Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және тағайындалатын жазалар



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы жалпы түсінік
2. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалар
3. Қ.Р.ның қылмыстық кодексі бойынша жауапкершілік
ІІІ. Қорытынды
Әр қоғамның өзіне тән идеологиясы болатынын ескерсек, біздің әлі күнге дейін қол жеткізе алмай келе жатқан кем тұсымыз дүние танымы мен көзқарасы өзгерген жастар қауымы жетелеп, дұрыс жолға салып жіберетіндей жаңа тәлім-тәрбие бағытының осалдығы дер едік. Жастар қауымымен айналасып жүрген мамандар қауымы да мұны жоққа шығармайды. Жылдан жылға күрделеніп бара жатқан жастар арасындағы тәлім – тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жаңа жүйеге бейімдеу мақсатында өткізіліп жүрген алқалы жиындардың да оңды нәтижеге қол жеткізбей жай әңгіме деңгейінен аса алмай қалатындығының астарында айналып өтуге болмайтын осындай ақиқат себептер бар сияқты. Қай кезде де қылмыстың кейде азайып, кейде көбейіп тербеліп отырғандығы қоғамдағы әл – ауқат деңгейінің ахуалына байланысты, сондықтан да тарыдай шашылып жатқан тәлім – тәрбие жұмыстары мен патриоттық рухты бір бағытқа шоғырландыратындай қуатты идеологияны экономикалық әлеуметтік мәселелермен қатар дамытпайынша уақыт шабысынан артта қалып, тұйыққа тіреле беретініміз белгілі жағдай. Осындай орыны ойсырап көрініп тұрған осал буын күнделікті тіршілікте жол таппай дағдарыстан көптеген жасөспірімдердің кейде жансақтықпен,ал кейде ауыр қылмысқа ашықтан ашық баруына өзінді ықпалын тигізетін негізгі факторларға айналып келеді. ҚР ҚҚ аталған санаттағы тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігінің ерекшеліктерін бекітіп, оны ерекше демографиялық топқа бөлуді жастық белгілерін анықтады. Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, ол қылмыстың алдын алудың ең басты міндеттерінің бірі жасөспірімдерді тура жолға түсіру, қоғамға қауіптілігін азайту, болашаққа жаңа көз ашу. Жалпы айтатын болсақ, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершіліктің мақсаты қазіргі жасөспірімдерді тура жолға түсіру, кәмелетке толмағандардың қылмысын азайту, ондай қылмыстың алдын алу, түсінігін беру болып табылады.
1. А.Н. Ағыбаев, «Қылмыстық құқық» оқулық. Жалпы бөлім, Алматы «Жеті жарғы» 2007 ж.

2. А.В.Наумов , «Қылмыстық құқық» Жалпы бөлім Астана, 2001 ж.

3. «Заң» журналы 7/2008, «Республикалық құқықтық, ғылыми практикалық журнал»

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы жалпы түсінік
2. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалар
3. Қ.Р-ның қылмыстық кодексі бойынша жауапкершілік
ІІІ. Қорытынды

Кіріспе
Әр қоғамның өзіне тән идеологиясы болатынын ескерсек, біздің әлі күнге дейін қол жеткізе алмай келе жатқан кем тұсымыз дүние танымы мен көзқарасы өзгерген жастар қауымы жетелеп, дұрыс жолға салып жіберетіндей жаңа тәлім-тәрбие бағытының осалдығы дер едік. Жастар қауымымен айналасып жүрген мамандар қауымы да мұны жоққа шығармайды. Жылдан жылға күрделеніп бара жатқан жастар арасындағы тәлім - тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жаңа жүйеге бейімдеу мақсатында өткізіліп жүрген алқалы жиындардың да оңды нәтижеге қол жеткізбей жай әңгіме деңгейінен аса алмай қалатындығының астарында айналып өтуге болмайтын осындай ақиқат себептер бар сияқты. Қай кезде де қылмыстың кейде азайып, кейде көбейіп тербеліп отырғандығы қоғамдағы әл - ауқат деңгейінің ахуалына байланысты, сондықтан да тарыдай шашылып жатқан тәлім - тәрбие жұмыстары мен патриоттық рухты бір бағытқа шоғырландыратындай қуатты идеологияны экономикалық әлеуметтік мәселелермен қатар дамытпайынша уақыт шабысынан артта қалып, тұйыққа тіреле беретініміз белгілі жағдай. Осындай орыны ойсырап көрініп тұрған осал буын күнделікті тіршілікте жол таппай дағдарыстан көптеген жасөспірімдердің кейде жансақтықпен,ал кейде ауыр қылмысқа ашықтан ашық баруына өзінді ықпалын тигізетін негізгі факторларға айналып келеді. ҚР ҚҚ аталған санаттағы тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігінің ерекшеліктерін бекітіп, оны ерекше демографиялық топқа бөлуді жастық белгілерін анықтады. Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, ол қылмыстың алдын алудың ең басты міндеттерінің бірі жасөспірімдерді тура жолға түсіру, қоғамға қауіптілігін азайту, болашаққа жаңа көз ашу. Жалпы айтатын болсақ, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершіліктің мақсаты қазіргі жасөспірімдерді тура жолға түсіру, кәмелетке толмағандардың қылмысын азайту, ондай қылмыстың алдын алу, түсінігін беру болып табылады.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы ғалымдар мен тәжірибелік қызметкерлердің көңілін бірнеше себептерге байланысты алады. Ең бастысы жас уақытында қылмыс жасап отырған тұлғалар, кейінен, әдетте, түзеуге келмейді және ересек, рецидивті қылмыстың негізгі резервін құрады. Кез келген қоғамның ерекше қамқорлығы пәні ретінде өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын қорғау және нығайту, олардың ортасында пайда болатын маскүнемдік, есірткіқұмарлық, жезөкшелік сияқты теріс әлеуметтік құбылыстармен күресу болып табылады. ҚР Конституциясының 27 бабына сәйкес мемлекетпен танылатын және қорғалатын маңызды құндылықтырдың бірі болып табылады. Алайда соңғы жылдары объективтік түрде келесіні мойындау қажет: кәмелетке толмағандарды адамгершіліктік, құқықтық және физикалық тәрбиелеу жеткілікті көңіл бөлінбейді, оған кейде ас қатыгездікпен олардың тарапынан жасалатын қылмыстық әрекеттердің санының өсуі куә болады. Кәмлетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі, кәмелетке толмағандар қылмыстылығымен күресу көптеген ғалымдардың, зерттеушілірдің зерттеу пәні болып табылады. Бұл жұмыста М.Нарикбаев, К.Бегалиев, Е.Қайыржанов, Д.Чукмаитов, В.Кубрявцев, В.Эминов, В.Щепельков сияқты белді ғалымдардың еңбектері қолданылды. Бұл жұмыста кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылық жағдайлары, ерекшеліктері қарастырылып, олардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасасуға талпыныс бар. Кәмелетке толмағандар қылмыстарымен күресудің тиімді шараларын іздеу, анықтау мақсатында оның тарихи аспектісіне көңіл бөлінеді.

1. Жаңа ҚК-те кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген.
Бұл дегеніміз мемлекеттің әділеттік және ізгілік принциптерін басшылықа ала отырып, кәмелетке толмағандардың жас жағынан және ақыл -ойы жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыққа алуының көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмыстық заң кәмелетке томағандарға ересектермен бірдей талап қоймайды. Кәмелетке толмағандардың психологиясын ескере отырып, оған қылмыстық жауаптылықтың ерекше жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның мақсатарына жетудің бірде бір оңтайлы жолы болып табылады. Сондықтанда кәмелетке толмағандарға қылмыстық заң жаза болып табылмайтын тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын кеңінен қолдануды белгіленген.
ҚК-нің 78- бабының 1- бөлігіне сәйкес Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған езге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдарды айтады. Яғни, қылмыстық жауаптылыққа тартылытын ең төменгі жас 14-ке толу.
Статистикалық мәліметтерге қарағанда, кәмелетке толмағандар қылмыстылығының деңгейі уақыт өткен сайын өсіп барады.
Кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстардың арасында пайдакүнемік және пайдакүнемдік-зорлық пиғылмен жасалатын ауыр қылмыстардың үлeci өте жоғары. Ондай қылмыстарға көбіне аса қатыгездік пен тағылықтың (вандализм) сипаттары тән болып келеді. Мұндай қылмыстардың көпшілігі қоса қатысу (көбінесе бipгe орындаушьлық түрінде), әcipece топқа қатысу (жартысына жуығы) турінде жасалады, ал мұның өзі жасөспіріндердің психологиясының өзіндік ерекшеліктеріне орайлас келеді. Жобамен алғанда олар жасаған үш қылмыстың, бipeyi ересектермен қосарласып істеледі.
Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының, көрсетілген өзіне тән сипаттары заң шығарушыны кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығын мұқиятты түрде реттеу кажеттілігіне қарай (кей-кейде бұл жағдай қылмыстық жауаптылық пен жазаның жалпы ережелері мен бастамаларынан алшақтау жататыны болады) жетелеп әкеледі. Заңдарда кәмелетке толмағандар үшін жаза түрлерін белгілеудің, оларға жаза тағайындаудың, оларды қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың, ecкipy мерзімдеріне есептеу мен соттылығын жоюдың айрықша шарттары қарастырылған.
ҚР ҚК-ның кәмелетке толмағандардың жауаптылығы жөніндегі бөлімі 86-бабының 1-бөлігінде кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы 14 толған, бірақ 18 толмаған адамдар танылатындығы белгіленген. Сот кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы icтерді қарау барысында кәмелетке толмаған адамның жас шамасын (туған жылын, айын, күнін) дәл анықтауға шаралар қабылдауға міндетті. Кәмелетке толмаған сотталушының акыл-ойдан кемшіл екендігін куәландыратын деректер болса, сот қылмыстық ic-жүргізу заңдарына сәйкес кәмелетке толмаған адамның акыл-eci қаншалықты толық емес екендігін анықтауға міндетті, оның әрекеттерінің мағынасын сезіне алып, оларына басшылық жасауының, шегін белгілеу керек.
ҚР ҚК-ның 79-бабында кәмелетке толмағандарға арналғaн жаза турлері жазалардың жуйесіне енетіндерге қарағанда eкi есеге азайтылған. Бұл жағдай жа - залардың қалған түрлері кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстардың ерекшеліктеріне, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты жазаның алдында тұрған мақсаттардың өзгешеліктеріне орай қолдануға болмайтындығында жатыр.


2. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жа - залардың түpлepi мыналар:
1. айыппұл;
2. белгілі бip қызметпен айналысу құқығынан айыру;
3. міндетті жумыстар;
4. түзеу жумыстары;
5. қамау;
6. белгілі бip мерзімге бас бостандығынан айыру.
Көрсетілген жазалардың әрқайсысының, кәмелетке тол - мағандарға қолдануға келгенде де өзіндік epeкшеліктepi бар. Мәселен, айыппұл ҚР ҚК 79-бабының 2-бөлігіне сәйкес, кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл оннан бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе кәмелетке толмаған адамның жалакысының немесе өзге табысының eкi аптадан алты айға дейінгі кезеңдегі мөлшерінде тағайындала - ды.
Міндетті жұмыстар ҚР ҚК 79-бабының 4-бөлігіне сәй - кес, қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейігі мерзімге тағайындалады, әpi кәмелетке толмаған адамның шамасы келетін және оқудан болмаса негізгі жұмысынан тыс уақытта орындалуы керек. Жазаның бұл түрін орындау ұзақтығы 15 жасқа дейінгілерге күніне eкi сағаттан, ал 15 пен 16 жас аралығындағыларға - күніне 3 сағаттан аспауы керек.
Түзеу жұмыстары кәмелетке толмай сотталғандарға 1 жылға дейінгі мерзімге тағайындалады (ҚР ҚК 79-б. 5-т.).
Қамау ҚР ҚК 79-бабының 8-бөлігігіне сәйкес, сот үкім шығapғaн кезде 16 жасқа жеткен кәмелетке толмаған адамдарға 1 айдан төрт aйдаға дейінгі мерзімге тағайында - лады (бұл жағдайда ондай жазаның ең төменгі және ең жоғарғы шектері де қысқартылады).
Кәмелетке толмағандар үшін бас бостандығынан айыру мерзімдері одан да айтарлықтай қысқартылады. Бұл жаза ҚР ҚК 79-бабы 7-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмаған адамға 10 жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. Ондай жаза жалпы және кушейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларында өтеледі. Мұндай колониялардың бірінші түpi бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталған еркек жынысты кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандарға (олардың бұрын бас бостандығынан айыруға coтталған-сотталмағандығына қарамастан) арналған, ал eкінші түрі - бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысты кәмелетке толмағандарға арналған.
Сот ҚР ҚК 79-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандарға жаза тағайындаларда, тәрбиелік мақсаттарға қол жеткізудің айрықша маңыздылығын ескере отырып, жазаны орындаушы органға кәмелетке толмай сотталған адаммен қарым-қатынас кезінде оның, жеке басының белгілі бip ерекшеліктерді есепке алу туралы нускау беруі мүмкін.
Алдында аталып кеткендей, айыпкерді кәмелетке толмауы жазаны жеңілдететін мән-жай болып табылады. Бірақ, бұл мән-жайға түпкілікті де шешуі мағына бермеуі керек. ҚР ҚК кәмелетке толмаған жас жеңілдететін мән-жай ретінде басқа да жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлармен жиынтықта ескертеді.
ҚР ҚК-нің 82-бабына сәйкес, бірінші рет қылмысы немесе орташа ауырлыктағы қылмыс жасаған кәмелетке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлері
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері мен шектері
Кәмелетке толмағандардын - қылмыстық жауаптылығының негіздері
Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден мерзімінен бұрын- шартты түрде босату
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жазадан босату
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі
Кәмелетке толмағандарды жазалаудың ерекшеліктері
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы сипаттамасы
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ЖАЗА ТҮРЛЕРІ
Кәмелет жасқа толмағандарға қолданылатын жазаның ерекшелігі
Пәндер