Мектепке дейінгі, бастауыш мектепте және орта буында оқушыларға математиканы оқытудағы сабақтастықты жетілдіру жолдары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Мектепке дейінгі, бастауыш мектепте және орта буында оқушыларға математиканы оқытудағы сабақтастықты жетілдіру жолдары
2.2. Мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық
2.3. Математика жаңа білім мазмұнының ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Сабақтастық жұмысындағы ортақ мақсат: мектепке оқуға балаларды табысты дайындаудың жолында, олардың интелектуалдық және жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін бірыңға йбілім мен тәрбие кеңістігін қалыптастыру.
Қазіргі таңда ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне көңіл аудара отырып, сапалыбілім беру талаптары қойылып отыр. Оның ішінде мектепте сапалы білім алуы мектепалды дайындығына және балабақша мен бастауыш мектептің сабақтастығымен тығыз байланысты. Біліс саласындағы өзара байланыс бұрыннан да талап етілуші еді. Бірақ , ол кездегі бағдарламалар көп жыл бойы өзгермейтін, сондықтан ата-ана да, балабақша да бастауыш мектеп талабын біліп отырды. Ал, қазір бағдарламалар, технологиялар үнемі өзгеруде. Әр салада мамандар өз беттерімен жұмыстануда. Ұлы педагог А.А. Сухомлинскийдің «Баланың ақыл-ой дамуын, қызығушылығын, қабілетін, бейімін білмей оны оқытуға, тәрбиелеуге болмайды», -деген нақты тұжырымы сабақтастықтың керектігін көздейді.
Бүгінгі күні 12 жылдық білім беруге көшу қажеттігі еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруді көздеген игі мақсаттардан туындап отыр.
- біріншіден, әлемдік білім кеңістігіне енуде өзге елдің даму үрдісіндегі озық үлгілерді зерделей отырып, ұлттық сананы қалыптастырудың басым бағыттарын айқындау;
- екіншіден әрбір жеке тұлға білім алудың өмірлік жолын еркін таңдауына мүмкіндік туғызу;
- үшіншіден, білім мазмұнын жаңарта отырып, оқыту үрдісінде өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра алатын және өзгенің тәжірибесімен үйлестіре алатын жеке тұлға қалыптастыру.
Мектепалды даярлық мектеп кезіндегі білім берудің сапасын қамтамасыз ететін негізгі қадам. Сондықтан да, мектепалды даярлық пен мектеп арасындағы үздіксіз үрдістің сапалық деңгейін көтеруге балабақша тәрбиешілерімен бастауыш сынып мұғалімдерінің ынтымақтастығына іскер талаптар қойып отыр.

1. Ж.Сейтахметова, Б.Бакаянова «Мектепалды даярлық-бастауыш буын арасындағы сабақтастық үлгісі»
2. Е.Бурцова «Преемственность дошкольного образования и начальной ступени школы»
3. Е.Платонова «Преемственность между начальной и основной школы»
4. Б.Барсай «Мектептің бастауыш және негізгі сатысында математика пәнін сабақтастыра оқыту мәселелері»
5. Н.Баймұратова «Бастауыш пен орта буын арасында бірізділікті қамту»
6. Начальная школа, № 1, 2008
7. Дошкольное воспитание, № 3, 2007
8. М. Жұмабаев, «Педагогика»-1992 ж.
9. Тұрғынбаева Б.Ә. «Дамыта оқыту»-Алматы 1999 ж.
10. Школа на пути к свободе -М. 2002.

Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Мектепке дейінгі, бастауыш мектепте және орта буында оқушыларға математиканы оқытудағы сабақтастықты жетілдіру жолдары
2.2. Мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық
2.3. Математика жаңа білім мазмұнының ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
І.КІРІСПЕ
Сабақтастық жұмысындағы ортақ мақсат: мектепке оқуға балаларды табысты дайындаудың жолында, олардың интелектуалдық және жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін бірыңға йбілім мен тәрбие кеңістігін қалыптастыру.
Қазіргі таңда ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне көңіл аудара отырып, сапалыбілім беру талаптары қойылып отыр. Оның ішінде мектепте сапалы білім алуы мектепалды дайындығына және балабақша мен бастауыш мектептің сабақтастығымен тығыз байланысты. Біліс саласындағы өзара байланыс бұрыннан да талап етілуші еді. Бірақ , ол кездегі бағдарламалар көп жыл бойы өзгермейтін, сондықтан ата-ана да, балабақша да бастауыш мектеп талабын біліп отырды. Ал, қазір бағдарламалар, технологиялар үнемі өзгеруде. Әр салада мамандар өз беттерімен жұмыстануда. Ұлы педагог А.А. Сухомлинскийдің Баланың ақыл-ой дамуын, қызығушылығын, қабілетін, бейімін білмей оны оқытуға, тәрбиелеуге болмайды, -деген нақты тұжырымы сабақтастықтың керектігін көздейді.
Бүгінгі күні 12 жылдық білім беруге көшу қажеттігі еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруді көздеген игі мақсаттардан туындап отыр.
- біріншіден, әлемдік білім кеңістігіне енуде өзге елдің даму үрдісіндегі озық үлгілерді зерделей отырып, ұлттық сананы қалыптастырудың басым бағыттарын айқындау;
- екіншіден әрбір жеке тұлға білім алудың өмірлік жолын еркін таңдауына мүмкіндік туғызу;
- үшіншіден, білім мазмұнын жаңарта отырып, оқыту үрдісінде өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра алатын және өзгенің тәжірибесімен үйлестіре алатын жеке тұлға қалыптастыру.
Мектепалды даярлық мектеп кезіндегі білім берудің сапасын қамтамасыз ететін негізгі қадам. Сондықтан да, мектепалды даярлық пен мектеп арасындағы үздіксіз үрдістің сапалық деңгейін көтеруге балабақша тәрбиешілерімен бастауыш сынып мұғалімдерінің ынтымақтастығына іскер талаптар қойып отыр.
Сабақтастық дегеніміз екі буын арасындағы ортақ мақсат-міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі. Яғни сабақтастықтың түкілікті мақсаты-баланы жүйелі, сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуін ұйымдастыру. Бұл анықтамадан мынадай қорытынды шығаруға болады.
Мектепалды даярлық тобында:
* осы кезеннің маңыздылығын сақтау;
* баланың жеке тұлғалық, танымдық қасиеттерін дамыту;
* қоршаған ортамен баланың қарым-қатынасын даярлау;
* оқу еңбегіне дағдыландыру;
Бастауыш сыныпта:
* Мектепалды даярлық тобында жеткен жетістіктеріне сүйену;
* оқушымен жеке жұмыс жүргізу арқылы, даярлық топта баланың арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру;
* оқушының ойын арқылы оқу әрекетін дамыту.
Ойын түрлерін пайдалану арқылы мынадай нәтижеге жете аламыз.
Халық даналығындағы: Ойын ойнап ән салмай, өсер бала ма деген пікірге сай бала өмірінде ойынның маңыздылығын қолдаймын.
Екі басқыш арасындағы әрекет:
Мектепалды даярлық сыныбында : Бастауыш мектепте:
Бастауыш мектеп пени мектепалды даярлық тобының оқыту-тәрбиелеу жұмысын ұйымдастырудағы сабақтастық.
1. Біріккен педагогикалық кеңестер. Ол кеңестерде былтырғы және биылғы оқушылардың салыстармалы түрде қиындықтары мен жетістіктерін бөлісеміз. Әрбір педагогикалық кеңесте, директор жанындағы кеңесте даярлық пен 1 сынып арасындағы мұғалімдерінің іс-тәжірибелері талданады.
2. Өзара пікір алмасып, озық іс-тәжірибелерін бөліседі.
3. Сабақ пен тәрбие сағаттарына өзара үнемі қатысады.
Келесі жылы 1- сынып қабылдайтын мұғалім үнемі жыл бойына даярлық сынып сабағына қатынасады. Жоспар бойынша даярлық тобының балаларын мектепке бейімдеу жұмыстары жүреді. Баланы мектепке бейімдеуде отбасы тәрбиесінің дұрыс болуы; тәрбиеші мұғалім мен қарым-қатынасы мен жұмыс істеу әдістеріндегі сабақтастық маңызды рөл атқарса, осы орайда даярлық, бастауыш сынып ата-налармен кездесу өткізіледі.
Өмірді жаңа тани бастаған баланың балабақша-мектепалды сынып - бастауыш мектеп оқу-тәрбие әрекетін жүйелі де дұрыс ұйымдастырсақ- алғыр ойлы, зерек, қағілез, ширақ, батыл балдырғанды тәрбиелеудің алғы шарты.
ХХІ ғасыр-бәсеке ғасыры, олай болса, Отанын сүйетін, тілімізді, ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді қастерлейтін, ертеңгі Қазақстанның тізгігін ұстайтын, кез-келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін құзырлы азаматтардың тәрбиесін бесіктен, балабақшадан, мектепалды дайындықтан, бастауыш сыныптан бастап жүзеге асырады.

Мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық туралы соңғы уақыттарда көп пікірлер айтылып отыр. Сабақтастық, бір жағынан, жалпы дамуы мен тәрбие деңгейі мектепте оқыту талаптарына сай жауап беретін балаларды мектепке тапсыру, екінші жағынан, оқушыларды әрі қарай жан-жақты дамыту үшін тәрбиеленушілердің игерген білім, білік, дағдыларын мектепте белсенді қолдануын қарастырады.
Білім берудің тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі бір факторы сабақтастық пен үздіксіз оқыту. Бұл факторлар балабақшадан бастап мектептегі оқыту басқыштарында білім берудің біртұтас мазмұны мен мақсаты жүйесін және үлгілерін қабылдауды қажет етеді. Мектепке дейінгі және бастауыш сынып жасындағы балаларға үздіксіз білім берудің жалпы мақсаты: өзгермелі әлеуметтік жағдайға бейімделуге, жеке тұлғасын сақтауға, қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас жасауға дайын болуды қамтамасыз ететін баланың физиологиялық және психологиялық үйлесімді дамуы.
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бағдарламаларының үздіксіздігі келесі мақсаттарға қол жеткізуді ұсынады:
Мектепке дейінгі басқышта:
:: Баланың денсаулығы мен физиологиялық дамуын нығайту, оның жалпы психологиялық және ойлау қабілеттерін дамыту;
:: Келесі кезеңде оның сәтті біліміне және эмоционалды жайлылығын қамтамасыз ететін танымдық белсенділігін,коммуникативтілігі мен өзіне сенімділігін дамыту;
:: Мұғалімнің балаға жеке тұлғалық бағыттағы қарым-қатынасы;
:: Баланы дамытудың басты факторы ойын әрекетін қалыптастыру;
:: Баланың жеке тұлғалық және танымдық дамуына жол ашатын білімдік орта құру
Бастауыш мектеп басқышында:
:: Баланың мүмкіндігі мен жасына сәйкес танымдық дамуы мен әлеуметтендіру;
:: Қоршаған дүниемен өзара қатынастың түрлі формаларын игеру;
:: Оқу іскерлігін қалыптастыру мен мектептің орта буынында білім алуға дайындығы;
:: Осы жастағы дамудың басты жетістігі ретінде оқу үдерісінің оқыту іскерлігіне бағыттылығы;
:: Оқытудың әрбір жас кезеңіне тұлғаның дамуының басты жақтарын көрсететін үздіксіз мазмұндық шек бойынша нақты мақсаттар қалыптастырылады:
:: Физиологиялық дамуы
:: Танымының дамуы
:: Әлеуметтік жеке дамуы
:: Көркемдік-эстетикалық дамуы
Мектепке дейінгі білім беру басқышында баланың басты тұлғалық қасиеттерінің негіздері қалыптасып, мектептегі сәтті оқытудың негізі бола алады. Бұл уақытта мектеп, қабылдаушы ретінде, өз жұмысын нөлден бастамай, баланың мектепке дейінгі жетістіктерін қолға үйіріп, оның жинаған потенциалын дамытады. Сабақтастықтың кілтті сәті баланың мектепте баауалатын білім алуымен дайындығын анықтау болып табылады.
Мектепке дайындау проблемаларын отандық педагогтар мен психологтар зерттеген. Баланың мектепке жалпы дайындығын қалыптастыратын жалпы және арнайы дайындық түрлері бар. Жалпы дайындыққа физиологиялық, жеке және интеллектуалдық, ал арнайы дайындыққа баланың жалпы даму мен бастапқы санау және оқу дағдыларын қамтамасыз ететін бастауыш мектептегі пәндік курстардың игеруіне қабілеттілігі жатады.
Физиологиялық дайындыққа болашақ оқушының денсаулығы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуы, қозғалыс дағдылары мен қабілеттерінің дамуы (еркіндік,шыдамдылық, тепе-теңдік, моторикалық координация), физиологиялық жұмысқа саналы қабілеттілік енеді. 6-7 жасар балалардың мектепке даярлығын анықтауда мектепке жетілгендікті анықтаудың негізі баланың биологиялық жасы мен құжаттар арасындағы алшақтық болып табылады. Түрлі жастағы балалардың арасында жетілген және жетілмеген балалардың пайыздық қатынасы анықталды. Мектепке жетілгендердің сандық пайызы 6 жасар балалардың 49%, 6,5 жасар балалардың 68%, 7 жасар балалардың 87% және 7,5-8 жастар балалардың 98%-ын құрайды. Оның ішінде қыздар ұлдарға қарағанда, мектепке айқындылығы ілгері. Мектепке жетілу қыздар арсында 5 пен 6 жаста, ал ұлдарда жарты жылға кейін, яғни, 6 жас пен 6,5 жас аралығында байқалады.
Баланың мектепке жеке даярлығы баланың өмірілк қатысының үш негізгі аймағын қамтиды:
- Айналасындағы үлкендермен қатынасы, яғни саналы түрде қойған мақсатқа сәйкес жүмыс жасау қабілеттілігі: оқу жағдайының шартын түсіну; үлкен адамды мұғалім ретінде қабылдай білу жатады.
- Құрдастарымен қарым-қатынасы; ойын кезінде қалыптасқан кооперативті жарыс түріндегі қатынастың болуымен сипатталады. Яғни ойын, конструкциялау әрекетінде қызметтерді бірігіп бөлісу кезеңінде балалардың мазмұнды қатынасы оларға серіктестер көзқарасы мен қимылын түсініп, ескеруге көмектеседі.
- Балаға өзіне-өзінің қатынасы. Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларда жыл соңында өзін жоғары бағалау өбьективті бағалаумен алмаса бастайды. Бұл- баланың мектепке оқуға жаңа өмір үлгісін қабылдауға дайындығының негізгі көрсеткіштерінің бірі.
Баланың мектепке жеке даярлығында оқушының ішкі ұстанымы немесе мотивациялық жоспары ерекше рөл атқарады. Ол екі типті оқу мотивтерінен тұрады: әлеуметтік (жаңа әлеуметтік мәртебе алу, баланың басқа адамдармен қатынас қажеттілігімен байланысты), және танымдық (мектепке дейінгі баланы оқу іс әрекетінде тікелей жаңаны танумен интеллектуалды белсенділікке тартуы), мектепке дейінгі ересек жастағы балаларда моральды мотивтердің (парызды түсіну) қалыптасуы бастапқы жаңа білім болып саналады. Балаларда әлеуметтік эмоциялар пайда болады: біреуге көмектескенде, қиындықты жеңгенде бала қуанады.
Балалардың ақыл-ойының дамуының басты көрсеткіші бейнелі және сөздік логикалық ойлау негізінің қалыптасуы болып табылады. Бейнелі ойлауды дамытудағы жетістік баланың логикалық ойын дамытады. Ол қарапайым себеп-салдар байланысын және жалпы қабылданған ұғымдарға сәйкес обьектілерге жіктеудің қабілеттілігін көрсетеді. Балалар ғылыми білімге негізделген жалпы қағидаттарды, байланыстар мен заңдылықтарды түсіне бастайды. Бірақ олардың ойлауы бейнелі болып қалады және заттар мен орнын ауыстырушы құралдарға негізделеді, бұл пәндік, графикалық құралдарды қолдануға мүмкіндік береді. Ол теориялық білімді берудің аса маңызды құралы болып табылады.
Мектептегі оқытудың сәттілігі балардың оқу әрекетіне қажетті ана тілін үйрену деңгейіне, тілдің дамуына байланысты. Тілдік құрылымды игерутілдік қызметтің қарапайым түсініктерінің өзара байланысстарынан басталады: сөйлемдегі сөздер құрамы, сөздің дыбыстық және мазмұндық жағы, тіл грамматикасының сауаттылығы, мәтіндегі құрылымдық байланыс. Осылардың көмегімен бала өздігінен үлкендердің көмегінсіз өз ойларын жеткізіп, мәтінді мазмұндап береді. Ал айналасындағылармен өзара түсінісіп, мұғалімдер, сыныптастарымен қатынас құруда тілдің диалогтық формасы қажет. Тілдік жаттығулар барысында өзіне бағытталған тілді тыңдап, оқу тапсырмаларында тілдік мәліметтерді түсініп, өз әрекетін жоспарлайды.
Баланы мектепке арнайы даярлауда бастауыш мектептегі оқу, жазу және қарапйым математика сияқты білім аймақтарына ерекше көңіл бөлінеді. Мектепке дейінгі жастың соңына қарай ойын, сурет салу, құрастырулар арқылы сауаттылық элементтерін арнайы үйренген бала саналылық пен көрсетеді.
Бұл жаңа сапалық көріністер оқу әрекетінің маңызды алғы шарттары болатын жоспарлау мен бақылауды, әртүрлі есептерді шығарудағы амалдарды табу мен жалпылауға мүмкіндік туғызады. Мектепке дейінгі білім беру баланың базалық, жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастырады. Бұл оған білім беру басқыштарының білім аймақтары мен түрлі іс әрекетті сәтті меңгеруге мүмкіндік береді. Сабақтастықты жүзеге асыруда балаға мектеп табалдырығында кездесетін күрделі қиындықтарын ескеру керек. Балаға қоштасуды, қуанышты, шыдамсыздықты, белгісіздіктен қорқуды жеңуге тура келеді. Бұл жерде оқушы болып қалыптасқан балаға ұсақ-түйек ештеңе жоқ. Сондықтан мұғалімдер мен тәрбиешілер балаларға ерекше көңіл бөліп, бала көңіліндегі нағыз оқушы бейнесін қалыптастыру үлкендердің көмегіне тікелей тәелді болатынын естен шығармау керек. Баланың оқушы мәртебесін саналы түрде қабылдауына кейінгі жасалынатын барлық жұмыс көмек құралы болуы тиіс. Мысалы, 1-сынып оқушылары үшін академик Қ.И.Сәтбаевтың апталығында өткізілетін Гимназистер күні мерекесінде оқушыларды гимназистер қатарына қабылданып, гимназист мәртебесіне ие болады. Оқу-тәрбие іс-шараларына (суреттер сайысы, мәнерлеп оқу сайысы, көркем жазу сайыстары, Әліппемен қоштасу, Жасыл шырша, Алтын күз, Наурыз мерекелері) балаларды белсендіре қатыстыру жұмыстары ұйымдастырылып өткізіледі. Пән мүғалімдері, әкімшілік, бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен педконсилиум жүргізіледі. Балабақша қызметкерлері мен тәрбиешілер және бастауыш сынып мұғалімдері арасында семинар өткізіліп, сауат ашудан, математикадан, өзін-өзі танудан ашық сабақтар көрсетіліп, жаңа жағдайдағы оқушылардың қалыптасу барысы талданады. Балабақша әдіскерлері, басшыларымен дөңгелек үстелде тексеру жұмыстарының қорытындылары талданып, оқушылардың шығармашылық жұмыстары жинақталады.
