Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды қалыптастыру



Кіріспе
Негізгі бөлім:
І. Қоршаған ортамен танысу ерекшелігі
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды қалыптастыру
1.2. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру
ІІ. Балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыруда ойындар мен тапсырмаларды қолдану мазмұны
2.1. Қоршаған ортамен танысу бөлімінде дидактикалық ойындарды қолдану тәсілдері
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда логикалық тапсырмалардың пайдалануы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондыктан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты-табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып,тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, әлжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларынан түзілгенқалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры, ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиін, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітіру.Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысының және бір арнасы – адамгершілік тәрбиеге саяды. 1. Адамгершілік тәрбиесінің мәнісі баланың адамдарға, айналадағы ортаға, туған өлкенің табиғатына деген сүйіспенішілігін, қамқорлығын арттыруды көздейді. Туған өлкеге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің негізгі құралы — ұлтгық тілі, мәдениеті, көркем өнер туындылары. Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді. Адам табиғат пен өмірдің бар қызығын ән-жырға қосып, оның әдемі де сұлу көріністерін бала санасына ән арқылы жеткізе білген.Халқымыздың қандай ән-әуені болмасын мейірім-шапағатқа, мәнді мазмұнға, ұлағатты тәлім-тәрбие, терең философияға негізделе жазылған. Сондықтан да ол сезімге әсер етіп, балалардың мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді. Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән арқылы жеткізумен бірге, өмір сүрудің негізгі көзі адал еңбекке де баули білген. Оларға арнап мақал-мәтел, тақпақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар, қанатты сөздер, ертегілер шығарып, күнделікті бала тәрбиесіне қолданған.
1.Т. Кенжебаев, М. Абдиров «Мектепке дейінгі педагогика» Алматы, 1985ж
2.«Бала мен балабақша» журналы №1, 2011ж
3.«Отбасы және балабақша» №1, 2005ж
4.Мектепалды даярлық журнал №1, №2, №3 2004ж
5.«Балақай» республикалық журнал №1, 2009ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
І. Қоршаған ортамен танысу ерекшелігі
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды қалыптастыру
1.2. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру
ІІ. Балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыруда ойындар мен тапсырмаларды қолдану мазмұны
2.1. Қоршаған ортамен танысу бөлімінде дидактикалық ойындарды қолдану тәсілдері
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда логикалық тапсырмалардың пайдалануы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондыктан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты-табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып,тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, әлжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларынан түзілгенқалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры, ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиін, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітіру.Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысының және бір арнасы - адамгершілік тәрбиеге саяды. 1. Адамгершілік тәрбиесінің мәнісі баланың адамдарға, айналадағы ортаға, туған өлкенің табиғатына деген сүйіспенішілігін, қамқорлығын арттыруды көздейді. Туған өлкеге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің негізгі құралы -- ұлтгық тілі, мәдениеті, көркем өнер туындылары. Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді. Адам табиғат пен өмірдің бар қызығын ән-жырға қосып, оның әдемі де сұлу көріністерін бала санасына ән арқылы жеткізе білген.Халқымыздың қандай ән-әуені болмасын мейірім-шапағатқа, мәнді мазмұнға, ұлағатты тәлім-тәрбие, терең философияға негізделе жазылған. Сондықтан да ол сезімге әсер етіп, балалардың мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді. Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән арқылы жеткізумен бірге, өмір сүрудің негізгі көзі адал еңбекке де баули білген. Оларға арнап мақал-мәтел, тақпақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар, қанатты сөздер, ертегілер шығарып, күнделікті бала тәрбиесіне қолданған. Тәрбиенің осындай мол мұралары арқылы баланың сезімін оятып, рухани дүниесін байытқан, айнала қоршаған дүниені танытып, еңбекке баулыған және де табиғат өсімдігімен қатар кең даладағы құстардың сан алуан дыбыстарымен, жабайы аңдардың үй жануарларының үнімен таныстырып, танымдық қызығушылығын арттырған. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат құбылыстарының жұмбақ сырлары әрқашан да қызықтырады. Олар тілі шыға бастаған кезден-ақ үлкендерден әрнәрсені сұрап, білмекке құштар. Әрнәрсені қар неге жауады? Жаңбыр қайдан пайда болады? Жеміс-жидектер қыста неге піспейді? Қарлығаш неге күн жылы кезде келеді? Шыбын-шіркейлер күн суығанда қайда кетеді? - деген сияқты сан алуан сұрақтар қояды. Бала естіген, көрген, сезген нәрсесін танығысы, білгісі келуі заңды ғой. Ендеше балалардың осындай сұрақтарына мән беріп, ойдағыдай түсіндіре аламыз ба? Бүлдіршін бөбектің тіршілік, түйсігі осындай ұсақ-түйектен қалыптаса беретіні бекер ме?Бала зейінін құстар сайраған дауысына, судың сылдырына, жапырақтардың сыбдырына аудара отырып, жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты осы құбылыстардың өзгеруін түсіндіру ғана емес, айналасындағы ортада болып жатқан өзгерістерді өздігінше бақылай білуге де үйрету қажет. Мұны бала психологиясын жетік білетін, туған елінін табиғатын сүйетін, жаны нәзік тәрбиеші ғана істей алады.

Негізгі бөлім
І. Қоршаған ортамен танысу ерекшелігі
Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.
Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жыл оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды.Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді. Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар,шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып,баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп,оны қабылдай білуі керек. Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды,көруді,сезінуді,тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса,балада соғұрлым көбірек үйренеді.Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып,өмір бойы есінде қалады.Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі "Балаларды айналамен таныстыра отырып,оларға экологиялық тәрбие беру" болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге,оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып,жауапкершілігін күшейтуге,табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат. Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес,сонымен қатар мекеме орналасқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып,оның өмірімен байланысын сезіне білсе,онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді. Балаларды табиғатқа деген сүіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Біз табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие мәселелерін шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы,оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейміз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады. Табиғат баланың ақыл ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді, өз ойын жеткізе білу өнерін дамытады.
Табиғатты танып, білу мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып,сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.
Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:
1. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру;
2.Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;
3.Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;
4.Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды,ойыншықтарды,түрлі ертегі кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;
5. Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру.
Тәрбиеші-педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек. Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады.Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет.Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзарабайланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды. Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды.Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге болады. Сондай-ақ олар шеңбер, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай т.б бейнелеуге де жете көңіл бөлмегені байқалды. Табиғаттың нақ осы құбылыстары мен объектілері қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жатады, ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса қажет болды. Балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсатында өтіледі. Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-баптап жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға үйретеді,сондай-ақ бала бойында бәртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптаса береді.

1.1.Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды қалыптастыру
Баланы табиғатпен таныстыра отырып, оның сан қырлы бояуларын балаларға көрсетіп, түсіндіру әрбір тәрбиешінің негізгі міндеті.
Табиғат - баланың ақыл-ойын нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу өнерін бірге дамытады.
Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.
Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:
- мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру;
- балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;
- тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;
- ұйымдастырылған оқу-әрекеттерінде көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды, ойындарды, ойыншықтарды, түрлі ертегілер кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;
Тәрбиеші - педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялык тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялык ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек.

Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.
Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасында балаларды табиғатпен таныстырудың саяхат, серуен, мақсатты серуен, бақылау, ұйымдастырылған оқу әрекеті сияқты бірнеше түрі берілген. Ұйымдастырылған оқу әрекеті балаларға экологиялық тәрбие берудің басты формасы. Бақылау -- мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі процесс. Серуен - балалармен күнделікті күннің І,ІІ жартысында жүргізілетін жұмыс түрі. Экскурсия және саяхаттар ересек тобының балаларымен арнайы жоспарланып, ұйымдастырылады.
Қазіргі таңда балабақшаларда балаларға экологиялық тәрбие беру міндеттерін шешу үшін жоспар бойынша жоспарланған жұмыстар ғана жүзеге асырылып қана қоймай, сонымен қатар, экологиялық жобалар да қолға алынуда. Экологиялық жобалар - балаларға экологиялық тәрбие берудің ең тиімді формасы болып табылады. Ал, экологиялық тәрбие адамның жалпы білімінің айрылмас бөлігі. Мектепке дейінгі ұйым - балаларға экологиялық тәрбие беру жүйесінің нағыз ортасы.
Жоба дегеніміз не? Жоба - балалардың жас ерекшелігіне байланысты арнайы қойылған мақсатпен, түрлі мерзімде жүргізілетін жұмыс түрі. Жобаны дайындау үшін біріншіден баланың жас ерекшелігін ескеру қажет. Одан кейін тақырыпты таңдайды.
Жобалар үшке бөлінеді:
қысқа мерзімді - бір күн мен бір аптаға аралығы;
орташа мерзімді - бір ай мен үш ай аралығы;
ұзақ мерзімді - бір жыл аралығы;.
Кіші топтағы балалармен қысқа мерзімді жобаларды жоспарлаған тиімді. Өйткені бұл жастағы балалардың есте сақтау қабілеттері өте қысқа болады. Ал ересек жастағы балалармен ұзақ мерзімді жобалар өте тиімді. Өйткені, бұл балалар жобаға қатысу процесінде оны білу, зерттеу, тану қызығушылықтары арта түседі және жоба туралы нақты түсінік қалыптасады. Экологиялық жоба бақылау және тәжірибе әдістері арқылы жүзеге асырылады. Жоба нәтижесінде төмендегідей материалдар көрініс табады:
Экологиялық жоба бақылау және тәжірибе әдістері арқылы жүзеге асырылады. Экологиялық жобаны жүзеге асыру жолдары үш сатыдан түрады.
Дайындық кезең. Мұнда алдымен жобаның тақырыбы таңдалады. Одан кейін жобаны жүзеге асыру үшін оны өткізетін орын, тәжірибеге қатысушы нысаналар, мерзімдері анықталады. Ары қарай жобаның мақсат, міндеттері, жоспары жасалады. Әдіс-тәсілдері, ата-аналармен, балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері анықталады.
Зерттеу кезеңі. Мұнда зерттеу процесі жасалған жоспарға сай жүргізіледі. Зерттеу жұмыстары балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерінің барлығында: ұйымдастырылған оқу әректі, серуен, бақылау, жеке жұмыс, ойын, дербес әрекеттердің барлығында қарастырылуы қажет. Сонымен қатар, бұл кезеңде материалдар жинақталады: балалардың салған суреттері, қол еңбегі, әңгіме, өлең-тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш жинақтары, қысқа жоспарлар және фотосуреттер.
Қортынды кезең. Мұнда жоспар бойынша барлық атқарылған жұмыстар бойынша қортынды жасалады. Көрме ұйымдастырылып, материалдар жинақталады. Жеткен жетістіктер мен нәтижелерге педкеңесте немесе қортынды іс-шарада есеп береді. Сонымен қатар, ата - аналармен жобаны қортындылау мақсатымен кішігірім іс-шара ұйымдастыруға болады.

1.2. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру
Қоршаған ортамен таныстыру бойынша балалар өзінің аты-жөнін, жасын, жанұясын, балабақшадағы тәрбиешілермен топтағы балалардың аты-жөніндерін тани бастайды. Балабақшаның ішкі құрылысымен таныстырылып, топ бөлме, асхана, дәрігер бөлмесі, т.б айырмашылықтарын ажырата бастайды.Сонымен қатар әр бөлмеде жұмыс түрін, қажетті құралдарды, олардың аты, не үшін қажет, неден жасағаны, қайда, кімде, қандай, кім не істейді сұрақтарына дұрыс жауап беруге балабақшада өздері немен шұғылданатыны туралы әңгімелейді.
Балалар әсіресе ұлдар жағы қызығы көлік түрлерін, яғни ұшақ, поезд, жеңіл,жүк машина және әртүрлі көліктер түрлерінің міндеттерін жақсы біледі.Балалар бос уақытында жүк машинасымен ойнағанды жақсы көреді.
Қоршаған орта мен тәрбие жұмыстарының түрлері:
Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, тәрбиеші оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен құстарды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.
Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып табылады. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым-қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серуне арқылы бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Серуен: тәрбиешінің көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Серуен барысында балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылыу жұмыстарын өткізу.
Біріншіден, арнайы бағдарлама пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден,бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты болып келеді.
Баланың жан-жақты дамуы,оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда Сезіну-танып білу- жүзеге асыру - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.
Табиғи нысанды қабылдау, зерттеу баланы шаршатпауы тиіс. Бала бақылауды жақсы көңіл-күймен бастап, сондай жақсы әсермен аяқталуы тиіс.
Бақылау барысында баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару. Серуен кезінде әр түрлі ойындар арқылы жаңа ойын технологияларын әдіс-тәсілдердін қолдану қажет. Серуен барысында тек бақылап қана қоймай, еңбек шараларын қатар жүргізіп отыру керек.Серуенде ағаштарды,гүлдер мен шөптерді ажыратуға,оларға қамқорлықпен қарауға көңіл аудару керек.
Еңбек барысында- ойын әрекеті арқылы балалардың қызығушылықтарын дамыту қажет. Бала серуен барысында (еңбек, бақылау, ойын) - әрекеттері арқылы, не үйренді, неге қызығушылықтарының артқанын сұрай отырып, қортынды жасау.
Бақылауға дайындық және оны ұйымдастыру.
Сонымен, аталған талаптарға сай бақылауды өткізу тәрбиешінің арнайы дайындығы болған жағдайда жүзеге асады.Дайындық келесі жұмыстардан тұрады:
:: Бақылау мазмұны және ұйымдастыру.
:: Бақылауды өткізу орны және уақыты.
:: Бақылаудың әр бөлімінде пайдаланатын әдіс-тәсілдері болады.
:: Бақылау барысында шешілетін міндеттердің де маңызы зор.
:: Балаларды топырақпен және оның қасиеттерімен таныстыру;
:: Ылғалды және құрғақ топырақты ажырата білуге үйрету;
:: Тастардың әр түрлі болатынына назар аудару және оны топырақпен салыстыру;
:: Балаларды екі табиғи компонент: саз бен топырақты ажыратуға үйрету;
:: Топырақтың қасиеттерін атап айтуға үйрету;
Әр бақылаудың өз мазмұны, мақсаты бар, басқаларын қайталамайды, бірақ бір-бірімен байланысты болып келеді. Айналадағы әлемді ойын,еңбек,серуен,тәрбиешімен,ересе ктермен,құрдастарымен қарым - қатынас кезінде танып біледі. Сондай-ақ 3-4 жастағы балалар заттарды түсіне,түріне,көлеміне қарап ажырата бастап,олардың құрылысын,пайдалану тәсілдерін білгісі келеді.Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге,адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады және тілі дами түседі.Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді.Балалар өте байқағыш,еліктегіш,әр нәрсеге үңіле қарайды,көп нәрселер оларды ойлантады.Ойларын айтып жеткізгісі келеді. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі мүмкін.

ІІ. Балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыруда ойындар мен тапсырмаларды қолдану мазмұны
Бізде таным білім беру саласының базалық мазмұнында үш жастағы бала ересектерге еліктей отырып ойын образдарын жасай келе, белсенді түрде қимылдап, қоршаған әлемімен танысады. Айналысында болып жатқан барлық оқиғаларға назар аударып, мән беріп, ересектің соңынан сөйлемдер мен сөздер қайталап отырады. Мысалы: заттардың қасиеттеріне, табиғатқа, жан - жануарлар әлеміне деген қызығушылығын қалыптастыру. Мазмұны: заттардың температурасын сезіне білуге: қар суық, салқын, шай ыстық. Сыртқы белгілеріне қарай жыл мезгілдерін ажырата білуге және атауға үйрету. Заттармен іс - әрекеттерді орындау: қуыршақты киіндіру, ойыншықтарды жинастыру, киімін тазалау, қоршаған ортадағы тәртіпсіздікті бақылау. Киімдердің атауын атай білуін жетілдіру. Заттардың не үшін, неге арналғандықтарын түсіну. Біздің бүгінгі тәрбиелеп отырған бүлдіршіндеріміз - Отанымыздың болашақ азаматтары. Сондықтан оларды өз туған жерін сүюге, туған ел табиғатын күтіп, оның байлықтарын сақтауға қорғауға және баптауға тәрбиелеу міндетіміз.
Біздің топта 20 бала тәрбиеленуде. Бұл топтағы балалар екі жаспен үш жас аралығында. Былтырғы бөбектер тобынан келе жатқан балалар. Балабақшада балаларды қоршаған ортамен жан - жақты терең таныстырып отыру тек экология оқу іс - әрекетінде ғана емес, тіл дамыту оқу іс - әрекетінде де өз жалғасын табуы қажет. Ол үшін балалардың жасына, тәрбиеленетін тобына байланысты. Сабақтың тақырыптары белгілі бір жүйе бойынша топтастырамыз.
Қоршаған ортамен таныстыру сабағын балалардың бір - біріне деген ыстық лебіздерін, ойларын, алақандарының жылуын, жылы тілектерін бір - біріне беру, айтудан бастауға болады. Мәселен:
Сәлеметсіз бе балақайлар!
Қайырлы таң, балалар!
Бүгін күн қандай тамаша!
деген жылы сөздер бала жүрегіне әсер етіп көңіл - күйін бір сергітіп тастайды. Біздің топта қоршаған орта оқу іс - әрекеті екі аптада бір өтеді. Табиғатты күтіп баптау ертеңгілік қабылдаудан басталады. Ертеңгілік балалармен топтағы өсімдіктерді күтіп баптау туралы жұмыс жүргіземіз. Балаларға гүлдердің шаңын сүртіп, су құйып тұрса оның әдемі болып өсетінін, ал күтіп баптамаса оның солып, өліп қалатынын әңгімелейміз. Кейбір балаларға мысалы: Әзім, Әлім, Сая, Мейрамгүлдер қолдарына лейка беріп гүлдерге су құя білуді тапсырамыз. Балалар аулада ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТАБИҒАТТАНУДЫ ОҚЫТУДА ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру
Мектепке дейінгі балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру
Бақылау барысында баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару
Қыс мезгілінде балаларды табиғатпен таныстыру
Бастауыш мектеп балаларына табиғат туралы білім беру мәселесінің зерттелуі
Баланың ақыл ойының дамуы
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Балалар дүние танымын қалыптастырудағы өлкетану жұмыстары
Табиғатпен таныстыру арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Пәндер