Листинг



1. Қор биржасы
2. Листинг
3. Листинг түрлері
4. KASE Қазақстан қор биржасындағы листинг
5. Бағалы қағаздарға және олардың эмитенттеріне қойылатын листингілік талаптар
6. "Борыштық бағалы қағаздар" секторы
7. "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы
Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады.
Бағалы қағаз нарығы қаржы нарығының негізгі құрамдас бөлігіне жатқызылады. Бағалы қағаз нарығын дамыту елдің басыңқы бағыттарының бірі ретінде тануы қазіргі уақытта осы нарыққа деген ғалымдардың, экономистердің аса көңіл аударуына септігін тигізді.
Бағалы қағаздар нарығының, соның ішінде қор нарығының қалыптасу уақыты аз емес. Осы аралықта ұлттық бағалы қағаздар нарығының қалыптасу ерекшелігі, дамыған мемлекеттердің қолданған тәжірибесін енгізумен сипат алды. Алайда, соған қарамастан, ұлттық нарықтағы біршама қайшылықтардың саларынан бағалы қағаздар нарығының жете дамымауы көрініс алады.
ҚР Президентінің кезекті жолдауында ұлттық бағалы қағаздар нарығын дамыту бағыттары мен міндеттері айқындалды. Соған қарамастан, бағалы қағаздар нарығының дамуын тежейтін факторлардың болуы тұтастай қаржы нарығының даму серпініне әсер ете алмайды.
Ресурстардың бөлінісі жаңа экономикалық шарттарың түрлеріне сәйкес экономикада қайта құруды міндет етіп қойып отыр. Нарық қатынасы дамыған елдерде қаржы ресурстарын тиімді түрде қайта бөлу қор биржалары арқылы жүзеге асады.
Қор биржасы– құнды қағаздардың қалыпты айналымы үшін қажетті жағдайлардың жұмысын қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасы – барлық нарықтардың ішіндегі ең серпіндісі. Биржа сұраныс пен ұсыныстың өзара еркін әрекеттесуі үшін барлық кедергілерді болдырмауға тырысады.
Қор нарығы екінші ретті нарық ретінде, бірінші ретті(бағал қағаздар) нарықтан келген бағалы қағаздарды сату мен сатып алуды ұсынады. Бірақ бұл нарықта барлық бағалы қағаздар айналысқа түсе бермейді, тек биржаның қойған талаптарына жауап беретіндері ғана биржадағы айналысқа түседі. Сондықтан бағалы қағаздар биржалық тауарға айналу үшін, олар рұксат ету рәсімінен өтеді. Бұл рәсім АҚШ, Англия, Ресей және Қазақстанда “листинг”, ал Францияда “интродукция”, Германияда “рұқсат алу” деген атауға ие.
Листинг (ағылшынның “listing” сөзі – тізімге енгізу) –бағалы қағаздарды биржалық тізімге енгізу кезіндегі рәсімдер жиынтығы(бағалы қағаздар тізімі, биржалық сауда-саттыққа өткізу) және биржа белгілеген шарттар мен талаптар негізінде бағалы қағаздарға бақылау жүргізу. “Листинг” терминінің пайда болуы мен қолдану аясы жайлы әр түрлі көзқарас қалыптасқан. Dictionary-economics.ruсайтында берілген ақпаратқа сүйенсек бұл термин ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған және екі түрлі мағынада қолданылған. Біріншісі – электронды-есептеу машиналарынан алынған ақпараттық мәліметтер.
1. Б.Н. Исабеков. Парасатты экономика: дағдарыс пен серпіліс: Оқулық.
- Астана: Фолиант, 2013. – 528 бет
2. www.stock-list.ru/listing.html
3. www.betafinance.ru/glossary/listing.html
4. www.gornostaev.com/archives/330
5. www.ru.wikipedia.org/wiki/Листинг_(ценные_бумаги)
6. www.marketch.ru/marketing_dictionary/marketing_terms_l/listing/
7. www.dic.academic.ru/dic.nsf/enc_law/1146/
8. Борисов А.Б. Большой экономический словарь. - М.: Книжный мир, 2003. - 895 с
9. www.cesec.kz/pdf/Presents/KASE.pdf‎
10. Я.М. Миркин, В.Я. Миркин. Англо-русский толковый словарь по финансовым рынкам
11. Е.В. Стародубцева. Рынок ценных бумаг: Учебник. — М.: ИД «ФОРУМ»: ИНФРА-М — 176 с. —, 2006
12. www.biznes-daily.uz/index.php?option=com_content &view=article&id=1360:2012-02-07-11-01-33&catid=52:gazeta-birja&Itemid=74&lang=ru
13. www.forex2.info/листинг
14. www.bibliotekar.ru/finance-3/88.htm
15. www.dictionary-economics.ru/word/Листинг
16. www.be5.biz/ekonomika/r002/32.htm
17. www.enc-dic.com/fwords/Listing-20121.html

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Листинг
Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады.
Бағалы қағаз нарығы қаржы нарығының негізгі құрамдас бөлігіне жатқызылады. Бағалы қағаз нарығын дамыту елдің басыңқы бағыттарының бірі ретінде тануы қазіргі уақытта осы нарыққа деген ғалымдардың, экономистердің аса көңіл аударуына септігін тигізді.
Бағалы қағаздар нарығының, соның ішінде қор нарығының қалыптасу уақыты аз емес. Осы аралықта ұлттық бағалы қағаздар нарығының қалыптасу ерекшелігі, дамыған мемлекеттердің қолданған тәжірибесін енгізумен сипат алды. Алайда, соған қарамастан, ұлттық нарықтағы біршама қайшылықтардың саларынан бағалы қағаздар нарығының жете дамымауы көрініс алады.
ҚР Президентінің кезекті жолдауында ұлттық бағалы қағаздар нарығын дамыту бағыттары мен міндеттері айқындалды. Соған қарамастан, бағалы қағаздар нарығының дамуын тежейтін факторлардың болуы тұтастай қаржы нарығының даму серпініне әсер ете алмайды.
Ресурстардың бөлінісі жаңа экономикалық шарттарың түрлеріне сәйкес экономикада қайта құруды міндет етіп қойып отыр. Нарық қатынасы дамыған елдерде қаржы ресурстарын тиімді түрде қайта бөлу қор биржалары арқылы жүзеге асады.
Қор биржасы - құнды қағаздардың қалыпты айналымы үшін қажетті жағдайлардың жұмысын қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасы - барлық нарықтардың ішіндегі ең серпіндісі. Биржа сұраныс пен ұсыныстың өзара еркін әрекеттесуі үшін барлық кедергілерді болдырмауға тырысады.
Қор нарығы екінші ретті нарық ретінде, бірінші ретті(бағал қағаздар) нарықтан келген бағалы қағаздарды сату мен сатып алуды ұсынады. Бірақ бұл нарықта барлық бағалы қағаздар айналысқа түсе бермейді, тек биржаның қойған талаптарына жауап беретіндері ғана биржадағы айналысқа түседі. Сондықтан бағалы қағаздар биржалық тауарға айналу үшін, олар рұксат ету рәсімінен өтеді. Бұл рәсім АҚШ, Англия, Ресей және Қазақстанда "листинг", ал Францияда "интродукция", Германияда "рұқсат алу" деген атауға ие.
Листинг (ағылшынның "listing" сөзі - тізімге енгізу) - бағалы қағаздарды биржалық тізімге енгізу кезіндегі рәсімдер жиынтығы(бағалы қағаздар тізімі, биржалық сауда-саттыққа өткізу) және биржа белгілеген шарттар мен талаптар негізінде бағалы қағаздарға бақылау жүргізу. "Листинг" терминінің пайда болуы мен қолдану аясы жайлы әр түрлі көзқарас қалыптасқан. Dictionary-economics.ru сайтында берілген ақпаратқа сүйенсек бұл термин ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған және екі түрлі мағынада қолданылған. Біріншісі - электронды-есептеу машиналарынан алынған ақпараттық мәліметтер. Екіншісі - биржаның бағалы қағаздарға рұқсат беруі. Екінші бір дерек көздерінде, "листинг" термині алғашқы кезде тек "жабайы" сауда нүктелерінде ғана қолданылған және қазіргі қор биржаларындағы рәсімнің листинг деп аталуы сол кезден бастау алады деп тұжырымдайды.
Сауда нүктелеріндегі листинг - ритейл бекіткен ережелер мен талаптар негізінде тауарды сауда нүктелерінде сату үшін, жеткізіп берушілерді тізімге енгізу дегенді білдіреді. Ол жерлердегі листинг рәсімі көп жағдайда сауда нүктелерінің желісіне жеткізу жоспарланып отырған жаңа тауар түріне қолданылған. Бұл рәсім жоғары рейтингілік тауар маркалары мен тауарларға қолданылмаған, себебі бұл тауардың ритейлдің жеткізіп берушілер тізіміне енуінің кепілі жоғары маркетингілік сипаттамалары: жоғары айналымдылығы, сатып алушылар арасында танымалдылығы және т.б. табылған. Қазіргі уақытта листингтік рәсім қор биржаларында да аталған мағынада, тәртіпте қолданылады.
Жоғарыда листинг деп бағалы қағаздарды биржалық тізімге енгізу кезіндегі рәсімдер жиынтығы екенін атап өткен болатынбыз, бірақ көп жағдайларда листинг деп биржалық тізімнің өзі деп түсініледі. "Листинг" терминін заманауи ұғым ретінде қарастырсақ, төрт өте ұқсас мағынасына тоқталамыз:
1. Листинг - эмитент-компанияның бағалы қағаздарын биржаның айналыстағы бағалы қағаздар тізіміне енгізу рәсімі.
2. Листинг - енгізу ережесінің өзі.
3. Листинг - биржалық сауда-саттыққа рұқсат етілген бағалы қағаздар тізімі.
4. Листинг - бағалы қағаз эмитенті мен биржалық немесе биржалық емес қор нарығының қатысушысы арасындағы нарықта сауда-саттық немесе баға белгілеу үшін бағалы қағаздарды қабылдау жөніндегі келісімшарт.
Бағалы қағаз листингі - бағалы қағаздардың жүйелі сауда-саттығының ажырамас бөлігі және қор нарығын дамытудың ұтымды құралы. Листинг рәсімі қор нарығындағы айналыстағы бағалы қағаздардың жоғарғы сапалылығын және өтімділігін қадағалаудың ең негізгі құралдардың бірі болып табылады.
Листинг мақсаты:
oo бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізу және айналысқа салу жөніндегі сараптаманың жүйелендірілген ережесін құру;
oo биржада сауда-саттық жүргізу үшін жағымды жағдай жасау;
oo бағалы қағаздар нарығының жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз етуді жоғарлату;
oo сапалы және сенімді бағалы қағаздарды анықтау;
oo инвесторлардың қызығушылығын қорғау және олардың бағалы қағаздарға сенімділігін жоғарлату.
Биржа ісіндегі листинг - бұл құнды қағаздардың эмитент қатарын биржа тізіміне кіргізу деген сөз. Бұл рәсім қор нарығын қалыптастыруда жағымды жағдай жасау, инвесторларды эмитент-компанияның жағдайы жайлы ақпаратпен қамсыздандыруды жоғарлату және сапалы әрі сенімді бағалы қағаздарды анықтау үшін жүргізіледі. Биржаны ұйымдастыру шарты бойынша бағалы қағаздар тізіміне, бағаны белгілеуге рұқсат етуге тек барынша ірі және пайдалы акционерлік қоғамдар кіруі керек. Биржа листингіне енуі компания-эмитентінің сенімділігі туралы куәландырылады. Себебі тауар айналымы санының жоғары екендігін биржа дәлелдейді. Сонымен қатар, листинг инвесторларды қорғауға және олардың биржадағы айналыстағы бағалы қағаздарға деген сенімділіктерін арттыруға бағытталған.
Бағалы қағаздар құжаттық сараптау мен белгілі бір деңгейлі баға белгілеу тізіміне еңгеннен кейін, яғни бағалы қағаздар биржа тарапынан қойылатын минималды талаптарға сай келгенде листингтік рәсімнен өтті деп танылады. Және листингтен өткен бағалы қағаздар тізімі баға белгілеу тізімі(лист) деп аталады.
Бағалы қағаздардың листингтік рәсімі эмитенттің өтініші бойынша жүргізіледі, бірақ кейбір жағдайларда биржаның өзінің бастамасымен жүргізіледі. Бұл жерде трейдерлік ортада танымалдылықпен қолданылатын және ресми емес арналармен таралатын бағалы қағаздар жайлы айтылып тұр.
Листинг рәсімі біршама ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Әрине, рәсімнен өту уақытының ұзақтығы қор биржасы тарапынан талап етілетін құжаттар тізімі мен талаптарға тікелей байланысты. Мысалы, KASE Қазақстан қор биржасындағы листинг рәсімінен өтуге құжаттарды дайындау мерзімі бір жылға дейін созылуы мүмкін. Барлық құжаттарды биржаға тапсырғаннан кейін құжаттарды қарау және листинг туралы шешім қабылдау үшін шамамен бір ай керек. Сонда, жалпы алғанда, отандық биржаның листинг рәсімі ең ұзақ дегенде бір жыл бір айға созылуы мүмкін. Листингілік рәсім тәртібін бірнеше құрамдас бөліктерге бөлуге болады. Олар:
* листингке дейінгі;
* бағалы қағаздарды сараптау;
* бағалы қағазды биржаның баға белгілеу тізіміне қосу туралы шешім қабылдау;
* листинг туралы келісімшартқа қол қою;
* бағалы қағазды биржаның баға белгілеу тізіміне қосу;
* бағалы қағазбен сауда-саттықты бастау.
Егер компания биржаның талаптарына толық сай келмесе, онда оны алдын - ала(листинкке дейінгі) тізіміне қосады. Бұл инвесторларды қауіпті салымдардан сақтандыруға мүмкіндік береді. Листингке дейінгі сатыдағы акцияларды сатып алуға және сатуға болады, бірақ биржаның сауда-саттық алаңының аумағында емес.
Листингтен өтпей қалған бағалы қағаздармен де сауда-саттықты биржаның сауда-саттық жүйесінен тыс жасауға болады. Бірақ мұнда да сауда-саттықтың сенімділігіне және заңдылығына биржа жауапты емес.
Мұқият талданып, листинг бойынша комиссиядан өткеннен кейін, эмитент-компанияның бағалы қағаздары бағалы қағаздар тізіміне кіргізіледі және биржадағы бағаны белгілеуге рұқсат етіледі. Сонан соң бірінші шығарылымдағы бағамын анықтайтын баға белгілеу комиссиясында қарастырылады. Белгіленген тәртіпте тіркелген эмиссия анықтамалығы, компания активінің жағдайы туралы компанияның бухгалтерлік есептемесі; пайда мен залалдар жағдайы туралы тәуелсіз аудитормен куәландырған есептемесін эмитентпен ұсынылған мәлімет негізінде талдау жүзеге асырылады. Сонан соң эмитент жайлы басқадай ақпараттар жиналып іске асырылады. Өзіне кіргізілген барлық кешенді ақпаратты аналитикалық жағынан өңдеу, сонымен қатар жалпы экономикалық және әлеуметтік-саяси болжамдар, жаңа заңдар мен заң күшіндегі нормативті актілерді оқып-үйрену, компанияның қаржылық жағдайына олардың ықпалының мүмкіндігі. Биржалық мәміленің нәтижесінде салынып қойылған бағамдар негізінде бағалы қағаздардың баға белгілеуін биржа қамтамасыз етеді. Осы зерттеулердің негізінде кепілдемені инвесторлар алады.
Баға белгілеу комиссиясы эмитенттен алынған ақпараттар негізінде бағалы қағаздың өтімділігін, инвесторлар үшін тартымдылығын анықтайды, сұранысты болжамдайды.
Листинг рәсімі эмитенттер үшін де, инвесторлар үшін де бірқатар артықшылықтар береді және сәйкесінше кемшіліктерге де тап болады. Биржадағы бағалы қағаздар листингі эмитентке келесідей артықшылықтарды береді:
oo инвесторлардың қаражаты ретіндегі қосымша капитал тарту;
oo халықаралық қор нарығына шығу;
oo эмитенттің рейтингтік беделінің жоғарлауы;
oo компанияның инвестициялық тартымдылығының артуы;
oo бағалы қағаздардың өтімділігінің артуы;
oo биржаның ақпарат арналары және листингке қосылған бағалы қағаздардың бағасын жариялайтын жетекші экономикалық басылымдар арқылы қосымша жарнамамен қамтамасыз етілуі;
oo листинг - салымшылар қаражатының қорғаудың қосымша деңгейі.
Инвестор үшін артықшылықтар:
oo эмитент тарапынан листингтегі бағалы қағаздар туралы ақпаратты ашуы инвестицияның сенімділігін бірнеше есе арттырады;
oo листингілік бағалы қағазды сатып алушы эмитент-компания туралы ақпаратты нақты әрі уақытылы жеткізіліп отыратына сенімді болса болады;
oo бағалы қағаз айналысы биржаның бақылауында болғандықтан жасалатын келісімшарттарда алаяқтық пен теріс пайдаланушылықтан қорғайды;
oo листинг рәсімінен өтуі бағалы қағаз сенімділігіне кепіл береді;
oo биржада бағалы қағаз сауда-саттығын ұйымдастыру оның объективті түрде нарықтық құның анықтауға мүмкіндік береді.
Сол себепті, листинг жүйелі қор нарығының дамуына жағымды жағдай жасайды және, жоғарыда атап өткендей, қор нарығындағы айналыстағы бағалы қағаздардың ішінен сапалырағын әрі сенімдірегін анықтауға және өтімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді. Инвесторлар эмитент-компанияның барлық талаптарға сай келетіндігіне тағы бір рет көзі жетеді.
Сонымен, листинг - биржаның жауапты міндеті, немесе олардың жұмсалуының және мүдделерін қорғау бағыттары туралы әлеуетті инвесторларды хабардар ету маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Экономикалық ахуалдың талдануы, акционерлік қоғамның рейтингісі мен алдымен биржалық баға белгілеу парағы (биржалық бюллетень, баға белгіленген тізім мен бағалы қағаздар және ағымдағы бағамдар көрінісімен) инвесторлардың шешім қабылдауының негізі үшін қызмет етеді. Шоғырланған түрдегі баға белгілеу парағы өзіндік барометр болып саналады. Өйткені ол елдің, аймақтық және әлем шаруашылығындағы ахуалдың қалай өзгеріп тұратынын көрсетеді.
Баға белгілеуге рұқсат етілген бағалы қағаз эмитенті өзінің іс-әрекеті туралы және бағалы қағаз бағасына әсер етуі мүмкін жағдайлар жайлы үнемі есеп беріп отыруға міндетті болады(листинг рәсімінің эмитентке беретін кемшіліктерінің бірі деп айтуға болады). Ал биржа құнды қағаздар мен акционерлік қоғамның экономикалық жай-күйін мұқият назарда ұстап отырады. Бейнелеп айтқанда қолын осы компаниялардың қан тамырына қойып, тамыр соғысын қадағалап отырады. Ал, қажет болған жағдайда (экономикалық жағдайының шұғыл түрде нашарлағанда немесе тоқырағанда), инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында, биржа акционерлік қоғамның бағалы қағазынының айналысын уақытша тоқтатуы немесе баға белгілеу тізімінен шығарып тастауы мүмкін. Егер баға белгілеу тізімінен шығарып тастау шешімі қабылданса, онда делистинг рәсімі қолданылады.
Делистинг - бағалы қағаздарды биржаның баға белгілеу тізімінен шығару рәсімі. Ол келесі жағдайларда орын алуы мүмкін:
oo эмитент-коипанияның бағалы қағазды биржаның баға белгілеу тізімінен шығару жөніндегі өтініші;
oo шығарылған бағалы қағазды реттеуші орган тарапынан аяқталмаған деп танылғанда;
oo соттың бағалы қағазды жарамсыз деп танығанда;
oo бағалы қағаз эмитентінің банкрот немесе қаржылық жағдайы қанағаттандырарлық емес деп танылғанда;
oo өтініш берушінің келісімді орындамауы және т.б.
Бағалы қағаздың биржадағы айналысын уақытша тоқтатудың себептері:
oo белгілі бір маңызды ақпаратты жариялау үшін кез-келген уақытта сауда-саттықта үзіліс жасауы мүмкін;
oo белгілі бір маңызды жағдайды талқылағанда, компанияның листинг туралы келісімшартты бұзған жағдайда, оны қалпына келтіру үшін бір немесе бірнеше сессияға уақыт бергенде немесе делистинг жайлы шешім қабылдағанда;
oo сауда-саттықтың басталуын кейінге қалдыру және т.б.
Бағалы қағаздар листингі үшін және олардың сауда-саттықты ұйымдастырушысының тізімінде болғаны үшін, мәмілелерді тіркеу және рәсімдеу үшін, ақпараттық қызмет көрсеткені үшін және өзге де жағдайларда жарналар мен алымдар алынады.

Листинг түрлері
Листинг рәсімі бағалы қағаздың шет ел биржасының айналымында жүргеніне, бір уақытта бірнеше биржада орын алуына және т.б. сипаттамаларына байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді.
Эмитенттің бағалы қағазы шет ел биржасының айналымында жүргеніне байланысты листинг түрлерінің жіктелуі:
1. Бастапқы листинг. Жергілікті жер биржасындағы листинг. Шет ел биржасына шығу үшін бастапқы листингтен өту керек.
2. Екінші листинг. Шет елдегі айналыстағы акциялар тізіміне ену(1-сызбанұсқа).
1-сызбанұсқа. Листинг түрлері.
Екінші листинг
Екінші листинг

Шетел(халықаралық) нарығы
Шетел(халықаралық) нарығы
Кросс-листинг
Кросс-листинг

1-биржа
2-биржа
3-биржа


Бастапқы листинг
Бастапқы листинг

Қос листинг
Қос листинг

1-биржа
2-биржа
3-биржа


Ұлттық(ішкі) нарық
Ұлттық(ішкі) нарық

Тік листинг(эмитент акциясы)
Тік листинг(эмитент акциясы)


Эмитент

ForexAW.com сайтынан алынған

Екінші листингтен өткен бағалы қағаздарды екі тобқа бөлуге болады:
1. Тік листинг. Тек шет ел нарығына шығатын эмитентті тіркеу.
2. Депозиттік қолхат листингі. Бағалы қағаздар емес, депозиттік қолхаттар тіркеледі.
Егер эмитент бір уақытта бірнеше биржадан өтсе, онда келесі классификация қолданылады:
1. Қос листинг. Компанияның бағалы қағазы кезекпен бір мемлекет ішіндегі бірнеше қор биржасында листингіленеді. Артылықшығы - өтімділігін жоғарлатады.
2. Кросс-листинг. Бір уақытта әртүрлі мемлекеттерде әртүрлі алаңда тіркелу. Бұл жағдайда биржалар арасында келісімшарт жасалуы мүмкін. Ол келісімшарт негізінде компанияның бірінші биржадағы листингтен өтуі, екенші биржада листингтен өтуін жеңілдетеді немесе ешқандай листингтік рәсімсіз листингтік рәсімнен өтті деп танылады. Артылықшылығы - шығындарды азайтуға және өту мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді(1-сызбанұсқа).
Ескерте кететін жайт, соңғы уақытта әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздар листинг рәсімінен өтпей-ақ айналыста болатын әлемдік ірі биржалардың екінші ретті нарықтың дамуы қарқын алуда. Бірақ бұл нарықта инвестордың тәуекелі әлдеқайда артық болады.

KASE Қазақстан қор биржасындағы листинг

Листинг - биржалардың өзін-өзі реттеудің пәрменді әдісі болып табылады. Әр биржаның бағалы қағаздарға қоятын талаптары әр түрлі болады және жеткілікті деңгейде күрделі. Қазақстан қор биржасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу жөніндегі Агенттікпен келісе отырып, сауда-саттыққа, қағаздарға - листингке рұқсат ету ережелерін, сондай-ақ делистинг ережелерін бел - гілейді.
Кез-келген эмитент-компанияда листингтік процестен өтпес бұрын "Неден бастау керек?", "Листингтік процестің талаптары қандай?", "Нені алдын ала қарастыру қажет?", "Листингті отандық қор биржасында өту ұтымды ма, әлде, шет елде ме?" және т.б. сұрақтар туындайды. Осы сұрақтарға KASE Қазақстан қор биржасындағы листинг процесін қарастыру арқылы жауап іздеп көрейік.
Қазақстан қор биржасының ресми сайтында берілген анықтама бойынша, листинг - қандай да бір бағалы қағаздарды KASE ресми тізіміне енгізу процедурасы.
KASE Қазақстан қор биржасының сауда тізімі екі деңгейден тұрады: бағалы қағаздардың ресми тізімі және листингілік емес алаң.
KASE ресми тізімі - тізімнің бір бөлігі, осы тізімге енгізілу және осында болу үшін бағалы қағаздар және олардың эмитенттері листингілік талаптарға сай болуы тиіс.
Листингілік компания - шығарған бағалы қағаздары KASE ресми тізімінде тұрған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Mathcad программалау ортасы
Қор биржасының мәні мен міндеттері
«қазақ тілінен ағылшын тіліне машиналық аударудың лингвистикалық сөздіктерін apertium платформасының негізінде жасау»
Қазақстан Республикасының қор биржасының қызметін ұйымдастыру мен қызмет ету ерекшеліктері
Қор биржалары
Қор биржасы мәні, міндеттері және операциялары туралы ақпарат
Қор биржасы және оның қызметтерi мен құрамы
Қор биржасының қалыптасуы және қызметінің ерекшелігі
Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздары
Қор биржасы және оның қызметтерi мен құрамы жайлы
Пәндер