Қызықты математикалық ойын-жаттығулар арқылы балалардың ойы мен таным деңгейлерінің дамуын анықтау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Тақырыбы: Қызықты математикалық ойын-жаттығулар арқылы балалардың ойы мен таным деңгейлерінің дамуын анықтау

Орынаған:

Тексерген:

Қарағанды, 2016ж

Жоспар

І КІРІСПЕ . . .

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І Тарау. Ойын-жаттығулар арқылы балалардың ойы мен таным деңгейлерінің дамуын анықтаудың теориялық әдістемелік негізі . . .

1. 1 Ойын-жаттығулардың баланың ойы мен таным деңгейін

дамытудағы маңызы мен мазмұны . . .

1. 2 Ойын арқылы баланың танымдық қабілеттерін дамыту . . .

1. 3 Ойын арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

ІІ ТАРАУ. Қызықты математикалық ойын-жаттығулар арқылы балалардың ойы мен таным деңгейлерінің дамуын анықтау . . .

2. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын-жаттығулар арқылы қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі . . .

2. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелік сипаттамаларына қарай қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі . . .

2. 3 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойы мен таным деңгейін дамытуға арналған қызықты математикалық ойын-жаттығуларды қолдану жолдары . . .

2. 4 Балаларды ойын-жаттығулар арқылы санай білуге үйрету . . .

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ІV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .

3

5

5

7

11

14

14

20

29

31

36

38

КІРІСПЕ

Мектепке дейінгі балалық шақта, жас баланың 4 пен 7 жасының аралығындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасындағы болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезінгендерін зердесіне хаттай жазып ала қоятын зеректігін ала бөтен ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да бір қалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады.

Курстық жұмыстың өзектілігі мынада, мектепке дейінгі мекемелерде білім беру ортасы мен оның тәрбие және білім беру мазмұнын дамыту сауатты ұйымдастырылмаса, баланың оқу мен жазуды игеру мәселесін түпкілікті шешу мүмкін емес. Кез келген мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ортақ мақсаты - балаларды мектепте оқуға даярлау және оларды әлеуметтендіру. Бала мектепте жақсы оқуы үшін, оған белгілі білік пен дағдылар қажет (алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталануын дағды деп атайды) [1] . Мектепте оқуға қажетті білік, дағдылардың белгілі бір пәндерге қажет арнайы (қосу, азайту, оқу, жазу, сурет салу және т. б. ) және кез келген сабақтарға қажетті жалпы түрлері бар. Бұл дағдылар толыққанды кейінірек қалыптасады, бірақ олардың алғышарттарын осы мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыруды бастаған жөн.

Курстық жұмыстың мақсаты - қызықты математикалық ойын-жаттығулар арқылы балалардың ойы мен таным деңгейлерінің дамуын анықтау әдістемесінің теориялық негізін тұжырымдау болмақ.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер алға қойылады:

- ойын-жаттығулардың баланың ойы мен таным деңгейін дамытудағы маңызы мен мазмұнын анықтау;

- ойын арқылы баланың танымдық қабілеттерін дамыту;

- ойын арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

- мектеп жасына дейінгі балалардың ойын-жаттығулар арқылы қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесін қарастыру;

- мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелік сипаттамаларына қарай қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі;

- мектеп жасына дейінгі балалардың ойы мен таным деңгейін дамытуға арналған қызықты математикалық ойын-жаттығуларды қолдану жолдарын қарастыру;

- балаларды ойын-жаттығулар арқылы санай білуге үйрету жолдарын қарастыру.

4-5 жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене түседі. Санамақтарды әжептәуір игеріп, аз және көп сандарды, айдық, күн, жыл мезгілдерін айыра алатын халге жетеді. Бұл жастағылардың ойыны, әрбір әрекеттері мазмұнға айналып, белгілі бір мақсаттарды орындауға ұмтылыс жасайды. Бұл жастағы балалар топ-топ болып, өзара бірігіп ойнағанды жақсы көреді. Балабақшаларының өмірге қанат қақтырар жеткіншектері - 6 жастан өтіп 7-ге толған балалар екені әркімге де аян.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Е. И . Тихееваның мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға қосқан үлесі. Ф. Н. Блехердін балабақшада қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру туралы бағдарламасы. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі мен теориясына А. МЛеушинаның қосқан үлесі.

1950-1980 жылдардағы мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мәселелері жөніндегі педагогнкалық-психологиялық ізденістер (Н. А. Менчинская, Н. НЛежова, 3. С. Пигулевская, Ф. А. Михайлова)

1932-1984 жылдардағы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасындағы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі туралы еңбектер. 1984-1989 жылдардағы оқу мен тәрбиелеудің типтік бағдарламасының мазмұны және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемссінің ерекшеліктері (Н. Г. Бакет, Я. Ф. Чекмарева, A. M. Леушина) . 1984-1990 жыллардағы мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсінігін қалыптастыру мазмұңының қалыптасуы.

Қазақстандағы қызықты математикалық ойын-жаттығулар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың ойы мен таным деңгейлерінің дамуын анықтау әдістемесінің дамуы. Н. Құлжанова, М. Сәтімбекова оқу-әдістемелік кешендері. 1996-2000-2005 жылдардағы "Балбебек" бағдарламасының құрылысы және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің мазмұны. (Балбөбек 1996 ж. ) Сорос бағдарламасы - балалардың шығармашылығын дамытудың негізгі кұралы. Математика орталығы және ерекшелігі. 1999 жылғы Астана-Алматы балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектепалды дайындау бағдарламасындағы қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мазмұны.

І Тарау. Ойын-жаттығулар арқылы балалардың ойы мен таным деңгейлерінің дамуын анықтаудың теориялық әдістемелік негізі

1. 1 Ойын-жаттығулардың баланың ойы мен таным деңгейін дамытудағы маңызы мен мазмұны

Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.

Ойын - баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.

Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.

Бүгінгі күн талабы - баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы - ойын әрекеті, яғни, ойын - баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады. Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т. б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.

Белгілі психолог Л. С. Выготский : «Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары, не төмен талапты ауытқу, яғни тым ерте, не болмаса тым кеш оқыту мерзімдері баланың ақыл-ойының даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді» деген. Осы орайда, «Балаларды мектепке дайындау - оларды оқытып, санатып, әйтеуір білім беріп шығару» - деп, білімдік, тәрбиелік үрдістердің дәстүрлі мектеп сабағы түрінде жүргізу ойдағыдай нәтиже бермейтіндігі сөзсіз. Мектепке дейінгі балалардың жасы мен мен психофизилогиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын түрінде ұйыдастыру нәтижелі болмақ. Ал, осы талаптағы жұмысты іске асыру әр тәрбиешінің шығармашылық ізденістері мен шеберлігін қажет етеді.

Мектепке дейінгі кезеңдегі балаға алғашқы білім беру, тәрбиелеу жұмыстары барысында түрлі әдіс-тәсілдерді ойын түрінде үйлестіре қолдану, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту арқылы баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыру.

- Танымдық, білімдік, іскерлік қасиеттері жан-жақты дамыған еркін ойлы, тілі жетік, ерікті-жігерлі, өзіне сенімді балдырғанды келесі білім сатысына - мектепке дайындау; баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту жұмысының қаншалықты

маңызды екенін ата-аналарға түсіндіре, жеткізе отырып, оқыту-тәрбиелеу жұмыстарына ата-аналарды қатыстыру;

- баланың логикалық ойлауын дамыту бағытында тәжірибеде жүргізілетін жұмыстар: оқыту мен тәрбиелеу жұмысын баланың жаса ерекшелігі мен өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дайындау, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты талаптары негізіндерінде ұйымдастыру;

- балалардың бір орнында ұзақ уақыт отырып қалмауын, жалығып кетпеуін ескеріп сабақтарды ойын түрінде ұйымдастыру (қимылды- әуенді ойын-жаттығулар, қимылды-қозғалыс барысындағы тапсырмалар, шағын топтар жұмысы, тапсырмаларды алма-кезек ауыстырып орындату, эстафеталық ойын барысындағы тапсырмалар және т. б. ) ;

- логикалық ойлау қабілеттеріне арналған тапсырмаларды (жұмбақ суреттер, ситуациялық тапсырмалар, тест тапсырмалары, ертегі негізіндегі тапсырмалар және т. б. ) түрлендіре қолдану;

- балалардың өздерінің талаптануы, өзіндік қалауы еркіндігіне жағдай жасап өзіндік іс-әрекеттерді орындау, бастаған жұмысты аяқтау іскерліктеріне, өз ойларын еркін жеткізуге бейімдеу;

- көмекті қажет ететін балалармен жеке жұмыс түрлерін жүргізу;

- психологиялық ойындар, жаттығулар қолдану арқылы балаларға жан-жақты жағдай жасау, жағымды микро ахуал туғызу;

- ата-аналарды сабақтарға, күн тәртібі бойынша жүргізілетін тәрбиелк шараларға, тестік байқалуарға, ойын сауықтарға, т. с. с. басқа шараларға тек бақылаушы ретінде ғана емес, білімдік, танымдық жұмыстарда үлес қоса отырып, балаларына білікті көмек көрсете алатындай жағдайда қатыстыру;

- балаларды мектепке педагогикалық және психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатында бастауыш сынып ұстаздарымен қарым-қатынаста болу.

Ойымызды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыу бағытындағы жұмысар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды - деп ой түйіндейміз.

1. 2 Ойын арқылы баланың танымдық қабілеттерін дамыту

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ««Қазақстан 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек, - дей келе, . . . Қазақстан бүкіл әлемдегі сияқты мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек, - деп атап көрсеткен. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуда жастарға білім берудің маңызы ерекше. Осыған орай жастардың білім жетістігін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру, ол үшін білім беру, оқыту технологиясын үнемі жетілдіріп отыру - өмір талабы. Ал білім баспалдағы балабақшадан бастау алатындығын ескерсек, ол жерде балаға білім берудегі, баланың біліктілік дағдыларын, таным қабілеттерін қалыптастырудағы басты құрал - ойын технологиясы екенін естен шығармағанымыз абзал.

Шағын орталық қабырғасында баланың көп уақытын ойынмен өткізетіні белгілі. Ойын - бала өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің алғы шарты. Ойын дегеніміз жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Халқымыздың ұлы ойшыл - ақыны Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай ойын бала өмірінде айрықша орын алады. Сәбидің өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық таным - дағдылары осы ойын үстінде қалыптасады.

К. Ушинский: « Ойын - балалардың өз бетімен ерікті атқаратын іс - әрекеті, ойын арқылы адамның жан дүниесінің барлық қырлары, жүректілігі, ерік - жігері қалыптасады», - деген ой айтады. Ойынның, әсіресе балалардың психологиясына тигізетін әсері көп, ойын кезінде балалардың ортамен қарым - қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез - құлқы қалыптасады, ойынның сан алуандылығы балаларды достыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулиды.

Ойын арқылы баланың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығы өзгереді, таным белсенділіктері қалыптасып, ақыл - ой процесі өсіп - жетіледі, түрлі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір - біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, достық, жолдастық, бауырмалдық, ортаны сыйлау сезімдеріне тәрбиелеуге болады. «Адам өркениетті болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалар еді», - деп К. Чуковский бала денесінің дамуы мен ой - дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей байланысты екенін атап көрсеткен.

Д. Эльконин бала психикасының дамуында ойынды «жетекші іс - әрекет» сөз тіркесімен сипаттайды. Д. Эльконин еңбектері балалар ойынының әлеуметтік табиғатын ерекше мәдени құрылым ретінде түсіндіреді, ол ойынды ересектердің қоғамдық өмірін бейнелеу деп анықтайды «Ойын - мінез - құлықтың ырғақты дамуының алғашқы баспалдағы - мектебі», - дейді бала психологы Д. Б. Эльконин. Егер баланы жай кезде тік тұрғызып қойсаңыз, ол 2 - 3 минут та тұрмайды, ал егер ойын үстінде айтсаңыз, тіпті ол бір кертартпа, қыңыр баланың өзі болса да тік тұрып қалады, бұл - ойынның өз мақсатына жету деңгейі. Л. С. Выготскийдің пікірінше, ойын, мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының дамуына ықпал етудегі жетекші құбылыс.

Ойын кезінде жан - жақты тәрбиелеудің мақсаты әр жас кезеңінде ойын әрекетінің психологиялық негізін құрастырған жағдайда ғана табысты іске асырылады. Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл - ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттыруы мен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Қызығу - танымдық іс - әрекеттің қозғаушы күші.

Ойынның дамуы бала психикасының үдемелі өзгеруіне ықпал жасайды. Ойында психикалық үрдістер (таным процестері) : қабылдау, зейін, ес, сөйлеу, қиял, ойлау қалыптасады, танымдық қызығушылығы артады - бұл баланың ой - өрісін кеңейту қажеттігін туғызады. Бала бойында қалыптасқан танымдық процестерді біртіндеп дамыту мақсатында ойын түрлерін де біртіндеп күрделендіріп, балаға байқатпай көздеген мақсатқа бұрып отыру арқылы біз өзіміздің түпкі мақсатымызға жетеміз - ол - балада ойын әрекеті арқылы қалыптасып келе жатқан психикалық үрдістерді біртіндеп дамытып отыру. Ол үшін мен баланың таным процестерін қалыптастырып, дамытуға арналған әдістемелік ойындарға сәйкестендіріп топтағы әр балаға жеке - жеке Танымдық қабілеттерінің даму картасын жасадым. Жыл бойы әр психологиялық үрдіс бойынша жүргізілген ойын нәтижесін бағалап, даму деңгейі туралы қорытынды бағаны түсіріп отырамын.

Мысалға, сөйлеу қабілетін қалыптастырып, сөздік қорын дамыту мақсатындағы ойындар «Бұл не? Қалай аталады?» әдістемелік ойынын өткізу үшін әр түрлі суретті 25 - 30 карточка дайындап, балаға жеке - жеке көрсетіп, суреттің атауын сұраймын. Бала ойынға белсене араласып, жарыса жауап беріп жатады - менің «жасырын көздеген мақсатым» да осы, яғни баланы сөйлету, сөздік қорын дамыту. Нәтижесі картаға түсіріледі. Келесіде жоспар бойынша одан күрделірек ойын: «Сурет бойынша әңгіме құрастырайық», «Жалғастыр» Әр ойын - тапсырманың нәтижесі балл түрінде картаға түсіріліп отырылады. Сол сияқты баланың логикалық ойлау қабілетін дамытуға қатты көңіл бөлемін. К. Ушинский: «логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.

Сондай - ақ, кімде - кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс, », - деп атап көрсеткен болатын. Осыған байланысты ойлау қабілетін арттыруға арналған «Сен білесің бе?», «Бұл қай кезде болады?», «Суреттерді аяқтайық»ойындары, Зейінді қалыптастырып, дамытуға арналған «Не өзгерді?», «Түймелер», «Жұпты суреттер» ойыны, Қабылдау қабілетін дамытуға арналған «Пирамидалар, жинағыштар, таяқшалар, » «Кубиктер», «Таңғажайып дорба, », Есте сақтау қабілетін арттыруға арналған «Суреттерді есіңде сақта, » «Түрлі - түсті доптар, » «Көлеңке», бала қиялын дамытуға арналған «Гүл», «Алып бер», «Аяз Атаның үйі» ойындары бойынша әдістемелік ойын сабақтарын ойната отырып баланың оқу жылының бастапқы, орта және қорытушы кезеңдеріндегі танымдық қабілеттерінің қалыптасу барысына диагностика жүргіземін.

Жыл соңында әр топтағы балалардың таным қабілеттерінің дамуына жүргізілген диагностикалық жұмыс нәтижесінің қорытындысы шығарылып, ортақ балы есептеледі, мониторинг жасалынады. 2 - 3 жылғы мониторинг қорытындысын салыстыра отырып, баланың психологиялық танымдық тұрғыда даму деңгейі анықталады, және ол мониторинг көшірмесі баланың болашақ сынып жетекшісіне беріліп, ол баламен ары қарай жұмыс жүргізу деңгейі қарастырылады, яғни балабақша мен мектептің үздіксіз байланысы жүзеге асады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауының даму ерекшеліктері
Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық– психологиялық ерекшеліктері жайлы ақпарат
Логикалық ойлау қабілеті
Бастауыш мектепте математиканы оқыту
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінде ойын технологиясының мазмұны, міндеттері және ерекшеліктері
Математиканы оқыту барасында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларға үйретілетін арифметикалық амалдардың ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларын есептер шығаруға үйрету
Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz