Қызыл империяға құлдық ұрған аударма



1. І.Есенберлин естеліктері
2. Ономастикалық атаулар
3. Реалий сөздердің мағынасы
4. Аудармасы бар сөздердің де аударылмай қолданылуы
5 Cандық көрсеткіштер кейде сақталады, кейде аудармашының өз «деректері» бойынша беріледі, кейде тіпті берілмейді, дәлдіктен қашқақтау
6. Қазақ табиғатына тән қасиет, мәдениет (биязылық, үлкенге құрмет, т.б.) бүркемеленеді
7. Дінге қатысты тұстар дінаралық қатынасты араздатуға бастайды
8. Жақсылықты жасырып, жамандықты асыру көптеп кездеседі
І.Есенберлин өз естеліктерінде “Көшпенділерді” жазғандағы себебін: „...қазақ халқының өткенінің тарихи анықтығы, оның мемлекет болып құрылуын батылдықпен бейнелеп көрсету. Ең бастысы, бұл роман шаманизм философиясына қарсы қойылған. Көшпенді халықтар тарихтарынан айрылған сияқты. „Көшпенділер“ – әр түрлі бұрмалауларға тура жауап. Қазақтың өз мемлекеті болған және біздің тарих өте көне әлемдік тарихтың бір бөлігі болып табылады“ деп жан сырын ашады („Жан сырым“ Ойлар, нақыл сөздер, естеліктер. Дайындаған А.Дүйсенбаев. Алматы, І.Есенберлин атындағы қор. 2001).
Жарты әлемге аты мәшһүр “Көшпенділер” трилогиясы ел президенті Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, „жалпы таралымы үш миллион данамен елу реттен аса шығарылып, қазірдің өзінде отыз тілге аударылған». Әйтсе де, бұл – он жылдың ар жағындағы 1998 жылғы көрсеткіш. Содан бергі уаќытта осы күнге дейін көпшіліктің сұранысын ќанағаттандыру маќсатында трилогияның тек ќазаќша нұсќасы емес, өзге тілдердегі аудармалары да жылма-жыл сансыз таралыммен толассыз жарыќ көріп жатқаны мәлім. Ќазір Р.Ибрагимбековтің сценарийі бойынша түсірілген осы трилогиямен аттас „Көшпенділер“ тарихи көркем фильмінің ғалам кинотеатрларына жол тартуы да бұл шығармаға деген бұған дейін де сейіле қоймаған сұранысты еселей түскен. Міне, „Кочевникидің“ бояуы кеппеген 2007 жылғы басылымы да сөрелерде самсап тұр. Шығарылымның бәрі қолдан-қолға тиместен, дүкен сөрелерінде бетіне шаң түйірі түсіп үлгерместен сатылып кетіп жатыр. Бұл жолғы басылымнан алып үлгермегендерге келесі 2008 жылғы шығарылымды тоса тұруға тура келеді. Жалт-жұлт етіп алыстан көз тартып, бұдан да көрікті болып тағы шығатынына 99 пайыз сенім бар. Олай дейтін себебіміз, 2005 жылдың тамыз айынан бастап «Көшпенділер» трилогиясының аудармаларының қазақ рухына келтіретін залалды тұстарын қанық бояумен көрсетіп, беделі бар деген баспасөз беттерінде ауық-ауық жариялап келеміз. Халқының тарихтан тартқан тауқіметіне табанды тосқауыл тосуға бас қосуға бүгінгі тәуелсіз елдің зиялысында дәрмен жоқ екеніне көз жеткендей. Сонда да... жабырқау жүрек, күз көңіл кей кеуделерде үміт оты өшпеген, бір пайыздың шамасында шала-жансар, маздайды…

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Нұрсәуле Рсалиева,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ

Тіл маманы Нұрсәуле Рсалиева Мақсұтқызы зерттеу жұмыстарын І.Есенберлиннің
Көшпенділер трилогиясының ағылшын тіліндегі аудармасына арнап, шығарманың
орыс тіліндегі және орысша нұсқасынан жасалған ағылшын тіліндегі
аудармаларының қазақ атына келтіретін залалды тұстарын таразыға салып, оның
салмағының қаншалықты батпандап тереңде жатқанын ағымдағы баспасөз
беттерінде баяндап келеді. Бүгінгі ұсынылып отырған мақала да осы бағытта
жасалған ізденіс нәтижесі. Мұнда автор трилогия аудармаларының көркем
шығарма аудармаларына қойылатын талаптар деңгейінен көріне алмайтынын нақты
ғылыми дәйектерге негіздей дәлелдейді.

Мақала “Сын: уақыт және қаламгер деп аталатын
Қазақстан жазушылар Одағының 2007 ж. алғаш жарық көрген
әдеби-көркем сын басылымының тұсаукесер санында жарияланды

Қызыл империяға құлдық ұрған аударма

(І.Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясының орыс, ағылшын тілдеріндегі
және орысша нұсќасы бойынша жасалған өзге тілдердегі барлыќ аудармаларын
жарамсыз деп тану хаќында)

І.Есенберлин өз естеліктерінде “Көшпенділерді” жазғандағы себебін:
„...қазақ халқының өткенінің тарихи анықтығы, оның мемлекет болып құрылуын
батылдықпен бейнелеп көрсету. Ең бастысы, бұл роман шаманизм философиясына
қарсы қойылған. Көшпенді халықтар тарихтарынан айрылған сияқты.
„Көшпенділер“ – әр түрлі бұрмалауларға тура жауап. Қазақтың өз мемлекеті
болған және біздің тарих өте көне әлемдік тарихтың бір бөлігі болып
табылады“ деп жан сырын ашады („Жан сырым“ Ойлар, нақыл сөздер, естеліктер.
Дайындаған А.Дүйсенбаев. Алматы, І.Есенберлин атындағы қор. 2001).
Жарты әлемге аты мәшһүр “Көшпенділер” трилогиясы ел президенті
Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, „жалпы таралымы үш миллион данамен елу
реттен аса шығарылып, қазірдің өзінде отыз тілге аударылған. Әйтсе де, бұл
– он жылдың ар жағындағы 1998 жылғы көрсеткіш. Содан бергі уаќытта осы
күнге дейін көпшіліктің сұранысын ќанағаттандыру маќсатында трилогияның тек
ќазаќша нұсќасы емес, өзге тілдердегі аудармалары да жылма-жыл сансыз
таралыммен толассыз жарыќ көріп жатқаны мәлім. Ќазір Р.Ибрагимбековтің
сценарийі бойынша түсірілген осы трилогиямен аттас „Көшпенділер“ тарихи
көркем фильмінің ғалам кинотеатрларына жол тартуы да бұл шығармаға деген
бұған дейін де сейіле қоймаған сұранысты еселей түскен. Міне,
„Кочевникидің“ бояуы кеппеген 2007 жылғы басылымы да сөрелерде самсап тұр.
Шығарылымның бәрі қолдан-қолға тиместен, дүкен сөрелерінде бетіне шаң
түйірі түсіп үлгерместен сатылып кетіп жатыр. Бұл жолғы басылымнан алып
үлгермегендерге келесі 2008 жылғы шығарылымды тоса тұруға тура келеді. Жалт-
жұлт етіп алыстан көз тартып, бұдан да көрікті болып тағы шығатынына 99
пайыз сенім бар. Олай дейтін себебіміз, 2005 жылдың тамыз айынан бастап
Көшпенділер трилогиясының аудармаларының қазақ рухына келтіретін залалды
тұстарын қанық бояумен көрсетіп, беделі бар деген баспасөз беттерінде ауық-
ауық жариялап келеміз. Халқының тарихтан тартқан тауқіметіне табанды
тосқауыл тосуға бас қосуға бүгінгі тәуелсіз елдің зиялысында дәрмен жоқ
екеніне көз жеткендей. Сонда да... жабырқау жүрек, күз көңіл кей кеуделерде
үміт оты өшпеген, бір пайыздың шамасында шала-жансар, маздайды...
Мұхтар Әуезовтің “Аудармалар жөніндегі сын-пікірлердің аќауларының
бірі тәуір аудармалардың, тіпті жалпы аударманың тек бірбеткей көлеңке
жаќтарын, сұрќай пішіндерін ғана байќастырудан тұрады. ...Аудармалардың
жетістік жайларын көрмеу немесе оны бағаламау бүкіл аударма теориясының игі
және нәтижелі ќасиеттеріне нұќсан келтіреді. ...Ал ылғи тек кемістіктер мен
кіналарды (сөз дереккөзде осылай жазылған – Н.Р.) теріп айтылған пікірдің
өркендеген әдебиет ќозғалысына пайдалы әсері кем болмаќ” деген пікіріне
(Көркем аударманың кейбір мәселелері. Маќалалар жинағы. Ќұрастырған
Ќ.Жармағамбетов. Алматы, 1957) орала отырып, маќсатымыздың бірбеткей “ќате
іздеуден” ќұралмайтынын және о баста қате іздеу дегеннің тіпті ойда
болмағанын, керісінше, мұның бәрі тек ізгілік іздеп, ағылшын тіліндегі
ономастикалық атаулардың жазылу үлгісін өз қажетімізге жаратамыз ба деген
игілікті бастамадан бастау алатынын айта кету ләзім деп білеміз. Сондықтан,
ізгіліктен күдер үзбей, алдымен мысалды белгілі қаламгер М. Симашконың
аудармашылық шеберлігін танытатын тұстардан алайық:
“Төрт жыл ќалада оќыдым, ата. Жас адамға төрт жыл төрт күнмен тең ғой...
Ал маған... Әлде мен сондай сары уайымшыл болып тудым ба, төрт жылым төрт жүз
жылдай ұзаќ соќты... Егер адам ойы теңізге айналар болса, менің ойымнан бүкіл
дүниені ќоршаған тірі пенде жүзіп өте алмас мұхит пайда болар еді...” [517-
б.] дегенді “Я четыре года проучился, дедушка. Может быть, уродился таким
беспокойным, но они мне казались длиннее четырех жизней. Если бы мысли были
водой, то я давно бы захлебнулся в том океане, который окружает меня” [489-
б.] деп береді. ...Сан ерлер әттеген-ай деп қара жерді қаба құлады [260-
б.] дегенді Тысачи людей проклиная час своего рождения, отдали в этот
несчастный день Богу душу [249-б.] деп, біршама еркіндікке салып жіберсе
де, шоқ-шоқ ойларды жалпы сәтті жеткізеді (мысалдар ағ.т. [520-б.], [269-
б.] орысшасына ұқсас). Аудармашыға бұл өзінің жазушылық шеберлігінен
берілетін жеңілдік. Кочевники мен The Nomads бойынша мұндай оң
нәтижелерді көбіне қазаққа келіп кетер ештеңе жоқ жерлерден кездестіріп
отыруға болады. М. Симашконың жазушы ретінде қаламы ұшты ұста екеніне талас
жоқ, бірақ осы шығармада ол өз шеберлігі мен күш жігерін саясат тұрғысынан
сапалы туынды жасап шығаруға сарп еткен.
Мәтін жүйесі саќталмағандықтан, трилогияның орыс тіліндегі аудармасын
қазақшасымен салыстыра оќу өте ќиын, түпнұсқада кездескен белгілі бір ойды
аудармасынан бір жерде болмаса, басқа бір жерде кездесіп қалар деп, көп
іздеуге тура келеді. Іздегеніміз бірде табылғанмен, бірде табылмайды. Сырын
ұға келе, кейде мұндайды аудармадан табу неғайбыл деп болжам жасай беруге
де болады. Іздегеніміз табылған күнде кейде кей ұқсастықтарымен бастапқы
қалпына тек жобасы келетін, не болмаса тіпті жобасы келмейтін күйде, не
болмаса мүлде кері көріністе кезігіп жатады. Аудармашы өзінің
аудармашылығынан гөрітырмашылықты емес, жазушылықты , жазушылығына басып
кете беретіндіктен, өзгеге ұнамайтын сөйлемдер, түйдек-түйдек ойлар, тұтас-
тұтас беттер (деуге болады) көзден ғайып, көңілден таса кете барады.
Кеңес тұсында Кремль ұстанған саясат тұрғысынан аудармаға анау-мынау,
жеңіл-желпі жасалатын түзетулерді ерсі көрмесек те, кімде-кімнің
тарапынан болмасын, дәл мынадай қарекетке бару бүтін бір ұлттың болашағынан
үмітін үзген, атап айтқанда, аударманы салыстыра зерттейтін сауаты бар бір
жанның халық арасынан шыға қоймасына сенімі кәміл қаскөйдің ғана қолынан
келер шаруа ма дерсіз.
Біздің зерттеу нысанымызға алынып отырған 1998 жылы шыққан үлкен
көлемді, иллюстрациялы нұсќада авторизованный перевод с казахского языка
Мориса Симашко делінген. Әйтсе де, авторизованный перевод деген сөздің
өзі аударманың көптеген басылымдарында көрсетіле бермейді, көбіне перевод
с казахского языка М.Симашко делініп беріледі. Авторизованный перевод
дегенге С.И.Ожегов пен Н.Ю.Шведованың сөздігі: Авторизовать – Одобрить (-
рять) форму, вид своего произведения, изобретения (для воспроизведения,
издания, перевода). Авторизованный перевод (одобренный автором) деген
түсіндірме береді. Олай болса, Шығарманың орыс тіліндегі аудармасы
І.Есенберлиннің өзінің көзі тірісінде жасалған емес пе еді, мұндай келеңсіз
жағдайдың орын алуы мүмкін емес еді ғой деген сияқты орынды пікірлерге
қандай жауап бар? Әрине, мұндай сауалдың тууы заңдылық. Аударма нәтижесін
алғаш көргеннен-ақ ең алдымен алдымыздан шыққан сұрақ осы болатын. Бұл
сұрақтың жауабын ҚР ҰҒА академигі, әдебиетшілердің көшбасшысы Рахманқұл
Бердібайдың мақалаларымызға берген пікірінің Ол аудармалар кезінде ұнамды
ќұбылыс болып бағаланды. Тіпті ќазаќ жазушылары шығармаларының орыс тіліне
және шет тілдерге аударылуының өзі үлкен жетістік деп саналған кездер де
болды деген тұстарынан, сондай-ақ, жанайқайымызға бірден-бір баспасөз
беттерінде үн қосып жүрген білікті сатирик, білекті қаламгер Халықаралық
Алаш сыйлығының лауреаты Ғаббас Қабышұлының Қазақ әдебиеті газетінің
2006 жылғы №46 санында жарық көрген Бетімен кеткенде береке болған ба?
деген мақаласында келтірілген Қаламнан қолы босамай өткен Ілекеңнің өзі де
орысша нұсқасын оқып үлгірмегені анық, егер үлгірсе, аудармашысына (Морис
Симашкоға) біраз базына айтса керек еді деген жолдарынан таптық.
Сонымен, қазіргі күнге дейінгі зерттеулеріміздің нәтижесіне жүгінсек,
трилогияның орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармаларының жалпы сипаты
мынадай тұжырымдарға саятынына көз жеткіземіз:
1. ономастикалық атаулар (әсіресе ағылшын тілінде) мейлінше әркелкі
жазылып, бұрмаланады, кейде мүлде танылмастай күйге жетеді, кей атаулар
тыңнан пайда болып, кей атаулар із-түзсіз жоғалып кетеді;
2. көптеген реалий (ұлттық) сөздердің мағынасы ашылмайды, түсініксіз
ќалпында ќалады, не болмаса бұрмаланады, түсіндірмелерде жүйе жоќ
(кездескен сөз бірінші ќолданысында емес, екінші, үшінші ќолданысында
түсіндірілуі мүмкін);
3. аудармасы бар сөздердің де аударылмай ќолданылуы жиі кездеседі;
4. көптеген тілдік ќұбылыстардың түпнұсќасы мен аудармасы мәдениетаралыќ
коммуникация үдерісінде ортаќ мәмілеге келе алмайды;
5. сандыќ көрсеткіштер кейде саќталады, кейде аудармашының өз деректері
бойынша беріледі, кейде тіпті берілмейді, дәлдіктен ќашќаќтау бар;
6. автор афоризмдері мен өзіндік стилі көп жағдайда ескерілмейді,
аудармалар лингвистикалыќ тұрғыдан шешім табар мәселелерден гөрі саяси
тұрғыдағы мәселелерді реттеу ісін маңызды санайды;
7. ќазаќ хандарының ќол астына ќараған территория сөз болатын тұстарда
аудармашылар ел, жер аттарын атамауға тырысады;
8. ќазаќ ќыз-келіншектерінің сұлулығы мен батыр тұлғалы ер азаматтарының
бейнесі аудармаларда кейде суреттелмейді, кейде (ќызды красавица деумен
шектелу сияќты) жетімсіз күйде ќалады;
9. ќазаќ табиғатына тән ќасиет, мәдениет (биязылыќ, үлкенге ќұрмет, т.б.)
бүркемеленеді;
10. ќазаќ тапќырлығы, шеберлігі және терең философиясы ашылмайды;
11. халықтың Мәдени мұрасына нұқсан келеді;
12. ќазаќтың батыр халыќ екені көмескі суреттеледі;
13. алтынмен апталып, күміспен ќапталған қазақ дәулеті аудармашылардың
кеден бекетінен оңайлықпен өтпейді;
14. дінге ќатысты тұстар дінаралыќ ќатынасты араздатуға бастайды;
15. саяси мағынаға ие мәселелер не ќысќартылып, не көзделген маќсатќа
оңтайлы аударылады, аударылады дегеннен гөрі мұндай беттер тұтас-
тұтасымен басќаша жазылады деу лайыќ;
16. жаќсылыќты жасырып, жамандыќты асыру көптеп кездеседі;
17. ел бірлігі деген сөзді ауызға алғысы келмейді;
18. үрей, аяныш тудыратын көріністердің бояуы ќаныќ суреттеледі, кейде
ойдан ќұрастырылады;
19. қазаќ – ќанішер, ќаннан басќа көргені жоќ халыќ” деген ұстаным бар;
20. ел басќарған ерлер мен хандарды біржақты абыройсыз етіп суреттейді,
ќаралайды,
21. бүтін халыќты ќаралайды, қорлайды, халыќќа ќазаќ деген атты да
ќимайды;
22. патшалыќ Ресейдің бейкүнә елді ќырып-жойғанын жасырады, керісінше
орысты дәріптеу мүддесі жоғары.
Тұжырымдарды дәлелдейтін дәйектер өте көп болғандықтан, ықшамдалып
алынады.

1-тұжырым
Ономастикалық атаулар (әсіресе ағылшын тілінде) мейлінше әркелкі жазылып,
бұрмаланады, кейде мүлде танылмастай күйге жетеді, кей атаулар тыңнан
пайда болып, кей атаулар із-түзсіз жоғалып кетеді;

Ағылшын тіліндегі нұсқада “Translated by Oleg Chorakaev” делінеді де,
орысшадан аударылғаны айтылмайды. Мұнда орысша нұсќасынан кеткен
келеңсіздік ќайталанғандықтан және ономастикалық атаулардың графикасына
мүлде көңіл аударылмағандықтан ќазаќ ұлтының рухани ќазынасына біршама
нұќсан келтірілген. Трилогияда кездесетін антропонимдер, топонимдер,
этнонимдер, реалий сөздер бірнеше нұсќада жазылып, олардың тіпті өрескел
бұрмаланып кетуіне молынан жол беріледі, кейде мүлде танылмастай күйге
жетеді. Ағылшын тіліндегі аударма мәтініндегі онимдер транслитерациясы
олардың кездесу жиілігіне қарай түрлене береді. Жиі кездесетін есімдер 5-6,
7-8, 9-10, тіпті одан да көп нұсќада графикаланады. Мәселен, ең жиі
кездесетін антропоним Шыңғыс хан болса 12 түрлі нұсқада, Қожа Ахмет Ясауи
(Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі жазылуы) баба
есімі 8 нұсќада жазылады (берілу нұсқалары бұған дейінгі мақалаларда
көрсетілген).
Кей есімдер өрескел бұрмалануға бой алдырады. Қазтуған жырау түрлі-
түрлі жазылып жүріп, кей жерлерде Kazgutan-Zhyrau [35-б.], яғни Қазғұтан
жырау болып түседі. Тәуке хан Tauk-Khan [192-б.], Khan Tauk [195-б.], Az-
Tauk–Wise-Tauk [192-б.] деп жазылып, Тәуке емес, тауық болып жазылады.
Аќбаланың Арқала, Қаражалдың Қаражала, Қарқаралының Қарақала, Жаңақорғанның
Жаңа ұрған Таластың Талақ, Қаракесектің Қарасек, (реалий сөз) жүзбасының
жүнбасы болып „дөрекіленіп“ кететіндігі – ешбір ақтап алуға келмейтін,
шектен шыққан немқұрайлық нәтижесі.
Ал Әбілқайыр хан трилогияның басынан бастап Khan Abulkhaіr болып келе
жатып, кенет 235-беттен Abu’l-Khayr Khan болып, “имиджін” өзгертіп шығады,
283-беттен ары ќарай қайта қалпына түседі. Бұл бір емес, бірнеше
аудармашының бір-біріне ќатынасы жоќ қапаста жасаған жұмыстарының
нәтижесінен хабар беретінге ұқсайды.
Тарихи этнографиялық шығармаларда жиі ұшырасатын, жалпы ағылшын
тіліндегі мәтіндерде көп нұсқада беріліп жүрген этноним үш жүздің де
трилогия аудармаларында берілу нұсқалары назар аударарлық. Ұлы жүз орыс
тілінде 2 нұсќада: Старший или Большой жуз [180-б.], Большой жуз [393-б.].
Ағылшынша нұсќалары:
The Elder Zhuz [192-б.]
Greater Guze [192-б.]
The Elder zhuz [287-б.]
The Great Zhuz [270-б.]
The Big Zhuz [363-б.]
The Large zhuz [432 б.]
The Large Zhuz [548-б.]
Орта жүз – Средний жуз –
The Middle zhuz [192-б.]
The Middle Zhuz [228-б.]
The middle Zhuz [229-б.]
The Medium Zhuz [522-б.]
Кіші жүз – Младшый жуз –
The Junior Zhuz [143-б.]
The Little zhuz [192-б.]
Lesser Guze [192-б.]
The Small Zhuz [203-б.]
The Little Zhuz [232-б.]
The Junior Zhuze [275-б.]
The Younger zhuz [286-б.]
The Junior zhuz [293-б.]
Мұндағы Junior, Younger, Elder, Greater, Lesser сөздерінің бәрі бір заттың
бір заттан не үлкенірек, не кішірек, (не азыраќ – Lesser) екенін білдіретін
ұғымдар. Medium сөзі де бұл жердегі “орта” ұғымына сәйкес емес, “аралыќ”
мағынасы басым. Ал the Big Zhuz, the Large Zhuz, the Small Zhuz дегендегі
big, large, small лексемалары көлемі жағынан “үлкен, кіші” деген ұғымдарға
саяды. Сондыќтан, ¦лы жүзді the Great Zhuz, Орта жүзді the Middle Zhuz,
Кіші жүзді the Little Zhuz деп аудару және жазу нұсќаларын ќұптап, тоќтамға
келуіміз керек.
Аудармалардан, біздің шамалауымызша, саны 400-ге жуық түпнұсқа
атаулары табылмайды. Керісінше, орыс және ағылшын мәтіндерінде саны 100-ге
тарта жаңа атаулардың пайда болатындығы байқалады. Атаулардың бар-жоғының
есебін дөп баса көрсетуге аударма мәтіндерінің түпнұсқамен жүйелес
жүрмейтін сапырылыстырылған тұрпаты қиындық келтіреді. Көшпенділерде
[40-б.]: Содан кейін қарға бойлы Қазтуған орыс қалаларын шапқан Бонақ,
Қотан, Шерухан, Кончак, Сүрбөрі, Құнама, Көбек, Торсық тағы басқа Қыпшақ
хандарының әрқайсысының жауынгерлігін, ел аузында аңыз болып жайылған
жорықтарын дәріптей келіп, өз елдері түгіл бөтен елдерге өлмес аңыз
қалдырған осындай хан мен батырлар тудырған Қыпшақты кім қор санар? деп
ожарлана жырын тоқтатты. Кочевникиде [36-б.]: Потом перечислял имена
множества других ханов прославивщихся своими набегами на русские земли, на
волжских болгар и на Византию. The Nomads [38-б.] – “Then he enumerated
the names of many of the other khans who became famous due to their raids
on Russian principalities, the Volga Bulgars and Byzantium” (ағылшын
тіліндегі аударманың үзік сызықпен асты сызылған жерінде дұрысы: “the names
of many other khans” болу керек – Н.Р.). Көріп отырғанымыздай, орыс
тіліндегі және орыс тілінен аударылған өзге шетел тілдеріндегі аудармаларда
Бонақ, Қотан, Шерухан, Кончак, Сүрбөрі, Құнама, Көбек, Торсық тағы басқа
Қыпшақ хандарының есімдері түгелімен множества других ханов сөзімен
алмастырылып, аудармалардан мүлдем көрініс таппай қалады. Осы тектес
бірнеше себептерден, көптеген есімдер жоғалып кетеді. Келтірілген мысалдағы
на волжских болгар и на Византию деген жерлерге зер салсаңыз, аудармашы
компенсация ретінде түпнұсқаның басқа жерінде не бұрын, не кейін айтылатын
нәрселерді кейде осындай тәсілмен қосады. Мұны қосқаны, әрине, мүлде
аталмай кеткенен гөрі жөн болған екен дейміз де қоямыз.
Тыңнан пайда болатын онимдерге де бір мысал көрсете кетейік.
Неплюевтің қазақ даласына дастархан жайып, алғаш рет арақ әкелетін оқиғасы
барысында қазақшада [290-291-бб.] бірде-бір Қирабай деген есім кездеспейді.
Орысшада [276-277-бб.]: Нет... ты скажи, Кира-бай, за что... за что меня
не любишь, собака?!, Будь здоров, Кира-бай!, А ну, Кира-бай, подай мне
ту кругленькую!, Ох и растение: слезы так льются из глаз... А ну-ка,
суньте его в рот моему другу Кира-баю!.. деп, аудармашы шығарма
түпнұсқасында болып жатқан көрініске келіңкіремейтін, атына заты сай ішкен-
жегендердің жайын ойдан құрастырып, тереңдетіп жазады.
Зерттеу нәтижелеріне жүгінсек, кей атаулардың аударма тілдеріне өтпей
қалуы:
1. аудармашы тарапынан маңызды деп танылмаған мағлұматтардың
аударылмай кетуінен;
2. қайсыбір оқиғалардың қысқарып кетуінен;
3. атаулардың аудармада берілу тәсілінен (генерализация).
Кей атаулардың тыңнан пайда болуы:
1. аудармашының өз тарапынан берілетін түсіндірмелер барысында;
2. аудармашының өз тарапынан баяндалған оқиғалар барысында;
3. атаулардың аудармада берілу тәсілінен (конкретизация);
4. түпнұсқада бар атаудың аудармадағы графикасының өрескел
бұрмалануынан орын алады.
Қорыта айтқанда, кей онимдердің аудармалардан табылмауының да, керісінше
кей онимдердің өздігінен пайда болуының да ортақ себебі – аудармашының жөн-
жосықсыз еркінсуі (Бұл тұжырымға қатысты толыққанды мағлұмат бұдан бұрын
жарияланған бірқатар ғылыми және публицистикалық мақалаларда және Жалын
журналының 2006 жылғы №12 санында жарияланған Аудармадан кеткен ағат
атаулар деп аталатын көлемді мақалада қарастырылады).

2-тұжырым
Көптеген реалий сөздердің мағынасы ашылмайды, түсініксіз ќалпында ќалады,
не болмаса бұрмаланады, түсіндірмелерде жүйе жоќ (кездескен сөз бірінші
ќолданысында емес, екінші, үшінші ќолданысында түсіндірілуі мүмкін)

Реалий сөздер – аударма жұмыстары барысында аудармашыға ең бір ауыр
тиер сұрақтардың бірі. Өзге тілдерде баламасы жоќ, ќазаќтың этнографиялыќ
реалий сөздерінің бірі – көкпар, ќазаќ туралы жазылған шығармада кездеспеуі
сирек құбылыс. Оған біздің аудармашылар біркелкі түсіндірме бермеген, әр
жерде берілген түсіндірмелерінің бәрін ќосќанда да оның мағынасы ашылмайды.
Сөзді бір кездескенде орысшасы ...во многих конных состязаниях [135-б.] деп
кетеді, мұны ағылшыншада “in many horse races” [148-б.], яғни көптеген ат
жарыстарында деп береді. Тағы бір кездескенде кокпар, конная борьба [137-
б.] дейді, ағылшын тілінде The kokpar, the wrestling on horseback [148-
б.], яғни “көкпар – ат үстіндегі күрес” деп түсіндіріледі. Енді бірде
көкпар сөзі Ќазаќ елі бұл кезде көкпарға тартуға дайындалған серке тәрізді
еді [193-б.] деген сөйлемде кездеседі. Орысшасы: “Страна казахов была
похожа на освежеванную жертву, приготовленную к кокпару – древнему
празднику козлодрания [178-б.] деп беріледі. Ағылшыншасы: “The country of
the Kazakhs was like a freshly skinned sacrifice ready for Kokpar, the
ancient festival of slaughtering a goat” [190-б.] делінеді. Келесі бір
кездескенде ќазаќшасы [209-б.] ...сайыс, күрес, көкпар, жамбы ату... болып
сөйлемнің бірыңғай мүшелері ќұрамында кездеседі. Мұндағы көкпарды орысша
аудармасы [199-б.] неизменные конные игры с козлодранием деп түсіндіреді.
Ал ағылшыншасы [212-б.] осы ќолданыстың орысшасынан да шыға алмай, оның
ойын деген сөзін алады да, әр жерде тым әркелкі түсіндіріліп келе
жатќандығын байќаған болу керек, алдыңғы түсіндірмелерге де жүгінетін
тәрізді, “games on horseback”, яғни “ат үстіндегі ойындар” деп ќолданады.
Көріп отырғанымыздай, ќазаќтың көкпарының орысшадан аударылғандыќ
салдарынан ағылшынша түсіндірмелері бірде ат жарыс, бірде “ат үстіндегі
күрес”, бірде “ат үстіндегі ойындар” болып әркелкі түсіндіріліп келсе, ең
ќатенің дөрекісі сол, кейбір жерлерде көкпар деген бұл ќазаќта көнеден
келе жатќан ешкі союдың мейрамы (не жарысы) болып беріліп жүргендігі.
Ешкі союдан да мейрам (не жарыс) өткізу ұғымы “ќазаќ – ќанішер, ќаннан
басќа көргені жоќ халыќ” деген трилогия аудармасындағы жалпы ұстанымды
растауға үлкен бір айғақ ретінде қабылданады. Бұл “Сөз мағынасын анықтаңыз,
сонда сіз жарты әлемді адасудан құтқарасыз” деген француз ойшылы Рене
Декардтың сөзін еске салады.
Жалпы аударма жұмыстары барысында кейде аудармашылар шығарма
кейіпкерлері есімдерінің де мән-мағынасын түсіндіріп отырады. Қазақ
есімдерінің өзіндік бір ерекшелігі сол, онда мән-мағына тереңде жатады.
Сондықтан түсіндірмені шындығында ќажет тұтатын есімдер бар. Ондай есімдер
Көшпенділерде де көптеп кездеседі. Оның бірі – Асан Ќайғы. Ол
Кочевникиде Асан-Кайгы [30-б.], Асан-Кайгы – Асан-Горемыка [119-б.]
делінеді де, The Nomads оны Asan-Kaigy [33-б.], Asan-Kaigy or Assan the
Poor Devil [129-б.] деп береді. Әрине, бұл Асан-байғұс-жын-шәйтан деген сөз
емес, сонда да the Poor Devil деген көшедегі аянышты итке, не сондай
аянышты кісіге айтылатын, бейшара, байғұс деген мағынаны беретін тіркес.
Одан гөрі Asan, the Woeful немесе Asan, the Sorrowful деп берілгені
дұрыстау болатын еді. Осы мысалдың көрсетілген беттеріне ќарағанда есімнің,
не сөз мағынасын түсіндіру ќажеттігі туған жағдайда түсіндірменің екінші,
не үшінші емес, алғаш ќолданысында берілуі тиіс болатын аса ќарапайым
ќағиданы да аудармашылардың саќтамағаны байќалады.

3-тұжырым
Аудармасы бар сөздердің де аударылмай ќолданылуы жиі кездеседі

Ќазаќ ономастикасы атауларын ағылшын тілінде беруге жүйе керек атты
маќаламызда (Ана тілі газеті, №49, 2 қараша, 2004) Көшпенділердің
ағылшыншасын тек ағылшын тілін білетін ќазаќтар ғана түсінуі мүмкін деген
пікір айтќан болатынбыз. Дәлелдеуді ќажет ететін сөз. Аудармасы бар сөздер
де аударылмай ќолданылады және олардың көбінің мағынасы түсіндірілмейді.
Мәселен, Bismillah..! Bismillah!.. [105-б.] “Astargfirallah...
astargffirallah!..” [124-б.], kuruk [130-б.], “Ar-r-ruakkh...Ar-r-ruakkh!..”
[141-б.], a young dzhigit [148-б.], our aul dzhigit Khasan [149-б.], Zhien-
aga [170-б.], –Assalaumahaleikum! –Uahalaikumasalam! [172-б.], Aruakh!
Akzyhol (аќжол деген сөзі екен, акзыхол болып оќылып тұр)! [234-б.],
the atalyk Dzhalmuhammad [243-б.], bais [287-б.], Oibai-ai [289-б.],
Oibayai [298-б.], Astagfir’Allah [298-б.], Oh кokeh-zhan! [329-б.], Kokeh-
zhen [329-б.], Akzhol! [350-б.], the Kazakh daulpazes [342-б.], Aruah” [387-
б.], Iapyr-ai [391-б.], Yapyr-au!.. [402-б.], chapan [402-б.], Amansyzdar,
agalar!.. [403-б.] Ar-ruakh, Tabyn!... [411-б.], –Hi, tokal [456-б.], т.с.с.
толып жатќан өзімізге ғана түсінікті сөздер ағылшын тілділерге оќуды да,
түсінуді де ќиындатады. Осының бәрі аударылмайтын сөздер емес. Орысшасында
аударылмаған соң ағылшыншасында да солай ќалған. Дегенмен де, ағылшын
тіліне аударған аудармашы Oлег Чоракаев тым көп кездесетін түсініксіз
сөздерді азайту жолында аз да болса ізденгенге ұќсайды. Мәселен, ќазаќшада
[49-б.] “Жырауды ќошеметтеп “Уай, пале!” деп лепіре ќызынған жұрт тына
ќалды” деген сөйлем орысшада [40-б.] “Собравшиеся, которые до сих пор
подзадоривали певца бодрыми криками “Ой, пале!”, сразу осеклись и затихли,
как ударившееся о воду пламя” болса, ағылшыншада [43-б.]: “Those around who
had been encouraging the singer with their cheerful “Come on! Hot it up!”
cut themselves short immediately and quietened down like fire does when it
clashes with water” делінеді. Осы үш тілдегі сөйлемдерді салыстыра
ќарағанда, ағылшын тіліне орысшадан аударылса да,“Ой, пале!”деген жырауға
ќолдау, ќошемет көрсету үшін айтылған, орынсыз аударылмай тұрған сөзді
аудармашы Бәрекелді!, Ќыздыра түс! (Come on! Hot it up!) деген
мағынадағы сөздермен жеткізе алған. Орысшасында да оны Так держать!,
Браво! деген сияќты ќолданылып жүрген сөздермен беруге болатын еді,
ќандай болғанда да орыс тілді оќырманға бұл сөздер “Ой, пале!”-ден гөрі
әлдеќайда жаќсы.
...Что же это за новый орысский царь..., Ну вот же, при твоей юрте
орысы! – сказал жырау, указывая на русских офицеров, наблюдавших за сборами
ханского аула, ...Не было этого раньше, когда не построены были у нас
орысские города [347, 348-бб.] деген сөйлемдер ағылшын аудармасында [370,
372-бб.] “...What sort of a Russian czar is it...”, “But here they are, near
your yurta! – the bard said, pointing at the Russian officers, who were
watching the depature preparations in the aul”, “...It was not like that
before, when there was no Russian towns here” делініп, жырау, орыс сөздері
аударылып ќолданылады. Аудармашы Олег Чоракаев тарапынан ағылшын тілді
оќырман ќамын ойлап, аз да болса ізденіс жасағандыќ байќалады. Орыс деген
сөз осылай аударылмаған күйде жиі кездесе берген соң Чоракаев аударып
ќолданған болса керек, әйтпесе алдыңғы (мысалдардың беттеріне ќараңыз) О,
страна орысов это не Джунгария! [302-б.] дейтін сөйлемнің ағылшыншасында
[325-б.] The Orys land is not like Jungaria деп, аударылмай да беріледі.
Мұндай аударылмаған сөздердің тым жиі орын алуы оќырманға ќиындыќ туғызып,
тығырыққа тірейді.
Сөзіміз дәлелді болу үшін осы тұста ќазаќ шығармаларының шетелдік
оќырманы, ригалыќ зерттеуші Мария Шуманның Слова переводимые и слова
непереводимые атты маќаласында (В кн.: Мастерство перевода. Сборник. М.:
Советский писатель, 1964.) жазған пікіріне ден қойып көрелік. Деректерінің
негізін М.Әуезовтің “Абай жолы” романының орыс тіліндегі аудармасынан
алады. Онда да аударылмай ќалған жигит, кыз, хатын, келын, токал, кши-апа,
аже сияќты толып жатќан туыстыќ сөздердің мәтінде аудармасыз ќолданылып,
тарау басында түсіндіріліп кеткенмен де, ќазаќ жазушының шығармасын бірінші
рет оќып отырған адамға оларды есте саќтап отыру мүмкін емес, дейді.
Романның төртінші бөлімінен (аудармашылар – Н.Анов, З. Кедрина) “Оппырмай!
Абай-ага!”, “Хазр, хазр...– тихонько приговорил Баймагамбет”, “Хоп-хоп! Вы
правы...”, “Эй, молдеке!”, “Аманат! Аманат!”, “Аттан! Аттан!”, т.б. аударма
да жоќ, түсіндірме де жоќ бірќатар мысалдарды келтіріп, “Пусть читатель
справляется с ними как знает!” деп, эмоцияға беріледі. – “Возможно,
читатель, проживающий, скажем, в Казахстане и более или менее знакомый с
казахским языком, не нуждается в переводе. А вот нам, в Прибалтике, такая
небрежность очень досадна. Нам перевод крайне нужен” деген пікірін
білдіреді. “Ал романның бірінші, екінші, үшінші бөлімдерінде (аудармашылар
– А.Никольская, Т. Нуртазин, Л.Соболев) ќазаќ сөздері әр бет соңында мұќият
түсіндіріліп отыратынын айтады, біраќ “Где же вы, аруахи?” дегенше, бірден
түсіндірмесіндегідей, “Где же вы, духи предков?” деп берілгені дұрыс болмас
па еді?” деп, ќазаќ шығармаларының нағыз шетелдік оќырманы ретінде ой
толғайды. Айтылған ойдың “Ведь если не переведенные слова являются
единственными выразителями национального колорита, то лучше уж вовсе не
переводить” деген тұстарынан оќырманды мұнша әбігерге салып ќинап, ашуын
келтіретін аударманы расында да, жасамай-аќ ќойған жаќсы болар деген
қорытындыға келеміз.
4-тұжырым
Көптеген тілдік ќұбылыстардың түпнұсќасы мен аудармасы мәдениетаралыќ
коммуникацияда ортаќ мәмілеге келе алмайды

Аударма жұмыстары барысында аудармашы өзінің мәдениетаралыќ
байланыстың, этномәдени ќарым-ќатынастың ќызу ортасындағы төреші
екендігін әрдайым жадында ұстауға тиіс. Біз сөз етіп отырған аудармаларда
аудармашылардың бірќатар тілдік ќұбылыстар төңірегінде осындай
мәдениетаралыќ коммуникацияда компромисс таба алмай, екі (үш) мәдениет
арасындағы алшаќтыќты жуыстыра алмаған тұстарынан мысалдар келтіреміз.
Ќазаќшада Әбілќайырдың Мұќамет-Жөкіге айтып отырған шарттарының бірі
[90-б.] – Ғибадат-Сұлтан-Бегім сұлуды сол ќауыздай жарылмаған, шыныдай
сынбаған күйінде менің ќойныма саласың делінеді. Орысшада [84-б.] И ты
поклянешься, что этот нераскрытый бутон, о красате которого столько говорят
в Мавераннахре, будет в моей вазе деп, автордың ойын аудармашы өзіндік
талғамнан туған ұтымды метафорамен көмкере береді. Сөз жоќ, аудармашының
шеберлігі көзге түседі. Осыны ағылшын тіліне аударған О.Чоракаев: “Now you
must swear that this virgin rosebud of whose beauty they talk so much in
Maverannakhr will grace my vase” [91-б.] деп, бұл метафораны одан да
әрлендіре, “Сұлулығы Мауереннахрға (топонимді Есенберлиннің жазуы бойынша
жазып отырмыз) жыр болған сол ашылмаған гүлдің менің ќұмырамның ажарын
кіргізеріне уәде бер деп аударады. Бұл сөйлемнің аудармаларынан
түйетініміз не? Көшпелі өмір салтын ұстанып, жаз-жайлауы киіз үйде, ќысы
ќыстауда өткен ќазаќтың өмірінде вазаға салынған гүл кездеспеген
көрініс десек, ќателескен болуымыз да мүмкін. Дегенмен, ќазаќтың басынан
кешкен бірде мал ќайғы, бірде жан ќайғы аласапыран тарихын суреттейтін
шығармаларында көп кездеспейтін көрініс екені түсінікті де. Ќыстың күні гүл
болмаса, жаздың күні киіз үйдің ішінде гүл ќоятын орынның реті болған ба,
жоќ па? Жоќ жауабы басым. Ал егер (орыс тіліне аударған) аудармашы мына
оќиға желісінің нендей заманда өтіп жатќанын ескерген болса, Әбілќайырға
ќазіргінің хандары айтатындай сөзді айтќызбаған болар еді. Аудармашының
өзі ќазаќ халќын түпнұсќасындағыдан бірнеше есе асырып ќанға бояп отырып,
тағы ќайдағы жоќты айтып отырғаны, оның аудармадағы оќиға ортасынан шығып
кетіп, отырыќшылыќ мәдениетке кетіп ќалғандығы көрінеді.
Схватка превратилась в большую кровавую мясорубку [237-б.] дегені
сияќты М.Симашко кескілескен айќастарды, (кейде өзі ойлап табатын) ќан
төгісті суреттеген жерлерінде ет тартќышты да ќосып жібереді, жиі ќосады.
Ќазаќ етті көп жейтін халыќ болса да, бұл да ќолданысќа кейін түскен ќұрал
болу керек, сол кездің оќиғасына І.Есенберлин ќолданған лексема емес екені
түсінікті. Мұнда да байќаусызда кейінгі өмірге, отырыќшылыќќа өтіп
кеткендік көрінеді. Кенесары бәрін компьютерден көріп отырғандай біліп
отырған деп, мүмкін ќазір пікір айта беруге болатын шығар, біраќ бұл –
пікір емес, бұл – аударма. М.Симашконың мясорубкасын ағылшын тіліне
аударған О.Чоракаев The battle turned into a mass slaughter [256-б.] деп,
тығырыќтан жаппай сойылу деген сөзді ќолданып шығып кетеді, әйтпесе
ағылшын тілінде “ет тартќыш” (а mincing-machine) болмай ќалған жоќ еді.
Аударманың мына бір жерін ќызыќтауға болады. Ќызығының біріншісі –
түпнұсќада мұндай жерлердің жоќ екендігі. Морис Симашконың өзі жазған
Кочевникидің 229-бетінде:
– Я Кияк-батыр!...
– Не слышал что-то такого имени среди батыров (осыдан былайғы сөздер
түпнұсќада мүлде жоќ – Н.Р.). Вот про безродного разбойника Кияка,
который непослушен воле наставника веры – эмира Абдуллаха, я кое-что
слышал. Помнится, говорили мне, что этот проходимец нападает на ханские
обозы, на стада...
– У казахов обычно иначе называют людей, защищающих свое добро от
грабителей, – сказал Кияк-батыр. – Не из наших ли сожженных кочевий
гнали стада и везли обозы с добром эмирские собаки?! делінеді.
Ағылшыншаның 245-бетінде:
– I am Kiyak Batyr!
– I don`t remember having ever heard this name among those of batyrs. But
then I seem having heard something about a rootless robber by the name of
Kiyak, who is disobedient to the will of pillar of the faith Emir
Abdullah. I recollect having been told that this crook raids the khan`s
supply trains and his flocks...
– Kazakhs have a different name for people who defend their
belongings against robbers, – Kiyak Batyr said. – Was it not from our
burnt-down encampments that the emir`s henchmen were driving those flocks
and supply trains?”.
Диалогтың ойдан ќұрастырылып жатуы мәнсіз емес, әрине, батыр біткен
“разбойник, проходимец” болу керек, надан халыќ жаман мен жаќсыны айыра
алмау керек, біздің халыќ сондай деп, оны халыќ арасынан шыќќан батырдың
аузымен айту керек (20-тұжырымға да дәйек ретінде алуға болады, себебі
келтірілген тұжырымдарға мысалдар ірілі-ұсаќты болып бөлінетін болса,
аудармашы ұсаќ деректерді осындай тәсілмен ќұрастырып, жинайды),
көшпелілердің бір-біріне деген иттігі (эмирские собаки) арќылы тозаќ өмір
еселеніп, аянышты көріністердің арасы сейіліп ќалмау керек (18-тұжырымға
ұсақ дәйек). Бұл мысалды келтіргендегі біздің негізгі осы 4-тұжырым
таќырыбына орай айтпағымыз, екі рет ќайталанып тұрған стада, обозы
сөздерінің анығыраќ айтќанда, ағылшынша аудармасында обозы сөзінің supply
trains болып, яғни бірінің артынан бірі тізілген жүк тиелген арбалардың
пойыз болып аударылып тұрғандығы ќызыќ болып тұр. Пойыз деген ол кездегі
ќазаќ даласы түгілі Ресейде де, Еуропада да, әлі еш жерде жоќ нәрсе
болатын. Алғашќы паровоздар 19 ғасырдың аяғына ќарай 1870 жылдары пайда
бола бастаған еді, сондыќтан бұл сөздің caravan болып аударылғаны әлдеќайда
дұрыс болған болар еді.
Ќазаќшада: “Ата мекен жерім ќалады! Оған ќоса сонау менің ќараша
үйімнің жанында жайылып жүрген елу ќой, төрт түйе, жауға шабар бір жүйрігім
ќалады! [253-б.], орысшада: “Родина, мой хан! И еще те полсотни овец и
четыре верблюда, которые пасутся у моей черной юрты” [243-б.], ағылшын
тілінде: “My homeland, my khan! And also the two score and ten sheep and
four camels that are grazing near my black yurt” [263-б.] деген сөйлемдер
бар (аудармаларының тұжырымға ќатысты тұсын ғана сөз етеміз). Осыған ұќсас
“...ауыл шетіндегі ќаралы үйде жатќан Батыр Баянның кебін киер еді” [349-б.],
...лежали бы сейчас там, в черной юрте на краю ставки... [329-б.], ...In the
black yurta wrapped in the white fabric... [352-б.] деп келетін жерлер де
бар. Білмегенге ќараша үй де, ќаралы үй де ќара болып көрініп тұр. Бірінші
жағдайда жәй ғана “в моей юрте” – “in my yurta” болса, екінші жағдайда “в
траурной юрте – “in the mournful yurta” дегеннің ќисыны болар еді. Ќараша
үй, киіз үй, ќара үй (айтылуы бойынша ќарүй) ќазаќќа ғана емес, өзге де
көшпелілерге тән сөз болғандыќтан, орысшасынан сөздіктерге yurt, yurta
болып екі түрлі нұсќада енген. Транслитерацияланып тұрған сөз болғандыќтан,
yurt дегеннен гөрі yurta болып ќалғаны жөн болар еді, дегенмен, yurta-дан
yurt болып ағылшын тілінің ішкі табиғатына икемделе туған нұсқаның
басымдылық алып кетуі мүмкін.
Ќазаќшадағы [450-б.] “– Кенекең тірі тұрса, ұмыттыра ќоймас, – Ожар
күлімсіреді де сәлден соң орнынан түрегелді. – Ал көріскенше сау болыңыз”
дегенді орысшаға [430-б.] “– Покуда жив Кенеке, разве забудешь эту науку. –
Ожар хоть и назвал шутливое прозвище Кенесары, говорил очень серьезно. – У
него глаза беркута, с красными жилками...” деп аударады. Кенесарыға (жалпы
хандарымызға) жоќты әкеліп жала қылып жапсырып аударудың жай-жапсарын 20-
тұжырымда талќылаймыз. Ал мына жерде айтпағымыз, Кенеке деген атаудың
шутливое прозвище болып түсіндірілуі – білместік. Ќазаќта керісінше,
есімнің алғашќы буынына –еке ќосып сөйлеу сыйлағандыќ, ќұрмет тұтќандыќ
белгісі болатын.
¤зінің сорына ќарай, Әбілќайырдың ерке ќызы Ғайып-Жамал-Сұлтан-
Бегімнің әкесінің дұшпаны болса да, сұлу жүзді, арыс тұлғалы Жәнібекке
көңілі кеткен: “...төрт әйелі бар Жәнібекке неге сонша ќұмар болғанын кім
білсін...” [15-б.] – “...да и другие были у него утешительницы при ханской
ставке...” [14-б.] – ...having other sweeties at the khan`s headquarters
always ready to please him” [14-б.]. Осы жерлердегі “әйелі болу” мен
“утешительница (sweety)” болуда мағына бір деуге болмайды, мұсылман дінді
ќазаќ ұғымында мұның үлкен мәні бар. Бұдан бұрын Көшпенділердің
аудармалары жөнінде жарыќ көрген маќалаларымыздың бірінде (Көшпенділердің
ағылшын тіліндегі аудармасы ќандай? Темірдей ономастикалыќ атаулары неге
Аќсаќ?. “Қазақ әдебиеті” газеті. №30 (жалғасы №32), 2005) осы Ғайып-Жамал-
Сұлтан-Бегімнің ќазасына байланысты кішігірім оќиғаның орыс және ағылшын
тілдеріндегі аудармаларын салыстыра отырып, түпнұсќадан (ұсаќ-түйегін
санамағанда) 7 түрлі ауытќудың орын алғанын келтірген болатынбыз. Соның
бірін келтірсек, “жетісін бергеннен кейін...” [15-б.] не болғанын айту үшін
орысшасында оќиғаны“Недельные поминки справлялись по ней” [14-б.] деп
барып, өрбітеді. Жарайды дедік, біраќ соған орай жасалған ағылшын тіліндегі
аудармасында “The funeral repast lasted a whole week” [14-б.], яғни
“ќайғыру ишарасы бір апта бойына созылды” делініп, алысќа аутќып кетеді.
Бұл жерде де ќазаќ ғұрпындағы жетісін беру сөзінің мағынасын түсінбегендік
көрінеді.
Осы тұжырымды дәлелдеу барысында тағы бір мысалды “астын сыза” айта
кетуіміз керек. “Проблемы перевода казахских символов и этно-бытовых знаков
на русский язык” деп аталатын кандидаттыќ жұмысы барысында зерттеуші
Ә.Айќұлованың зерттеу нысанына алынған бірќатар әдеби туындылардың ішінде
“Алмас ќылыш” романынан да мысалдар алынған екен. Аќ пен ќара түстің
аудармаларын іздестірген тұста романның орысшасында“аќ түйенің ќарны
жарылды” деген ќазаќтың жүрекжарды ќуанышын білдіретін фразеологиялыќ
тіркестің “в жертву был принесен белый верблюд” болып аударылғаны
көрсетілген (Мысал біздің әдебиет көздерімізде: ќаз.т. 13-б., ор.т. 11-б.,
ағ.т. 11-б: “a white camel was sacrificed on this occasion”). Осы тұста
зерттеуші “На наш взляд, перевод М.Симашко достаточно умелый и яркий,
грешит досадными упущениями, неточностями, в результате чего нарушается
художественное равновесие романа” деген пікір білдіреді. Дегенмен, мұнан
соңғы аќ боз үйлер, ќара жалау деген сөздері бар сөйлемнен соң зерттеуші:
“Переводчику М.Симашко повезло, на поиск эквивалентов не пришлось тратить
много времени, перевод слов – “аќ” – белый, “ќара” – черный имеют
абсолютный аналог в обоих языках” дейді. Зерттеушінің “переводчику повезло”
деуіндей, сол уаќытта бұл аударманың аќ-ќарасы ашылмай кетеді.
Бұл бір ұлттыќ болмыстың бүге-шүгесін, ой-шұќырын екінші бір болмыс
өкілінің жете білмегендігінен аударма жұмыстарында жиі орын алып отыратын
жағдайлар.
Ал 9, 10-тұжырымдарда ќазаќ табиғатына тән ќасиет, мәдениет
(биязылыќ, үлкенге ќұрмет, т.б.) бүркемеленеді, ќазаќ тапќырлығы,
шеберлігі және терең философиясы ашылмайды деп тұжырған түйіндеріміздің
бір ұшы, біле тұра әдейі жасалған білместікте жатса, екінші бір ұшының
бір халыќтың этномәдени ќұндылыќтарының өзге мәдениет өкіліне ќұнды
көрінбеуінде жатќаны аныќ.

5-тұжырым
Cандыќ көрсеткіштер кейде саќталады, кейде аудармашының өз деректері
бойынша беріледі, кейде тіпті берілмейді, дәлдіктен ќашќаќтау бар

Аргентиналыќ жазушы Хорхе Луис Борхестің (1899–1986) “Оригинал
неверен по отношению к переводу” дегеніндей түпнұсќа авторы мен
аудармашылардың күн санау, жыл санаулары, сондай-аќ өзге де сандыќ
көрсеткіштерінің сәйкес келмейтін кездері де жиі ұшырасады. Мысалы, “Күйік
өлгеннен кейін төрт жылдан кейін, Батуханның өзі де дүние салды” [12-б.]
дегенді орысшада “Лишь на восемь лет пережил Гуюк-хана сам Батый” [11-б.]
дейді, ағылшыны орысшасындай: “Baty himself lived only eight years after
the death of Guyuk Khan” [10-б.].
“...Сүйіншік сұлтанды жиырма бес мың адаммен ¦лытауға жүргізді” [182-б.]
– “...сын Абулхаира Суюнчик – с дватцатью тысячами лашкаров...” [168-б.] –
“...toward Ulytau with 20, 000 laskars (lashkars деп жүрген сөзі болса керек
– Н.Р.)” [181-б.].
1-кітаптың 2-бөлімінің 3-тарауы “Келесі жазда Жәнібек уәделескен
әскерлердің келуін күтіп Арќаға көшпей ќалды” [144-б.] деп басталады.
Орысшасы “Следующей весной хан Джаныбек прибыл на летовку в Сары-Арку и
стал ждать прихода обещанных на сходке войск” [133-б.] деп басталады,
ағылшыны орысшасынан айнымайды – “The next spring Khan Janibek came to his
summer camp at Sary-Arka and began waiting for the arrival of the troops
they had talked about at the gathering” [144-б.]. Көріп отырғаныңыздай, осы
бір сөйлемнің өзінде Есенберлин жаз десе, аудармашылар көктем дейді,
Есенберлин Жәнібекті Сарыарќаға келтірмесе, аудармашылар келтіреді.
Мұндай айырмашылыќтың жиі кездесуімен ќоймай, аудармашылардың тіпті
сол сандыќ көрсеткіштерден мүмкіндігінше ќашќаќтайтыны да байќалады. Мысал
көп:
“Күтпеген жерден жол-жөнекей Күйік екі күн ауырып ќаза тапты” [11-б.] –
“В пути неожиданно заболел и умер Гуюк-хан” [11-б.] – “While on the way
Guyuk Khan took suddenly ill and died” [10-б.];
Он баласын, ... тек Сүйіншік ќана ана екеуінен төрт жас үлкен [76-б.] –
... своих многочисленных сыновей, ...а сын Суюнчик старше их лишь на пять лет”
[71-б.] – “his numerous sons, ... Suyunchik, only five years their senior”
[76-б.], т.с.с.
Қаһарда [533-б.]: Алашаханның моласы қазақ елінің ең алғашқы
хандық туын тіккен он төртінші ғасырдың аса бір көрнекті ескерткіші
делінеді. Хан Кене деп аталатын орысшасында мұндағы сандық көрсеткіштер
Рядом с усыпальницей Алаш-хана, построенной в пятнадцатом веке, находились
еще две гробницы – мазары Амбулак-хана и Жусахана, первых после Алаша
правителей Қазахского ханства [500-б.] делініп, қазақшадағы Алашаханның
жанында тағы екі мола бар. Бірі биіктігі он құлаштай шым кірпіштен құйған
Әмбұлақ ханның моласы, одан әріректе Алашаханның моласына ұқсаған, тек
кішіріек Жошы мазары деген сөйлемдермен араластырылып түзетулер
енгізіледі. Мұндайда он құлаш биіктікті іздеудің өзі ұят. Бірақ іздемеске
болмайтын бір нәрсе бар, ол – Жошының Жусаханға айналып, жоғалып кеткен
есімі (ағ.т Zhusakhan [532-б.], орысшасымен бірдей).
Сандыќ өзгерістердің ішінде кәдуілгі мағына өзгертетін мысалдар да
жоќ емес: Ашулы жырауды әлі де болса өз ортасында ұстамаќ боп, Абылай оның
алдына өз жылќысынан айдатып әкеп атаќты боз айғырдың үйірінен бір жүйрігін
сыйға тартќан [360-б.] дегенді орысшада [339-б.]: “Накануне, чтобы
задобрить певца, Аблай приказал отогнять к нему один косяк своих лучших
белых коней. Он знал, что хорошие кони были слабостью сторого жырау” деп
жазады. Ағылшыншасы да осылай [362-б.]: “The day before, in order to gain
his favor, Ablai ordered a herd of his best white horses be sent to him.
Ablai knew that the bard had a soft spot in his heart for good horses”
дейді. Жырауға бір жылќы беру мен бір үйір жылќы берудің арасындағы
айырмашылыќ бұл жерде, әрине, Абылайдың не ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы
Алаш арыстары
А. Байтұрсынов - қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым
Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының тарихи маңызы
Байтұрсынұлы Ахмет
А. Байтұрсынұлының Қырық мысал еңбегі
Мұқағали Мақатаев өмірбаяны, шығармалары
А. Байтұрсынұлы
Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым - Ахмет байтұрсынұлы
Ахмет байтұрсынұлы- білікті психолог
Пәндер