Экономиканы мемлекеттIк реттеудIң шетелдIк тәжIрибесI



Жоспар:

1. Кiрiспе

2. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мәселелерi.
3. Шығыс Еуропа мен оңтүстiк Шығыс Азия елдерiндегi нарықтық қатынастар дамыту және экономиканы мемлекеттiк реттеу
4. Қазақстан жағдайында шетелдiк макроэкономикалық реттеу тәжiрибесiн пайдалану мәселелерi
Алдымен айта кетерлiк жағдай, басқа елдердегi мемлекеттiк реттеу тәжiрибесiн оқып үйрену және ғылыми қорытындылау мақсаты, оны бiздiң әлеуметтiк –экономикалық жағдайымызға өзгертпей көшiрiп алу емес. Бұл келесi объективтi сипаттағы себептерге байланысты мүмкiн емес:
1) республика басқа елдердегi саяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтiк –демографиялық, этно- мәдени және тағы да басқа себептерге байланысты өзгешеленедi;
2) қазiргi Қазақстан жағдайында бiз ұлттық экономиканы құру процесiндемiз және де әлемдiк экономикалық тарихта әкiмшiлiк –жоспарлық шаруашылықтан нарықтық экономикаға өткен бiзге ұқсас ешбiр ел жоқ;
3) басқару жүйесi мен шаруашылықта негiзгi өзгерiстер белгiлi бiр себептерге байланысты тиiстi негiздеусiз жүргiзiледi және “революциялық” көрiнiс табады, ал нарықтық экономиканы мемлекеттiк реттеу шаралары олардың эвалюциялық даму “нәтижесi” болып табылады.
Бiрақ та шет елдер тәжiрибесiн ғылыми қорытындылау қажеттiгi келесi жағдайлар бойынша түсiндiрiледi: бiрiншiден, экономиканы мемлекеттiк реттеудiң қағидалары мен жүйесiнiң тұжырымдамалы негiзiн, түбiрiн анықтауға мүмкiндiк туады, екiншiден аралас экономиканың жалпы заңдылықтарын анықтау мүмкiндiгi туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттiк реттеудiң механизмдерiн “түйiстiруге” мүмкiндiк жасайды, үшiншiден, мұндай толықтыру мемлекеттiк реттеудiң нәтижелерiн салыстырып талдауға мүмкiндiк бередi және де керек болған жағдайда экономикалық реформаларды құруды, әлемдiк шаруашылық процеске республиканың араласу мөлшерiн ескере отырып, реформаларды дұрыс жолмен жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
Әлеуметтiк – экономикалық процестерге мемлекеттiң араласу тәжiрибесiн үйренуден шығатын қорытынды – көптеген алдынғы қатарлы елдерде экономиканы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi құралдары ретiнде халық шаруашылығы дамуының мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау, болжау, жоспарлау, бағдарлама жасау қарастырылады. Сыртқы, iшкi және оларға сәйкес факторлардың бiртiндеп шиеленiсуi, мемлекет тек ғылыми негiзделген экономикалық мақсаттарға жетуде, арқашан тарихи жағдайды ескерудi талап етедi. Американдық iрi экономист П.Самуэльсон көрсеткендей, мұндай зерттеулерсiз “күннен – күнге өсiп отырған қиыншылықтар мен әлеуметтiк өзгерiстерге эвалюциялық жолмен икемделе алмайтын экономикалық жүйелерге, қазiргi кезде қаншалықты мықты болғаныменен, бара- бара күйреу қатерi туындайды, өйткенi ғылым мен техника экономикалық өрiстiң табиғи дамуын үздiксiз өзгертiп отырады” [32,153 – б.]. Басқаша айтқанда, дәл бiздiң экономика сияқты, “әлсiз экономикалық жүйеге”, барлық туындайтын қиындықтарға “эвалюциялық жолмен қажеттiлiгi” үздiксiз ғылыми – техникалық процесс салдарынан туындайды.
“Ұлы дағдарыс” жылдары (20-жылдардың аяғы мен 30 жылдардың басы) алдыңғы қатарлы капиталистiк елдердiң нарықтық экономиканың өзiн - өзi толық реттей алмайтындығына көзерi жеттi және де туындаған қиындықтарда уақытында шешу тек әлеуметтiк – экономикалық өмiрге мемлекеттiң белсендi араласуымен ғана жүзеге асатынын түсiндi. Бұл ақиқатты мойындау елдегi экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн ресми мемлекеттiк ұйымдардың ресми ұстанымдарынан көрiнiс тапты. АҚШ-тағы “жұмыспен қамтамасыз ету туралы Заңға” сәйкес (1946ж.) құрылған Президенттiк экономикалық Кеңесi осы заңның талаптары бойынша барынша өндiрiстi толық қолдап, жұмысбастылықты, халықтың тұтынушылық қабiлетiн сақтай отырып, мемлекеттiк монополистiк реттеумен айналысты. 60-жылдардың соныңда аталған Кеңеске мiндет ретiнде экономикада ұлттық басымдылықтарды анықтау, ұзақ мерзiмдiк болжау мен бағдарламалар жасау әдiстерi әзiрле жүктелiндi.
Капиталистiк елдерде бағдарламалаудың алғашқы кезеңдерiнде экономиканы басқарудың салааралық қағидасы қолданылды. Францияда, Швецияда, ФРГ және т.б. мемлекеттерде дайындалған салааралық бағдарламалар барлық шешушi экономикалық салаларды қамтиды және олардың дамуын маңызды және тұтастай болжауда үлкен рөл атқарады. 80-жылдың басында АҚШ-та мұндай бағдарламалар 1200 –ге жуық болды. Бұлардың iшiнде энергияны үнемдеу, космостық зертеулер, аймақтық даму басты орын алды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру барысы салааралық байланыстарды күшейтуге бағытталған мемлекеттiк шараларды қажет еттi. Сондықтан АҚШ-та 20-жыл бұрын орталық экономиканы басқару органдарының аймақтық филиалдары құрылған, тиiстi аймақтық Комиссияның мiндетi бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты ұйымдастырушылық мәселелерiн шешу болып табылған. Бұл тәжiрибе бiздiң жағдайға пайдалы болар едi. Нарықтық жүйеге көшуге байланысты эйфория халық шаруашылық мәселелерiн тиiмдi шешу жолдарын кейiнге қалдырады.
Францияда, Жапонияда, Түркияда және т.б. елдерге ағымдағы, орта мерзiмдегi жоспарлаудың ғылыми-әдiстемелiк және ұйымдастырушылық мәселелерiн арнайы мемлекеттiк органдар шешедi. Францияда бұл қызметтi Жоспарлау бойынша бас Комиссариат жүргезедi. Жапонияда Экономикалық жоспарлау басқармасы мен Аймақтық кешендi даму департаментi және т.б. жүргiзедi. Ұзақ мерзмдiк экономикалық даму және күрделi жұмсалымдар аясының құрылымдық саясатымен қатар өндiрiстiң аймақтық орналасуының ұзақ мерзiмдiк мақсаттарын белгiлеу Жапонияның экономикасын жоспарлаудағы мықты жағы деп саналады [13,143-б.].
Түркияда орта мерзiмдi жоспарлау 1963 – 1967 жж. бiрiншi бесжылдық жоспардан басталып, жүйелi түрде жоспарлау уақытының мiндеттерiне байланысты жүзеге асырылуда. Осыдан алтыншы бесжылдық жоспарда (1988-1992 жж.) нарықтық жүйенiң дамыған күйiн ескерiп, халық шаруашылығының макроэкономикалық көрсеткiштерiн нақтылауға көп көңiл бөлiндi.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУДIҢ ШЕТЕЛДIК ТӘЖIРИБЕСI

Жоспар:

1. Кiрiспе
2. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi
мәселелерi.
3. Шығыс Еуропа мен оңтүстiк Шығыс Азия елдерiндегi нарықтық қатынастар
дамыту және экономиканы мемлекеттiк реттеу
4. Қазақстан жағдайында шетелдiк макроэкономикалық реттеу тәжiрибесiн
пайдалану мәселелерi

Алдымен айта кетерлiк жағдай, басқа елдердегi мемлекеттiк реттеу
тәжiрибесiн оқып үйрену және ғылыми қорытындылау мақсаты, оны бiздiң
әлеуметтiк –экономикалық жағдайымызға өзгертпей көшiрiп алу емес. Бұл
келесi объективтi сипаттағы себептерге байланысты мүмкiн емес:
1) республика басқа елдердегi саяси, табиғи-экономикалық,
әлеуметтiк –демографиялық, этно- мәдени және тағы да басқа
себептерге байланысты өзгешеленедi;
2) қазiргi Қазақстан жағдайында бiз ұлттық экономиканы құру
процесiндемiз және де әлемдiк экономикалық тарихта әкiмшiлiк
–жоспарлық шаруашылықтан нарықтық экономикаға өткен бiзге ұқсас
ешбiр ел жоқ;
3) басқару жүйесi мен шаруашылықта негiзгi өзгерiстер белгiлi бiр
себептерге байланысты тиiстi негiздеусiз жүргiзiледi және
“революциялық” көрiнiс табады, ал нарықтық экономиканы
мемлекеттiк реттеу шаралары олардың эвалюциялық даму “нәтижесi”
болып табылады.
Бiрақ та шет елдер тәжiрибесiн ғылыми қорытындылау қажеттiгi келесi
жағдайлар бойынша түсiндiрiледi: бiрiншiден, экономиканы мемлекеттiк
реттеудiң қағидалары мен жүйесiнiң тұжырымдамалы негiзiн, түбiрiн анықтауға
мүмкiндiк туады, екiншiден аралас экономиканың жалпы заңдылықтарын анықтау
мүмкiндiгi туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттiк реттеудiң
механизмдерiн “түйiстiруге” мүмкiндiк жасайды, үшiншiден, мұндай толықтыру
мемлекеттiк реттеудiң нәтижелерiн салыстырып талдауға мүмкiндiк бередi және
де керек болған жағдайда экономикалық реформаларды құруды, әлемдiк
шаруашылық процеске республиканың араласу мөлшерiн ескере отырып,
реформаларды дұрыс жолмен жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
Әлеуметтiк – экономикалық процестерге мемлекеттiң араласу тәжiрибесiн
үйренуден шығатын қорытынды – көптеген алдынғы қатарлы елдерде экономиканы
мемлекеттiк реттеудiң негiзгi құралдары ретiнде халық шаруашылығы дамуының
мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау, болжау, жоспарлау, бағдарлама жасау
қарастырылады. Сыртқы, iшкi және оларға сәйкес факторлардың бiртiндеп
шиеленiсуi, мемлекет тек ғылыми негiзделген экономикалық мақсаттарға
жетуде, арқашан тарихи жағдайды ескерудi талап етедi. Американдық iрi
экономист П.Самуэльсон көрсеткендей, мұндай зерттеулерсiз “күннен – күнге
өсiп отырған қиыншылықтар мен әлеуметтiк өзгерiстерге эвалюциялық жолмен
икемделе алмайтын экономикалық жүйелерге, қазiргi кезде қаншалықты мықты
болғаныменен, бара- бара күйреу қатерi туындайды, өйткенi ғылым мен техника
экономикалық өрiстiң табиғи дамуын үздiксiз өзгертiп отырады” [32,153 –
б.]. Басқаша айтқанда, дәл бiздiң экономика сияқты, “әлсiз экономикалық
жүйеге”, барлық туындайтын қиындықтарға “эвалюциялық жолмен қажеттiлiгi”
үздiксiз ғылыми – техникалық процесс салдарынан туындайды.
“Ұлы дағдарыс” жылдары (20-жылдардың аяғы мен 30 жылдардың басы)
алдыңғы қатарлы капиталистiк елдердiң нарықтық экономиканың өзiн - өзi
толық реттей алмайтындығына көзерi жеттi және де туындаған қиындықтарда
уақытында шешу тек әлеуметтiк – экономикалық өмiрге мемлекеттiң белсендi
араласуымен ғана жүзеге асатынын түсiндi. Бұл ақиқатты мойындау елдегi
экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн ресми мемлекеттiк ұйымдардың
ресми ұстанымдарынан көрiнiс тапты. АҚШ-тағы “жұмыспен қамтамасыз ету
туралы Заңға” сәйкес (1946ж.) құрылған Президенттiк экономикалық Кеңесi осы
заңның талаптары бойынша барынша өндiрiстi толық қолдап, жұмысбастылықты,
халықтың тұтынушылық қабiлетiн сақтай отырып, мемлекеттiк монополистiк
реттеумен айналысты. 60-жылдардың соныңда аталған Кеңеске мiндет ретiнде
экономикада ұлттық басымдылықтарды анықтау, ұзақ мерзiмдiк болжау мен
бағдарламалар жасау әдiстерi әзiрле жүктелiндi.
Капиталистiк елдерде бағдарламалаудың алғашқы кезеңдерiнде
экономиканы басқарудың салааралық қағидасы қолданылды. Францияда, Швецияда,
ФРГ және т.б. мемлекеттерде дайындалған салааралық бағдарламалар барлық
шешушi экономикалық салаларды қамтиды және олардың дамуын маңызды және
тұтастай болжауда үлкен рөл атқарады. 80-жылдың басында АҚШ-та мұндай
бағдарламалар 1200 –ге жуық болды. Бұлардың iшiнде энергияны үнемдеу,
космостық зертеулер, аймақтық даму басты орын алды. Бұл бағдарламаларды
жүзеге асыру барысы салааралық байланыстарды күшейтуге бағытталған
мемлекеттiк шараларды қажет еттi. Сондықтан АҚШ-та 20-жыл бұрын орталық
экономиканы басқару органдарының аймақтық филиалдары құрылған, тиiстi
аймақтық Комиссияның мiндетi бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты
ұйымдастырушылық мәселелерiн шешу болып табылған. Бұл тәжiрибе бiздiң
жағдайға пайдалы болар едi. Нарықтық жүйеге көшуге байланысты эйфория халық
шаруашылық мәселелерiн тиiмдi шешу жолдарын кейiнге қалдырады.
Францияда, Жапонияда, Түркияда және т.б. елдерге ағымдағы, орта
мерзiмдегi жоспарлаудың ғылыми-әдiстемелiк және ұйымдастырушылық
мәселелерiн арнайы мемлекеттiк органдар шешедi. Францияда бұл қызметтi
Жоспарлау бойынша бас Комиссариат жүргезедi. Жапонияда Экономикалық
жоспарлау басқармасы мен Аймақтық кешендi даму департаментi және т.б.
жүргiзедi. Ұзақ мерзмдiк экономикалық даму және күрделi жұмсалымдар аясының
құрылымдық саясатымен қатар өндiрiстiң аймақтық орналасуының ұзақ мерзiмдiк
мақсаттарын белгiлеу Жапонияның экономикасын жоспарлаудағы мықты жағы деп
саналады [13,143-б.].
Түркияда орта мерзiмдi жоспарлау 1963 – 1967 жж. бiрiншi бесжылдық
жоспардан басталып, жүйелi түрде жоспарлау уақытының мiндеттерiне
байланысты жүзеге асырылуда. Осыдан алтыншы бесжылдық жоспарда (1988-1992
жж.) нарықтық жүйенiң дамыған күйiн ескерiп, халық шаруашылығының
макроэкономикалық көрсеткiштерiн нақтылауға көп көңiл бөлiндi.
Германияда экономиканы реттеу бiраз басқаша, мұнда көбiнесе
бәсекелестiктi қорғауға, мемлекеттiң антимонополиялық және бақылау қызметiн
нығайтуға, нарықтықтағы iрi кәсiпорындардың қосылуына тыйым салуға,
жоспарлар мен бағдарламалардың әлеуметтiк қызметiн кеңейтуге көңiл
бөлiнуде.
Реттеушi органдарының басты мiндеттерiнiң бiрi аймақтардың
үйлесiмдi кешендi дамуын қамтамасыз ету. Мысалы, Францияда 1982 жылы
жүргiзiлген реформалардың нәтижесiнде аймақтық шаруашылық жүйесiн басқару
иерархиясының үш деңгейiнiң функциялары ажыратылғын (коммуналар,
департаменттер және аймақтар). Ал департамент құрамына кiретiн кантондар
мен аудандардың өзiндiк даму мәселелерiн шешуде құқықтық және
ұйымдастырушылық тәуелсiздiгi жоқ.
Халық шаруашылығында аймақтық мәселелер мен оларды салалық
экономикамен үйлесiмдi байланыстыруға Швецияның, Англияның,
Германияның,Оңтүстiк Кореяның және де басқа дамыған нарықтық жүйедегi
елдердiң көптеген үкiметтiк шешiмдерi арналған. Бұл шешiмдегi басты ой,
жергiлiктi билiк органдары өзiнiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын жүргiзе
отырып жалпы мемлекеттiк және макроэкономикалық мақсатқа жету.
Көптеген елдердiң жоспарлау тәжiрибесiн қорытындылай келiп,
американдық маркентинг маманы Мелвилл Бранч маркентинг қызметiн
жетiлдiрудiң бiрнеше қолайлы жақтарын ы салалық экономикамен үйлесiмдi
байланыстыруға Швецияның, Англияның, Германияның,Оңтүстiк Кореяның және де
басқа дамыған нарықтық жүйедегi елдердiң көптеген үкiметтiк шешiмдерi
арналған. Бұл шешiмдегi басты ой, жергiлiктi билiк органдары өзiнiң
әлеуметтiк-экономикалық саясатын жүргiзе отырып жалпы мемлекеттiк және
макроэкономикалық мақсатқа жету.
Көптеген елдердiң жоспарлау тәжiрибесiн қорытындылай келiп,
американдық маркентинг маманы Мелвилл Бранч маркентинг қызметiн
жетiлдiрудiң бiрнеше қолайлы жақтарын бөледi. Соның iшiнде, жоспарлау:
1) басшылардың үнемi болашақты ойлауын ынталандыруға мүмкiндiк бередi;
2) мемлекеттiк және шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қолданылатын
шараларды үйлестiредi;
3) көрсеткiштердi анықтау және олардың орындалуын қадағалауға жол ашады;
4) алдағы мәселелердiң және саяси ұстанымдардың нақты анықталуын талап
етедi;
5) шұғыл өзгерiстерге дайынықты күшейтедi;
6) барлық қызметкерлерiнiң мiндеттерiнiң өзара байланыста, қарым-
қатынаста екенiн көрсетедi.
Аталған пунктерден (халық шаруашылығының алдыңғы звеноларында ғана емес)
ең маңыздысы ретiнде бiрiншi, екiншi және алтыншыны айтуға болады, өйткенi
қазiргi жағдайда жоспарлауда осы 3 пункт жетiспейдi немесе өте аз
қолданылады.
Қарастырылып отырған мемлекеттердiң тәжiрибесiнен мемлекеттердiң
экономикасын реттеудегi күштi тетiктерiнiң бiр қаржы-бюджет ресурстарын
және салық жинау механизмi болып табылады. Осы механизмдердiң маңызы мен
оларды тәжiрибе жүзiнде қолдану зерттеледi және де оқулықтарда
қарастырылған.
Осы механизмдердi негiзге ала отырып, бiрнеше тұжырым жасауға болады.
Бiрiншiден, бюджеттiк қаржымен қаржыландыру арқылы (субсидиялар,
дотациялар, субвенциялар, бюджет шығындарын жоспарлау) халық шаруашылығының
басымдылықтарын және бiлiмдi көп қажет ететiн салаларды жылдам дамыту
мәселелерi шешiледi. Италияда, Норвегияда, Данияда, Швецияда, Белгияда және
басқа да мемлекеттерде мемлекеттiк бюджет арқылы бөлiнетiн ұлттық табыстың
үлесi 50 % жоғары, ал Францияда, Австрияда және ФРГ-де 50 % шамасында. Бұл
көрсеткiш АҚШ пен Жапонияда 30 % ғана.
Екiншiден, құрылымдық – инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшiн
салық салу механизмi үлкен рөлдi атқарады. Бұл механизм арқылы шаруашылық
жүргiзушi субъектiлердiң қызығушылығын арттыруға болады, өйткенi олар
өндiрiс және өнеркәсiп салаларының тез дамуына әкеледi. Ол деген импортты
ауыстыратын және бәсекеге түсе алатын түрлi тауарларды шығару. Жапонияның
экономикалық ғылымының патриархы Сабуро Окита “Известия” (25.02.92 )
газетiнде: “Шенеулiктердiң (әкiмдердiң ) ақылдығы телефон арқылы немесе
ведомстволық ережелер арқылы экономиканы басқару емес, салық
жеңiлдiктерiмен және инвестициялық саясат, салалық байланыстардың тиiмдi
және дұрыс тұжырымдамасын анықтау, бәсекенi күшейту арқылы басыңқы
салаларды дамыту” деген. Бұл нәтижелер құлдыраушылық (стагфляция) жағдайына
дұшар болған мемлекет үшiн қолайлы. Дағдарыстан шығу үшiн фискалдық саясат
арқылы ынталандыру қажет. Бұл саясаттың негiзiнде: а) мемлекеттiк
шығындардың өсуi; ә) салық ставкасының және мөлшерiнiң азаюы; б)
мемлекеттiк шығындардың өсуi мен салықтың азаюы үлестiр пайдалану жатыр.
Бұл әдiстiң бiреуiн таңдап алу алға қойған мақсатқа немесе объектiнi
реттеуге байланысты. Үшiншiден, мемлекеттiк әлеуметтiк және ғылым
салаларына шығындарын азайтпауы қажет. Шығындарын азайтып бұл салалардағы
сұранысты қанағаттандара алмаса, ол қайтадан шығындалуға мәжбүр болдаы және
бұл жерде екiншi шығын бiрiншi шығыннан өте үлкен болады. Соңғы он жыл
iшiнде Жапонияның әлеуметтiк – шаруашылық дамуындағы тәжiрибесiнен “ғылым
және бiлiм экономикалық өсу моделiнiң интенсивтi және құрылымдық факторы
ретiнде көрiнедi” [9,87 – б.]. Қазақстанда бұл салаларға көңiл бөлу жоқ,
қаржыландыру жүйесi бұрынғысынша, яғни қалдық қағмдасымен жұмыс iстеуде.
Бiрақ Президент 1994 жылдың басында болған Ұлттық Академиясының жалпы
жиналысында: “Интеллектуалдық өндiрiстi қамтамасыз етуде өндiргiш күштердi
дамытуда, ғылым интеграциясын қамтамасыз етуде негiзгi мәселелердi шешудi
ұмытып кеттiк” деген.
Дамыған өнеркәсiптiк елдерде “экономикалық өсудiң интенсивтiк
моделлiнiң” икемдi құралы экономиканы реттеудiң ақша – несие механизмi
болып табылады.
Нарықтық экономиканың бiлгiрлерi, АҚШ-тың iрi мамандары К.Р. Маконелл
және С.П. Брю, “ осы ақша –несие саясатының мақсаты толық жұмыс бастылыққа
қол жеткiзуге және инфляцияның болмауына экономикада жалпы өнеркәсiп
деңгейiнiң өсуiне көмектесу болып табылады” – деген [21,298 – б.]. Мұндай
саясат пен дем берушi (жұмыссыздық болғанда) және ұстамды (инфляция
болғанда) фискалды саясат жүргiзудiң арасында тығыз байланыс бар екенi
көрiнедi. Сонымен қатар, мемлекеттiк реттеудiң ақша- несие механизмi
жоғарыда аталған “ көмекшi” ретiнде тек қана оның қолданылуы дайын өнiм
айналысына емес (яғни коммерциялы- спекулятивтi құрылымдардың баюына емес),
материалды игiлiктердi өндiруге бағытталған болса ғана көрiнедi.
Нарық жүйесi дамыған елдерде бұл механизмдi қолдану тәжiрибесiн
зерттей отырып, мынадай бiрнеше негiзгi қорытынды шығаруға болады:
1. Монетарлы саясаттың әскерiн “сезiнетiн” ұзақ мерзiмдi тәжiрибенiң
басым болуы кейнсиандық ақша сұранысы теориясы мен оның
трансмиссиондық механизмi әлсiздiгiнен пайыз мөлшерi және инвестицияға
дем берудiң арасында байланыстың жоқтығы туралы қорытындысының
қиынсыздығын көрсетедi, айқындайды. АҚШ-тағы бұл тәжiрибеге терең
талдау жүргiзу нәтижесiнде П. Самуэльсон ақша массасының қысқаруының
салдары болып келетiн несие бойынша пайыз мөлшерiнiң өсiмi бұл несиеге
физикалық және заңды тұлғалардың қол жеткiзуiне қиын жағдай туғызатыны
туралы қорытынды жасайды. Ал несиенiң қымбаттылығы мен қолайсыздығы,
өз кезегiнде, дербес және мемлекеттiк инвестициялаудың қысқару
иенденциясына әкеледi. Бiрақ бұл тенденция күштi трансмиссиондық
механизмдi қолдану арқасында бiраз нивелирленуi (тегiстелiнiлуi)
мүмкiн (яғни акцияны, қозғалмайтын мүлiктi, қолда бар тауарды iске
асыру арқасында инвестицияны ынталандыру).
2. Көптеген жағдайда несиенiң арзандылығы (пайыз мөлшерлемесiнiң
төмендеуi) депрессия жағдайында инфляцияны жеделдететiнi туралы
қорқыныш бастан-бос. Бұл жағдайда несие, егер ол тек өндiрiстiк
инвестициялауды жеделдетсе нарыққа шығарылған тауарлардың санын
артырады. Мұнда, басқа да теңгермелi жағдайда (тұрақты баға мен ақша
айналымының жылдамдығы) айналымдағы тауар массасының өзгеруiне
байланысты ақша массасының өзгеру деңгейiн көрсететiн
мультипликатордың абсолюттi параметрлерiн анықтау қиын емес. Егер бұл
несие басқа құрылымға келiп түссе, онда ол ақша массасын көбейтiп,
артық сұранымның пайда болуына әкеледi.
3. Егер фискалды және монетарлы саясат жалпы мемлекет мақсатында
жүргiзiлетiн болса, онда пайыз мөлшерiнiң деңгейi (несиеге байланысты)
мемлекеттiң бақылауы мен реттеуiнде болуы керек. Экономика мен
фискалды саясатты дамыту (жетiлдiру) кезiнде несиенiң өндiрiстiк
инвестицияны жеделдетудегi ролiнiң төмендеуi қисынсыз көрiну мүмкiн.
Несиелiк және салық жеңiлдiктерiнiң берiлуi, сыртқы экономикалық
тарифтiк саясаттың шамадан тыс икемдiлiгi – мемлекеттiк реттеудiң
сенiмдi тетiктерi, мұнда АҚШ-та, Ұлыбританияда, Германияда, Жапоияда,
Оңтүстiк Кореяда, Францияда, Италия және т.б. елдерде қолданып талдау
жасаған кезде айқындалды. Бiрақ бұл тәжiрибе ҚазақстанҮкiметi 1994
жылдың басында кез келген несиелiк және салықтық жеңiлдiктердiң алынып
тасталынуы туралы шешiм қабылданғанда ескерiлмедi [14,11 – б.].
4. Жалпымемлекеттiк мақсатқа жетуде ақша –несие механизмдерiн тиiмдi
реттеу көбенесе оны қадағалайтын органдардың еркiндiк дәрежесiне
байланысты. Әлемдiк тәжiрибе бойынша, егер бұл органдар саяси ағымдар
мен мүдделердiң “шеңберiне” түссе, олардың iс-әрекеттернiң
қорытындылары, жалпымемлекеттiк тұрғыдан бағалау кезiнде негативтi
болуы мүмкiн. Бұл туралы Нобель сыйлығының иегерi Ф. Хайек ақша
саясатының басты мақсаты ақшаның тұрақтылығының қаматамасыз ету керек
деген қорытындысы жасайды.
Өндiрi дамыған елдердiң тәжiрибесi, сонымен қатар аграрлы
секторы жақса дамыған елдердiң экономикасында бағаға мемлекеттiк және
жанама әсер етуiнiң үлкен маңызы бар екенiн көрсетедi. Егер бүкiл дүние
жүзiнде ешқашан және еш жерде мемлекеттiң араласуынсыз “таза нарықтық”
болуы мүмкiн емес деген ғылыми дәлелденген тұжырымдаманы растайтын
болсақ, онда дәл осылай тарихта қоғам дамуындағы баға белгiлеудiң толық
және жалпы даму бостандығы болмады деген қорытынды да дұрыс деп
есептелiнедi. [38,78 – б.].
Бiрақта бұл тәжiрибе жеке мемлекеттердiң экономикадағы бағаны
реттеу үшiн қолданып отырған механизмдер құрамының әр түрлi екенiн
көрсетедi және олардың құрамы көбiнесе меншiк сала формасының нақты ара
қатынасына; қысқа және ұзақ мерзiмдiк шаруашылық және әлеуметтiк
мақсаттарға; халықаралық экономикалық қатынастардың дұрыс қалыптасу
деңгейiне байланысты екенiн көрсетедi. Мысал ретiнде, осыдан 60 жыл бұрын
американдықтардың ауыл шаруашылық өнiмiне енгiзiлген баға белгiлеу
жүйесiн алуға болады. Ол өзiнiң “демократиялылығымен” және икемдiлiгiмен
ерекшелiнедi. Бұл жүйенiң мәнiсi – фермердiң ертеңгi күнге деген
сенiмдiлiгiн арттыру нәтижесiнде, ол өзiнiң шаруашылық жұмысынан қандай
қорытынды алатынын анықтауға мүмкiндiк табады. Бұл жерде кепiлдiк баға
туралы сөз болып отыр. Егер нарықтық бағаға күтпеген тенденциялар әсер
ететiн болса, онда ол фермерге минималды табыс деңгейiн қамтамасыз етедi.
Мұндай кепiлдiк фермерлерiнiң тауарлы-несие корпорацияларымен қарым-
қатынасқа түскен кезде қамтамасыз етiледi. Соңғылары, кепiлдiк баға
арқылы фермерден қабылданған өнiм, олардың несиелерi арқылы белгiлi бiр
соманы қамтиды (баға көбейтiлген өнiм) Қазақстан жағдайында да бұл жүйе
орнықты болған болар едi. АҚШ фермерлерiнiң төменгi табыс деңгейiн
қамтамасыз ететiн, сонымен қатар мақсатты баға тәжiрибесi Қазақстан
жағдайында жүргiзiлсе пайдалы болар едi.
Австрия, Италия, Франция, Оңтүстiк Корея, Жапония және тағы басқа
елдердiң үкiметтерiнiң баға деңгейiн реттеу АҚШ елiмен салыстырғанда өте
қатал тәртiппен және арнаулы экономиканы басқару органдарымен жүзеге
асырылады. Мысалы, Францияда мемлекеттiк баға реттеу қызметтерi
бәсекелестiк Кеңес арқылы жүргiзiледi және халық шаруашылығындағы бағаның
бестен бiр бөлiгiн қамтиды. Австрияда мұндай қызмет баға туралы арнайы
заң арқылы жүзеге асады. Ол мемлекеттiң экономика өрiсiнде туындайтын
төтенше жағдайын болдырмауын реттеуде үлкен рөл атқарады. Осы мемлекетте
баға ырықтандыруының бастапқы кезеңi соғыстан кейiнгi (1946 –1947) 3-4
онжылдыққа созылды. Бiрақта, әлi күнге дейiн Экономика министрлiгi мен
үкiметтiң тарапында сол елде өндiрiлген және импорттық тауарларға баға
деңгейiн реттеу кең өрiс алуда. Бiрiншi топтағы тауар туралы сөз болса,
онда оларға деген бағаны реттеу ең алдымен өндiруге кеткен шикiзат
материал ресурсының бағасы төмендеу фактiсi ескерiледi, ал егер екiншi
топтағы болса, онда ауыл шаруашылығында өндiрiлген өнiмдi елге өткiзу
кезiнде қолданылатын баж салығын төмендету фактiлерi ескерiледi.
Мемлекеттiң осындай бақылау жасау функцияларын күшейту, әсiресе
экономикалық дағдарыстан шығу кезiнде қолдану пайдалы екенi тәжiрибе
жүзiнде дәлелденген. Бiздiң жағдайымызда француз үкiметiнiң шағын және
орта бизнестi жеңiлдетiлген несие, салық салу механизмдерi арқылы және
бағаны құруда арнайы құқықтар бойынша басқару iсiн жүргiзу тәжiрибесi
пайдалы болар едi.
Мемлекеттiк баға реттеудiң басты объектiсi ауыл шаруашылық өндiрiсi
болып табылатынын бүкiл дүнижүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отыр. Ғылыми
талдау шаруашылық өндiрiсiнiң бiрқатар ерекшелiктерiн бөлiп көрсетедi.
Бiрiншiден, ол табиғи-климаттық жағдайға байланысты. Бұл тәуелдiлiк
фермердiң және аграрлы сектор субъектiсiнiң табиғи-климаттық фактордың
қолайсыз жағдайға да табыс пен пайда табуын объективтi және өзектi
проблемаға айналдырады. Оны шешуде басты рөл ауыл шаруашылық өнiмдерiне
бағаны мемлекеттiк реттеуi және сол механизмдер арқылы ауыл шаруашылық
жұмыскерлерiнiң еңбегiн ынталандыру. Яғни, көптеген елдерде қарастырылып
отырған саладағы өнiмге баға деңгейiн анықтау “шығын қосылған табыс”
қағидасы қолданылады. Демек, фермер әр түрлi шығындар кезiнде немесе
өндiрiске әсер ететiн табиғи-климаттық факторлардың қарама-қарсы
жойылуына байланысты болғанда табысқа қол жеткiзе алады. Әлеуметтiк
бағыттағы баға құруда ауыл еңбеккерлерiнiң тұрақтылығы, олардың шеберлiгi
өседi және де ұйымдастыру мен өндiрiстiк технологияның сабақтастығы
қамтамасыз етiледi.
Екiншiден, тұрғындардың тамақ өнiмдерiне қажеттiлiгiн уақытында
қамтамасыз етiлуiнде (сондай-ақ өндiрiс тауарларына) ауыл шаруашылық
өнiмдерiн табиғи өңделген түрлерiне негiзгi көңiл бөлiнедi. Әлеуметтiк
түрдегi мiндеттердi шешуде және тұрғындардың өмiрiн қамтамасыз етуден
ауыл шаруашылық өнiмдерiне баға құру процесiнде негiзгi мемлекеттiк
басқару органдары шеттеп тұра алмайды. Осындай объективтi араласу әр
түрлi басымды механизмдерде әкiмшiлiк, экономикалық, тiкелей, жанама,
құқықтық және аймақтық реттеуде орын алады.Олар көбiнесе әр елдiң
әлеуметтiк –шаруашылық, құрылымдық, институционалдық ерекшелiктерiне
байланысты.
Үшiншiден, аграрлы сектор қандай да болмасын жүйеде мемлекеттiң
қолдауына мұқтаж, әсiресе ғылыми-техникалық қызмет көрсету бағыты мен
нақты инновациялық – инвестициялық шараларды iске асыруда. Мысалы, АҚШ-
та мемлекеттiк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері
Қазақстан жағдайына шетелдік тәжірибені пайдаланудың мүмкіндіктері
Қазақстан экономикасын реттеуге шетел инвестицияларын тарту
Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі жайында
Қазақстан жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесін пайдаланудың қажеттілігі: мүмкіндіктері мен тиімділігі
Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі жайлы ақпарат
Экономика пәнінен дәрістер
Экономиканы мемлекеттік реттеу жолдары
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Мемлекеттің экономикалық функциясы (қызметі)
Пәндер