Delphi бағдарламасын қолданып, графикалық мүмкіндіктерін көрсететін бағдарлама құру


Кіріспе

Жобаның мақсаты: Delphi бағдарламасын қолданып, графикалық мүмкіндіктерін көрсететін бағдарлама құру.

Міндеті: Delphi бағдарламасында графикалық компонентерін қолдана отырып, оның әр-түрлі мүмкіндіктерін көрсетіп, қолдануға ыңғайлы жолдарын көрсету

Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphi7-нің негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphi 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Бағдарламалармен қамтамасыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын бағдарламалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphi жатады. Жылдам жасау RAD - жүйесінде “Rapid Application Development” жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өндеуді бағдарламалар технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке диалогты терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тілі қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады. Delphi әр түрлі бағдарламаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым бір терезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару бағдарламаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дерекқорларымен жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша ерекшелігі . NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады. Жалпы қазіргі уақытта Delphi, MathCad, Maple туралы алған білімдердің болашақ мамандар және қоғам үшін маңызы өте зор. Қазір осындай пәндерді игеру үшін көптеген оқулықтар мен оқу-әдістемелік нұсқаулар жазылуда. Мысалы, Delphі ортасымен танысып және онда жұмыс жасап үйренуде Фаронов, Культин Н секілді жазушылар еңбектерінің маңызы зор болса, ал компьютерлік математикамен танысуда жазушы В. И. Дьяконовтың еңбектерінің орны ерекше. Delphi Windows жүйесiнде бағдарламалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып бағдарлама дайындау, бағдарлама мәзiрiн құру, анимация, мультимедиа процестерiн ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистiк қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс iстеу және т. б. iс-әрекеттердi орындау да мүмкiн. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Delphi екi түрде дайындалған: бiрiншiсi - күрделi қосымшаны бiрлесiп дайындаушылар үшiн (Delphi Client - Server), екiншiсi - қалған бағдарламалаушылар үшiн (Delphi for Windows) . Соңғысы ыңғайланып, қысқартылып алынған түрi. Ол тек маман бағдарламаушылар емес, барлық Delphi - мен жұмыс iстеушiлерге арналған. әдетте пайдаланылатыны - екiншi түр. Delphi-дi Паскаль бағдарламалау тiлiмен жұмыс iстеген адамдардың меңгеруi көп қиындық келтiрмейдi. Бiрақ, мұнда бағдарламалауды үйрену үшiн объект, оқиға, қасиет түсiнiктемелерiмен еркiн танысып, онда компоненттердi пайдалану және әдiстер деп аталатын түрлi командалардың жазылу түрлерiн бiлу қажет. Жалпы, Delphi-де пайдаланылатын процедуралар (әдiстер) мен түрлi кластарға, компоненттерге енгiзулi мәндер меншiктелетiн қасиеттер көп. Нақты есептердi шешу бағдарламаларын құруды үйрену арқылы ғана Delphi-де бағдарламалауды үйренуге болады. Ол үшiн кiтапқа енгiзiлген бағдарламаларды iс жүзiнде орындап, оларға түрлi өзгерiстер енгiзiп, жаттығу да мүмкiн. Жетiстiк тек тәжiрибеге байланысты. Delphi бағдарламасын оқушы, студенттерге осы бағдарламаны ұсынса, көптеген студенттер қызығушылық танытады деп ойлаймын . Сондықтан өзім жоба құрастырғанымды көре аласыздар, осы жобаның өзі көп адамдарға көмек болады деп ойлаймын.

II. Негізгі бөлім

2. 1. Delphi ортасымен танысу

Бағдарламалауға деген қызығушылық күн сайын өсуде. Бұл күнделікті өмірге ақпараттық технологиялардың енуімен және дамуымен байланысты. Егер де адам компьютермен жұмыс жасаса, онда ол адамда ерте ме, кеш пе ынта, кейбір кездері бағдарламаларды үйрену қажеттілігі туындайды.

Қазіргі кезде дербес компьютерлерді пайдаланушылар арасында Windows операциялық жүйелері жанұясы танымал, және бағдарлама жасауға қызыққандар, осы жүйеде жұмыс жасайтын бағдарламалар жазуға ынталанады. Есептеуіш техниканың дамуы, бағдарламаны қамтамасыз жасау құралдарына деген эффективті қажеттілік, бағдарламалау жүйесінің пайда болуына әкелді, олардың ішінде келесілерді Borland Delphi және Microsoft Visual Basic көрсетуге болады. Тез жасау жүйесінің негізіне көрнекі жобалау технологиясы және оқиғалы бағдарламалау жатады, оның мәнін жасау ортасы бағдарламаның генерация кодының үлкен бөлігін алады және бағдарламалаушыға диалогтық терезелермен және жағдайларды өңдеу функциясын құрастыру жұмыстарын қалдырады.

Delphi - бұл Windows операция жүйесіндегі жұмыстарға бағытталған бағдарламаларды жасау ортасы. Delphi-де бағдарламалар, қазіргі көрнекі жобалау технологиялары негізінде құрылады, ол өз кезегінде бағдарламалаудың объекті-бағдарлану ойына базаланады. Delphi- де бағдарламалар Object Pascal тілінде жазылады және ол Turbo Pascal тілінің ізбасары және дамытушысы болып табылады. Delphi және Object Pascal ұзақ эволюцияның қорытындысы және қазіргі кезде ол, ең жаңа компьютерлік технологиялары бар өнім болып табылады. Бөліп айтқанда, Delphi көмегімен, консольдық тіркемелерден бастап және мәліметтер қорымен Internet үшін тіркемелерін аяқтайтын, әртүрлі түрдегі бағдарламаларды құруға болады.

Бағдарламалар коды терезесі. Код терезесі - бағдарлама мәтінін құрып, жөндеуге арналған. Бұл мәтін арнайы ереже бойынша құрылады және бағдарламаның жұмыс алгоритмін сипаттайды. Мәтінді жазу ережелерінің жиынтығы бағдарламалау тілі деп аталады. Delphi жүйесінде Объект Pascal бағдарламалау тілі тағайындалады. Ол кеңінен таралған Pascal тілінің кеңейтілген, жетілдірілген нұсқасы, оны алғаш рет швейцариялық ғалым Н. Вирт 1970 жылы ұсынған және оны Borland коорпорациясының қызметкерлері жетілдірді (олардың құрған тілдері Turbo Pascal, Borland Pascal және Object Pascal деп аталады) .

Ең алғашқы Код терезесінде толыққанды Windows терезесі ретінде бос форманы басқаруды қамтамасыз ететін алғашқы шағын мәтін шығады. Жобамен жұмыс барысында программист оған бағдарламаны басқаруды жүзеге асыратын алғашқы толықтырулар жасайды.

Сурет 1. Delphi бағдарламасының басты терезелері

Интерфейстің құрамына 4 терезе кіреді

1. Негізгі терезе (Projegt1. dpr) ;

2. Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector) ;

3. Форманың құрастырушының терезесі (Form1. dfm) ;

4. Программа кодының терезесі (Unit1. pas) .

DELPHI бірқұжаттық орта, яғни бір мезгілде тек қана бір қолданбалы бағдарламамен жұмыс атқаруға болады. Бағдарлама жобасының атауы негізгі терезесінің жоғарғы қатарында көрсетіледі.

Форманың терезесінен Unit кодына жөне одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады.

2. 2 Delphi бағдарламасының құрылымы

Delphi ортасы - программист жұмысының өте жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін орта.

Delphi ортасын шақырғаннан кейін ортаның жұмысын басқаратын алты негізгі терезе шығады.

  1. Негізгі терезе(Delphi7) ;
  2. Объектілер тармағының терезесі(Form 1) ;
  3. Объектілер инспекторының терезесі немесе объектілер қасиеттері редакторының терезесі (Object Inspector) ;
  4. Броузер (көру) терезесі(Object TreeView) ;
  5. Бағдарлама кодының терезесі(Unit 1. pas) ;

Бағдарлама кодының терезесін көру үшін Ғ12 пернесін басу жеткілікті. Delphi - ді алаш шақырғаннан кейін «Delphi» терезесі барлық терезенің үстіне шығады. Осы терезенің көмегімен Inprise коорпороциясының WEB - беттеріне кіругемүмкіндік туады.

Негізгі терезе. Негізгі терезе құрылатын бағдарламаның жобаларын басқаратын негізгі қызметті атқарады. Бұл терезе экранда барлық уақытта болады және ең жоғарғы бөлігінде орналасады. Негізгі терезеде Delphi ортасының бас менюі, пиктографиялық командалық батырмалар жиынтығы, компоненттер палитрасы орналасқан.

Бас меню жобаны басқаруға арналған барлық қажетті командалардан тұрады. Бас менюдің барлық опциялары екінші деңгейде ашылатын опциялар тақырыбын қамтиды.

Бас терезенің барлық элементтері арнайы панельдерде орналасқан, оның сол жақ бөлігінде басқару батырмалары бар. Бас менюден басқа кез келген панельді терезеден алып тастауға болады.

Панельде көрінетін батырмалардың құрамын өзгерту үшін оған курсорды келтіріп, тышқанның сол жақ батырмасын басу жеткілікті. Бұдан кейін ашылған көмекші меню терезесінде барлық панельдердің аттары келтірілген және олардың статусы көрсетілген (жалаушалар) . Олардың ішінен Customize - ды (настройка, баптау) таңдағаннан кейін баптау терезесі пайда болады. . енді қажет емес батырмаларды алып тастауға да болады, Commands терезесіндегі тізімнен қажетті батырмаларды таңдап, оны экранға тасып апаруға болады.

Негізгі терезеге жиі пайдаланылатын пиктограммаларды орналасырған ыңғайлы:Project\Syntax Chek - бағдарлама командаларының синтаксисін тексеру; View/Debug Windows/Watches - отклаткалық режимді бақылау терезесіне кіру жжәне т. б. ;

Delphi - дегі кез келген бағдарлама жоба файлынан (файлдың заты . dpr) және бір немесе бірнеше модульдерден (заты . pas) тұрады. Әрбір осындай файлдар Object Pascal - дың бағдарламалық бірлігін сипаттайды.

Кесте 1. Менюдің “Файл” (File) пункті командалары
Меню командалары: Меню командалары
Сипаттамасы: Сипаттамасы
Меню командалары: Создать (New)
Сипаттамасы: Құралатын объекттің типін (қосымша, форма, модуль) таңдауға арналған ішкі меню
Меню командалары: Открыть… (Open)
Сипаттамасы: Құрылған проект, форма, модуль, редактордағы тексттік файлды жүктеу үшін ашуға арналған диалогты терезені бейнелейді. Егер модуль форманы сипаттаса, онда бұл форма экранда пайда болады
Меню командалары: Открыть проект… (Open Project)
Сипаттамасы: Құрылған проекттi жүктеу үшiн диалогты терезенi көрсетедi (. bpr или . bpk)
Меню командалары: Выбрать (Reopen)
Сипаттамасы: Соңғы жабылған проекттер мен модульдердiң тiзiмiнен тұратын iшкi менюдi көрсетедi
Меню командалары: Сохранить (Save)
Сипаттамасы: Редактрленген файлды оның ағымды атымен сақтайды
Меню командалары: Сохранить как… (Save As)
Сипаттамасы: Проект файлындағы өзгертулердi енгiзiп ағымды файлды жаңа атпен сақтайды
Меню командалары: Сохранить проект как… (Save Project As)
Сипаттамасы: Ағымды проекттi жаңа атпен сақтайды
Меню командалары: Сохранить все (Save All)
Сипаттамасы: Барлық ашылған файл, проект пен модульдердi сақтау
Меню командалары:

Закрыть

(Close)

Сипаттамасы: Ағымды проекттi және онымен байланысты модульдер мен формаларды жабады
Меню командалары: Закрыть все (Close All)
Сипаттамасы: Барлық ашылған файлдарды жабады
Меню командалары: Использовать модуль (Use Unit)
Сипаттамасы: Таңдалған модульдi белсендi модульдiң сипаттамасына қосады
Меню командалары: Печать (Print)
Сипаттамасы: Белсендi файлды баспаға бередi
Меню командалары: Выход (Exit)
Сипаттамасы: Проекттi жабады және ортадан шығады

Кесте 2. Менюдiң “Вид” (View) пуктiнiң құрамы

Меню командалары: Меню командалары
Сипаттамасы: Сипаттамасы
Меню командалары: Менеджер Проектов (Project Manager)
Сипаттамасы: Проектiлердiң менеджерiн көрсету
Меню командалары: Инспектор объектов (Object Inspector)
Сипаттамасы: Объектiлер инспекторын көрсету. Онда өзгертуге болатын белсендi компоненттердiң қасиеттерiн бейнелейдi
Меню командалары: Дерево объектов (Object TreeView)
Сипаттамасы: Сiздiң формаңызға, модульге және т. б. орналастырған визуалды не визуалды емес компоненттердiң сатылы ағаш тәрiздес тiзiмiн көрсету
Меню командалары:

Список дел

(To do List)

Сипаттамасы: Жасалған iс-әрекеттер тiзiмi
Меню командалары: Панель выравнивания (Alignment Palette)
Сипаттамасы: Формадағы объектiлердi әртүрлi параметрлер бойынша түзету
Меню командалары: Обозреватель (Browser)
Сипаттамасы: Бағдарламадағы объектiлер сатысын, бастапқы текстегi идентификаторды iздеу және т. б. көру құралдарын шақыру
Меню командалары:

Обзор кода

(Code Explorer)

Сипаттамасы: Сiздiң модулiңiзде сипатталған барлық типтердi, қасиеттердi, әдiстердi, глобалды айнымалыларды көрсететiн ағаш тәрiздес диаграмманы ұсынады
Меню командалары: Список компонентов (Component List)
Сипаттамасы: Компоненттер палитрасының альтернативасы. Тышқан болмаған жағдайда компоненттер аты бойынша iздеуде пайдаланады
Меню командалары:

Список окон

(Window List)

Сипаттамасы: Delphi ортасында ашылған терезелер тiзiмi
Меню командалары:

Форма/Модуль

(Toggle Form/Unit)

Сипаттамасы: Формадан оған сәйкес модульге өту, тiзiмнен модульдi немесе форманы таңдау
Меню командалары: Список модулей (Units)
Сипаттамасы: Проектiдегi модульдер тiзiмi
Меню командалары: Список форм (Forms)
Сипаттамасы: Проектiдегi формалар тiзiмi

Менюдiң “Project” (Проект) пунктiнде проектiні компиляциялауға (compile) немесе құруға (build) болады. Егер Compile немесе Run таңдаса, онда Delphi соңғы компиляциядан кейiн тек өзгертiлген модульге ғана қайта компиляция жасайды. Бiр жағынан Build all бастапқы текстке қол жету мүмкiндiгi бар модульдердiң барлығын қайта компиляциялайды. «Проверить» синтаксис (Syntax Check) командасы DCU файлын жаңартпай, тек бағдарлама кодының дұрыстығын тексередi.

Ең төмендегi Информация (Information) пунктi бағдарлама туралы мына ақпаратты бередi: берiлгендер, ағын және код сегменттерiнiң өлшемi, локальды динамикалық жадының өлшемi және компиляцияланған жолдардың саны.

“Выполнить” (Run) пунктiн бағдарлама ны компиляциялауға және жүктеуге және де командалық жолдың параметрлерiн программаға беру үшiн қолданады.

  1. 2. 3. Delphi ортасының компоненттер тақтасы

Компоненттер тақтасы - Delphi ортасының ең басты байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің сол жақ бөлігінде орналасқан және онда қажетті компонентті жылдам іздеуді қамтамасыз етеді. Олардың ашылатын беттері бар. Компонент деп белгілі бір қасиеті бар программист формалар терезесіне орналастыра алатын қандай да бір басқару элементін түсінеміз. Компоненттердің көмегімен бағдарламаның сүлбесі (каркасы) жасалады. Жалпы жағдайда экранда көрінетін терезелер, батырмалар, таңдаулар тізімі және т. б. арқылы орындалады.

Батырмалар панелі тәрізді компоненттер палитрасы түзетіледі. Ол үшін арнайы редактор пайдаланылады, редактор терезесі компоненттер палитрасындағы кез келген пиктограммаға курсорды келтіріп, тышқанның оң жақ батырмасын басқанда және «Properties» опциясын таңдағанда пайда болады. Компоненттер тақтасы қосымшаға қатысатын компоненттерді таңдау мүмкіндіктерін береді. Компоненттер - бұл Delphi - қосымшаны жинауға қажетті «құрылыс блоктары». Компоненттер пиктограмма түрінде тақтада орналасқан. Delphi-ді іске қосқанда «Standart» беті белсенді болып тұрады. Беттердің орналасу тәртібін өзгерту, атын өзгерту, жою, пиктограмма қосу немесе кейбір пиктораммаларды басқа бетке жылжыту үшін Palette Properties диалогтік терезесі қолданылады. Осы диалогтік терезені ашу үшін Component/Configure Palette командасын немесе компоненттер палитрасының кез-келген жерінде тышқанның оң жағындағы контекстік менюдің Properties(қасиет) командасы арқылы жүзеге асады. . Component palette-(компоненттер палитрасы) -бұл Delphi-де көп қолданылатын құралдардың бірі. Ол көптеген сандар бетінен тұрады және олар компоненттер үлесінде болады «Сурет 1. 3». Жұмыс барысында пайдаланушы жаңа беттерді құруға және барын кетіруге, кез-келген беттердегіні кетіруге, қосуға және олардың тәртіптерін өзгерте алады.

Сурет 2. Компоненттер палитрасы

  • Standard - Delphi-гі басқарудың стандарттық компоненттері, олар алдыңғы Массивтықтық мүмкіндіктерін кеңейтеді;
  • Additional - Delphi-гі басқарудың қосымша компоненттері, олар алдыңғы жзиынтық мүмкіндіктерін кеңейтеді;
  • Win32 - өзінде windows-тың (9x/NT) 32 дәрежелі Массивтығы бар компоненті ;
  • System - Delphi-дің спецификалық жүйелі көрнекі емес компоненті ;
  • Data Access - мәліметтер қорына шығу үшін;
  • Data Controls - мәліметтер қорындағы ақпараттарды көрсету үшін компоненттер;
  • ADO - ActiveX Data Objects (ADO) қолдану арқылы мәліметтер қорына қосылуға мүмкіндігі бар компоненттер;
  • InterBase -Borland Database Engine (BDE) немесе ActiveX Date Objects (ADO) қолданбаусыз, InterBase мәліметтер қорына қосыла алатын компоненттер ;
  • MIDAS - мәліметтер қорының көп буынды технологиялары үшін компоненттер;
  • InternetExpress -Web Server application (Internet-тіркемелер), жұмыс істей алатын тіркемелерді және де multi-tiered database (көп буынды тіркемелер) жұмыс істейтін тіркемені құра алатын компоненттер;
  • Internet - Internet-пен жұмыс істей алатын компоненттер;
  • FastNet components - оның көмегімен тіркемелер әртүрлі Internet - протоколдары қолдана алатын компоненттер;
  • Decision Cube -мәліметтер қорындағы көп өлшемді ақтараттар анализі компоненті (тек Delphi Client/Server) ;
  • QReport - жазбаша есептерді көрнекі жобалау компоненті;
  • Dialogs - өзіне Windows-тың стандарттық диалогтық терезелерін кіргізетін компоненттер;
  • Win 3. 1 - Windows 3. 1 басқару компоненттері (тіркемелердің кері сиымдылығы үшін) ;
  • Samples - құжаттамаларда үлгі ретінде қолданылатын компоненттер ( олардың мәндері /DELPHI/SOURCE/SAMPLES/ папкасында орналасқан) ;
  • ActiveX -басқа да фирмалармен дайындалған ActiveX, компоненттері;
  • Servers page components - танымал COM- серверлер үшін VCL «белгісін» көрсететін компоненттер.

Компоненттер палитрасы Delphi құралдар панелінде көрінуі де мүмкін немесе көрінбеуі мүмкін. Осы опцияны басқару View => Component Palette мәзірі бөлімінің көмегімен жүзеге асырылады.

Терезенің негізгі өрісінен сіз терезенің сол жағынан объектілер инспекторын (Object Inspector) көре аласыз, оның көмегімен сіз компоненттерге қасиет бере аласыз және жағдайларды жөндейді. Бұл бетті 2 бағаннан тұрады: сол бағанда қасиеттер аты бар, ал оң жағында қасиеттердің нақты мәні бар.

Пиктограммалық батырмалар арқылы негізгі меню жүйесінің маңызды операцияларына (мүмкіндіктеріне) тез арада жеткізуге болады.

Атқаратын жұмыстарына байланысты пиктограммалық батырмалар 6 топқа бөлінген, әр топ жеке тақташада орналасады және олардың атқаратын жұмысы төменде келтірілген.

Standard парағы

- Объектілер репозитариясын ашу (File/new)

- бұрыннан құрылған файлды ашу (File / open file)

- файлды дискіде сақтау (File / Save as…. ) (Ctrl+S)

- дискіге жазып барлық файлдарды сақтау (File / Save all)


- бұрыннан құрылған программаның жобасын ашу (File /open)

(Ctrl+F11)

- жобаға жаңа файлды қосу (Project / Add to Рroject) (Shift+F11)

- жобадағы файлды жою (Project / Remove from Project)

View қарап шығу тобы

- екпінді жобаның құрамындағы модульдер тізімінен қажетті

модульді таңдау (View / Units) (Shift+F12)

-екпінді жобаның құрамындағы формалардың тізімінен керекті форманы таңдау (View / Form) (Ctrl+F12)

-форманың терезесінен программа кодының терезесіне және одан

кері өту (View / Toggle Form Unit) (F12)

-жаңа форманы құру (View / New Form)

Debug (түзету ) тобы

- бағдарламаны компиляциялау және орындау

- түзету енгізіп жатқан бағдарламаның жұмысын уақытша тоқтату

(Run / Program Pause)

-қадамдық тексеру ішкі бағдарламаның жұмысын бақылау

тәртібінде орындайды. Custome (баптау) тобы

-Delphi ортасының құрамындағы анықтама жүйесін іске қосу.

(Help / Cоntents)

- Delphi ортасының екпінді күйін сақтау.

Компоненттер жинағы - Delphi-дің негізгі ерекшелігі. Ол негізгі терезенің оң жағында орналасып, қажетті компонентті тез табуға арналған белгішелерден тұрады.

Компонент деп - белгілі бір қасиеттері бар және форма терезесінде кез-келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті атайды. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды парақтар деп атайды. Компоненттер көмегімен бағдарламаның негізі - қаңқасы құрылады (терезелер, батырмалар, таңдау тізімдері және т. с. с. )

Батырмалар тақташасы сияқты компоненттер палитрасын икемдеуге болады. Ол үшін компоненттер палитрасына кіретін кез-келген пиктограммада тышқан тетігінің оң батырмасын таңдау арқылы арнайы редакторды іске қосу қажет.

Ашылған менюдегі Рroperties (қасиеттер) пунктін таңдағанда оның терезесі шығады.

Delphi ортасының компоненттері бағдарлама орындалғандағы көріністің пішімін анықтайтын бөлек элементтері ретінде қолданылады. Сонымен қатар, Delphi ортасының көрініспен жұмыс атқармайтын, яғни визуалды емес көптеген маңызды компоненттері бар. Дәлірек айтсақ, компонент алдын-ала даярланған бағдарламаның үзіндісі, оны қажет болғанда құрылып жатқан бағдарламаға ендіруге болады деп түсіну керек.

Delphi ортасының құрамына бірнеше компоненттер кіреді. Солардың кейбір маңыздыларын қарастырайық. Standard парағы.

Сурет 3. Standard парағы

Standard парағының құрамына келесі компоненттер кіреді.

Кесте 3. Standard парағы компоненттері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi бағдарламасын қолданып мәтіндік редакторын құру және онымен жұмыс істеу мүмкіндіктерін көрсететін бағдарлама құру
Студент білімін бағалау бойынша тест программасын құру
Turbo Pascal бойынша электрондық оқу әдістемесі
Электронды оқулықтың тиімділігі
Отбасылық дәрігерлік амбулаторияда дәрігердің жеке картасын жүргізу мен тіркеу бойынша аж құру
Электрондық оқулықтың құрылымы
Delphi ортасын пайдалана отырып интернет дүкен бағдарламасын құру
Delphi
Delphi ортасының компоненттер тақтасы
Delphі ортасында жұмыс істеу технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz