Ыбырай алтынсарин қазақ педагогиксының негізін қалаушы (1841-1889)


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогиксының негізін қалаушы (1841-1889)

Қазақ педагогикасының негізін салушы, педагог - ағартушы, ақын және прозаик, публицист балалар жазушысы, орыс графикасы негізінде қазақ алфавитінің негізін қалаушы. Алтын-сарин мектеп пен тәрбие өз халқының тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сәйкес келу идеясын ұсынды. Сондай-ақ, оның тамаша тарихи болашағына асқан сеніммен қарады. Ы. Алтынсаринның пікірі бойынша, ауыл мектептері болыс мектеп-терінің бірінші бөлімінің бағдарламасы бойынша жұмыс жасауға тиіс болды. Оқу ана тілінде жүргізілуі тиіс - деген қағида ұсынды. Ы. Алтынсарин қазақ халқына білім беру тек бастауыш мектеппен ғана шектеледі -деген пікірден аулақ болды. Ол орта мектептер құру туралы ойларын халқына жеткізді және қазақ балаларының университеттерде оқуын қалады. Алайда, ол Россия патшаларының жағдайындағы осыған ұқсас жоспарлардың өмірге сәйкес келмейтінін ескере отырып, Оренбург және Троицк жанындағы гимназия мен Қазақ университеттерінде оқитын қазақ балаларымен жастарға арнаулы стипендия тағайындады. Ы. Алтынсарин кәсіптік білім берудің маңызын жете түсінді және жақтады. Ол Торғайда төменгі қолөнер учлищесін ашудың жоспарын жасады және оны ашуды қолға алды. Ағаш - токоры, слесарлы - ұсталық, тігін бөлімі бар Торғайдағы Яковлев қолөнер училщесі тек 1884 жылы ғана ашылды. Ы. Алтынсарин Қостанайдағы ауылшаруашылық училщесін ашу үшін өзінің екі үйінің орынын және училище учаскесі үшін қыстауындағы жерін берді. Алайда, бұл үстемдік етуші топтың әсері салдарынан ол ұлы Октябрь төңкерісіне дейін ашылмады, қолдау таппады. Училище сол күйінде ашылмай қалды. Ы. Алтынсаринның табандылығымен Орынборда 1886 жылы мұғалім даярлай-тын қырғыз мектебі ашылды. Бұл Орыс-қазақ мектеп-теріне мұғалім даярлаудың орталығына айналды. Сөйтіп, Алтынсарин қазақ халқының өмір мен салтына сәйкес келетін қолтума қазақ мектептерін ашудың жолдарын көрсетіп берді, өзі ашты. Бұл жүйенің ең басты құндылығы барлық мектеп типінің мирасқорлығы болып есептеледі. Мұның ерекшелігі осында. Россия жағдайындағы мұндай мектептердің көпшілігі тұғырына тірелген еді.

Тұңғыш қазақ мектебін ашып, оқытуға кіріскен Ыбырай соған тікелей көмектескен Н. И. Ильминскийге жазған (1864 жыл, 16 март) хатында: ''Осы жылы наурыздың 8 күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де есті, жақсы балалар. Мен оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кірістім. Бұл балалар да менің айызымды қандырып, небәрі үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды . . . Кейін парақор болып шықпаулары үшін, оларға адамгершілік жағынан әсер етуге де бар күшімді салып отырмын. Күлсеңіз, күле беріңіз мен кейбір оқытудан бос уақыттарда оларға ресми түрде молда болып та қоямын, сөйтіп, оларға дін тарихынан білгенімді айтып, оған басқа да пайдалы және түсінікті әңгімелерді де қосып айтамын. Менің қашаннан арман-тілегім қалай да пайдалы адам болып шығу еді. Ал қазір осыған қолым жетіп отырғанын ойласам, көңілім толық жұбаныш табады'', - деп жазады.

Ұлы ағартушы-педагог тек мектеп ашумен шектеліп қалуға болмайтынын, бұған лайықты оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар керек екенін жақсы түсінді. Сондықтан Ы. Алтынсарин Ушинский, Паульсон, Водовозов, Бунаков тәрізді педагогтардың әліппе, оқулықтарын негізге ала отырып, қазақ балаларына арнап ''Оқу құралын'' жазды. Сондай-ақ ол әдістемелік мәні бар ''Семья мен мектеп'', ''Халық мектебі'' журналдары мен қолөнері үшін қажетті Гестерманның техникалық коллекциясын, физика, химия кабинеттері үшін құрал-жабдықтар алдыруға 600 сом жинағанын айтады. Мұның бәрінен оның жалаң оқумен қанағаттанып қалмағанын, бұған қоса ғылым мен техника тетіктерін үйретуде көрнекілік тәсіл ұстанғанын көрсетеді. Сондай-ақ аса қажетті кітаптар мен жорналдарды орталық мектептерге топтап жинау арқылы сондағы кітапханаларды байытуды көздеді, оқимын деген жастар мен мұғалімдердің өз білімін көтеруіне қолдан келгенше жағдай жасамақ болады. Автор сол тұстағы мектептерде дін сабағының өту мүмкіндігін пайдаланып, қазақ балалары үшін ''Шариятул-ислам'' атты оқулық жазды. Бұл кітап кезінде балалардың мұсылман діні-нің қағидаларын игеруіне айтарлықтай үлес қосты.

Ыбырай жастарды оқу-білім, өнерге үндегенде, құрғақ насихатқа ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дәлел-деуге ұмтылады. Айтпақ пікірді оқушы зердесіне еркін сіңіру үшін әр алуан ұстаздық амал-тәсіл қолданады. Бұл тұста ол, ең алдымен, шешендік қайталауларды ұтымды пайдаланады. Ақын әр шумақ сайын:

Бір Құдайға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!-

деген жолдарды әдейі қайталай отырып, оқу-білімнің пайдасын айтуда бала жүрегіне жол таба білген. Сол хрестоматияға сөз басы ретінде берілген ''Бір Құдайға сыйынып, кел, балалар, оқылық'' атты өлеңде ақын оқушы түсінігіне жеңіл қарама-қарсы ұғымдарды әдейі шендес-тіріп қолданады. Мәселен, ол білімділік пен надандықтың аражігін ашып көрсету талабында жарық пен қараңғылық-ты қатар, жарыстыра алып сипаттайды. Осы орайда алды-мен оқудың пайдасын жарыққа балап:

Оқысаңыз, балалар

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

!здемей-ақ табылар -

десе, надандықтың мән-жайын:

Оқымаған жүреді,

Қараңғыны қармалап, - дейді.

Автор өзі үндеп отырған оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына үлкен мән береді. Ол үшін инемен құдық қазғандай ыждаүат, сабырлылық қажет екенін ескертеді. Сондай сарыла ізденудің арқасында қол жеткізген оқудың азбас, тозбас өнерге айналатынын айтады. Ақын ойынша: оқу-білім мәңгілік, ол жұтамайды, таусылмайды. Ал бұған қарама-қайшы тұратын надандықты ақын:

Надандықтың белгісі -

Еш ақылға жарамас.

Жайылып жүрген айуандай

Ақ, қараны танымас . . .

Жөн білмеген наданға

Қыдыр ата дарымас, -

деп бейнелейді. Сондықтан ол өз ойын қорытқанда да оқу-білімінің өмірдегі орнын, қажеттілігін баса көтереді. Осы орайда да Ыбырай бала жүрегіне жақын ата-ананың ертеңгі күнін көлденең тарта сөйлейді.

Әлпештеген ата-ене

Қартаятын күн болар.

Қартаяғанда жабығып,

Мал таятын күн болар.

Ата-енең қартайса,

Тіреу болар бұл оқу.

Қартайғанда мал тайса,

Сүйеу болар бұл оқу! - дейді.

Әдебиетімізде бұған дейін оқу-білім өнерге бірыңғай шақыратын мұндай жырлардың жоқтығын ескерсек, осы ''Кел, балалар, оқылық'' өлеңінің мән-маңызы атты өлеңін бастан-аяқ тың мазмұнды, жаңа сипатты шығарма дей аламыз. Ыбырай мұнда қазақ балалары түгіл, ересектердің ұғымын-да жоқ техника тетіктері мен құрал-жабдықтарының іс-әрекет, қозғалысы мен адамға көрсетер қызметін суреттейді. Шынында, құлақ естіп, көз көрмеген паровоз, пароход, радио, телеграф, телефон, газ, электр, самолет, т. б. Сондықтан бұлар-ды қазақ балаларына айтып түсіндіру талабында ол ел өмірінде бұрыннан бар жұмбақтау тәсілін ұстанады.

Автор сол таныс емес техника заттарының іс-әрекет-терін алдымен өзімізде бар нәрселермен теңеу арқылы ұғындырмақ болады. Айталық, ол паровозды ''аты жоқ құр арба'' деп бейнелесе, ал суда жүзген кемені кәдімгі нән балыққа балайды. Бұл, біріншіден, жұмбақ шешіп үйренген қазақ балаларының ойлау қабілеті мен соған деген ықылас-ынтасын арттырса, екіншіден, жаңа заттың болмысы мен қызметінен хабардар болып, нақты түсінік алады. Осындай танымдық сипаты жағынан теңдесі жоқ бұл жырлардың бір үзіндісі төмендегіше болып келеді.

өнер-білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден

Көзіңді ашып-жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

Аты жоқ құр арбаны

Мың шақырым жерлерге

Күн жарымда барғызды.

Адамды құстай ұшырды,

Мал істейтін жұмысты

От пен суға түсірді.

Отынсыз тамақ пісірді,

Сусыздан сусын ішірді! . . .

Рас, еңбек пен өнерді игеруге шақыру халық ауыз әдебиеті үлгілерінде бұрыннан бар, алайда мұндағы негізгі мақсат көшпелі өмірдің талап-тілектері төңірегінен аса қоймайтын.

Ы. Алтынсарин алғаш балаларға арнап жазған әңгімелерін өзінің төл өлеңдеріне қосып, сол Хрестоматия-сына енгізді. Осы қысқа әңгімелерінде ол жас шәкірттерді адамгершілікке, ізгілік пен бауырмалдыққа, адал еңбек пен әділдікке, әдептілік пен сабырлыққа, зейінділік пен білімді еркін игеруге шақырды. Ыбырай прозасының басты ерекшелігі қазақ халқының мәдени-әлеуметтік өмірін арқау ете отырып, жаңа буын жастардың өсіп жетілуіне қажетті үлес қосу еді. Ұлы ағартушы өз Хрестоматия-сының түзілім міндеті туралы Н. Н. Ильминскийге жазған хатында былай дейді: ''Қазақ балаларына, меніңше, мағы-налы анекдоттар, жұмбақтар, ойына ой қосатын әңгімелер немесе оларды қызықтыратын, мысалы, жібек құртының, көбелектерінің өзгерулері сияқты әңгімелер тәуірірек болады. өлең жағын мен мүмкін болғанынша қазақ өлеңдерінің арасынан іріктеп аламын. Екінші кітабымды мен балаларға қызықты етіп, табиғат құбылыстары, табиғат күштері туралы, тарих және географиялық-ғылыми әңгімелер келтірмекпін''. Бұдан тұңғыш ұстаздың шәкірттерге ғылымның әр саласынан тыңғылықты білім беретін пәндік оқуды енгізуді ойластырғанын көреміз.

Ыбырай әңгімелерінің негізгі түйіні: жас буынды өнер-білімге үндеу, адамгершілік мінез-құлыққа тәрбиелеу болып келеді. Ол ел-жұртқа қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы тұрақты мектептер арқылы іске асады деп санады. Сондықтан ағартушы қазақ халқын егін егіп күн көретін отырықшылыққа шақырды. өз әңгімелерінде отырықшылықтың артықтығын дәлелдеуге ерекше зер салады. Мысалы, ''Қыпшақ Сейітқұл'', ''Киіз үй мен ағаш үй''.

''Қыпшақ Сейітқұл'' атты әңгімесінде автор мал баққан халықтың жұт пен барымтаға тәуелді екенін айта келіп, жоқшылыққа ұшыраған отыз үйлі тобырдың басшысы Сейітқұлдың ақылдылығы мен тапқырлығын жастарға үлгі етіп ұсынады. Ол сауда жасауға мал жоқ, ұрлық істеуге оның түбі қорлық деп санап, өзен-сулы Қабырға деген жерге елін көшіріп келіп қоныстандырады. Жұртқа кетпен беріп, аз жылда малды ауыл болып, байып та кетеді. Ойдан-қырдан келушілер көбейіп, артынша төрт жүз үйлі ауылға айналады. Сөйтіп, адал еңбек, маңдай терімен байыған жұрт өзгелер батып келе алмайтындай қорған тұрғызып, қалалардан киім-кешек, азық-түлік алдырып, мамыражай өмір кешеді. Бұларға кезінде қосыл-маған Сейітқұлдың ағасы ұрлықпен жүріп қолға түсіп мерт болады. Ыбырай осы оқиғаны тартымды да көркем етіп әңгімелей отырып, жортуылшының басы жолда қалғанын, ал адал еңбек еткендердің аз жылда ел қатарына қосылғанын нақты дәлелдей алған.

Сондай-ақ жазушы ''Аурудан аяған күштірек'', ''Асыл шөп'', ''Малды пайдаға жарату'' атты әңгімелері қайрым-дылық пен бауырмалдық, сабырлық пен шыдамдылық секілді қасиеттерді тәрбиелеуге арналған. Ендігі бір алуан әңгімелері табиғат құбылысы мен оған деген адамның қарым-қатынасын ашуға құрылады. Автор өмірлік құбылыстың сан алуан болып келетіндігі секілді соларды ұғып түсінудің де әр қилы екенін ашып аңғартуды көздейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогиксының негізін қалаушы
Қазіргі отандық педагогиканың ұлттық ерекшеліктері
Ыбырай Алтынсарин өмірі
Ы.Алтынсарин кәсіптік білім туралы
Торғайда Ыбырай Алтынсарин салдырған мектеп
Ыбырай Алтынсариннің қазақ халқының білім алуына қосқан үлесі
Ыбырайдың бар өмірін жастарға білім беруге арнауы
XVIII ғ. - ХІХ ғасырдың аяғындағы қазақ мәдениеті
Ыбырай жаққан шамшырақ
Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz