ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстандық элитасының қалыптасуы және қоғамдық-саяси қызметі



1. Қазақстанда ұлттық саяси элитасының қалыптасуы
2. Қоғамдық . саяси қызметі
Қоғамдағы болып жатқан терең өзгерістерге байланысты бізді қайтадан тарихқа үңіліп, сол уақыттан бүгінгі күннің мәселесінен шығу жолын іздеп және болашаққа сабақ алуға итермелейді. Либералдық-демократиялық идеялар қоғамдық-саяси өмірде елеулі орынға ие болып отыр. Осыған байланысты қазіргі таңда тарихтағы отандық либерализмге және парламентаризмге деген қызығушылық өте жоғары. Қазақ халқының демократия идеясының, либерализмнің айнасы ретінде Қазақстанда ұлттық саяси элитасын һәм зиялы қауымды танимыз. Бірақ тағдырдың қаталдығына байланысты бұл адамдар өз елінің азат болу және бақытты өмір сүру қалауы, тілегі немесе үміті үзіліп қалды. «Халық жауы» деп айыпталып 70 жылға тарих қойнауына кетті.
Еліміз алдымен егемендігін жариялап,одан кейін тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін бұрынғы идеялық шырмаулардан толықтай арылғаннан соң тарихымыздың «ақтандақ бетт» қайтадан қарастыру мүмкіндігі туды. Бұл мәселені зерттеу біздің ойымызша өзіне белгілі бір жүелікті және жан-жақтылықты талап етеді.
Ресей монархиясы ХХ ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап елде орын алған үздіксіз саяси дағдарыстың нәтижесінде құлады. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүенің жоғары сатысы- республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызып, ұлттық езгінің күш-қуатын әлсіретуге мүмкіндіктер берді. Осы кезде жаңа бір билік жүйесі қалыптасып келе жатқанын сезінді. Билік басына бірінен соң бірі ауысып, түрлі ұйымдар ашылып жатты. Әр біруі өзіндік даму жолын ұсынды. Күрделі саяси жағдайда немесе саяси орманда адасып қалмау басты міндетке айналды. Осындай арпалыс уақытында саяси күрес аренасына шыққан зиялы топтардың іс-әрекеттеріне тоқталуды жөн көрдік, өйткені олардың жасаған жұмыстарына қарап сол кездің толық тарихи суретін жасауға мүмкіндік бар. Әрине зиялы қауып болып аталуына белгілі себептер бар; көкірегі ояу, көзі ашық, жоғары-орта білімдері бар, саяси көз-қарастары қалыптасқан азаматтар болды. Бұл төңіректе Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» атты кітабында келесідей көрсетеді: «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясые жасау міндетін өз мойынына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүектерінің өкілдері еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақттар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал. Ол тұста ой еңбегімен кәнігі түрде шұғылдану атадан балаға жұғысты болып отырған.
1. Нұрсұлтан Назарбаев. Тарих толқынында- Алматы, «Атамұра» 1999 ж – 294б
2. Сайлаубай Е.Е. Алашорда үкіметінің шығыс бөлімі – Т.ғ. канд. ғылыми дәреж.алу үшін дайынд. дисс.- Алматы 2001, 157 бет.
3. К.Нұрпейісов. Алаш һәм Алашорда – Алматы: «Ататек» 1995 – 256 бет.
4. К.Нұрпейісов . Қазақ қоғамы және Алаш қозғалысы - //Саясат январь 1998 ж. 79- 94 б.
5. Махаева А. Қазақ халқы мүддесін қорғаған комитеттер (1917-1918 ж.ж.) //Ақиқат -1995 - №1-32-39 б.
6. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.- Алматы: «Санат», 1995.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ХХ ҒАСЫРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ШИРЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЭЛИТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ

Қоғамдағы болып жатқан терең өзгерістерге байланысты бізді қайтадан
тарихқа үңіліп, сол уақыттан бүгінгі күннің мәселесінен шығу жолын іздеп
және болашаққа сабақ алуға итермелейді. Либералдық-демократиялық идеялар
қоғамдық-саяси өмірде елеулі орынға ие болып отыр. Осыған байланысты
қазіргі таңда тарихтағы отандық либерализмге және парламентаризмге деген
қызығушылық өте жоғары. Қазақ халқының демократия идеясының, либерализмнің
айнасы ретінде Қазақстанда ұлттық саяси элитасын һәм зиялы қауымды танимыз.
Бірақ тағдырдың қаталдығына байланысты бұл адамдар өз елінің азат болу және
бақытты өмір сүру қалауы, тілегі немесе үміті үзіліп қалды. Халық жауы
деп айыпталып 70 жылға тарих қойнауына кетті.
Еліміз алдымен егемендігін жариялап,одан кейін тәуелсіздікке қол
жеткізгеннен кейін бұрынғы идеялық шырмаулардан толықтай арылғаннан соң
тарихымыздың ақтандақ беттерін қайтадан қарастыру мүмкіндігі туды. Бұл
мәселені зерттеу біздің ойымызша өзіне белгілі бір жүелікті және жан-
жақтылықты талап етеді.
Ресей монархиясы ХХ ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап елде орын алған
үздіксіз саяси дағдарыстың нәтижесінде құлады. Ақпан революциясының жеңісі
саяси жүенің жоғары сатысы- республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызып,
ұлттық езгінің күш-қуатын әлсіретуге мүмкіндіктер берді. Осы кезде жаңа бір
билік жүйесі қалыптасып келе жатқанын сезінді. Билік басына бірінен соң
бірі ауысып, түрлі ұйымдар ашылып жатты. Әр біруі өзіндік даму жолын
ұсынды. Күрделі саяси жағдайда немесе саяси орманда адасып қалмау басты
міндетке айналды. Осындай арпалыс уақытында саяси күрес аренасына шыққан
зиялы топтардың іс-әрекеттеріне тоқталуды жөн көрдік, өйткені олардың
жасаған жұмыстарына қарап сол кездің толық тарихи суретін жасауға мүмкіндік
бар. Әрине зиялы қауып болып аталуына белгілі себептер бар; көкірегі ояу,
көзі ашық, жоғары-орта білімдері бар, саяси көз-қарастары қалыптасқан
азаматтар болды. Бұл төңіректе Н.Ә.Назарбаев Тарих толқынында атты
кітабында келесідей көрсетеді: ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту
идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясые
жасау міндетін өз мойынына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар,
әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүектерінің өкілдері еді. ХХ ғасырдың
басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақттар эстафетасы
сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал. Ол тұста ой еңбегімен кәнігі
түрде шұғылдану атадан балаға жұғысты болып отырған.
Ұлт-азаттық қозғалысының басшылары Әлихан Бөкейханов (оқымысты-ғалым,
Ресей Конституциялық демокатиялық партиясы Орталық Комитетінің мүшесі, І
және ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты), Ахмет Байтұрсынов ( ақын, аудармашы,
лингвист, Қазақ газетінің редакторы), Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаев,
Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Бахытжан Қаратаев, Халел және Жанша
Досмухамедовтер және басқалары – негізінен Петербург, Мәскеу, Варшава,
Қазан, Омбы мен Орынбор жоғары оқу орындары, училищелерінің түлектері[1.
156 б.].
Олар өз қызметінің басты мұраты қазақ халқының ұлттық төлтумалығын
сақтау, сонымен бірге тарихи өткенін қалпына келтіріп, ұлттық санасын
шыңдау деп санаған[1. 157 б.].Басқа сөзбен айтқанда қазақтың тұңғыш
интелегенттері сол кезеңнің ұлттық сұраныстарына жауап беруге тырысты.
Ә.Бөкейхановтың төңірегіне жиналған азаматтар патша үкіметіне
оппазицияда болған кадеттерді үлгі тұтқан. Бұл екі топтың саяси-қоғамдық,
әлеуметтік-экономикалық көз қарастары бастапқы уақытта бір-біріне сәйкес
келіп отырды.
Сонымен 1917 жылғы ақпанда Ресейде жеңіске жеткен буржуазиялық-
демократиялық революция нәтижесінде ұлттың өзі-өзі билеу проблемасын шешу
мәселесін қоюға, қазақ қауымының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге
мүмкіндіктер туды. Бірден қазақ зиялылары Уақытша Үкіметімен тығыз байланыс
жасап, сол арқылы түп мақсаттарын жүзеге асырмақшы болды. Бұл үкіметке
тиген сенімдерінің негізінде, оның демократиялық бағытта жасаған қадамдары
болды. Мәселен, сөз бостандығы саяси партиялар құру, бапасөз бостандығы,
халықтың өз еркін білдіру құқұқтары т.с.с.[2. 25 б.]. Уақытша үкіметтің
жергілікті органдарының әр түрлі дәрежедегі басқару жүйесінің чиновниктері
болып Ғалиасқар Қуанышев, Балға Құрметов, Біләл Молдыбаев, Айдархан
Тұрлыбаев, Мұхтар Саматов және басқалары тағайындалды. Әлихан Бөкейханов,
Мұхаметжан Тынышбаев пен Мұстафа Шоқайұлы қазақ халғқының либералдық-
демократиялық оптарының өкілдері ретінде танылды.[3. 89 б.]. Айта кететін
бір жәйт, дәл осы үш қайраткер Ақпан революциясы жеңіске жетісімен қазақ
интелегенциясы өкілдерінен кімдерді, қай орындарға тағайындауды ұсынып
отырды.
1917 жылғы 7 сәуірде кадет Н.Щепкин басқарған Уақытша Үкіметтің
Түркістан комитеті құрылды. Оның құрамына басқалармен бірге Ә.Бөкейханов
пен Мұхаметжан Тынышбаев енді. Көп кешікпей Ә.Бөкейханов Торғай
облысындағы, ал халықшыл О.Шкапский мен М.Тынышбаев Жетісу облысындағы
Уақытша Үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды. Ал М.Шоқаев,
А.Бірімжанов, А.Кенесарин сияқты қазақ зиялылары Түркістан мен
Қазақстандағы Уақытша Үкіметтің органдарында жауапты қызметтерге ие
болды[4]. Ә.Бөкейханов өзі басқарған Торғай өңірінде Уақытша Үкіметтің
шығарған заңдарының орындалуын талап етті. М.Тыншбаев пен Мұстафа Шоқайұлы
бүкіл Түркістан өлкесіндегі барлық басқару жүйесінің жұмысын жолға қойып,
оны үйлестіру ісімен тікелей шұғылданды[4]. Барлық жұмыстар бір сарынды,
ешбір кедергісіз өтті деп айтсақ қателесерміз. Өйткені жергілікті болыстар
мен ауылнайлар орнығып алған жағдайдан айырылғысы келмеді (бұл заңды
құбылыс), сол себепті қалыптасып келе жатқан жаңа билік жүйесіне өздерінің
қарсылықтарын білдірді. Соған қарамастан Уақытша Үкіметтің әкімшілік
органдары 1917 жылдың көктем мен жаз айларында қалыптасу фазасынан өтіп,
қалыпты жұмысын жасау жалғастырды.
Қазақстанда Уақытша үкіметтің әкімшілік-мемлекеттік құрылымдары және
алғашқы ұлттық қоғамдық-саяси ұйым қазақ комитеттері құрыла бастады. Қазақ
комитеттерінің құрылуы қазақ қоғамындағы үлкен жаңалық болды. Аталған
үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі болған. Түпкі мақсаты – ұлттық мақстат-
мүддені қорғайтын, автономиялық мемлекеттік құрылымға жету жолында қазақ
халқының ұлттық ұйымы ретінде қарастыру еді[2. 23 б.]. Бұл комитет болашақ
Алаш қозғалысының қайраткерлерінің, соның ішінде тікелей ұсыныс жасаған,
ұлттық интелегенциясының көпшілік тыныған жетекшісі Ә.Бөкейханов және
қазақ қоғамының белсенді азаматтарының бірлескен еңбектерінің нәтижесінде
құрылған. Қазақ комитеттері 1917 жылдың наурыз айының екінші жартысынан
бастап облыстық, уездік және болыстық деңгейде құрыла бастады. Қазақ
комитеттері барлық дерлік аймақтарында құрылған[5]. Қазақ комитеттерінің
пайда болуын ғалым М.Қойгелдиев орынды түсіндіреді: ...Қазақ комитеттері
ұлт-азаттық қозғалыстың ақпан революциясынан кейінгі кезеңдегі даму
нәтижесі, оның өзінің түпкі, негізгі мақсаты- мемлекеттік еркіндікке
ұмтылысының табиғи көрінісі, ұлттық мемлекет болуға жасалған алғашқы
қадамдары.[6. 219 б.] Түртіп, айта кетсек, барлық облыстарда Қазақ
комитеттері жоғарыдан төмен қарай құрыла бастайды. Құрылу процесін туралы
хабарларды Қазақ газеті таратты. 1917 ж. 17 наурызда Орал қаласында
облыстық комитет құрылды. Алғашқы төрағасы Ғ.Әлібеков болды. Мүшелері
ретінде Д.Көсемғалиев пен Б.Қаратаевтар аталды[2. 24 б.]. Сол секілді Семей
облыстық Қазақ комитеті 7 наурызда өлкеде қалыптасқан саяси хал-ахуалға
байланысты шұғыл түрде құрылды. Комитеттің төрағасына Р.Мәрсеков, төраға
серіктері болып Х.Ғабасов ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ташкент қаласының қазақ халқының саяси-әлеуметтік, экономикалық және рухани өміріндегі маңызы (хіх ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегі)
Түркістан ұлттық элитасының қалыптасуы мен қызметінің тарихы (1900-1924 жж.)
Жастар тәрбиелеудегі саяси элитаның ықпалы
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері қазақ зиялылары еңбектерінде
Қазақстан қоғамын демократияландыруға интеллектуалды элитаның саяси қатысуы
ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ САЯСИ КҮРЕС
Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы саяси элитаның қызметі (ХХ ғ. алғашқы ширегі)
Қасым хан, Хақназар хан
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Ә. Бөкейхановтың қоғамдық саяси қызметі
Пәндер