Саяси билік феномені


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Саяси билік феномені
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Қызылорда, 2015ж.
Жоспар
І. Кіріспе
1. 1 Саяси билік ұғымының түсінігі
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1
Саяси биліктің ерекшеліктері.
2. 2
Биліктің құрылымы, функциялары, деректері, қоры.
2. 3
Билікті ұйымдастыру мен іске асыру принциптері.
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
Ғалымдардың арасында «билік» ұғымдары жөнінде көптеген түсінікте-мелер бар. Кейбір ғалымдар билік дегеніміз өмір сүруші жүйе элементтері
бірінің өзінің мүдделерін осы жүйе шеңберінде іске асырудағы нақты
қабілеті және осы мағынада билік жүйе ішінде болып жататын процестерге ықпалдың іске асуы болып табылады деп санайды. Басқа ғалымдар билік - деп, кейбір мақсатты бағытталған ықпалдың нәтижелерін, өнімдерін санайды. Үшінші біреулері билік - деп, адамдар мен топ адамдар арасындағы мәні ықпалды әсерде болатын, яғни тепе-теңдікке жетуге ұмтылыс жолындағы өзара қатынастар деп түсінеді. Билік саясаттанудың негізгі түсінігі болып саналады. Ол саяси институттарды, саяси қаруы -мемлекетпен, қоғамның саяси ұйымымен ұқсастырады. Билік жөнінде ең көп таралған түсініктердің бірі -оны басқару құралы деп қарау. Билік -басқару элементі, басқару күшінің көзі. Басқару - биліктің мақсатты бағытталған әсерін, мүмкіндік жағдайынан шындық жағдайына айналдырылған құрал. Биліктің анықтамасы, түсінігі, оның мәні мен сипаты саясат пен мемлекет табиғатын түсіну үшін аса маңызды болып табылады, барлық қоғамдық қатынастардың ішінен саясат пен саяси қатынастарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Билік феноменін шешу, билік табиғаты мен билік ету механизмдерінің барлық жаңа түсініктерін ашып беру саясаттанудың басты міндеттері болып табылады. Саяси биліктің парадокстары мен механизмдерінің шешімін табудағы алғашқы қадам Үндістан, Қытай мен Грецияның ерте кезінде-ақ жасалды. Билік саясатпен тікелей байланысты маңызды саяси категориялардың бірі. Атап айтқанда, мемлекет территориясы билікпен анықталады, халықтың барлық қызығушылықтарын іске асыруды да билік қамтамасыз етеді. Билік адамзат дамуының барлық кезеңдеріне тән қоғамдық қатынастардың ерекше түрлерін көрсетеді.
Саяси әдебиеттерде биліктің көптеген анықтамасы бар. Мысалы, Т. Гоббс билікті болашақта жетістікке жету құралы ретінде көрсетеді және өмірдің өзін билікке деген мәңгілік және үздіксіз тырысу, ол тек өліммен тоқталады деп біледі. Р. Дальдің түсінігінше, билік адамның өз еркімен істегісі келмегенді екінші адамға істетуге мүмкіндік береді. Ал Х. Арендт билік бір адамға емес, тек қана бірге әрекет ететін топқа тән деп есептейді. Г. Ласссуэл мен А. Каплан «билік пен қоғам» деген кітапта билікті шешім қабылдауға қатысу деп түсіндіреді. Көптеген ғалымдар биліктің табиғи сипатын атап көрсетеді. Әрбір адам белгілі бір мөлшерде билікке ұмтылады, бірақ олардың ішінде билік етуге де, бағынуға да ұмтылатындар бар. Билік ету кеңістігі аз мөлшерде (отбасы, топ) немесе көп мөлшерде (мемлекеттік билік, халықаралық құрылымдардың билігі) болады. Сондықтан да биліктің әртүрлі түрлерін атап көрсетуге болады: экономикалық және саяси билік, заңнамалық, атқарушылық және сот билігі, орталық, өңірлік, жерлік билік, мемлекеттік, партиялық, отбасылық билік, аппарат, лидер, жетекші және т. б. билігі. Саяси билік - бұл әлеуметтік қатынастар мен жеке тұлғаның мінез-құлқын жөнге салатын арнайы әлеуметтік институт. Саяси билік - бұқара, топ, ұйымдардың мінез-құлқына мемлекеттегі бар қаражат арқылы әсер етуді анықтайды. Адамгершілік және отбасы билігінен саяси биліктің ерекшелігі тұлғалық - тікелей емес, қоғамдық - жанама түрдегі сипатқа ие. Саяси билік институттардың қызмет етуіндегі (президент, үкімет, парламент, сот) жалпы шешімдер мен барлығына бірдей шешімдер қабылдауда көрінеді. Нақты субъектілер арасындағы қатынастарды реттеуші құқықтық биліктегі айырмашылығы халықтың көп бөлігін мақсаттарына жетуіне жұмылдырады, тұрақтылық, жалпы келісім жағдайында топтар арасындағы қатынастарды реттейді.
Биліктің негізгі компоненттері мыналар: оның субъектісі, объектісі. Саяси билік субьектісі күрделі, көпдеңгейлі сипатқа ие. Оның алғашқы субъектісі жеке тұлға, ал екіншісі -саяси ұйымдар болып табылады. Әртүрлі қоғамдық топтар мен барлық халықтың билік қатынастарын ікелей көрсететін аса жоғары деңгейдегі субъект - саяси элита мен лидерлер(көшбасшылар) . Осы деңгейлер арасындағы байланыс бұзылуы мүмкін. Субъект бұйрық (өкім, команда беру) арқылы билік қатынасын ұстап тұруда анықталады. Бұйрықта билік объектісінің мінез - құлқы жазылады, өзіне өкімнің орындалуы немесе орындалмауын міндеттейтін санкция (жазалу шаралары) көрсетіледі. Объектінің, биліктің екінші маңызды элитасы-атқарушылардың, оған қатынасы талап сипаттары көрсетілген бұйрықтан белгілі болады.
Билік объектісі. Билік - билік етуші еркінің үстем болуымен әрқашан екі жақты, ассимитриялы, оның субъектісі мен объектісінің өзара іс - қимылы. Субъекті мен объекті шеткі қарама - қарсылықтарды билік құрылымының пәрменді бастауларын сипаттайды. Әрі адамдардың субъектілер мен объектілер, бастықтар мен бағыныштылар болып бөлінуі көбінде салыстырмалы сипатта болады: бір жағдайда адам бастық, екінші жағдайда бағынышты болады.
Саяси билік мынадай білермен сипатталады:
а) жариялылық-жалпыға ортақтық және өзгешеліксіз, әдетте, ол барлық азаматтарға арналады;
б) басқарудың мемлекеттік және мәжбүрлеу аппаратының болуы;
в) істерге араласушылық - саяси биліктің барлық қоғамдық процестерге және қоғамның тіршілік қызметтерінің барлық салаларына араласушылығы;
г) бір орталықталық - шешімдер қабылдаудың бірыңғай орталығының болуы;
д) ресурстардың саналуандығы - мұның биліктің басқа түрлерінен айырмашылығы болады, өйткені ол билік ресурстарының барлық түрлерін пайдаланады.
Саяси биліктің негізгі міндеттері:
а) қоғамды басқару стратегиясын жасау;
б) қоғам дамуының негізгі бағыттары бойынша нақты шешімдер әзірлеп, қабылдау;
в) қоғамдық процесстерді жедел басқару мен реттеу;
г) қоғам дамуының тұрақтылығы мен бағытының аса маңызды өлшемдерін бақылау.
Саяси биліктің дамуындағы негізгі үрдістер:
а) билікті демократияландыру процесі (демократиялық нысандардың пайдасына авторитарлық және тоталитарлық билік нысандарынан бас тарту) ;
б) билікті интернационалдандыру, яғни нақты саяси билікке халықаралық проблемалар (ғаламдық проблемалар) әсерінің артуы, жекеленген елдердің заңнамалары;
в) саяси билікті бөлшектеу;
г) биліктің әртүрлі тармақтары арасында жанжалдардың өршуі;
д) билік аппараты төрешілдігінің жоғары қарқындары.
Биліктің легатимдігі. Саяси билік ұғымы мемлекеттік билік ұғымынан кеңірек. Саяси қызмет тек мемлекет шеңберінде ғана емес сонымен бірге әлеуметтік - саяси жүйенің басқа дапартиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар, т. б. осы сияқты құрамды бөлімдерінде де іске асырылатындығы белгілі. Поляктың белгілі саясаттанушысы Еж Вятр Кез келген мемлекеттік билік. саяси билік болып табылады. Алайда саяси биліктің бәрі бірдей мемлекеттік билік бола алмайды. Саяси билік бұл - үлкен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар жағы да, ал мемлекеттік билік бұл - арнаулы және бөлек аппарат арқылы іске асырылатын билік». Саяси билік қоғамның әлеуметтік тұтастығын сақтау, үстемдік етуші әлеуметтік топтар мен таптардың мүдделерін іске асыру әлеуметтік құрылымның жұмыс жасауын қамтамасыз ету, өндіріс пен өнімді бөлу шамаластығын сақтау сияқты міндеттердің бірқатарын жүзеге асыру қабілетінге ие болуының арқасында қоғамда өмір сүреді. Саяси биліктің ерекшелігі жоғарыда көрсетілген міндеттердің бәрі бір-бірімен өзара тығыз байланыстылығы мен бір-біріне өзара ықпал ететіндігін де. Саяси биліктің негізгі түрі мемлекеттік билік болып табылады. Бұл биліктің басқа биліктерден айырмашылығы-оның басқару органдары бар және заң шығару мәселесінде бір өзі шексіз түрдегі құқыққа ие. Мемлекеттік билік өзінің мақсат - міндеттемелерін орындату үшін қоғам мүшелерін мәжбүр ету амалына бір өзі ғана ие. Саяси биліктен мемлекеттік биліктің айырмашылығы-ол бұл билік өзінің мақсаттарына жету үшін зорлауды міндетті түрде қолданбайды. Оның есесіне ықпал етудің идеологиялық, экономикалық және басқа әдістерін қолданады. Билік әр кез заңды легатимді болуы тиіс. Легитимность - латынның сөзі, ол заңды деген ұғымды білдіреді. Заңды немесе заңдылықты мойындау оны дәлелдеу әлде бір іске араласуға өкілсілік беру деген сөз. Бұл термин ХІХ ғасырдың басында Францияда шыққан. Францияда корольдің билігін, ең бірден бір заңды билік деп мойындаудан туындаған. Биліктің легатимдігі реакциялық күшке, зорлыққа қарсы болады. Саяси билік, егер оны бұқара ерікті келісім бойынша қабылдап, оның дегендеріне бағынса, онда ол заңды билік деп аталады. Бүгінде биліктің заңдылығы легатимдігі өркениеті елдердегі құқықтық мемлекеттердің басты белгісі, азаматтық қоғам және әлемдік қауымдастық бұл белгіні қадір тұтады, мойындайды. Саяси биліктің заңдылығын тануды екі тұрғыда біріншіден, заңдылық принциптеріне саяси жүйенің өзгеру процесі ретінде де, екіншіден осы саяси жүйенің заңдылығын әр түрлі құралдар көмегімен негіздеу ретінде де қарастыруға болады. Сөйтіп, легатимділік - ол мемлекеттегі қабылданатын заңдар мен бұйрықтар, қаулылар негізінен көпшіліктің мүддесіне сай жасалуымен өлшенеді. Легатимді билік - демократиялық жолмен келеді. Революциялық төңкеріс нәтижесіндегі орнаған билік, егер ол елде одан кейін тыныштық орнап көпшілік мүддесіне қызмет етсе, ғана онда ол бастапқы мәнін өзгертіп легатимді өкімет бола алады. Мысалы, ССРО-ны, АҚШ-тың 1917 жылғы Қазан төңкерісінен бастап 1933 жылға дейін мемлекет ретінде мойындамауы соның айғағы.
Саясаттануда биліктің легатимдігі үш деңгейге бөлінеді:идеологиялық, құрылымдық, дербестік даралық. 1-ші өлшем жүзеге асыратын тұлғаның сипаты. Басқарушы құрылымның мәніне қарай биліктер төмендегідей болып келеді. Заң шығарушы сот, аппарат билігі, мемлекеттік және партиялық билік және т. б. Бұл аталған биліктің қуаттылығы пәрменділігі, орнығуы орталыққа және сырт жерлерде партиялар мен мемлекеттік құрылымдарда бірдей болмайды. Кез келген жағдайда саяси биліктер жүйесі ресурсы қоры нормаланған сипатта болады, әрбір билік жүргізілетін акт, бұйрық басшылық нұсқау негізгі қоғамдағы мемлекеттің ұлттық ерекшеліктерімен дәстүрлеріне, заңдарға өзге де принциптерге негізделіп жасалынады.
Ал біз мекендеген Қазақстан Республикасы қоғамдық жүйе ретінде тәуелсіз, дербес өмір сүре бастағанына көп болған жоқ, сондықтан да ондағы мемлекетте жүргізіліп жатқан биліктердің кем-кетігі аз емес. Алайда бұл жағдайдағы бүгінгі басты міндет, осы демократиялық мазмұн ала бастаған биліктерді әлемдік дәрежеге дейін, заңдылық шеңберден ауытқымай халыққа қызмет ететіндей етіп жетілдіру.
Биліктің функциясы, көздері мен ресурстары. Функциясы бойынша - билік басқарушы, бақылап - қадағалаушы, ұйымдастырылушылық, басқарушылық, тәртіптік міндеттерді атқарады. Мәселе биліктің жіктелуіне тірелген де осы бағытта, ХХ ғасырдың ірі ойшылы болып саналған неміс ғалымы Макс Вебер жасаған биліктің типологиясын басшылыққа аламыз. М. Вебер биліктің жүзеге асырылуының өзін оның маңызды бөлігі деп білген. Ол биліктің кең түрдегі түсінігін «жеке субъекті белгілі бір қарсылықтардың бар екеніне қарамастан әлеуметтік қатынастардың аясында өз еркіндігін жүзеге асыру мүмкіндігі яғни өтемдігі» деп есептеген. Онда үстемдік дегеніміз «белгілі бір топты арнаулы мағынада нұсқауларға бағындыру мүмкіндігі». М. Вебер үстемдікті жіктеуді заңдылық (легитимность) негізі бойынша алады да оның үш түрін айқындайды:
1. Ашық, жария, үстемдік. Бұл негізі қабылданған немесе күштеп енгізілген заңдарға сәйкес жүргізіледі. Бұл түрдегі үстемдікте биліктің белгісі - қолданып жүрген заң шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Дәстүрлі үстемдік. Ол қалыптасқан дәстүрдің қуаттылығына деген сенімге егізденеді.
3. Харизматикалық үстемдік. Ол қауымдастық мүшелерінің өз көсемдерінің шамадан тыс (өте жоғары) қабілетіне, беделіне деген сенімге негізделген.
ХҮІІ ғасырдың ортасында билікті бөлудің алғашқы жобасын ағылшынның көрнекі философы Джон Локк жасайды. Ол билікті заң шығарушы, атқарушы және халықаралық қатынастарды басқарушы федеративті етіп бөлді. Кейінірек ХҮІІІ ғасырда француздың ағартушысы Шарль Луи Монтескье билікті бөліп басқарудың қазіргі қолданып жүрген қағидасын жасап берді. Бұл қағида бойынша билік заң шығарушы ( парламент, жергілікті өзін-өзі басқару органдары) атқарушы (үкімет және мекемелері, жергілікті жерлердегі басқару әкімшіліктері -префектуралар және т. б) және сот (конституциялық және жоғары сот, сот жүйесі, қадағалау органдары және т. с. с) болып бөлінеді. Заң шығарушы билік - заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік огандар қалыптастырады. . Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Соттық билік адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды.
Саяси биліктің әртүрлі, саяси институттар мен саяси қатынастардың жүйесімен сипатталатын үш дәрежесі бар. Институционалды биліктің құрылысы өзара бірлікте әрекет ететін үш функционалды деңгейге бөлінді:
1. Биліктің жоғарғы сатысының макросаяси жүйесі (үкімет, оның орталық мекемелері) қоғамның негізгі ішкі процесіне және мемлекеттің сыртқы саясатына тарайды
2. Биліктің орта немесе аралық деңгейі (мезобилік) биліктің орта буындарынан құрылған олар әр дәрежедегі бюрократтанған (муниципалдық) жергілікті жердегі басқару орындарындағы биліктерді де қамтиды.
3. Биліктің микро деңгейлік өзін-өзі басқаратын адамдардың арасында тікелей саяси қарым-қатынаста болатын ұсақ топтар жатады. Осы деңгейде адамдардың саяси мәдениеті дамығандығынан көрініс береді, көзқарасы, пікірлері қалыптасқан болады.
Микробилік - қоғамдағы шағын билік жүргізудің процесстері. Бұл микро деңгейдегі билік өзін-өзі басқаратын ұйымдардың арасындағы билік.
Ал енді осы қоғамда бір адамдардың екінші адамдарға бағынуының әлеуметтік себебінің негізгісі, билік ресурстарының - көздерінің әуелде біркелкі бөлінбеуінен шығады. Осындай жағдайда жоғарғы өкілдікке ие өкімет билігі өз ресурсының үлкен арсеналының мүмкіндігіне жүгінеді. Ал ол, сенімсіз осал кезінде өзі де, оның әр сатыдағы биліктері беделінен айырылады. Бұл ресурс - терминнің өзі кең де, тар да мағыналарда қолданылады. Саяси биліктің ресурстары дегеніміз олардың үстінен бағынушыларға ықпал жасау мен билікті іске асыруға бағытталған әдістер мен құралдардың жиынтығы болып табылады. Адамдардың әр түрлі қажеттіліктерімен мүдделерінің қызығушылығын қанағаттандыруы әр түрлі болатындай, билік ресурстары - көздері де сан қырлы және әр алуан. Олар әрқилы жіктеледі. Соның бірі саясаттанушы А. Этционидің жіктеуі. Ол пайда келтіру, ықтиярсыз көндіру және нормативтік ресурстар. Пайда келтіру - бұл олардың күнделікті қажеттіліктерімен байланысты материалдық және басқада әлеуметтік игіліктер. Осылардың көмегімен билік әсіресе мемлекеттік, жеке саясатшыны ғана емес мұқым жұртшылықты да «сатып ала алады». Бұл ресурс қолдап, көтермелеу үшін ғана емес керісінше, жазалау үшін де қолданылады. Мысалы, ұнамаған қызметкерлердің жалақыларын кесіп, азайту арқылы жүргізіледі. Ал ықтиярсыз мәжбүр ету, көндіру ресурсы көбінесе пайда келтіру, ресурсы жарамай қалғанда, әкімшілік жазалау шаралары қолданылады. Нормативтік ресурс адамдардың мінез - құлық нормаларына олардың адамгершілік қасиеттеріне, ішкі жан дүниесіне әсер етеді. Бұл ресурс өздерінің қоластыдағыларды басшы мен орындаушылардың мүдделерінің ортақтығына сендіруге, билік субьектілерінің әрекеттерін қолдауды қамтамасыз етіп, олардың талаптарын құптауға шақырады. Биліктің алғашқы екі ресурсы шынайы жағдайларға әсер етуге байланысты болып, сол арқылы адамдардың мінез - құлқына ықпал етсе, үшінші ресурс адамның санасына тікелей әсер етеді.
Қазірде кең тараған және биліктің әр - түрінің өзіндік ерекшеліктерін танып білуде тиімді болып табылатын, тіршіліктегі маңызды салаларға сәйкестендіріп бөлінген ресурстар мыналар:
1. Экономикалық ресурстар.
2. Әлеуметтік ресурстар.
3. Мәдени-ақпараттық ресурстар.
4. Күштеу ресурстары.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz