Қызылорда облысы, Қазалы ауданының климаты


Жоспар
І. Кіріспе
Қызылорда облысы, Қазалы ауданының климаты
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қарбыз дақылының өсіру технологиясы
2. Қарбыз дақылының зиянкестері
3. Қарбыз зиянкестеріне қарсы күрес шаралары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Климаттың континенталдығы көптеген метеорологиялық элементтердің тәуліктік, айлық және жылдық өзгеруімен байқалады. Жазы ыстық және ұзақ мерзімді. Бұл кезеңде температурадағы күрт өзгеру сипаты байқалмайды. Шілде айының орташа температурасы 26-28 °С. Аумақтың басым бөлігінде температураның абсолютты максимумы 30-35 °С құрайды. Қыс мезгілінде ауаның орташа температурасы қаңтар айында 9-13 °С.
Солтүстікке ашықтылық қасиеті аумақта кедергісіз салқын ауа массасының енуіне мүмкіндік береді және нәтижесінде қыс айларында күрт салқындайды. Ауа температурасының абсолютты минимумы 420 °С градусқа дейін жетеді.
Құрғақшылық - аудан климатының ерекшелектерінің бірі. Жауын-шашын өте аз жауады. Орташа жылдық мөлшері 100-150 мм аспайды және жыл маусымдарында оның түсімі біркелкі емес: барлық жауын-шашынның 60 пайызы көктемгі-қысқы кезеңдерге тиесілі.
Облыс аумағының барлық бөлігінде солтүстік-шығыс бағытындағы күшті және жиі желдер болып тұрады. Оның орташа жылдық жылдамдығы секундына 3, 1 метрден 6 метрге дейін ауытқып отырады. Қыс мезгілдеріндегі күшті желдер төменгі температура жағдайында жер бедерлерінің биік беткейлеріндегі қар жамылғыларын ұшырып кетеді, нәтижесінде топырақтың беткі қабаттарының терең қатуына және жарылуына әкеліп соғады. Жазғы уақытта шаңды дауылдар байқалады.
Жауын-шашынның орташа мөлшері 100-150 мм. Арал теңізінің тартылуынан, Байқоңыр ғарыш алаңы тарататын улы заттары және экологиялық ортаның нашарлауына байланысты қышқыл жауын-шашын жауатын болды.
Топырағы негізінен, құмды сортаңды болып келеді. Кейбір жерлері (ауданның шығысы) тақыр. Аудан жерінде шөлге төзімді бозжусан, жүзгін, жиде, сексеуіл, қарасексеуіл, теріскен, Арал Қарақұмы маңында астық тұқымдас шөптесін аралас бозжусан, өзен, көл маңында қамыс, құрақ өседі. Қазалы ауданында пайдалы жабайы өсімдіктерден қызылмия, тәттітамыр, жұмыршақ, тұмаршөп, итсигек, ақши, Рихтер сораңы, кәдімгі адыраспан, т. б. дәрілік шөптер өседі.
Қарбызды өсіру технологиясы
Қарбыз - ыстыққа төзімді, жарықсүйгіш, шөлге шыдамды, біржылдық өсімдік.
Қарбызға арналған жер суық желден қорғалған болуы керек. Өсімдік органикалық заттарға бай құмды және құмайт топырақты жерлерде жақсы өседі. Жерді егін егуден 7-10 күн бұрын дайындайды. Егілетін аймақ 10 гектардан кем болмауы керек.
Қарбыз бен қауын өсіруге арналған жерлерді асқабақтық өсімдіктерді өсіруге арналған жер секілді дайындайды. Жоғары көлемде өнім жинаудың міндетті шарттарының бірі - жерді терең жырту (немесе қазу) . Жерді тереңірек өңдеу өсімдіктің жақсы өсуі мен олардың жемісті мол салуына мүмкіндік береді.
Қарбыз бен қауынды Қазақстанның оңтүстік аймағының қолайлы климаттық жағдайында өсіреді. Тұқым отырғызуды 8 -10 см. тереңдіктегі топырақ 15 - 17° С -ге дейін қызған кезде сәуір айының соңына қарай бастайды (кеш түсуі мүмкін көктемгі үсік есепке алынады) . Жекелеген кішігірім, желден жақсы қорғалған, күн түсетін учаскелерде және аулаларда тұқым отырғызуды 5 - 6 күн ерте бастауға болады.
Ашық учаскелерде тұқым егуді кулиспен отырғызған дұрыс. Қарбыз бен қауынды бұлай отырғызу барлық аймақтарда мол өнім алуға мүмкіндік береді. Кулистік өсімдіктердің жұптасқан қатарын (жүгері, қонақ жүгері) әрбір 10 -15 мсайын басым болатын желдің бағытына көлденең отырғызады.
Қарбыз бен қауын өсіру үшін 2-3 жыл сақталған тұқымды пайдаланған дұрыс. Былтырғы егіннен қалған ұрықты 2 сағат бойы 40 - 50° С. қыздырып барып отырғызады. Егінді кеш еккен кезде оны көктетіп барып отырғызған жөн. Ұрықты термикалық өңдеуден өткізеді. Ол үшін ұрықтарды ыстық суға (60-65°С) 3 - 4 минутқа салады, одан кейін 3 - 4 күн бойы 25°С температурада мақталы төсеніште, ылғалды жабын астында ұстайды. Қарбызды дәннің ұрығы пленкалы қабығынан оңай бөлінетін болғанда, ал тұқым жарнағы оны жеңіл үйкеген кезде түсіп қалатындай болған кезде отырғыза бастайды.
Тұқым отырғызуды ұялық тәсілмен, бір ұяшыққа 5-6 ұрықтан сала отырып егеді. Ұяшықты сортына қарай қарбыз үшін 2 x0, 3 м. қауын үшін 1, 5 x0, 3 м. болатындай етіп отырғызады. Егу нормасы тиісінше гектарына 4-5 және 3-4 кг. Тұқым жерді жарып шыққаннан кейін әр ұяда тек бір ғана мықты әрі жақсы дамыған өсімдікті қалдырады.
Нағыз егіндік жапырақтары шыққаннан кейін көшеттер көтеріледі. Қатараралық өңдеуді кетпенмен немесе көпсіткішпен іске асырады. Өсімдікті көпсіте отырып, оны көпсіген ылғал топырақпен жабады.
Кеберсіген топырақты 2-3 рет суғарады. Алғашқы суғаруды тұқымның өсуі алдында не тұқым шыға салысымен жүзеге асырады, екіншісін -сабақтары шыққан кезде, үшіншісін - жеміс пісуінің алдында. Суғару жыртылған жер жанында өсіп жатқан өсімдіктер бойынша жасалады, алайда судың көп мөлшерде болмауын қадағалау керек.
Қарбыз дақылының зиянкестері
Бақша бітесі немесе мақта бітесі- Aphis gossypii Hov.
Тең қанаттылар (Homoptera) орядының бітелер(Aphididae) тұқымдасына жатады. Қазақстаның оңтүстік бөлігінде, соның ішінде мақта дақылы өсірілетін аймақтардың барлығында тегіс таралған. Полифаг, мақтадан басқа да көптеген өсімдіктерді зақымдайды. Тек партеногенетикалық жолмен дамиды.
Қанатсыз аналық бітенің ұзындығы 2 мм шамасындай, түсі жасыл- сары немесе күңгірт - жасыл, шырын түтікшелерінің түсі қара, түп бөлімі жуандау, мұртшалары ақшыл- сары, ең ұшындағы бунағы қара, құрсағында қара түсті дақ бар. Қанатты бітелердің бас, көкірек бөлімдері және түтікшелері күңгірт қара түсті болады.
Мақта бітесі
Қазақстан жағдайында зиянкес ересек біте күйінде арамшөптерде қыстайды. Ерте көктемнен бастап сол қыстап шыққан өсімдіктермен қоректеніп көбейеді де, мамырдың бас кезінде қанатты аналық бітелер мақта және бақша дақылдарына көшеді. Оларда жаз бойы дернәсілдерін тірі табу жолымен өсіп-өніп, вегетациялық мерзім ішінде 18 ұрпаққа дейін береді. Бір ұрпақтың дамуы 7-10 күнге ғана созылады. Сөйтіп, тез көбейіп, өсімдік бойында шоғырланып, яғни тығыз колония құрып, тіршілік етеді. Бітенің дамуы үшін ең үйлесімді температура 16-22 С аралығы. Бұдан жоғары температура бітенің дамуын тежейді. Сондықтан жаз ортасында оның саны азаяды. Бірақ күзге қарай өніп-өсуі қайтадан өршіп, тез көбейеді.
Бітелердің көктемдегі қоректенуі мәдени өсімдіктердің жалпы күйін әлсіретеді, өсуін едәуір баяулатады. Ал жазда олар көбінесе мақтаның генеративті мүшелерімен қоректенеді. Нәтижесінде зақымданған өсімдіктердің тұқым түйіні мезгілінен бұрын төгіліп қалады және бітелерден бөлінетін жабысқақ сұйық заттар ашылып келе жатқан мақта қауашағының талшықтарын ластап, желімдейді. Ондай ьалшықтарда сапрофитті құрым саңырауқұлақтары мен бактериялардың дамуына қолайлы жағдай туады. Сөйтіп мақта талшықтарының сапасы төмендейді.
Өрмекші кенесі- Tetranychusurtica Koch.
Акариформдылар (Асаriformes) ортядының өрмекші кенелер (Теtrаnусһіdае) тұқымдасына жатады. Өте кең таралған, әсіресе Қазақстаннын оңтүстігінде мақтаға және басқа дақылдарға қатты зиян келтіреді. Солтүстік аймақтарда жылыжайларда өсірілетін өсімдіктерді зақымдайды.
Аналық кененің дене пішіні сопақша, ұзындығы 0, 43 мм, түсі сұрғылт-жасыл немесе сарғылт-жасыл, жазда бүйір жақтарында қара дақтары бар, қысқа біркелкі сарғылт-қызыл болады, перитремнің соңғы бөлімі бұтақталмаған, 4 камералы. Еркегінің артқы жағы бірден кілт сүйірленген, ұзынша (ұзындығы 0, 28 мм) болады. Жұмыртқасы шар тәрізді, жасыл реңді мөлдір, диаметрі 0, 14 мм, ұрықтың даму барысында күңгірттене келе, дернәсілдер шығар алдында құлпырған інжу тәрізді түске көшеді.
Кәдімгі өрмекші кене
Кәдімгі өрмекші кене - өсімдіктердің әр түрлі тұқымдастарына жататын 200-ден астам түрлерімен қоректене алатын көп қоректі зиянкес. Әсіресе мақта, соя, картоп, бұршақ, бүлдірген, қызылша, алма және коптеген бақша дақылдарына зиян келтіреді. Ұрықтанған аналык кенелер мақта егістіктерінде, танаптар аралығындағы басқа учаскелерде, арық бойында және жол жағаларында жерге түскен жапырақтардың, басқа да өсімдік қалдықтарының, топырақ түйірлері мен кесектерінің, ағаш қабығының астында және т. б. жерлерде қыстайды. Көктемде, тәуліктің орташа жылылыгы 7-10°С-ға жеткенде кенелер қысқы ұйқыдан оянып, алғашқыда жабайы өсімдіктер мен ағаш-бұталардың жапырақтарын мекендейді де, кейіннен мақтаға немесе басқа дақылдарға көшеді. Жұмыртқаларын сол өздері қоректенген жапырақтарға бір-бірлеп салады және сонымен катар мекендеген жапырақтарының астыңғы бетін өте жіңішке өрмек жіпшелермен шырмап тастайды. Әр аналык кененің өсімталдығы 100-120 жұмыртқаға жетеді. Кененің бір генерациясының дамуы жаз айларында 10-12 күнге созылады. Оның дамуы үшін ең қолайлы ауа температурасы 29-31°С, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы -35-55%. Оңтүстік Қазақстан облысында бір жылда 15 генерация беріп дамиды.
Кенелер мен олардың дернәсілдері дақылдар жапырақтарының астыңғы бетінде шоғырлана колония құрып тіршілік етеді. Қатты зақымданған жапырақтардың түсі қоңырқайланып, қурап қалады. Өсімдіктер жапырақтары кенелердін зақымдауынан қызғылт-қоңыр түске айналып, одан соң қурай бастайды. Жапырақтарының түсіп қалуы және зат алмасу процесінің бұзылуы салдарынан өсімдік гүлдері түсіп қалады, ал мақта кауашақтарының салмағы кеміп, талшықгарының сапасы төмендейді. Кәдімгі өрмекші кененің тіршілігі жылытылатын жылыжайларда ерекше дамиды. Ұрықтанып диапаузаға кеткен аналық кенелер жылыжайлар мен парниктердің касегі жарықтарында, сабаннан немесе қамыстан жасалған төсеніштерде, өсімдік қалдықтарының астында қыстап шығады. Олардың реактивация кезеңі 0 - 10°С дейінгі температурада 45-60 күнге созылады, яғни қиярдың тұқымын себу немесе көшетін отырғызу кезінде кенелер өсіп- жетіліп, көбеюге қабілетті болады. Қысқы жылыжайларда өрмекші кененің алғашқы 4-5 ұрпақтары қысқа күн (ақпан-сәуір айлары) жағдайларында тіршілік етеді. Күндізгі жоғары температураның (23- 25°С) әсеріне байланысты популяцияның көпшілік бөлігі күннің қысқалығын сезбей, дамуын жалғастыра береді. Ал жылыжайдың температурасы 23°С төмен болатын салқындау жағын мекендеген аналык, кенелердің біраз бөлігі (16-38%) қысқа күннің әсерінен есімдіктерді тастап, диапаузаға көшеді. Реактивизациядан кейін олар өсімдіктерге қайта келіп, көбейе бастайды. Сондықтан қыс кезінде жылыжайларда кенелерге қарсы күрес тәсілін ұйымдастыруда олардың алғашқы ошақтарын дер кезінде тауып алып, алғашқы ұрпақтың аналық тарын жою шешуші роль атқарады. Егер осы кезенді өткізіп алып, кенелер популяциясының жартысына жуығы қысқы диапаузаға кетіп үлгерген болса, онда барлық вегетациялық кезең бойы зиянкестен құтылу қиынға соғады. Себебі диапаузаға кеткен аналық кенелер басқаларына қарағанда акарицидтердің улы әсеріне төзімді келеді. Өрмекші кене әсіресе қияр, қауын, асқабақ, қабақша дақылдарына қатты зиян келтіреді де қызылша, шпинат, аскөк, балдыркөк, ақжелкен, бұрыш, қызанақ өсімдіктерін аз дәрежеде зақымдайды. Ал пияз бен сарымсаққа және қырыққабатқа ешқандай зиян келтірмейді.
Темекі трипсі - Thrips tabaci Lind .
Шашақ қанаттылар отрядының (Thysanoptera) трипсілер (Triphidae) тұқымдасына жатады. Өте кең таралған көпқоректі зиянкес, 100 аса өсімдіктермен қоректенеді. Қазақстан жағдайында пиязға, темекіге, мақтаға және бақша дақылдарына зиян келтіреді.
Ересек трипсінің ұзындығы 0, 8-1, 1 мм, түсі ақшыл-сары, өнбойына созылған жүйкесі бар енсіз жіңішке қанаттарының шеттерінде ұзын шашақтар болады. Жұмыртқасының ұзындығы 0, 21-0, 25 мм, көлденеңі 0, 1-0, 14 мм, пішіні бүйрек тәрізді ақшылдау, мөлдір түсті болады. Дернәсілдерінің ұзындығы 1мм жетеді, ересек трипсілерге қарағанда ақшылдау түсті, мұртшалары 6 бұнақтан тұрады. Ересек трипсілер топырақтың үстіңгі қабатында немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Қысқы мекендерінен ауаның жылылығы 10 С асқанда шығады. Жұмыртқаларын темекі жапырағының үстіңгі бетіндегі эпидермис қабатының астына бір-бірлеп орналастырады. Өсімталдығы 10 жұмыртқаға жетеді. Ұрықтың дамуы 3-5 күнге созылады. Осы мерзім ішінде 4 рет түлейді де, дамуы аяқталған соң топыраққа еніп ( 15 см тереңдікке дейін), онда 4-5 күн болады. Одан соң қанаттары жетілген ересек трипсілерге айналады да жер бетіне көтеріліп, темекі немесе басқа да өсімдіктермен қоректенуге кіріседі. Зиянкестің бір генерациясының дамуы мекендеген аумағының ауа райы жағдайларына байланысты 15 күннен 30 күнге дейін созылады. Қазақстанның оңтүстік шығысында 15 генерацияға беріп көбейеді.
Темекі трипсі
Темекі трипсі көп қоректі зиянкес, ол темекіден басқа пияз, мақта, соя, қияр, қарбыз, асқабақ, қызанақ және басқа дақылдарды да зақымдайды. Ересек трипсілер мен олардың дернәсілдері жапырақтардың астыңғы бетінде және гүлшоғырларында топтанып тіршілік етеді де, өсімдік шырынын сорып қоректенеді. Егер 100 см²-та 60 дернәсіл болса, жапырақ толығымен құрайды. Өсімдіктің зақымданған мүшелерінде алғашында бозарған ақшыл болып, кейін тотық түске айналатын дақтар пайда болады. Нәтижесінде өсімдіктің жапырақтары әлсіз болып, өсуі баяулайды, никотиннің мөлшері кеміп, темекінің сапасы нашарлайды. Сонымен қатар трипс темекі өсімдігіне вирус ауруларын таратады.
Қарбыз зиянкестеріне қарсы күрес шаралары
Агротехникалық тәсіл . Күресудің агротехникалық тәсілі өсімдіктер мен зиянкестердің және сыртқы ортаның өзара қарым-қатынастарына негізделген. Агротехникалық шаралардың әсерінен зиянкес организмнің өсіп-дамуы үшін қолайлы жағдай туады.
Өсімдік қорғау тұрғысынан қарағанда агротехникалық шаралар ішінде өте маңызды рөл атқаратындарға ауыспалы егіс, топырақты өңдеу жүйесі, тыңайтқыштарды қолдану, арамшөптермен күресу егінді егу мен өнімді жинаудың тәсілі мен мерзімі жатады.
Механикалық тәсіл. Күрестің механикалық тәсілі көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Сондықтан қазіргі уақытта оны өсімдік шаруашылығының қарқынды салаларында, мысалы, жеміс шаруашылығында немесе күрес тәсілінің басқа түрлерін пайдалануға болмайтын жағдайда қолданады.
Механикалық тәсілді пайдаланудың мына төмендегідей жолдары бар. Дақылды зиянкестер қорғау үшін әртекті механикалық бөгеттер жасалады.
Физикалық тәсіл негізінен ауыл шаруашылық дақылдарының өнімдерін және олардан жасалған азық-түлік түрлерін зиянкестерден қорғау үшін қолданылады.
Кейбір жағдайларда зиянкестермен зақымданған дәнді дезинфекциялау үшін оны электр тогының жоғарғы жиілігімен немесе басқа тәсілмен қыздырады.
Өсімдік карантині - елдің өсімдік байлығына басқа мемлекеттен аса қауіпті карантинді зиянкестерден қорғауға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі, ал егер карантинді объектілер енген жағдайда оларды оқшаулап көзін жою. Карантинді объект деп ел террриториясында жоқ және аз таралған бірақ еніп кету қаупі бар өсімдіктерге және өсімдік өнімдеріне зиян келтіретін зиянкестерді айтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz