Фашист тұтқынынан құтылған майдангер - Нұрмұханов Әжігерей


Фашист тұтқынынан құтылған майдангер - Нұрмұханов Әжігерей
Кешегі әлемді дүр сілкіндірген неміс шапқыншылығы еліміздің көптеген атпал азаматтарының бірқатарын қыршынынан қиып, мүгедек қылып, бірқатары хабарсыз жоқ болып кетіп, ел ішінде зор зобалан туғызды. Соның бірі өзімнің әкем Жайлаубаев Өрбісін 38 жасында майданға алынып, содан осы күнге дейін хабар жоқ.
Төменде әңгіме еткелі отырғаным майдангер ағамыз Нұрмұханов Әжігерейдің қан майданда басынан кешкен естеліктері. Ол 1914 жылы Тайсойғанның “Кіші Ойтан” деген жерінде өмірге келген. Майдан жорықтары туралы өзі былай деген еді:
- Әскери дайындықтан кейін 1-Украина майданында болдық, Селгород қаласына жақын жерде мергендер взводында болатынмын. 1943-жыл, 5-шілде күні немістер. Аспаннан бомба, жерден оқ жауды. Біз бір-бірімізді таба алмай қалдық, тек қасымда бір татар жігіті бар екен, екеуміз кейін шегініп бір шағын орманға келдік. Сол жерде бес күн түнедік, қару-жарағымыз бар, тек тамақ жоқ, ешқандай байланыс та жоқ. Бәріміз ақылдасып, кейінде 10 шақырымдай жерде штабымыз болған, соған қарай бағыттап жүрдік. Келсек, штаб тұрған жерді немістер басып алыпты, бұл 10-шілде 1943-жыл болатын. Біз не істерімізді білмей сасып қалдық, сол арада немістер бізді көріп қалып атқылай бастады, кешкі сағат 7-8 дер шамасы еді, сол аяғымның тізесіне оқ сарт ете қалды. Разрывная пуля екен, сол тіземнің быт-шытын шығарды. Біз қоршауда қалған екенбіз, біздің әскерлердің кейін шегініп кеткенін білмеппіз.
Содан өзім бір аяғымды сүйретіп жорғалап, бір ауылға жеттім. Ауылдың біржар үйінің
терезелерінен қарасам, дүние-мүлік, аяқ-табақ жайнап тұр, ауылда тіпті ұшқан қарға да жоқ. Аяқ қансырады, ісіп кетті, өзім де әлсіредім, көзім қарайды. Содан 17 шілде күні жол үстінде құлағыма ызылдаған дыбыс келді, қарасам бір жеңіл машинадан 2 неміс офицері түсіп жатыр. Пагондарына қарасам осал адамдар емес сияқты, олар әуелі немісше, сосын орысша сұрай бастады. Мен жарақаттанып осы жерде 7 күн бойы жатқанымды айттым. Олар кетіге ыңғайлана бастаған сәтте, мен олардан мені атып тастауды сұрадым. Бір-бірімен өзара сөйлесті де, маған жақындап, машинаға мін деп иығымнан демеп көмектескен болды. “Победа” секілді аласа машина екен. Мені 50-60 шақырымдай жерге әкеліп, өздерінің штабы болар, бір медпунктке тастап кетті. Сол жерде дәрігерлер аяғымды байлап көмек көрсетті және зембілге салды, сол жерде біздің көп жаралы адамдарымыз бар екен, соларға қосып қойды. Кеште көп адамды машинаға тиеп, Харьков қаласына әкеліп қызыл тастан тұрғызылған 4 қатарлы мектеп бар екен, соған орналастырды. 1943 жылдың 25-шілдесі күні 4 қатарлы мектепке сыймай жатқан ауруларды бір топ комиссия аралап қарап, әр жерден бір адамның фамилиясын жазып тізімге тіркеп жүрді. Бұл комиссия кеткен соң күтушілерден сұрағанда, олар: сендер Германияға алып кетеді, ал тізімге ілінгендер қалады, - деп айтты. Тізімге өте ауыр жаралылар, яғни екі аяғы жоқ, екі қолы жоқ, екі көзі жоқ мүгедектер жазылған екен. Тізімде болмаған соң менде де кететін болдым. Қасымда Краснов деген Саратовтың орыс жігіті бар еді, өзі өжет батыл жігіт, өкпесінде осколка бар, аяғын әрең басып жүреді, дәрменсіз еді. Оның айтқан кеңесі мынау болды: Біз бәрібір өлдік, бізді Германия жеріне жөнелткелі жатыр, неміс өлгеннен гөрі осы Украина жерінің топырағында қалайық, біз қазір бәріміз бармаймыз деп айқай салсақ, олар бізді атады, сосын осы жердің топырағында қаламыз, - деген. Мен сенің пікіріңе қосыламын деп келістім. Осыдан 2-3 күн бұрын аяғыма операция жасап гипсте жатқанмын. Науқастардың аяғымен жүретінін бөлек, жүрмейтінін бөлек зембілмен тасып шығарып тастаған. Алдын бастап машинаға тиеп вагонға апарып жатыр. Кезек маған келгенде жанағы келісім бойынша, мен қазақшалап ауыр жаралымын бармаймын деп ойбайды бастым, даусым тарғылданып жаман бақырдым. Адамдар жиналып қалды, бұл несі деп сұрастырып жатыр. Көбі орысша сөйлейді, менің сөзімді аударған болады. Ішіндегі үлкені олай болса, манағы қалатындардың тізімін әкел деп бұрық береді, маған фамилияң кім деп сұрады, мен Нұрмұханов деп жауап бердім. Енді өлдім ғой деп өмірмен іштей қоштаса бердім. Соның арасында фамилияң Махманов па деген дауыс саңқ ете түсті. Сол сөзді естуім мұң екен не болса ол болсын да деп, ия деп жауап бердім, олай болса бұл кісіні қалдыруға деп, менен өтіп жанағы Саратовтың жігіті Красновқа барды. Ол да жаман дауыспен бақырып жатыр, бірақ елең қылған жоқ, сенікі дәлел емес деп, екі аяғыңмен жүріп жүрсің деп, солдаттар екі-үш рет омақастыра құлатып, ұрып
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz