Айналым қаржысы және оның қалыптасу көздері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Айналым қаржысы және оның қалыптасу көздері

2. Айналым қаражатының қажеттілігін бағалау

3. Кәсіпорындар қаржысы

Қорытынды

Пайдалынған әдебиеттер

Кіріспе

Айналым қаражаты - кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдарының өндіріс циклі барысында толық пайдаланылатын қаражатының бір бөлігі.

Оған ақшамен бағаланған материал, шикізат, отын, энергия т. б. қажетті заттар жатады. Ол сонымен қатар аяқталмаған өндірісті жалғастыру үшін, дайын өнім қорын жасау үшін де жұмсалады. Айналым қаражатының бір бөлігі өндіріс саласында, екінші бөлігі айналымға түседі. Күнделікті өндіріс жағдайында оның бір бөлігі материалдық заттар қорына айналса, тағы бір бөлігі банк есепшотында, кәсіпорын кассасында жинақталады. Құрылым барысына қарай айналым қаражаты кәсіпорынның меншікті қаржысы мен несие қаржысы (банктен уақытша қажетті өтеу үшін алған) болып бөлінеді. Айналым қаражаты кәсіпорынның пайдасы есебінен өсіп отырады. Оны пайдалануды жақсарту, айналымын жеделдету өндіріс тиімділігін

арттырудың басты факторларының бірі. Өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының кез келген кезеңінде айналым қаражаты жетпей қалса онда өндірістің үздіксіз өнім шығаруы бұзылады. Қазақстанда 90-жылдары өнеркәсіп салаларына экономикалық шетелдік инвестициялардың мол тартылуы кәсіпорындардың айналым қаражаты тұрақтандыруға, игеруге жағдай жасады.

Айналым қаражаттары еңбек заты ретінде пайдаланылатын және натуралды формада өндірістік бір цикл ішінде қағида бойынша әрекет ететін материалды - заттық құндылықұтардың жиынтығының құндық бағаламасы болып табылады. Айналым қаражаттарына сонымен қатар негізгі қаражаттарға жатқызылған құнды формада бағаланған еңбек қаражаттары да жатқызылады.

Қаржыландыру және кәсіпкерлік кредиттеу процесінде кәсіпорын айналым қаражаттарының құрамы үлкен маңызға ие болады. Бұл:

- тауарлы - материалды құндылықтар қоры;
- дебиторлық қарыз;
- есептердегі қаражат;
- ақшалай қаражаттар.

Айналым қаражаттарын кредиттеу және қаржыландыру процесінде олардың құндылық бағаламасы шешуші роль ойнайды. Ол шығындарды анықтау, қаржылық нәтижелердің құрылымдануы және бағаларға өнімді, тауарларды, жұмыстар және қызметтерді қосуда анықтауда база болып табылады. Айналымдық активтерді құндылық бағаламасының жиынтығында тауарлы - материалды қорларды бағалау жетекші орынды алады. Фактілі өзіндік құны бойынша шикізаттар, негізгі және көмекші материалдар, отын, сатып алынатын жартылай фабрикаттар және комплектілеуші бұйымдар, қор бөлшектері және ыдыстар бағаланады. Фактілі өзіндік құнды материалдық ресурстарды алуға жұмсалған кредитті алуға беретін төлемді қоса алғандағы, жеткізіп берушіге берілетін төлемдер, үстемелер және қосымшалар; комиссиялық сыйақы төлемдері, жабдықтаушы және сыртқы экономикалық және басқа ұйымдарға берілетін төлемдер, тауарлық биржа қызметінің құны; кедендік төлемдер;

Айналым қаржысы - бұл ақшалай формада айқындалатын айналым қорлары мен айналыс қорларының жиынтығы. Айналым қорлары өндіріс процесіне қатысса, айналыс қорлары айналыс өрісінде қолданылады.

Айналым қорлары - бір цикл ішінде толығымен тұтынылатын еңбек заттары. Айналым қорлары өз құнын дайын өнімге бірден түсіреді және өзінің натуралдық заттық формасын өзгертеді.

Айналым қаржының құрамы:

Айналым қаржысы
Айналым қаржысы: Айналым қорлары
Айналыс қорлары
Айналым қаржысы: Өндірістік қорлар
Аяқталмаған өндіріс
Болашақ мерзімнің шығындары
Дайын өнім
Жібеілген, бірақ әлі төленбеген өнім
Қосымша қорлар
Айналым қаржысы: Шикізат, материалдар, запас бөлшектер және с. с
Жұмыс орындарында қалған өндіріс процестегі еңбек заттары
Жаңа өнімдерді құрастыруға, ғылыми-зерттеу, тәжірибе жұмыстарға арналған шығындар, болашақ мерзім өзіндік құнына кіреді.
Тексеруден өткен және қоймада орналасқан дайын өнім
Кәсіпорын есеп шотына төлемі әлі түспеген, бірақ жөнелтілген өнім
Кассадағы ақша, есеп шоттағы ақша, дебиторлық қарыздылық және т. с. с

Айналым қорлары үздіксіз қозғалыста болып үш кезеңнен өту қажет: өндірістік, тауарлық және ақшалай кезеңдерден.

Айналым қаржысы екі бөліктен тұрады: тұрақты және өзгермелі капиталдардан.

Тұрақты айналым капиталы (синонимы: ағымдағы активтердің жүйелі бөлігі) - бүкіл операциялық цикл ішінде олардағы қажеттілік мөлшері салыстырмалы тұрғыдан тұрақты болатын ағымдағы активтер.

Өзгермелі айналым капиталы (вариацияланатын ағымдағы активтер) - операциялық циклдың ең шиеленісті кезеңдерінде олардағы қажеттілік пайда болатын ағымдағы активтер бөлігі.

Ағымдағы міндеттемелер - мерзімі бір жылдан артық болмайтын қарыздар.

Таза айналым капиталы - ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелер арасындағы айырмаға тең болатын көрсеткіш. Оның жетіспеушілігі компанияның жоюылуына әкелу мүмкін. Бұл көрсеткіштің деңгейі компания қызметінің тәуекелділігімен және рентабельділігімен тығыз байланыста болады.

Активтер мен пассивтер арасындағы ара-қатысқа байланысты ағымдағы активтерді қаржыландырудың төрт стратегиясын көрсетуге болады: идеальды, консервативты, агрессивты және компромисты. Таза түрде ешқандай стратегияны қолдануға болмайды. Қорларға басқару саясатын оңтайландырғанда келесі есебке алынады:

  • тапсырыс жасалғанда қолданылатын қор деңгейі;
  • қорлардың минимальды мүмкін деңгейі (сақтық қор) ;
  • тапсырыстың оңтайлы партиясы.

Айналым қаржының қалыптасу көздері

1. Өзіндік айналым қаржысы:

  • айналым капиталы - меншік иелерінің қаржысы
  • пайда - негізгі көзі;
  • тұрақты пассивтер (өзіндік капиталға теңестірілген қаржы) :
  • -еңбек ақы бойынша қарыз;
  • -бюджет бойынша қарыз;
  • -ыдыс бойынша қарыз;
  • -алдын ала төленген қаржы.

2. Келтірілген қаржы:

  • қарызды (несиелер) ;
  • мемлекеттік несие;
  • басқа (мақсаты бойынша пайдаланбағана қорлар мен резервтердің қалдықтары) .

Айналым қаржысын нормалау - айналым қорларының минимальды қажет, экономикалық тұрғыдан дәлелденген деңгейін анықтау процесі. Норма көбінесе күндермен есептелінеді

Айналым қаржысының нормативі - кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ететін ақшаның минимальды сомасы.

Айналым қаражатының қажеттілігін бағалау

Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс бағалау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым қаражатының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады. Осының салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қарадатының көтеріңкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді.

Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін бағалау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынының сметасымен үйлестіру керек. Мұнда қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгілі мерзімде шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке айналым қаражатының қажеттілігін есептеген кезде мыналарды еске алған жөн:

- Жеке айналым қаражаттары өндірістік бағдарламаны орындауда тек негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның негізгі қызметіне жатпайтын қосалқы және көмекші өндірістер, тұрғын үй, коммуналдық және тағы басқа шаруашылықтар және дербес баланста тұрмайтындар да өтелуі қажет.

