Астық тұқымдастарының сипаттамасы, негізгі өкілдері және оның маңызы


Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Кафедра: Экология
Реферат тақырыбы:
Астық тұқымдастарының сипаттамасы, негізгі өкілдері және
оның маңызы
Орындаған: Сахи Ғ. гр. ЗР-110
Қабылдаған: Иманғазиева Б.
Алматы 2014
Астық тұқымдастарының сипаттамасы, негізгі
өкілдері және оның маңызы
Жоспар:
І. Кіріспе.
Астық тұқымдастарының жалпы сипаттамасы
ІІ. Негізгі бөлім.
Астық тұқымдастарының негізгі өкілдері
ІІІ. Қорытынды
Астық тұқымдасы немесе қоңырбастылар - дара жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жер шарында кең тараған. 700-дей туысы, 10 мыңнан аса түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарына тараған 83 туысы, 418 түрі бар. Астық тұқымдасының тамырлары шашақты келеді, ал сабағы жұмыр, іші қуыс, бунақтармен бөлінген. Кейбіреуінің буын аралықтары жұмсақ ұлпалы (мыс., қант қамысы, жүгері, т. б. ) . Сабақтарының ұзындығы 1 - 2 см-ден 30 - 40 м-ге дейін, ал жуандығы 0, 5 мм-ден 20 - 30 см-ге дейін жетеді. Сабаққа екі қатар кезектесіп орналасқан жапырақтары - жіңішке таспа, қандауыр, жұмыртқа тәрізді. Астық тұқымдасының гүлі көбінесе қос жынысты, кейбіреулері ғана дара жынысты (жүгері) болады. Олардың гүл құрылысы басқа өсімдіктерден өзгеше келеді. Көбіне гүлінің сыртын гүл қабыршағы қоршап тұрады. Бір немесе бірнеше гүлдерден топталған масақшадан - шашақбас, айдар, масақ, собық, сыпыртқы бас, яғни күрделі гүлшоғыры құралады. Астық тұқымдасының көбі жел арқылы тозаңданады. Жемісі - бір тұқымды дәнек, кейде жаңғақша. Жеміс қабығы (қауызы) тұқымға жабысып тұтасып біткен. Астық тұқымдасы түптену түрлеріне байланысты тамыр сабақты, селдір түпті және тығыз түпті болып үш топқа бөлінеді . Тамыр сабақты Астық тұқымдасының түп өскіндері түптену буынына тік бағытта шығып, өсімдік сабағына қатарласа өседі (мысалы, бидайық, айрауық, қамыс, т. б. ) . Селдір түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетіне жақын орналасады (мысалы, арпабас, сұлыбас) . Тығыз түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетінде өседі (мысалы, бетеге, қау, селдірек) . Астық тұқымдасы шабындық пен жайылымдықтарда өсімдіктердің 1/3 бөлігін, орманды және далалы аймақтарда мал азығының 1/2 бөлігін құрайды. Астық тұқымдасының дәнді (мысалы: бидай, күріш, сұлы, арпа, тары, т. б. ), мал азықтық түрлері де (мысалы, шалғындық қоңырбас, жүгері, селеу, т. б. ), арамшөптері де (мысалы, қарасұлы, жасыл қонақ, түлкіқұйрық, т. б. ) кездеседі.
Астық тұқымдастарының негізгі өкілдері
Бүкіл ғаламшарға таралған маңызды дақылдар - даражарнақтылар класына жататын астық тұқымдас өсімдіктер. Олардың 10 000-ға жуық түрі бар.
Қазақстанда астық тұқымдастардың 418 түрі өседі. Астық тұқымдастардың басым бөлігі шөптекті өсімдіктер. Сүректі бамбуктар астық тұқымдастар тобына жатады. Астық тұқымдастардың сабағы бунақталған цилиндр тәрізді. Бунақтар аралығы қуыс (кейбіреуінде қуыс іші өзекке толады) . Астық тұқымдас өсімдіктердің сабағын сабансабақ дейді. Жапырақтары қатар жүйкелі, сабаққа кезектесіп орналасады. Жапырақ негізі өсімдік сабағын қармал, қынап түзеді. Жапырақ алақаны мен қынап аралығында тілше пайда болады. Астық тұқымдастардың гүлдері ұсақ. Олар жинақталып, күрделі гүлшоғыр түзеді. Гүлшоғыры - сыпыртқыгұл, күрделі масақ, собық, шашақ және т. б. Гүл негізінде 2 (кейде 3) түссіз жұқа қабыршақ және 2 гүл үлпегі орналасады. Оны гүлсерік нышаны десе де болады. Аталығы - 3. Аналығы - 1. Жемісжапырақшасы 3-еу болып келеді. Аналық аузы қауырсын тәрізді - екі телімді. Жатыны жоғары орналасады. Жемісі - дәнек. Тамыр жүйесі - шашақ тамырлы. Гж2А3Ж(3) (Гж - гүлжарғақ) . Гүлжарғақ гүл құрылысына жатпайды, ол түрі өзгерген жапырақ. Астық тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер. Бидай, күріш, жүгері, қант қамысы, өзге де өздеріңе таныс өсімдіктерді адам тағамға пайдаланады. Қарабас, бидайық, атқонақ, бетеге, тарбақ, арпабастардың мал- азықтық өсімдіктер екені мәлім. Қара сұлы, жатаған бидайық, арпабас, қонақ, итқонақтың кейбір түрлері - шектен шыққан арамшөптер.
Сабансабағы сүректеніп кеткен астық тұқымдастар бар. Оңтүстік Америка да өсетін бамбуктың биіктігі 30 м, сабағының жуандығы 20 м болады. Оңтүстік Азияда өсетін алып сүрекқамыс 40 метрге дейінгі биіктікте өсе алады. Бұлардың сапасы ағаштан кем түспейді.
Астық тұқымдасының экономикалық жағынан аса маңыздыларына бидай, қарабидай, жүгерi, арпа, күрiш, сұлы, тары жатады.
Бидай туысы. 19 түрі бар, олардың тек 4-уi ғана табиғи жағдайда белгiлi, қалғандары мәдени жағдайда өседi. Жел арқылы өздiгiнен және айқас тозаңданатын өсiмдiктер. Масағы жалғыздан, оның 3-тен 7-ге дейiн гүлi болады. Гүлшоғыры - күрделi масақ. Дүниежүзiнiң ауыл шаруашылық өндiрiсiнде негiзiнен нан өнiмдерiн беретiн дақыл, 4 мыңнан астам сорттары белгiлi.
Қара бидай туысы . Қарабидайдың қоңыржай климатты аймақтарда, әсiресе солтүстiк ендiктiң таулы аудандарында кең таралған 8 түрi бар. Жабайы қара бидайдың ареалы кең - Кавказда, Батыс Сiбiрде, Орта Азияда кездеседi. Жабайы қарабидай көп жылдық және бiр жылдық шөптесiн өсiмдiк. Гүлшоғыры күрделi масақ. Масақтың осiнде көптеген екi гүлдi масақшалар орналасады. Гүлдiң төменгi қабыршағының қылтығы болады, дәнiнiң сыртын түктер қаптап тұрады. Мәдени қарабидайда күрделi масағының әрбiр масақшасында 2 жақсы жетiлген, 1 толық жетiлмеген гүлi болады. Қарабидай - желмен тозаңданатын өсiмдiк. Оның дәнi әрi жiңiшке, әрi ұзын. Қарабидайдың дәнiнен алынған ұнның түсi қоңыр. Одан қарабидай нанын пiсiредi.
Арпа туысында 26 түр бар, оның 12-сi Қазақстанда кездеседi. Арпаның гүлшоғыры - күрделi масақ. Масақ осiнде бiр гүлдi 3 масақша орналасады. Арпа гүлдеген кезде өздiгiнен тозаңданады, айқас тозаңдануы да мүмкiн. Арпа - ерте пiсетiн дәндi дақыл. Оның дәнегiнен арпа жармасын дайындайды және сыра
ашытады. Мал азығы ретiнде де пайдалы дақыл арпамен жылқыны, iрi қараны, шошқаны және құстарды семiртедi.
Сұлы туысының 33-тей түрi бар. Қазақстанда 7 түрi кездеседi. Шашыраңқы болып келетiн гүлшоғыры сыпырғы деп аталды. Сыпырғының бұтақшаларында масақшалар орналасқан, олардың әрқайсысында 2-4 гүл бар. Сұлы- суыққа төзiмдi дақыл. Мәдени жағдайда егiстiк сұлыны орталық және солтүстiк аудандарында құнды жарма алынатын және малазықтық өсiмдiк ретiнде себедi.
Тары туысы. Тропикалық және субтропикалық зоналарда көп таралған және қоңыржай климатты аймақтарда өсетiн 400-дей түрi бар. Жарма беретiн дақыл ретiнде себiледi.
Күрiш туысының Азияда, Африкада, Австралияда, Оңтүстiк Америкада таралған 24 түрi бар. Бiр гүлдi масақшалары сыпырғы тәрiздi гүлшоғырына жиналған. Масақшаның гүлiнiң 4 қабыршағы, 6 аталығы, 1 аналығы болады. Күрiштiң екi түрi мәдени жағдайға өндiрiлген және көп жерде себiледi. Олардың ең маңызыдысы - екпе күрiш. Бiздiң елде күрiш бидайдан кейiн екiншi орын алады. Ол Орталық, Оңтүстiк -Шығыс және Кiндiк Азияда негiзгi астық өнiмдерiн беретiн дақыл. Қазiргi кезде дүниежүзi бойынша күрiштiң 2 мыңнан астам сорттары белгiлi. Гүлiнiң формуласы: ♂♀ Гс2 А3+3 Ж(3)
Жүгерi туысы. Бiр үйлi өсiмдiк, гүлдерi және гүлшоғыры әр түрлi жынысты. Агрегатты, сыпырғы тәрiздi гүлшоғырында екi гүлдi аталық масақшалары орналасқан. Екi гүлдi масақшаның әр гүлiнде үш- үштен аталығы болады. Аналық гүлдерi собық деп аталатын күрделi гүлшоғырына жиналады. Собық жапырақтың қолтығында орналасып, түрi өзгерген жапырақтардан тұратын жамылғымен оралып қапталған. Аналықтың жатыны дөңгелек, мойны жiбек жiп тәрiздi сусылдаған ұзын, аузы қос телiмдi. Өсiмдiкте собық пайда болып, оның жамылғысынан шашақтанып, аналықтың аузы көрiнгенше тозаң пiсiп кетедi. Сондықтан жүгерiде өздiгiнен тозаңдану мүлдем жоқ десе де болады. Тозаң аналықтың аузына жел арқылы жақын өскен өсiмдiктердiң бiрiнен келiп түседi. Шыққан жерi - Мексика.
Жүгерi - жылу сүйгiш өсiмдiк. Оның тамыры ауаның жеткiлiктi мөлшерде келiп тұрғанын қажет етедi. Сондықтан жүгерiнi себуден бұрын топырақты тиянақты түрде өңдеуден өткiзiп, оны жаз бойы қопсытып отырады. Жүгерi жарықты қажет етедi, сондықтанда оны қатар- қатар, бiр- бiрiнен қашықтау себедi. Бiршама құрғақшылыққа төзiмдi, бiрақ күнiне әрбiр өсiмдiк 1 литрдей су қажет етедi. Жүгерiнi суық ұрғанға, (үсiк жүргенге) дейiн жинап алады, өйткенi пiсiп жетiлген өсiмдiк -1ºС өзiнде оңай зақымданады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz