Жапырақты сабақты мүктер



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Жапырақты сабақты мүктер эволюциясы
2. Жапырақты сабақты мүктер класына жалпы сипаттама
3. Сфагнумдар класс тармағы
4. Жасыл мүктер класс тармағы

ІІІ. Қорытынды
Мүк тәрiздiлер бөлiмi түрлерiнiң саны жағынан гүлдi өсiмдiктерден кейiнгi екiншi орында. Дүние жүзi бойынша олардың 22000-нан 27000-ға дейiн түрлерi кездеседi.
Мүктер жер бетiнiң барлық жерлерiнде кездеседi. Әсiресе ылғалы мол жерлерде олар қалың болып өседi. Орманның батпақты жерлерiнде мүктер жер бетiн тұтас жауып жатады. Мүктердi ағаштан салынған үйлердiң шатырынан, ағаш дiндерiнен, тастардың, жартастардың бетiнен көремiз. Мүктi ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тiптен терең тұшы сулардың түбiнен кездестiруге болады. Климаты аса қатал Артика мен Антарктиданың бiр қатар аудандарында жоғары сатыдағы өсiмдiктерден тек мүктер ғана өседi. Мүктердi зерттейтiн ғылымды «Бриология» дейдi.
Мүк тәрiздiлер аласа болып келетiн көпжылдық, сирек жағдайда бiржылдық өсiмдiктер.
Мүктердiң биiктiгi бiр миллиметiрден 70 сантиметрге дейiн жетедi. Мүктердiң құрылысы өте қарапайым, түрлер де болады. Бiрқатар мүктердiң жер бетi бөлiгi тармақталып төселiп өседi, оны таллом деп атайды. Талломды мүктер көп клеткалы балдырларға ұқсас келедi. Мүктердiң басым көпшiлiгiнiң сабағы мен жапырағы болады. Барлық мүктерде тамыр болмайды. Тамырдың қызметiн ризоидтары атқарады. «Ризоид» — бiр немесе бiрнеше клеткалардан тұратын жiңiшке жiп тәрiздi эпидермистiң өсiндiсi. Ризоид арқылы өсiмдiк топырақтан суды және онда ерiген минералды затарды бойына сiңiредi.
Мүк сабағының сыртын бiр қатар клеткалардан тұратын қабықша жауып тұрады. Бұл клеткалардың хлорофилдерi болмайды. Қабықшаның астында клеткалары хлоропластарға толы, жақсы жетiлген фотосинтездеушi ұлпа орналасады. Өткiзгiш, тiрек, қор жинаушы және жабын ұлпалары нашар жетiлген. Су мен минералды заттардың сабақ бойымен тасмалдануы өткiзгiш ұлпалардың қатысуымен жүзеге асады.
 Р. Ә. Искендирова Төменгі, жоғарғы сатыдағы, споралы, жалаңаш тұқымды өсімдіктер систематикасы – Алматы, 2011
 Әметов Ә.Ә, Мырзақұлов П. М. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы 1 том Қазақ университеті. 2000 жыл.
 Әметов Ә.Ә. Ботаника,2000ж.
 Мұсакулов Г. Ботаника, 1975ж.
 Силыбаева Б. М., Карипбаева Н. Ш., Полевик В. В. , Байгана Ж. А., Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Интелект баспасы. 2010 ж.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Жапырақты сабақты мүктер эволюциясы
2. Жапырақты сабақты мүктер класына жалпы сипаттама
3. Сфагнумдар класс тармағы
4. Жасыл мүктер класс тармағы

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Мүк тәрiздiлер бөлiмi түрлерiнiң саны жағынан гүлдi өсiмдiктерден кейiнгi екiншi орында. Дүние жүзi бойынша олардың 22000-нан 27000-ға дейiн түрлерi кездеседi.
Мүктер жер бетiнiң барлық жерлерiнде кездеседi. Әсiресе ылғалы мол жерлерде олар қалың болып өседi. Орманның батпақты жерлерiнде мүктер жер бетiн тұтас жауып жатады. Мүктердi ағаштан салынған үйлердiң шатырынан, ағаш дiндерiнен, тастардың, жартастардың бетiнен көремiз. Мүктi ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тiптен терең тұшы сулардың түбiнен кездестiруге болады. Климаты аса қатал Артика мен Антарктиданың бiр қатар аудандарында жоғары сатыдағы өсiмдiктерден тек мүктер ғана өседi. Мүктердi зерттейтiн ғылымды Бриология дейдi.
Мүк тәрiздiлер аласа болып келетiн көпжылдық, сирек жағдайда бiржылдық өсiмдiктер.
Мүктердiң биiктiгi бiр миллиметiрден 70 сантиметрге дейiн жетедi. Мүктердiң құрылысы өте қарапайым, түрлер де болады. Бiрқатар мүктердiң жер бетi бөлiгi тармақталып төселiп өседi, оны таллом деп атайды. Талломды мүктер көп клеткалы балдырларға ұқсас келедi. Мүктердiң басым көпшiлiгiнiң сабағы мен жапырағы болады. Барлық мүктерде тамыр болмайды. Тамырдың қызметiн ризоидтары атқарады. Ризоид -- бiр немесе бiрнеше клеткалардан тұратын жiңiшке жiп тәрiздi эпидермистiң өсiндiсi. Ризоид арқылы өсiмдiк топырақтан суды және онда ерiген минералды затарды бойына сiңiредi.
Мүк сабағының сыртын бiр қатар клеткалардан тұратын қабықша жауып тұрады. Бұл клеткалардың хлорофилдерi болмайды. Қабықшаның астында клеткалары хлоропластарға толы, жақсы жетiлген фотосинтездеушi ұлпа орналасады. Өткiзгiш, тiрек, қор жинаушы және жабын ұлпалары нашар жетiлген. Су мен минералды заттардың сабақ бойымен тасмалдануы өткiзгiш ұлпалардың қатысуымен жүзеге асады.

Жапырақты мүктердің жекеленген қатарларының өзара туыстық байланыстары және олардың жапырақты мүктерімен, антоцероттармен байланыстары әлі күнге дейін жеткілікті зерттелмеген. Sphagnales, Andreaeales және Bryales деген үш қатардың алғашқы екеуі ( сфагнумдар және андреялар) біршама қарапайым болып келеді және олардың жапырақты юнгерманниялармен ұқсастықтарының барлығы айқын байқалады. Sphagnum- ның жапырағыньң бір қабат, жүйкеленбеген болып келуі, Andreaea -ның антеридийлерінің пластинка тәрізді болуы және тағы басқалар. Сонымен бірге бұл қатарды бағаналарының толық жетілмеуі, перистомының болмауы және қорапшасының жақсы жетілген аяқшасының болуы жақындастырады.
Bryales қатарының спорофиті мен гаметофитінің құрылыстары біршама күрделі болады.
Жасыл мүктердің спорогондары біршама көп дифференцияланған. Оның жақсы жетілген әртүрлі өкілдерінде құрылысы әрқилы болып келетін перистомы болады. Спорогондарының жақсы жетілген аяқшасы болды. Сабақтарының өткізгіш шоқтары болды, кейбір күрделі формаларында (Роlуtrісһum) ол қарапайым папоротник тәрізділердің стельдік құрылысына ұқсас болып келеді. Сонымен бірге архегонийлері мен антеридийлерінің құрылысыменде және сырт кескіні бойыншада Andreaeales қатары Bryales қатарына ұқсас. Осылардың барлығы бір жағынан Sphagnales-пен Andreaeales қатарларының және екінші жағынан Bryales қатарымен арасында тығыз байланыстардың барлығын көрсетеді.
Шамасы олар үшеуінде ортақ бір тектен шыққан болса керек. Өзінің шығу тегі жағынан жапырақты мүктер юнгерманниялармен байланыста болуы мүмкін, бірақ біршама қарапайым кұрылысты Sphagnales және Andreaeales қатарларының Anthocerotales қатарымен байланысты бұрынырақта болған (бағанасы толық жетілмеген, спорангии күмбез тәріздің және басқа белгілері). Бұл мәселенің шешілуі жаңа мәліметтердің жинақталуын атап айтқанда жапырақты мүктердің эмбриологиясы жөніндегі материяларды қажет етеді.
Соңғы кездері бірқатар ботаниктер (БОР-да Б.М. Козо-Полянский, әсіресе АЛ.Тахтадяжн) Вrуорһуtа-ны екінші рет пайда болған, редукцияға ұшыраған топ деп қарастырғанды жөн көреді және оларды риниялар типтес риниофиттерден, псилофиттерден шығарады.
Мүк тәрізділердің дамуын, олар өсімдіктердің осы тобының ылғалы жоғары ортада өсуіне байланысты, жапырақты сабақты формаларынан талломды формаларына қарай жүрген деп қарастырады. Қарапайым мүк тәрізділердің осы тұрғыдан қарағанда спорофиттері қазіргі кездегі мүктердің спорофиттерінен әлде қайда жақсы жетілген болған; гаметофиттерінің құрылысы радиальды симметриялы жапырақты сабақты болған. Осындай формаларының біртіндеп редукцияға ұшырауының нәтижесінде барлық қалған мүк тәрізділер пайда болған. Haplomitriales ең ерте пайда болғандарына, ал дорсовентральды болып келгендері, жас кейін пайда болғандарына жатады. Содан соң талломды юнгерманниялар, ең соңыңда маршанциялар пайда болған.
Вrуорһуtа-лардың ішінде ең жақсы жетілгендеріне талломды формалары жатады. Бұл көзқарас кейбір риниялардың, оның ішінде Ноmeophyton-ның спорангийлерінің құрылысының сфагнумдардың жəне андрея мүктерінің спорогондарының ұқсастығына негізделген. Мүк тәрізділердің (Вrуорһуtа) ылғалды ортаға ауысуына байланысты өткізгіш системасы мен жабындық ұлпасы редукцияға ұшыраған, лептесігі жойылған және т.б. Бірқатар бұл көзқараспен келісу қиын, өйткені мүк тәрізділердің алғашқы пайда болғандары ретінде, гаметофитінің құрылысы күрделі болып келетін көкек зығарын алу онша дəлелді бола қоймады. Себебі псилофиттердің гаметофиттерінің құрылысының қандай болғандығы əлі күнге дейін белгісіз болып отыр.
Псилофиттердің ішінде талломды формаларының ашылуы өте қызық жағдай болады. 2300 дей түрі бар өсімдіктердің тұтас бір бөлімін Вrуорһyta- ны регрестің жемісі деп қарау мүмкін емес. Өсімдіктердің эволюциясы (жануарлардікі секілді) дамудың прогрессивтік бағыты (процесс). Регрессивтік даму өсімдіктер дүниесінің барлық топтарында кездеседі (мысалы, гүлді өсімдіктердің ішіндегі паразитті және сапрофитті тұқымдастарының Cuscutaceae, Rafflesiaceae және басқалардың морфологиялық және анатомиялық құрылыстары өзгеріп аса қарапайым қалыпқа келген, суда өсетін жоғары сатыдағы өсімдіктердің өткізгіш жəне механикалық ұлпалары редукцияға көп ұшыраған жəне тағы басқалар). Бұл жағдай мүк тәрізділерде белгілі. Мысалы, бауыр мүктерінің әртүрлі эволюциялық деңгейлерінде талломды формаларының жапырақты формаларынан шыққандығы белгілі. Бірақ бұл олардың эволюциялық дамуының негізгі бағыты емес, шындығында талломды формасының жапырақтығы қарай ауысуы дамудың нағыз прогроссивтік бағыты болып табылады.
Юнгерманниялардың түрлерінің, туыстарының, тұқымдастарының сандарының ересен көп болуы олардың жастығын, кейін пайда болғандығын көрсетеді,оларда қазіргі уақытта жаңа түрлердің түзілуінің ерекше қарқынмен жүріп жатқан кезеңі. Палеоботаникалық зерттеулердің нәтижесінде мезозой жəне палеозой эраларында бауыр мүктерінің талломды метцгериялар болғандығын, ал жапырақты бауыр мүктерінің кейін пайда болғандығын дәлелдеп отыр.
Мүктәрізділердің спорофиттерінің дамуында айқын прогрессивтік бағыттың бар екендігі байкалады. Ол спораны шашу аппараттарының жетіле түсу бағытында жүрген (бауыр мүктерінің споралары мен пружинкалары жапырақты мүктердің күрделі перистомы және т.б.). Спорофиттердің бұлайша дамуын біздер жоғары сатыдағы өсімдіктердің басқа топтарынан байқамаймыз. Мүктерді редукцияға ұшыраған формалар деген көзқарасты, олардың гаметофиттері жөнінде еш қабылдауға болмайды. Мүк тəрізділердің гаметофиттерінің прогресте болып отырғандығы күмəн келтірмейді. Біртіндеп оның күрделі бөліктері пайда бола бастаған, көлемі үлғайған, түптеп келгенде солардың барлығы спорофиттің жақсы жетілуіне мүмкіндік туғызатын қажетті нәрселер. Мүктердің гаметофиттері эволюциялық дамудың барысында біртіндеп ауаның жағдайында ауысқан және ол дамудың диплоидты линиясына тəн бірқатар белгілерге ие болған (жапырақты сабақты құрылысы, біршама жақсы жетілген формаларының стельдерінің бастамасы жəне т.б.). Өзінің алғашқы бастамасын псилофиттердің жапырақсыз, талломды құрылыстарынан алған бірқатар Рtеrіdорһуtа-Angiospermatophyta -ның спорофиттерінің эволюциясы дəл осы бағытта жүрген.
Осындай конвергентті даму жоғары сатыдағы өсімдіктердің эволюциясының тұрақты қасиеттерінің бірі болып табылады (мысалы, жабықтұқымдыларда жəне Gymnosprmatophyta-ның ішінде гнеторсидтерде түтіктердің жетілуі, Рtropsida-да және Licopsida-да тұқымдардың пайда болуы және т.б.).
Мүктердің системасы осы уақытқа дейін спорофиттің (спорогон) құрылысына, оның ішінде негізінен перистомының құрылысына негізделген. Гаметофиті системаны құруға аз пайдаланылған және аз зерттелген, əсіресе оның дамуының алғашқы кезеңдері аз зерттелген. Қазіргі кезде ботаниктер көп мөлшерде осы деректерді пайдаланады. Мүк тәрізділердің гаметофитке негізделіп құрылған системасы олардың, эволюциясына және шығу тегіне үлкен жаңалық ендіретінін ойластырған жөн.

Жапырақты сабақты мүктер класы (Вrуораіrіа).
Жапырақты мүктердің вегетативтік денесі барлық уақытта сабаққа және жапыраққа бөлінеді. Сабағының құрылысы радиальды болып келеді, онда тығыз спиральдың бойымен жапырақтары орналасқан. Қорапшасында тек споралары жетіледі, элатералары болмайды. Протонемасы жақсы жетілген және ұзын тарамдалған жіпше түрінде, сиректеу пластика пішіндес болады. Көптеген мүктердің қорапшасында споралардың шашылуына мүмкіндік туғызатын перистом деп аталынатын ерекше аппарат жетіледі.
Жапырақты мүктер класы мүк тәрізділер бөлімінің ішіндегі ең үлкені. Оған 700 туыс, 14500-дей түр жатады. Жапырақты мүктер класын мынадай 3 класс тармағына бөледі: шымтезек мүктері класс тармағы-Sphagnidea, андреев мүктері класс тармағы-Andreaeidae және жасыл мүктер класс тармағы-Bryidae.
Сфагнумдар класс тармағы (сфагновые) -- Sphagnidae. Сфагнумдар класс тармағына бір ғана Sphagnales қатары жатады.
Сфагнумдар немесе шымтезек (ақ) мүктер қатары (сфагновые) - Sphagnales.
