Өсімдік ауруы туралы түсінік



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Өсімдік ауруы туралы түсінік
2. Аурулардың жіктелуі
3. Жұқпалы аурулар
4. Микроорганизмдердің паразиттілік типтері
ІІІ. Қорытынды
Фитопатология - өсімдіктердің ауруы және олармен күресу жолдарын қарастыратын ғылым. Оның атауында гректің үш түрлі сөзінен шыққан: phyton – өсімдік, phatos – ауру, logos – ілім. Жалпы ауылшаруашылық және орман фитопатологиясын айырып алуға болады.
Жалпы фитопатологияда өсімдік ауруларының себебін, ауру қоздырғыштарының ара-қатынасын, қоршаған орта, өсімдіктердің ауруға қарсы тұруы және тағы басқа жалпылама теориялық сұрақтар қарастырылады.
Орман фитопатологиясы ағаш және бұта өсімдіктерінің ауруларын оқыту және олармен күрес жолдарын жүргізу болып саналады.
Фитопатологияның негізгі көңіл аударатыны жеке-жеке өсімдіктерді қарастыру емес, өсімдіктердің топтары мен қауымдастықтары. Осындай күрделі биогеоценоздың бірі орман болып табылады, сондықтан бір ағаш ауырса, барлық ағашқа аурудың түрлері беріледі. Бұндай жағайда орман фитопатологиясы бір ғана тұқымдастың жеке бір түрін ғана зақымдап қана қоймай, барлығын жаппай зақымдайды.
Көбіне өте кең таралған өсімдіктердің ауруларына саңырауқұлақтармен, бактериямен, вируспен және тағы басқа микроорганизмдермен берілетін ауру қоздырғыштарын айтуға болады. Қоздырғыштардың биологиялық қасиеті, даму ерекшелігі және таралуы өсімдіктің ауруына байланысты болады. Сондықтан фитопатология төмендегідей ғылымдардан туындады: микология (саңырауқұлақтар туралы ғылым), вирусология (вирустар туралы ғылым), микробиология (жалпы микроорганизмдер туралы ғылым). Фитопатология өз алдына биологияның бір саласы, оның қазіргі әдістерімен жаңа жетістіктері көптеп қолданылуда.
Фитопатология басқа биологиялық және жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыста. Зерттеу барысында анатомиялық құрылысындағы патологиялық өзгерістердің болуы, зат алмасу және ауру өсімдіктің физиологиялық қызметтерінің бұзылуы, ботаника, өсімдіктер физиологиясы, биохимия, генетика, цитология, молекулярлық биологиямен байланыстылығын көруге болады. Осы уақытта фитопатологиялық бақылаулар мен зерттеулер ағаш және бұта өсімдіктерінің жаңа формалары мен сорттарын алуға көмегін тигізеді.
1. Сағитов А.О., Назарбекова М.Х., Карбозова Р.Д. Фитопато¬логия. Оқу құралы. - Алматы, 1992.
2. Сағитов А.О., Джаймурзина А.А., Туленгутова К.Н., Карбозова Р.Д. Ауыл шаруашылық фитопатологиясы, - Алматы, 2000.
3. Карбозова Р. Д., Туленгутова К.Н., Фитопатология. Оқулық. –Алматы 2014

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Өсімдік ауруы туралы түсінік
2. Аурулардың жіктелуі
3. Жұқпалы аурулар
4. Микроорганизмдердің паразиттілік типтері
ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Фитопатология - өсімдіктердің ауруы және олармен күресу жолдарын қарастыратын ғылым. Оның атауында гректің үш түрлі сөзінен шыққан: phyton - өсімдік, phatos - ауру, logos - ілім. Жалпы ауылшаруашылық және орман фитопатологиясын айырып алуға болады.
Жалпы фитопатологияда өсімдік ауруларының себебін, ауру қоздырғыштарының ара-қатынасын, қоршаған орта, өсімдіктердің ауруға қарсы тұруы және тағы басқа жалпылама теориялық сұрақтар қарастырылады.
Орман фитопатологиясы ағаш және бұта өсімдіктерінің ауруларын оқыту және олармен күрес жолдарын жүргізу болып саналады.
Фитопатологияның негізгі көңіл аударатыны жеке-жеке өсімдіктерді қарастыру емес, өсімдіктердің топтары мен қауымдастықтары. Осындай күрделі биогеоценоздың бірі орман болып табылады, сондықтан бір ағаш ауырса, барлық ағашқа аурудың түрлері беріледі. Бұндай жағайда орман фитопатологиясы бір ғана тұқымдастың жеке бір түрін ғана зақымдап қана қоймай, барлығын жаппай зақымдайды.
Көбіне өте кең таралған өсімдіктердің ауруларына саңырауқұлақтармен, бактериямен, вируспен және тағы басқа микроорганизмдермен берілетін ауру қоздырғыштарын айтуға болады. Қоздырғыштардың биологиялық қасиеті, даму ерекшелігі және таралуы өсімдіктің ауруына байланысты болады. Сондықтан фитопатология төмендегідей ғылымдардан туындады: микология (саңырауқұлақтар туралы ғылым), вирусология (вирустар туралы ғылым), микробиология (жалпы микроорганизмдер туралы ғылым). Фитопатология өз алдына биологияның бір саласы, оның қазіргі әдістерімен жаңа жетістіктері көптеп қолданылуда.
Фитопатология басқа биологиялық және жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыста. Зерттеу барысында анатомиялық құрылысындағы патологиялық өзгерістердің болуы, зат алмасу және ауру өсімдіктің физиологиялық қызметтерінің бұзылуы, ботаника, өсімдіктер физиологиясы, биохимия, генетика, цитология, молекулярлық биологиямен байланыстылығын көруге болады. Осы уақытта фитопатологиялық бақылаулар мен зерттеулер ағаш және бұта өсімдіктерінің жаңа формалары мен сорттарын алуға көмегін тигізеді.

Өсімдікке ауру қоздырғышы немесе сыртқы ортаның белгілі бір қолайсыз жағдайы әсер етсе, оның бір немесе бірнеше функциялары қалыптан ауытқып, өсімдік ауруға шалдығады. Өсімдіктің қоздырғышқа алғашқы реакциясы көзге көрінбей, кейін гистологиялық өзгерістер болғанда ғана өсімдікте аурудың сыртқы белгілері.
Залалданған клеткалар мен ұлпалар әлсіреп немесе бұзылып, өсімдіктің дамуы бәсеңдеп, кейде солып, қурайды. Түрлі клеткалар мен ұлпалардың залалдануынан кейбір физиологиялық үдеріс бұзылады немесе жойылады. Мысалы, өсімдік тамырының инфекциялық залалдануы (тамыр шірігі) су мен оның ерітіндісіндегі қоректік заттардың топырақтан өсімдікке өтуіне кедергі келтіреді; ксилема түтіктерінің аурулары (ойық жара, вилт) су мен минералдық заттардың өсімдіктің жоғарғы бөлігіне таралуын бөгейді; жапырақ ауруы - фотосинтез үдерісіне кедергі жасайды; қабықтың залалдануы - фотосинтезде түзілген заттарды өсімдіктің төменгі бөлігіне жылжуына бөгет жасайды; гүлдер залалданса - жемістер түзілмейді; жеміс кеселге шалдықса - жеміс пен тұқым шіриді.
Кейбір аурулар залалданған клеткалар санының көбеюіне (гиперплазия) немесе көлемінің ұлғаюына (гипертрофия) әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде залалданған өсімдік мүшесі еріксіз үлкейіп ісінуі немесе қурап, жойылуы мүмкін.
Өсімдіктің ауруы деп әртүрлі факторлардан клеткалар мен биохимиялық, физиологиялық үдерістері қалыптан ауытқып, соның нәтижесінде өсімдіктің анатомиялық-морфологиялық құрылымының бұзылуын айтады. Бұл құбылыс өсімдік бетінде дақ, өңез, жара, ісік, шірік және әртүрлі белгілер қалдырады.
Ауруға шалдыққан өсімдіктің физиологиялық үдерістерінің өзгеруі (тыныс алуы, ассимиляциясы, транспирациясы, жапырақта түзілген органикалық заттардың сабақ пен тамырға көшуінің саябырлауы) аурулардың сыртқы белгілерінің білінуімен сипатталады. Бұл өзгерістер алғаш өсімдіктің клеткасы мен ұлпасында өтіп, кейін сыртқы белгілер береді. Оны патологиялық үдеріс деп атайды. Соған байланысты ауруға төмендегідей сипаттама беруге болады.
Өсімдік ауруы - өте күрделі динамикалық құбылыс. Патологиялық үдеріс қоздырғыш және сыртқы ортаға байланысты өтеді. Ауруға шалдыққан өсімдік клеткалары мен ұлпаларының физиологиялық үдерісі қалыптан ауытқып, құрылымдары өзгеріп алынатын өнім төмендейді. Сонымен аурубір қалыпты өтетін жағдай емес, керісінше, оның алғашқы басталуы, дамуы және аяқталуы бар үдемелі үдеріс.

Әлемде өсімдіктердің мыңдаған аурулары бар. Мәдени өсімдіктің әрбір сортында жүзден астам аурулар кездеседі. Қоздырғыштың бір түрі өсімдіктің ондаған, тіпті жүздеген түрін залалдайды. Соныдықтан ауруларды зерттеу үшін, оларды жіктеу қажет. Өсімдік ауруларын жіктейтін бірнеше критериййлер бар. Мысалы, аурудың сыртқы белгілері бойынша тамыр шірігі, ойық жара, вилт, дақ, антраноз, тат, мозаика, т.б. Залалданған өсімдік бойынша дәнді дақылдар, көкөніс, жеміс-жидек аурулары және т.б. болып бөлінеді. Ауруларды қоздырғыштары арқылы жіктеген дұрыс, себебі бұл әдіс аурудың шығу тегін анықтап, дамуы мен таралуын және осы кеселмен күресу шараларын іздестіруге мүмкіндік береді.
Сондықтан барлық аурулар инфекциялық (жұқпалы) және инфекциялық емес (жұқпайтын) болып екі категорияға бөлінеді.
Инфекциялық аурулар фитопатогенді микроорганизмдер - саңырауқұлақтар (микоздар), бактериялар (бактериоздар), актиномицеттері (актиномикоздар), вирустар (вироздар), микоплазма организмдері (микоплазмоздар), жоғары сатыдағы гүлді паразиттер (сперматофитоздар), қыналар (таллофитоздар), нематодалар (нематодоздар) және қарапайымдар әсерінен туады.
Инфекциялық емес (жұқпайтын) аурулар сыртқы ортаның қолайсыз жағдайлары - қоректік заттардың жетіспеуі немесе мөлшерден артық болуы, суық және ыстық ауа райы, топырақ пен ауа ылғалының мөлшері, ион сәулелері, пестицидтер әсері, механикалық жарақаттану және т.б. жағдайлардан пайда болады.
Өсімдікте таралуына байланысты ауруды жергілікті (локалды) және жалпы немесе жүйелі (диффузды) деп бөледі. Жергілікті аурулар өсімдіктің жеке мүшелерін немесе мүшенің бір бөлігін залалдайды. Диффузды ауруда қоздырғыш өсімдіктің барлық бойына немесе көпшілік бөлігіне тарайды.
Даму ұзақтығына байланысты ауруды созылмалы және қарқынды деп бөледі. Қарқынды аурулар тез дамып, бір вегетация кезеңінде бітеді. Мысалы, дақылдардың тат ауруы, картоп фитофторозы және т.б. Созылмалы аурулар көпжылдық өсімдіктерде болып, жылдан жылға созыла береді, мысалы, сүйекті жеміс ағаштарының цитоспорозы және т.б.


Жұқпалы немесе инфекциялық аурулар бір өсімдіктен басқаларына жұғып таралады. Инфекциялық ауруларды қоздырушылар саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар, микоплазма организмдері және т.б. Аталған қоздырғыштардың өсімдікте ауру туғызу қабілетін патогенділік, ал қоздырғыштарды фитопатогендер деп атайды. Фитопатогендер өмір сүруыне қажетті органикалық заттарды белгілі өсімдіктен алуға бейімделген гетеротрофтар. Бұл құбылысты паразитизм (тоғышарлық) дейді. Патогенді қоректік затпен қамтитын өсімдік, паразиттің ие-өсімдігі болып табылады.
Паразит өсіп дамуы үшін ие-өсімдіктегі органикалық заттармен қоректеніп, оған үлкен зиян келтіреді:
1. Қор жиналатын мүшелердің (тұқым, жеміс, ағаш) көбінесе саңырауқұлақ, кейде бактериялар және т.б. әсерінен шіруі.
2. Фитопатогендер әсерінен өскіннің дамуы саябырлап, тежелуі немесе шіруі.
3. Тамыр шірігі ауруларында өсімдіктің суды сору қабілеті төмендеп, оның солып жойылуы.
4. Жапырақ бетіндегі дақтар, өңездер, бөртпелер, некроздар әсерінен фотосинтез белсенділігі төмендеп, өнім шығымының кемуі.
5. Ксилема түтігінің саңырауқұлақ, бактерия токсиндерімен тығындалып, өсімдіктің жоғарғы бөлігіне су мен ерітіндідегі заттардың көтерілмеуінен оның солуы.
6. Паразит әсерінен өсімдік ұлпаларының зат алмасу үдерісінің бұзылуы.
Өсімдіктер өмір сүру кезеңінде, әсіресе оның жер асты бөліктері микроорганизмдермен тығыз байланыста болады. Топырақта көптеген спарофитті (өз бетінше өмір сүретін) микроорганизмдер бар. Олардың саны топырақтың физикалық және химиялық қасиетіне байланысты. Топыраққа тыңайтқыш, пестицид енгізгенде, жерді баптау кезінде оның химиялық құрамы, құрылысы, ылғалдылығы т.б. қасиеттері өзгеріп, биологиялық тепе-теңдігі жойылып, топырақ организмдерінің өмірінде де өзгерістер болады.
Тамыр айналасында сапрофитті микроорганизмдердің бірлестігі (ризосфера) болады. Ал жапырақта басқа бірлестік - филлоплан түзіледі. Бұл бірлестіктер өсімдікке зиян келтірмейді. Осындай қарым-қатынасты комменсализм деп атайды. Өсімдік микроорганизмге жағымды әсерін жасайды, керісінше, екіншісі біріншісіне әсерін тигізбейді. Бірақ кейбір жағдайда ризосфера мен филлоплан микроорганизмдері паразит болуы да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдік қорғаудағы биологиялық әдістер туралы түсінік
Өсімдік аурулары туралы түсінік
Радиобиология және ветеринарлық радиобиология
Күріш дақылы жайлы
Қазақ тіліндегі халықтық медицина терминдеріне этнолингвистикалық сипаттама
Витаминдер жөнінде жалпы түсінік
Бұршақ тұқымдасы жайлы жалпы түсінік
Сусамыр - қант диабеті ауруы таңқаларлық ауру
Қант қызылшасын сақтау мен қант алу технологиясы
Көкөніс дақылдарын аурулар мен зиянкестерден қорғау шаралары
Пәндер