- Тауар өткізу, қоймадағы дайын өнімдердің қорлануы жөніндегі мәселелерді жеткілікті, терең пысықтауы төмен болуы мүмкін. Бірақ та кез келген жағдайда алған кезде межеленген сату болжамы болуы керек. Олай болмаған күнде шығарылған өнімдер ұзақ жатып қалады және ақшалай қаржыларының едәуір бөлігі айналымнан оқшауланады, сөйтіп кәсіпорынның қаржы жағдайының орнықтылығы әсер етіп, оның банкротқа ұшырауы мүмкін .

Айналым қаражатын қалыптастыру және пайдалану механизмі өндіріс барысына, сондай-ақ ағымдағы өндірістік және қаржы жоспарын орындауға жан-жақты ықпал етеді.

Айналым қаражаты өндіріс көлемін және өнімді сатуды кеңейтуді, жаңа өткізу нарықтарын, яғни кәсіпорын капиталы айналатын саланы басып алуды жоспарлы түрде және барынша ұтымды, сондай-ақ үнемді, басқаша айтқанда, айналым қаражатының ең аз мөлшерімен қамтамасыз етуі тиіс.

Айналым қаражатын тиімді пайдалануды жоспарлау және ұйымдастыру үшін жауапты менеджерлердің ең негізгі міндеті болып табылады.

Айналым қаражаты оның екі саласындағы ауыспалы айналымға: өндіріс саласы мен айналыс аясына қатысады. Сондықтан айналым қаражаты өндірістік айналым қоры мен айналыс аясындағы қорға бөлінеді. Айналым қаражаты өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігінің құрамы мен көлемі өндіріс қажеттілігіне ғана емес, айналыс қажеттілігіне де орай анықталады.

Кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігі мына факторларға байланысты:

- өндіріс пен сату мөлшеріне;

- бизнестің түріне (кәсіпорын қызметінің сипатына) ;

- қызмет (бизнес) ауқымына;

- өндірістік кезеңнің ұзақтығына;

- кәсіпорын капиталының кұрылымына;

- кәсіпорынның есептік саясатына және есеп айырысу жүйесіне;

- кәсіпорынның шаруашылық қызметін кредиттеу шарттары мен практикасына;

- материалдык-техникалық жабдықтау деңгейіне;

- тұтынылатын шикізаттың түрі мен құрылымына;

- өндірістің және кәсіпорын өнімінің сату мөлшерінің өсу қаркынына;

- менеджерлер мен бухгалтерлердің және т. б. шеберлігіне.

Кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігін дәл 4 есептеуді айналым қаражатының жоғарыда атап өтілген факторларға байланысты өндіріс саласында және айналыс аясында болатын уақытын есептеуден бастау қажет:

- айналым қаражатының өндірісте болатын уақыты;

- өндірістің айналым қаражаты тікелей жұмыс істеу (немесе өңдеу) процесінде болатын уақыты;

- өндіріс процесінде жұмыс күшінің шығынын қажет етпейтін үзіліс уақытын;

- өндірістің айналым қаражаты запаста болатын уақытты қамтиды.

Айналым қаражаты айналыс аясында болатын уақыт айналым қаражатының сатылмаған өнім қалдығы, кәсіпорын кассасындағы, банкідегі және шаруашылық жүргізуші субъектілермен есеп айырысуда шоттардағы ақшалай қаражат түрінде болатын уақытты қамтиды .

Айналым қаражаты айналымының жалпы уақыты (бір айналымның жылдамдығы немесе айналымның жылдамдығы) өндіріс саласында және айналыс аясында болатын уақыттан кұралады. Ол айналым қаражатын тиімді пайдалануға, кәсіпорын қаржысының жай-күйіне ыкпал ететін аса маңызды сипаттама болып табылады.

Айналым қаражаты айналымының жылдамдығы айналым қаражатын өндірісте пайдалану деңгейін сипаттайды. Айналым жылдамдығы неғүрлым жоғары болса, кәсіпорынға айналым қаражаты аз қажет болады. Бұған өнім сату процесін жеделдету арқылы да, сондай-ақ өндіріс

Айналым қаражаты нормативін есептеудің талдамалы, тура шот әдісі, коэффициенттік әдіс деген 3 әдіс қолданылады.

Талдамалы немесе нормалаудың тәжірибелік-статистикалық әдісі өндірісті жабдықтау мен өткізуді ұйымдастырудың қалыптасқан практикасында қолданылады. Осы әдіс қолданылғанда қолда бар тауарлық-материалдық кұндылықты талдаған кезде, оның нақты запасы нақтыланады және артық, қажет емес құндылық алынып тасталады.

Тура шот әдісінде кәсіпорын техника мен технологияның дамуындағы, өндірісті ұйымдастырудағы, тауарлық-материалдық құндылықты тасымалдау мен есеп айырысу саласындағы барлық өзгерісті қолдана отырып ұйымдастыру-техникалық деңгейге қол жеткізген жағдайда, айналым қаражатының әрбір элементінің запасының ғылыми негізделген есебі қарастырылады.

Коэффициенттік әдісте өткен кезеңнің жиынтық нормативіне өндіріс көлемінің жоспарлы өзгеруіне және қаражаттың айналымдылығын жеделдетуге түзету енгізіледі. Егер норматив кезең-кезеңмен тура шот арқылы нақтыланатын болса, онда айналым қаражатының жекелеген элементтері бойынша сараланған коэффициент қолдануға жол беріледі.

Тура шот әдісі айналым қаражатының әрбір элементін жеке нормалайтын негізгі әдіс болып табылады. Нормалаудың баска әдістері өнеркәсіпте қосалқы әдіс ретінде пайдаланылады. Меншікті айналым қаражатының жалпы нормативі өндіріс және өнім сату жоспарын орындау үшін шикізаттың, материалдың, отынның, арзан бағалы және тозғыш заттардын, аяқталмаған өндірістің, даяр бұйымның (тауардың) және алдағы кезеңнің шығысына қажетті запастар құру, сондай-ақ межеленген мерзімде есеп айырысу мақсатында оның ең аз қажеттілік мөлшерінде белгіленеді.

Айналым қаражатын нормалау деген:

- тауарлық-материалдық кұндылықтың жекелеген түрі бойынша барлык айналым қаражаты запасының, әдетте, күнмен есептелген нормасын әзірлеу және белгілеу;

- жалпы меншікті айналым қаражатының және оның әрбір элементінің ақшаға шағылған нормативін әзірлеу. Айналым қаражаты запасының нормасы бірқатар жыл бойы жылдық нормативті есептеу үшін қолданылады. Ол өндіріс, жабдықтау және өткізу жағдайы айтарлықтай өзгерген жағдайда, жылдық қаржылық жоспар жасағанда материалдық кұндылықттың жекелеген түрі бойынша нақтыланады.

Әрбір кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының нормативі мына негізгі көрсеткішпен анықталады :

- өндіріс және өнім сату көлемімен;

- өндіріске, өнім сақтауға және сатуға жұмсалған шығынмен;

- тауарлық-материалдық құндылықтың жекелеген түрі бойынша айналым қаражаты запасының (айналым қаражатының нормасымен) және күнде белгіленген шығынның нормасымен.

Өндірістің тиісті бабы бойынша тоқсан ішіндегі шығынының сомасын 90-ға бөлсе өндірістік запастың жекелеген элементінің біркүндік шығыны шығады.

Айналым құрал-жабдығының шикізат, негізгі материал мен сатып алынатын жартылай фабрикат (бұдан әрі - материал) ; аяқталмаған өндіріс, даяр өнім сиякты үш ең маңызды элементін нормалаудың негізгі кағидаларын қарастырайық.

Материалды нормалау. Материалдық ресурстар шығынын нормалау дегеніміз-жоспарланған өндірісті жетілдіру жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын іске асыруды ескере отырып, өнім өндіруге немесе жұмыстың орындалуына қажет барынша мүмкін болатын шикізат немесе материалдардың ең аз көлемін белгілеу. Материалға арналған меншікті айналым қаражатының нормативі біркүндік шығын кұнының және айналым қаражатының күнмен есептелетін нормасының көбейтіндісі ретінде анықталады. Айналым қаражатының күнмен есептелетін нормасына:

а) материал шот төлеуден бастап келгенге дейін жолда болуы;

ә) қабылдау, түсіру, сұрыптау, қоймаға орналастыру және зертханада талдау;

б) өндіріске дайындау (мысалы, табиғи кептіру және т. б. ) ;

в) ағымдағы койма запасы түрінде болуы;

г) кепілді (сақтандыру) запас түрінде болатын уакыт кіреді

Уақыт осы кәсіпорынның нақты жағдайы ескеріліп салалық нұсқаулықтарға сәйкес есептеледі.

Аяқталмаған өндірісті нормалау. Аяқталмаған өндірістің меншікті айналым қаражатының нормативін есептеу үшін тауарлык өнім өндірісінің айналым қаражатының нормасын анықтау қажет. Айналым қаражатының нормасы өндірістік кезеңнің ұзақтығы мен шығынның үдеу коэффициенті негізге алынып анықталады .

Өндірістік цикл келесі кезеңдерді қамтиды:

а) тікелей өңдеу процесі (технологиялык запас) ;

ә) өңделетін бұйым жұмыс орнында жатуы (көлік запасы) ;

б) жабдықтың және т. б. жүмыс серпінінің әр түрлі болуына байланысты өңделетін бұйымның жекелеген операция мен жекелеген цехтың арасында (айналым запасы) болу;

в) бұйымның жаппай өндірісте кідіріс жағдайына запас (сақтандыру запасы) түрінде болу уакыты кіреді.

Аяқталмаған өндіріс бойынша айналым қаражатының нормасын анықтау үшін өндірістік кезеңнің ұзақтығы жөніндегі деректен басқа бұйымның даярлық дәрежесін білу қажет.

Даяр өнім нормативі. Даяр өнімнің айналым каражатының нормасы тауарлық өнімнің өндірістік өзіндік құны бойынша бір күндік айналымының және айналым қаражаты нормасының көбейтіндісі ретінде анықталады. Айналым қаражатының нормасы бұйымнын жекелеген түрі мен маркісін таңдауға, сондай-ақ тиелген өнімнің топтамасын жинақтауға, бұйымды орап салуға және жеткізуші кәсіпорынның қоймасынан жіберілетін станцияға тасымалдауға қажетті уақытқа және бұйым тиелетін уақытқа орай белгіленеді.

Бұл бөлімшені қорытындылап айтқанда, кәсіпорынның нәтижелі жұмысы-бұл ең аз мөлшерде шығын жұмсай отырып барынша жоғары нәтижеге қол жеткізу. Ал шығындарды азайту-бұл, ең алдымен, кәсіпорынның айналым капиталын қалыптастыру көздерінің құрылымын оңтайлы ету, яғни меншікті және несиелік ресурстарды ұтымды үйлестіріп пайдалану.

Кәсіпорындар қаржысы

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы - біртұтас қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі. Елдегі ақша қатынастарының маңызды саласын, атап айтқанда, материалдық өндірістің ақша қатынастарын қамтитындықтан, олар қаржының негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады. Өйткені нақ сонда жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлттық байлық жасалады. Бұлар - халықтың қажеттері, өндірістік емес салалардың материалдық шығындары, ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесі қамтамасыз етілетін бірден бір көздер.

Мемлекеттегі сияқты, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы тауар - ақша қатынастары мен құн заңының нәтижесінде құралады. Тауар - ақша қатынастарын қоғамдық еңбек бөлінісі, меншіктің алуан формалары айқындайды. Жеке тауар өндірушілердің еңбек бөлінісінің дәрежесі әр түрлі, дербес кәсіпорындарды, олардың құрылымдық бөлімшелерін айқындайды. Жекеленген тауар өндірушілер өздерінің еңбектерінің нәтижелерінің өнімдерін, қызметтерін айырбастайды немесе тауардың құнын көрсететін ақшаға сатады. Бұл қатынастар жиынтығы тауар - ақша қатынастары болып табылады.

Кәсіпорындардың қаржысы ақша түрінде ұлғаймалы ұдайы өндірістің негізгі процестерін көрсетіп, экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес іске асырылуына септігін тигізеді. Оларды мемлекет халық шаруашылығын дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорларды бөліп, пайдалануға қолданады. Кәсіпорындар, ұйымдардың дұрыс жолға қойылған қаржысынсыз экономикалық дамуы мүмкін емес.

Кәсіпорындардың қаржысы халық шаруашылығын басқару жүйесінің, экономиканы өзгертудің аса маңызды құралы. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастармен бірге халық шаруашылығын басқаруға төменгі буындардың шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы мыналар: кәсіпорындар, ұйымдар, бірлестіктер, концерндер, ассоциациялардың салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау тұргын үй - коммуналдық қызметін жүзеге асырушы шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың ( оның ішінде ұжымдық шаруашылықтардың халыққа қызмет көрсетудің, байланыстың, қоғамдық тамақтандырудың) қаржыларын қамтиды.

Меншік формаларының дамуы кооператив, акционерлік қоғам, фирма, бірлескен жаңа тұрпаттағы кәсіпорындары туғызады. Мемлекеттік кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына берілуі меншік түрін өзгертті.

Түбегейлі экономикалық реформа барысында пайда болған мемлекеттік меншіктің сан алуан формалары - республикалық, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың сан алуан формалары шығуына жеткізеді. Коммерциялық шаруашылық есептердің дамуы, аймақтардың біршама дербестік алуы бұл процесті тереңдете түседі.

Халық шаруашылығындағы әрбір саладағы қаржының техникалық экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын айырмашылықтары бар. Сонымен бір мезгілде халық шаруашылығындағы салалардағы кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың негізгі принциптері бірдей. өйткені, бірыңғай экономикалық заңдар, ортақ принциптерге негізделген. Мұның өзі олардың барлығын бір бастапқы буынға біріктіруге мүмкіндік береді.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысының өзіндік мәні және көрінісінің сыртқы формалары бар және олар сан алуан. Олардың беріктілігі біркелкі емес. Қаржының сыртқы формалары жиі өзгертілуде. Мысалы, кәсіпорындардың мемлкеттік бюджетпен қарым - қатынас формасы жиі өзгертіліп, жетілдірілуде: көп арналы төлемдерден пайда салығына көшіріледі: қаржының бюджеттен шаруашылық мұқтаждықтарын қаржыландырудың кері қозғалысы өзін - өзі қаржыландырумен ауыстырылды; кәсіпорындардың ішкі қаржы қозғалысының формалары өзгереді; бұл қатынастар нормативтік сипат алып шаруашылық коммерциялық негіз алуда. Қаржы ресурстарының құрылымы, әдістері, жұмсалу бағыттары да өзгеруде. Қаржының мәні де өзгеруде, ол өндірістік қатынастары, олардың даму барысы, мемлекеттің шаруашылық мәдени, әлеуметтік өмірлегі роліне байланысты. Қаржы қатынастары, ең алдымен бөлістік қатынастар. Олардың бөліс жүйесінің өзгерістерге ұшырап, өндірістің тиімділігін ынталандыруға ролі артуда. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлу әдістері мен формаларының өзгеруі кәсіпорындардың мемлекеттік бюджетпен және несие жүйесімен нарыққа алу процесінде қаржы қатынастарын өзгертіп, олардың ғылыми - техникалық прогресті жеделдету өндірістің өнімділігін артыруда ынталандырушы ролін баса көрсетуде.

Кәсіпорындар қаржысының мәні жөнінде әзірге ортақ пікір жоқ. Бір қатар ғалымдар тауарларды сатып алу, сату кезінде және еңбекақы кезінде пайда болатын ақша қатынастарын қаржы қатынастары деп қарауға болмайды, өйткені олар бұл қатынастардың элементтері емес деседі. Алайда өндірістік қағиданың жақтаушылар керісінше пікірде. өйткені өндірістегі қаржы қатынастары ұдайы өндіріс кезеңдерін көрсететін экономикалық категория. Мысалы айырбас кезінде өнімді өткізуден түскен түсімнен өнім беруші кәсіпорын тұтыну және қорлану қорларын құрайды. Оның барысында өнім беру шартының талаптары орындалмаса, екі жақ бір-біріне қарыздар болса, тиісті қаржы айыптары қолданылады. Еңбекақы, сыйлықтар төлеу барысында туындаған ақша қатынастары арнайы қорлар (тұтыну, еңбекақы, айналым қаражаттарын) құрып, жұмсау арқылы жүргізіледі. өндіріс қағидасын жақтаушылар қаржы қатынастары өндіріс процесінің барлық кезеңін қамтиды деп санайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпорацияның қаржы жағдайы
Айналым капиталы - кәсіпорын меншіктегі айналым құралдары
Коммерциялық кәсіпорындардың қаржысы
Шағын кәсіпорындардың қаржыларын басқару мәселелері
Кәсіпорынның қаржы ресурстары
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
Коммерциялық негіздегі қызмет ететін кәсіпорынның қаржысы
Кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау
Қаржы жүйесі және қаржы механизімі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz