Алматы облысы, Қаратал ауданының климаттық жағдайы. Пиязды өсіру технологиясы



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Алматы облысы, Қаратал ауданының климаттық жағдайы
2. Пиязды өсіру технологиясы
3. Пияздың негізгі ауруларына сипаттама
4. Ауру қоздырғыштарының биологиялық даму циклы
5. Пияздың негізгі ауруларына қарсы күресу шаралары

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Фитопатология - өсімдіктердің ауруы және олармен күресу жолдарын қарастыратын ғылым. Оның атауында гректің үш түрлі сөзінен шыққан: phyton – өсімдік, phatos – ауру, logos – ілім. Жалпы ауылшаруашылық және орман фитопатологиясын айырып алуға болады.
Жалпы фитопатологияда өсімдік ауруларының себебін, ауру қоздырғыштарының ара-қатынасын, қоршаған орта, өсімдіктердің ауруға қарсы тұруы және тағы басқа жалпылама теориялық сұрақтар қарастырылады.
Фитопатологияның негізгі көңіл аударатыны жеке-жеке өсімдіктерді қарастыру емес, өсімдіктердің топтары мен қауымдастықтары. Осындай күрделі биогеоценоздың бірі орман болып табылады, сондықтан бір ағаш ауырса, барлық ағашқа аурудың түрлері беріледі. Бұндай жағайда орман фитопатологиясы бір ғана тұқымдастың жеке бір түрін ғана зақымдап қана қоймай, барлығын жаппай зақымдайды.
Көбіне өте кең таралған өсімдіктердің ауруларына саңырауқұлақтармен, бактериямен, вируспен және тағы басқа микроорганизмдермен берілетін ауру қоздырғыштарын айтуға болады. Қоздырғыштардың биологиялық қасиеті, даму ерекшелігі және таралуы өсімдіктің ауруына байланысты болады. Сондықтан фитопатология төмендегідей ғылымдардан туындады: микология (саңырауқұлақтар туралы ғылым), вирусология (вирустар туралы ғылым), микробиология (жалпы микроорганизмдер туралы ғылым). Фитопатология өз алдына биологияның бір саласы, оның қазіргі әдістерімен жаңа жетістіктері көптеп қолданылуда.
Фитопатология басқа биологиялық және жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыста. Зерттеу барысында анатомиялық құрылысындағы патологиялық өзгерістердің болуы, зат алмасу және ауру өсімдіктің физиологиялық қызметтерінің бұзылуы, ботаника, өсімдіктер физиологиясы, биохимия, генетика, цитология, молекулярлық биологиямен байланыстылығын көруге болады. Осы уақытта фитопатологиялық бақылаулар мен зерттеулер ағаш және бұта өсімдіктерінің жаңа формалары мен сорттарын алуға көмегін тигізеді.
1. Карбозова Р.Д. Фитопатология. Оқу құралы. – Алматы, 2002.
2. Сағитов А.О., Джаймурзина А.А., Туленгутова К.Н., Карбозова Р.Д. Ауыл шаруашылық фитопатологиясы, - Алматы, 2000.
3. Сағитов А.О., Назарбекова М.Х., Карбозова Р.Д. Фитопато¬логия. Оқу құралы. - Алматы, 1992.
4. Туленгутова К.Н. Фитопатология. Оқу құралы. – Алматы, 2002.
5. Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл
6. М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл
7. М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растение водству, Москва-2006 г

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Алматы облысы, Қаратал ауданының климаттық жағдайы
2. Пиязды өсіру технологиясы
3. Пияздың негізгі ауруларына сипаттама
4. Ауру қоздырғыштарының биологиялық даму циклы
5. Пияздың негізгі ауруларына қарсы күресу шаралары

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Фитопатология - өсімдіктердің ауруы және олармен күресу жолдарын қарастыратын ғылым. Оның атауында гректің үш түрлі сөзінен шыққан: phyton - өсімдік, phatos - ауру, logos - ілім. Жалпы ауылшаруашылық және орман фитопатологиясын айырып алуға болады.
Жалпы фитопатологияда өсімдік ауруларының себебін, ауру қоздырғыштарының ара-қатынасын, қоршаған орта, өсімдіктердің ауруға қарсы тұруы және тағы басқа жалпылама теориялық сұрақтар қарастырылады.
Фитопатологияның негізгі көңіл аударатыны жеке-жеке өсімдіктерді қарастыру емес, өсімдіктердің топтары мен қауымдастықтары. Осындай күрделі биогеоценоздың бірі орман болып табылады, сондықтан бір ағаш ауырса, барлық ағашқа аурудың түрлері беріледі. Бұндай жағайда орман фитопатологиясы бір ғана тұқымдастың жеке бір түрін ғана зақымдап қана қоймай, барлығын жаппай зақымдайды.
Көбіне өте кең таралған өсімдіктердің ауруларына саңырауқұлақтармен, бактериямен, вируспен және тағы басқа микроорганизмдермен берілетін ауру қоздырғыштарын айтуға болады. Қоздырғыштардың биологиялық қасиеті, даму ерекшелігі және таралуы өсімдіктің ауруына байланысты болады. Сондықтан фитопатология төмендегідей ғылымдардан туындады: микология (саңырауқұлақтар туралы ғылым), вирусология (вирустар туралы ғылым), микробиология (жалпы микроорганизмдер туралы ғылым). Фитопатология өз алдына биологияның бір саласы, оның қазіргі әдістерімен жаңа жетістіктері көптеп қолданылуда.
Фитопатология басқа биологиялық және жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыста. Зерттеу барысында анатомиялық құрылысындағы патологиялық өзгерістердің болуы, зат алмасу және ауру өсімдіктің физиологиялық қызметтерінің бұзылуы, ботаника, өсімдіктер физиологиясы, биохимия, генетика, цитология, молекулярлық биологиямен байланыстылығын көруге болады. Осы уақытта фитопатологиялық бақылаулар мен зерттеулер ағаш және бұта өсімдіктерінің жаңа формалары мен сорттарын алуға көмегін тигізеді.


Қаратал ауданының климаты

Қазақстанның климаты шұғыл континентті келеді, бұл жерде қыс онша қатты болмайды, жазы ыстық, қуаңшылық. Бұл температураның тез ауысуынан ауаның құрғақ болып, жауын-шашынның аз түсуінен байқалады. Жалпы климаттың қалыптасуына географиялық ендік, күн радиациясымен қатар атмосфера да жүріп жататын күрделі процестер әсер етеді. . Қысы оңтүстік - шығысыңда біршама жұмсақ, солтүстігінде суық. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы -10-14°С. Жаз айлары ыстық, және қуаң. Шілде айының орташа температурасы 22-24°С . Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-400-мм-ді құрайды. Қазақстанның аумағы түгелімен қоңыржай белдеуде жатқандықтан, жылдың төрт мезгілі өз уақытысында ауысып отырады. Ауданның қысы жұмсақ, қар негізінен желтоқсаннан наурызға дейін созылады. Қар ақпан айында ери бастайды. Мамыр айынан бастап күн ысып, құрғақ ауа райы қалыптасады. 2-3 ай бойы жауын-шашын болмайтын кездер болады. Күз қарашадан желтоқсанға дейін созылады. Күзде жауын-шашын сирек жауып, құрғақ, ашық ауа райы қалыптасады. Күздің соңғы айында ғана күн бұлыңғыр тартып, ауа дымқылданып күзгі суық жел соға бастайды.
Климаттың қолайлы жағдайларын ауа райына қарап білуге болады. Ауданда жаз, күз айларында жел соғып тұрады. Жел соққан кезде дауыл тұрып егін шаруашылығына қолайсыз жағдайын тигізеді. Егер аспан ашық, күн жылы болса, жел соқпаса климаттың қолайлы болғаны.

Топырағы
Республика жерінің топырақ түрлері түзуші факторларға тығыз байланысты келеді, сондықтан да топырақ түрлері географиялық ендік бағыты бойымен созыла орналасқан, әр әртүрлі аймақ түрінде еліміздің солтүстік бөлігінен оңтүстікке қарай алмасып отырады. Ауданның көптеген жерінде сортаң топырақты, егістік жерлерді суару режимінің дұрыс сақтала бермеуінен және жер асты суының шамадан тыс минералдануынан қазір сортаң топырақты жер көлемі ұлғайып келеді. Кейбір жерлерде қоңыр топырақ таралған.
Өсімдіктердің топырақтан қоректенуін жақсарту үшін қолданылатын органикалық және минералдық заттар. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі артады, өнім сапасы жақсарады. Топырақ-тағы негізгі минералдық қоректік заттар: азот, фосфор, калий, т.б. мәселен, тыңайтқыштардың өсімдікке әсер етуі арасында белгілі бір байланыс бар екені анықталды.
Егер топырақта өсімдікке сіңімді фосфор көп болса, фосфор тыңайтқыштарын енгізуден егіннің түсімі онша артпайды. Мәселен, күздік қара бидай мен күздік бидай көктемде қыстан әлсіреп шығады. Осы кезде өсімдікке қоректік элементтер өте қажет, бірақ топырақта өсімдікке сіңімді азот жетіспейді, өйткені, күзде жаңбыр суы нитраттарды топырақтың терең қабатына жуып әкетеді, ал нитрлеуші бактериялар әрекеті ерте көктемдегі салқын әсерінен баяулайды. Қазіргі кезде ең кеңінен қолданылатын органикалық тыңайтқыштар: көң, қи садырасы, қорда, құс саңғырығы. Маңыздылары - көң, қи садырасы, құс саңғырығы. Органикалық тыңайтқыштарды дұрыс және ұзақ пайдалануда топырақтың қарашірігі едәуір көбейеді.
Жаздық бидай ең ерте себілетін дақыл. Мерзімінен кеш себу өнімнің төмендеуіне апарып соғады, себебі оның түптенуі, түріктенуі және масақтануы жазғы болатын жауын-шашынға сәйкес келеді. Көктемде қатты дауыл тұрған кезде, себілген тұқымды жел ұшырып әкетеді. Немесе құрғақшылық жағдайда тұқым себу мөлшерін бірте-бірте азайтқанда бидайдың өнімі келмейді, ал жалпы алғанда тұқымдық дақылдың өзінен ғана қыруар дәнді үнемдеуге болады. Құрғақшылық кезде өскен бидай су жетіспегеннен күйіп кетеді.

Пиязды өсіру технологиясы

Пиязды өсіруге ең жақсысы болып жеңіл саздақ , құмдақ бейтарап және аз сілтілі (рН 6,4-7,9) жерлер болып табылады. Пиязды, сонымен қатар, астына органикалық тыңайтқыш салатын және егісті ерте босататын, сол арқылы оны арамшөптерден жақсы тазалауға мүмкіндік беретін дақылдардан соң орналастырған жақсы: ерте пісетін орамжапырақ, қияр, қызанақ, сидерат, бұршақ тұқымдастар. Пиязды кеш пісетін орамжапырақ дақылынан, сәбізден, қызылшадан және әсіресе жасыл дақылдардан соң өсірмеген дұрыс. Пиязды бұрынғы орнына жеңіл топырақта 3 жылдан кем емес, ауыр топырақта 5 жылдан кем емес уақыттан соң өсіруге болады.
Пиязды өндіру кезінде оның вегетациясы бойына қоректену элементіне қажеттілік өзгереді. Пияз өмірінің бірінші бөлімінде молырақ азотты, ал жуашықтарының құрылуы кезінде - фосфор және калийді пайдаланады. Бұл мерзімдегі азоттың көптігі жуашықтардың пісуін баяулатады. Сүгідер жырту алдында тікелей пияздың астына жердің құнарлығына қарай 20-дан 60тга-ға дейін мөлшерде қарашірік (бірақ еш жағдайда да көң емес) салуға болады.
Шалқан пияз ылғалды қажеттілік етеді ( оның тамырлық жүйесі басқа көкөністік дақылдарға қарағанда әлсіз) әсіресе жуашықтарының қалыптасуы кезінде. Пиязды жыл және топырақ жағдайына қарай 200 м3га-дан (орманды далаларда жеңілірек топырақтарда) 400 м3га (далалықтағы ауыр жерлерде) дейін орта нормамен 2-12 рет суарады. Суаруды әр 20-30 күн сайын жүргізеді, ал құрғақ ауа райында 12-15 күн. Суарғаннан соң топырақты жекелейді және қобысытады. Суару тамшылық жүйе (алғашқы шығынды көп талап ететін, өнімнің айтарлықтай көбеюімен ақталатын тиімдірек әдіс) көмегімен, атыздарды жаудырату ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұзынша кене
Т.Рұсқұлов ауданының табиғи климаттық жағдайы
Пияз көшетті өсіру
Алматы облысы, Жамбыл ауданы жағдайында қиярдың аурулары, арамшөптері және зиянкестерімен кешенді күресу тәсілдерін жүргізу
Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында бақша дақылына зиян келтіретін бунақденелілердің таралуы, биологиясы, зияндылығы
Алматы облысы Ақсу ауданының табиғи - климаттық жағдайы
Алматы облысы Көксу ауданының табиғи жағдайында қант қызылшасының аурулары
Алматы облысы жағдайында картоп дақылына зиян келтіретін нематод, кене және кеміргіштер
Алматы облысының мал шаруашылығын картографиялау
Алматы облысында орналаскан өсімдіктер түрлері
Пәндер