Бұл қатарға бір тұқымдас Sphagnaceae, 350-дей түрі бар жалғыз сфагнум туысы жатады (Sphagnum). Сфагнум мүктері солтүстік ендіктің қоңыржай жəне суық климатты облыстарының батпақтарында және батпаққа айналған ормандарында т.б. жерлерінде топырақ бетін түгел жауып жатады. Олар Евразия мен Солтүстік Американың көптеген кеңістігін қамтиды. Таулы облыстарда сфагнумдар ылғалы мол құздарда өседі. Сфагнум мүктері оңтүстік жарты шеңбердің қоңыржай климатты облыстарында кеңінен таралған. Тропикалық облыстарда сфагнум мүктері тек таудың белгілі бір биіктігінде кездеседі, түрлерінің саны жағынан көп болғанымен олар жердің бетін кілем секілді түгел жауып жатпайды. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында сфагнумдардың ең жақсы жетілген жері орманды белдеудің солтүстігі болып табылады. Тундрада сфагнум мүктерінің рөлі күрт төмендейді, құрамы өзгереді. Бұл жерлерде керісінше жасыл мүктер басым болып келеді де, ойпаттау жерлерде батпақ түзеді. Сфагнум қалың тығыз шым түзіп өседі. Шымнан жеке бөліп алған өсімдіктен олардың жапырақты сабақты екендігі айқын байқалады. Сабақтың сыртын сабақ жапырақтары қаптап тұрады, олардың кейбіреулерінің қолтығынан 2-7 дейін шоқ болып біріккен бұтақтары кетіп жатады. Бұл бұтақтарда бұтақ жапырақтары орналасқан. Бұтақтар сабақтың әр бөлігінде əр түрлі болып келеді. Сабақтың үстіңгі ұшында қысқа, гүл шоғырына ұқсас, тығыз шоқпарбасқа топтасқан бұтақшалары болады. Оларға жапырақтары тығыз болып орналасады. Шоқ болып біріккен, бұтақшалардың бір-бірінен ара қашықтығы өте қысқа болады, үстіңгі бұтақшалар. Ал сабақтың төменгі бөлігінде орналасқан шоқтардың бір-бірінен ара қашықтығы едәуір ұзын. Әрбір шоқта 2-4-тен сирек жапырақтары бар, көлденең орналасқан бұтақшалар болады, оларды шашыраңқы бұтақшалар деп атайды. Шоқтың қалған бұтақшалары ерекше ұзын, жапырақтары сирек орналасқан болып келеді. Олар төмен қарай сабақтың бойымен салбырап тұрады, əрі тығыз жабысып өседі. Мұндай бұтақшаларды иілгіш бұтақшалар деп атайды (1;2,3;5-суреттер). Жаздың аяғына таман жоғарғы бұтақшалардың бірі сфагнумның өсуін одан əрі жалғастыра отырып жоғары қарай өсе бастайды.
Ал сабақтың төменгі ұшы біртіндеп өледі. Сабақтың анагомиялық құрылысы қарапайым. Сабақтың ортаңғы бөлігін жалпақ паренхималық жасушалардан тұратын өзек алып жатады. Одан әрі қабық қабағы орналасқан, ішкі қабық қабықшалары қалың болып келген бірнеше қатар жасушалардан тұрады. Олар қоңыр, немесе қызыл түске боялған. Жасушаның бұл қабаты, сүректік цилиндр деп те аталады. Ол сабаққа мықтылық береді. Сыртқы қабық бірнеше қабат жалпақ, түссіз өлі жасушалардан тұрады. Олардың қабықшалары спираль тектес қалыңдайды және үлкен тесіктері немесе поралары болады (6,1-сурет).
Сабақтың сырты эпидермиспен қапталған, олардың жасушаларының құрылысы, сол жоғарыда айтылған жасушалардың құрылыстарымен бірдей. Сыртқы қабықты және эпидермисті көп жағдайда көп қабатты эпидермис (гиалодермис) деп атайды. Поралар арқылы гиалодермистің қатар жатқан жасушалары өз ара қатысып түрады. Жасушалар суды оңай сорып алады, ал олар сабақтың бойымен жылдам жүріп отырады.
Сфагнумның бұтақтарының жапырағы ланцетті немесе жұмыртқа тектес ланцетті болып келеді. Олардың құрылысы ерекше. Жапырақ ортаңғы жүйкесі жоқ бір қабат жасушалардан тұрады, сол себепті олар сабақты және жапырақты юнгерманниялардың жапырағына өте ұқсас. Сфагнумның жапырағы екі түрлі жасушалардан тұрады- хлорофилл дәндері бар және су жинайтын немесе гиалинді жасушалардан. Хлорофилл дәндері бар жасушалар жіңішке, жауын құрты тәрізді болып келеді. Олар жалпақ түссіз гиалинді жасушалардың арасында қыстырылып тұрады. Соңғы аталған жасушалар суға толы болады.
Су жинайтын жасушалардың қабырғасы спираль тәрізді қалыңдаған және көптеген тесіктері немесе поралары болады. Поралардың үлкендігі және түрі әр түрлі болады, көзге зорға көрінетін ұсақтан, өте жалпақ түрлеріне дейін кездеседі. Поралар жай және көмкерілген болып келеді. Олардың саны және жасушада орналасуы әр түрлі (жасушаның бүйірлік қабырғаларын бойлай, бұрыштарында және т.б.). Сфагнумның кейбір түрлерінде бұл белгілер тұрақты. Бойына су жинайтын жасушалар жапырақтың 23 бөлігін алып жатады. Кейбір түрлерінің бойына суды өз салмағынан 37,5 есе артық жинайтыңдығы дәлелденген. Сфагнумның аймаққа тез таралуы және олар пайда болған жерлердің батпаққа айналуы бұл өсімдіктердің бойына суды жинау қабілетінің жоғары болуына байланысты. Жасыл жасушалар үлесіне жапырақтың тек 13 бөлігі ғана түседі. Сфагнумның әр түрлі бұтақшалары жапырағының түрі, көлемі, саны және пораларының орналасуы жағынан бір-бірінен айырмасы болады. Ассимиляциялық процесс сорайып шығып тұрған бұтақшалары мен үстіңгі бұтақшаларында ғана жүреді. Салбырап тұрған бұтақшалары сабақты айнала қоршап жамылғы, білте түзеді. Олар сабақтың бойымен судың үздіксіз тез жүруіне мүмкіндік туғызады. Сфагнум сабағында сабақ жапырақтары болады. Сыртқы түрі және құрылысы жағынан олардың бұтақшаның жапырақтарынан біршама айырмашылығы болады. Бірақ олар да бір қабат болып келеді, ортаңғы жүйкесі болмайды, хлорофилл дәндері бар және гиалинді жасушалардан тұрады. Сабақтың, жапырақтардың белгілері әр түрлі түрлерінің өзінде, қатаң түрде тұрақты болып келеді және олардың сфагнум мүгінің систематикасыда үлкен маңызы бар. Толық жетіліп калыптасқан сфагнум өсімдігінің ризоиды болмайды. Суды оның сабағы мен жапырақтары тікелей топырақтан сорады. Сфагнумның шымы жылма-жыл төменгі жағынан өліп отырады, ал үстіңгі жағындағы бұтағының бірі сабақтың жоғары қарап өсуін жалғастырады. Сфагнумның өлген бөлігі, топырақта ылғалдың көбеюіне және оттегінің жетіспеуіне байланысты, аяғына дейін шірімей шымтезек түрінде жартылай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүк тәрізділердің практикалық маңызы
Жасыл мүктің құрылысы
МҮК ТӘРІЗДІЛЕР БӨЛІМІ (МОХОВИДНЫЕ) – ВRҮОРНҮТА
Кладофоралы балдырлар қатары
Саңырауқұлақтар бөлімі-mycophyta
Жасыл балдырлардың табиғатта таралуы
Мүктердің биологиялық белсенді заттардың химиялық зерттеуі
Мүктәріздес өсімдіктер бөлімі
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Қырықбуынтәрізділер және қырықжапырақтәрізділер бөлімі
Жапырақ сабақты бауыр мүктердің жапырақтарының сабақ бойымен орналасуы екі жақтаулы, кезектемескен және супротивті
Пәндер