Жамбыл облысы, Тараз қаласының 2000 орындық институтты көкжелектендіру жобасын құру



1. Кіріспе
2. Жамбыл облысы, Тараз қаласының топырақ және климаттық жағдайлары
3. Көкжелектендіруде пайдаланатын өсімдіктер мен архитектуралық бейнелерге сипаттама
4. Институттың ауданын есептеу
5. Жобада пайдаланылған шартты белгілер
6. Бас және дендрологиялық жобаны жасау, үлгісін салу
7. Қорытынды
8. Пайдаланылған әдебиеттер
Сәндік бақ шаруашылығының негізі жасыл өсімдіктер болып табылады. Олар үй жай шаруашылығының маңызды саласы. Құрамына көгалдандыру құрылысы сәндік ағаштар, бұталар, көшеттер және гүл шаруашылығы кіреді.
Жасыл сәндік өсімдіктердің маңызы өте жоғары. Тәрбиелік сәндік жасыл егістен үлкендер мен балаларға, табиғатқа деген сүйіспеншілік ұялатады. Желек топырақты азотпен байытып оның құнарлығын арттырады. Шаруашылықты тегіс және кедір қатармен қорғайды. Ғимараттарды артық қызудан қорғайды. Жаяулар немесе автомобильдер қозғалысына көмектеседі.Тазалық сақтау жасыл егістің қыста суық жерден, жазда ыстықтан, кеуіп кетуден сақтайды. Көп өсімдіктерді тұрғын аумақтарды қаланың суынан қорғайтын қабілеті бар. Шырмауық өсімдіктері тұрғын үйлерді күннің тіке түсетін сәулесінен қорғайды. Өсу кезеңінде өсімдіктер қоршап тұрған ортаны ылғалмен газын сіңіреді. Сондай-ақ ағаштар мен бұталар жапырақтарында газ алмасу жасыл процесі жүріп, жер бетіндегі ауаны тазартады.
Тазалық сақтау санитарлық гигиеналық егістер қыста суық желден, жазда ыстықтан сақтайды. Көк өсімдіктерді бүкіл аумақтарда қаланың шуынан қорғайтын қабілеті бар. Тұрғын үйлерді күннің тіке сәулесінен қалқалайды. Өсу кезеңінде өсімдіктер қоршап тұрған ортаны ылғалмен, оттегімен байытып, көмір қышқыл газын сіңіреді. Сондай- ақ ағаштар мен бұталардың жапырақтарына шаң тозаң ауаның жер бетіндегі қабаты тазарды.
Қарағай, үй жаңғағы, шырша, шаттауық, арша, емен бөлетін фитонциттік заттар көптеген ауру туғызатын микроорганизмдерді жояды. Жазда бір күннің ішінде арша орманның 1 га-на осындай заттың 30 кг бөледі. Ол орташа қала аумағындағы барлық микробтарды жоюға жеткілікті мөлшер.
Көгалдандырудың негізгі мақсаты ол: тұрғындардың мәдени демалуына және табысты еңбек етуіне барынша қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету. Қоршаған табиғатқа сүйіспеншілікпен ұқыпты қатынастық сезімді сіңіру. Жердің топырақты климаттық жағдайына сәйкес келуі.
1. Үкібасов О. А., Жұмаділова Г. Б. «Сәндік бақ шаруашылығы» – Алматы, 2014
2. Үкібасов О. А., Жұмаділова Г. Б. «Сәндік бақ шаруашылығы пәнінен зертханалық және тәжірибелік сабақтарды өткізуге арналған оқу құралы» – Алматы, 2012
3. Сутулов И. В. «Қазақстан: Жамбыл облысы» - Алматы «Эффект» ЖШС, 2009
4. Кәрентаев А. «Жамбыл облысының ауылшаруашылығы 1991-2006 жылдарда» – Тараз, 2006
5. Журнал «Гүлстан»

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Жеміс - көкөніс шаруашылығы кафедрасы

Семестрлік жұмыс тақырыбы

Жамбыл облысы, Тараз қаласының 2000
орындық институтты көкжелектендіру
жобасын құру

Орындаған: Сахи Ғ. гр. ЗР-110
Қабылдаған: Жұмаділова Г.Б.

Алматы 2015

Семестрлік жұмыстың мазмұны
1. Кіріспе
2. Жамбыл облысы, Тараз қаласының топырақ және климаттық жағдайлары
3. Көкжелектендіруде пайдаланатын өсімдіктер мен архитектуралық бейнелерге сипаттама
4. Институттың ауданын есептеу
5. Жобада пайдаланылған шартты белгілер
6. Бас және дендрологиялық жобаны жасау, үлгісін салу
7. Қорытынды
8. Пайдаланылған әдебиеттер

Студенттің аты - жөні
Облыс
Қала , елді мекен
Нысан

аты
сыйымдылығы
Сахи Ғалия
Жамбыл
Тараз
Институт
2000 адам

Кіріспе
Сәндік бақ шаруашылығының негізі жасыл өсімдіктер болып табылады. Олар үй жай шаруашылығының маңызды саласы. Құрамына көгалдандыру құрылысы сәндік ағаштар, бұталар, көшеттер және гүл шаруашылығы кіреді.
Жасыл сәндік өсімдіктердің маңызы өте жоғары. Тәрбиелік сәндік жасыл егістен үлкендер мен балаларға, табиғатқа деген сүйіспеншілік ұялатады. Желек топырақты азотпен байытып оның құнарлығын арттырады. Шаруашылықты тегіс және кедір қатармен қорғайды. Ғимараттарды артық қызудан қорғайды. Жаяулар немесе автомобильдер қозғалысына көмектеседі.Тазалық сақтау жасыл егістің қыста суық жерден, жазда ыстықтан, кеуіп кетуден сақтайды. Көп өсімдіктерді тұрғын аумақтарды қаланың суынан қорғайтын қабілеті бар. Шырмауық өсімдіктері тұрғын үйлерді күннің тіке түсетін сәулесінен қорғайды. Өсу кезеңінде өсімдіктер қоршап тұрған ортаны ылғалмен газын сіңіреді. Сондай-ақ ағаштар мен бұталар жапырақтарында газ алмасу жасыл процесі жүріп, жер бетіндегі ауаны тазартады.
Тазалық сақтау санитарлық гигиеналық егістер қыста суық желден, жазда ыстықтан сақтайды. Көк өсімдіктерді бүкіл аумақтарда қаланың шуынан қорғайтын қабілеті бар. Тұрғын үйлерді күннің тіке сәулесінен қалқалайды. Өсу кезеңінде өсімдіктер қоршап тұрған ортаны ылғалмен, оттегімен байытып, көмір қышқыл газын сіңіреді. Сондай- ақ ағаштар мен бұталардың жапырақтарына шаң тозаң ауаның жер бетіндегі қабаты тазарды.
Қарағай, үй жаңғағы, шырша, шаттауық, арша, емен бөлетін фитонциттік заттар көптеген ауру туғызатын микроорганизмдерді жояды. Жазда бір күннің ішінде арша орманның 1 га-на осындай заттың 30 кг бөледі. Ол орташа қала аумағындағы барлық микробтарды жоюға жеткілікті мөлшер.
Көгалдандырудың негізгі мақсаты ол: тұрғындардың мәдени демалуына және табысты еңбек етуіне барынша қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету. Қоршаған табиғатқа сүйіспеншілікпен ұқыпты қатынастық сезімді сіңіру. Жердің топырақты климаттық жағдайына сәйкес келуі.
2. Жамбыл облысы, Тараз қаласының топырақ және
климаттық жағдайлары
Географиялық орны.
Тараз - Жамбыл облысының әкімшілік, өнеркәсіптік және мәдени орталығы. Қала б.з.д. 2-3 ғасырда құрылған. XVIII ғасырда бұл қала Әулие-Ата деп аталған. 1936-1937 жылдар аралығында Мирзоян деп аталған. 1937-1997 жылдары Жамбыл, 1997 жылы 8 қаңтарда тарихи аты - Тараз атауы қайтарылды. Қала Алматы қаласынан батысқа қарай 554 шақырым жерде, Алматы, Шымкент, Жаңатас, Ташкент қалаларымен теміржол арқылы байланысқан, Алматы-Ташкент автомагистралінің бойында орналасқан. Тараз қаласының аумағы 0,1 мың м2 немесе Жамбыл облысының 0,7%-ын құрайды. Жамбыл облысынының оңтүстік-батыс бөлігінде, Талас - Асаның шұрайлы алқабында, Қырғыз Алатауы тауларының солтүстігіне қарайтау алды жазығында, Талас өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Жер көлемі 139км2. Халық саны 343 275 адам (2013ж).

Климаты
Қаланың қысы жылы, жазы ыстық, құрғақ. Ең суық айы - қаңтардағы орташа температура - 5,1˚С. Ең төменгі температура - 36,2˚С-қа жетеді. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғатын циклондарға байланысты кей жылдары желтоқсан-қаңтарда ауа райы +2˚С-қа, тіпті онан да жоғары жылы болуы мүмкін. Қар көбінесе, қараша айының аяқ кезінен (кей жылдары қазан айының екінші жартысында) бастап жауады. Қардың қалыңығы 10 - 15 см болады. 114 - 220 күн (орташа 161 күн) жатады. Жалпы қаладағы бұлтты күндер шамамен 50 күнге созылады, қалған уақытта күн ашық. Жазы ыстық, құрғақ, шілде айында 47˚С-қа дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 353 мм. Қаладағы негізгі су артериясы Талас өзені. Қырғыз жеріндегі Қаракөл және Үшкеней тау өзендерінің бірігуі нәтижесінде пайда болады. Таразға жеткенше судың едәуір бөлігі ауыл шаруашылық егістіктерді суару үшін пайдаланылады. Қала үшін екінші бір маңызды өзен - Аса қар суымен тек көктемде толығады.

Топырағы
Қарақошқыл және сұр топырақты жерлердің көлемі 5 миллион гектарға жуық жерді алып жатыр. Мұнда органикалық заттарөте аз - бір пайызға дейін, жылжымалы фосфор мен қарашірінді топырақтың 15 сантиметрден 25 сантиметрге дейінгі беткі қабатында кездеседі. Бұл жерлердің барлығы суға ерігіш заттарға бай келеді. Сондықтан да оның құнары өте аз болады. Қазіргі кезде осындай құнарсыз топырақты жерлердің барлығы жайылымдық ретінде пайдалануда. Оны егістікке пайдалану үшін толық суландыру керек. Жай сұр топырақты жерлер Мойынқұмның солтүстік бөлігін алып жатыр және егістікке қазіргі кездеешқандай пайдасы жоқ.
Бозғылт сұр топырақтың беткі қабатында қарашірінді 1-1,2 пайыз, тіпті кейде 0,6-0,8 пайыз болып кездеседі. Бұл қарашірінді топырақтың 40-60 сантиметрлік қабатында болады. мұнда сіңірілгіш фосфор қышқылының мөлшері өте аз. Мұндай топырақты аймақ жайылым және дәнді дақылдарға арналған егістік ретінде пайдаланылуда. Ондай жерлерде жер эрозиясына қарсы күресті күшейту керек.
Мұндай топырақты аймақты суландырғанда дақыл егуге пайдалануға болады. Бұл топырақтардың көбіне орташа тереңдігінде сортаң топырақтар жиі кездеседі.
Жай сұр топырақты аймақ облыстың 3,9 миллион гектарға жуық жерін алып жатыр. Мұнда қарашірінді топырақ 1,5 пайыздан 2,5 пайызға дейін кездеседі.
Шалғынды сұр топырақты жердің көлемі 0,5 миллион гектардан астам, негізінен Талас және Шу өзендерінің аңғарын алыа жатыр. Бұл топырақта көп жағдайда күкірт қышқылдары кездесіп отырады. Ол көп мөлшерде кездеспейді, әрі өсімдіктің қоректенуіне ешқандай әсер етпейді.
Мұндай топырақты жерлерде ылғал 1,5-2 сетр тереңдікте болады және топырақтың құрамы өте күрделі. Мұнда қарашірінді 2,5-3,5 пайыз. Топырақтың бұл түрі облыста қант қызылшасын және дәнді дақылдар өсіру үшін өте құнарлы болып келеді

3. Көкжелектендіруде пайдаланатын өсімдіктер мен
архитектуралық бейнелерге сипаттама

Кәдімгі қарағай. Биіктігі 20-40 м және диаметрі 1 м дейін жететін, жас шағында конус тәрізді, ал қартайғанда дөңгелектенген ұшар басты ағаш. Қабығы төменгі жағынан қызғылт - қоңыр, терең тілімді, жоғарғы жағы тегіс, бұтақтарында сарғыштау. Өркендері жасылдау, қызғылт-қоңыр үшкірленген, бүршіктері түксіз, шатырлы болады. қылқанының ұзындығы 4-7 см, бір шоқта 2 ден, көкшілдеу-жасыл, 3 жыл тұрады. Гүлдеуі мамырдың аяғы - маусымның басы, түйіндерінің ұзындығы 3-7 см. Екінші жылдың қарашасында пісіп жетіледі, келесі жылдың сәуір айында ашылады. Тұқымның ұзындығы 3-4 мм, қанаты онан үш есе ұзын. 1000 дәнінің салмағы - 5-9 г. Жарық сүйгіш.
Құрғақ континентальды құбылмалы ауа райына төзімді. Топыраққа сезімталдығы аз. Өте құрғақ құнарсыз топырақта да өсе алады. Жас, аса құнарлы құмайт топырақ өте қолайлы. Өртке берік. Біршама жылдам өседі. Өмірінің ұзақтығы 300-350 жыл. Тұқыммен көбейеді.
Таралы аймағы: Еуропа, Сібір, Қиыр Шығыс, Қазақстанда Қостанай, Ақмола және Қарағанды (Сары-Арқа), Павлодар (орман жолдары), Шығыс Қазақстан (Қалба жотасы) облыстарында кездеседі.
Сүрегін тұрғын үй құрылысында, кеме, вагондар, ағаш бұйымдарын жасауда және де басқа өндірістерде пайдаланылады. Шатырынан канифоль және скипидар өндіріледі. Елді мекендерді, газы жоқ көкжелектендіруде пайдаланады.

Батыс бозаршасы - Солтүстік Америкадан шыққан. Өз отанында 12 м дейінгі биіктікке жетеді. Жапырақтары 3-4 мм ұзындықта, қабыршақты, түтесіп айқаса орналасқан. Бөрікбасы пирамидальді әдемі пішінді және күңгірт жасыл түсті. Құрғақшылыққа, ыстыққа және аязға төзімді. Топыраққа талапссыз. Аллеяларға, жасыл жиектемелерге, жеке-дара егістерде жекелеп немесе топтап отырғызуға пайдалануға болады.

Талшын - әдемі жапырақтарымен ерекшеленетін жалпақ жапырақты ағаш. Биіктігі 25 метрге дейін жетеді. Бізде оны "Ат талшын" деп те атайды. Жер жүзінде табиғи 30 - дан астам түрі бар, көгалдандыруда 500 - ден астам сұрпы қолданылады. Талшын ағашы 500 жылға дейін өмір сүреді және 30 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Жапырағының пішіні күрделі қауырсын тәрізді. Ерте көктемде шырақ секілді ақ, қызыл түсті гүл жарады. Гүлдері әдемі, бірақ иісі болмайды, көлемі 10-20 см. Талшынның гүлінде 65-75 % қант бар. Гүлдеп біткен соң, жеміс салады. Қоңыр түсті, жылтыр, диаметрі шамамен 3 см, жалпақтау келген домалақ жемісінің сыртында тікенекті жасыл қабығы болады.

Сібір бал қарағайы - ұшар басы конус тәрізді өте қалың және қоңыр-сұр қабықты, биіктігі 35 м дйінгі ағаш. Бұтақтары қысқа жақындасқан күлте басты келеді. Өркендері жиі жирен түсті, түкті. Бүршіктері конус тәрізді, шайырсыз. Қылқанның ұзындығы 13 см, бір шоқта 5 данадан, тығыз қоңыр-жасыл түсті, 3-5 жылға дейін тұрады. Мамыр айында гүлдейді. Түйіндері дөңгеленген ашылмайтын ашық-қоңыр, екінші жылы қыркүйек айында піседі: ұзындығы 10-14 мм, 40-тан 150-ге дейін қанатсыз тұқымдары болады. 1000 дәнінің салмағы - 250 г. Олардығ өзектерінде - 50 пайызға дейін сапалы май болады.
Көлеңкеге едәуір төзімді, топыраққа аса талғампаз емес, бірақ неғұрлым құнарлы сазды және ылғалды топырақты жақсы көреді. Қысқа шыдамды. Ауаның құрғақшылығына сезімтал. Біршама жәй өседі. өмірінің ұзақтығы - 500 жыл. Құстар мен тышқандар таратқан тұқыммен көбейеді. Өмірінің 50 жылы жеміс салады.
Таралу аймағы: Ресей федерациясының Европалық бөлігінің Солтүстік-Шығысы, Сібір, Алтай. Қазақстанда Алтайдың таулы аймақтары. Олар терісі қымбат аңдар үшін жемшөптік қор болып табылады. Сүрегі өнеркәсіпте, тұқымы тағам үшін, май алуға пайдаланады. Шайыры емдік мақсаттар үшін қолданады. Қылқанында эфир майы және С витамині болады.

Қотыр қайың - Өмір сүру ұзақтығы - 100-150 жыл. Ол көктемде ерте бүршік жарып, кеш жапырақ түсіретіндігімен ерекшеленеді.
Ағаштың биіктігі 20 (кейде 30) м-дей, діңінің диаметрі 60 - 80 см-ге дейін, қабығы ақ түсті.
Жапырағы сағақты, жиегі ара тісті, тілімденген, кезектесіп орналасады.
Аталық гүл шоғы сырға тәрізді, бұтағының ұшында жетіледі. Аналық гүл шоғының жасыл түсті сырғалары, аталық сырғасына қарағанда едәуір қысқа болады, олар көктемде ағаш бүрінен дамиды. Қайың ағашы бір мезгілде жапырақ жарып, гүлдейді.
Жемісі - ұсақ жаңғақша (оның ұзындығы 1,5 - 4 мм). Тұқымы тамыз - қыркүйекте піседі.
Қайындар тұқымдасының Қазақстанның Тобыл - Есіл, Ертіс бойында, Ақмола, Ақтөбе облыстарында, Жем, Зайсан алабында, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларында өседі.
Қайыңның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тараз қаласындағы 2000 орындық оқушылар сарайын көкжелектендіру
Түркістан облысы, Сарыағаш елді - мекені 1200 орындық лицей аумағын көкжелектендіру жобасын құру
Ескі қаласы колледж
Жамбыл облысында туризмді дамытудың басымдықтары
Ұлы жібек жолының географиясы мен туристік мүмкіндіктері
Туризм инновациясы
Тараз қаласының физика-географиялық орналасуы
Қонақ жай туризм басқа қызмет көрсету салалары
Тараз қаласы
Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық бизнес
Пәндер