Бастауыш пен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық идеясы оқушының жалпы дамуына бағытталады. Бастауыш сатыдағы 4-сынып оқушылары бастауыш мектеп түлектері. Олар мектеп өмірінің бірінші кезеңін аяқтаушы балалар. Осы жастағы балаларда оқу іскерлігі мен дағдылары қалыптасқандықтан үлкендер көп көңіл бөледі. 4-сыныпта көпшілігінде оқу жұмысының өзіндік жеке стилі көзге ілінеді. Бұл әсіресе, үй жұмысына берілген тапсырмаларды орындағанда көзге ілінеді. Біреуі тез жеңіл түрде жұмысқа кіріссе, біреуі дайындыққа көп уақытын кетіреді. Кей балалар дайындықты қиын пәндерден бастаса, енді біреулері жеңіл пәндерден дайындықты бастауды жөн көреді. Бірқатары графикалық сызба-сурет арқылы тірек-схемалар жасап меңгерсе, кейбіреулері сөзбен түсіндіруді жақсы көреді. 4-сыныпта оқушыларды жақсы көретін оқу пәндері, оған қызығушылықтары айқындалады. Оқу жұмысындағы орындаудағы айырмашылық балалардың жеке ерекшеліктеріне, танымының дамуына, қабылдау мен хабарды өңдеуге және түрлі пәндерге қызығушылықтарының түрліше қызығушылық туғызуына байланысты. Сонымен, 4-сыныптан 5-сыныпқа көшкен оқушылардың басты қиыншылықтарын қарастырайық. Балалар бастауыштағы бір мұғалімдік сынып жетекші жүйесінен пән мұғалімдері жүйесіне енеді. Жаңа мұғалімдерге үйрену адаптациясына өтеді.
5-сыныпта пәндер саны 8-12-ге дейін артады. Бастысы, соншама пән мұғалімдері және әрқайсысының соншама қойылатын талаптары бар. Сондай-ақ сабақтар әртүрлі кабинеттерде өтеді. Сондықтан пән мұғалімдеріне бірігіп, 5-сынып оқушысына жыл басында қойылатын ортақ талаптарды ұсынулары қажет. Бағалауға да көңіл бөліп, оқушыларға бағалаудың критерийлерін түсіндірулері керек. Жұмыстарын тексере отырып, оқушыларға өз-өзіне баға беруге мүмкіндік жасап, қажет болса, олқылықтардан арылу жолдарын көрсеткен дұрыс. Адаптация сәтті өту үшін 5-сыныпта бірінші сабақта мұғалім өз пәнінен қойылатын талаптарды ұсынады. 5-сыныпта тез үйреніп кетуі үшін педконсилиумды қыркүйектің 1,2-аптасында өткізген жөн. Бастауыш сынып мұғалімдері, медицина қызметкері, мектеп психологі бірлесіп, пін мұғалімдерін оқушылардың жеке дара ерекшеліктерімен, сыныпқа, әр оқушыға мінездеме беріп, денсаулығы жайында анықтамалармен таныстырып, оқытуды тиімді әрі қызықты өткізуге байланысты ұсыныстар жасайды.
5-сыныптың ата-аналарына сынып жетекші пән мұғалімдерді, психологты қатыстырып, жиналыс өткізеді. 5-сыныпқа көшкен балаларды пәндік оқытуға бейімдеуге ата-аналардың көнілін аудартады. Бала өз кезегінде ата-аналарының көмегі мен қолдауын сезінсе, қиыншылықтардан сүрінбей өтеді. Себебі, ата-ананың мектеппен, баласының оқитын сыныбымен байланысы оқушы үшін маңызы зор. Ата-аналарға:
:: Балаға нақты күн режимін жасап, түсінушілік пен тыныштық жағдайын туғызу
:: Басты назарда балаларының оқу қызметін дамытуды ұстап, оқуға, үлкендердің көмегімен және өздігінен жаңа білім мен дағдыларды алуына көңіл бөлу керек.
Отбасындағы түсінушілік, сенімділік, демеулік балалардың мектептегі қиындықтарды жеңіп, жақсы нәтижелерге жетулеріне көмектеседі. Қорыта келгенде, сабақтастықты жүзеге асырудың төмендегі көрсетілген жолдарын жұмыс барысында пайдалануымыз қажет:
1. 4-сыныпты бітіруші және 5-сыныпты қабылдаушы мұғалімдердің әдістеме бірлестігін құру;
2. Бастауыш мектептен алған оқушының жалпы оқу біліктері мен негізгі мектепке енудегі пәндік біліктерді талдау және қабылдау. Оқушы портретін құру;
3. Негізгі мектеп мұғалімдерінің өз пәндері бойынша 4-сынып сабақтарына қатысуы және оқушылардың көрсеткен іскерлігіне талдау, түзетулер енгізу;
4. Негізгі мектеп пен 4-сынып мұғалімдерінің бірлескен сабақ үлгілерін құрастырып өткізу және пән бойынша дәптерлерге бірлескен талдау жүргізу;
5. Жалпы оқу және пәндік біліктерін, бастауыш мектептен негізгі мектепке енудегі оқушының психологиялық қалпын диагностикалау, сабақ бойынша ата-аналар жиналысын өткізу;
6. 4-сыныптың мұғалімдері мен әдістеме бірлестік жетекшілерінің 5-сыныптағы сабақтарға қатысуы;
7. І жартыжылдықта 5-сыныпта әдістеме бірлестігі отырысын өткізу, туындаған проблемаларды талдап шешу;
8. Тиімділікті анықтау:
1) 5-сыныптың соңындағы пәндік және жалпы оқу біліктерінің динамикасы (тексеру жұмыстары)
2) оқушылардың психологиялық жағдайының динамикасы (сауалнама, тест)
3) бастауыш мектептен оқытудың 6-жылы аралығында сыныптың құрамының сақталуы (диагностика, талдау)

Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр.
Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Өйткені сабақтастық туралы мәселе өткір қойылып отыр. Бұл мәселені ғалымдар, білім беру мекемелерінің жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар да көтеріп отыр. Олардың дабыл қағуына толық негіз бар.
Мақсат, мазмұн бірлігі неғұрлым тиімді деген әдістерді, оқыту құралдарын, балалар мен оқушылардың жетістіктеріне қорытынды жасау және бағалауды таңдап алуға негізделген білім берудің мектепке дейінгі, бастауыш буын сатыларындағы көп түрлі, көп нұсқалы бағдарламалардың болмауы, осы сатылардың арасындағы байланыстың жоқтығын көрсетеді. Берілген бағдарламаларда білімді игеру көлемі, жеке тұлғалық, әлеуметтік даму деңгейлері ескерілмеген. Бастауыш буын мен мектепке дейінгі білім беру бір-бірінен алшақ жатыр деуге болады. Сондықтан балабақша мен бастауыш буын сабақтастығын айқындауда біріншіден: аталған сатыдағы білім берудің өзіндік мақсаттарының айқындалуы, білім мазмұнының бірыңғай, жүйелі құрылуы, баланың белсенді дамуы арқылы білім берудің келесі сатысына көшудің тиімділігінің қамтамасыз етілуіне;
екіншіден: білім беру жүйесінің әрбір әдістемелік компоненттерінің байланысы мен үйлесімділігінің болуына назар аудару керек (мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістемесі, ұйымдастыру түрлері).
Сонымен қатар аталған сабақтастық сақталу үшін мектепке дейінгі кезеңде-жас ерекшелігіне сәйкес баланың өзін-өзі бағалауының сақталуы, танымдық және тұлғалық дамуы, қоршаған ортамен байланыс жасауға дайындығы қарастырылады. Бастауыш сатыда-мектепке дейінгі шақтағы жетістіктерінің барлық деңгейіне тірек болуды, қарқынды даму жағдайында жеке жұмыстарды, мектепке дейінгі қалыптасып болмаған қасиеттерін жетілдіруге арнайы өзара қарым-қатынас жасау формаларын дамытуды қамтамасыз етеді.
Сабақтастық даму кезеңдері мен сатылардың арасындағы ортақ мақсат-міндеттер, ортақ мазмұнды байланыс, бұл байланыс олардың толық және жеке жақтарының кейбір элементтерін сақтайтын тұтас жүйе. Жеке тұлғаның даму кезеңінің үздіксіз білім беру деңгейлері мен сатылары нақты мақсаттарды іске асыру жағдайлары мен талаптарының іске асырылуымен анықталады. Осының барлығы бір ғана түпкі мақсатқа- баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағытталуы тиіс.
Сабақтастық білім беруде:
* балалардың жеке тұлғалық дамуын қалыптастырып, олардың одан арғы өмірлік қызметтерін қамтамасыз етеді;
* білім беру кезеңдерінде үздіксіз білім беру (балабақша-мектеп, мектеп жоғарғы оқу орны);
* біртұтас білім беру жүйесінде осы кезеңдердің және оқыту түрлерінің ұйымдастыруға өз әсерін тигізеді.
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың негіздемесі:
* балалардың білуге деген құмарлығын дамыту;
* балалардың өздігінен шығармашылық жұмыс тапсырмаларын шеше білу қабілетін дамыту;
* балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған шығармашылық қиялын дамыту;
* тілдік қарым-қатынасын дамыту (құрбы-құрдастарымен, ересектермен тіл табысып, сөйлесе білу)
Сабақтастық үрдісін 2 жақтан қарауға болады.
Мектепке дейінгі буын сатысында мектепке дейінгі балалық шақтың өзіндік құндылығы қысқартылады және балалардың жеке тұлғалық сапасының негізі қалыптасады.
Мектепке дейінгі мекеме мен мектептегі білім үрдісінің мақсатын, міндетін, мазмұнын, бағыттап отырады; әр баланың дамуына жағдай жасайды (денсаулығын сақтау, эмоционалдық саулығы).
Балабақша мен бастауыш білім сатысының сабақтастығын тек баланы мектепке дайындау деп түсінбеу керек, мұнда педагогтар мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің формалары, әдіс-тәсілдерімен жете танысып, 6 жас пен 7 жас аралығындағы психологиялық ерекшелікті анықтай отырып мектепке біртіндеп жеңіл бейімделуіне жағдай жасау шарт.
Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері:
* салауатты өмір сүру салтының құндылығына балаларды қатыстыру;
* эмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ету, әр түрлі көркемдік іс-әрекет түріне жағдай жасау;
* талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;
* айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру;
Бастауыш мектептің міндеттері:
* салауатты өмір сүру салтының құндылығын қалыптастыру және өзінің тәртібін осыған сай реттеу;
* қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас дайындығын дамыту. (эмоционалды, интеллектуалды, коммуникативті және іскери)
* мектепте оқуға үйрену деген тілегін қалыптастыру;
* әр түрлі әрекетте бірлесе жұмыс істей білуі мен өздігінен жұмыс істеуін дамыту;
* мектепке дейінгі мекемедегі жетістігін жетілдіру, мектепке дейінгі мекемеде дамуында қалыптаспаған сапасына арнайы көмек көрсету;
* мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сыныптың сабақтастық бойынша жұмысын ұйымдастыру:
* мектепте оқып үйренуіне жағдай жасау;
* мектепте оқуға психологиялық дайындығын қалыптастыру;
* бала дамуының үдіксіз білім беру жүйесін құру.
Мектепке дейінгі мекеменің мақсаты:
* денсаулығын сақтау, нығайту;
* психологиялық дамуына жағдай жасау (есте сақтау, ойлау, қабылдау)
* мектепте оқуға дайындау (мектеп, мектеп ережесі, қоңырау, үзіліс)
Бастауыш мектептің мақсаты:
* денсаулығын сақтау нығайту;
* қабілеттерін, ойлауын дамыту;
* ерік, жігер сезімін дамыту.
* Екі ұйым арасындағы әрекет:
Мектепке дейінгі мекеме-танымдық әрекет-мағлұмат ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz