Гетеротрофты организмдер. Бактериялар және олардың қоректенуі, көбеюі және табиғатта, адамм өміріндегі маңызы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Гетеротрофты организмдер.
2. Гетеротрофты қоректенудің түрлері.
3. Бактериялар және олардың қоректенуі, көбеюі және табиғатта, адамм өміріндегі маңызы
4. Саңырауқұлақтар
ІІІ. Қорытынды
Барлық тірі организмдер тіршілік әрекетінің нәтижесінде қоректенуге қабілетті келеді. Қоректенудің арқасында организмдер белгілі бір зат және энергия қуаты мен белгілі бір затты қоршаған ортадан өндіруді қоректену дейді. Тірі организм тіршілік процесінің нәтижесінде энергияға бай жиналған заттан энергия бөліп шығарады. Энергия құрымайды және жасалмайды. Ол әр түрлі жарықтық, химиялық, жылылық, электрлік, механикалық және басқа формада болады. Мұндай энергия бір түрден екінші түрге ауыса алады. Егер сіріңкенің бір шиін жақсақ, оның химиялық энергиясы жылу, жарық және дыбысты энергияға айналады. Энергия тіршілік процесінің көптеген аса маңызды түрлі жағдайларына аса қажетті. Организм қоректену процесінің арқасында әр түрлі химиялық қосылыстарды бойына сіңіріп қабылдап отырады. Соның нәтижесинде организмде қор заттары жиналады. Оның біраз бөлімін тіршілік әрекетіне және ұдайы өсіп-өніп отыруына жұмсайды. Өсімдік қоршаған ортадан тіршілік әрекетіне қажетті химиялық элементтерді бойына сіңіреді, бірақ оны пайдалану әрекеттері бірдей болмайды. Тіршілік процесіне аса қажетті элементтерге оттегі, сутегі, көміртегі, азот жатады. Тірі организмнің 80-90 %-тейі судан тұрады, ал су оттегі мен сутегіден құралады. Көміртегі – барлық тірі органзимге қажетті ең басты элементтің бірі. Организмнің көміртегін қандай қосылыстардан сіңіру тәсіліне қарай қоректенудің бірнеше түрі болады. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің біраз түрі: саңырауқұлақтар, көпшілік бактериялар көміртегін органикалық қосылыстардан алады. Мұндай жолмен қоректенетін организмдерді гетеротрофтылар деп атайды. Барлық жасыл өсімдіктер, балдырлар тіршілік процесіне қажетті көміртегін, жарықтың энергия қуатын пайдаланып, көмірқышқыл газынан алады. Көміртегін органикалық емес заттардан қабылдайтын организмдерді автотрофты организмдер деп атайды. Автотрофты организмдерге фотосинтез процесіне қабілеттеі барлық жоғарғы сатыдағы жасыл өсімдіктер, балдырлар, фототрофты бактериялар және органикалық емес заттардың тотығуын пайдаланатын кейбір хемоавтотрофты бактериялар жатады. Автотрофты организмдердің гетеротрофтылардан айырмашылығы – өзінің барлық органикалық затқа қажетін жай органикалық емес заттарды синтездеу арқылы қамтамасыз етеді.
• О. Абдрахманұлы «Өсімдіктер систематикасы». Алматы «Ғылым» – 2003ж;

• Искендирова Р. Ә. «Төменгі, жоғарғы сатыдағы, споралы, жалаңаш тұқымды өсімдіктер систематикасы». Алматы – 2011ж;

• О. Абдрахманұлы «Төменгі сатыдағы өсімдіктер». Алматы – 2003ж.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Гетеротрофты организмдер.
2. Гетеротрофты қоректенудің түрлері.
3. Бактериялар және олардың қоректенуі, көбеюі және табиғатта, адамм өміріндегі маңызы
4. Саңырауқұлақтар
ІІІ. Қорытынды

Кіріспе
Барлық тірі организмдер тіршілік әрекетінің нәтижесінде қоректенуге қабілетті келеді. Қоректенудің арқасында организмдер белгілі бір зат және энергия қуаты мен белгілі бір затты қоршаған ортадан өндіруді қоректену дейді. Тірі организм тіршілік процесінің нәтижесінде энергияға бай жиналған заттан энергия бөліп шығарады. Энергия құрымайды және жасалмайды. Ол әр түрлі жарықтық, химиялық, жылылық, электрлік, механикалық және басқа формада болады. Мұндай энергия бір түрден екінші түрге ауыса алады. Егер сіріңкенің бір шиін жақсақ, оның химиялық энергиясы жылу, жарық және дыбысты энергияға айналады. Энергия тіршілік процесінің көптеген аса маңызды түрлі жағдайларына аса қажетті. Организм қоректену процесінің арқасында әр түрлі химиялық қосылыстарды бойына сіңіріп қабылдап отырады. Соның нәтижесинде организмде қор заттары жиналады. Оның біраз бөлімін тіршілік әрекетіне және ұдайы өсіп-өніп отыруына жұмсайды. Өсімдік қоршаған ортадан тіршілік әрекетіне қажетті химиялық элементтерді бойына сіңіреді, бірақ оны пайдалану әрекеттері бірдей болмайды. Тіршілік процесіне аса қажетті элементтерге оттегі, сутегі, көміртегі, азот жатады. Тірі организмнің 80-90 %-тейі судан тұрады, ал су оттегі мен сутегіден құралады. Көміртегі - барлық тірі органзимге қажетті ең басты элементтің бірі. Организмнің көміртегін қандай қосылыстардан сіңіру тәсіліне қарай қоректенудің бірнеше түрі болады. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің біраз түрі: саңырауқұлақтар, көпшілік бактериялар көміртегін органикалық қосылыстардан алады. Мұндай жолмен қоректенетін организмдерді гетеротрофтылар деп атайды. Барлық жасыл өсімдіктер, балдырлар тіршілік процесіне қажетті көміртегін, жарықтың энергия қуатын пайдаланып, көмірқышқыл газынан алады. Көміртегін органикалық емес заттардан қабылдайтын организмдерді автотрофты организмдер деп атайды. Автотрофты организмдерге фотосинтез процесіне қабілеттеі барлық жоғарғы сатыдағы жасыл өсімдіктер, балдырлар, фототрофты бактериялар және органикалық емес заттардың тотығуын пайдаланатын кейбір хемоавтотрофты бактериялар жатады. Автотрофты организмдердің гетеротрофтылардан айырмашылығы - өзінің барлық органикалық затқа қажетін жай органикалық емес заттарды синтездеу арқылы қамтамасыз етеді.


Гетеротрофты организмдер деп күрделі дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін организмдерді айтады. Органикалық қосылыстар гетеротрофтыларды энергиямен және тіршілік процесіне қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Олардың тіршілік әрекеті автотрофтыларға тікелей не жанама байланысты. Гетеротрофты өсімдіктерге саңырауқұлақтар, кілегейлілер мен көпшілік бактериялар жатады. Гетеротрофты қоректену голозойлық, сапрофиттік, паразиттік және симбионттық болып төртке бөлінеді. Голозоилы организмдерге жануарлар және насекомдармен қоректенетін росянка, пузырчатка сиякты кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктер мен қатты органикалық заттарды ұстап алу арқылы қоректенетін қарапайым құрылымды бір клеткалы аздаған балдырлар жатады.
Сапрофитті (грек. Sapros - шірінді, phyton - өсімдік) организмдер деп өлі не органикалық шірінділерде тіршілік ететін өсімдіктреді айтады. Сапрофиттерге көпшілік саңырауқұлақтар мен кілегейлілер және бактериялар жатады. Барлық сапрофитті организмдер күрделі органикалық заттарды ыдыратып, қорытуға қолайлы ететін ферменттер бөліп шығарады. Соның нәтижесінде крахмал мен белок глюкоза мен амин қышқылына ыдырайды. Глюкоза саңырауқұлақтың тыныс алу процесіне пайдаланса, амин қышқылы өсу процесіне және ткандардың қалпына келуіне жұмсалады. Глюкозаның артығы гликоген және майға, ал амин қышқылының артығы белок түйіршіктеріне айналып, гифтің цитоплазмасында қор заттары ретінде жиналады.
Паразитизм вирустардан, бактериялардан бастап жоғары сатыдағы өсімдіктерге дейін, олардың барлық органдарының даму сатысында болатыны белгілі. Паразит ( грек. parasitas) деп басқа организмнің ішінде не үстінде тіршілік етіп, оған зиян келтіретін организмді айтады. Паразиттің иесі оны қоректік затпен, баспанамен қамтамасыз етеді. Әр түрлі жұқпалы ауруларды туғызатын паразитттерді патоген деп атайды. Көпшілік төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар, вирустар біраз бактериялар клетка ішілік паразиттер. Мұндай паразиттерді эндопаразит деп атайды, ал иесінің үстінде тіршілік етсе эктопаразит дейді. Эктопаразиттер әр уақытта паразитті тіршілік ете бермейді. Оған ақұнтақ саңырауқұлағы жатады. Ақұнтақ иесінен тысқары сырттай шырматылып, тоқыла жатып, жанаса орналасады, тек гаустория сияқты қоректену органы ғана клетка ішіне еніп жатады. Паразиттер - күрделі құрылымды, әр түрлі бейімделу қабілеті бар организмдер. Кейбір эндопаразиттер тірі клеткаларда өніп-өсіп, тіршілік етеді. Мұндай паразиттерді облиготты паразит дейді. Оған әр түрлі вирустар, кейбір бактериялар, тат және қаракүйе саңырауқұлақтары жатады. Екінші бір паразиттер иесінде тіршілік етіп, оның тіршілігін жояды да кейін иесіне сапрофиттік тіршілік етуге көшеді. Мұндай паразитті факультативті паразит деп атайды. Оған түрлі трутовиктер және қоймалардағы жемістерді зақымдайтын саңырауқұлақтар жатады. Балдырлардың ішінде де өзара бір-бірінде паразиттік тіршілік ететін түрлері де кездеседі. Паразитті тіршілік ететін қызыл балдырлар таксономикалық жағынан біркелкі болмайды. Олардың көпшілігі адельфопаразиттерге жатады, туыстық жағынан мұндай паразиттер иесімен бір-біріне жақын туыстас не тұқымдас келеді, ал қалған аллопаразиттер өзінің иесімен жақын туыстас болып келмейді. Қызыл балдырлар басқа балдырларда паразиттік тіршілік етеді. Паразитті балдырлардың көпшілігі ұсақ келеді, пигменттері нашар, не болмайды.
Симбиоз (грек. simbiosis - бірге тіршілік) екі организмнің бір-бірімен селбесіп тіршілік етуі. Ондай организмдерді симбионттар дейді. Бұған ауадағы бос азотты бойына сіңіретін бұршақ тұқымдасының тамырында болатын Rhizobium бактериясы мысал бола алады. Симбиозды құрайтын серіктерінің бір-біріне қарым-қатынасының өзгешелігіне қарай мутуализм және комменсализм болып екіге бөлінеді. Мутуализмде екі организм өзара тиімді қарым-қатынаста болады. Мутуализм екі өсімдік пен жануардың және екі жануардың арасында да кездеседі. Мысал ретінде қынаны алуға болады. Комменсалдизмдік симбиозда бір-бірімен селбесіп тіршілік ететін организмнің бірі екіншісінен пайда келтіреді, ал мұндай симбиоздан оның екінші серігіне - иесіне ешқандай зиян не пайда келмейді. Ол тек комменсалдың баспанасы болып есептеледі.

ДРОБЯНКАЛАР БӨЛІМІ - SCHIZOPHYTA

Дробянкалар өз атын көбеюіне байланысты алған. Олардың клеткаларының жай екіге бөлінуі, ядролық аппаратының бөлінуімен аяқталады. Дробянкаларға жататын организмдердің мембранамен қоршалған ядросы болмайды. ДНК-сы шеңбердің ішінде жататын жалғыз ғана жіпше түзеді. Центриолдары мен митодикалық жіпшелері болмайды. Клетканың бөлінуі былайша жүзеге асырылады. Клетка бөлінбес бұрын созылып жіңішкереді, содан соң біртіндеп теңдей екі бөлікке бөлінеді. Дробянкаларда пластидтерде, митохондрида болмайды. Клетка қабықшасының негізін гликокептид муреин түзеді (өсімдіктердегідей целлюлоза емес). Дробянкалардың әдетте талшықтары болмайды, бола қалғанның өзінде олардың құрылысы қарапайым болып келеді. Қореектенуі автотрофты және гетеротрофты жолдармен жүреді. Жыныстық процесі особьтардың бір - бірімен генетикалық материалдармен алмасуы жағдайында жүреді. Н.А. Красильникаовтың (1949) системасы бойынша дробянкаларды, мынадай 5 класқа бөлуге болады: нағыз бактериялар немесе эубактериялар (Eubacteria), актиномицеттер (Actinomycetes), миксобактериялар (Myxobacteria), спирохоттер ( Spirochaetae), микоплазмалар (Mollicutes).
Осылардың ішінде табиғатта ең кең таралғаны нағыз бактериялар немесе эубактериялар. Сондықтанда бактериялардың құрылысына және физиологиясына толығырақ тоқталамыз.

НАҒЫЗ БАКТЕРИЯЛАР НЕМЕСЕ ЭУБАКТЕРИЯЛАР
КЛАСЫ (ЭУБАКТЕРИИ) - EUBACTERIA
Бактериялардың құрылысы. Бактериалар құрылысы өте қарапайым болып келетін бірклеткалы организмдер. Барлық прокариоттар секілді, олардың ядросы болмайды. Бактерияның клеткасының мөлшері (размері) көпшілік жағдайда 0,2-ден 10 мкм-дің аралығында болады, сиректеу оолардың ұзындығы 30 - 100 мкм-ге дейін жетеді. Сыртқы пішініне (формасына) қарай: шар тәрізді - көккалар, таяқша тәрізді - бациллалар, иілген - вибриондар, спираль тәрізді - спирахеттер, спираль тәрізді бұралған таяқшалар - спириллалар, түйіспеген сақина тәрізді, ерекше қатты иілген клеткалар - торидтер, теңіз жұлдызшаларына ұқсас клеткалар - жұлдыздар(звезды). Бактериялардың көпшілігі қозғаоуға қабілетсіз болады, аздаған түрлерінің ғана талшықтары болады (1 ден - 50-ге дейін) және қозғала алады. Талшықтары бар бактериялар өте жылдам қозғалады: бір секундта клетка өзінің ұзындығынан 50 есе артық жерге жылжи алады. Бактериялардың клеткалары қалың қабықшамен қапталған болады, сондықтанда олар өзінің тұрақты формасын сақтайды. Клетка қабықшасына мықтылық беретін негізгі тірек, ол ерекше полимергликопептид муреин. Мулеин клетканың сыртын бір немесе бірнеше қабат түзіп жауып тұрады.
Жалпы бактерияларды екі топқа бөлуге болады: грамша бояуға оң қарайтын (грамполажительные) және грамша бояуға теріс қарайтын (грмаотрицательные). Бұлайша шектеп бөлу, бактериялардың фиксацияланған клеткаларының қабықшаларын кристалловиолетпен қосылып, суда ерімейтін, спиртте немесе ацетонда нашар еритін ерекше бір комплекс түзеді. Осыдан кейін перпараттарды спиртпен өңдегенде, түзілген комплекс бактериялардың бір түрлердің клеткаларының қабықшаларын түгелімен жуылып кетеді де, препараттар түссізденеді. Екінші бір түрлерінді комплекс клетка қабықшаларымен тығыз байланысып, жуылмастан сақталады. Сондықтанда мұндай клеткалардың түсі көк болады. Йод пен кристалловиолеттің комплексін сақтап қалған бактериялар, грамша бояуға оң қарайтын (грамположительные), ал спиртте түзіліп түссізденетіндері грамша бояуға теріс қарайтын (грамотрицательные) болып табылады.
Бактериялардың клетка қабықшаларының құрылысына талдау жасаудың негізінде, грамша бояуға оң қарайтын бактериялырдың (грамположительные) муреин торының көп қабатты болатындығы және оның салмағының клетка қабықшасының бүкіл құрғақ заттарының 90% түзетіндігі дәлелденген. Грамша бояуға теріс қарайтын бактериялардың (грамотрицательные) муреиін комплексі клетка қабықшасының салмағының 5 - 15% ғана құрайды және бір қабат түзіп орналасады. Муреін каркасының сыртында борпылдақ белоктік болады, оны өз кезегінде липополисахаридті және липопротейдті қабаттар жауып тұрады.
Бактериялардың клетка қабықшаларының Грам тәсілі бойынша боялу ерекшеліктері, аса маңызды таксоманиялықбелгі болып табылады. Сондықтан да оны бактериялардың түрлерін анықтағанда үнемі ескеріп отырады. Бұл тәсілді алғашқы рет 1884 жылы неміс ғалымы К.Грам ұсынған.
Клетка қабықшасының құрамы мен құрылысы жағынан бактериялардың өсімдіктермен жанауарлардан айқын айырмашылығы болады. Бактериялардың клеткаларының көпшілігінің сыртын кілегейлі сауыт қаптап тұрады. Мұндай сауыттың болуы бактерияны фагоцитозға берілмеуін қамтамасыз етеді және олардың ауру тарақыш (жұқтырғыштық) қабілетін күшейте түседі. Қысқасы, сауыт бактерияны сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен сақтап тұратын жабын, сонымен бірге ол клетканы кеуіп қалудан сақтайды. Сауыт пен клетка қабықшасының астында цитоплазмалық мембрана орналасады. Ол цитоплазманың ортасына қарай өтіп, митохондрийдің, эндоплазматикалық тордың, гольджи апаратының қызметіне (функцияларына) ұқсас қызмет атқаратын мембраналық комплекс түзеді. Сонымен бірге сыртқы цитоплазмалық мембрананың клетканың ортасына қарай өтуінің нәтижесінде мембраналық структуралар пайда болады, оларда фотосинтез процесіне қатысатын пигменттер болады. Соңғылары a, b, c, dбактерия хлорофильдері мен каротиноидтар түрінде берілген. Химиялық құрамы жағынан бұл пигментердің балдырлар мен жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің пигменттерінен айырмашылығы болады (Е.Н.Кондратьев, 1972). Бактериялардың клеткаларының цитоплазмасында қосалқы заттар болады, олардың құрамында мынандай артық қор заттары жинақталады: крахмал, гликоген майлар. Сонымен бірге көптеген бактериялар фосфорды жартылай фосфаттардың түйіршігі түрінде және қарапайым күкіртті бойына жинақтауға қабілетті болып келеді.
Бактериялардың қоректенуі. Бактерияларды қоректену түріне қарай автотрафты және гетеротрофты деп негізгі екі топқа бөлуге болады.
1. Автотрофты қоректенетін бактериялар көп болмайды, олар органиқалық емес заттарды синтездеуіне қарай фототрофты және хемотрофты болып бөлінеді. Фототрофты - бактерияның ішіндегі ең маңыздысы пурпур бактериясы. Мұндай бактериялар жасыл өсімдіктер сияқты тіршілігіне жарықтың энергиясын пайдаланып ауадағы көмірқышқыл газын өзіне сіңіреді де, ауаға бос оттегін бөліп шығарады. Сөйтіп өзіне керекті көміртегін ауаның құрамындағы көмір қышқыл газынан алады. Алайда, бактерияларда фотосинтез процесі жасыл өсімдіктерге қарағанда басқаша жүреді. Хемоттрофты бактерияларға лептотрикс (темір бактериясы), беггиотоа (күкірт бактериясы) жатады. Олар ауадағы көмір қышқыл газынан көміртегін сіңіру үшін күрделі органикалық заттардың ыдырауының нәтижесінде және органикалық емес заттарды тотықтырғанда босайтын химиялық энергияны пайдаланады.
2. Гетеротрофты қоректенетін бактериялар өте көп. Олар паразиттік не сапрофиттік тіршілік етеді. Паразиттері адамның, жануарлардың және өсімдіктердің денесінде тіршілік етеді және оларға түрлі жұқпалы ауруларды тарады. Жалпы бактерияларда паразитизм өте кең таралған. Тіптен бактериялардың басқа түрлерінде паразит ретінде өмір сүретіндері де кездеседі. Адамға жұқпалы ауырулар тарататын бактерияларға обаны (чуманы), туберкулезды, холераны, дизентерияны, дифтерияны, менингитті және басқаларды қоздыратын бактериялар жатады. Ұсақ бірклеткалы организмдерді ұстап алатын жыртқыш бактерияларда болады. Ал сапрофиттері өлі органикалық заттардың қалдықтарында мекендеп, олармен қоректенеді (жануарлардың өлекселерінде, өсімдіктердің қалдықтарында). Гететротрофты бактериялар биологиялық синтезге энергияны органикалық байланыстарды (углеводты және басқаларды) тотықтандыру арқылы алады. Бұл процесс оттегінің қатысуымен (тыныс алу) немесе анаэробты жағдайда жүреді. Жалпы бактериялар қанша майда болғанымен өте обыр организмдер. Бактериялар, кейбір деректер бойынша тәулігіне өз салмағынан 20 - 30 есе артық азық қорытады.
Бактериялардың тыныс алуы. Тыныс алу ерекшеліктеріне қарай бактерияларды аэробты және анаэробты деп бөледі. Көпшілік бактериялар аэробты организмдер, олар оттегі бар жерде өсіп жетіледі. Анаэробты бактериялар оттегі жоқ ортада өмір сүреді және олардың көпшілігі паразиттік тіршілік етеді. Бұлардан басқа факультативті анаэробтар болады, олар оттегі бар жерлерде де, оттгі жоқ жерлерде де тіршілік етуге бейімделген болып келеді. Сонымен бактериялар әр түрлі экологиялық ортада кездеседі. Бірақ ол орталар бір бактерияар үшін қолайлы болғанымен, екінші біреулеріне қолайсыз келеді.
Бактерияның көбеюі. Бактериялар үш түрлі жолмен көбейеді: Вегетативтік, жынссыз және жынысты. Вегетативтік көбейю бактерияларда клетканың жай екіге бөлінуі арқылы әрбір 20 - 30 минут сайын қайталап жүріп отырады. Бұл процесс әдетте бактерияның хромосомы (ДНК-ның сақина тәрізді молекуласы) екі есе артқан жағдайда жүреді. Бактериялардың аздаған түрлері бүршіктену арқылы да көбейеді.
Жыныссыз көбеюі спора түзу арқылы жүзеге асады. Көптеген бактериялар қолайсыз жағдайда ДНК-ның молекуласының айналасында цитоплазманың тығыздалуының нәтижесінде қалың қабықпен қапталған эндогендік спора түзеді. Бактерияның споралары өте төзімді келеді және ұзық уақыттар бойы тіршілігін жоғалтпайды (20-30 жыл бойы, кейде одан да көп жыл). ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарапайымдылардың клетка құрылысын, көбею жолдарын, систематикасын табиғаттағы маңызын зерттеу
Прокариоттар
«Саңырауқұлақтардың халық, медицина, өндіріс орндарындағы рөлі»
АДАМ ЖӘНЕ БИОСФЕРА
Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thalloвionta
Биоценез, биогеоценоз туралы түсініктер
Цианобактериялар (көк-жасыл балдырлар)
ДЕМЭКОЛОГИЯ (Популяциялар экологиясы). ПОПУЛЯЦИЯ. ПОПУЛЯЦИЯ НЫШАНДАРЫ
Балдырлардың экологиясының негізгі белгілері. табиғатта және адам өміріндегі маңызы
Зат алмасу қарқыны
Пәндер