Экологиялық факторлар



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1. Экологиялық факторлар туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Экологиялық фактордың организмге әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Негізгі абиотикалық факторлар және организмдердің соған
бейімделуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Бүгінгі күні экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасып табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
Р. Риклефтің «Егер біз табиғатпен қандай да бір үйлесімділікке қол жеткізгіміз келсе, онда көбіне көп ол ұсынған шарттарды қабылдауымызға тура келеді...» - деген сөзін ескерсек, бұл шарттар табиғаттың барлық процестер мен құбылыстар бағынатын заңдарға негізделген және адамзат қоғамының да олармен ерте ме, кеш пе санасуына тура келеді.
Қазіргі кездегі экологиялық дағдарыстар мен тоқыраулардың түпкі тамыры – адам баласының табиғаттың қарапайым даму, зат және энергия алмасу заңдарын, оның теориялық негіздерін білмеуі, яғни, экология ғылымының негіздерін оқымауынан. Табиғаттың үйлесімді жаратылған дүние екендігін және онда жүріп жатқан процестерге араласуға болмайтындығын жете түсінген жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. А.К.Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Алматы «Ғылым» 1998.
2. Г.С. Оспанова. Г.Т.Бозшатаева. Экология. Алматы «Экономика», 2002
3. Ә.Бейсенова. А.А.Самақова. Экология және табиғатты тиімді пайдалану.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Экологиялық факторлар туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Экологиялық фактордың организмге
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
3. Негізгі абиотикалық факторлар және организмдердің соған

бейімделуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..

Кіріспе
Бүгінгі күні экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні
жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті
ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды.
Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы
ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның
табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасып
табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін,
ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт
төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас
зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті
төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан
дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.

Р. Риклефтің Егер біз табиғатпен қандай да бір үйлесімділікке
қол жеткізгіміз келсе, онда көбіне көп ол ұсынған шарттарды
қабылдауымызға тура келеді... - деген сөзін ескерсек, бұл шарттар
табиғаттың барлық процестер мен құбылыстар бағынатын заңдарға
негізделген және адамзат қоғамының да олармен ерте ме,
кеш пе санасуына тура келеді.
Қазіргі кездегі экологиялық дағдарыстар мен тоқыраулардың
түпкі тамыры – адам баласының табиғаттың қарапайым даму,
зат және энергия алмасу заңдарын, оның теориялық
негіздерін білмеуі, яғни, экология ғылымының негіздерін
оқымауынан. Табиғаттың үйлесімді жаратылған дүние екендігін
және онда жүріп жатқан процестерге араласуға болмайтындығын
жете түсінген жөн.

Экологиялық факторлар
Кез келген тірі ағза өзін айнала қоршаған табиғи ортамен
тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су,
минералды заттар, компоненттері (ірі немесе ұсақ бөліктері) тірі
ағзаларға оң немесе теріс әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан
да әрбір организмнің өзіне ғана қолайлы ортасы немесе
мекені болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты өсіп-
көбеюіне қолайлы орта – ылғалы мол көл жағасы. Ал, қуаң
дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре
алмайтын орта болып табылады. Бірақ та организм үшін
табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде қажет және
жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет,
екіншілері ораташа, ал үшіншілері мүлдем қажет емес зиянды
болуы мүмкін. Сонымен орта дегеніміз – организмнің өсіп-
көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуына тікелей жанама әсер
ететін айнала қоршаған орта компоненттерінің жиынтығы. Ал,
организмге қажетті жағдайлар деп – тек сол организм үшін
алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз.
Экологиялық факторлар дегеніміз – организм үшін қажетті немесе
теріс әсерін тигізетін ортаның элементтері. Табиғатта
экологиялық факторлар жиынтық күйінде әсер етеді. Организмдер
болса факторлардың әсеріне әр түрлі реакция береді. Мәселен,
ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және
минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері
үшін қажеті шамалы.
Шөл-шөлейтті жерлердегі өсімдіктер үшін жоғарғы
температура, ылдалдың аздығы қолайлы фактор болса, ал орман
өсімдіктеріне бұл қолайсыз факторлар болып табылады. Міне,
осы жағдайлар мен факторлар оларға организмдердің бейімделуі
ұзақ жылдар бойы қалыптасқан тарихи дамудың жемісі деп
білеміз. Нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлардың түбегейлі
қалыптасқан географиялық белдемдері айқындалады.
Факторлар үш негізгі топқа жіктеледі:
– абиотикалық
– биотикалық
– антропикалық
Абиотикалық факторлар дегеніміз – организмдерге әсер ететін
бейорганикалық ортаның жиынтығы. Олар – химиялық (атмосфераның
химиялық құрамы, теңіз және тұщы сулар, шөгінділер, т.б.)
және физикалық (температура, қысым, ылғал, жел, радиация, т.б.)
деп бөлінеді. Сол сияқты жердің рельефі, геологиялық және
геоморфологиялық құрылымы, ортаның сілтілік немесе қышқылдығы,
космостық сәулелер, т.б. факторлар организм үшін әр түрлі
әсер етеді.
Биотикалық факторлар дегеніміз – тірі организмдердің бір-
біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бұл өте
күрделі процестер жиынтығы. Өйткені, тірі организмдер бір-
бірімен қоректену, бәсеке, паразиттік, жыртқыштық, селбесіп
тіршілік ету арқылы алуан түрлі қарым-қатынаста болады.
Аталған қарым-қатынастар өсімдік пен өсімдік, жануар мен өсімдік
немесе жануар мен жануар арасында болуы мүмкін.
Антропогендік факторлар дегеніміз – қоршаған ортаға тигізетін
адам баласы іс-әрекетінің тікелей немесе жанама әсері. Адам
баласы өзінің материалдық игілігі табиғат байлықтарын
игеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде, ірі кешендер,
өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер, ауыл шаруашылығы
салалары дами түседі. Ал олардан зияны әр түрлі газдар,
қалдықтар, лас сулар, химиялық зиянды қосынды заттар
айнала қоршаған ортаға тарайды. Зиянды заттардың көршілігі
табиғата айналымға түспей, жинақталып бүкіл тіршілікке кері
әсерін тигізе бастайды. Яғни, атмосфера ауасының ластануы, су
көлдерінің тартылуы, өсімдіктер мен жануарлардың сиреп немесе
құрып кетуі, адам баласының денсаулығының бұзылуы және
жалпы биосфера шегіндегі бұрын-соңды болмаған климаттың
өзгеруі құбылыстары үдей түседі. Соңғы жылдары
антропикалық факторлардың табиғи ортаға және жалпы биосфераға
әсері айқын біліне бастады. Осыған орай, адам баласының іс-
әрекеті бақылауға алынып табиғат тепе-теңдігінің бұзылмауына
жол бермеу жолдары ғаламдық проблемалар деңгейінде
қарастырылуда.

Экологиялық факторлардың организмге әсері
Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған
организмнің реакциясы бірдей болмайды. Сондықтан организм
үшін факторлардың бұрыннан қалыптасқан жиынтығы ғана қажет.
Ал, басқа факторлар оның қалыпты тіршілігіне кері әсерін
тигізеді. Яғни, әрбір организмге әсер ететін факторлардың
төменгі және жоғарғы шегі болады және бір фактор шешуші
роль атқарады. Бұл заңдылықты неміс химигі Ю. Либих (1948 ж)
ашқан. Оны Минимум заңы дейді. Бұл заңның өмірде практикалық
маңызы зор. Өйткені, организмдердің ең қажетті шектеуші
факторларын біле отырып мол өнім алуға немесе табиғат
ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.
Шешуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына
деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Төзімділік
(толерантность) заңы В.Шелфордтың есімімен аталады. Заңның
негізі организмдердің факторларға деген талғамның шектелуі. Кез
келген организмнің төзімділік шегі болады. Егер төзімділік
шегінен шығып кетсе организм тіршілігін жояды. Мәселен, қатты
пестицидтермен ластануы балықтардың жойылуына әкеп соғады.
Организмдердің төзімділік шегін білудің практикалық маңызы
бар. Әсіресе, жабайы аңдар мен құстарды, өсімдіктерді
жерсіндіру жұмыстарында төзімділік заңының негізгі
тәртіптері ескеріледі.
Табиғатта организмдердің көптеген түрлері экологиялық
факторлар жиынтығына, оның шекті мөлшері мен төзімділік
шегіне бағына бермейді. Керісінше қолайсыз экологиялық орталарды
қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Организмдердің бұл
тобын эфрибионтты түрлер дейді. Мәселен, Қазақстанға
жерсіндірілген ондатра, көгілдір түлкі, бұлғынды, ал
кездейсоқ жолдармен енген колорадо қоңызын, ақ қанатты
американдық көбелекті, т.б. көптеген арам шөптерді мысалға
келтіруге болады.
Кейбір организмдер орта мен факторларға талғамы жоғары
болады. Оларды біз стенобионтты организмдер дейміз.
Стенобионтты организмдердің таралу аймағы шектеулі болады.
Шектеулі фактор абиотикалық немесе биотикалық болуы мүмкін.
Мәселен, Іле Алатауының шырмалы орманында тіршілік ететін
ақ тиін үшін шектеуші фактор – қорек. Сол сияқты жеміс-
жидегі мол тоғайларда тек дәнмен қоректенетін құстар
басым болады.
Факторлардың организмдерге әсерінің біртекті болмауы
биологиялық көп түрлілігіне әсер етуімен бірге олардың
географиялық белдеулер және табиғат белдемдері бойынша
таралуына да әсер етеді. Нәтижесінде, табиғаттың әр түрлі
ландшафтарында микроорганизмдер, жануарлар мен өсімдіктердің
белгілі бір бірегей жиынтығы ортақ жағдайда тіршілік етеді.
Экологиялық факторлардың организмдерге тікелей және жанама
әсер етуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық фактор түсінігі
Экологиялық факторлар және олардың өзара ықпалы
Экологиялық факторлардың қоршаған ортаға тигізетін әсерлеріне байланысты баға беру
Тіршілік ортасы және экологиялық факторлар жайында
Аутэкология
Экология ғылымы, оның міндеттері туралы
Экологиялық факторлар жайлы ақпарат
Экологиялық факторлардың қоршаған ортаға әсері
Экологиялық факторлар жайлы мәлміет
Шектеуші факторлар анықтамасы және жіктелуі Ю, либих заңы. В. Шельфордтың толеранттылықзаңы
Пәндер