Нормативті құқықтық актілер: түсінігі мен түрлері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Мемлекет және құқық теориясы
Тақырыбы: Нормативті құқықтық актілер: түсінігі мен түрлері
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ . . .
I-тарау . Нормативтік құқықтық актілердің теориялық-әдістемелік
негізі . . .
1. 1 Н ормативтік реттеу жүйесінің түсінігі және элементтері . . .
1. 2 Нормативтік құқықтық акт құқықтың қайнар көзі ретінде . . .
1. 3 Нормативті-құқықтық актілердің кеңістіктегі және адамадар
арасындағы әрекеттері, әрекет ету шектері . . .
1. 4 Нормативтік-құқықтық актілер мен құқық нормаларын қолдану
актілерінің арақатынасы . . .
II-тарау. Нормативтік - құқықтық актілер түсінгі, түрлері . . .
2. 1 Нормативтік құқықтық актілер түсінігі . . .
2. 2 Нормативтік құқықтық актілер: олардың түрлері және әрекеттері. . 2. 3 Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды жоспарлау, дайындау және ресімдеу . . .2. 4 Нормативтiк құқықтық актiнiң деректемелері мен құрылымы
және акт мазмұнына қойылатын талаптар . . .
Қорытынды . . .
пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
3
5
5
6
8
10
12
12
15
21
28
35
37
КІРІСПЕ
Қоғамның объективті даму процесіне сәйкес нормативтік актілер сан жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың бір - біріне қайшы келуі де, немесе қайталануы да, кемшіліктері де молаяды. Осы саналуан нормативтік актілерден өздеріне керектерін тауып алып, пайдалану, жеке және заңды тұлғаларға өте қиын мәселе. Сондықтан мемлекет қабылдаған нормативтік актілер жіктеліп, топтастырып отырылады, оның әртүрлі әдіс - тәсілдері болады.
ҚР Конститутциясының 77-бабында: «Жауапкершілік белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады» делінген.
Аталған нормалардан мынандай жәйттер назар аудартады. Әдетте, Конституцияда заңның кері күші көрсетілмейді. Алайда, ҚР Конституциясында мұндай құқықтық норма бар, ол адам құқығын қорғаудың жүйелілігінің жемісі. Оның үстіне халықаралық құқық нормаларына қарағанда ҚР Конститутциясы нормаларының ауқымы кең. Халықаралық құқық нормалары тек қылмыстарға қатысты болса, ҚР Конститутциясы нормалары құқық бұзушылықтың барлық түрлерін: мүліктік, еңбек, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықты қамтиды. Заңның кері күшіне тыйым салуды барлық жағдайға орнықтыру немесе жауаптылықты күшейту - мейлінше, мархабатты шара.
Адам құқығы саласында ҚР Конституциясының толықтай халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормаларынан бастау алатыны баршаға белгілі. Адам қоғамның даму процесінде бір - бірімен байланысты миллиондаған қарым - қатынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективті диалектикалық процес. Осы процесті реттеп - басқару барысында қоғамдағы құқық бірнеше салаға, жүйеге бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың объективтік даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да, жүйелері де ескіріп, жаңарып, дамып отырады.
Сондықтан құқық нормативтік актілердің тек жиынтығы ғана емес. Ол қоғамның, әр саласына сәйкес объективтік, диалектикалық даму процесі арқылы қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл күрделі құқық процесі сала - салаға, жүйе - жүйеге бөлінумен шектелмейді. Сонымен бірге қоғамның салалық - жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын, қатынасын реттеп - басқарып отырады. Нормативтік актілердің ескіргенін жаңартып, кемшіліктерін толықтырып құқықтық нормаларды қоғамның, объективтік процесіне сәйкес дамытып, олардың орындалуын тездетіп жақсартады. Бұл процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа және қайшылыққа құқықтың құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс.
Тақырыбтың өзектілігі: Қоғамдағы құқықтың ең күрделі негізін құрайтын нормативтік - құқықтық актілер. Бұл жүйеге қоғамдағы қатынастарды ретеп, басқарып отыратын нормативтік актілердің басым көпшілігі кіреді. Құқықтың басқа негіздері (әдет - ғұрып, мораль, діни т. б. нормалар) жалпы мемлекеттік қатынастарды реттеп, басқара алмайды, тек нормативтік актілерге қосымша күш ретінде жұмыс атқарады.
Нормативтік актілер қоғамның, жеке адамдардың мүдде - мақсатын іске асыратын экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұлттық, халықаралық қатынастарды реттеп, басқарады. Көне дәуірде нормативтік актілер тек мемлекеттік қатынастарды ретеп, басқарып отырды. Қазіргі кезде әлемдегі барлық мемлекеттерде құқықтық нормалар қатынастарды ретеп, басқарудың басым түріне айналып отыр. Өйткені қоғамда мемлекеттік билікті іске асыруда, демократияны дамытуда, құқықтық мемлекетті қалыптастыруда нормативтік актілер ең шешуші рөл атқарады.
Курстық жұмыс мақсаты мен міндеті: Жұмыстың негізгі мақсаты- нормативтік құқықтық актілерге түсінік беру, оның түрлерін қарастыра отырып, маңыздылығы мен мазмұнын ашу болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:
- нормативтік құқықтық актілердің маңызына тоқталу;
- нормативтік актілердің заңды күшінің уақыты, кеңістігі және адамдарды қамтуын негіздеу;
- нормативтік-құқықтық актілер мен құқық нормаларын қолдану актілерінің арақатынасын ажырату;
- нормативтік құқықтық актілер түсінігін ашу;
- нормативтік құқытық актілердің түрлеріне тоқталу;
- нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды
жоспарлау, дайындау және ресімдеуді қарастыру;- нормативтiк құқықтық актiнiң деректемелері мен құрылымы
және акт мазмұнына қойылатын талаптарды қарастыру;
- нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу және оларды есепке алу жағдайымен танысу.
Жұмыс объектісі: Нормативтік құқықтық актілер.
Жұмыстың теоретикалық негізін құқық саласындағы отандық және шетел мамандарының еңбектері құрады. Маңызды қайнар көз ретінде «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ, Нормативтiк құқықтық актiлер туралы 1998 ж. 24 наурыздағы № 213-1 (2012. 10. 07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) Қазақстан Республикасының Заңы, сонымен қатар Т. А. Ағдарбеков, З. Т. Ағдарбекова, М. С. Данишбаева, Дулаьбеков Н., Амандықов С., Турлаев А., Баянов Е., Сапаргалиев Г. С., Ибраева А. С., Бабаев В. К., Баранов В. М., Толстик В. А. т. б. еңбектері қолданылды.
I-тарау . Нормативтік құқықтық актілердің теориялық-әдістемелік негізі
1. 1 Н ормативтік реттеу жүйесінің түсінігі және элементтері
Әлеуметтік нормалар дегеніміз - адамдардың сезімімен, еркімен байланысты, олардың әлеуметтік қарым-қатынасы. Ол қоғамның даму прцесі мен қызметі кезінде пайда болады және ұйымның мәдени кейіпі мен сипатына сай келеді.
Барлық әлеуметтік нормаларды олардың жиынтығы мен қарым-қатынасын, адам баласының жатақханасының тәртіп жолы деп атау қабылданған:
- Бұл жалпы сипаттағы ереже, міндетті тәртіп жолы, олар белгілі топтың не мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі;
- Олардың барлығы қоғамның жеткен мәдени деңгейге және қоғамның әлеуметтік ұйымының сипатына сай келеді;
- Қоғамдық процестер кезінде қалыптасады;
- Міндеттілік пен мүмкіндік тәртіптің шекарасын белгілейді, әлеуметтіке қолданатын тәртіпті таңдауға жол ашады және бір мезгілде тәртіпке тексеру жасаудың құралы болып есептеледі;
- Социумда тәртіптілік пен келісімділік қатынастарын жасауға бағытталған, ал олардың кейбіреулері, мысалы, технкалық-құқықтық нормалар адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етеді.
- Кейіпті сипатта болады, шексіз сандағы кездерді іс жүзіне асыруға есептелген, кең көлемдегі субъек-тілерге бағытталған, тоқтаусыз және белгісіз көп әрекет етеді.
Құқық нормаларының талаптары, басқа нормативті реттеушілерге қарағанда маңызды орында, себебі, олар:
- қоғамдағы бар қатынастардың ішіндегі ең ма-ңыздысын реттеуге бағытталған;
- мемлекетпен шығады және онымен бұзылудан не орындамаудан қорғалады;
- әр уақытта жазбаша нысанда болады, шексіз арнайыланған және нысандалған, жүйелі және құрамдалған;
- нақтылы белгіленген нысан арқылы іс жүзіне асы-рылады: сақтау, орындау, пайдалану, және қолдану;
- басқалардың ішіндегі нормативті реттеушілер, жоғары, әлеуметтік бағалылықпен өзгешеленеді, себебі, олар жалпыға бірдейлігімен, универсалдығымен, тұрақты-лығымен және әрекеттерінің тоқтаусыздығымен сапалы.
Нормалар - әдеттер. Көбірек ертеректе қай жерде болмасын адам баласының қарым-қатынасын реттетуші әдет (обычай), яғни тарихи қалыптасқан тәртіп ережесі, ол көп қайталанып, ұзақ уақыт пайдаланылуына қарай адамдардың әрекетіне арналған.
Бұл анықтама сондай әлеуметтік реттеушінің қалыпта-суындағы міндетті жағдайларды көрсетеді:
- Ұзақ уақыттан бері белгілі. Көпшілік кездерде, ешкім және әруақытта нақтылы уақытылы белгілемеген;
- Қайталану салыстырмалы өзгермейтін түрде, әр түрлі кездерге байланысты, әр түрлі қатаңдығы бар;
- Біржақты қолдану тәжірибесі, берілген типтегі жағдайда тек сондай кәдімгілігін көрсетеді.
- Әдеттің белгілік талабы, яғни олардың жеткілікті нақтылығы жақтармен дұрыс пайдалану мүмкіндігі.
Әдет, басқа реттеушілердің әрекетін толықтырады. Әдет-ке жақын мінездер (мінез сипатындағы әдет), дәстүр (әскери, отбасылық, мамандандырылушы), салттар (үйленудегі, жерлеудегі, т. б. ), ритуал (дәстүр) (салтанатты дәстүрлер - диплом тапсыру, мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлердің арнайы кездесулері, некелесу, марапаттау, т. б. ) .
Әдеттің шектелген аумағы бар және әрекет ететін аясы бар. Бірақ, сол қалпында өзінің ұтымдылық қасиетіне байланысты ұзақ уақыттағы өмір сүруіндегі сіңіскен құбылыс.
1. 2 Нормативті-құқықтық акт құқықтың қайнар көзі ретінде
«Құқықтың қайнар көзі» туралы айтқанда, оның пайда болуы мен әрекеті туралы факторларға көңіл аударылады. Онда нормативтік белгілердің өмірге келудегі негізгі процестерді, және мемлекет белгілеген бәріне бірдей тәртіп жолын түсіндіреді. Қысқартып айтсақ, «құқықтың қайнар көздері» арқылы, заңды істерді шешудегі тәжірибеде нені басшылыққа алатынымызды түсінеміз. Бұл заң нормаларын бекітудің сыртқы көрсету нысаны және әдісі.
Құқықтың қайнар көзі - бұл мемлекет атынан шыға-рылған, жекелеген нормалардың, институттар мен құқық салаларының мазмұндары бар, арнайы жазба түріндегі құ-жаттар.
Ерте кезде заңдардың мазмұндары тасқа қашалып жазылған, үйдің қабырғаларына, жеке тақтайларға, орама-ларға жазылған. Бұны да құқық нысанына жатқызуға болады. Қазіргі кезде құқықтың қайнар көздеріне (нысанына) роман-германдық құқықтағы нормативтік актілер (заңдар, ордо-нанстар, статуттар), ал англо-саксондыққа - келісім және құқықтық прецедент жатады.
Құқықтың қайнар көздерінің қалыптасуы екі жолмен іс жүзіне асырылады: құқықтық шығармашылық және сол не басқа әлеуметтік нормаларға санкция беру. Солардың ішіндегі ең маңыздысы, арнайы өкілеттік берілген мемлекеттік орган-дар мен лауазымды адамдардың, құқықтық шығармашылық әрекеттері. Сондай әрекеттердің нәтижесінде жаңа тәртіп пайда болады. Екінші жолы, қазіргі кезде көп таралған. Олай болуы, арнайы сипаттылық беріп көбірек мемлекеттік қолдау мен қорғаудың керектігі, яғни, бар қоғамдық әрекеттер мен белгілі құқық зерттеушілердің пікірлерін не жекелеген сот тәжірибесіндегі кездерді санкциялау.
Әр түрлі елдерде жекелеген құқықтың (қайнар көздері) үстемдіктер: құқықтық әдет, соттық не әкімшілік прецедент, құқықтық доктрина, нормативті құқықтық акт, нормативтік келісім.
Нормативті-құқықтық актілер континентальді құқық елдерінде негізгі және маңызды құқықтың қайнар көзі, оның қатарына Ресей де жатады.
Нормативті-құқықтық акт - бұл белгілі тәртіппен шығарылған құқықтық шығармашылық органының актісі, ол құқық нормаларын белгілеуші, өзгертуші, не жоюшы, жалпыға бірдей міндеттілік сипаты бар және мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен бекітіледі.
Нормативті-құқықтық актілердің негізгі белгілері:
- Жалпыға міндетті, нақтылы белгіленбеген, типтеріне сәйкес қандай да бір нақты қоғамдық қатынастар аясы, нормативті үлгілі ұйғарым.
- Қызмет бабына сай қатаң түрде белгіленген құқықтық шығармашылық органынан шығып, ондағы аманат етілген бірлік пен тұтастық талабын барлық құқық субъектілерімен орындалуын қамтамасыз етіп, әлеуметтік маңызды қоғамдық қатынастарды реттеудегі тәртіп белгі талап етілді.
- Қатаң процедура процесінде қабылданады;
- Олардың талабын қамтамасыз етуге формальді белгіленген құжатты - жазылған белгілі нысаны бар және онда көрсетілген ұйғарымдарға олардың мазмұнымен таныстырады.
- Олардың уақытша кеңістіктегі және адамдар аясын-дағы әрекетін нақты белгілейді.
- Бір-бірімен нақты белгіленген иерархиялық қатынаста болады, негізіне заңды күші бар нормативтік акт жатады, себебі ол құқықтық шығармашылық органдардың қызметімен қамтамасыз етілген.
- Қоғамдық дамудағы өзгермелі қажеттілікке жеткілікті түрде, тез көңіл аударуға қабілетті, сондықтан басқа құқықтың қайнар көздерінен айырмашылығы сонда, ол әлеуметтік қажеттілікке байланысты, оперативті түрде толтыра алады.
- Нормативті-құқықтық актілердегі бекітілген нормативті ұйғарымдардың орындалуы қолданылады және мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етіледі, оның механизмі өздерінің нормативті құқықтық актілерін көрсетуі мүмкін.
Нормативті келісім - субъектілердің өзара мүддесін есепке алуды мүмкін ететін құқықтық қатынастар жүйесін жасайтын, әрі азаматтық қоғамның дұрыс өмір сүруін қамтамасыз ететін, оның субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын құқық нысаны.
Нормативті келісім құқық шығармашылық субъектілерінің жаңа құқық нормасын актілермен қатар қолданылуы мүмкін. Нормативті келісім халықаралық құқықта да маңызды роль атқарады.
1. 3 Нормативті-құқықтық актілердің кеңістіктегі және адамадар арасындағы әрекеттері, әрекет ету шектері
XX ғасырдың екінші жартысында халықаралық қатынастарда ұлттық заң жүйесіне әсерін тигізіп, ықпал ететіндей халықаралық - құқықтық құжаттар әзірлеуге айқын бетбұрыс бара - бара күш алып, тұрақты құбылысқа айналып келеді. Аталған бағыттың сипаты белгісі ұлттық заңдарды демократияландыруға, гуманитарландыруға, интернационалдан-дыруға, мемлекеттік - саяси құрылымды жетілдіруге ықпал ету болып табылады.
Әрине, халықаралық - құқықтық нормалар ұлттық заңдардың және мемлекеттік құрылыстың барлық салаларын қамти алмайды. Басқару мен мемлекеттік құрылым нысандары әр халық өзі таңдайды және мұндай таңдауға халықаралық құқық ықпал ете алмайды.
Сонымен бірге халықаралық құқық нормаларының ұлттық заңға әсері туралы да айтуға болады. Осы ретте халықаралық құқық нормаларының өзінен өзі пайда болмағанын, әр түрлі елдердің мемлекеттік - құқықтық құрылыс жөніндегі заңдарынан мейлінше өміршендерін бойына жинақтағанын атап көрсеткен жөн. Енді ол нормалар жекелеген елдер халықтарының еркін білдіретін сипатта емес, алдыңғы қатарлы халықаралық қоғамдастық арқылы халықтардың жинақталған еркін білдіретін жаңа сапада жекелеген мемлекеттерге қайтып оралады.
