Эндоплазмалық тор (ЭПТ)


1. Эндоплазмалық тор (ЭПТ) немесе эндоплазмалық ретикулум (ЭР)
2. Эндоплазмалық ретикулум түрлері
Эндоплазмалық тор (ЭПТ) немесе эндоплазмалық ретикулум (ЭР) көптеген қатпарлары түзіп жататын мембранамен қапталған біріңғай үзілмейтін компартмент (15-сурет). Сондықтан электронды-микроскопия суреттерінде ЭР көптеген түтіктер, жалпақ немесе дөңгелек цистерналар, мембраналық көпіршіктер секілденіп көрінеді.
ЭР мембраналарында клетканың тіршілігіне қажетті әртүрлі заттардың алғашқы синтездері жүреді. Ол заттардың алғашқы синтезі деп атауымыз шартты, өйткені эндоплазмалық ретикулумнан синезделіп шыққан заттардың молекулалары әрі қарай клетканың басқа компартменттерінде химиялық өзгерістерге ұшырайды.
Көптеген заттар ЭПТ-дың мембраналарының сыртқы бетінде синтезделеді. Одан кейін бұл заттар мембрана арқылы компартменттің ішіне тасымалданады. Компартменттің ішінде бұл заттар одан әрі қарай биохимиялық реакцияларға түсу үшін басқа жерлерге, көбінесе Гольджи аппаратына жеткізіледі. Эндоплазмалық тордың түтікшелерінің ұштарында синтезделген заттар ең алдымен жиналып, содан кейін тасымалдау көпіршіктері ретінде бөлінеді.
Әрбір көпіршік мембранамен қоршалған, олар гиалоплазмамен қажетті жеріне жылжиды. Олардың тасымалдануларына микротүтікшелер қатысады.
Эндоплазмалық торда синтезделетін заттардың ішінде клетканың мембраналарын жинақтауға қажетті заттарды атауға болады (бұл заттардың соңғы жинақтаулары Гольджи аппаратында жүреді).
Эндоплазмалық ретикулумның түйіршікті (гранулярлы) және түйіршіксіз (агранулярлы) түрі бар. Олар сыртқы көрінісі және атқаратын қызметіне қарай бір-бірінен өзгеше болғанымен бір құрылым.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 2 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге
Таңдаулыға:   




Эндоплазмалық тор (ЭПТ) немесе эндоплазмалық ретикулум (ЭР) көптеген
қатпарлары түзіп жататын мембранамен қапталған біріңғай үзілмейтін
компартмент (15-сурет). Сондықтан электронды-микроскопия суреттерінде ЭР
көптеген түтіктер, жалпақ немесе дөңгелек цистерналар, мембраналық
көпіршіктер секілденіп көрінеді.
ЭР мембраналарында клетканың тіршілігіне қажетті әртүрлі заттардың
алғашқы синтездері жүреді. Ол заттардың алғашқы синтезі деп атауымыз
шартты, өйткені эндоплазмалық ретикулумнан синезделіп шыққан заттардың
молекулалары әрі қарай клетканың басқа компартменттерінде  химиялық
өзгерістерге ұшырайды.  
Көптеген заттар ЭПТ-дың мембраналарының сыртқы бетінде синтезделеді.
Одан кейін бұл заттар мембрана арқылы компартменттің ішіне тасымалданады.
Компартменттің ішінде бұл заттар одан әрі қарай биохимиялық реакцияларға
түсу үшін басқа жерлерге, көбінесе Гольджи аппаратына жеткізіледі.
Эндоплазмалық тордың түтікшелерінің ұштарында синтезделген заттар ең
алдымен жиналып, содан кейін тасымалдау көпіршіктері ретінде бөлінеді.
Әрбір көпіршік мембранамен қоршалған, олар гиалоплазмамен қажетті
жеріне жылжиды. Олардың тасымалдануларына микротүтікшелер қатысады.
Эндоплазмалық торда синтезделетін заттардың ішінде клетканың
мембраналарын жинақтауға қажетті заттарды атауға болады (бұл заттардың
соңғы жинақтаулары Гольджи аппаратында жүреді).
Эндоплазмалық ретикулумның түйіршікті (гранулярлы)  және түйіршіксіз
(агранулярлы) түрі бар. Олар сыртқы көрінісі және атқаратын қызметіне қарай
бір-бірінен өзгеше болғанымен бір құрылым.
Түйіршікті эндоплазмалық ретикулум мембранасының гиалоплазмаға
қараған бетіне рибосомалар бекінген, ал агранулярлы ретикулумның
мембранасында рибосомалар болмайды.
Түйіршікті ретикулум клеткада аса маңызды қызмет атқарады. Бекінген
рибосомалардың көмегімен ол цистерналарының қуысында немесе вакуольдерде
ақуыз қорын және арнайы ферменттерді синтездейді. Ретикулум түтікшелері
арқылы макромолекулалар ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Эндоплазмалық тор
Бүкіләлемдік тор. интернет технологиялары. Visual Basic ортасында Интернет браузер құру
Клетканың қозғалыс органеллалары
Жасуша органоидтары
Кристалдық тор құрылымы. Тау жыныстарының жіктелуі. Тау жыныстарының текстуралық ерекшеліктері. Тау жыныстарының құрылымдық ерекшеліктері
Тірі жасушаның негізгі құрамдас бөліктеріне сипаттама
Лизосомалар мен рибосомалардың құрылысы
Жасуша органоидтары, олардың химиялық құрамы мен қызметтері
Өсімдіктердің биотехнологиясы. Өсімдік жасушаларын мәдени өсіру
Безді эпителийдің экзо және эндокринді бездердің құрамында мамандану
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь