Білім беру саласы, құрылымы және принциптері



Кіріспе

1. Білім беру саласы, құрылымы және принциптері

2.Білім беру саласын мемлекеттік реттеу

3.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Білім беру мазмұны - оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.
Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде ''нені оқыту керек'' сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін оларға адамзат жинақтаған білім-дер, біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек. Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы және болашақ мақсаттары арқылы айқындалады. Сонымен бірге, оқу мазмұны жеке адамдардың да мақсат-тарын ескереді. Айта кететін жайт, оқу мазмұны әрқашан саяси, идеологиялық күрес сахнасы. Саяси күштер мектеп арқылы барша қоғамға өз ықпалын таратуға тырысады.
Оқу мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық қажеттіліктеріне сай қалып-тасады. Еліміздің тәуелсіздігі, Республикамыздағы әлеумет-тік-экономикалық және саяси өзгерістер мектеп түлектері жаңа қоғам құруға, мәдени және рухани өрлеуге дайын болуын талап етеді.
Білім мазмұнына әлеуметтік және ғылыми жетіс-тіктер деңгейі де өз әсерін тигізеді. Соңғы кезде ғылыми жаңалықтың пайда болуы мен оның мектепте оқытылуы арасындағы уақыт қысқарып бара жатыр. Мысалы, радио шыққанына 40 жыл өткенде ғана мектеп бағдарламасына енгізілсе, заманауи компьютерлік бағдарламалар шыққан жылы оқытылуда.Оқу мазмұнына кіретін мәліметтер жас мүмкіндік-теріне де байланысты. Баланың есте сақтау қабілеті жоғары болғанымен, білімді игеру, мәнін түсіну үшін өмірлік тәжірибе керек.
Ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұнында ерекшеліктер болады. Қазіргі заманда дүниежүзі бойынша оқу мазмұны адамдандыру, компьютерлендіру, кіріктіру, тұлғалық даму ережелеріне негізделеді.Оқу мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай көлемде қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді. Бастауыш сыныптарда барлық пәндерден алғашқы элементарлық ақпарат берілсе, орта сыныптарда жүйелі білім беріледі.
Білім берудің мазмұны оқу жоспарларында, жеке пәндердің оқу бағдарламаларында және оқулықтарда, электрондық оқу құралдарында нақтыланады.
Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір мектеп реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек қана жергілікті факторлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалмен жүреді.
Білім мазмұны балаларға "Нені оқыту керек?" — деген сұраққа жауап береді. Бала тағдыры көбіне оның білімінің саны мен сапасына байланысты. Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н. Скаткин, т.б. зерттеді.
1. Г.Қ. Нұрғалиева, С.Мусин. Салыстырмалы педагогика 2008
2. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы 2005.
6.Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері 2006.
3. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі 2007.
4. Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев 2006.
5. Е.Сағындықұлы. Педагогика 2008.
6. «Уикепедия» сайтты
7. «Referat911.ru» сайтты

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім беру жүйес

Жоспар

Кіріспе

1. Білім беру саласы, құрылымы және принциптері

2.Білім беру саласын мемлекеттік реттеу

3.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Білім беру мазмұны - оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық
қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте
оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.
Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде ''нені оқыту
керек'' сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін оларға
адамзат жинақтаған білім-дер, біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту
керек. Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы және
болашақ мақсаттары арқылы айқындалады. Сонымен бірге, оқу мазмұны жеке
адамдардың да мақсат-тарын ескереді. Айта кететін жайт, оқу мазмұны әрқашан
саяси, идеологиялық күрес сахнасы. Саяси күштер мектеп арқылы барша қоғамға
өз ықпалын таратуға тырысады.
Оқу мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық
қажеттіліктеріне сай қалып-тасады. Еліміздің тәуелсіздігі,
Республикамыздағы әлеумет-тік-экономикалық және саяси өзгерістер мектеп
түлектері жаңа қоғам құруға, мәдени және рухани өрлеуге дайын болуын талап
етеді.
Білім мазмұнына әлеуметтік және ғылыми жетіс-тіктер деңгейі де өз
әсерін тигізеді. Соңғы кезде ғылыми жаңалықтың пайда болуы мен оның
мектепте оқытылуы арасындағы уақыт қысқарып бара жатыр. Мысалы, радио
шыққанына 40 жыл өткенде ғана мектеп бағдарламасына енгізілсе, заманауи
компьютерлік бағдарламалар шыққан жылы оқытылуда.Оқу мазмұнына кіретін
мәліметтер жас мүмкіндік-теріне де байланысты. Баланың есте сақтау қабілеті
жоғары болғанымен, білімді игеру, мәнін түсіну үшін өмірлік тәжірибе керек.
Ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұнында
ерекшеліктер болады. Қазіргі заманда дүниежүзі бойынша оқу мазмұны
адамдандыру, компьютерлендіру, кіріктіру, тұлғалық даму ережелеріне
негізделеді.Оқу мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай
көлемде қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді. Бастауыш сыныптарда
барлық пәндерден алғашқы элементарлық ақпарат берілсе, орта сыныптарда
жүйелі білім беріледі.
Білім берудің мазмұны оқу жоспарларында, жеке пәндердің оқу
бағдарламаларында және оқулықтарда, электрондық оқу құралдарында
нақтыланады.
Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір
мектеп реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек қана жергілікті
факторлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалмен
жүреді.
Білім мазмұны балаларға "Нені оқыту керек?" — деген сұраққа жауап
береді. Бала тағдыры көбіне оның білімінің саны мен сапасына байланысты.
Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын
В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н. Скаткин, т.б. зерттеді.

Білім беру саласы, құрылымы және принциптері

Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы
да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде,
әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдық ерте дәуірінде-ақ (ҮІІ-
ҮІП ғ.ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер,
діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны
тарихтан белгілі.
Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қалаларында
көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен. Ауылдық
жерлерде мектепте молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту
ақысы халықтан жиналған. Балалар қыс, күз айларында оқыған. Оқу мерзімі 4
жыл, оқуға 7 жастан бастап қабылдаған, жыл аяғында емтихан тапсыру мектеп
бітіргені үшін балаға ресми куәлік тапсыру тәртібі сақталмаған. Медреселер
мұсылмандық рәсімдерін таратушы оқу орны болып қана қоймай, ірі мәдениет
орталығы ретінде де қызмет атқарған. Бұл оқу орындарында заңтану, тарих,
логика, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. пәндер
енгізілген. Медреселердің жанында салиқалы кітапханалар болған.
Патша үкіметінің 150 жылға созылған отарлау саясаты халқымыздық
егемендік жолындағы ғасырлар бойғы күресіне зор нұқсан келтіргенімен, Батыс
пен Шығыстың рухани өмірдегі қарым-қатынасына жол ашты. Мысалы,
Змеиногорскіде (Шығыс Қазақстан) қорғасын-мырыш кен орнында 1761 жылы тау-
кен жұмысшыларының балаларына арнап мектеп ашты, 1786 жылы Омбы қаласында
"Азиялықтар мектебі" ірге көтерді. Осындай мектеп 1789 жылы Орынбор
қаласында да ашылды.
Қазақ феодалдарының (сұлтан, би, бай, старшин) балаларына Неплюев
кадет корпусына (1825), Омбы кадет корпусына (1848) түсіп оқуына рұқсат
етілді. Алғашқы қазақ мектебі Бөкей хан ордасында (1841), 1850 жылы
Орынбордағы шекара комиссиясының жанынан ашылған болатын.
Ресей Халық ағарту министрлігі 1870 жылы бұратана халықтарға білім беру
шаралары туралы арнаулы заң қабылдады. Осы заң бойынша шет аймақтағыларды
орыстандыруды көздеген миссионерлік педагогика жүйесі енгізілді. Мәскеуде
құрылған арнайы миссионерлік қоғамның негізгі принциптерінде былай
делінген: мусылман елдерін ыдырату, арасына от жағу, яғни, пантүркішілдік
пен панисламдыққа қарсы күресу; бұратана халықтарды провославие дініне
көшіріп, шоғындыру, халықты ата-баба тарихынан, ұлттық мәдениетінен қол
үздіру, орыс алфавитін енгізу; мұсылмандық мектептер мен медреселерді
біртіндеп жою, олардың орнына орыс-түзем, орыс-қазақ мектептерін ашу, кейін
бұлардың бәрін таза орыс тіліне көшіру, шет аймақтардағы отаршылдық
саясатты жүзеге асыру үшін миссионер ғалымдар, оқытушылар кадрларын көптеп
даярлау. Омскідегі "Азия мектебі", Орынборда Неплюев кадет корпусы,
Омскідегі кадет корпустары құжатта көрсетілген шаралардың жүзеге асуының
нақты көрінісі болатын.
Қазақ қоғамындағы білім беру ісі "қазақтың тұңғыш ұстазы" ретінде
танылған Ы.Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Қазақ даласында
Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен идеялары бүгінде педагогика
саласының ғылыми-зерттеу жұмысына айналды. Оның ағартушылық қызметі қазақ
халқының рухани-саяси отарлау саясатының қысымшылығы қысып түрпиі кезеңге
тұспа-тұс келді. Бұл саясатты тоқтатуға ағартушылардың жергілікті саяси
күші болмады. Тек ұлттық білім беру жүйесін заман талабына сай,
миссионерлік ағарту-оқу ісінің негізгі заңдылықтарын қабылдай отырып,
Қазақстанда халық ағарту ісі жаңа жолға түсті.
XIX ғасырдық аяқ кезінде "қазақ мектептері қандай болу керек" деген мәселе
күн тәртібіне қойыла бастады. Осы жөнінде бір-біріне қарама-қарсы екі
көзқарас пайда болды.
Бірі - бұратана халықты шала сауатты қалдырып, төл мәдениетінен қол
үздіріп, бірте-бірте орыстандыру саясатын көздейтін миссионерлер
(Н.И.Ильминский, т.б.), ал екіншісі – орыс халқының прогрессивті озық
мәдениет үлгілерін игеру арқылы "Өз елін өркениетті елдердің деңгейіне
көтеру қажет"- дейтін қазақ ағартушылары (Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов,
А.Құнанбаев) еді. Оқытудық жәдид (төте оқу) деп аталатын ағымы отар-шылдық
орыстандыру саясатына қарсы түркі тектес үлттардың өзін-өзі сақтап қалу
жолындағы қажырлы күресінен туған еді. Отаршылдар оның өрісін тарылтып
бақты. Патша үкіметі ұлт мектептеріндегі екі ағымды (хадим-ескі діни араб
оқуы, ал жәдид-жаңа араб әрпімен дүние үй білім беру) бір-біріне қарама-
қарсы айдап салу арқылы ұлттың сана-сезімнің оянуын тежеуді көздеді. Осының
нәтижесінде хадим ағымының өкілдері жәдидшілерді, "қүдайға күпірлік жасады"
деп айыптап, олардың үстінен патша әкімшілігіне арыз жазуға дейін барды.
Жәдид ағымына белсене қарсы шыққандардық бірі - Н.И.Ильминский. Жәдид ағымы
мектеп, медресеге байланысты мына мәселелерді көтерді: біркелкі оқу жоспары
мен бағдарлама жасау арқылы мұсылман мектептерін бір ізге түсіру, оқу
жоспарына арифметика, жағырапия, жаратылыстану, тарих, т.б. пәндерді енгізу
арқылы қазіргі заман талабына сай шәкірттерге орта білім беруді қамтамасыз
ету, сауатсыз, фанатик молдаларды тиісті білімі бар молдалармен алмастыру,
дыбыстық оқыту әдісін енгізу, мектеп пен медресе бітіргендерге емтихан
тапсыртып, оқушыларға тиісті құжаттар тапсыру, әскери міндетін атқаруды
жеңілдету, мұсылман мектептерін бақылауды жұрт сайлаған құрметті азаматқа
тапсырып, оны өлкенің ресми қамқоршысына бағынышты ету, т.б. Осы
мектептердің материалдық жағына көмектесу, оқу құралдарымен қамтамасыз ету,
мұғалімдерге тұрақты жалақы төлеу мәселесі де назардан тыс қалмады.
Жәдид ағымының көшбасшысы белгілі турколог-лингвист А.Байтұрсынов
болды. Жәдидшілер бастауыш мектеп мәселесіне айрықша мән берді, осыған орай
бірнеше оқу құралдарын жарыққа шығарды.
Жәдид ағымы мектеп бітірушілердің медреселерде немесе жоғары оқу
орындарында білімін әрмен қарай жалғастыру, олардың өз ықтиярымен мамандық
таңдап алу мүмкіндігіне жол ашты, жұрттың бұл мектепке деген ынта-ықыласы
тез өріс алуына жағдай туғызды.
Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін халықты қажытқан жиһангерлік және
азамат соғысының қиян-кескі, зобалаң зардаптарына қарамастан, өлкедегі
мектеп саны едәуір өсе түсті. Сол кездегі ағарту саясатындағы басты
мәселенің бірі - жаңадан ашылып жатқан ауыл мектептерін мұғалім кадрларымен
қамтамасыз ету жайы еді. Бұл міндет үш түрлі жолмен жүзеге асты:
Біріншісі, бұрынғы патшалы Ресейдің мұғалім-кадрларын мектепке тарту,
екіншісі жолы - білімге құштар сауатты жастарды қысқа мерзімді курстардан
өткізу, үшіншісі, арнайы педагогикалық оқу орындарын көптеп ашу арқылы
мұғалім даярлау.
1920 жылы қазанда Қазақ АССР-ының Оқу халық комиссариаты құрылды.
Оның төрағасы болып А.Байтұрсынов тағайындалды. 1920 жылы 18 ақпанда Бүкіл
Қазақстандық оқу-ағарту конференциясы шақырылды. Онда балаларды қорғау,
бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-техникалық білім беру, саяси тәрбие
жұмысы, т.б. оқу-тәрбие жұмысына байланысты мәселелер қаралды.
1922-23 оқу жылдары Академиялық орталық ұлт мектептері төл оқулықпен,
бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз шараларды іске асырды, төл тілімізде
14 оқулық шығарылды. Олардың ішінде "Физика", "Грамматика", "Алгебра",
"Мектеп гигиенасы", т.б. бар.Бұл оқулықтарды жазуға қазақ зиялыларының
алдыңғы қатарлы топ өкілдері: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов,
М.Әуезов, С.Асфендияров, Т.Жомартбаев, Қ.Сәтбаев, Ә.Ермеков, Т.Жолдыбаев,
т.б. қатысты.
Республикада жоғары білімді кадр даярлауда Алматы қаласында тұңғыш
ашылған Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институты үлкен рөл атқарды.
1929 жылы араб алфавитінен латын графикасына көшті. 1940 жылы латын
алфавитінен орыс жазуына көшу ісі өркениет жолындағы тағы бір үлкен соққы
болды. Оқу-ағарту саласындағы осындай үлкен бұрмалаулар ұлт мәдениетінің
дамуына кері әсерін тигізді.
Неміс-фашист басқыншылары шабуылына байланысты көпшілік ер
мұғалімдер майданға, Отанды жаудан қорғауға аттанды, оқушылар болса колхоз,
совхоз шаруашылығына көмектесіп, майдан қажетін өтеуге ат салысты, 15-16
жастағылар ФЗО мектептеріне түсіп, қысқа мерзімді курстардан өтіп, фабрика,
зауыт, шахталарда ер-азаматтардың орнын басты.
Өндіріске барушылар көбейе түсті, осыған орай жұмысшы шаруа жастарының
кешкі мектептері көбейді.
1945-60 жылдары мектептер мен онда оқитындар саны күрт өсе бастады.

1950-60-шы жылдары тың игеруге байланысты мектептердің саны күрт
өскенімен, қазақ мектептері көбірек жабылып, оның орнына орыс-қазақ және
орыс мектептері көбірек ашылды. 1980-90 жылдары елімізде жаппай халыққа
орта білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі -мектепке 6
жастан бастап қабылдау.Еліміз егемендік алғаннан кейін білім негіздерін
демократиялық, интеграциялық принциптерге орайлас әр баланың жеке-дара
ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып, тәрбиелеу талап
етілді. Осы жайттар ұлт мектептерінің жаңа бағдарламаларынан елеулі орын
алды. Арнаулы білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей,
гимназия, колледж, медреселер сияқты мектептің жаңа түрлері ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді. Осы Заң және Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік
саясат принциптері айқындалады.Білім беру ісінің мәні, міндеттері және
принциптері. Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және
тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту — қоғам алдында тұрған басты
міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік,
интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін
қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық
салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп
іске асырылады.
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен
салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту
үшін жағдайлар жасау;
•  азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы
жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың
мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін
тәрбиелеу;
•  Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер
жасау;
•  жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін
дамыту;
•  қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар
жасау.
Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордық да әсері
бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға
алып, оларды тиісті дайындқпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін
балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты
педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру
тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен
үлкен педагогикалық шеберлікті талап етед і. Халыққа білім беру жүйесінің
міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне
тәуелді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы"
Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының
теңдігі:
2) Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық фиииологиялық және
жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі
тұрғындарының білімге қол жеткізуі;
3) білім берудің зайырлы сипаты;
4) жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;
5) білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру
процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиенің бірлігі;
6) білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің
нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;
7) білім беруді басқарудық демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының
академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;
8) білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;
9) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;
10) оқушыларды кәсіптік бағдарлау;
11) білім беру жүйесін ақпараттандыру;
Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардық
(бірлестіктердің) ұйымдық құғылымдарын құруға және олардың қызметіне жол
берілмейді.
Білім беру ісін басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады.
Республикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органдары
Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге
асырады.
Білім беру жүйесінің құрылымы. Қазақстан Республикасының "Білім
туралы" Заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы екіге бөлінеді: жалпы
білім беру және кәсіптік білім беру. (Қосымшаны қараңыз).
Кәсіптік білім берудің әрбір сатысындағы білім беру мазмұны тиісті кәсіптік
бағдарламамен белгіленеді.
Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге
асырылады. 5 (6) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті
және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру
бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру
ұйымдарында тегін жасалады.Орта білім беру Қазақстан Республикасының
азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік
беріледі. Орта білім алу міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру
жүйесін дамытудық 2010 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта
білім үш сатылы: бастауыш (1-5 сынып-тар), негізгі (6-10 сыныптар) және
жоғары (11-12 сыныптар) жалпы орта білім беретін оқу орнында кезең-кезеңмен
алынады.Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты адамгершілігі, әр жақты
дамыған өзінің және қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, халық мәдениетін
жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді пайдаланатын
адамды тәрбиелейді. ҚР азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта
білім алуға кепілдік беріліп, орта білім алу міндеттеледі. Жалпы орта білім
- үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей. Жалпы орта білім 3
сатылы: бастауыш (1-5 сыныптар) негізгі(6-10 сыныптар) және жоғары (10-12
сыныптар). Жалпы білімнің нұсқалығына, білім берудің ауқымды инфрақұрылымын
қалыптастыруға, жалпы орта білім беретін ұйымдардық әр алуан түрлері мен
үлгілерін дамытуға жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей және
басқаларды құру арқылы қол жеткіземіз.
Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған "Білім туралы"
Жақында тұңғыш рет гимназия мен лицейге түсінік беріліп,оның мәртебесі,
құқықтық негізі айқындалды.
Гимназия - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске
асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп,
салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицей - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске
асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге
асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны.Лицейлердің ең басты ерекшелігі
- ақыл-ой (интеллектуалдық) қабілеттері жоғары жастарды топтап оқытып,
оларды жоғары оқу орындарына даярлайтын бірыңғай элитарлық мектеп болуында.
Лицейге жастарды қабылдау ең алдымен олардың табиғи мүмкіндіктерін,
интеллектуалдық ерекшеліктерін айқындау негізінде жүргізіледі, кейін де
бала дамуын қадағалай отырып, бірнеше іріктеу сатыларынан өткізеді. Ал оны
аяқтаған жастар жоғары оқу орнында білім алу құқығына ие болады. Бұл оқу
орындарының басты принципі баланы дәл болашақ мамандығына сәйкес қабілетіне
қарай іріктеу және сол мамандықты жоғары деңгейде меңгеруіне
көмектесетіндей бірнеше жыл бойы арнайы дайындықтан өткізу болып
табылады."Мирас" халықаралық мектебінің білім беру қызметінде Қазақстан
Республикасының орта білім беру саласындағы ұлттық стандарт пен халықаралық
бакалавриат бағдарламасының талаптары орынды үйлесім тапқан. Көптеген
пәндер ағылшын тілінде оқытылады.
"Арман" оқыту-тәрбиелеу кешені 1997 жылы ашылды. Оның оқыту-тәрбиелеу
тұжырымы негізінде "Оқу дегеніміз - әлемді ашу" тезисі жатыр. Педагогикалық
кешеннің мақсаты: өзіндік жіне шығармашылық жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыру, өзін-өзі іске асыра алатын тұлғаны тәрбиелеу. "Болашақ"
арнаулы орта мектебінде оқушылар екінші шетел тілі ретінде 3-сыныптан
бастап (ағылшыннан басқа) қытай және араб тілдерін оқиды. "Болашақ" - оқыту
қазақ тілінде жүргізілетін жеке меншік мектептердің бірі. Оқытудық негізгі
бағыттары - информатика және экономика. Сонымен бірге мектеп оқушыларға
барлық пәндер бойынша жоғары деңгейлі жалпы білім беруге бағытталған. Оқу
үрдісінде электронды оқулықтар қолданылады. "Болашақ" мектебінің түлектері
орта білімі туралы аттестатпен бірге экономикалық білім алғаны туралы
сертификат алады.
"Дәулет" мектебінде ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға байланысты
бірнеше бастамалар бар, олар - " Лингвоелтану" оқулығы бойынша қазақ және
ағылшын халықтарының тарихын, мәдениетін, білім беру құндылықтарын, рухани
мұраларын зерттеу және олардың ерекшеліктерін мәдениеттанымдық тұрғыдан
салыстыру. Оқушылардың ағылшын тілі грамматикасын меңгеруі мен тіл дамытуы
компьютерлік бағдарлама бойынша беріліп, тексеріледі.
"Ақ жол" - оқу-әдістемелік орталық. Мақсаты - білім және тәрбие беру
үрдісінде балалардың дүниеге өзіндік жеке көзқарасын қалыптастыру,
шығармашылық ойлау қабілетін, логикасын, коммуникативтік қасиеттерін
дамыту. Қосымша білім беруде театр, хореография, қазіргі би, ырғақты
гимнастика, сурет-кескіндеме өнері, бағдарламалау, психология пәндері және
дене тәрбиесі қамтылған.
"Келешек" – республикалық физика-математикалық дарынды балаларға
арналған мектеп. Негізгі пәндер: физика, математика, информатика, ағылшын
және қазақ тілдері. "Стандартты емес олимпиадалық есептерді шешу" және
"Бағдарламалау негіздері" арнайы курстары бар.
Орал қаласындағы "Талап" акционерлік қоғамы жанындағы бірінші
мектеп-гимназия 1995 жылы құрылды. Гимназия жұмыс істейтін ата-аналарға
ыңғайлы, балаларға барлық жағдай жасалған. Әрбір сыныпта 5-8 оқушыдан білім
алады. Бастауыш сынып оқушылары үшін ұзартылған күн топтары
ұйымдастырылған.
Кәсіптік бастауыш білім беру
Кәсіптік мектепте оқу мерзімі - 2-3 жыл, кәсіптік лицейде -3 жыл,
ерекше күрделі кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет
көрсетуге байланысты жұмыстар үшін - 4 жылға дейін болады.
Кәсіптік бастауыш білім, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде негізгі
жалпы білім беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады
және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек
қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді) даярлауға бағытталған.
Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру
базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады
және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған.
Колледжде, училищеде оқу мерзімі - 3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар бойынша жалпы
орта және кәсіптік бастауыш білімі бар азаматтардың қысқартылған,
жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім алуына болады.
Кәсіптік орта білім колледждерде, негізгі жалпы орта білім алумен
ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға
бағытталған.
Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде,
институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында
білім алады.
Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып,
ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор
атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін
қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.Жұмысшылар мен мамандардық басшы
қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арнаулы
білім асыру мекемелерінде, кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында
ұйымдастырылады. Қосымша білім беру үшін денешынықтыру - сауықтыру,
техникалық, мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер жүйесі
құрылады. Оларды Білім министрлігі және жергілікті өкімет басқару органдары
бекітеді.Сонымен, білім мен тәрбие беру - бұл республика азаматтарының
құзыретін және адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін
қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық процесс. Қазақстан
Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық дәстүр
салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске
асырылады.
Республикада "Білім туралы" Заңды жүзеге асырудық маңызды жолының бірі -
болашақ мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін
тәлім-тәрбие ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат - оқушыларды
адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.

Білім беру саласын мемлекеттік реттеу

54-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты мен нысандары
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу білім алуға конституциялық
құқықтарды іске асыруды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға және білім
беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерін көрсетудің жоғары сапасын
қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, білім
сапасын басқару, стандарттау, бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
55-бап. Білім беру сапасын басқару
1. Білім беру сапасын басқару білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік
саясатты іске асыруға бағытталған және білім сапасын бағалаудың бірыңғай
ұлттық жүйесін құрайтын мемлекеттік және институционалдық құрылымдарын,
білім беруді қаржыландыруға бөлінетін қаражатты пайдалану ұтымдылығын және
білім беру жүйесі жұмыс істеуінің тұтастай тиімділігін қамтиды.
2. Білім беру сапасын басқару білім беру мониторингінің нәтижелері,
негізінде барлық деңгейлерде басқарушылық шешімдерді қабылдау арқылы жүзеге
асырылады.
3. Бiлiм беру мониторингi бiлiм беру жүйесінің сапасын сырттай және iшкi
бағалау үшін статистикалық және талдамалық бағалау көрсеткіштерінің кешені
көмегімен жүзеге асырылады.
4. Оқу жетістіктерін сырттай бағалау білім беру ұйымына тәуелсіз, оқыту
сапасына мониторинг түрлерінің бірі болып табылады.
Оқу жетістіктерін сырттай бағалау білім беру қызметтерінің сапасын бағалау
және білім алушылардың негізгі орта, жалпы орта білім берудің білім беретін
оқу бағдарламаларын және жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарттында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру деңгейін
айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
5. Оқу жетістіктерін сырттай бағалау негізгі орта, жалпы орта және жоғары
білім алуды аяқтағаннан кейін:
негізгі мектепте (9 (10)-сыныптан кейін) – оқытудың одан әрі траекториясын
айқындау мақсатында;
жалпы орта (бейіндік) мектепте – оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау
мақсатында;
жоғары білім беруде – оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламасын меңгеруді
мониторингілеу мақсатында іріктеліп жүргізіледі.
6. Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізілетін негізгі орта, жалпы орта
білім беру ұйымдарының және жоғары білімді мамандықтардың тізбесін білім
беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
56-бап. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары
1. Қазақстан Республикасында әрбір білім беру деңгейі бойынша:
1) білімнің мазмұнына;
2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең көп көлеміне;
3) білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын жалпы талаптардың
жиынтығын айқындайтын білім берудің мемлекеттік жалпыда міндетті
стандарттары белгіленеді.
2. Тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттары, меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, барлық
білім беру ұйымдары үшін міндетті.
57-бап. Білім беру қызметін лицензиялау
1. Заңды тұлғалардың (бұдан әрі - лицензиат) білім беру қызметі Қазақстан
Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға
жатады.
2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу
орнынан кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске
асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметін кәсіптік біліктілік
деңгейлерін ескере отырып, олар үшін жаңа кәсіптер мен мамандықтар бойынша
лицензиялау оларда лицензиялардың болуына қарамастан, жалпы негіздерде
жүргізіледі.
3. Лицензиар лицензияны беру, оның қолданысын тоқтата тұру мәселелерін
алқалы және жария қарау үшін консультациялық-кеңесші орган құрады.
4. Лицензиардың білім беру қызметімен айналысуға құқық беретін лицензияның
қолданысын алты ай мерзімге дейін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық
бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтата тұруға құқығы
бар.
5. Білім беру қызметімен айналысуға құқық беретін лицензиядан айыруды
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында
көзделген тәртіппен сот жүзеге асырады.
6. Білім беру ұйымдарының филиалдары лицензиялауға жататын білім беру
қызметінің кіші түрлерін қоспағанда, білім беру қызметін жүзеге асыруға
құқылы.
59-бап. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау
1. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау мемлекеттің білім алуға деген
құқықты қамтамасыз етуге және білім беру бағдарламаларын іске асыратын
заңды тұлғалардың өздері жүзеге асыратын білім беру қызметінің Қазақстан
Республикасының білім беру саласындағы және лицензиялау туралы заңнамасының
талаптарына сәйкестігін сақтауға бағытталған және оны білім беру
саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті
шегінде жүзеге асырады.
2. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау объектілері:
1) білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім
беру қызметі;
2) білім алушылардың тиісті білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру
деңгейі болып табылады.
3. Мемлекеттік бақылаудың негізгі түрлері:
1) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау;
3) Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының және білім беру
қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын бақылау болып
табылады.
4. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды, олардың ведомстволық
бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, білім беруді мемлекеттік
басқару органдары өздерінің құзыретіне сәйкес жоспарлы түрде бес жылда бір
рет өткізеді.
Техникалық және кәсіптік білім берудің, орта білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау да
мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.
Аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім
беретін оқу бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу
органдарында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткен
білім беру ұйымдары аккредиттеу мерзіміне, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімге
аккредиттелген білім беретін оқу бағдарламалары (мамандықтар) бойынша
мемлекеттік аттестаттау рәсімінен босатылады.
Медициналық және фармацевтік білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Бірінші мемлекеттік аттестаттау жаңадан құрылған:
1) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында төрт жылдан кейін;
2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бітіру жылынан кешіктірілмей;
3) мектепке дейінгі ұйымдарда және қосымша білім беру ұйымдарында үш жылдан
кейін өткізіледі.
4-1. Мемлекеттік аттестатталуға жататын білім беру ұйымдары өзін-өзі
бағалауды жүргізеді және өзін-өзі бағалау материалдарын білім беруді
басқарудың мемлекеттік органдарына табыс етеді.
5. Шетелдік білім беру ұйымдары мен халықаралық білім беру ұйымдарының
филиалдарын аттестаттау, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған
халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, осы Заңға сәйкес жүзеге
асырылады.
8. Білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының білім туралы және
лицензиялау туралы заңнамасының сақталуын бақылау тексеру нысанында және
өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
11. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту теориясы
Кәсіптік оқыту жүйесі
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Оқыту нәтижелері мен негізгі құзыреттіліктері (компетенция)
Кәсіптік педагогика пәнінен дәрістер жинағы
Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері
Педагогиканың дәрістері
Оқыту заңдылықтары мен принциптеріне түсінік
Педагогика пәні
Кәсіби педагогиканың негізгі категориялары
Пәндер