Банктің «Депозит» ішкі жүйесін құрастыру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 «Халық Банкінің» ақпараттық жүйелеріне талдау және шолу жасау ... ...
1.2 Банктің ішкі жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.1 Банк салымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2.2 Серіктестіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Бағдарламалық қамтаманы құруға негіздеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.4 Ақпараттық жүйенің құрылымы мен техникалық базасы ... ... ... ... ... ... .

2 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАНЫ ЖОБАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Жүйенің бағдарламалық қамтаманы (БҚ) ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Стандарттық белгілеудің бағдарламалық құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Типтік бағдарламалық құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Арнайы мамандандырылған бағдарламалық қамтама ... ... ... ... ... ... ... .
2.5 Техникалық және аппараттық құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ... ... ... ... ... ..
3.1 Шешім алгоритімін жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2 Тұтынушылық интерфейсін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3 Бағдарламаның құжаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3.1 Тұтынушының нұсқаулы ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.3.2 Программистің нұсқаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

4 ӨМІР СҮРУ ҚАУІПСІЗДІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.1 Өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.2 Өндірістік ғимараттардағы метеориялогиялық ережелер ... ... ... ... ... ...
4.3 Өнеркәсіптік жылу мен (вибрация) дірілдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.4 Өндірістік жарықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4.5 Электір қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.6 Өрт қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4.7 Төтенше жағдайлардың туындауын анықтау және классификациясы ... .
4.8 Ауаны желдету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.9 Желдеткіштің таңдалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.10 Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

5 ТЕХНИКАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ ... ... ... ... ... ... ... ...

5.1 Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5.2 Бағдарламаны енгізудің экономикалық нәтежиелілігі ... ... ... ... ... ... ... ...
5.2.1 Бағдарламаны енгізуге және жасауға кететін шығындар ... ... ... ... ... ...
5.2.1.1 Бағдарламаның алгоритімін жасауға кететін шығын ... ... ... ... ... ... ...
5.2.1.2 Расчет затрат на комплекс технических средств, необходимых для внедрения программы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5.2.1.3 Бағдарламаны ендірумен байланысты шығындардың есептелуі ... ...
5.2.1.4 Бағдарламаны жазуға және негіздеуге кететін шығын ... ... ... ... ... ...
5.2.2 Бағдарламаны тұтыну мен байланысты эксплуатациялық шығындар..
5.2.3 Жылдық эксплуатациондық шығындардың үнемделуі ... ... ... ... ... ... ..
5.2.4 Бағдарламаның бағасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5.2.5 Орын толтыру мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

6 БИЗНЕСТІ ЖОСПАРЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша А: Бағдарламалық өнімді қабылдап өткізу акті
Қосымша Б: Бағдарламаның листингісі
Есептеуші техника құралдарының дамытылуы мен адам іс- әрекетінің барлық салаларына компьютерлердің енгізілуі қарқындап келе жатқан және кері қайтпайтын процесс. Компьютердің қолданылуының әсерлілігі, компьютермен шешілетін функциялар шеңберінің кеңейуі адам еңбек ететін кез – келген аймақта ауыстырылмас көмекші болып отыр.
Қазіргі күнде қаржылық ұйымдар, ал ерекше атап өтер болсақ банктер өз іс әрекеттерін белсенді түрде автоматтандырып отыр, қазіргі бағдарламаларды дамыту аймағында күш сала жұмыс жасай отырып, оны ұсынылатын қызметтер аясында кеңінен қолдануда қамтамасыз етуге күш салып жатыр. Банктер ұсынатын қызметтердің бірі болып комуналды төлем арқылы бюджеттік төлемдерді қабылдау, несиелердің әр түрлерін беру.
Коммерциялық банктердің тартылған қаржы көлемінің негізгі бөлігін депозиттер құрайды, яғни тұтынушылар банкке салған қаржы көздері немесе банк операциясын жүргізу барысында бурқатар уақытта банк шоттарында табылатын қаржылар. Депозиттік шоттарды банк практикасында қолдану мен депозит сұрақтарына деген әр түрлі және тіпті қарама-қайшы көзқарастар бар. Әлемдік банк практикасында депозит деп банк немесе қаржылық – несиелік мекемелерге сақтауға берілген ақшалар немесе құнды қағаздар айтылады. Банктердегі салымдармен қоса «Депозит» кедендік салық төлеу жарнамаларын, салықты және т.б. білдіреді.
Банктің арнайыландырылған жүйесі БАЖ - ? болуының қажеттігі туындайды, ол банк клиенттері үшін берілетін сыйақы көлемін есептеумен, депозит бойынша банк клиенттері туралы ақпарат жинаумен, әр түрлі есеп берудің сұрыпталып берілуімен айналысады.
Дипломдық жобаның тақырыбы «Отырар аудандық Халық Банкі «Депозит» ішкі жүйесін құрастыру ».
Мысалы үшін «Халык банк» АҚ филиалы алынды.
Дипломдық жобада «Халық банк» АҚ үшін депозит беретін банк қызметкерінің АЖО - жасалуы орындалады. Жобада қосымша жүйенің бөлек компоненттері жасалады, жүйе мен тұтынушы арасындағы ақпаратты ағымның жобалануы орындалады, және де жүйенің бөліктері арасында, әр тапсырманың жүзеге асуының алгоритмі жасалады.
Дипломдық жоба келесі бөлімдерден тұрады:
1. тапсырманың қойылуы
2. бағдарламалық қамтудың жобалануы
3. бағдарламалық қамтудың жүзеге асуы
4. өмір сүру қауіпсіздігі бөлімі
5. техникалық – экономикалық негіздеу бөлімі
6. бизнестік жоба
7. қорытынды
8. пайдаланған әдебиеттер тізімі
9. қосымша
1. Фаронов В.В. DELPHI Программирование на языке высокого уровня. Учебник для втузов, Москва: изд.дом «Питер», 2004.
2. Архангельский А.Я. Язык Pascal и основы программирования в Delphi. Учебное пособие, Москва: изд.БИНОМ, 2004.
3. Градусов А.Б., Гришин В.С. Методические указания к лабораторным работам по дисциплинам «Основы алгоритмизации и языки программирования» и «Информатика».
4. Ахаян Р., Горев А.., Макашарипов С. «Эффективная работа с СУБД».
5. Попов А.А. «Создание приложений для FoxPro 2.5/2.6 в DOS и в WINDOWS». –М.: Издательство Март, 1996. –660с.
6. Лемашко Е.В., Романчуков В.Г. Программирование в системе команд СУБД семейства Fox: учебное пособие / ГАУ, М., 1998.
7. Компьютерный практикум. Программирование в среде Турбо-Паскаль и СУБД типа Fox. Методические указания к выполнению курсового проекта. /Сост.: О.Н. Леонова, И.А. Несмеянов; ГАУ, М.,1998.
8. Культин Н. Delphi 4. Программирование на Object Pascal. BHV, Санкт-Петербург, 1999. – 480 с., ил.
9. Дэн Оузьер и др. Delphi 5. Освой самостоятельно. М.: “Издательство БИНОМ”, 1998 г. – 560 с.: ил.
10. Бондарев В. М., Рублинецкий В. И., Качко Е. Г. Основы программирования. Харьков: Фолио; Ростов н/Д: Феникс, 1998 – 368 с.
11. Компьютерный практикум. Программирование в среде Турбо-Паскаль и СУБД типа Fox. Методические указания к выполнению курсового проекта. /Сост.: О.Н.Леонова, И.А.Несмеянов; ГАУ, М.,1998.
12. Организация взаимодействия человека с техническими средствами АСУ, том 4: «Отображение информации», редакция В.Н.Четверикова, Москва, «Высшая Школа» 1993.
13. Организация взаимодействия человека с техническими средствами АСУ, том 7: «Системное проектирование взаимодействия человека с техническими средствами», редакция В.Н.Четверикова, Москва, «Высшая Школа» 1993.
14. «Кибернетические диалоговые системы», И.П.Кузнецов.
15. «Рекоммендации по общепользовательскому интерфейсу», Microsoft, редакция 1995г.
16. Джон Матчо, Дэвид Р.Фолкнер. «Delphi» — пер. с англ. — М.:Бином, 1995г.
16. Закон Республики Казахстан об охране труда /В редакции Закона РК от 22 января 1993 № 1915-ХП.
17. Кодекс законов о труде РК (с изменениями и дополнениями), – Алма-Ата, 1990.
18. Охрана труда (Нормативные требования, организация охраны труда на предприятиях, сертификация рабочих мест и производственных объектов, административная и уголовная ответственность). – М: ПРИОР, 1997.
19. Охрана труда на предприятиях РФ. – М: Управление персоналом, 1997.
20. Хлопков В.В., Маслов А.А. Организация охраны труда (Практические рекомендации). – М: Богородский печатник (п. Черноголовка МО), 1994.
21. Куценко Г.И., Жашкова И.А. Основы гигиены труда и производственной санитарии. – М: Высшая школа, 1990.
22. Осокин В.В. и др. Охрана труда в торговле. – М: Экономика, 1985.
23. Учет физиологических факторов при организации труда в торговле. – М.: Экономика, 1983.
24. Донская Л.В. Учет физиологических факторов при организации труда в торговле. – М: Экономика, 1983.
25. В.Г.Атаманюк, Л.Г.Ширшев, И.И.Акимов. Гражданская оборона. - М.: "Высшая школа", 1986.
30. Бюллетень бухгалтера. 2000-2001 год
31. Мамедов О.Ю. «Современная экономика»
32. Ворст И. «Экономика фирмы»
33. Горфинкель В.Я. «Экономика предприятия»

Аннотация
Дипломдық жоба тақырыбы Банктің Депозит ішкі жүйесін құрастыру. Бұл дипломдық жоба Халық банк АҚ негізделген Депозит АЖО-ны құрастыру орындалған. Ішкі жүйелердің арнайы компоненттері құрастырылып, жүйе мен соңғы қолданушы арасындағы ақпараттық ағынды жобалау орындалған. Сонымен қатар жүйенің бөлімдері арасы мен ішкі есептерді іске қосу алгоритмі құрастырылған. Программаны құрастыру бойынша материалдар берілген. Оның құрамына есептің қойылымы, есепті шешу әдісі негіздемесі мен таңдауы, программа мен алгорит құру, сонымен қатар программалық өнімнің қолдану тиімділігі мен программист пен қолданушыға нұсқаулар кіреді.
Жобаны орындаған:
Жобаның жетекшісі:

Аннотация
Тема дипломного проекта Разработка подсистемы Депозит банка. В дипломном проекте выполнена разработка АРМ Депозит для Халык банк АО. Разработаны отдельные компоненты подсистемы, выполнено проектирование информационных потоков между системой и конечными пользователями, а также между частями системы, разработан алгоритм реализации каждой подзадачи. Представлен материал по разработке программы. В его состав входит постановка задачи, выбор и обоснование метода решения задачи, разработка алгоритма и программы, а также эффективность использования разработанного программного продукта, а также инструкции пользователя и программиста.
Разработчик проекта:
Руководитель проекта:

The summary
Theme of the degree project Development of a subsystem the Deposit of "bank". In the degree project development АРМ "Deposit" for "Halyk Bank" bank is executed. Separate components of a subsystem are developed, designing information streams between system and end users, and also between parts of system is executed, the algorithm of realization of each subtask is developed. The material on development of the program is submitted. His(its) structure includes statement of a problem(task), a choice and a substantiation of a method of the decision of a problem(task), development of algorithm and the program, and also efficiency of use of the developed software, and also the instruction of the user and the programmer.
Author of graduation thesis:
Instructor of graduation thesis:

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Халық Банкінің ақпараттық жүйелеріне талдау және шолу жасау ... ...
1.2 Банктің ішкі жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2.1 Банк салымдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2.2 Серіктестіктер ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Бағдарламалық қамтаманы құруға негіздеме ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
1.4 Ақпараттық жүйенің құрылымы мен техникалық базасы ... ... ... ... ... ... .

2 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАНЫ ЖОБАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Жүйенің бағдарламалық қамтаманы (БҚ) ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Стандарттық белгілеудің бағдарламалық құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ...
2.3 Типтік бағдарламалық құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4 Арнайы мамандандырылған бағдарламалық қамтама ... ... ... ... ... ... ... .
2.5 Техникалық және аппараттық құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ... ... ... ... ... ..
3.1 Шешім алгоритімін жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Тұтынушылық интерфейсін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3 Бағдарламаның құжаттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3.1 Тұтынушының нұсқаулы ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3.2 Программистің нұсқаулары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

4 ӨМІР СҮРУ ҚАУІПСІЗДІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4.1 Өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..
4.2 Өндірістік ғимараттардағы метеориялогиялық ережелер ... ... ... ... ... ...
4.3 Өнеркәсіптік жылу мен (вибрация) дірілдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.4 Өндірістік жарықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.5 Электір қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4.6 Өрт қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.7 Төтенше жағдайлардың туындауын анықтау және классификациясы ... .
4.8 Ауаны желдету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.9 Желдеткіштің таңдалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4.10 Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

5 ТЕХНИКАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ ... ... ... ... ... ... .. ... .

5.1 Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5.2 Бағдарламаны енгізудің экономикалық нәтежиелілігі ... ... ... ... ... .. ... ... .
5.2.1 Бағдарламаны енгізуге және жасауға кететін шығындар ... ... ... ... ... ...
5.2.1.1 Бағдарламаның алгоритімін жасауға кететін шығын ... ... ... ... ... ... ...
5.2.1.2 Расчет затрат на комплекс технических средств, необходимых для внедрения программы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5.2.1.3 Бағдарламаны ендірумен байланысты шығындардың есептелуі ... ...
5.2.1.4 Бағдарламаны жазуға және негіздеуге кететін шығын ... ... ... ... ... ...
5.2.2 Бағдарламаны тұтыну мен байланысты эксплуатациялық шығындар..
5.2.3 Жылдық эксплуатациондық шығындардың үнемделуі ... ... ... ... ... ... ..
5.2.4 Бағдарламаның бағасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5.2.5 Орын толтыру мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

6 БИЗНЕСТІ ЖОСПАРЛАУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша А: Бағдарламалық өнімді қабылдап өткізу акті
Қосымша Б: Бағдарламаның листингісі

КІРІСПЕ

Есептеуші техника құралдарының дамытылуы мен адам іс- әрекетінің барлық салаларына компьютерлердің енгізілуі қарқындап келе жатқан және кері қайтпайтын процесс. Компьютердің қолданылуының әсерлілігі, компьютермен шешілетін функциялар шеңберінің кеңейуі адам еңбек ететін кез - келген аймақта ауыстырылмас көмекші болып отыр.
Қазіргі күнде қаржылық ұйымдар, ал ерекше атап өтер болсақ банктер өз іс әрекеттерін белсенді түрде автоматтандырып отыр, қазіргі бағдарламаларды дамыту аймағында күш сала жұмыс жасай отырып, оны ұсынылатын қызметтер аясында кеңінен қолдануда қамтамасыз етуге күш салып жатыр. Банктер ұсынатын қызметтердің бірі болып комуналды төлем арқылы бюджеттік төлемдерді қабылдау, несиелердің әр түрлерін беру.
Коммерциялық банктердің тартылған қаржы көлемінің негізгі бөлігін депозиттер құрайды, яғни тұтынушылар банкке салған қаржы көздері немесе банк операциясын жүргізу барысында бурқатар уақытта банк шоттарында табылатын қаржылар. Депозиттік шоттарды банк практикасында қолдану мен депозит сұрақтарына деген әр түрлі және тіпті қарама-қайшы көзқарастар бар. Әлемдік банк практикасында депозит деп банк немесе қаржылық - несиелік мекемелерге сақтауға берілген ақшалар немесе құнды қағаздар айтылады. Банктердегі салымдармен қоса Депозит кедендік салық төлеу жарнамаларын, салықты және т.б. білдіреді.
Банктің арнайыландырылған жүйесі БАЖ - ? болуының қажеттігі туындайды, ол банк клиенттері үшін берілетін сыйақы көлемін есептеумен, депозит бойынша банк клиенттері туралы ақпарат жинаумен, әр түрлі есеп берудің сұрыпталып берілуімен айналысады.
Дипломдық жобаның тақырыбы Отырар аудандық Халық Банкі Депозит ішкі жүйесін құрастыру .
Мысалы үшін Халык банк АҚ филиалы алынды.
Дипломдық жобада Халық банк АҚ үшін депозит беретін банк қызметкерінің АЖО - жасалуы орындалады. Жобада қосымша жүйенің бөлек компоненттері жасалады, жүйе мен тұтынушы арасындағы ақпаратты ағымның жобалануы орындалады, және де жүйенің бөліктері арасында, әр тапсырманың жүзеге асуының алгоритмі жасалады.
Дипломдық жоба келесі бөлімдерден тұрады:
1. тапсырманың қойылуы
2. бағдарламалық қамтудың жобалануы
3. бағдарламалық қамтудың жүзеге асуы
4. өмір сүру қауіпсіздігі бөлімі
5. техникалық - экономикалық негіздеу бөлімі
6. бизнестік жоба
7. қорытынды
8. пайдаланған әдебиеттер тізімі
9. қосымша
Бірінші тарауда бүкіл банкті басқарудағы ақпараттық жүйенің негізгі орны жазып көрсетіледі, Депозит БҚ тапсырмалары мен функциялары қарастырылады, алгоритмдер мен тапсырмалардың ақпараттық бір-бірімен байланысын және олармен жұмыс жасау жолдары.
Екінші тарауда автоматтандырылған жұмыс орнына орнатылатын бағдарламалық қамтуды таңдауға негіздеу жүргізіледі, қолданылған бағдарламалық құралдарға толық сипаттама беріледі, оның құрамына стандарттық, типтік және мамандандырылған бағдарламалық құралдар кіреді, және де қосымша жүйенің қалыпты жұмыс жасауына қажетті аппараттық - техникалық құралдарды таңдау кіреді.
Үшінші тарауда жасалған өнімнің жасалу және эксплуатация ортасы қарасатырылады, пакеттің құрамы мен структурасы, негізгі және қосымша файлдардың сипаттамасы беріледі. Бағдарламаны жасау туралы материал ұсынылған. Оның құрамына тапсырманың қойылуы, тапсырманы шешу тәсілін таңдау және негіздеу, алгоритм мен бағдарламаның жасалуы, және де жасалған бағдарламалық өнімнің қолданылуының әсерлілігі және де тұтынушы мен программистке арналған нұсқаулар кіреді.
Өмір сүру қауіпсіздігі бөлімінде еңбекті қорғау нормалары мен ережелеріне сипаттама беріледі, өндірістік ғимараттардағы метеорологиялық жағдайлар, жарықтандыру, өндірістік шуыл мен дірілдің әсері, электр қауіпсіздігі, өртқауіпсіздігі.
Дипломдық жобаның экономикалық бөлігінде негізгі техника - экономикалық көрсеткіштер ұсынылған, экономикалық әсерліліктің толық сипаттамасы, берілген жоба туралы толық негіздемелер мен қортындылар.
Жоба Қортындымен аяқталады, негізгі нәтижелермен қорытындылар келтіріледі, және жасалған бағдарламалық өнімнің ерекшеліктері.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі дипломдық жобада жасау кезінде қолданылған барлық әдебиеттерді қамтиды.
Қосымшада бағдарламаның листінгісі келтірілген.

1 ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ

1.1 Халық Банкінің ақпараттық жүйелеріне талдау және шолу жасау

2003 жылы Қазақстан Халық банкіне 80 жыл толды. Халық Банкінің тарихы -- бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы. Қазақстан Халық Банкі акционерлік қоғамының негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінен, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелері мен кәсіпорындардан ашу қолға алынды.
Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі әрбір кеңестік азаматтың Жинақ банкі салымшыларының қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымдағы жүйесі қаражат жинақтау мен банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.
Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік қарыз облигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілдігімен мерзімдік несиелер берумен айналысты. Сондай-ақ оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операциялар жүргізуге рұқсат етілді.
Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып, біртіндеп дами бастады. Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік қарыз шығарылды, оның үшеуі -- натуралдық түрде (астықпен, қантпен) болса, екеуі алтынмен есептелген болатын (ақша реформасына дейін).
1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1 770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322,7 млн сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950 -- 1960 жылдар арасында 1,8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805-ке жетті.
Қазақстандағы жинақ ісі мен жинақ кассалары желісінің кеңінен қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44,1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлесіне тиді.
60-жылдардың басында жинақ кассаларында тұрғындардан пәтерге, коммуналдық қызметттерге төлейтін төлемақыларын қабылдау операцияларын жүргізу қолға алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт-фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек кассаларының және шаруашылықпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу берілді. Жинақ жүйесінің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор болды.
Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы ақша массасын бақылау және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен, көздеген мақсатқа қол жеткізілмеді, ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы қайта өзгертілуге тиіс еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен және сомның жаңа бағамын белгілеумен ғана шектелді.
1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің кредит ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 60-жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына кредит беруге күрделі капитал қаражаты жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады.
1988 жылғы банктік реформа бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендіккке қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды -- дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды.
1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді.
Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жария етілген соң бір жылдан кейін, 1992 жылы Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды.
1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым -- Қазақстан Халық Банкі болып ұйымдастырылды. Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды.
Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді.
1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді.
1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын Қазақстан Халық жинақ банкі ашық акционерлік қоғамына айналдырылды. Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан №644 Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді.
2001 жылдың қараша айында өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33 пайыз + бір акцияның бақылау пакетін сатты. Осы уақыттан бастап Қазақстан Халық Банкі еліміздегі ірі әмбебап әрі жетекші коммерциялық банктердің бірі болып келеді. 80 жылдан астам өз клиенттеріне қалтқысыз қызмет етіп, сенімді қаржылық мекемеге айналып отыр.
Қазақстан Халық Банкі АҚ -- өз клиенттерінің игілігі үшін 80 жылдан астам уақыт табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса ірі әмбебап коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған қаржылық құрылымдардың бірі.
Қазақстан Халық Банкі акционерлік қоғамы бұрынғы Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің негізінде қайта құрылды және біраз жылдар бойы ҚР Үкіметінің зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі агенті болып келді.
Активтері мен меншікті капиталының көлемі жағынан Халық банкі Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі ірі банктердің үштігіне кіреді. 2006 жылғы 1 cәуірдегі жағдай бойынша Банктің активтері 651,7 млрд теңге, жарғылық капиталы 29,9 млрд теңге, меншікті капитал мөлшері (есеп айырысу) 64,5 млрд теңге, тапқан таза пайда көлемі -- 3,4 млрд теңге шамасында болды.
2001 жылы жүргізілген Халық банкін жекешелендіру рәсімі нәтижесінде Банк өз клиенттеріне кең ауқымды және барынша сапалы қызметтер спектрін ұсыну мүмкіндігін беретін бизнес құрылымын жасауға қол жеткізді.
Банк VISA International және MasterCard International төлем жүйесінің карточкаларын шығарады және қазақстандық пластикалық карточкалар рыногының тұрақты көшбасшысы болып келеді. Банктің айналымдағы карточкаларының жалпы саны 2 млн бірліктен асып түсті, ал екінші деңгейдегі банктер арасындағы Банктің бұл көрсеткіш бойынша үлесі 70 пайызды құрайды.

1. Банктің ішкі жүйелері

1.2.1 Банк салымдары
Салымдардың жалпы талаптары
1.Жинақ шотын ашу үшін қажетті құжаттар: жеке басын куәландыратын құжат, СТН.
2.Салымшылардың ақшасын Банк ұлттық валюта - теңгемен және шетел валютасымен (АҚШ доллары, евро), қолма-қол ақшамен әрі қолма-қол ақшасыз нысанда қабылдайды.
3.Салым мерзімі аяқталғаннан кейін салымшы (немесе оның өкілі) үш банктік күннің ішінде салым мен сыйақыны талап етпеген жағдайда Банк салым туралы тиісті шартты сол мерзімге әрі сол талаптар бойынша, банк салымының шарты ұзартылатын күні аталған салым түрі бойынша қолданыстағы сыйақы ставкасымен автоматты түрде ұзартады.
4.Салым мерзімі ұзартылған жағдайда, жаңа мерзім барысында сыйақы есептеу салымның алдыңғы мерзімі ішінде капиталдандырылған жалпы сомасы мен сыйақысына есептеледі.
5.Салым шарты салымшының өз бастамасымен мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, оның ішінде Банк салым шартын ұзартқаннан кейін бұзылатын болса, егер салымды сақтаудың нақты мерзімі:
- 30 күннен аз болса - салым сомасына сыйақы есептелмейді;
- 30 күннен көп болса - сыйақы талап ету салымының ставкасымен әрі салым нақты сақталған мерзім барысындағы оның өзгеру ретін ескере отырып, есептеледі.
6. Салым сомасы салымшының өз бастамасымен мерзімінен бұрын талап етілген жағдайда, егер салымның нақты сақталған мерзімі 30 күннен аз болса, салым сомасын бергенде Банк сол күні қолданыста болатын тарифтерге сәйкес қолма-қол ақша бергені үшін тиісті комиссиялық сыйақы ұстап қалады.
Интернет - жинақтаушы
- теңгемен,
- АҚШ долларымен,
- евромен қабылданады.

Салымның ең төменгі мөлшері:
ұлттық валютамен:
- 2 000 теңге (Қазақстан Республикасының барлық өңірінде).
- шетел валютасымен:
- 10 АҚШ доллары немесе 10 евро (Қазақстан Республикасының барлық өңірінде).

Бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері:
- ұлттық валютамен:
- 300 теңге
- шетел валютасымен:
- 2 АҚШ доллары немесе 2 евро
Салым мерзімі: 6, 9, 12, 18, 24, 36 ай.
Сыйақы ставкасы:
- салымның сақталу мерзімі барысында өзгертілмейді.
Басқа талаптар:
- Жинақтаушы-плюс депозитін Интернет-банкинг жүйесі арқылы дербес режимде ашуға да болады. Бұл жағдайда сіз депозитіңізді Интернет арқылы тексеріп отыруға, қосымша ақшамен толықтыруға мүмкіндік аласыз;
- салым бойынша жинақ шоттан ішінара төлем жүргізілмейді;
- банк салымының шартын автоматты түрде сол мерзімге, ұзарту жасалатын күні Банкте қолданыста болатын сыйақы ставкасымен қайта ұзарту қарастырылған;
- салым бойынша есептелген сыйақы Банк салымы шартының мерзімі аяқталған күні жүргізіледі;
- бастапқы жарна сомасы кемінде 500 АҚШ долларына немесе сол соманың баламасындағы теңгелік не болмаса евродағы сомаға тең болса әрі сақтау мерзімі 6 және 12 ай болса, белгіленген пайыздық ставкаға 0,5 % мөлшерінде бонус қосылады.

айлары
KZT
USD
EUR
RR
7
7,0
4,5
4,5

13
10,0
5,5
5,5

"Халықтық - стандарт" салымы
1. Салым мерзімі 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 18, 24 және 36 ай
2.Салым бойынша сыйақы салым мерзімі аяқталғаннан кейін төленеді.
3. Банк салымы туралы шарт әрекет ететін мерзімі барысында жинақ шотқа қосымша жарна қабылданбайды және шоттан ішінара ақша берілмейді.
4. Егер шартта көрсетілген салым мерзімі 12 ай болса, сыйақы ставкасы салым сақталатын мерзім барысында өзгеріссіз қалады.
5. Егер шартта көрсетілген салым мерзімі 12 айдан асатын болса, Банк салымның сыйақы ставкасын бір жақты тәртіппен шарт бекітілген күннен бастап әрбір 12 айдан кейін өзгертіп отыруға құқылы.

айлары
KZT
USD
EUR
RR
3
5,5
3,5
3,5
3,5
6
6,0
4,0
4,0
4,0
9
8,5
4,5
4,5
4,5
12
9,0
5,0
5,0
5,0
18
9,5
5,5
5,5
-
24
10,0
6,0
6,0
-
36
10,0
6,5
6,5
-

Халықтық-жинақтаушы салымы
1.Салым мерзімі 6, 9, 12, 18, 24 және 36 ай.
2. Салым бойынша есептелген сыйақы салым мерзімі аяқталғаннан кейін төленеді.
3. Банк салымының шарты әрекет ететін кезең барысында жинақ шотына салым валютасымен қосымша жарна қабылданады. Салым шарты әрекет ететін мерзім барысында шоттан ішінара ақша берілмейді.
4. Салым мерзімі барысында оның шотта сақталған нақты мерзімі үшін сыйақы нақты қалдық сомасына есептеледі.
5. Егер шартта көрсетілген салым мерзімі 12 ай болса, сыйақы ставкасы салым сақталатын мерзім барысында өзгеріссіз қалады.
6. Егер шартта көрсетілген салым мерзімі 12 айдан асатын болса, Банк салымның сыйақы ставкасын бір жақты тәртіппен шарт бекітілген күннен бастап әрбір 12 айдан кейін өзгертіп отыруға құқылы.

айлары
KZT
USD
EUR
RR
6
5,5
3,5
3,5
3,5
9
8,0
4,0
4,0
4,0
12
8,5
4,5
4,5
4,5
18
9,0
5,5
5,5
-
24
9,5
6,0
6,0
-
36
10,0
6,5
6,5
-
48
10,25
7,0
7,0
-
Халықтық-зейнетақылық салымы
1.Жасы 50-ден асқан жеке тұлғалар немесе жасы 50-ге толмағанымен, зейнетақылық куәлігі бар жеке тұлғалар салымшы бола алады.
2. Салым мерзімі - 7 және 13 ай.
3. Салым бойынша сыйақы ай сайын, салым шарты күшіне енген күннен бастап әрбір 30 күнде бір рет, есептелген сыйақыны салымшының ағымдағы карточкалық шотына аудару арқылы төленеді, шот нөмірі банк салымының шартында көрсетіледі.
4. Банк салымының шарты әрекет ететін кезең барысында жинақ шотына салым валютасымен қосымша жарна қабылданады. Салым шарты әрекет ететін мерзім барысында шоттан ішінара ақша берілмейді.
5. Салымның сыйақы ставкасы салым мерзімі барысында өзгеріссіз қалады.
6. Салым мерзімі барысында оның шотта сақталған нақты мерзімі үшін сыйақы нақты қалдық сомасына есептеледі.
7. Егер салымшының ағымдағы карточкалық шоты болмаса, Халықтық-зейнетақылық салымы шотын ашумен қатар, салымшының қалауымен ағымдағы немесе карточкалық шот ашылады.

айлары
KZT
USD
EUR
RR
7
7,0
4,5
4,5

13
10,0
5,5
5,5

Халықтық - төлемдерімен салымы
1.Салым мерзімі 6, 9, 12, 18, 24 және 36 ай.
2. Салым бойынша сыйақы ай сайын, салым шарты күшіне енген күннен бастап әрбір 30 күнде бір рет, есептелген сыйақыны салымшының ағымдағы карточкалық шотына аудару арқылы төленеді, шот нөмірі банк салымының шартында көрсетіледі.
3. Банк салымы туралы шарт әрекет ететін мерзімі барысында жинақ шотқа қосымша жарна қабылданбайды, сондай-ақ шоттан ішінара ақша берілмейді.
4. Егер шартта көрсетілген салым мерзімі 12 ай болса, сыйақы ставкасы салым сақталатын мерзім барысында өзгеріссіз қалады.
5. Егер шартта көрсетілген салым мерзімі 12 айдан асатын болса, Банк салымның сыйақы ставкасын бір жақты тәртіппен шарт бекітілген күннен бастап әрбір 12 айдан кейін өзгертіп отыруға құқылы.
6. Ай сайын, есептелген сыйақы капиталдандырылатын күні Банк сыйақы сомасын салымшының қолда бар ағымдағы карточкалық шотына аударады, шоттың нөмірі банк салымы шартында көрсетіледі.
7. Егер салымшының ағымдағы карточкалық шоты болмаса, Халықтық-төлемдерімен салымы шотын ашумен қатар, салымшының қалауымен ағымдағы немесе карточкалық шот ашылады.

айлары
KZT
USD
EUR
RR
6
5,5
3,5
3,5
-
9
8,0
4,0
4,0
-
12
8,5
4,5
4,5
-
18
9,0
5,5
5,5
-
24
9,5
6,0
6,0
-
36
10,0
6,5
6,5
-
48
10,25
7,0
7,0
-

Халықтық - балалар үшін салымы
1. Салым жасы 14-ке толмаған салымшының атына қабылданады.
2. Салым мерзімі - 12, 24 және 36 ай. Салым бойынша сыйақы салым мерзімі аяқталғаннан кейін төленеді.
3. Салымшының атына кез келген тұлға, туыстық қатысының бар жоғына қарамастан, тиісті құжаттарын көрсете отырып, ақша сала алады.
4. Үшінші біреуден шетел валютасын қабылдау егер ақша салушы жасы 18-ге толмаған салымшының сенім білдірілген адамы немесе заңды өкілі болса ғана жүргізіледі.
5. Банк салымының шарты әрекет ететін мерзім барысында ақша салушылардан, жасы 14-ке толған салымшылардан немесе үшінші біреулерден жинақ шотына қосымша жарна қабылданады. Салым шарты әрекет ететін мерзім барысында салымшының шотынан ішінара ақша берілмейді.
6. Егер шартта көрсетілген салым мерзімі 12 ай болса, сыйақы ставкасы салым сақталатын мерзім барысында өзгеріссіз қалады.
7. Егер шартта көрсетілген салым мерзімі 12 айдан асатын болса, Банк салымның сыйақы ставкасын бір жақты тәртіппен шарт бекітілген күннен бастап әрбір 12 айдан кейін өзгертіп отыруға құқылы.
8. Салым мерзімі барысында оның шотта сақталған нақты мерзімі үшін сыйақы нақты қалдық сомасына есептеледі.
9. Жасы 14-ке толмаған салымшының атына салынған салымға салымшының заңды өкілдері (ата-анасы, асырап алушысы, қамқорлық жасаушысы) иелік етеді, ал жасы 14-ке толғаннан кейін салымшы өзі иелік етеді.
10. Жасы 16-ға толмаған (кәмелетке жетпеген) салымшыға салымды төлеу егер ол Қазақстан Республикасы азаматының туу туралы куәлігін көрсеткен болса және оның заңды өкілдерінің (ата-анасы, асырап алушысы, қамқорлық жасаушысы) көзінше жүргізіледі.
11. Егер салымшының жасы 14-ке толмаса, салым мен оның сыйақысы ақша салушыға тек салымшының (ата-анасының, қамқоршысының келісімі бар болса) немесе оның заңды өкілдерінің жазбаша бас тартуы негізінде жүргізіледі.

айлары
KZT
USD
EUR
RR
12
9,0
5,0
5,0
-
24
9,5
5,5
5,5
-
36
10,0
6,5
6,5
-
48
10,25
7,0
7,0
-
60
10,5
7,5
7,5
-
13
9,5
5,2
5,2
-

Halyk-әмбебап салымы
1. Салым мерзімі - 12, 24, 36 ай.
2. Банк салымының шарты әрекет ететін мерзім барысында жинақ шотына қосымша жарна қабылданады және шоттан ішінара ақша беріліп отырады.
3. Салым мерзімі барысында шоттан ішінара ақша берілгенде, жинақ шоттағы салымның кемімейтін қалдық сомасы сақталуға тиіс.
4. Егер шартта көрсетілген салым мерзімі 12 ай болса, сыйақы ставкасы салым сақталатын мерзім барысында өзгеріссіз қалады.
5. Егер шартта көрсетілген салым мерзімі 12 айдан асатын болса, Банк салымның сыйақы ставкасын бір жақты тәртіппен шарт бекітілген күннен бастап әрбір 12 айдан кейін өзгертіп отыруға құқылы.
6. Салым мерзімі барысында оның шотта сақталған нақты мерзімі үшін сыйақы нақты қалдық сомасына есептеледі.

айлары
KZT
USD
EUR
RR
12
9,0
5,0
5,0
-
24
9,5
5,5
5,5
-
36
10,0
6,5
6,5
-

Halyk - үш валюталы салымы
1. Наlyk - үш валюталы мультивалюталық салым болып табылады. Салым талаптарына сәйкес банк салымының шартына қол қойылған күні салымшыға үш түрлі валютамен - ҚР-ның ұлттық валютасы - теңгемен, АҚШ долларымен және евромен үш шот ашылады.
2. Салымшының қалауы бойынша салымдағы ақша бір уақытта бір валютамен немесе екі, үш валютамен сақталуы мүмкін.
3. Салым мерзімі - 12, 24, 36 ай.
4. Банк салымының шарты әрекет ететін мерзім барысында жинақ шотына қосымша жарна қабылданады, ал шоттан ішінара ақша берілмейді.
5. Салым мерзімі барысында салымшының қалауы бойынша салымды түгелдей немесе салым сомасының бір бөлігін бір валютадан екіншісіне айырбастауға болады.
6. Валюта айырбастау белгіленген нысанмен жазылған салымшы өтініші негізінде жүргізіледі.
7. Айырбастау Банкте белгіленген сол күнгі шетел валютасын айырбастау бағамына сәйкес іске асырылады.
8. Салым мерзімі барысында сыйақы есептеу әрбір валюта түрі бойынша бөлек, аталған валютадағы жинақ шоты ашылған салым мерзімі ұзартылған күні белгіленген сыйақы ставкасымен, салымның нақты сақталған мерзімі үшін әрі әрбір валютадағы нақты салым қалдығына жүргізіледі.
9. Егер шартта көрсетілген салым мерзімі 12 ай болса, сыйақы ставкасы салым сақталатын мерзім барысында өзгеріссіз қалады.
10. Егер шартта көрсетілген салым мерзімі 12 айдан асатын болса, Банк салымның сыйақы ставкасын бір жақты тәртіппен шарт бекітілген күннен бастап әрбір 12 айдан кейін өзгертіп отыруға құқылы.

айлары
KZT
USD
EUR
RR
12
8,5
4,5
4,5
-
24
9,5
5,5
5,5
-
36
10,0
6,5
6,5
-

Интернет - салым
Интернет-Банкинг жүйесінде ашылатын салым:
- теңгемен,
-АҚШ долларымен,
- евромен қабылданады.
Интернет-салым ашу:
- Интернет-шоттан ақша аудару арқылы мүмкін болады.
Салым мерзімі: 3, 6, 9, 12 ай.
Салымның ең төменгі мөлшері:
ұлттық валютамен:
- 10 000 теңге.
шетел валютасымен:
- 100 АҚШ доллары;
- 100 евро.
Салымның ең жоғары мөлшері:
- шектелмейді.
Басқа талаптар:
Интернет депозиттері бойынша операцияларды клиент тәулік бойы өзіне өзі қызмет көрсету режиміндеШоттарға қол жеткізу менюі арқылы іске асыра алады. Клиенттің сағ.16:00-ден кейін немесе банк күнінен басқа күні келіп түскен нұсқаулары келесі банк күнінде алынған болып есептеледі. Клиенттің операциясы Операциялар деген беттегі менюде көрсетілген әрі рұқсат етілген операциялар тізіміне сәйкес жүргізіледі. Депозиттер бойынша жасалған операция туралы ақпаратты, оның ішінде есептелген және капиталдандырылған сыйақы сомасын салымшы Тарих деген беттен қарап шыға алады немесе шоттан үзінді алуына болады. Егер Интернет-салымның мерзімі аяқталғаннан кейін салымшы оны талап етпесе, салым тағы бір мерзімге (салымшы шотты ашқанда таңдаған мерзімге) ұзартылған болып есептеледі.
Жинақтаушы депозитті толықтыру Операциялар бетінде жүргізіледі. Сыйақы есептеу ақша депозитке аударылған күннен кейінгі келесі күннен бастап жүргізіледі. Сыйақы есептелгенде бір жыл - 360 күнге, бір ай 30 күнге тең деп алынады. Сақталу мерзімі 12 айдан аспайтын депозиттер бойынша сыйақы ставкасы депозит мерзімі аяқталғанша өзгеріссіз қалады. Егер сақталу мерзімі 12 айдан асатын болса, Банк сыйақы ставкасын депозит ашылған күннен бастап әрбір 12 ай өткен сайын бір жақты тәртіппен өзгертіп отыру құқығын сақтап қалады.
Депозит бойынша капиталдандырылған сыйақы сомасы тиісті валютамен (KZT, USD, EUR) салымшының ағымдағы шотына капиталдандыру жүргізілгеннен кейін келесі күні аударылады. Мерзімі ұзартылған депозит бойынша сыйақы есептегенде алдыңғы мерзім үшін есептелген сыйақы есепке алынбайды, ал сыйақы салым мерзімі ұзартылған күнгі қолданыстағы ставкамен есептеледі.
Сақталу мерзімі (рұқсат етілген ұзартуларды қоса алғанда) аяқталған соң Интернет-салым шоты капиталдандыру жасалғаннан кейін келесі күні жабылады, ал салым сомасы сыйақысымен бірге салымшының қатысуынсыз оның ағымдағы шотына салым валютасымен аударылады.
Депозит мерзімінен бұрын талап етілгенде оның талаптары бұзылған болып саналады және сыйақы есептелмейді. Клиенттің Интернет-шотына депозиттен ішінара ақша аударуға болмайды. Ақша сомасы тек тұтастай аударылады. Бұл жағдайда депозит талаптары бұзылған болып саналады, сыйақы есептелмейді, шот жабылады, ал депозит сомасының қалдығы салым валютасымен клиенттің Интернет-шотына аударылады.
Интернет-депозиттердің барлығы да Қазақстандық жеке тұлға салымдарына кепілдеме беру (сақтандыру) қоры ЖАҚ-да сақтандырылған ( 16.02.2000 ж. № 3 куәлік).

айлары
KZT
USD
EUR
RR
3
5,5
3,5
3,5
-
6
6,0
4,0
4,0
-
9
8,5
4,5
4,5
-
12
9,0
5,0
5,0
-

Депозиттердің таңқаларлық жтістігі
Қазақстан Халық банкі жеке тұлғалармен жұмыс істейтін ең ірі Қазақстандық банк атағын дәлелді. Халық банкі екінші деңгейдегі банктер арасында бірінші болып халық депозиттерінің көлемі бойынша бір миллиард АҚШ долларлық рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.
2001 жылғы жаздың аяғында халық салымдарының көлемі бір миллиард доллардан асып, 1116,2 млн. АҚШ долларын құрады. Бүгінгі күні Халық банкінің 2006 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша депозиттік қор көлемі 132,9 млрд теңгені (ҚР Ұлттық банкінің бағамы бойынша KZTUSD - 132,17) немесе 1,01 млрд АҚШ долларын құрады. 2006 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 138,3 млрд теңгеге немесе 1,06 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды.
2006 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша мерзімді депозиттер 98,7 млрд теңгені (71,4%), ал талап ету депозиттері 39,6 млрд теңгені (28,6%) құрайды. Теңгелік депозиттер - 90,4 млрд сомаға (65,3%), шетел валютасындағы депозиттер - 47,9 млрд теңгеге (34,7%) ашылған.
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мерзімді салымдардың жалпы сомасы 94,5 млрд теңге (707 млн АҚШ доллары) болды. 1 наурызда бұл көрсеткіш 98,7 млрд теңгеге (758 млн АҚШ долларына) дейін ұлғайып, осы жылдың 2 айының ішінде 4,4% өсімді көрсетті. Бүгінгі күнге дейін жұртшылыққа кеңінен танымал салымдар болып 42,4 млрд теңгені шоғырландырып отырған Халықтық - стандарт және 36,5 млрд теңгені шоғырландырған Халықтық - жинақтаушы депозиті болып отыр.
Мұндай өсімге қол жеткізудің себебі: талғампаз клиенттер қажеттіліктерін қанағаттандыратын банк өнімдері мен қызметтерін енгізу бойынша дұрыс жүргізіліп жатқан банк саясаты болып табылады. Сонымен қатар Банктің маңызды жұмыс бағыты - бар депозиттік өнімдерді модификациялау мен жаңа өнімдерді әзірлеу болып белгіленген. 2005 жылдың маусымында Банк Халық депозиттері деген ортақ атаумен жаңа депозиттік желіні іске қосты. Бұл желіде клиенттерге кеңінен таныс (зейнетақылық, жинақтаушы, ай сайынғы төлемдермен) депозиттермен қатар жаңадан Халықтық әмбебап, Халықтық - үш валюталы депозит түрлері енгізілді.

Жаңа жинақтаушы депозит
Халық банкі халыққа арнап барынша пайдалы инновациялық өнімдерді енгізу бағытына сәйкес сәуір айында жаңа мерзімді жинақтаушы депозит ашпақ. Бұл депозитті халық банкі төлем карточкасын ұстаушылар банкке жолықпай-ақ банкомат арқылы ашуына болады. Қаражатты депозитке карточка шотынан банкомат арқылы ақша аударымы қызметімен салуға болады. Біздің ойымызша бұл депозит Халық банкіндегі жалақы жобасына қатысушылар мен зейнетақыны карточкадан алатын зейнеткерлерге пайдалы болмақ. Бұндай клиенттер саны банкте 1,5 миллионнан асады.
2006 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша талап ету депозиттер көлемі өткен жылмен салыстырғанда 30,8 млрд теңгеден 39,6 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл көрсеткіш халықтың Банкке деген сенімділігі мен оның тұрақтылығына деген дәлелі бола алады.

Кішкентай карточканың үлкен мүмкіншіліктері
2004 жылдың 1 қарашасынан бастап Халық банкінің төлем карточкаларының иелері бір біріне банк банкоматтары арқылы ақша аударымдарын жүргізе алатын болды. Бұл қызмет түрі Card to card сауда белгісімен шықты. Ақша аударымдарын банкомат арқылы жүргізу жүйесі Қазақстан мен Орталық Азия территориясында бірінші рет қолданылып отыр.
Біздің клиенттеріміз бұл жеңіл, ыңғайлы әрі қымбат емес қызметті жоғары бағалап, 2006 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 3 млрд теңгеден асатын сомаға ақша аударымдарын жүргізді. Халық банкі тағы бір рет еліміздің ең танымал әрі инновациялық банкі екенін дәлелдеді.
Қызмет идеясы жеңіл әрі түсінікті. Тәуліктің кез-келген уақытында карточка ұстаушылары банктің саны бес жүзден асатын банкоматтарынан ақша аударымдарын жүргізе алады. Ақша аударымын алатын адам Қазақстан қалаларында да және шетелде де болуы мүмкін.

Төлем карточкаларын қолдану саласындағы революция
Халық банкі қолданыстағы төлем карточкаларының саны бойынша көш басшы болып отыр. Банктің карточкалар саны бүгін 2,4 миллион дананы құрайды. Карточкалық шоттардағы қалдық жыл басымен салыстырғанда 11,8 млрд теңгеден 17 млрд теңгеге дейін ұлғайып, 44,1% өсімді көрсетті. Бұл карточкалардың әмбебап банк құралына айналуына байланысты. Қазір карточка арқылы қолма қол ақша алу мен сауда орындарында қызмет көрсетуден басқа ақша аударымдарын жүргізу, коммуналдық төлемдер жүргізу және мобильдік банкинг қызметін қолдануға болады.
Қазақстан территориясында бірегей мобильдік телефон арқылы банк шотын басқару Мобильдік банкинг жүйесі VISA CEMEA - Мобильдік банк - Verified by Visa пилоттық жобасы шегінде әзірленген болатын. Бұл жүйе бес мемлекеттің коммерциялық банктерінде жұмыс істейді: Ресей, Қазақстан, Украина, Әзірбайжан және Беларусь.
Халық банкі бұл салада да рекордшы: Банк Қазақстанда бірінші болып, сонымен қатар Мобильдік банкинг жүйесіне қосылған бес мемлекет банктерінің ішінде екінші болып (Ресейлік Жнақтаушы банкінен кейін) телефонды төлем құралына айналдырды. Мобильдік телефонға төлем атты жаңа қызметі арқылы мобильдік телефонға төлемді тікелей мобильдік телефон арқылы жүргізуге болады. Бұнда төлем сомасы карточкадан мобильдік оператордың шотына аударылады.
Бүгін бұл жүйеде әр түрлі төлем карточкалары арқылы жүргізілетін қызметтерді қолданатын 43 мыңнан астам клиент тіркелген. VISA дайындаған бұл жобаға қатысатын ТМД-ның бес банкі ішінде Халық банкі клиент санының өсу қарқыны бойынша көш басшы болып отыр.

1.2.2 Серіктестіктер

Қазақстан Халық Банкі әр түрлі қаржылық және қоғамдық ұйымдармен іскерлік қарым-қатынастар орнатқан. Банк серіктестерінің қатарында шетелдік және қазақстандық ірі банктер, инвестициялық қорлар, заңдық компаниялар, рейтингтік агенттіктер, бизнес құрылымдары мен компаниялар бар.
Қазіргі уақытта 35 банкпен НОСТРО шоты бойынша корреспонденттік байланыс жасалынады, оның 23-і -- алыс шет ел банктері, 6-ы -- ТМД елдерінің банктері, банктерде барлығы 59 корршот ашылған, оның 49-ы -- қатты валютамен, қалғаны жұмсақ валютамен жүргізіледі.
Корреспондент-банктердің ЛОРО шоттары -- 89, оның 54-і қазақстандық теңгемен ашылған, қалған шоттар шетелдік валюталармен, оның ішінде рубльмен жүргізіледі.
Халық банкінің серіктес корреспондент-банктерінің қатарында рейтингтері жоғары American Express Bank Ltd., CITIBANK N. A., Commerzbank AG, Credit Suisse First Boston, Deutsche Bank AG, Midland Bank plc, The Chase Manhattan Bank N.A., ООО "Дойче Банк Москва", т.б. бар.
Қазақстан Халық Банкінің Moody's, Standard Poor's, Thomson Bankwatch Bree сияқты халықаралық рейтинг агенттіктерімен қарым-қатынасы әріден келе жатыр және бұл ұзақ жылдар бойғы сеіктестіктік байланысқа негізделген. Жыл сайын аталған агенттіктер Банктің қаржылық жағдайын тексеріп, бұрын берілген рейтингтік көрсеткіштерін жаңартып отырады.
Халықаралық қаржы рыногындағы банктің ертеден келе жатқан серіктестерінің бірі -- Lehman Brothers компаниясы Халық банкінің евробондтарын шығаруға ат салысқа нәрі Банктің рейтингтік кеңесшісі функциясын атқарады;
American Express Bank LTD -- 1998 жылы Халық банкі үшін синдикаттық қарыз ұйымдастыруға қолқабыс жасады;
Credit Suisse First Boston банкі -- Банкпен бірлесіп Маңғыстаумұнайгаз АҚ және Қазақмыс АҚ акцияларының мемлекеттік пакетінің бір бөлігін сатуға қатысты.
Банк серіктестерінің қатарына сондай-ақ White Case, Bracewell Patterson, Baker McKenzie, Cameron McKenna, Stibbe Simont Monahan Duhot сияқты шетелдік компаниялар кіреді, Халық банкі олардың қызметін бірнеше мәрте пайдаланды.
Банктің Қазақстандағы ірі серіктес компанияларының ішінде Қазпочта акционерлік қоғамы да бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы қаулысына сәйкес аталған қоғам акцияларының пакеті 100 пайыз көлемінде түгелдей Қазақстан Халық Банкі АҚ-на берілген.

2 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАНЫ ЖОБАЛАУ

Ақпараттық жүйені функциялаудың ерекшелендіретін қасиеті болып үлкен көлемдегі мәліметтерді қысқартылған мерзімде өңдеу керектігі табылады. Сонымен қатар, бұл жағдайда негізгі ауырлық мәліметті ендіру, оқу, жазу операцияларына түседі. Бұл операциялық жүйе, БҚБЖ өндірісі мен басқа да мәліметті беру құралдарына өте қатаң талап қояды. Одан бөлек ақпараттың басым бөлігі бақылау, сараптама және болжам жасаудағы оперативті тәртіпте қол жететіндей жағдайда болу қажет. Сондықтан бағдарламалық құралдар мәліметтердің үлкен көлеміне (және әрдайым өсіп отыратын) өндірушілікті жоғалтпай, үнемі қол жететін жағдайда ұстап тұрулары қажет.

2.1 Жүйенің бағдарламалық қамтаманы (БҚ) ұйымдастыру

Бірінші тарауда келтірілген жүйе тапсырмаларына қойылатын талаптар негізінде, Депозит жүйесін бағдарламалау құралдарының бірегей пакеті түрінде жобалау қажеттігі туындайды. Берілген пакет жүйенің тапсырмаларын шешу үшін өте керек.
Пакет дегеніміз бұл - бірегей ақырғы мақсатты қамтамасыз етуде, біріккен жұмыс жасау үшін арналған, әр түрлі файлдардың сәйкестігі. Депозит жүйесінің жұмысшылары үшін арнайы жұмыс ортасын құру осындай мақсат болып табылады.
Пакеттің жасалуы бұл - пакет құрамына кіретін құралдардағы микрооперациялық функция жүйесі бар ұйымдастырушы бағдарламаны құру.
Көрсетілген құралдар үш топқа бөлінеді.
* стандарттық бағдарламалар;
* типтік бағдарламалық құралдар;
* арнайыландырылған бағдарламамен қамту.
Бұдан бөлек, пакет құрамына қосымша көмекші файлдары кіргізілген, көбінесе бағдарламалар кітапханаларына.
Стандарттық бағдарламалар деп қандай - да бір өзгерусіз және толық көлемде кез-келген бағдарламамен қамту құрамында жүзеге аса беретін бағдарламаларды айтамыз. Осындай бағдарламалар мысалы болып бағдарламалық қабаттар мен орталар: MS DOS, Windows табылады.
Типтік бағдарламалар - бұл стандарттық бағдарламалар, оларда жөнге салу элементтері жоқ. Мысалы, жұмысшы құралдарының санына үйренуді талап ететін жүйелік пакеттер.
Арнайы бағдарламалар - бұл берілген жүйенің талаптарынан құрылған және тек қана осы жүйеде жұмыс істеуге арналған бағдарламалар. Бұндай бағдарламалардың рөлінде берілген жүйенің эксплуатациясы үшін құрылған мәліметтер базасы мен әр түрлі ұйымдастырушы бағдарламалар қызмет істей алады. Депозит жүйесінің құрылымдық жүйесі 2.1 суретте берілген.

2.2 Стандарттық белгілеудің бағдарламалық құралдары

Жүйенің операциялық желісі болып Windows 2000 Workstation таңдалынып алынды, берілген модель бөлектелген серверді білдіреді, ол рұқсат береді:
Windows ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпарат жүйесін жобалау
Қазақстандағы депозиттік нарықтың дамуын коммерциялық банктің депозиттік қызметі негізінде талдау
БАНКТІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУЫ КІРІСПЕ
Физикалық клиенттердің банктік салымдардың есебін жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Ақпараттық жүйені жобалау
Банк филиалы клиенттері бойынша есептерді шешуде ақпараттарды өңдеуге арналған бағдарламалық қамтама құрастыру
Екінші деңгейдегі банктер жайлы
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары жайлы
Қазақстандағы банктердің маркетингтік қызметінің ұйымдастырылуы жөніндегі мәліметтерді жүйелеп, жинақтап және барынша нақты жағдайын айқындап көрсету, сонымен қатар, әлемдік тәжірибелерді Республикамыздың банк жүйесіне қолданылу мүмкіншіліктерін қарастыру
Коммерциялық банктердің қызыметі
Пәндер