру
Аграрлық сала
Атырау облысының құрылыс индустриясы
Құбырлы пештердің типтері, параметрі. Құбырлы пештерді жөндеу және жөндеу кезіндегі техника қауіпсіздігі
Қадалы іргетасты есептеу
Топырақ шығарудың жабық әдістері
Қалдықтарға арналған бункерлер
Кассеталық технология бойынша жылына 20 мың м3 ішкі қабырға панельдерін өндіретін цех
Екі қабаты демалыс үй
Осы заманғы өндірістік ғимараттарды жобалаудың жолдармен танысу
Пәндер