Тәуелсіздік алып, дербес мемлекет ретінде құрылған күнінен бастап Қазақстан заңдары халықаралық құқық нормаларын ескере отырып қалыптаса бастады. Бұл бағыт Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конститутциясында барынша сабақтастықпен көрініс тапты.
Халықаралық құқық нормалары өзін - өзі тану құқығына тек саяси құқықты ғана емес, сондай - ақ экономикалық құқықты да жатқызады.
Аталған пактте азаматтық және саяси құқықтар туралы мынандай қағида бар: «Өздерінің алдарына қойған мақсаттарына жету үшін барлық халықтар өзара тиімділік принципіне негізделген халықаралық және халықаралық құқықтан туындайтын міндеттемелеріне қандай да бір нұқсан келтірмейтіндей жағдайда өзінің табиғи байлықтары мен ресурстарына еркін билік жүргізе алады » (1 - бап) .
Халықаралық құқықтың нақты мемлекеттің құрылымдық және басқару проблемаларына араласпайтыны белгілі. Сонымен бірге мемлекет қызметін ұйымдастыруда халықаралық құқық нормаларына сүйенетін бірқатар мәселелер бар. Оның қатарына бірінші мемлекетті демократияландыру проблемасы жатады. Халықаралық құқық нормалары мемлекеттік биліктің демократиялық тұрғыда ұйымдастырылуын қолдайды. Осы нормалар Қазақстан Республикасы Конститутциясында жүйелі қолданылады.
Халықаралық құқық мемлекеттің заң шығару қызметінің барынша елеулі сәттеріне айрықша назар аударады. Әр түрлі пакттерде заңдардың кері күшін белгілеуге жол берілмейтіндігі атап көрсетілген. «Адам құқының жалпыға бірдей Декларациясында»: «Қайсы бір іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі негізінде жасаған қылмысы үшін, оны жасаған кезде ұлттық заң бойынша да, сондай-ақ халықаралық құқық бойынша да қылмыс құрамы болмаса, ешкім сотталмауы тиіс. Сондай-ақ қылмыс жасалған кезде қолданылуы мүмкін болса да, барынша ауыр жаза қолданылмайды» деп жазылған.
Нормативті-құқықтық актілердің әрекет ету кеңістігінің шегі мемлекеттің аумағына байланысты. Мұнда мемлекеттік аумақтар былай белгіленеді:
- Мемлекеттік шекара шегіндегі аймақтар - бұл құрлықтар (жер қойнауы, яғни геологиялық зерттеуге және игеруге болатын тереңдікке дейінгі жер қойнауы континентальді шелф (200 теңіз қашықтығы), оған қосымша мемлекетке қарайтын аралдар мен анклавтар; сулар, қосымша ішкі сулар (өзендер, көлдер, су қоймалары, ішкі теңіздер) және аймақтық сулар (12 теңіз өлшемі) ; әуе кеңістігі (келісілген есептеу бойынша 100 км төменнен жоғарыға дейінгі ұзақтық) .
- Мемлекеттің уақытша аумағы сырт елдердегі елшіліктер мен консулдықтардың тұратын аумағы, теңіздегі, өзендердегі, әуедегі және ғарыштағы мемлекеттің туы астындағы кемелер, ашық теңіздегі желілер және құбырлар. Сонымен бірге әскери кемелер әр уақытта, қай жерде болмасын мемлекеттің аумағына жатады, ал әскери еместер тек өз мемлекетінің сулары мен әуе кеңістігінде.
- Аумақтық белгімен қатар маңызды белгіге сол не басқа нормативті актілерді шығаратын органның құзіреті жатады. Яғни мемлекеттік биліктің филиалдық органдарының актілері мемлекеттің барлық аумақтарына әрекет етеді, федерация субъектілерінің атқарушы органдарының актілері - тек берілген субъектінің қалпында, ал жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қабылданатын актілері соған сай берілген муниципальді құрылымдардың шекараларымен тежелген.
- Нормативті-құқықтық актілердің аймақтық аядағы әрекеттеріне қарағанда, еске алатын түсініктер мынадай: аумақтығы, яғни нормативтік актілердің мемлекеттің сыртында таралуы (әскери соттар, сырт елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің аумақтары) .
Әдеттегідей нормативті-құқықтық актілердің әрекеті мемлекеттің аумағында өмір сүретін барлық адамдарға, қоғамның құқықтық мүшесі және заңды тұлға не оның жекелеген бөліктеріне (қатысты) таралады.
Дегенмен кейбір нормативті актілер қатаң түрде белгілі субъектілердің құқықтық жағдайын реттеуге бағытталады. Соған байланысты құқық субъектілері бірнеше түрлерге әр түрлі белгілері бойынша бөлінеді:
- Құқық субъектісінің түріне байланысты: қоғамның құқықтық мүшесі және заңды тұлға (ішкі мемлекеттік, бірлескен, шетелдердегі ұйымдар) ;
- Азаматтығына байланысты мынадай адамдар қарастырылады: мемлекеттің адамдары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқтар, қашқындар, еріксіз көшкендер;
- Жыныстық және жас мөлшеріне байланысты: әйелдер (жүкті болуы мен бала тууына байланысты көмектер), жастар, зейнеткерлер;
- Мамандығына байланысты: әскерилер, бюджеттегілер (феодалдық, регионалдық), дәрігерлер, ішкі істер органдарының қызметкерлері, коммерциялық ұйымдардың және өндірістердің адамдары;
- Аумақтық қатыстығына байланысты (Қиыр Солтүстік аудандардың адамдары), т. с. с.
Шетелдіктер үшін өте маңызды құқықтық және қабілеттілік тежеушілік бар. Мысалы, заңмен белгілі лауазымды қызмет істеуге не белгілі әрекет түрлерімен шұғылдануға (оның ішінде жекешеленген), мемлекеттік не муниципалдық қызметте болуды, Ресей Федерациясының субъектілерінің оның шекарасынан тыс жерде еңбек етуге, яғни рұқсат етілген жерден басқа жерде еңбек етуге заңмен тыйым салынған. Жүріп-тұру бостандығы да тежелген (белгілі аумақтар мен ұйымдар және объектілерге баруға тыйым салынған) .
1. 4 Нормативтік-құқықтық актілер мен құқық нормаларын қолдану актілерінің арақатынасы
Құқық нормалардың құрамдық бөліктерінің органикалық байланыстығына қарай оның тұтас бірлігі құрылады. Құқықтық нормалар әр уақытта үш элементтен құралады. Әрбір құқық нормасы логикалық, себебі гипотезасыз құқық нормасының мәні болмайды, диспозициясыз - мазмұнсыз, санкциясыз күші жоқ.
Бірақ құқық нормасы әр уақытта барлық үш элементті бірдей өзінде ұстамайды. Көбінесе кездесетіндер тек диспозиция мен санкция ғана болады (азаматтық құқық нормалары), диспозиция мен санкция (қылмыстық құқық нормалардың ерекше бөлімі), не тек диспозиция (Конституциялық құқықтың нормалары) .
Заңдардың талабын қысқа жазу мақсатында, олардан керегі жоқ баптардағы қайталатындарды алып, құқық нормасын толық көрсеткенде, көп жағдайларда, оларда гипотеза мен санкция келтірілмейді, дегенмен жобаланады, өзінің құрастырылуынан сол не басқа баптарынан көрінеді не болмаса сол заңның басқа баптарында көрінеді. Осыған орай, еске алатынымыз, заң баптарын не басқа нормативті-құқықтық актілерді құқық нормаларымен аралыстыр-мау. Нормативті құқықтық актілердің баптарында бірнеше құқық нормалары болуы мүмкін, керісінше нормалар кейде «бөлшектенеді» -гипотеза және диспозиция бір бөлігінде (баптың нормативті-құқықтық актінің), ал санкция - басқа бапта.
Нормативті жалпылау денгейіне байланысты: абстрактілі (әдіс) жол, онда фактілік жағдайлар тестіде жалпылама түрінде жазылады және казуистік жол бойынша, барлық нормамен ұйғарылған жағдайлар, әрекеттер мен олардың орындалмаған нәтижелері атап көрсетіледі;
Құқық нормаларының элементтерін тексеру толық-тығына байланысты: толық нормативті-құқықтық актілердің баптарында құқық нормаларының барлық элементтерінің болуы онда құқық нормасы және заңның баптары бір-біріне сәйкес келеді, яғни нормативті құқықтық актінің барлық элементтері бір ғана бапта болады; сілтемелі жазу нысаны сонда кездеседі, егер құқық нормасының бір құрамында бірнеше баптарға «шашылса», егер жекелеген нормалардың бөліктерін басқа нормативті актілердің баптарынан іздеу қажет болса, ол бланкеттік нормаларға жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz