Тыңайтқыштар туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
1. Тыңайтқыштар туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2. Минералды тыңайтқыштар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.1. Азот ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.2. Фосфор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.3. Калий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.4. Микротыңайтқыштар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
3. Органикалық тыңайтқыштар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
Жер шарындағы қазіргі кезде барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының 50%-ке жуығы минералды тыңайтқыштарды қолдану арқылы өсіріледі. Сокет ғалымы Ш. И. Ширактың зертеуіне сүйенсек біздің елімізде алынған қосымша өнім мөлшері бүкіл Қазақстан егістігінде алынатын өнімге тең екен. Сонымен тыңайтқыштың қаншалықты пайда беретінін білдік. Ал егіс таңаптарында тыңайтқыш қолданбаса болмай ма деген сұраққа келсек мұның да жауабы дайын. Себебі жерді үздіксіз пайдалану оның құнарлылығын бірте бірте төмендете береді. Мәселен бір тонна дәндік жүгері өнімін алғанда оның жерден 100 киллограмға жуық қоректік заттарды бойына сіңіретіндігі,сөйтіп топырақ құнарлылығын кемітетіндігі анықталады. Демек, өнім төмендемес үшін құректік заттардың осы шығындарының орнын үнемі тыңайтқыштарды қолдану арқылы толықтырып отыру керек.
Агрономиялық химия (немесе агрохимия) басқа ғылымдар секілді адамзаттың қажетін қамтамасыз ету мақсатына орай әуелгі кезде теориялық жағынан нақты тұжырымдалмастан бірден практикада қолданыла бастады. Оған көптеген зерттеулер, ғылыми тұжырымдар дәлел бола алады. Мәселен, сонау ерте кездің өзінде-ақ, жердің тоза бастағаның байқаған диқандар, егіс алқаптарына көң, күл төгіп, құнарлылығын арттырған еді. Сонымен, жылдар өткен сайын өсімдіктердің құрамы, топырақ құрамы, сыртқы әсер күші жөніндегі көзқарастар да өзгеріп, кейін өнім молшылығын жасау жолындағы алғашқы талпыныстар бірте-бірте ғылыми сипатқа ие бола бастады. Әр елде өсімдік биологиясын, құрылымын зерттеумен шұғылданатын шоқ жұлдыздай ғалымдар бой көтерді.
1. Елешов.Р., Бекмағамбетов. А. Агрохимия, Алматы, 1989 ж.
2. Асанов Жуматай. Химияның ауыл шаруашылығындағы рөлі. Алматы 1977 ж.
3. Елешов Р. Смағұлов Т. С. Балғабаев Ә. Агрохимия және тыңайтқыш қолдану жүйесі, Алматы, 2000 ж.
4. Агрохимия (пол ред. Б. А. Ягодина ) – М., 1989

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1. Тыңайтқыштар туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2. Минералды тыңайтқыштар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.1. Азот ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.2. Фосфор ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.3. Калий ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.4. Микротыңайтқыштар ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
3. Органикалық тыңайтқыштар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14



Кіріспе

Жер шарындағы қазіргі кезде барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының 50%-ке жуығы минералды тыңайтқыштарды қолдану арқылы өсіріледі. Сокет ғалымы Ш. И. Ширактың зертеуіне сүйенсек біздің елімізде алынған қосымша өнім мөлшері бүкіл Қазақстан егістігінде алынатын өнімге тең екен. Сонымен тыңайтқыштың қаншалықты пайда беретінін білдік. Ал егіс таңаптарында тыңайтқыш қолданбаса болмай ма деген сұраққа келсек мұның да жауабы дайын. Себебі жерді үздіксіз пайдалану оның құнарлылығын бірте бірте төмендете береді. Мәселен бір тонна дәндік жүгері өнімін алғанда оның жерден 100 киллограмға жуық қоректік заттарды бойына сіңіретіндігі,сөйтіп топырақ құнарлылығын кемітетіндігі анықталады. Демек, өнім төмендемес үшін құректік заттардың осы шығындарының орнын үнемі тыңайтқыштарды қолдану арқылы толықтырып отыру керек.
Агрономиялық химия (немесе агрохимия) басқа ғылымдар секілді адамзаттың қажетін қамтамасыз ету мақсатына орай әуелгі кезде теориялық жағынан нақты тұжырымдалмастан бірден практикада қолданыла бастады. Оған көптеген зерттеулер, ғылыми тұжырымдар дәлел бола алады. Мәселен, сонау ерте кездің өзінде-ақ, жердің тоза бастағаның байқаған диқандар, егіс алқаптарына көң, күл төгіп, құнарлылығын арттырған еді. Сонымен, жылдар өткен сайын өсімдіктердің құрамы, топырақ құрамы, сыртқы әсер күші жөніндегі көзқарастар да өзгеріп, кейін өнім молшылығын жасау жолындағы алғашқы талпыныстар бірте-бірте ғылыми сипатқа ие бола бастады. Әр елде өсімдік биологиясын, құрылымын зерттеумен шұғылданатын шоқ жұлдыздай ғалымдар бой көтерді.

Тыңайтқыштар -- құрамында қоректік элементтер болатын заттар. Өсімдіктердің толық, өсіп-жетілуіне қажет элементті қоректік элемент дейді. Өсімдіктердің өсіп, өнім беруі үшін қажет қоректік элементтердің маңызы ерекше. Фотосинтез кезінде өсімдіктердің жапырағы арқылы және топырақтан алатын химиялық элементтерінің саны 50 шақты.
Тыңайтқыштар -- өсімдіктердің топырақтан қоректенуін жақсарту үшін қолданылатын органикалық және минералдық заттар. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі артады, өнім сапасы жақсарады.
Елімізде өсірілетін алуан түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, тұрақты, әрі сапалы өнім алуда басқа да агротехникалық шаралармен қатар, тыңайтуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы орасан зор.
Ауыл шаруашылығы практикасында егіншілікті химияландыру, оны жедел дамытудың куатты факторы екенін сенімді дәлелдеп берді. Мысалы, азотты тыңайтқыш астық дәніндегі белок мөлшерін арттырады, фосфорлы тыңайтқыш зығыр талшығының сапасын жақсартады, зығыр, күнбағыс тағы басқа дақылдар тұқымындағы май мөлшерін көбейтеді. Калий тыңайтқышы кант қызылшасы тамырының қант, картоптың крахмал мөлшерін арттырады.
Топырақтағы өсімдікке қоректік элементтердің көпшілігі өсімдік сіңіре алмайтын қосылыс түрінде, мәселен, 1 гектар күлгін және қара топырақта 3...100 тонна азот қоры бар, осының 1 проценттейі ғана өсімдікке сіңімді түрде болады. Еліміздің әр түрлі топырақтары өзінің физикалық, химиялық қасиеттері, құнарлығы және жалпы энергиясы жағынан үш класқа бөлінеді: бірінші, екінші класқа қара топырақтар, үшінші класқа сұр топырақтар жатады.
Түрлі аймақтардағы климаттың, топырақ түзілген аналық тау жынысының, өсімдіктердің ерекшеліктеріне байланысты әрбір топырақтарда қарашірік мөлшері де түрліше болады. Бір гектар қара топырақтың 0 -- 20 см қабатында қарашірік қоры 90...140 тонна, 0 -- 100-см қабатында 250...550 тонна болса, сұр топырақтардың жоғарыда аталған қабаттарында қарашірік қоры 30...80 тоннадай болады.
Сұр топырақ құрамындағы қарашіріктің қоры жағынан қара топырақтарға қарағанда кедей болуына қарамастан, құрамындағы микроорганизмдердің саны жағынан қара топырақтағы микроорганизмдерден анағұрлым артық болады. Мәселен, 1 грамм сұр топырақтарда -- 218,5 млн микроорганизм болса, қара топырақ-тарда тек қана 57,4 млн микроорганизмдер бар. Мұның өзі сұр топырақтардағы әртүрлі биологиялық, физикалық және химиялық жұмыстарының белсенділігінің артуына және дақылдардың өнімін молайтуға жағдай жасайды. Жүргізілген зерттеулердін нәтижесінде топырақтағы негізгі минералдық қоректік заттар -- азот, фосфор, калий т. б. тыңайтқыштардың өсімдікке әсер етуі арасында белгілі бір байланыс бар екені анықталады. Егер топырақта өсімдікке сіңімді фосфор көп болса, фосфор тыңайтқыштарын енгізуден егіннің түсімі онша артпайды. Мәселен, күздік қара бидай мен күздік бидай көктемде қыстан әлсіреп шығады. Осы кезде өсімдікке қоректік элементтер өте қажет, бірақ топырақта өсімдікке сіңімді азот жетіспейді, өйткені күзде жаңбыр суы нитраттарды топырақтың терең қабатына жуып әкетеді, ал нитрлеуші бактериялар әрекеті ерте көктемдегі салқын әсерінен баяулайды. Жаздық дәнді дақылдарды себу кезінде және олардың өсуінің алғашқы кезеңінде де топырақта өсімдікке сіңімді азот мөлшері жеткіліксіз болады, сондықтан осы кезде тынайтқыш, әсіресе, азот тыңайтқыштарын енгізгенде (күздік дақылдарды көктемде үстеп қоректендіру, жаздық дақылдар тұқымын тыңайтқыш қосып себу) өсімдік тез және жақсы өседі. Егер топырақта қажетті элементтердің біреуі жетіспесе, өсімдікке екінші элементті тиімді пайдалануға мүмкіндік болмайды, соның салдарынан өсімдік нашар жетіледі және егін түсімі кемиді. Дақылдардың қоректік заттарды пайдалануы екі топқа бөлінеді. Олар: 1) минералдық тыңайтқыштарды аз мөлшерде кажет ететін масақты дәнді дақылдар -- жаздық және күздік бидай, арпа, сұлы т. б. 2) минералдық тыңайтқыштарды көп кажет ететін техникалық дакылдар -- мақта, қант қызылшасы, картоп, көкөніс және жоғары өнімді дәнді дақылдар -- күріш, жүгері.

Бүкіл тыңайтқыштардың шығу тегі, қолданылуы құрамы, алу тәсілі жағынан әр түрлі түрлерге бөлінеді. Олар шығу тегі жағынан минералды , органикалық, органикалық-минералдық және бактериалдық болып келеді.Минералды тыңайтқыштар шығу тегі жағынан анорганикалық заттарды табиғи минералдардан ауадағы азоттан немесе кейбір химиялық заводтардың қосымша өнімдері ретінде алынады. Ал түрлі жағынан азотты, фосфорлы калийлі, кейбір микротыңайтқыштарға (бор, марганец, молибден, мырыш, мыс, кобальт т.б) бөлінеді. Шығу тегі, өсімдіктер мен жануарлардың органикалық қалдықтары, көң, фекалий, шымтезек , қаланың қоқсықтары т.б. Құрамында органикалық минералды заттардың озара химиялық және адсорбты байланысты болатын қосылыстар органикалық-минералды тыңайтқыштарңа жатады. Олар органикалық заттарды (шымтезек, көмір, топырақ шірінділері, қоқыс, сланец т.б) минералды қосылыстар мен азоттың, фосфаттың және калийдің тұздарымен , немесе ерітінділерімен өңдегенде алынады. Бактериалды тыңайтқыштарға кейбір препарат құрамындағы бактериялар, бұршақ тұқымдас дақылдардың тамыр түйнектері, топырақтағы азот жинақтайтын (фиксациялайтын ) түзілуі , топырақтың органикалық бөлігінің минералдануына жататын нитригин жатады.
Минералды тыңайтқыштар құрамында бір немесе бірнеше қоректік заттар болғандықтан жай және комплексті болып бөлінеді. Жай тыңайтқыштар құрамында бір ғана қоректік заттар болып, бір жақты асер етеді. Ал комплексті тыңайтқыштар құрамында 2-3 немесе одан да көп қоректік элементтер, немесе микроэлеметтер болады. Ал комплексті тыңайтқыштар өндіру тәсіліне қарай араласқан, комбинациялы және күрделі болып келеді. Олардың біріншісін әртүрлі жай, күрделі тыңайтқыштардың майдаланған және түйіршіктелген түрлерін механикалық жолмен араластыру арқылы дайындаса, комбинациялы тыңайтқыштар белгілі технологиялық жүйеде бастапқы заттардың химиялық реакцияларымен алынады. Ал күрделі тыңайтқыштар құрамында бір химиялық қосылыстардың аммофос-диаммофос,калий селитрасы қатарына жатады,бүл әдетте 2 немесе бірнеше элементтер болады.
Тыңайтқыштардың сапасы,олардың құрамындағы қоректік заттар,яғни оның ішінде азот жекелеген элемент түрінде қалғандары олардың тотықтары күйінде өрнектеледі. Әр түрлі топырақтарда қолданылған тыңайтқыштар топырақтағы жылжымалы қоректік заттардың мөлшерін ғана көбейтпейді,сонымен бірге топырақтың қасиеттеріне, құнарлығына әсер етіп,оның қышқылдығын өзгертеді.
Азот-жер бетіндегі ең көп тараған элемент.Ол табиғатта бос күйінде және қосылыстар түрінде де кездеседі.Ауа құрамының 78 проценті осы газ болса,жер қыртысында 0,04 процент қосылысқан азот кездеседі,өсімдіктер мен жануарлардың организміндегі азот органикалық қосылыстардан тұрады. Тірі организм азотсыз өмір сүре алмайды,өсімдіктер,жан-жануарлардың денесін құрайтын клеткалар,оның құрамдас бөлігі протоплазма белок заттарынан,немесе құрамында азоты бар заттардан тұрады. Демек,белоксыз тіршілік жоқ.ал азотсыз белок жоқ.
Бактериялар арқылы азоттың қосылысқа түсуі өте баяу,қалыпты жағдайда жүзеге асады.Бактериялар азотты ауадан сіңіріп,өсімдіктерге қажетті түздарға айналдырады.Өсімдік топырақтағы азот тұздарын судың көмегі арқылы,басқада тұздармен бірге сіңіреді.
Құрамында азоты бар органикалық заттар өсімдіктен жануарларға,одан соң адам шіру,ыдырау процестерінің нәтижесінде топыраққа қайта оралады. Бірақ өсімдітер мен жануарлардың қалдықтарындағы барлық азот пайдаланбайды.Оның едәуір бөлігі атмосфераға оралады.Азоттың табиғаты осылай бір күйден екінші күйге үздіксіз өтіп отырады.Ол жай ғана күрделі белоктардың,өсімдік клеткасының цитоплазмаларының және нуклеин қышқылдары құрамына кіріп организмдердегі заттардың алмасуында басты рөл атқарады. Сонымен бірге хлорофилл, фосфатидтер, алколлидтар, ферменттер т.б органикалық заттардың құрамында болады. Азотты тыңайтқыштарды жеткілікті нормада қолданғанда организмдердің тіршілігі біраз уақыт ұзарып,қуатты сабақтары мен жапырақтары жақсы дамиды,әр жақсы түптенеді.Мұның өзі өнімнің жоғарлауына,белоктың кобеюіне жақсы әсер етеді.
Азоттың топырақтағы кездесетін негізгі түрлері - органикалық қосылыстар 94-95 процент,аммоний қосылыстарының формалары түрінде және алмаспай жинақталған сазды минералдардың 3-5 процент құрамында болады. Ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы дақылдарын бір жерге еге беру азоттың жалпы қоры мен топырақтың құнарлығын кемітіп жібереді. Табиғи жағдайларда топырақтағы азот қорын көбейтудің жолын атмосферадағы азоттың пайдалануынан да іздестірген жөн.Әр гектар жердін үстінде 80 мың тонна азоттың болатыны анықталады.Осы молекуляры азот бос күйінде болғандықтан өсімдіктер ішінде оны бұршақты дақылдардан басқасы пайдалана алмайды.
Табиғи жағдайларда топырақтағы азот қоры екі түрлі жолмен толықтырылады. Өзара байланысатын азоттың кейбір түрлері (аммиак,нитрат)найзағай ойнағанда,оның үстіне жауған жауын-шашынмен бірге әр гектар жерге 3-5кг келіп түседі. Ауыл шаруашылығы дақылдарына қолданылатын тыңайтқыштардың тиімділігі белгілі нормаларда,қатынаста болуы қажет.Осыған орай азотты тыңайтқыштардың артық қолданылуы дақылдардың жатып қалуын көбейтіп,пісуін кешіктіреді,өнім құрамында нитраттарды нормадан тыс асырып су қоймалары мен жер асты суларын ластайды.Осыған байланысты азотты тыңайтқыштарда көп қолданатын жекелеген шаруашылықтар мен аймақтарда олардың ерігіштігін төмендету қажет.
Дәнді-дақылдардың өнімін жоғарлатуда азотты үстеп қоректендірудің маңызы зор.Ауыл шаруашылығы дақылдарына қолданатын азотты тыңайтқыштардың тиімділігі негізінен екі факторға - азоттың топырақтағы жылжымалы формалары мен ылғал қорына байланысты болады.Қазақстанның қара топырақтарының құрамында 0.6процент жалпы азот, 200-300мл - га жылжымалы түрлері болса, сұр топырақта 0.05процент жалпы азот және олардың жылжымалы түрлері 15-20мг-га болады. Осыған байланысты азотты тыңайтқыштардың қолданатын нормалары қара топырақтан күңгірт қара,қоңыр ,сұр топырақтарға қарай өсіп отырады.

Фосфордың тотыққан қосылыстары барлық тірі организмдер тіршілігінде маңызды роль атқарады. Бірде - бір тірі клетка фосфор қышқылының туындыларынсыз өмір сүре алмайды. Нуклеопротеиндердің, яғни ядро клеткасының бөлігінде фосфор қышқылы болады. Белокта нуклеин қыщқылының қосылыстары бар. Олар басқа органикалық қосылыстар тәрізді жоғары полимерлі коллоидтік мінез көрсетеді. Бұл күрделі қышқылдар рибонуклеинді (РНҚ) , дезоксирибонуклеинді (ДНҚ) болып келеді. Олар 4 негізгі компонеттерден ( нуклеотидтерден ) тұрады. Оның құрылымындағы заттар организмдердің тұқым қуалау қасиетін сақтайды және белоктардың, т.б. қосылыстардың түзілуіне үлкен ықпал етеді. Нуклеин қышқылының құрамында фосфордың тотығы 20 процентке дейін барады. Өсімдіктердің барлық органдарында әсіресе жас кезінде фосфор көп болады. Қанттың фосфорлы қосылыстары, немесе қант фосфаттары олардың дем алуына күрделі углеводтардың түзілуіне, және әр түрлі қосылыстарға айналуына үлкен ықпал етеді. Оның үстіне жекелеген углеводтарға қарағанда фосфорлы қосылыстар әр түлі химиялық реакцияларға өте бейім келеді. Сол сияқты фосфордың органикалық қосылыстардың арасында аденозин үш фосфор қышқылы (АТФ) органикалық қосылыстардың түзілуіне қажетті энергияларды сақтап жинақтайды. Олардың құрамындағы адениннің азотты негіздері, рибоза углеводтары үш негіздегі фосфор қышқылының қалдықтарынан тұрады.
Фосфордың минералды қосылыстары өсімдіктердің барлық органдарында, фосфорлы тыңайтқыштарды қолайлы нормаларда қолдануына қарамастан көп жинақталмайды. Бірақта топырақтарда жылжымалы фосфордың көп болуы немесе фосфорды дақылдарға кешіктіріп қолдану, азоттың т.б. қоректі заттардың жеткіліксіз болуы өсімдік құрамында фосфордың минералды қосылыстарын көбейтеді. Фосфор өсімдіктердің тұқымдарында, дәндерінде көп, сабандарында аз мөлшерде болады. Сонымен фосфорлы тыңайтқыштар өсімдіктердің өнімін және сапа көрсеткіштерін, суыққа және құрғақшылыққа төзімділігін арттырады. Мысалы, дәнді дақылдардың негізігі массадағы дәндерінің үлес салмағын, крахмал, белок т.б. қасиеттерін арттырады, жемістер құрамындағы углеводтарды , мақтаның талшықтарының қатылығын жоғарылатады.
