Экономиканы алға сүйрейтiн жауапты саланың бiрi жүк тасымалы, транзит мәселесi


Экономиканы алға сүйрейтiн жауапты саланың бiрi жүк тасымалы, транзит мәселесi.
Экономиканы алға сүйрейтiн жауапты саланың бiрi жүк тасымалы, яғни, транзит мәселесi. Жақында Үкiметтiң кезектi мәжiлiсiнде 2015 жылға дейiнгi «Көлiк стратегиясы» мақұлданды. Бағдарламаны iске асыруға 1 триллион 400 миллиард теңге жұмсалады деп күтiлуде. Жиын барысында Үкiмет мүшелерi аймақтарды дамыту жөнiндегi мәселенi де талқылап бекiттi. Елiмiздiң даму тарихында мұндай күрделi стратегиялық жоба бұрын-соңды болған емес. 2015 жылға дейiн жүзеге асуы тиiс iс-шара үлкен бетбұрыстың белгiсi екенiне ешкiм күмән келтiрiп отырған жоқ. Ойға алған шаруа iске асса Қазақстан Еуропа мен Азияны жалғайтын көпiр мiндетiн атқармақ. Әуе, автокөлiк, темiр жол және өзен-көл қатынасын дамытуға қыруар қаржы жұмсалып, экономикалық байланыстың ауқымы арта түседi. Көлiк және коммуникациялар министрлігінің деректері бойынша, бұл қаржының 70 пайызын жеке меншiк инвестиция құрайды.
Транзиттік әлеует өзінің аумағы арқылы халықаралық транзитті жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттің қызмет көрсету мүмкіндігін айқындайтын сыртқы және ішкі факторлар мен шарттардың жиынтығын білдіреді.
Транзиттік әлеуетті пайдалану тиімділігі мемлекеттің қолда бар мүмкіндігін толық көлемде іске асыру қабілетімен айқындалады.
Жаһандану мен кірігу процестерінің жеделдеуі транзитті дамыту мен оның сапасын арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасауды мемлекеттік басымдықтар деңгейіне көтере отырып, Қазақстанға қалыптасқан транзиттік мемлекет ретінде сапалық жаңа талаптар қояды.
Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту және тиімді пайдаланудың алғышарты Қытай мен Еуропа арасындағы жаңа жүк ағындарының туындауы болып табылады, бұған мыналар септігін тигізеді:
Қытайда іске асырылып жатқан Бірыңғай көлік стратегиясы («Қарқынды қадам») және "Go West" («Батысқа қарай жүру») ҚХР-дің батыс провинцияларын жедел дамыту бағдарламасы. Олар ірі көліктік инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде қазақстан-қытай шекарасында құрылып жатқан «Қорғас» еркін сауда аймағына жаңа темір жол желілерін (атап айтқанда, пайдаланудың алғашқы жылдарында тасымалдау көлемі жылына 6 млн. тоннадан асатын Цзиньхе - Қорғас), сондай-ақ "Шығыс-Батыс" бес стратегиялық автомобиль жолын (соның ішінде Ляньюньгань - Қорғас, Шанхай - Хэфэй - Сиань - Қорғас) салуды жүзеге асыруды көздейді, бұл Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан транзиттік жүк ағынының перспективті ұлғаюын болжауға мүмкіндік береді;
Бостон портынан (АҚШ-тың солтүстік-шығыс бөлігінде) бастау алып, норвегиялық Нарвик портына дейінгі теңіз жолы бойынша өтетін Трансазиялық темір жол магистралінің (Петропавл - Достық) Солтүстік дәлізі бағыты бойынша Норвегия, Швеция, Финляндия және Ресей аумақтары бойынша өтетін, Суэц каналы арқылы оңтүстік теңіз дәлізіне балама болып табылатын АҚШ - ҚХР бағытындағы "N. E. W. - corridor" көлік дәлізін дамыту перспективалары;
"NELTI" жаңа автокөлік бастамасын іске асыру.
Баламалы бағыттар, атап айтқанда Транссібір магистралі тарапынан қазіргі бәсекелестік жағдайында Солтүстік-Оңтүстік дәлізі шеңберінде Бандар-Аббас -Бандар-Анзали - Ақтау порттарын пайдалана отырып, Қытайдың шығыс порттарынан шығатын трансмұхиттық жол жүктерді тасымалдаудың тартымды бағыттарының бірі болуы мүмкін.
Бұдан басқа, әлемдік нарықтың Орталық Азия өңіріне және Ресейге әртүрлі тауарлар транзиті бойынша БАЭ алып отырған орнықты коммерциялық жағдайы Ақтау теңіз порты арқылы жүктерді тасымалдау бағытын дамыту үшін жағдай жасап отыр. Бұл ретте, шығыс Қытайдан жүк ағынын осы бағытқа ішінара қайта бағыттауға ықпал ететін бірқатар факторлардың болуын атаған жөн, атап айтқанда:
жолдағы барлық порттарда (Дубай - Бандар-Аббас - Бандар-Анзали -Ақтау) қазіргі шығындарды мейлінше азайтуға ықпал ететін еркін экономикалық аймақтар режимінің болуы;
электр тұрмыс техникасын, халық тұтынатын тауарларды, доңғалақты техниканы, контейнерлердегі жүкті орнықты тасымалдау бойынша Бандар-Аббас - Бандар-Анзали - Ақтау бағытын пайдаланудағы соңғы жылдардың табысты тәжірибесі;
Батыс Қазақтанның мұнай кен орындарын әзірлеуді жүзеге асыратын Қытайдың бірқатар ірі компанияларының әртүрлі жүктерді жеткізуге мүдделілігі.
Осы бағыттағы орнықты қызметті ұйымдастыру Каспийдегі порт инфрақұрылымдарының және кеме қатынасының дамуына ықпал ететін болады, сондай-ақ темір жол-паром және қазіргі автопаром қатынасының (РО-РО) жандануына серпін береді. Сонымен бірге, Транссібір арқылы өтетін жүктерді қайта бағдарлау үшін баламалы бәсекелес бағытты іс жүзінде құру бастапқы кезеңде жыл сайын шамамен 100 мың тонна жүк ағынын және 10 мыңнан астам стандартты контейнерлерді қамтамасыз етуге қабілетті.
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттің одан әрі өсуін ескере отырып, толассыз тарифті, жеткізу жылдамдығын, жүктердің сақталуын, ақпараттық қамтамасыз етілуін және шекаралық және кедендік қызметтер тарапынан транзиттік көліктің қызметіне кедергі болатын әкімшілік тосқауылдардың болмауын қамтамасыз ететін транзиттік дәліздерді кешенді дамыту қажет.
Осыған байланысты:
-транзиттік тасымалдарды дамыту, оның ішінде көлік дәлізіне барлық қатысушы-мемлекеттермен толассыз бірыңғай тарифті қалыптастыру мәселелерінің мемлекетаралық қатынастар деңгейінде шешілуіне саяси жәрдемдесу;
-көлік инфрақұрылымының қазіргі элементтерін қалпына келтіруді және жаңаларын салуды қоса алғанда, транзиттік көлік дәліздерінің инфрақұрылымын басымдықты келісілген дамыту;
-жол бойы сервисі объектілерін дамытуды қоса алғанда, транзиттік көлік дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігін, олардың техникалық және сервистік деңгейін әлемдік стандарттарға дейін жеткізу арқылы арттыру;
-Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүктердің басымдықты, кедергісіз және қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету;
-ішкі де, халықаралық қатынастағы да жүктің көлемдері, түрлері мен көлік түрлері бойынша тасымалдардың бағыттары жөніндегі деректерді жинақтауға, талдауға және болжауға, сондай-ақ жүктің тұрған орны туралы ақпарат жинауға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы байланыс жүйелері мен көліктік деректер базасының ақпараттық талдау жүйесін енгізу;
-қосарланған сақтандыруды болдырмайтын екі жақты халықаралық шарттар жасасу;
-инфрақұрылымды дамытуға отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
-халықаралық және транзиттік тасымалдарға анағұрлым сапалы қызмет көрсету үшін Қазақстан өңірлерінің көліктік тораптарында өңірлік көліктік-логистикалық орталықтар мен терминалдық кешендер құру;
-мультимодальдық, контейнерлік тасымалдарды дамыту қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz