«Этнопедагогика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (оқытушылар үшін)



1. Этнопелагогика пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий).
2. Этнопелагогика пәні бойынша дәрістер кешені.
3. Этнопелагогика пәні бойынша семинар тапсырмалары.
4. Студенттердің өздік жұмыстары.
Абырой- жеке адамның құндылығы туралы түсінікті білдіреті моральдық ұғым, адамның өз-өзіне және қоғамның жеке адамға моральдық қатынасын бейнелейтін этикалық категория.
Адамгершілік- қоғамдық өмірдің объективтік заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз болып табылатын талапқа сай белгілі бір гуманистік принциптерді білдіретін моральдық ұғым. Адамгершілік адамдардың мінез-құлқымен, іс-әрекеттерімен көзге түседі.
Адамға өзіндік тұрғыдан қарау-оқыту және тәрбиелеу барысында оқушыларды өздеріне тән ерекшеліктерін есепке алу. Мысалы олардың білім деңгейін,саяси дайындығын,мұраттарын, өмір тәжірибесін т.с.с. есепке алу.
Адам тұласының бағыттылығы- белгілі қоғамға оның мұрат-мақсаттарына орынды немесе теріс қатынастары тұрғысынан қарағандағы жеке адамның ең елеулі,шешуші сипаттамаларының бірі. Жинақталған түрінде адам тұлғасының бағыттылығы-өз халқының, бүкіл адамзаттың асыл мұратына ұмтылуы, оған жету жолындағы күресі.
Азаматтық- адам тұлғасының жетекші сапаларының бірі. Іс-әрекет, қарым қатынас және қарым-қатынас тәрбие жүйесімен қалыптасады. Азаматтықтың мәні адамдық міндеттерін және борыштарын санаулы, белсенді атқару құқын орынды пайдалану, қоғам белгілеген ережелерді дәл орындау болып табылады.
Ақыл- ойлаудың таным қабілеті дамуының жоғары басқышы, жаңа білімінің шығармалығы, адамның жүріс-тұрғысында және бүкіл өмірлік іс-әрекетде орындылықтың болуы. «ақыл» атауы ойлау қабілетінің синониміне ретінде жиі қолданылады. Ақылдың болуы, ақылды болу қарқынды және нәтижесі ақыл-ой іс-әрекетіне қабілеттің болуы деген сөз.
Ақыл-ой тұжырымы- бір немесе бірнеше пікірлерден жаңа, туынды пікірді алудың логикалық тәсілін көрсететін ойлаудың түрі.Ақыл-ой түйіні алғы шарттан (бастапқы пікірден), қорытындыдан (алғы шарттан тұжырымға көшуден) тұруы. Білімдердің ғылымда және тәжірибеде дамуы, құбылыстардың мәні болып танылуы, олардың заңдылықты ара байланыстарының айқындалуы ақыл-ой тұжырымы нақты құбылыстарға баға беру, теориялық және тәжірибелік мәнді ерекшеліктерді дәлелдеу барысындағы ой-пікірлердің негізін құрайды.
Ақыл-ой тәрбиесі- тәрбиенің басқа салаларымен үздіксіз байланысты ойлаудың шығармалық қабілеттерін мақсатқа сай дамыту.Ойдың жұмысы адам өмірінің шарттары мен жағдайларында болатын обьективтік қарама-қайшылықтарды шешуге әрдайым бағытталып отырады.
1. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Сана», 1995
2. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы, «Кітап», 1992
3. Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары // Бастауыш мектеп-1991-№5 – 26 б.
4. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993
5. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат -2002-№5 – 37 б.
6. З.Әбілова, Қ.Қалиева «Этнопедагогика оқулығы» Алматы 1990 жыл

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты ПОӘК
УМКД 042-18.30-2013
Этнопедагогика пәнінің
оқу-әдістемелік кешені №3 – басылым
(оқытушылар үшін)

Этнопедагогика

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

(Барлық мамандықтарға арналған)

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Cемей – 2013

1.ӘЗІРЛЕГЕН:
Құрастырушы: 28.08.2013
п.ғ.м., аға оқытушы Мухметова Раукен женисовна

2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:
2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика
кафедрасының мәжілісінде қаралды.
Хаттама № 1 04.09.2013ж.
Кафедра меңгерушісі: ______________ Джанбубекова М.З.

2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.
Хаттама № 1 05 09.2013ж.
Төрағасы: ________________ Ахметова Т.Ш.

3. БЕКІТІЛДІ:
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік
кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.
Хаттама №1 18.09.2013ж.
ОӘК төрағасы: ____________ с.ғ.д. Искакова Г.К.

4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2013ж. басылымның орнына)

МАЗМҰНЫ

1. Этнопелагогика пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий).
2. Этнопелагогика пәні бойынша дәрістер кешені.
3. Этнопелагогика пәні бойынша семинар тапсырмалары.
4. Студенттердің өздік жұмыстары.

1. ЭТНОПЕДАГОГИКА ПӘНІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
(ГЛОССАРИЙ)

Абырой- жеке адамның құндылығы туралы түсінікті білдіреті моральдық
ұғым, адамның өз-өзіне және қоғамның жеке адамға моральдық қатынасын
бейнелейтін этикалық категория.
Адамгершілік- қоғамдық өмірдің объективтік заңдылығына сәйкес, адамдар
арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз болып табылатын талапқа сай
белгілі бір гуманистік принциптерді білдіретін моральдық ұғым. Адамгершілік
адамдардың мінез-құлқымен, іс-әрекеттерімен көзге түседі.
Адамға өзіндік тұрғыдан қарау-оқыту және тәрбиелеу барысында
оқушыларды өздеріне тән ерекшеліктерін есепке алу. Мысалы олардың білім
деңгейін,саяси дайындығын,мұраттарын, өмір тәжірибесін т.с.с. есепке алу.
Адам тұласының бағыттылығы- белгілі қоғамға оның мұрат-мақсаттарына
орынды немесе теріс қатынастары тұрғысынан қарағандағы жеке адамның ең
елеулі,шешуші сипаттамаларының бірі. Жинақталған түрінде адам тұлғасының
бағыттылығы-өз халқының, бүкіл адамзаттың асыл мұратына ұмтылуы, оған жету
жолындағы күресі.
Азаматтық- адам тұлғасының жетекші сапаларының бірі. Іс-әрекет, қарым
қатынас және қарым-қатынас тәрбие жүйесімен қалыптасады. Азаматтықтың мәні
адамдық міндеттерін және борыштарын санаулы, белсенді атқару құқын орынды
пайдалану, қоғам белгілеген ережелерді дәл орындау болып табылады.
Ақыл- ойлаудың таным қабілеті дамуының жоғары басқышы, жаңа білімінің
шығармалығы, адамның жүріс-тұрғысында және бүкіл өмірлік іс-әрекетде
орындылықтың болуы. ақыл атауы ойлау қабілетінің синониміне ретінде жиі
қолданылады. Ақылдың болуы, ақылды болу қарқынды және нәтижесі ақыл-ой іс-
әрекетіне қабілеттің болуы деген сөз.
Ақыл-ой тұжырымы- бір немесе бірнеше пікірлерден жаңа, туынды пікірді
алудың логикалық тәсілін көрсететін ойлаудың түрі.Ақыл-ой түйіні алғы
шарттан (бастапқы пікірден), қорытындыдан (алғы шарттан тұжырымға көшуден)
тұруы. Білімдердің ғылымда және тәжірибеде дамуы, құбылыстардың мәні болып
танылуы, олардың заңдылықты ара байланыстарының айқындалуы ақыл-ой тұжырымы
нақты құбылыстарға баға беру, теориялық және тәжірибелік мәнді
ерекшеліктерді дәлелдеу барысындағы ой-пікірлердің негізін құрайды.
Ақыл-ой тәрбиесі- тәрбиенің басқа салаларымен үздіксіз байланысты
ойлаудың шығармалық қабілеттерін мақсатқа сай дамыту.Ойдың жұмысы адам
өмірінің шарттары мен жағдайларында болатын обьективтік қарама-
қайшылықтарды шешуге әрдайым бағытталып отырады.
Әдіснама (методология) - (грек тіліндегі methoolos -зерттеу жэне тану
жолдары, logos - тцсінкі, ілім) -теориялық және практикалық жұмыстарды,
сондай-ақ осы жүйе туралы ілімді кұру және ұйымдастыру принциптері мен
әдістерінің жүйесі.
Әдеп- игі әдетпен, өміршең әдет-ғұрыппен қалыптасқан ұлттық
мәдениеттің көрінісі, мәдени үрдістердің, имандылықтың тірек-негізі.
Әдептілік -белгілі моральдық нормалар мен принциптерді бұлжытпай
орындау. Егер моральдық нормалар мен принциптер кісінің бойына сіңсе, ол
адамдардың әдептілік қасиеті не әдептілік сезімі болып
саналады.
Әдет-ғұрып-белгілі ситуациялардағы адам мінез-құлқының қайталанатын
әдетті дағдылары.
Әлеуметтік құбылыс- қоғамдық өмірдің ішкі мәнін ашатын нақты сыртқы
көрінісі ретіндегі деректер, оқиғалар ,барыстар жиынтығы. Әлеуметтік
шындықтың теориясын,оның зерттейтін заңдарымен заңдылықтарын ұғынып алу
танысу субьектінің құбылыстар мәніне енуі болып табылады. Бұл өзара тығыз
байланысты құбылыстар мәніне енуі болып табылады, нақты оқиғаларды ,
деректерді, барыстарды талдау арқылы жүзеге асып, нәтижесінде адам қоғамдық
дамудың жалпы заңдылықтары жөнінде қорытындағы келеді және оларды
тәжірбелік іс-әрекетіне басшылыққа алу мүмкіндігіне ие болады.
Атрибуция - адамның жүріс - тұрыс себептерімен дәлеледенген жеке
қасиеттерін, мінезін, оның іс - әрекетін кәдімгі талдау негізінде баска
адамға
тапсыру.
Балажандылық- қазақ халқы үшін болмыстағы баға жетпес байлық - ол
бала, баланы қазақ халқы өмірімнің жалғасы, ұрпағын, ата кәсібін
жалғастырушы деп бағалап бала тәрбиесіне көп көңіл де бөле білген. Қазақ
халқы бала туралы өз пікірлерін: "Артыңда байлық қалғанша бала қалсын", "Ер
адамның алдында ашылатын есігі болсын, әйел адамның алдында тербететін
бесігі болсын" - деп орынды бере білген.
Гуманистік- адам сүйгіштік, адам мен қоғамдық қасиеттерге құрметпен
қарау
Гетереостереотип - басқа халықтар өкілдері туралы бағалау пікірлер
жинағы.
Даму- өзіне тән ерекшелігі бар сапалық қозғалыстың турі. Құбылыстардың
пайда болуы мен жойылып кету дамуға байланысты. Кез келген баму уақытпен
байланысты болады. Дамудың бағытын тек уақыт анықтайды
Дәлелдеу -әйтеуір бір қағиданың ақиқаттығын осымен байланысты бар
басқа ақиқаттар және пайымдаулар көмегімен тауып алудағы логикалық амал.
Дәлелді пікір ғылыми ойлау өрнегінің ажырамас белгісі, ғылыми сенімдерді
қалыптастыр кезеңі. Сондықтан ұстаздық жумыста дәлелдеу тактикасы мен
методологиясы маңызды орын алады .
Дәстурлер -ұзақуақыт бойына қоғамда адамдар арасындағы қатынасқа
сақталып ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әлеумттік және мәдени мұралардың
құрыамды болігі.
Идеал -Идеал – ұмтылысты қажет ететін, бірақ ешқашан жеткізбейтін,
адам ақыл-ойына қажетті басшылық (И.Кант). Мораль идеалы ол: жан-жақты,
абсолютті, ізгілік туралы елестері дұрыс, адамдар арасында кемеліне келген
қарым-қатынас бейнесінде, адамгершілігі мол жеке бастың жоғарғы үлгісі.
Инициация - сол немесе басқа ұлыстарда бар әрекеттер таптамасы осы
аркылы және адамның әлеуметтік мәртебесі ресми түрде ауысып бекітіледі.
Мораль- (лат.moralis-әдет-ғұрып)-әлеуметтік шындықтың этикалық
сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып
т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі.
Адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын
анықтайтын қауымдық өмір сүру ережелерінің, адамдардың мінез-құлықтары
нормаларының жиынтығы(.
Дәстүр- (лат. traditio-жапсыру, жалғастыру)-тарих барысында
қалыптасып, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана,
қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және т.б.,
қоғамда, ұлтта немесе жекелеген әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойы
сақталатын әлеуметтік-мәдени мұра элементтері.
Дербестік- белгілі бір істі, мақсатты орындауда бөтен адамның
жетегінде кетпей өз білімімен, жігерлілігімен, сенім-қабілетімен шешуге
тырысу.
Жомарттық - Жомарттық дегеніміз- қандай да бір игілікті істі шын
көңілден әрі одан да пайда ойламай, қайтарымсыз істеу. (Жолықсан біздің
жақтың тентегіне, өмірдің қарамайды келтесіне, қонаққа жалғыз атын сойып
беріп, жүген ұстап қалады ертеңіне( деп бір дана адам айтпақшы ата-
бабаларымыз: (Жомарт дос көбейтеді. Сараң мал көбейтеді(-деп жомарттықты
дәріптеп, сараңдықты жамандаған.
Жауапкершілік- адам әрекетінің оның нәтижесінің моральдық нормаға
сәйкестігін және қылық салдарын сезіну.
Негізгі тұлға - осы этностық топтың жеке тұлғамен туыстарын әрбір жеке
тұлғада бар қасиеттер ұғымы.
Кішіпейілділік- Кішіпейіл болу дегеніміз - кісінің өзін ешкімнен
жоғары ұстамауы. Адамның өз ерекшелігін, артықшылығын ешкімге білдірмей,
өзін ешбір адамнан жоғары санамай, халық ішіндегі жай ғана адам ретінде
өмір сүру, баршаға бірдей заңдылықтармен әрекет ету.
Бауырмашылдық-(Адамның баласы-бауырың( деп Абай атамыз айтқандай қазақ
халқына бауырмалдық тән. Кез келген қазақ жөн сұраса келе бір-біріне туыс,
бауыр болып шығады. Жалпы (ағайын( деген сөздің өзі туыс, рулас, кейде
тұқымдас мағынасында айтылады. Ағайын деген сөздің арғы тегі (аға-іні(
деген сөздерден шыққан сияқты, туыстық қарым-қатынас қазақта бір-біріне қол
ұшын беру, көмек көрсету тұрғысында да өзінің кең пейілділігімен,
бауырмалдылығымен ерекшеленеді.
Қанағатшылдық- Қанағат деген ұғым өзін-өзі тоқтатуға байланысты
мағынаны, яғни тойымдық, тоқмейілдік, нысапты білдіреді.
Қауымдасу- қазақ халқына тән ерекше моральдық сапа түрі. Қауымдасу
адамдардың бір-біріне түрлі жағдайда көмек көрсету кезінде анық байқалады.
Мәселен, бұған қыз ұзату, келін түсіру, енші беру сияқты қуаныш кезінде
немесе кісісі өлген үйге аза салу, оның жетісі, қырқы, жылын беру,
кездейсоқ апатқа (жұт, өрт, т.б) ұшырап, мал-мүліктен айрылған туысқа
туыстық жақындығымен шама-шарқына қарай (қосқаным( деп көмек көрсету әдеті
(дәстүрі) де дәлел бола алады.
Моральдық норма- жеке бастың мінез-құлқын бағыттап қана қоймай оны
бақылауға және бағалауға мүмкіндік беретін қоғамға қажетті мінез-құлық
үлгісі.
Моральдық сана -басқа да саяси, құқықтық, діни, эстетикалық сияқты
адамдардың әлеуметтік тұрмысын бейнелейтін қоғамдық сана формасы.Моральдық
сана адам әрекетін, оның қоғамдық құбылысын, оларға өзінің жағымды,
жағымсыз көзқарасын білдіреді, оларды қажетіне орай мадақтайды немесе
талқылайды, сынға салады, демек моральдық сана адам қылығын бағалаушы.
Моральдық сезім- моральдық нормамен реттелетін жеке бастың өзінің
қылығына және әрекетіне деген қобалжу.
Моральдық этикалық дәстүр- тарихи даму барысында көпшілік тарапынан
қалыптасқан мораль элементтерінің (норма, құндылық, принцип, категориялар)
дәстүрдегі көрінісі.
Намыс -адам қасиеттерінің арқауы. Намыс - адам өмірінің әр сатысында
әр түрлі байқалады. Ол - "мен, мен" - деген сәби намысы, өзін-өзі біле
бастаған балғын жастың жігіттік намысы, бойжеткен ару қыз намысы, азаматтық
намыс, ұлттық намыс. Демек, намыстың ауқымы кең. Қазақ - намысшыл халық.
Оның "Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді" деген мақалы намыстың не
екендігін ұқтырғандай.
Парасаттылық- Парасат... Адамның адамдығын, халықтың халықтығын,
мемлекеттің мемлекеттігін ұстап тұрған моральдық сапа.
Рәсімдер - Игі іс-әрекеттің ұлттық көрінісі
Рәміздер - Этностық (ұлттық) белгілер мен жоралғылар (Таңба,
белгі, ту т.б)
Салт - Ұлттық дәстүрдің берік қалыптасып, өмір заңдылығына айналуы,
этностық тіршілік
Салт-сана - Әдептің, дәстүр мен әдет-ғұрыптың халыққа, халық санасына
сіңіп, ұлттық мәнде көрінуі
Сенімдер - Дінге, болашаққа, игі іс-әрекеттің келешегіне сену,
көрегендікке бейімдеу
Табандылық- қабылдаған шешімді жүзеге асыру үшін ұзақ уақыт бойы
жігерлік таныту.
Тыйымдар - Жамандыққа қарсы жасалынатын әрекет, тәлім-тәрбиелік заңды
нұсқау, тәртіптілікке үйрету
Ұждан- адамның өз қылығына, ойына сыни баға беруі, мұратына (идеалына)
үйлесімсіздігін сезінуі мен моральдық борышты орындай алмауы. Ұждан адамды
тәрбиелеу және әлеуметтендіру кезінде қалыптасады.
Ұждан эмоционалдық феномен. Ол өзін-өзі кінәлаудан, қынжылудан, қобалжудан
көрініс табады.
Этика- (гр. ethos-дағды, әдет-ғұрып)-зерттеу объектісі мораль болып
табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Этика құл иеленушілік құрылыстың
қалыптасу кезеңінде пайда болып, қоғамның стихиялы-дағдылы моральдық сана-
сезімінен философияның негізгі құрамдас бөліктерінің бірі ретінде, нақтылық
туралы нағыз теориялық білімнен өзгеше, не істеу керекекені туралы
(практикалық( ғылым ретінде бөлінді(. (философиялық сөздік)
Этникалык бірігу - этникалық қауымдарды жақындату процесі.
Этникалық контакт - түрлі ақпараттар жэне мәдени құндылыктармен
алмасу барысында нақты халақгар өкілдерінің бір - біріне ықпалын тигізетін
этносаралық әрекеттестіктердің формасы.
Конформ этносы - жеке адамдар тобының ұлттық әдет - ғұрыптарға, жүріс
тұрысына ұлттық ерекшеліктеріне және стериотиптерді ішкі кедергісіз
меңгеру және жеткілікті мағынадан түсілу арқылы көрінетін бейімділігі.
Кросс - мәдени этнопсихологиялық зерттеу - түрлі ұлттарға этностық
қауымдар өнімдерінің тұлға аралық байланысында және өзара әрекетінде
көрінетін көрініс.
Ұлттық намыс -Туған елінің ар-намысын қорғау, ұлттық мұраларды
қастерлеу, ата дәстүрін аялау, адам сыйлау.
Халықтық психология - белгілі бір ұлтқа жататын жеке тұлғаның
психологиялық ерекше тұйық білім
Ырымдар - Жақсылыққа құштарлық, жақсылыққа ниет етумен жасалынатын
әрекет, игі сенім
Этнопедагогика - халықтың (этностың) тарихи өмір тәжірибелерін
жүйеліп тұжырымдаған ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылым (Ә. Табылдиев).
Этностық дискриминация - нәсіл мен ұлтына қарап адамның азаматтық
құқымен мүдесіне қасақана қысым жасау.
Этностық контакт -әртүрлі ақпараттар мен мәдени құндылықтар алмасу
барысында әр халақтың бір - біріне ықпал жасайтын
этносаралық әрекеттестік.
Этностық топ - тіл мен мәдениеттің, діннің маңызды ерекшеліктерін
сақтай алған халақтық окшау бөлігі.
Этностық толеранттық- басқа этнос өкілдерінің бейтаныс өміріне мінез -
құлқына, салт - дэстүріне, сенімдеріне шыдамдылық білдіру.
Этностық кикілжің - көзқарастары мен мүдделерінің бір - бірімен
үйлеспеуінің нәтижесінде этностардың өзара наразылығы.
Этномадени бейімделу - адамның психологиялық немесе әлеуметтік
дағдылануы.
Этникалык ассимиляция - бір халақтың екінші халақпен оның тілін, әдеп
-ғұрып, ұлттық сана - сезімін жоғарлату жолымен бірігу нәтижесі.

2. Этнопедагогика пәні бойынша дәрістер кешені

1-дәріс. Этнопедагогиканың методологиялық негіздері.
Мақсаты: Этнопедагогика ұғымына анықтама беру, түсіндіру. Халықтық
педагогиканың мазмұнын және негізгі қызметтерін айқындау.
Негізгі ұғымдар : Этнопедагогика, халықтық педагогика, этникалық қауым,
этнос, тәрбиелік мәдени мұра.
Жоспары: Халық педагогикасының мазмұны және негізгі қызметі.
Этнопедагогиканың басқа ғылыми салаларымен байланысы.

Этнопедагогика - белгілі бір халықтың , тайпаның өзіне тән ерекшелігі
бар дүниетанымдық, тәрбиелік мәдени мұрасы, халықтық ғылым болып табылады.
Этнопедагогика-халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап
жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.
Этнопедагогика - этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін
педагогикалық білімдердің жаңа саласы.
Педагогиканың дамуын халықтың педагогикалық дәстүрлерімен бірге
қарастыру тек қызығушылық туғызып қана қоймайды,сондай-ақ тарихи
-педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының , ғылыми педагогикалық
теориялардың өмірге икемділігін оларды келешекте зертеудің қажетті
екендігін тексерудің де айғағы.
Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі тарихи педагогикалық даму
заңдылықтарына ие.Осыған орай оларды жалпы және даралық тәртіптегі
элементтер құрайтынын; жалпы заңдылық этностық тәрбиенің қоғамдық
болмыс,өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы,оның қайта
құрылуына тәуелділігімен анықталса; даралық заңдылық этнопедагогиканың
ұлттық адамшылық табиғаттың адамгершілік тұрғыдан қорғалуын, генефондты
сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін
көрсету басты міндет болып табылады.
Этнопедагогиканың халыққа білім беру саласында қолданылу
жағдайларымен байланысты мәселелер проблеманың өзіне және оның шешілу
жолдарына толық түсіндірме беру арқылы баяндалғаны тиімді.
Дәл сондықтан да этнопедагогиканы алдымен оқу тәрбие процесіне кеңінен
енгізудің негізгі жолы өткен кезеңдерде қисынсыз алынып тасталған халықтық
және табиғатпен үйлесімділік педагогикалық принциптерін жаңарту екендігі
арнайы атап көрсетіледі. Халықтың педагогикалық даналығы халықтық тәрбие
құралдарын толық пайдаланған жағдайда дәл осылар педагогика ғылымын
байытуға; халыққа білім беруді жаңартуды жүзеге асыруға; отбасы, балабақша,
кәсіби оқу орындары тәрбие проблемаларын шешудегі одағын нығайтуға елеулі
үлес қосатын бастау болып табылатындығын ескеру керек.
Этнопедагогикадағы бала денсаулығы мен денесінің жетілуі жөніндегі
қамқорлық, ақыл ой, мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік эстетикалық
тұрғыда бағыттау, мінез құлықты реттеу , өзін өзі тәрбиелеу мен қайта
тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтитын аса
бай фактілермен танысу болашақ мамандарды оқылатын материалға қызығушылығын
арттырады.
Құрылымында этнопедагогика элементтері бар немесе өзге өлшем мен
көрініс беретін сабақтар жобаларын кластан тыс жұмыс түрлерін дайындап,
өткізу; этнопедагогикалық тақырыптарды үйірмелер жұмыстарының
бағдарламаларына енгізу, этнопедагогикалық факультативтар ұйымдастыру,
халық педагогтары шығармалары бойынша класс сабақтары циклін ұйымдастыру,
тарихи этнопедагогикалық тақырыптамалар бойынша жоғарғы кластар үшін кештер
дайындау, арнайы этнопедагогткалық газеттер, хабарламалар ұйымдастыру және
өткізу әдістемелері жайлы бірізділікпен баяндаудың студентті этнопедагогика
материалдарымен жұмыс істеуге баулудың мәні ерекше.
Адам баласы оу бастан өз ұрпағын өмірге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп
келгені көпке аян. Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми теориялық заңдары бар
педагогика ғылымы өмірге келгенше де адамзат тәрбие ісімен айналысып бақты
. Оның қағазға түспеген, бірақ халық жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан
ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл ақыл, өсиет өнеге, қағида болып тарап
келген білім білік, тәлім тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық
педагогика деп аталады.
Тарихи педагогикалық әдебиеттерде соңғы уақытта Халық педагогикасы
деген ұғымды зерттеушілер бір біріне қарама қайшы төрт тұрғыдан қарастырып
жүр.
Олардың біріншілері: халықтың санасына тән рухани құбылыс деп қараса;
екіншілері: әр халықтың педагогикалық тәжірибесі; ал үшіншілері. Халықтық
педагогикалық ойлар мен іс әрекеттерәнәі бірлігі, төртіншілері: халық
тәрбиесі туралы өғылым деп қарайды.
Халық педагогикасының теориялық негіздерін зерттеуші ғалым Е.Л.
Христова халық педагогикасын халықтың таптық педагогикалық санасы деп
қарастырады.
Зерттеуші педагог Г.С. Виноградов халық педагогикасын халықтың
педагогикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, оны білім
мен дағдылар жиынтығы деген пікірді құптаған.
Халық педагогикасымен ұзақ жылдар бойы айналысып, келелі үлес қосқан
көрнекті ғалым Г.Н. Волков педагогикалық әдебиеттерге тұңңғыш рет
этнопедагогика деген ұғымды енгңзген. Этнопедагогика халықтың жас
ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі туралы, олардың педагогикалық көзқарастары
туралы ғылым. дейді Г.Н. Волков.
Халықтық тәрбиенің түрлі аспектілері сөз болған бірқатар зерттеулерде
(Битиева Н.Б, Қыдырәлиева К.Н, Насруллаева Н.Н, Байман Ф.Е, т.б.) халықтық
педагогикалық білімдерінің жиынтығы ішінде, әсіресе патриоттық
тенденциялардың, отбасы тәрбиесі және адамгершілік жайлы қағидалардың,
эстетикалық, еңбек және ақыл ой мәселелеріне қатысты түсініктердің орнын
бөліп атайды.
Халықтық педагогикалық білімдері комплексті және синтетикалық сипатта
деп бағалауға әбден болады. Себебі аса ауқымды педагогикалық мәліметті
қабылдап, оны жадында сақтау және келер ұрпаққа дәлме дәл жеткізе алу үшін
ойды жинақтап айтудың тиімді жолдары мен түрлері қарастырылған.
Халқымыз ғасырлар бойы өз ұрпағын адамгершілікке, елжандылыққа,
отансүйгіштікке тәрбиелеп келеді. Осы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан
дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі халықтық педагогика болды деуге болады.
Халықтық педагогика салт дәстүр, жол жора, қонақ күту рәсімдері, ел
жұрт, ру тайпа, қала берді бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған
тәлім тәрбиенің түрі, адам мінезі, іс әрекетін қалыптастырудың белгілі
нормасы болып табылады.
Этнопедагогиканың зерттеу әдістері жиі сөз болған жекелеген авторлар
еңбектерінде әдет ңұрыптар мен дәстүрлер халықтық сенімдер, ойындар мен
ойыншықтар жөніндегі этнографиялық материалдардың халықтық тәлім тәрбие
мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы атап көрсетіледі.
Этнопедагогика кең теориялық қорытындылауды талап ететін
проблемалармен қатар, фактілік материалдар жинақтау, тереңдеп зерттеу мен
талдауды қажет ететінг жекелеген мәселелер де аз емес.Оның алдында шешілуі
ең қиын алдымен педагогика мен этнографияға мәнді жәрдемін тигізетін өзекті
міндеттер тұр.
Диалектикалық ілімге сүйене отыра этнопедагогика ұдайы мұрагер болу
жаңару және жаңаны тудыру процесінде өмір сүретін қозіалысты жүйе деп әбден
қарастыруға болады.Мұнымен байланысты этнопедагогикада жаңа құбылыстардың
пайда болуы және алға басуы; XX ғасырдың басына дейінгі және одан кейінгі
кезеңдерді этностық педагогиканың даму тенденцияларын ашып көрсетуге елеулі
орын берілуі қажет.
Этнопедагогика білімдерін қолдану рухсыздыққа, ұлттық жоққа шығаруға,
тарихи ессіздікке нақты тосқауыл қояды ғ балалар мен жасөспірімдерге
халықтық құндылықтар мен дәстүрлер, ұлттық мәдениет мұрагерлері ретіндегі
адамзаттық борышын жете түсінуге , оларды өзінің ата аналары, өткен ұрпақ ,
бүтін халық ісін жалғастыруға үйретуге көмектеседі.
Этнопедагогикалық қарастыруда тәрбие қоғамдық құбылыстың бірінен
өзгесіне заңды ілесіп отыруы, яғни мінез құлықтың табиғи формасы ретінде
алға шығады.
Этнопедагогика зерттеудің кең көлеміне не оның алдында үлкен өзекті
міндеттер тұр. Оның қалыптасуының қазіргі жағдайда халықтың педагогиканың
әрекет ету аясын анықтау оның бүгінгі тәрбие мен өзара байланысын айқындау
аса маңызды.
Этнопедагогиканың практикаға жол табуы ол қазіргі педагогикалық
теорияны жан жақты қолданғанда ғана мүмкін . Сонымен бір мезгілде
этнопедагогиканың көптеген қоғамдық , гуманитарлық және психологиялық
ғылымдардың өзара ықпал ету шеңберіне енуінің принципті мәні бар.Бұл
этнопедагогикалық материал мен бастаулары елеулі кеңейтеді, оны үлкен
тарихи тәжірибесі бар ғылымдар методтарымен қаруландырады және сонысымен де
аса кең теориялық қорытындылаулар үшін қолайлы жағдайлар
туғызады.Этнопедагогикалық ізденістерді этносоциологиялық зерттеулердің
құрамды бөлігі ретінде қарастыру жемісті болып көрінеді.Кез келген ғылым
секілді этнопедагогикаға да теориялық тереңдікпен ұштасатын кеңестік керек,
мұның өзі эмпирикадан тек теориялық қорытындылауларға көшкен жағдайда өана
мүмкін болады.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1.Этнопедагогиканың принциптері, міндеттері, қызметтері, негізгі
түсініктерін атаңыз.
2. Басқа ғылыммен өзара байланысын анықтаңыз.
3. Этнопедагогика ұғымының мәнін ашыңыз.
4. Этнопедагогиканың зерттеу әдістерін көрсетіңіз.
5. Этнопедагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысын анықтаңыз.
Әдебиеттері:
1. Айдаров I., Орхон ескерткіштерінің тексті, Алматы,ғ, 1990
2. Алтынсарин Ы., Таңдамалы педагогикалық мұралары Алматы, 1991
3. Арғынбаев X, Қазақ халқының қол өнері, Алматы, 1987
4. Қосков Г.Н., Этнопедагогика Чебоксары, 1990
5. Баласағұн, Құтты білік, Алматы, 1995
6. О. Табылдиев. Қазақ этнопедагогикасы А-2001ж

2-дәріс. Этнопедагогика және оның қалыптасуы мен дамуының тарихы.
Мақсаты: Этнопедагогиканың пайда болу тарихымен таныстыру, оқушыларға қазақ
этнопедагогикасын баяндап, ғалымдардың шығармаларындағы тәрбиенің халықтық
қағидасымен таныстырыру. Халықтың әлеуметтік тәжірибесі мен халықтық
дәстүрлері педагогикалық ойдың дамуының негізі екенін түсіндіру.
Негізгі ұғымдар: Әлеуметтік тәжірибесі, жас ұрпақ тәрбиелеу, халықтық
қағидасы, Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев,
К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин.
Жоспар: Халықтық әлеуметтік тәжірибесі мен халықтық дәстүрлері
педагогикалық ойдың дамуының негізі ретінде. Орта ғасырдағы Орта Азия және
Қазақстанның жас ұрпақ тәрбиелеудегі халықтық педагогикалық дәстүрлерінің
мәні туралы. Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев,
К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин шығармаларындағы тәрбиенің халықтық қағидасы.

Қазақтың халықтық педагогикасының даму кезеңдері. (шартты түрде)
Бірінші Екінші Үшінші Төртінші Бесінші Алтыншы Жетінші Сегізінші
дәуір дәуір дәуір дәуір дәуір дәуір дәуір дәуір
Б.д.д. Б.д.д.
Тас , қолаVII -IIIVI – IX X - XV XV – XVIII XVIII –XX 1920 1991ж. –
замандары ғ.ғ. ғ.ғ. ғ.ғ. ғ.ғ. аралығығ.ғ. 20 ж. -1990 кейінгі
б.д. V аралығы аралығы дейін ж.ж. егеменді
ғ. дейін аралығы ел
Алғашқы Сақтар Ұлы Араб Қазақ Қазақстан Кеңестік Тәуелсіз
қауымдық мен түрік Шығыс хандығы Ресейге дәуір Қазақстанд
құрылыс ғұндардықағанатымәдениетікезінд егі қосылу дегі ғылыағы қлттық
кезіндегі ң кезіндег,орта ұлттық тәлімкезіндегі ми тәлім
тәрбие. жауынгері тәлім ғасыр тәрбие ұлт азаттық педагогиктәрбиенің
лік тәрбие. ойшылдарыкөріністері қозғалысыменаның өркен
тәрбиесі ның (жыра ағарту қалыптасужаюы.
. тәлімгерлулар шылық ы.
ік ой поэзиясындағдемократиялы
пікірлеріы тәлімдік қ бағыттағы
. ойлар). тәлім
тәрбие.

Халықтық тәрбие тарихи даму процесіндегі тірі дене болып табылады.
Табиғатқа сәйкестілік, табиғи салдарлар қағидасы өте қарапайым түрде
болса да, олардың педагогика ғылымында негіздеуінен көп бұрын халықтың
ауызша шығармашылығында көрініс тапты. Тарихтың тәрбиелік мәнін есте ұстай
отыра ел қорғаған, халық тыңыштығы үшін күрескен көсемдер мен осы тарихи
оқиғаларға арналған ауызша халықтық шығармашылықтың өзі халықттың азаттық
қозғалысы тарихын өзіндік және қарапайым түрде бейнелеп және келешек
ұрпақтың рухани- адамгершілікті тұрғыда қалыптасуынаықпал жасайтынын
ұмытпау керек.
Халықтық педагогиканың әлеуметтік бағыттылығы, әсіресе көне жазба
ескерткіштерде мақалдар мен мәтелдер, ертегілер мен жырлар, бата, тілек
секілді тәрбие құралдарында толығырақ бейнеленген. Олардың шығу тегі мен
тарихи дамуына есепке алып сипаттау, тарихи- генеикалық тұрғыдан қарастыру
халық педагогикасын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді және оның
демократиялық сипатына назар аудартады.
Әрине, этнопедагогика тарихында ертедегі Қазақстандықтардың еңбекке
тәрбиелеу дәстүрлері мен кәсіпке үйретушілік жүйесі, әртурлі қозғалмалы
ойындары мен жарыстары, саналуан әдет- ғұрыптар мен өмір салтары терең із
қалдырды.Халықта эстетикалық тәрби берудің өзіндік үлгісі болады. Оның
сипатты ерекшелігі еңбек тәрбиесімен тығыз байланыстылығы. Бұл ең алдымен
еңбек құралдарын шебер және сәнді безендіруден, өңдеуден көрінді. Олар
ыңғайлы ғана емес, көзді қуануы, көңіл- күйді көтеріндей әсем де болуы тиіс
еді. Мұндай көркемдік талғам ғасырлар бойы тәрбиеленген.
Тәрбиенің мәңгілігі, қажеттілігі, қасиеттілігі жайлы ой түркі
жазбасының ертедегі ескерткіштерімен дәлелденеді. Бұл тұрғыда ерекше
қызығушылық туғызытындары және үлгі боларлықтары, әсіресе, орхон
ескерткіштері (VII-VIIIғғ.). Мұнда халық педагогикасының күрделілігі және
көпқырлығы бейнеленген. Оларда ата- анаға құрмет, адалдық пен әділеттілік,
еңбекті құрметтеу, жаудың алдыңда қаймықпау, білуге құмарлық, қарттар мен
үлкендерге қайырымды және сыпайы қарым- қатнас және т.б. ойлар айтылады.от
Орхон ескерткіштерінде жекелеген педагогикалық жаңалықтар да
баршылық: бұл болашақ батырлардың жас кезеңдеріне сипаттама, достар мен
жаулардың мінезқұлықтық өзгешеліктерін бағалауға ұмтылыстар; халық мүдделі
сапалардың тұлға бойында болуы үшін оның тиімді ықпал ету шарттарын
қарастыру, мінез құлықты отанға қызмет етуді үйрете отыра, жоғары
мақсаттарға бағыттау.
Педагогикалық мәдениеттің деңгейі жөнінде тек нақты
педагогикалық ескерткіштер мен шығармалар бойынша ғана емес, сондай-ақ
тәрбиеленушілер мен олардың өлмес мұралары арқылы да пікір айтуға тура
келеді. Осындай педагогика ғылымына жуықтап келген халық педагогтары барлық
кезеңдерде, барлық халықтарда да болады. Олар кейін пайда болып дамыған
халықтық негіздегі демократиялық педагогикалық жүйеге жағымды жағдайлар
туғызады.
Өткеннің көрнекті педагогтары халықтың педагогикалық көзқарастарын көп
көңіл бөлді. Тәрбиенің халықтығы, табиғат пен үйлесімділігі идеясын
дамытты, халық педагогикасынан мысалдарды халық даналығының бейнеленуі
ретінде пайдаланды.
Кез келген педагогтың данышпандығы мен ұлылығы халықтық
педагогикалық мәдениетке жақындығымен, оның рухани қазынасының тереңіне
мейлінше бойлау қабілетімен өлшенеді.
Творчествалық күшті халықтан оның өмірінен, халықтық шығармашылықтан
және онда көрініс берген тәжірибеден жинақтаған осындай көрнекті
тұлғалардың бірі Ш.Уалиханов. Ол өзінің педагогикалық қызметін халық ауызша
шығармашылығы туындыларын жинаудан бастады. Халыықтық эпостық поэма Қозы
Көрпеш және Баян Сұлу, қырғыз эпосы Манас, халықтық әдет-ғұрыптар,
жастар мен балалар ортасы дәстүрлері т.б. – мұның бәрі Ш.Уалиханов көрініс
тапты.
Халыққа білім беру үшін ең алдымен оның рухын түсіну керек. Өзінің
ағартушылық қызметінде Ы.Алтынсарин осы ережені басшылыққа алды. Оның
бірқатар шығармалары халықтық салықтардың жағымды және жағымсыз тұстарын
зерттеуге олардың тәрбиелік мәнін айқындауға арналған.
Көрнекті ғалым, ағартушы демократ отбасы және қоғамдық тәрбиенің озық
дәстүрлерін ардақтап, сақтау және қажырылқпен дамытуға қызу үндейді.
Халық педагогтары- потриоттар әрекеттерінде ортақтық мол. Халықтың
педагогикалық даналығы Абайдың бүкіл қоғамдық қызметі мен идеялары ауммағын
қамтиды. Оның тәрбие мақсаты мен бағыттры жайлы ойлары халықтық, талаптары
халықтық, көптеген шығармалары ммазмұны халықтық. Халық мақал- мәтенлдерін
ол өзіне тірек, сипаттауды керек етпейтін қағида ретінде пайдаланады,
олардан өз ойларына дәлелдемелер табады.

№ Ғалымның аты Нақылдары, ойлары
1 Я.А.Коменский Ағайынды чехтарды тәрбиелеудегі халықтық
дәстүрдің жақсы нәтижелеріне сүйене отырып,
баланы жастайынан еңбекке және жақсы
мінез-құлыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсетіп
берді.
2 И.Г.Песталоцци Тәрбиені ана тілінде оқытатын халықтық
мектептердің бай тәжірибесіне негіздей отырып
жүргізуді мақұлдады. Ол адамның ақыл-ойының
қалыптасуы, дұрыс дамуы ұлт тіліндегі оқудың
мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға
байланысты деп ерекше атап көрсетті. Бала
тәрбиесі оның дүниеге келген күннен басталуы
керек. Баланың дүниені түсінуі жанұяда
басталып, мектепте әрі қарай жалғастырылуы
шарт деген қағиданы ұсынды.
3 К.Д.Ушинский Орыс халқының бала тәрбиесі сол халықтың сан
ғасырлық тарихымен тығыз байланысты, тәрбиенің
негізін халықтың жақсы-жаман дәстүрінен
іздестіру керек.

Балаларды өткен тарихпен таныстыру жөніндегі халық қамқорлығы ерекше.
Еркіндікке сүйіспеншілік пен рух өн бойын көктей өтетін қазақ халқының
батырлар жырлары мақтануға тұрарлық. Олар ерекше шабытты талап ететін дара
көріністер. Өткеннің ерліктері аңыз- әңгімелер, жыр- дастандарға өзек
болған. Мәселен, ру- тайпалардың ұлыстық дәуірдегі осындай туындыларына
Алып батыр, Қорқыт жөніндегі аңыздар, Оғуз, Алпамыс, Күлтегін туралы жыр
дастандарды атауға болады.
Олардың бала санасына ықпалы үлкен. Өз отбласы, руы, тайпасы, отанына
сүйіспеншіліксіз өткен тарихына мақтанышсыз халық өз этникалық даралығын
сақтап қала алмайтын еді. Балаларға батырлар барлық уақытта халықтық жоғары
сана мен даралықтарды алып жүруші екендігі жайлы ойдың сіңірілуі осымен
түсіндіріледі.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1.Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский,
Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың халықтық педагогикалық
көзқарастары.
2. Ғалымдардың еңбектеріне хронологиялық таблица жасаңыз.
Әдебиеттері:
1. Айдаров I., Орхон ескерткіштерінің тексті, Алматы,ғ, 1990
2. Алтынсарин Ы., Таңдамалы педагогикалық мұралары Алматы, 1991
3. Арғынбаев X, Қазақ халқының қол өнері, Алматы, 1987
4. Косков Г.Н., Этнопедагогика Чебоксары, 1990
5. Баласағұн, Құлты білік, Алматы, 1995

3-дәріс. Тұлға қалыптастырудағы халықтық педагогиканың негізгі факторлары.
Жоспар: Тұқышқуалаушылық, орта, тәрбиеге деген халықтық көзқарас. Табиғат.
Қарым-қатынас. Тұрмыс. Балалар ортасының уақытша топтар, артельдер,
ұжымдар. Халықтық ойындар, жарыстар.
Негізгі ұғымдар: Тұқышқуалаушылық, орта, тәрбие, халықтық ойындар,
Мақсаты: Отбасында, қоғамдық ортада баланы тәрбиелеуде халықтық
педагогиканың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оны жеке тұлға етіп
қалыптастыру. Жаңа қоғамның жас отбасыларын қазақ халқының тәрбиелеудің
дәстүрлі әдістері жайлы хабардар ету. Балаға өз ұлты мен отанының
ерекшеліктері жайлы ақпарат беру.

Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканы қолдану – жан-жақты
дамытушы фактор болғандықтан, әлеуметтендіру процесі де жүзеге асады.
Жаңылтпаш, ауызша поэзия және тағы басқа халық ауыз әдебиетінің
түрлері баланы моральдық құндылықтарға баулып қана қоймай, кішкене кезінде
тіл мүкісін болдырмауға қолданылатын құрал.
Халықтық педагогика ғасырлар бойы қалыптасып, шыңдалған сенімді де
құнды құрал болып қала бермек. Бұл тәрбие әдісі өз күшін бүгінгі таңда да
жоғалта қойған жоқ.
Тәрбиенің халықтық жүйесінің қалыптасуына ықпал еткен жағдайлар. Мектептер
пайда болғанға дейін тұлға қалыптастыруда ғасырлар бойы қалыптасқан
тәрбиенің халықтық дәстүрлері шешуші роль атқарды. Халық ұрпақтан ұрпаққа
өзінің қоғамдық және әлеуметтік тәжірибесін, рухани байлығын, үлкеннің
кішіге құрметі ретінде мұра етіп келді, сол арқылы қоғамның материалдық
және рухани мәдениетінің тарихын туғызды. Адам мәдениетінің екі саласы
арасындағы сабақтастық байланыс дәл осы педагогикалық мәдениетпен
қамтамасыз етіледі.
Жеткіншектің сезім мен санасына ықпал етудің кешендік шаралары оның
өмірі мен әрекетін ұйымдастырудың саналуан түрлерімен сәйкес келеді.
Жастардың өмірін ұйымдастырудың жиынтық түрлеріне көптеген салттар мен
дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен мерекелерді жатқызуға болады. Өзінің
қызметінде міндетті түрде мерекелік сипатқа ие еңбек дәсүрлері барлық
халықтарда алдыңғы орында. Күнделікті іске айналған ұжымдық көмек, өзара
көмек көмек салтын қалыптастырады.
Халықтық педагогика – халық шығармашылығында көрініс тапқан, тәрбие
ісіне тікелей не жанама қызмет ететін халық шығармашылығының тереңінен
шыққан тәрбие саласындағы түсініктер, көзқарастар, пікірлер, сенімдер,
дағдылар мен тәсілдер.
Көптеген халықтық әдет-ғұрыптар, мейрамдар, салтанаттар өзінің
сезімді мәнерімен, эстетикалық реңділігімен жастарға гуманистік тәрбие
берудің қолайлы және тиімді құралы болды. Бұған көз жеткізу үшін барлық
халықтарға белгілі әдістерді атаса да жеткілікті, бұл – көрсету, үйрету,
сенім, ізгі тілек, өтініш, кеңес, мақұлдау, кінәлау, сөгіс, ескерту,
көндіру, ант беру, жазалау және т. б.
Халықтық педагогиканың халықтық сана ретінде дамуы, тәжірибелер мен
дәстүрлер жинақтауы негізінен қоғамдық тәрбие жүйелері әлі өмірге келмеген
тарихи кезеңге жатады. Демек, табиғат және еңбек – халықтық тәрбиенің
қозғаушы күштері, жетілген адам тұлғасы жайлы түсінікті туғызушы факторлар.
Табиғаттың ықпалы педагогикалық процеске саналылық элементін енгізді,
жетілу жайлы ойды кеңейтті. Табиғаттың эстетикалық ролі мәңгілік, бүкіл
әсемдік табиғатқа тән. Жастардың эстетикалық талғамының артуына табиғаттың
әсер ететіндігі жайлы әрбір халықтың табиғат сұлулығын пайымдаумен
рухтанған жоғары поэтикалық шығармаларынан көрініп тұр.
Осылайша, тәрбиенің мақсаты айқындалып, әлеуметтік тәжірибе, рухани
құндылыұтарды сақтау, жаңғырту, тапсыру, бекіту құралы ретінде дәстүрлер
алға шықты. Жалпыға ортақтық, бұқаралық, тұрақтылық, әсерлі тартымдылық –
дәстүрлерге тән сипат болып сипатталады. Олардың мәні – мұраланған әдет
түрлерін өзгеріссіз сақтауы, бұрыннан қалыптасқан өмір салтына өткеннің
мәдени мұрасы ретінде ұқыпты қатынас таныту.
Дәстүрлердің күші – ұйымдаспаған жаратылысында. Олар көзқарастар мен
тәртіп жолдрын ешкімге күштеп таңбайды, адамды тәжірибелік әрекеттерге
итермелегендіктен, түсініктер мен тәртіп қалыптары қарсылықсыз қабылданады.

Тәрбие дәстүрлерін талдауда халық тәрбиенің барлық салалары қатарласа
жүзеге асуына қамқор болды, тұлға қалыптастыруды оның барлық құрамдарымен
жиынтықта қарастырды және оны тұтас процесс ретінде жүзеге асырды деп
тұжырым жасауға алып келді. Мұның даусыздығы халықтың ауызша
шығармашылығының кез келген жанрымен дәлелденеді. Өлеңдер, ертегілер,
жұмбақтар мен мақалдардың поэтикалық формалары мен мазмұнының саналуандығы
халықтық педагогика жетілген тұлға сипаттарын анықтай отыра, онымен
қатарластыра жетілген тұлға идеалын жүзеге асыру жайлы да қамқор болғанына
куә етеді. Мәселен, ауызша поэзияның аса кең тараған түрі әндер мен
өлеңдерді алайық. Көптеген әндер балалар мен жасөспірімдерді табиғат пен
қоғам жайлы сан түрлі мәліметтермен қаруландырады: тарихи жырлар маңызды
тарихи оқиғалар жайлы жалпыға түсінікті хабарлайды, еңбек әндерінде ғана
емес, сондай-ақ, мерекелік әдет-ғұрыптық, бесік жырларында, тіпті той-
думандарда да басым тақырып болып табылады; өлеңдер жоғары адамгершілік
идеалдарды насихаттайды; бұларда күш пен денсаулық және т. б. дәріптеледі.
Сондай-ақ, жұмбақтардың ақыл-ой тәрбиесінің тиімді құралы, ал мақал-
мәтелдер – адамгершілік тәрбиесі болып табылатындығы белгілі.
Халықтың жекелеген ауызша шығарма жанрларының қызметін анықтап қана
қоймай, оларды тәрбие мен өзін-өзі тәрбилеудің нақты міндеттеріне сай
жекелеген үлкен-кішілігіне қарай бөлінген топтар арасына бөліп орналастыру
атап көрсетуге тұрарлық. Жаңа жұмбақтарды балалар мен жасөспірімдерге
көбіне үлкендер хабарлағанмен, жұмбақтар мен өлеңдерді, мәселен, балалар өз
ортасында құмарлықпен пайдаланады. Мақалдар көбіне үлкендер арасында
кеңінен тараған және балалар мен жастарға тәрбиелік ықпал ету мақсатында
хабарланады, үлкендер өз ортасында оларға сирек жүгінеді; әндер, атап
айтқанда жастар ортасында аса кеңінен тараған, қарттар ән айтпайды десе де
болады.
Тұлғаның қалыптасуындағы ойынның алатын орны. Балалар мен жастар
ортасының аса тиімді құралдарының келесі бірі – ойындар. Халық педагогикасы
оларды бала өсуі, дамуы мен қалыптасуың факторы ретінде көреді. Осыған
байланысты халықтың “Бала өсірген ана бала болып ойнайды, бала оқытқан
ұстаз бала болып ойлайды” деуі осыдан.
Ойын балалар үшін тек жұбаныш пен уақыт оздыру, ойын-сауық пен
қуаныш қана емес. Көптеген балалар ойындарының дене күштерін дамыту,
көркемдікке және адамгершілікке баулуда маңызды мәні бар. Мәселен, балалар
ойындарын этнографиялық және педагогикалық тұрғыдан талдауға ұмтылған Ә.
Диваевтың “Игры киргизских детей” атты мақаласы ғылыми қызығушылық
туғызады. Бұнда ол ер балалар мен қыздардың саз балшықтан жануарлардың
түрлі мүсіндерін жасау, қуыршақтарына киім тігу қабілеттері көрсетіліп,
“Соқыр теке”, “Көк сиыр”, “Бөрік жасырмақ” т. б. ойындарының мазмұнын
ашады. Сондай-ақ, “Қырғыз жастарының көне ойындары” мақаласында тойда,
айттарда ауыл жастарының ат жарыстары “Қыз қyу”, “Көкпар”, “Аударыспақ”
т.б. ойындары жайында мағлұматтар береді. Бұл ойындардың дене тәрбиесін
дамытуда алатын орны еркше.
А. Диваев аталған мақаласында ойынның бала тәрбиесіндегі ролін айта
келіп, жас өспірімдерді үш топқа бөледі:
1-7 жас аралығы – нәресте Ежелгі қазақ ойындары
7-10 жас аралығы – бозбала Қозғалмалы ойындар
15-30 жас аралығы – жігіт Спорт ойындары

А. Диваев : “Бұл жерде менің айтарым, егер қыз баланың қолдан
жасайтын қуыршақтары мен ер балалардың өздерінің балшықтан жасап алатын
жылқы мен түйе сияқты жануарлар мүсіні болмаса, қазақ балаларының
ойыншықтары мүлдем жоқ. Бірақ антропологиялық көзқараспен қарайтын болсақ,
олардың осы ұсқынсыз ойыншықтары баланың өз шығармашылық қиялымен
туғандықтан, құнды болып есептеледі”.
Қазақ халқының өмірінде ойынсыз тірлік бітпеген, тіпті көшіп-
қонуда да жастар аяғын ойынға айналдырып отырған.
XXI ғасырдың бірінші жартсында қазақ даласын Сібірге жер аударылған
поляк А. Янушкевич өзінің жазып жүрген күнделіктерінде қазақтың ойын-
сауығының халықтық тұрмыс-тіршілігімен, әдет-ғұрпымен, қоршаған ортамен
астасып жатқанын таң-тамаша еткенін сөз етеді. “Кешкісін біздің үйде бір
қызық болды. Ол әр түрлі аңдар мен құстардың,әсіресе, түйенің, құланның,
бүркіттің дауысын айнытпай салады. Бұны одан артық айнытпай салу ешкімнің
қолынан келмейді” ,– деп таң-тамаша еткен.
Жаңылтпаш ойыны. Бұл ойынды әуелде тілінің мүкісі бар, әр
әріпті, дыбысты дұрыс айта алмайтын балалар үшін пайдаланған халық
педагогикасының бір саласы. Кішкене кезінде ‘р’-дың орнына ‘и’-ді ауыстырып
айтуға байланысты халық үні, әуені әдемі өлеңделіп:
- Дегенде, ей, Тайқарбай, әй, Тайқарбай,
Қойыңды мол жусанға жай, Тайқарбай,
Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр,
Әй, Тайқарбай, дагенің қай Тайқарбай?
деп балаларға әр дыбысты өз орындарында айтуға дағдыландыру арқылы тіл
мүкісін түзетуге көмектескен ойын түрі.
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканы қолдану – жан-жақты дамытушы
фактор болғандықтан, әлеуметтендіру процесі де жүзеге асады.
Жаңылтпаш, ауызша поэзия және тағы басқа халық ауыз әдебиетінің
түрлері баланы моральдық құндылықтарға баулып қана қоймай, кішкене кезінде
тіл мүкісін болдырмауға қолданылатын құрал.
Халықтық педагогика ғасырлар бойы қалыптасып, шыңдалған сенімді де
құнды құрал болып қала бермек. Бұл тәрбие әдісі өз күшін бүгінгі таңда да
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1.Тұқышқуалаушылық, орта, тәрбиеге деген халықтық көзқарасмағынасын ашыңыз.
2.Табиғат, қарым-қатынас, тұрмыс терминдерінің мағынасын түсіндіріңіз.
3. Халықтық ойындардың қандай түрлерін білесіз.
4. Табиғи ықпалдың алатын орны;
5. Бала қалыптасуына бастайтын маңызды әрекет – ойын. Ойыншықтар.
Әдебиеттері:
Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, Сана, 1995
Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы,
Кітап, 1992
Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары. Бастауыш мектеп-1991-№5 – 26
б.
Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993
Мырзатаева Б.Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002
№5 37 б.

4-дәріс. Халық идеалындағы жетілген тұлға және оны тәрбиелеудің
тәжірибесі.
Жоспар: Халық ұғымындағы тұлға. Балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі халық
ауыз әдебиеті және оның жанрлары, мақал-мәтелдер адамгершілік, имандылық
тәрбиесінің құралы ретінде. Халық ертегілері. Этнос. Аңыздар. Балалар
фольклоры.
Негізгі ұғымдар: Этнос, халық ертегілері, жетілген тұлға, мақал-мәтелдер,
халық ауыз, әдебиеті.
Мақсаты: Қазақ халқының тұрмыс - салты, әдет - ғұрпы жайлы мәлімет беру.
Олардың бала тәрбиесіндегі алатын орны, маңыздылығын түсіндіру. Халық
педагогикасының элементтерін шебер пайдалана білуге үйрету. Халқына, туған
жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімін ояту.

Жетілген адам тәрбиелеудің халықтық бағдарламасы көпқырлы және кең.
Және оны жүзеге асыру құралдары да сан алуан.Жастардың тұлғалық бейнесін
қалыптастыруға бүкіл халық өмірі ықпал етті: бәрі тәрбиелейді, барлығы
тәрбиеледі, бәрін тәрбиеледі.
Адамды жетілдіруді халық мейлінше нақты және анық түсінді: сөзі
жетілген адамның синтездік бейнесі ғана емес, сондай ақ нақты жетілулер
еңбекте, ақыл – ой адамгершілік – құлық, әсемдікке жетілуді қалыптастыруды
қамтамасыз ету жайында болды. Жетілген тұлғаның нақты сипаттары тек тілек –
сөздер төңірегінде болған жоқ, олар тәрбие тәжірибесімен тығыз байланысты
алға шықты, яғни сөз бен істің бірлігі халық педагогикасының қуатты
тұстарының бірі болып табылады.
Халықтық педагогикалық көзқарастарын жүзеге асыру жұмысын мақсатқа
сай қамтамасыз ету мен тәрбие дәстүрлерін бекіту, оларды нақтылау,
толықтыру және жетілдіруге көмегін тигізген жеке сынақ әдісі ел арасында
кеңінен мәлім болды.
Халыққа сөзбен әсер етудің сан түрлі тәсілдері белгілі, сезім мен
санаға ықпал ету шараларының көптеген түрлнрі бар. Дәстүрлі бата – тілектер
әсерлі ықпал етуді көздеді. Балалар достарына, есейе келе өзіне, үлкен
ағаларына, ата- аналарына, ауылдастарына ант берді. Балалар ортасындағы
серттер сөзге, борышқа, достыққа берік болу міндеті сипатында болды.
Халықтық пікір анттарға байыпты қарым – қатынасты ұдайы қолдап отырды.
Балалар мен жастар ортасының аса тиімді құралдарының бірі – ойындар.
Халық педагогикасы олардың бала өсуі, дамуы мен қалыптасуы факторын көреді.
Оның Бала өсірген ата- ана бала болып ойнайды, бала оқытқан ұстаздар бала
болып ойлайды деді осыдан.
Ойындар тек жұбаныш пен уақыт оздыру, сауық – сайран мен балалар үшін
қуаныш қана емес. Көптеген балалар ойындарының ден күштерін дамыту,
көркемдікке және адамгершілікке баулуда маңызды мәне бар.
Халықтық тәрбие түрлері халықтың әлеуметтік өмірінің бүкіл өзге
салаларымен, сенім – нанымдарымен дәстүрлерімен, салттары және әдет –
ғұрыптарымен,шаруашылық кәсібі түрлерімен, қоғамдық тәртіп қалыптарымен
ажырамыс бірлікте алға шығады. Бұл қалыптар орнықты әлеуметтік қатынастар
жиынтығымен бірге ең ақырында, қоғам мүшелерінің әдеттері мен тәртіптерін
белгілейді, белгілі өмірі тәжірибесі сондай – ақ ішкі мақсат пен
дағдыланған әрекеттер тудырып, жеткеншек тұлғасының дамуы мен қалыптасуын
жобалайды және бағыттайды. Қазақ халқының өмірінде ойынсыз тірлік бітпеген
тіпті көшіп қонуда да жастар аяғын ойынға айналдырып отырған. Бұл елдің
ескі бір салты бойынша, көші – қон кезінде жастар әуелі үлкендердің үйін
тігісіп береді. Одан соң жетім қалған үйлерді де тігіседі. Ең соңында отау
үйлерді қалдырып, аяғын ойын – сауыққа айналдырып әкетеді - деп жазған
екне Ғабит Мүсірепов. Ұлпан повесінде.
Өркениетті, мәдениетті елдердегідей мектеп, халық ағарту жүйесі,
институт, университет, баспасөз маңдайына бұйырмаған ата – бабаларымыз жас
ұрпаққа ұсыеар тағылымын бір буыннан екінші буынға толқындай ауыстырып
мирас еткен аса бай ауыз әдебиетіне шоғырландырған. Түз далада не жүйрік –
тіл жүйрік! Тілдің әсерлі, ықпалды құдіретіне сенген. Сол себептен де Ұлы
сөзден ұлағат, демекші, халық педагогикасының нәрімен суарылып, өзінің
тәрбиелік нәрін күні бүгінге дейін жоғалтпай келе жатқан бірден – бір киелі
мұра – фольклор.
Халық поэзиясын көпшіліктің өзі тудырғандықтан, ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндерді оқыту барысында студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
Педагогикалық практиканың жүргізілуі жөнінде оқытушылардың есебі
Жоғары оқу орнында болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру
Студенттердің өз бетімен жұмыс жасау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру
Тәрбие әдістері мен тәсілдері жөніндегі түсінік
Этнопедагогика пәнінің даму жолдары
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ - ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗІ
Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Оқу - тәрбие жұмыстары және педагогикалық жүктеме
Биология мен экологияны оқытуда оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру
Пәндер