Фосфорлы тыңайтқыштар фосфор қышқылды кальцийдің әр түрлі негіздерде алмасқандықтан мына төмендегідей топқа бөлінеді: суда еритін 1 негізде алмасқаны, суда нашар еритіні (суда ерімей, әлсіз қышқылдарда еритін) 2,3 негізде алмасқан суда ерімей әлсіз қышқылдарда нашар еритін тұздар түзілмесе, әрі көп пайдаланбайды. Топырақтың қышқылдығы болған жағдайда суда еритін тұздар түзілмесе, әрі көп ыдырамаса жалпы фосфорлы рудаларды суда еритін күйдегі қосылыстарға айналдыру керек.
Фосфорлы тыңайтқыштарды көрсетілген мөлшермен, тәсілдермен қолдану солтүстік облыстардағы егілген жаздық бидай өнімдерін өсіретіні анықталды. Кәдімгі қара топырақта 1,5 - 3,1 ц, оңтүстіктің қара топырағында 1,2 - 2,1, күңгірт қара топырақта 1,1 - 1,5 ц қосымша өнімдер алынды. Ал кейбір дақылдар, мақта, жүгері, күнбағыс қатарлап сіңірілетін фосфорлы тыңайтқыштардың мөлшерін көп қолданса, жандырып жібереді. Сондықтан оларды қолданғанда 7,5 - 10 кгга арттырмау керек. Ал қант қызылшасы, картоп, т.б. 20 кг фосфорлы тыңайтқыштарды қатарлап енгізуге болады. Егістіктереде егілетін дақылдарға фосфорлы тыңайтқыштарды қатарлап енгізгенде мынадай ережелерді еске ұстауды қадет етеді. Тұқым мен қолданылатын тыңайтқыштар құрғақ, түйіршіктер жеткілікті түрде қатты, майдаланбайтын, бейтарап әлсіз қышқылды болғанда ғана қолдану керек. Мысалы, суперфосфат қышқылды болса 2 сағат ішіне араластырылған жағдайда күздік бидайдың түсімін төмендетеді. Төмен болса оларды дәндерді себер алдында 4 - 8 сағат, бейтарап болса бір тәулік бұрын араластырып қолдануға болады. Фосфор тыңайтқышын 15 кг га мөлшерінде қатарлап беру, әр түрлі дақылдарға қолданған 45 кгга Р2О5 фосфорлы тыңайтқыштарына тең болады. Жоғарғыда аталған фосфорлы тыңайтқыштарды аз мөлшерлерде қолдану өсімдіктердің алғашқы көктеп шығу езінде жағдайларын жақсартса, негізгі тыңайтқыш ретінде жерді жыртар алдында беру олардың вегетациялық даму кезендерін толық қанағаттандыру үшін қолданылады. Мұндай жетімсіздік фосфордың суда ерімейтін формаларында, еритін қосылыстарға айналуы ақырын жүрген кезде байқалады. Оларды қолдануды негіздеудің мынадай факторларын ескеру қажет. Енгізу мезгілдері және тереңдігі, формалары (ерігіштігі) нормалары және басқа тыңайтқыштармен араластырып қолдану мүмкіншілігі, қышқылдық ортасы, бейтарап топырақтарда суда еритін фосфор қышқылдары тұздарының қолдану мерзімдері үлкен роль атқармайды, әрі олардың сілтіленіп жоғалуы байқалмайды, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тыңайтқыш - мол өнім көзі
Тыңайтқыштар туралы жалпы түсінік
Азотты тыңайтқыштар
Минералды тыңайтқыштарды пайдалану мөлшері
Аммоний тыңайтқыштары
Тыңайтқыштарды жіктеу
Минералдық тыңайтқыштар және олардың маңызы
Азот тыңайтқышы және оның классификациясы
Тыңайтқыштар және оның түрлері
Шіріген органикалық заттар
Пәндер