Цитология – клетка туралы ғылым



1. Цитология
2. Клетка теориясының негізгі қағидалары
Цитологияның пәні болып көпклеткалы жануарлар мен өсімдіктердің клеткалары, сондай-ақ, құрамына бактериялар, қарапайымдылар және бір клеткалы балдырлар кіретін жалғыз клеткалы ағзалар табылады. Цитология клеткалардың құрылысын, олардың химиялық құрамын, жасуша ішіндегі құрылымдардың атқаратын қызметін, жануарлар мен өсімдіктер ағзаларының жасушаларының қызметтерін зерттейді.
Цитология – биологиялық пәндердің арасында алдыңғы орынды алатын экспериментальды ғылымдардың бірі. Қазіргі кезде цитология тек қана клетканың құрылымын зерттеп қоймай, оның ішінде жүретін физикалық және химиялық үрдістерді де зерттейді. Цитология молекулярлы биологияның негізі бола отырып, оның цитохимия, цитогенетика, цитоэкология сияқты және тағы да басқа салаларының жетілуіне себеп болды.
Цитология – биология ғылымдарының ішіндегі ең жас ғылым, оның жасы шамамен – 100 ж. Ал «клетка» ұғымының жасы 300 ж. астам екен.
Клетка (жасуша) – біздің планетамыздағы тірі ағзалардың құрылымы мен дамуының негізін құраушы бірлігі. Көп уақыттар бойы биология жануарлар мен өсімдіктердің құрылыстарының қасиеттерін, олардың көзге көрінетін макроскопиялық құрылысының негізінде зерттеп келді. Ағзалардың жасушалық құрылысын ашқаннан соң, клетканы тірі ағзалардың құрылымдық және функциональді бірлігі ретінде қарастырғаннан бастап, биология ағзалардың құрылысы мен қызметін неғұрлым терең зерттей бастады.
Клеткалар жай көзге көрінбейді, сондықтан тірі ағзалардың клеткалық құрылымын оқып, зерттеу жұмыстары оптикалық аспаптардың жасалуы және жетілуімен тығыз байланысты. XVI ғ. аяғы мен XVII ғ. басында жаратылыстану ғылымдары саласында оптикалық аспаппен тәжірибе жүргізу қауырт дамыды. 1609-1610 жж. Галилео Галилей ең алғаш оптикалық аспапты ойлап құрастырды, ол тек 1624 ж. ғана сол аспапты тәжірибелерде пайдалана алу деңгейіне жеткізді. Бұл аспап 35-40 ретке ұлғайтатын болды. Бір жылдан кейін И. Фабер осы аспапқа “микроскоп” атын берді.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Цитология – клетка туралы ғылым. Цитологияның пәні болып көпклеткалы
жануарлар мен өсімдіктердің клеткалары, сондай-ақ, құрамына бактериялар,
қарапайымдылар және бір клеткалы балдырлар кіретін жалғыз клеткалы ағзалар 
табылады. Цитология клеткалардың құрылысын, олардың химиялық құрамын,
жасуша ішіндегі құрылымдардың атқаратын қызметін, жануарлар мен өсімдіктер
ағзаларының жасушаларының қызметтерін зерттейді.
Цитология – биологиялық пәндердің арасында алдыңғы орынды алатын
экспериментальды ғылымдардың бірі. Қазіргі кезде цитология тек қана
клетканың құрылымын зерттеп қоймай, оның ішінде жүретін физикалық және
химиялық үрдістерді де зерттейді. Цитология молекулярлы биологияның негізі
бола отырып, оның цитохимия, цитогенетика, цитоэкология сияқты және тағы да
басқа салаларының жетілуіне себеп болды.
Цитология – биология ғылымдарының ішіндегі ең жас ғылым, оның  жасы
шамамен – 100 ж. Ал клетка ұғымының жасы 300 ж. астам екен.
Клетка (жасуша) – біздің планетамыздағы тірі ағзалардың құрылымы мен
дамуының негізін құраушы бірлігі. Көп уақыттар бойы биология жануарлар мен
өсімдіктердің құрылыстарының қасиеттерін, олардың көзге көрінетін
макроскопиялық құрылысының негізінде зерттеп келді. Ағзалардың жасушалық
құрылысын ашқаннан соң, клетканы тірі ағзалардың құрылымдық және
функциональді бірлігі ретінде қарастырғаннан бастап, биология ағзалардың
құрылысы мен қызметін неғұрлым терең зерттей бастады.
Клеткалар жай көзге көрінбейді, сондықтан тірі ағзалардың клеткалық
құрылымын оқып, зерттеу жұмыстары оптикалық аспаптардың жасалуы және
жетілуімен тығыз байланысты. XVI ғ. аяғы мен  XVII ғ. басында жаратылыстану
ғылымдары саласында оптикалық аспаппен тәжірибе жүргізу қауырт дамыды. 1609-
1610 жж. Галилео Галилей ең алғаш оптикалық аспапты ойлап құрастырды, ол
тек 1624 ж. ғана сол аспапты тәжірибелерде пайдалана алу деңгейіне
жеткізді. Бұл аспап 35-40 ретке ұлғайтатын болды. Бір жылдан кейін И. Фабер
осы аспапқа “микроскоп” атын берді.
1665 ж. ағылшын жаратылыстанушысы Роберт Гук микроскоптың көмегімен
кездейсоқ алынған өсімдік объектісі – тозағашының кесіндісінен ара ұясы
тәрізді қуыстарды көріп, алғаш рет өсімдіктердің “клеткалық құрылысын”
анықтайды. Тозағашындағы бос ұяларды ол “cell” – яғни “клетка” деп атады.
Уақыт өте келе “клетка” ғылыми ұғымға айналды. Гук тірі материяның барлық
қасиеттерін клетка қабығымен байланыстырды.
XVII ғ. 70 ж. Марчелло Мальпиги өсімдіктердің кейбір мүшелерінің
микроскопиялық құрылысын зерттеді. 1682 ж. Н. Грю “Өсімдіктер анатомиясының
бастамасы”деген еңбегін жазды.
XVII ғ. III жартысында голландиялық ғалым Антон ван Левенгуктың
еңбектерінде жануарлар клеткасының құрылысы туралы зерттеулер орын алды. Ол
микроскоп құрылысын жетілдіре отырып, жануарлар клеткаларын зерттеп,
ұлпалар мен мүшелердің құрылысын қарастырды. 1696 ж. оның “Жетілдірілген
микроскоптар көмегімен ашылған табиғат құпиялары” атты еңбегі жарық көрді.
Левенгук алғаш рет эритроциттерді, сперматозоидтарды зерттеп, сипаттама
берді, көзге көрінбейтін құпия әлем – микроағзаларды ашып, оларды
инфузориялар деп атады. Левенгук – ғылыми микроскопияның негізін қалаушы
болып саналады.
1715 ж. Х.Г. Гертель микроскоп объектілеріне жарық түсіруге алғаш
рет айнаны пайдаланады, дегенмен тек 1,5 ғасырдан кейін ғана Э. Аббе
микроскоп үшін жарық түсіргіш линзалар жүйесін құрастырды. 1781 ж. Ф.
Фонтана жануарлар клеткаларының небір құпияларын ашып, жануар клеткасын
ядросымен қосып суретін салды. XIX ғ. I жартысында чех ғалымы Ян Пуркинье
микроскоп техникасын жетілдіріп, клетка ядросын (“ұрық көбігі”) сипаттап,
жануарлар мүшелерінің әр түрлі клеткаларын зерттеді. Ол клетка ішіндегі
сұйықтыққа “протоплазма” деген ұғымды қолданды. 1831 ж. Роберт Браун жасуша
ядросын маңызды да тұрақты құрылым ретінде сипаттап, “nucleus” – ядро
ұғымын енгізді.
1838 ж. неміс ботанигі Матиас Шлейден цитогенез, яғни клетканың
түзілуі теориясын енгізді.
Шлейден ағзадағы клеткалардың пайда болуы сұрағының басын ашты,
сондай-ақ ол ядро – барлық өсімдік клеткаларының міндетті компоненті деген
қорытындыға келді. Шлейденнің отандасы зоолог Теодор Шванн өсімдіктер және
жануарлар ағзаларының клеткаларын салыстырып, олардың құрылысы ұқсас деп
қорытындылады. Клетка туралы өздеріне дейінгі мәліметтерді  жинақтап және
өз зерттеулерінің нәтижелерін пайдалана отырып, ботаник      М. Шлейден мен
зоолог Т. Шванн жасуша теориясының негізін қалады. Клетка теориясының
қағидалары Шлейденнің 1838 ж. “Өсімдіктердің дамуы туралы деректер” Шванның
1839 ж. “Жануарлар мен өсімдіктердің құрылымы мен өсуіндегі сәйкестік
туралы микроскоптық зерттеулер” деген атақты еңбектерінде жарық көрді. Осы
жылдардан бастап  клетка  теориясының негізі қалыптасты.

Клетка  теориясының негізгі қағидалары:

-     барлық ұлпалар клеткалардан түзіледі;
-       өсімдіктер мен жануарлар клеткаларының құрылысы ұқсас, өйткені
барлық клеткалардың пайда болуы бір заңдылыққа бағынады;
-       әрбір жасуша дербес, ал ағзаның тіршілік етуі жеке
клеткалардың тіршілігінің жиынтығы салдарынан туады;
Клетка теориясының негізі алғаш қаланған кезде клетка ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гистология пәнінің даму тарихы
Цитология және гистология түсінігі
Цитология. Жасуша.Зақымдаушы әсерге жасушалардың реакциясы. Жасушаның қартаюы мен өлуі
Цитология тарихы
Клетканың органикалық заттары
Жасушаның алуан түрлілігі
Цитология лекция тест және бақылау сұрақтары глоссарий оқу құралы
Цитология бөлімі
Цитология
Кейінірек өсімдік клеткасының ядросьш 1831 жылы
Пәндер