ХХ-ХХіғ. басындағы білім беру және тәрбие мәселесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ХХ-ХХІғ. басындағы білім беру және тәрбие мәселесі

Соңғы жылдары философияда, психологаяда әрекетті адамды зерттеудін әдіснамасы деп қарастыруда. Әрекетті адам субъект ретінде танылып, оның жасампаздығы, қайраткерлігі қалыптасады. Адамның іс-әрекеті оның бүкіл өмірі өзімен қатар жасап келе жатқан адамдармен тығыз байланыста өтеді. Олармен бірге өмірді ұғынып, күнделікгі тіршілік мәселелерін шешеді, болашаққа жоспарлар құрады. Адам әрекеті сан алуан оның негізгілерін ойы, оқу, еңбек. Олар жас мөлшерінің әр кезеңінде әр түрліше көрінеді.

Оқыту мен оқу әрекетінің бір-бірімен тығыз байланыста болып, баланың ақыл-ойының дамуында зор рөл атқаратындығы белгілі. Ал оқыту барысында ақыл-ойдың интеллектінің дамуы, "оқи алуға үйрену" бүгінгі күннің басты талабы.

Оқушылардың оқу әрекеті - ол орындайтын әрекеттердің жетекшісі, негізі. Оқу әрекеті арқылы осы кезеңге тән психологиялық жаңа құрылымдар теориялық сана және ойлау қалыптасады. Олармен байланысты рефлексия, талдау, жинақтау сияқты психикалык қабілеттер дамиды.

Мектепте бұл кажеттіліктерді қанағаттандырудың мүмкіндігі мол. Енді ол муғалімнің басшылығымен әр түрлі тапсырмаларды шеше отырып, қарапайым теориялық білімдерді меңгере бастайды.

Осшылайша оқу әрекетінің мазмүны болып табылатын теориялық ілім оқушының қажеттілігіне айналады. Ал қажеттіліктерді өтеу мотивтермен баиланысты. Тапсырманы табысты орындап шығуға басшылық ететін ынта-ықылас, ішкі түрткілер пайда болады. Оқу әрекеті деп білім, білік алуға бағытталған әрекетті айту қабылданған. Ол өз бетінше де, мүғалімнің. жетекшілігімен де жүзеге асады. Мұғалім басшылыққа алып отырған әрекет теориясының психологиялық негізін Ы. Ананьев, Л. С. Выготский, А. И. Леоньтев, А. Р. Лурья, С. Л. Рубинштейн жасады. Ал бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу әрекеті Ш. А. Амонашвили, В. В. Давьадоп, Л. В. Занков, П. Е. Гальперин тб зерттеулершде қарастырылды.

Жоғарыда аталған авторлар әрекетті өмірдің бірлігі деп қарап, онын төмендегідей ішкі құрылымдарын белгілейді.

Қажеттілік - мотив - мақсат - құрал - әрекет - нәтиже.

Әрекеттің ішкі құрылымына енетін бұл компоненттер былайша сипатталады.

Қажеттілік - индивидтің өзінің өмір сүруге, дамуға білімінің, тәжірибесінің, басқа да әлеуметтік жағдайлардың жеткіліксіз екенін сезінуі. Белсенді әрекеттің негізі.

Мотив - ынта-ықыластың аууы.

Құрал - әрекеттің амадарын белгілеу, жолдарын таңдау.

Әрекет - іс-қимыл, құрал. Ол, ойын, тілдік, ойлау ерекеттері түрінде жүзеге асады.

Нәтиже - өнім.

Оқу әрекеті арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай ерлейді, теориялық сана, теориялық ойлау қалыптасады.

Окушының дамуының негізі болып табылатыи әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек.

Сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы - баланың жеке басын дамытудың басты кепілі.

Ол үшін мүғалім мына қағидаларды есінде үстауы қажет:

- баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылыгын жойып алмай, оньщ үнемі алга жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру.

- білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау.

- өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.

Айтылғандарды қорыта келе, дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (экстенсивтік, сандық, мазмүндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалык, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын ұстанымдарға негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтау, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді. Оны кесте түрінде бейнелеуге болады

Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелернің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы: Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелернің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелернің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы: Педагогикалық процестің компоненттері
Мазмұнындағы басымдылық
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелернің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы: Дәстүрлі иллюстрациялық түсіндірме әдісі
Дамыта оқыту
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелернің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы: Мақсат
Оқушыларда білім, білік, дағды қалыптастыру
Байқампаздығын ойлаумен, практикалық әрекетін дамыту
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелернің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы: Бастапқы мазмұн
Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер
Зандылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелернің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы: Оқытудың формалары
Жеке, топтық, фронтальді
Бірлескен ұжымдык іс-әрекет
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелернің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы: Оқыту әдістері
Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық
Проблемалық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелернің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы: Бақылау, бағалау
Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы
Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлексия

Дамыта оқыту арнайы педагогакалық технологаяларды қажет етеді. Ол технологияларда баланы қоршаған ортамен еркін қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі беріледі. Қарым-қатынастар: жоспарлау, ұйымдастыру, мақсаттарды жүзеге асыру, іс-әрекетті талдау кезеңдерінен тұрады. Әр кезең бала тұлғасының дамуына өз үлесін қосады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси құндылықтық бағдарлары
Жастарының саяси құндылықтық бағдарлары
XIXғасырдың басындағы Америка әдебиетінің реалист жазушысы Эдгар Аллан По
Тарих ғылымдарының кандидаты
ХІХ ғасырдағы екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы
Жастардың қазіргі қоғамымыздағы саяси және әлеуметтік орны
Қазақ хандығы тұсындағы ақын - жыраулардың психологиялық тағылымдары
Философия мен этика
Жастардың саяси құндылықтық бағдары қалыптасуының негізгі жолдары мен әдістері
Саяси экстремизм мен терроризмнің пайда болуының тарихи алғышарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz