Экология ғылымының басқа салалармен байланысы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Экология ғылымының басқа салалармен байланысы
2.2.Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің жай.күйі мен проблемалары
2.3. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты, негізгі міндеттері мен қағидаттары басқа тақырып жаз дейди

ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Экологиялық қауіпсіздіктің мақсаты
Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
 климаттың өзгеруі мен Жердің озон қабатының бұзылуына душар ететін антропогендік әсерді азайту;
 биоәртүрлілікті сақтау және жердің шөлейттенуі мен тозуының алдын алу;
 экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту;
 Каспий теңізі қайраңының ластануының алдын алу;
 су ресурстарының тозуының және ластануының алдын алу;
 табиғи ластануларды, әуе бассейнінің ластануын, радиоактивті, бактериологиялық және химиялық, оның ішінде трансшекаралық ластануларды жою және олардың алдын алу;
 өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерін қысқарту;
 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу.
Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті — биосфераның құрамды бөлігі ретінде адамзат қоғамының табиғатпен өзара карым-қатынасының үйлесімділігін сақтауға негізделген ғылыми теорияларды дамыту.
1. Манкеш. А. Бүлдіршіндерге экологиялық тәрбие беру. Алматы,1998
2. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Алматы, 1997
3. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Алматы, 1995
4. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғатты пайдалану экономикасы. Алма-Ата, 1999
5. Молдахметов З.М., Газалиев А.М., Фазылов С.Д. «Экология негіздері». Қарағанды, 2002
6. Дарибаева А.О., Оразбаева Р.С. «Экология негіздері». Астана, 2001
7. Ә. Бейсенова , А. Самақова «Экология және табиғатты тиімді пайдалану»Алматы, 2004
8. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек
9. Вернадский В.И. Биосфера. М., 1967
10. Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология. М., 1998
11. Агаджанян Н.А., Торшин В.И. Экология человека. М.,1994
12. Одум Ю. Экология в 2-х томах. М., 1986
13. Чернова Н.М., Былова А.М. Экология. М., 1988
14. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. М., 1998
15. Кормилицын В.И. и др. Основы экологии. М., 1997
16. Реймерс Н.Ф. Экология. М., 1994
17. Шилов И.А. Экология. М., 1997
18. Реймерс Н.Ф. Охрана природы и окружающаячеловека среда: словарь-справочник. М., 1994

Жоспары:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Экология ғылымының басқа салалармен байланысы
2.2. Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі мен проблемалары
2.3. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты, негізгі міндеттері мен қағидаттары басқа тақырып жаз дейди

ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Экологиялық қауіпсіздіктің мақсаты
Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
+ климаттың өзгеруі мен Жердің озон қабатының бұзылуына душар ететін антропогендік әсерді азайту;
+ биоәртүрлілікті сақтау және жердің шөлейттенуі мен тозуының алдын алу;
+ экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту;
+ Каспий теңізі қайраңының ластануының алдын алу;
+ су ресурстарының тозуының және ластануының алдын алу;
+ табиғи ластануларды, әуе бассейнінің ластануын, радиоактивті, бактериологиялық және химиялық, оның ішінде трансшекаралық ластануларды жою және олардың алдын алу;
+ өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерін қысқарту;
+ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу.
Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті -- биосфераның құрамды бөлігі ретінде адамзат қоғамының табиғатпен өзара карым-қатынасының үйлесімділігін сақтауға негізделген ғылыми теорияларды дамыту.Тіршілік өрісінің маңызды қыры климат және топография секілді фақторлармен катар шеқтеулі аумақ немесе басқа ресурстар үшін бәсеке күресіне түсе алатын басқа түрлердің болуы. Сонымен бірге экологияның кезек күттірмейтін іргелі міндеттері мыналар:
а) табиғат байлықтарының қорын азайтпай-ак экологиялық кауіпсіздікті қамтамасыз ету;
ә) өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірістерінің экологиялық негіздерін жетілдіре түсу;
б) экологиялық мәселелерді шешуде әлеуметтік және экономикалық механизмдердің тиімді жолдарын жасап шығару;
в) табиғатты пайдалануды басқарудың ұйымдастыру-құкықтық мәселелерін дұрыс шешу;
г) әлеуметтік-экологиялық болжаулардың әдістерін дамыта түсу.
Қойылған міндеттерді шешуге:
+ Қазақстан Республикасының заңдарын, табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың және экологиялық мониторингтің экономикалық тетіктерін жетілдіру және жүйеге келтіру;
+ табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландыру;
+ қоршаған ортаны қорғау, экологиялық статистика, экологиялық білім беру, экологиялық үгіт-насихат және жұртшылықтың қатысуы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту;
+ халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізіледі.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары
Мемлекеттің экологиялық қауіпсіз дамуы мынадай қағидаттарға негізделеді:

+ табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкінді шектерін айқындайтын және қоршаған ортаны сапалы теңгермелі басқаруды қамтамасыз ететін шектеулердің, нормативтердің және шаруашылық әрі өзге де қызмет жүргізу ережелерінің ғылыми-негізделген кешенін енгізу жолымен мемлекеттің тұрақты дамуы үшін барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге экожүйелік тәсіл;
+ экологиялық қауіпсіздіктің өңірлік және жергілікті міндеттерінің экологиялық қатерлердің алдын алудың жаһандық және ұлттық мақсаттарына бағыныштылығы;
+ қоршаған орта мен адамның денсаулығына келтірілген залалды өтеудің міндеттілігі (табиғат пайдаланушылар мен ластаушылар төлейді);
+ өндірістік күштерді дамыту мен орналастырудың экологиялық-экономикалық теңгермелігі (экологиялық сыйымдылық пен аумақтық жоспарлау қағидаттары);
+ шаруашылық және өзге де қызметінің қоршаған ортаға әсерін одан кейінгі экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалармен бағалаудың міндеттілігі;
+ халықтың экологиялық ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету және оның экологиялық проблемаларды шешуге қатысуы;
+ халықаралық ынтымақтастықтағы әріптестік және халықаралық құқық нормаларын сақтау.
Экологиялық қауіпсіздік проблемалары және оларды шешу жолдары
Қоршаған орта және даму жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын ескере отырып, Қазақстанның экологиялық қауіпсіздік проблемалары оларды жаһандық ұлттық және жергілікті ретінде шешудің маңыздылығы мен деңгейіне байланысты қаралады.
Жаһандық экологиялық проблемалар
Қызу әсерінің салдарынан болатын климаттың өзгеруі жалпы әлемдік көлемдегі проблема болып табылады және қоршаған ортаның жай-күйіне барынша ықтимал қатер төндіреді.
Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Yлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияға Киото хаттамасына қол қойды.
Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді өзіне жүктей отырып, І қосымшаның Тарапы болады.
Қазақстанның Киoтo хаттамасын бекітуінің мақсатқа сайлығын айқындау үшін 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелердің Қазақстанның экономикасына әсері мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу қажет.
Талассыз экологиялық тиімділігінен басқа, Киото хаттамасын бекіту біздің ел үшін халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердің экономикасына активтерді орналастыру мүмкіндігімен инвестор рөліндегі бірлескен жүзеге асыру жобаларына және таза даму процестеріне қатысу, өндірістің энерготиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдің экономикалық мүдделерін қорғау үшін көміртегі кредиттерін шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар сату жөніндегі перспективаларды ашады.
Киото хаттамасын бекіткеннен кейін нақты жобалар мен іс-шараларды іске асыруды көздейтін Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөніндегі 2015 жылға дейінгі бағдарлама әзірленетін болады.
Ұлттық экологиялық проблемалар:
Арал теңізінің акваториясын қысқарту және тұздану дәрежесі жоғары жаңа шөлді аумақтардың түзілуіне байланысты оның табанының жалаңаштануы;
Бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонының болуы;
Каспий теңізі шельфінің ресурстарын қарқынды түрде игеру арқылы теңіз және жағалаулық экожүйелерге әсер ету;
Су ресурстарының ластануы және сарқылуы;
Тарихи ластанулар
Трансшекаралық экологиялық проблемалар
Әскери-ғарыштық және сынақ кешендері полигондарының әсері
Жергілікті экологиялық мәселелер:
Ауа бассейнінің ластануы;
Радиоактивті ластану;
Бактериологиялық ластану;
Химиялық ластану;
Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар.
Экологиялық қауіпсіздік
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықаралық қауіпсіздік бағыттарының бірі болып саналады. Бұл саланың маңызды құжатнамасына 2004-2005 жылдарға арналған ҚР экологиялық Концепциясы жатады. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар алынуда.
Экологиялық қауіпсіздік төңірегіндегі мемлекеттік саясат мақсаттарына табиғи жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаға әсер ететін табиғи және антропогендік әсерлер нәтижесінде пайда болған қауіп қатерден сақтау жатады. Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселелер өз шешімін табуы қажет:
климатта өзгеріс тудыратын және жердің озон қабатын бұзатын антропогендік әсерді төмендету;
биоәралуандылықты сақтау және жердің деградациясы (құнарлылығы төмендеу) мен шөлдену процестерінің алдын алу;
Экологиялық апатты аймақтарды, әскери космостық және сынақ кешендері полигондарын қайта қалпына келтіру;
Каспий теңізі қайраңының ластануының алдын алу;
су ресурстары азаюы мен ластануына жол бермеу;
тарихи ластанулардың ауа бассейнінің ластануының, радиоактивті, бактериологиялық және химиялық, сол сияқты трансшекаралық ластанулардың алдын алу және жою;
өндірістік және тұрмыстық қалдықтар көлемін азайту;
табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алу;
Қазақстанның экологиялық қауіпсіздік проблемалары оларды шешудің маңыздылығы мен деңгейіне байланысты жаһандық, ұлттық және жергілікті ретінде қаралады. Жаһандық экологиялық проблемалардың алғашқысы климаттың өзгеруі болып табылады. Қазақстанның өндірістік кәсіпорындарының дамуы және экономикасының өсуімен парниктік газдар шығарындылары көлемінің өсуі республика аумағында ғана емес, сонымен қатар, бүкіл дүниежүзінде климаттың өзгеруіне әкеп соғады. Осыған байланысты 2009 жылы Киото хаттамасы шеңберінде біздің еліміз базалық 1992 жылдан парниктік газдар шығарындыларын 2020 жылға дейін 15% және 2050 жылға дейін 25% азайту үшін міндеттеме қабылдады. Келесі мәселеге озон қабатының бұзылуы жатса, біздің ел озон қабаттарының бұзылуы жөніндегі халықаралық келісімдерге 1998 жылы қосылды. Қазіргі уақытта Қазақстанда озон қабаттарын бұзғыш заттарды пайдалануды қысқарту және оларды айналымнан алып қою, озон қабатын бұзбайтын заттарды қолданумен жаңа технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ биоәртүрлілікті сақтау мен жердің шөлейттенуі мен тозуы да жаһандық проблемаларға жатады. Биоәртүрлілікті сақтау үщін Қазақстан Республикасы 1994 жылы биоәртүрлілік жөніндегі конвенцияны бекітті, биологиялық әртүрлілікті сақтау және теңгермелі пайдалану жөніндегі ұлттық стратегия мен іс-қимыл жоспарын әзірледі.

Ұлттық экологиялық проблемалық апатты аймақтарға; Арал және Семей өңірлері, Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар, тарихи ластану, әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондары жатқызылды. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады.

Қазіргі кезде дүние жүзінде халықтын 20 пайызы аллергия ауыруына шалдығуда, күн сайын Жер шарында 25 мын адам лас суды пайдалану нәтижесінде қайтыс болуда, өндірістік қалалардағы халықтың 35 пайызы қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде жүйелі түрде әр түрлі аурулармен ауырады. Күн сайын адамның тиімсіз жұмысынын салдарынан 44 гектар жер шөлге айналады, күн сайын жануарлар мен өсімдіктердін бір түрі жойылып отырады; күн сайын 40 мыннан астам бала аштықтан өлуде. Оттек қоры 10 млрд т азайған, 200 млн гектарға жуық суармалы жер пайдаға аспай қалды. Пайдалы қазбалардың -- мұнайдың, табиғи газдың, көмір және тағы басқалардың жоғалуы байқалып отыр, Жер ғаламының әрбір бесінші тұрғыны таза су ішпейді.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Экология ғылымының басқа салалармен байланысы
Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін азғалар қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады (К.Мәбиус, 1877; С.Форбс, 1887).
20 ғасырдың басында Экология жеке ғылым бағыт ретінде таныла бастады, ал "экологияның алтын ғасыры" аталған 20 - 40-жылдары популяциялар мен қауымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалып, Экологияның негізгі ережелері мен заңдары тұжырымдалды: Ф.Клементс (1916) биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік сипатындағы құбылыс екендігін көрсетті; А.Тинеманн (1925) өнім ұғымын енгізді, ал Ч.Элтонның Э. бойынша алғашқы оқулығында (1927) биоценоздарда жүріп жатқан процестердің заңдылықтары көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына анықтама берілді, Экологиялық пирамидалар ұғымы тұжырымдалды; 1926 жылы В.И. Вернадскийдің "Биосфера" атты кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі азғалар жиынтығының - "жердің тірі затының" ғаламдық рөлі айқын көрініс тапты.
А.Тенсли (1935) және В.Н. Сукачев (1940) еңбектері бірімен бірі өзара тығыз байланысқан, қоршаған физикалық ортамен зат және энергия алмасып отыратын азғалар кешені туралы көзқарастардың дамуына, экожүйе және биогеоценоз ұғымдарының қалыптасуына әкелді. Популяция санының ауытқуларын, популяциялар арасындағы әсерлесулерді сипаттайтын матем. модельдер құру (А.Лотка, В.Вольтерра, 1925, 1926), сол модельдерді эксперимент барысында тексеру (Г.Ф. Гаузе, 1934) сияқты, қазіргі теория Экологияның негізін құрайтын зерттеулер де сол жылдары қалыптаса бастады.
20 ғасырдың 60 - 70-жылдары, бұған дейін негізінен биолог мамандардың арасында ғана қолданылып келген "экология" термині кенеттен көпшілік арасында ең танымал терминдердің біріне айналды. Осы жылдары, табиғат пен адамзат арасындағы қайшылықтардың үдей түсуіне байланысты, қоршаған ортаның ластануы, қоршаған ортаның ахуалы, халық санының өсуі, азық-түлік пен энергия қорларын пайдалану сияқты мәселелер ғылымның әр түрлі салаларында зерттеліп, бұқаралық ақпарат құралдары бетінде кеңінен талқылана бастады және бұл процесс әлі де жалғасын табуда. Соның нәтижесінде Экологиялық дүниетаным жаратылыстану ғылымдары ғана емес, көптеген қоғамдық ғылымдарға да енді, Экологияда көптеген жаңа бағыттар пайда болды.[1][2]
Экология ғылымдарының қалыптасуын төмендегідей кезеңдермен қарастыруға болады.
Биологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең 18 ғасырдың аяқ шенін қамтиды. Мыс: Ж.Б.Ламарк (1744-1825), Л.И.Лепехин (1770-1802), Р.Ф. Рульс (1814-1858), И.А.Северцов (1827-1885), Ч.Дарвин (1807-1882), В.В.Докучаев (1846-1903) т.б. табиғат зерттеушілер, биологтар, систематиктер, географтар өздерінің еңбектерінде ғылыми зерттеулер жүргізіп экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Осы кезде жарық көрген Ж.Б.Ламарктың Жануарлар мен өсімдіктердің эволюциясы, Ч.Дарвиннің Түрлердің шығу тегі т.б.еңбектері экология ғылымының негізін қалаған еді
Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезеңде шетелдік ғалымдармен қоса орыс ғалымдарының еңбектері шыға бастады. Бұл кезең 19 ғасырдың басы мен 20 ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтсақ Мәскеу университетінің ғаламы И.А.Северцов, Н.А.Наумов т.б. В.И.Вернадскийдің Биосфера туралы ілімі т.б.ғылыми еңбектері экология ғылымының негізін қалаған болатын.

Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология -бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қарайтын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсті. Экологияның жаңа саласы бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілді.
Экология-биология ғылымдарьның көрнекті және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Экологияны биология ғылымына еңгізген австриялық ғалым-биолог Э.Геккель еді. Экология - гректің (ойкос - үй, тұрақ, мекен жөне логос - ғылым), казақша тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасы мен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым деген мағына береді. Сондай-ақ, тірі ағзалардың бір-бірімен қарым-қатынасын, айналасын қоршаған ортамен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін биология ғылымдарының бірі. Экология туралы түсініктерді егжей-тегжейлі биология ғылымдарының докторы профессор Ж.Жатканбаевтың "Экология терминдерінің түсіндірме сөздігі" деген енбегінде жазылған. Ол түсіндірме сөздікті окып шыкқан адам қаншама ғылыми білім алады десеңізші. Эрнест Геккель өзінің әлемге әйгілі "Организмдердің жалпы морфологиясы" деген енбегінде (1866) алғаш рет "Экология" терминін қолданып, оның ғылыми анықтамасын берді. Орыс ғалымы К.Ф. Рулье осыған байланысты "Экология терминін" биология ғылымына еңгізген Э.Геккель екеніне өзінше сенімсіздік білдірді. Экологиялық зерттеулер ортағасырда (XVII) ағылшынның ұлы ғалым-биологы Чарльз Дарвин "Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы" атты еңбегінде биология ғылымдарында күтпеген жаңалық аша отырып, экология ғылымының дербестігіне жол береді. Э.Геккелдің экология ғылымына қосқан үлесіне кейінгі кезде көптеген ғылыми деректер қосылып, экология ғылымы әрі қарай дами түсті. Оның зерттеу объектісі айқындалып, мазмұны мен міндеттері белгіленді. Ежелде тек тірі ағзаларға қатынасты бағыт алған экология ғылымы қазір өзінің зерттеу көлемін кенейте отырып (адам - биосфера - қоғам) биосфера ортасындағы карым-қатынастарды және биосфера, атмосфера шегіндегі әлемдік жаңалықтар мен өзгерістерді адамзат баласының шаруашылық жағдайларындағы іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін комплексті ғылымға айналды. Экология ғылымы жоғары деңгейге көтеріле түсті. Экология ғылымдарының осы кездегі мазмұны мен міндеттері өте күрделі. Дара ағзасы (особь) мен айналаны қоршаған ортаға бейімделу (адаптация), популяциялар арасындағы қарым-қатынастар биоценоз, биоценологиялық зерттеулер биологиялық ғылымдармен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географилық белдеулер, топырақтың физикалық, химиялық және биологиялық құрамы, абиотикалық факторларға байланысты ағзалардың бейімделуі биологиялық зерттеулерге ұласады.
Ал, антропогендік факторлар экожүйелердің өзгерісі, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар әлемдік экологиялық зерттеулерге әкелсе, адам-биосфера-қоғам арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу, бақылау және баға беру (мониторинг) оның айналаны қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бұдан біз экология ғылымының осы кездегі мазмұнының күрделі әрі ауқымды екеніне көз жеткіземіз.
Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. Экология (гр. oikos - үй, тұрақ, мекен; logos -- ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді.
Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялық макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері жатады.
Экология ғылымының мақсаты - биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам - қоғам - биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Экология ғылымының негізгі міндеті -- популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу.
Экология биологияның саласы ретінде ХІХ ғ. ортасында пайда болғанмен, жеке ғылым ретінде ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қалыптасты.
Жаратылыс туралы көптеген мәліметтер антика дәуірінің ғалымдары Гераклитттің, Гипократтың, Аристотельдің еңбектерінде келтіріледі. Мысалы, Аристотель Жануарлар тарихы деп аталатын еңбегінде өзі білетін 500-ден астам жануарларды зерттеп, мінез-құлығына талдау жасайды.
Аристотель шәкірті Т.Эрезийский қазіргі Жерорта теңізінің жағалауындағы өсімдіктерге топырақтың және ауа райының әсерін баяндады.
XV ғ. аяғы мен XVI ғ. басы Ұлы географиялық ашылулар дәуірі деп аталады. 1492 ж. Итальян теңіз жүзушісі Христофор Колумб Американы ашты. 1498 ж. португалдық Васко до Гамма Африканы айналып, теңіз жолымен Индияға жетті. Ал 1519-1521 жж. Фернан Магеллан бастаған испандықтар тұңғыш рет жер шарын айналып шықты. Бұл саяхаттар жер туралы білімнің кеңеюіне септігін тигізді.
XVІІІ ғ. соңы мен XІX ғ. басында қоршаған ортаны зерттеушілер саны арта түсті. 1807 ж. Гумболдь Орталық және Оңтүстік Америкада жүргізген көптеген зерттеулері негізінде Өсімдіктер географиясы туралы ойлар еңбегін жарыққа шығарды. Онда ғалым өсімдіктердің өсуі мен өркен жаюы ауа-райы жағдайына, температураға байланысты екенін ашып көрсетті.
Бертін келе бұл ойлар орыс ғалымы К.Ф.Рульенің, Н.А.Северцевтің, А.Н.Бекетовтың еңбектерінде тереңдетіле түсті. Экологиялық ғылымның одан әрі дамуына Ч.Дарвин, В.В.Докучаев, В.И.Вернадский, В.Н.Сукачев, Н.Ф.Реймерстің үлесі жоғары болды.
Экология ғылымының даму кезеңдері:
І кезеңде (1707 - 1924 жж.) экология ғылымының алғышарттары қалыптасты;
ІІ кезеңде (1924 - 1980 жж.) экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат-міндеттерін жетілдіре түсті;
ІІІ кезеңде (1980 - 2000 жж.) экология әлеуметтік, саяси-экономикалық, нарықтық жағдайлар мен мәселелерді зерттейтін деңгейіне жетті.
Экологияның дербес ғылым болып қалыптасуы 19 ғ. 2-ші жартысына сәйкес келеді.
Экология гректің oicos -- үй және logos - ғылым сөзінен шыққан, яғни дәлме-дәл мағынасы экология - өз үйіңдегі ағзалар туралы ғылым.
Экономика сөзі де (гректің oiconomike) oicos түбірінен шыққан, яғни үй шаруасын жүргізу. Бұл екі пән өте тығыз байланысты, бірақ соңғы кезде бұл көзқарас мағынасын жойған.
Экологияның зерттеу әдістері:
1. Негізгі теоретикалық әдістерге сипаттама, жүйелік анализ, моделдеу жатады.
2. Негізгі эмпирикалық әдістерге бақылау, салыстырмалы талдау, эксперимент (лабораториялық, далалық) және мониторинг жатады.

2.2. Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі мен проблемалары
Қазіргі жалпы экологияның негізгі зерттеу нысандары жоғары биологиялық жүйелер (популяциялар, биоценоздар, экожүйелер, биосфера) және олардың уақыт пен кеңістік аралығындағы өзгерістеріне байланысты түрлі міндеттерді қамтиды. Олар:
1) организмдердің әр түрлі топтарының (популяциялардың, түрлердің және т.б.) сыртқы орта факторларымен өзара қарым-қатынастарын және олардың тіршілік ортасына әсер ету заңдылықтарын зерттеу;
2) биоценоздардағы көптеген түрлер популяцияларының бір-бірімен байланыс заңдылықтарын зерттеп анықтау;
3) тіршілік ортасы мен популяциядағы дара сандарының бір-біріне тәуелділігін зерттеу;
4) популяциялардағы тіршілік үшін күрес заңдылықтары мен табиғи сұрыпталу бағыттарын зерттеу;
5) орта жағдайларының организмдерге және олардың популяциялық жеке топтарына әсерін зерттеу;
6) адамның табиғатты тиімді пайдалану жолдарын және орта жағдайларына антропогендік факторлардың әсер етуін алдын ала болжауға байланысты зерттеулер жүргізу;
7) ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресу үшін биологиялық әдістердің тиімді тәсілдерін анықтап, қолданысқа енгізу;
8) өндіріс процестеріне жаңа қалдықсыз технология тәсілдерін кеңінен енгізуге арналған зерттеулер жүргізу.
Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүлде жаңа мемлекеттік жүйесінің құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесін -- қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биогеография ғылымының қалыптасу тарихы
Тіл білімін зерттеу әдістері
Білім социологиясы
Туризм сферасындағы бизнес
Экологиялық дағдарыс. Рим клубы
Экологиялық тәлім-тәрбиенің қазіргі мәселелері
XXI ҒАСЫР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбиенің маңызы
Балаға экологиялық тәрбие беру арқылы шығармашылық қабілетін дамыту
Ғылым тарихы мен философиясының дамуының әлеуметтік мәні
Пәндер