Техникалық сызудың жалпы ережелері


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І-тарау. Стандарттар. Конструкторлық құжаттар . . . 4

1. 1 Стандарттар . . . 4

1. 2 Бұйымдар. МЕСТ 2. 101-68 . . . 5

1. 3 Конструкторлық құжаттар. МЕСТ 2. 102-68 . . . 5

1. 4 Жобалау кезеңдері. МЕСТ 2. 103-68 . . . 6

ІІ-тарау. Техникалық сызудың жалпы ережелері . . . 7

2. 1 Форматтар. МЕСТ 2. 301-68 . . . 7

2. 2 Масштабтар. МЕСТ 2. 302-68 . . . 8

2. 3 Сызықтар. МЕСТ 2. 303-68 . . . 8

2. 4 Шрифттар. МЕСТ 2. 304-68 . . . 10

2. 5 Өлшемдер қию. МЕСТ 2. 307-68 . . . 15

2. 6 Бұйымдарды және конструкторлық құжаттарды белгілеу. МЕСТ 2. 201-68 . . . 23

2. 8 Негізгі жазулар (бұрыштамалар) . МЕСТ 2. 104-68 . . . 26

Қорытынды . . . 27

Қолданылған әдебиеттер . . . 28

КІРІСПЕ

Мемлекеттік стандарттық қысқартулар ғылым және тәжірибелік қызмет саласы ретінде әрбір елдерде пайда болған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында бұл стандарт жүйесін дайындауды, ендіруді және пайдалануды реттейтін біртұтас нормативтік құжаттар жоқ. Сондықтан осы мемлекеттік стандартты бекіту және әзірлеу өте маңызды. «Стандарт жүйесі» мен «есептеудің автоматтандырылған жүйелері» ұғымдары синонимдес болып келеді. Бұл факты осы стандартты «мемлекеттік технологиялар» саласыңдағы «Ақпараттық жүйелердің стандарттар кешені» ішкі саласына жатқызуға себеп болды.

Мемлекеттік мен автоматтандырылған есепшоттарды қамтамасыз ету үшін олардың кез келген тапсырыстарына қызмет көрсетіледі, бірақ оның ішінде байланыс қызметіндегі таксафон қызметі, телеграфтық қызметтік байланыс және почталық байланыс қызметтері енгізілмеген;

Ақпараттық қолдау жүргізу өзара есепшоттарды жүргізу түрлі деңгейдегі телекоммуникациялық операторлардың арасында болады;

Олардың төлемдері мен байланыс номенклатура сұрақтары бойынша клиенттерге ақпараттық анықтамалық күтім жүргізіледі;

Мемлекеттік стандартты қалыптастыру және байланыс қызметін көрсету бойынша талдамалық ақпараттар, жүргізілген төлемдер, телекоммуникациялық операторлар басқармасына қатысты шешімді қабылдау негіздемесіндегі және операторлар үшін абоненттік жеке тұлғалық шоттардың қаржылық жағдайында қалыптастыру.

Стандарттық әртүрлі байланыс желі операторларының аппаратық құралдарынан есеп ақпаратын автоматты жинау үшін және физикалық немесе заңды тұлғаларға байланыс қызметтерін көрсету және олармен есеп айыру үрдістерін автоматтандыру үшін арналған байланыс қызметін есептеудің барлық автоматтандырылған жүйелеріне талаптар орнатады. Осы стандарт телекоммуникация операторлары беретін жалпы пайдалану желісіндегі, радиотелефондық ұялы байланыс желілеріндегі, жылжымалы радиотелефондық желілеріндегі, радиобайланыс желілеріндегі, дербес шақыру желілеріндегі, «Искра» желісіндегі, АТ/Телекс желісіндегі, деректерді жіберу мен жалпы пайдаланатын телематиктік қызмет желілеріндегі, радиотелефондық желілеріндегі, жалпы пайдалану байланыс желісіне шыға алатын ведомствалық желілеріндегі және өндірістік емес мәнге ие болған ерекшеленген желілеріндегі байланыс қызметтері үшін барлық есептеуді автоматтандыратын жүйелерініне таратылады.

Осы стандарт телеграфтық желілердің операторлары көрсетететін байланыс қызметтерін есептеуді автоматтандырылған жүйелеріне таратылмайды.

І-ТАРАУ. СТАҢДАРТТАР. КОНСТРУКТОРЛЫҚ ҚҰЖАТТАР

І. І. СТАНДАРТТАР

Өнеркәсіптің әр саласындағы әрекеттердің жалпы ережелерін тағайындауды және оларды қолдануды стаңдарттау дейді. Стаңдарттау ғылымның, техниканың және тәжірибе жетістіктеріне негізделген, прогрессивті дамудьң бірінші шарты болып табылады.

Стандарттауға арналған теориялық немесе тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі стандарт. Оның берілу түрлері: 1) арнаулы талаптар, ережелер және мөлшерлер келтірілген құжаттар; 2) негізгі өлшемдер немесе константалар (мысалы абсолютті ноль, Кельвин шкаласымен) ; 3) салыстыруға арналған зат (мысалы метр эталоны) . Стандарттаудың обьектілері: бұйымдар, мөлшерлер, ережелер, талаптар, тәсілдер, терминдер және ғылымда, техникада қолданылатын белгілер.

Бұйымдардың халықаралық техникалық сәйкестігі стандарттаудың маңызын жоғары деңгейге көтереді. Себебі ортақ стандартсыз халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық даму мүмкін емес. Халықаралық ортақ стандартгарды дайындайтын мекеме ИСО (стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым) . Бұрынғы Совет Одағына енген тәуелсіз елдерде мемлекеттік стандарттар МЕСТ (государственный стандарт-ГОСТ), салалық стандарттар САСТ (отраслевой стандарт-ОСТ) және кәсіпорындық стандарттар КӘСТ қолданылады.

Мемлекеттік стандарттар (МЕСТ) көп сериямен жасалатын көпшілік бүйымдарға, мемлекеттік аттестация өткен бұйымдарға, экспорттық бұйымдарға, ғылым мен техниканың әр саласының байланысымен бірлігін сақтауға және бүйымдардың сапасын арттыруға бағытталған мөлшерлерге, ережелерге, талаптарға, белгілерге т. б. объекттерге тағайындалады.

Салалық стандарттау (САСТ) мемлекеттік стандарттауға

жатпайтын бұйымдарға, салада қолданылатын үлгілі технологиялық процестерге, жабдықтарға, мөлшерлерге, саймандарға, саланың өндірістерімен ұйымдарының өнеркәсіптік- техникалық байланысьн қамтамасыз ететін ережелерге, талаптарға, терминдерге, белгілерге тағайыңдалады. Салалық стандарттар саланың ерекшелігіне қатысты мемлекеттік стандарттарға шектеу қоя алады.

Кәсіпорындық стандарттар (КӘСТ) осы кәсіпорынға тән мөлшерлерге, ережелерге, талаптарға, бұйымның құрамдастарына т. б. осы кәсіпорынға қатынасты объекттерге тағайындалады.

Кәсіпорындық стандарттар осы кәсіпорынньщ ерекшелігіне қатысты мемлекеттік және салалық стандарттарға шектеу қоя алады.

Мемлекеттік стандарттаудың сандық коды және аты тағайындалған. Структуралық белгілеудің бірінші екі саны стандарттың класын, үшінші саны подкласын, төртінші саны тобын көрсетеді.

1. 2 БҰЙЫМДАР . МЕСТ 2. 101-68

БҰЙЫМ деп кәсіпорында жасалған жеке немесе құралған затгарды айтады. Бұйымның түрлері:бөлшектер, құрамалар, комплекстер және комплекттер.

image1

1. 1-сур. Бұйым түрлері және оның структурасы

Бөлшек - құрастыру операциясын қолданбай біртекті (аты, маркасы) материалдан жасалған бұйым. Мысалы: білік, шатун, корпус т. б.

Құрама - құрамдас бөліктері жасаушы кәсіпорында жиналатын бұйым. Жинау, бұрау, пісіру, желімдеу, сығымдау т. б. операциялар арқылы жасалуы мүмкін. Мысалы: мотор, редуктор т. б.

Комплекс - жасаушы кәсіпорында жиналмайтын, бірақ өзара байланысты эксплуатациялық функцияларды атқаратын, екі немесе бірнеше бұйым. Мысалы: астық бастырушы комбайн- жаткасы, копнителі кәсіпорында комбайнға орнатылмайды.

Комплект - жасаушы кәсіпорында жиналмайтын, ортақ қосалқы қызметтер атқаратын екі немесе бірнеше бұйым. Мысалы: қосалқы бөлшектер комплекті, саймандар комплекті т. б.

Бұйымдар түрлерінің структурасы 1. 1-сур. көрсетілген. Суреттен көрінгеніндей, құрама кіші құрамалардан, бөлшектерден комплекттерден; комплекс кіші комплекстерден, құрамалардан, бөлшектерден, комплекттерден; комплект құрамалардан, бөлшектерден және кіші комплекттерден тұруы мүмкін.

1. 3. КОНСТРУКТОРЛЫҚ ҚҰЖАТТАР МЕСТ 2. 102-68

Өнеркәсіптің барлық салаларындағы бұйымдардың конструкторлық құжаттарының түрлерін және толықтығын МЕСТ 2. 102-68 тағайындайды.

Конструкторлық құжатгар - бұйымның құрамын және құрылысын анықтайтын, оны дайындауға, жинауға, тексеруге, қабылдауға, пайдалануға және жөндеуге қажетті деректер бар графикалық және жазба құжат.

Бөлшек сызуы - бөлшектің көріністері және оны жасауға, тексеруге қажетті деректер бар құжат.

Құрама сызу - құраманың көріністері және оны жинауға, тексеруге қажетті деректер бар құжат.

Жалпы түрдегі сызу - бүйымның конструкциясын, оның құрамдас бөліктерінің өзара қатынасын және жұмыс істеу принципін көрсететін құжат.

Схема - бұйымның құрамдас бөліктері және олардың ара қатынастары шартты белгілермен көрсетілген құжат.

Спецификация - құраманың, комплекстің және комплекттің құрамын көрсететін құжат.

Түсіндіргіш жазба - дайындалатын бұйымның жұмыс істеу принципін, құрылысын түсіндірегін және қабылданған

техникалық, технико-экономикалық шешімдерді негіздейтін құжат.

Конструкторлық құжаттарға теориялық сызу, габариттік сызу, техникалық шарттар, техникалық есептеулер, нұсқаулар және т. б. кіреді.

1. 4. ЖОБАЛАУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕСТ 2. 103-68

Өнеркәсіптің барлық салаларында жасалатын бұйымдардың конструкторлық құжаттарын дайындау кезеңдерін және орындалатын жұмыстарды МЕСТ 2. 103-68 тағайындайды

Техникалық ұсыныс. Материалдар жинау. Техникалық ұсыныс дайындау. Конструкторлық құжатты дайындаудың қажеттігін дәлелдейтін техникалық және технико-экономикалық негіздер.

Эскиздік жоба. Конструкторлық негізгі шешімдер; құрылысы, жұмыс принципі жөнінде жалпы түсінік беретін және негізгі параметрлерін көрсететін конструкторлық құжаттар жинағы.

Техникалық жоба. Конструкторлық соңғы шешімдер; құрылысы, жұмысы жөнінде толық түсінік беретін және жұмыс құжаттарын дайындауға қажетті деректер бар құжаттар жинағы. Макеттер дайындау және сынау.

Конструкторлық жұмыс құжаттары. Тәжірибелік үлгі (партия) жасауға арналған конструкторлық құжаттар жинағы. Сынақтан кейін конструкторлық құжаттарға қажетті өзгертулер енгізу. Қабылдау сынағы. Конструкторлық құжаттарға қажетгі өзгертулер енгізу. Дайындалған белгілі серияның сынағы. Конструкторлық құжаттарға қажетті. өзгертулер енгізу. Бұйымды жасау және тексеруге арналған конструкторлық құжаттар жинағы.

ІІ-ТАРАУ. ТЕХНИКАЛЫҚ СЫЗУДЫҢ ЖАЛПЫ

ЕРЕЖЕЛЕРІ.

2. 1. ФОРМАТТАР. МЕСТ 2. 301-68

Сызулар өлшемдері тағайындалған қағаз парағында, форматтарда орындалады. Парақтың форматы қағаз шеттерінің немесе жіңішке сызықпен жүргізілген сыртқы рамканың өлшемдерімен анықталады.

Сыртқы рамканың сол жағынан (қағаздың шетінен) 20 мм, басқа жақтарынан 5 мм қашықтықта негізгі сызық пен ішкі рамка жүргізіледі.

Негізгі форматтар ауданы 1м 2 , өлшемдері 1189х841мм парақты кезекпен ұзын жағынан екіге бөліп отырғанда алынады. Қосымша форматтарды алу үшін негізгі форматтың қысқа жағын n-рет көбейтіп отырады. Форматтардың белгілері мен өлшемдері 2. 1- кестеде берілген.

Форматтардың белгілері мен өлшемдері.

2. 1-кесте

Негізгі
Форматтар
Қосымша форматтар
Негізгі:

. Белгілері

Форматтар: Өлшемдері
Қосымша форматтар: Белгілері
Өлшемдері
Негізгі: АО
Форматтар: 841x1189
Қосымша форматтар: АОх2
1189x1682
Негізгі:
Форматтар:
Қосымша форматтар: АОхЗ
1189x2523
Негізгі: А1
Форматтар: 594x841
Қосымша форматтар: АІхЗ
841x1783
Негізгі:
Форматтар:
Қосымша форматтар: А1х4
841x2378
Негізгі: А2
Форматтар: 420x594
Қосымша форматтар: А2хЗ
594x1261
Негізгі:
Форматтар:
Қосымша форматтар: А2х4
594x1682
Негізгі:
Форматтар:
Қосымша форматтар: А2х5
594x1202
Негізгі: АЗ
Форматтар: 297x420
Қосымша форматтар: АЗхЗ
420x891
Негізгі:
Форматтар:
Қосымша форматтар: А3х4
420x1189
Негізгі:
Форматтар:
Қосымша форматтар: А3х5
420x1486
Негізгі:
Форматтар:
Қосымша форматтар: АЗхб
420x1783
Негізгі:
Форматтар:
Қосымша форматтар: А3х7
420x2080
Негізгі:
Форматтар:
Қосымша форматтар:
420x1783
Негізгі: А4
Форматтар: 210x297
Қосымша форматтар: А4хЗ
297x630
Негізгі:
Форматтар:
Қосымша форматтар: А4х4
297x841
Негізгі:
Форматтар:
Қосымша форматтар: А4х5
297x1051
Негізгі:
Форматтар:
Қосымша форматтар: А4х6
297x1261
Негізгі:
Форматтар:
Қосымша форматтар: А4х7
297x1471
Негізгі:
Форматтар:
Қосымша форматтар: А4х8
297x1682
Негізгі:
Форматтар:
Қосымша форматтар: А4х9
297x1892
Негізгі: А5
Форматтар: 148x210
Қосымша форматтар:

Бұйымның құрамдастарын немесе жеке элементтерін сызу бетінен жылдам табу үшін оны зоналарға бөледі. Ол үшін рамканы горизонталь бағытта араб цифрларымен (қабылданған интервалмен), вертикаль бағытта рим алфавитімен белгілейді. Зона белгілері: 1А, 3В, 5С, . . форматты зоналарға бөлу А1-ден үлкен парақтарда тиімді.

  1. МАСШТАБТАР. МЕСТ 2. 302-68

Сызудағы кез-келген кесінді ұзықдығының оның нақты өлшеміне қатынасын масштаб дейді. Масштабтар үш түрге бөлінеді: нақты өлшем, кішірейту масштабтары, үлкейту масштабтары. Стандартпен қабылданған масштабтар:

Нақты өлшем - 1:1

Кішірейту масштабтары-1:2; 1:2, 5; 1:4; 1:5; 1:10; 1:15; 1:25; 1:40; 1:50; 1:75; 1:100; 1:200; 1:400; 1:500; 1:800; 1:1000. '

Үлкейту масштабтары - 2:1; 2, 5:1; 4:1; 5:1; 10:1; 20:1; 40:1; 50:1; 100:1.

Сызуда масштаб М әрпімен белгіленеді, мысалы М1:2, М4:1, М1:1. Сызудың негізгі жазуында (бұрыштамада) масштаб М әрпінсіз қойылады - 1:2, 4:1, 1:1.

  1. СЫЗЫҚТАР. МЕСТ 2. 303-68

Сызудың сапасы ондағы сызықтардың міндетіне қарай дұрыс қабылданып, орындалуына байланысты. Сызуларда қалыңдығы және орындалуы әртүрлі сызықтар қолданылады. Сызықтардың аты, сызылуы және қолданылуы 2. 2-кестеде көрсетілген.

МЕСТ 2. 303-68 сызықтардың тоғыз түрін бекітеді. Олардың әрқайсысының қалыңдығы, негізгі сызықтың қалыңдығы S-ке байланысты алынады. Сызудағы бейненің өлшемдеріне, күрделілігіне және форматқа байланысты негізгі сызықтың қалыңдығы 0, 6-1, 4 мм аралығында қабылданады.

Бірдей масштабта орындалған бір сызудағы сызықтар, түріне байланысты, барлық бейнелерде бірдей орыңдалады.

Сызықтарды қодданудың кейбір ерекшеліктері:

-сызықша-нүктелі сызық нүктемен емес сызықшамен аяқталады;

-сызықшалардың ұзындығы көріністің өлшеміне байланысты;

-сызықшалардың және сызықша аралықтарының ұзыңдығы мүмкіндігінше бірдей болғаны дұрыс;

-шеңбердің центрі (ортасы) нүктемен емес, сызықшалардың қиылысымен көрсетіледі;

-диаметрі 12 мм ден аспайтын шеңберлердің және өлшемі сондай басқа фигуралардың (мүсіндердің) сызықша-нүктелі ось сызықтарын тұтас жіңішке сызықпен алмастырған жөн;

- сызықша және сызықша-нүктелі сызықтар өзді-өзі және басқа сызықтармен тек сызықшалары арқылы қиылысуы қажет;

image2

  1. ШРИФТТЕР. МЕСТ 2. 304-81

Сызулардағы барлық жазулар мен өлшемдер стандартгы шрифттермен орындалады. Өнеркәсіп пен қүрылыстың барлық салаларына сызу шрифттерін МЕСТ 2. 304-81 тағайындайды.

Шрифттің 10 өлшемі, 2 түрі қабылданған.

Шрифттің өлшемі, миллиметрмен табанынан тік өлшенген, бас әріптің биіктігімен һ анықталады. Шрифттің стандартпен тағайындалған өлшемдері: (1, 8) ; 2, 5; 3, 5; 5; 7, 10, 14, 20, 28, 40. 1, 8-шрифтті ерекше қажет жағдайда ғана қолданады.

Шрифттің түрі әріп сызықтарының қалыңдығы d мен анықталады: шрифттің А түрінде d=(1/14) һ, Б түрінде d=(1/10) һ

Шрифттер тік (жол сызығына 90° ) және көлбеу (жол сызығына 75° ) болып та бөлінеді.

Өлшемі 20-ға дейінгі шрифттердің параметрлері 2. 3-кестеде берілген.

  1. а-суретте А түрлі тік шрифт, 2. 2, б-суретте Б түрлі көлбеу шрифт көрсетілген.

Барлық текст бойында әріптер мен цифрлардың сызықтарының қалыңдықтары бірдей болуы қажет. Стандартты шрифтті дұрыс және жылдам жазу үшін жаттығу барысында табылатын белгілі дағды қажет. Сондықтан, бастапқы кезде шрифтті арнаулы торда орындаған жөн, 2. 2-сур.

Стандартты шрифтті орындаудың кейбір ерекшеліктері:

  1. Д, Ц, Щ, Ъ әрілтерінің және 4 цифрының бүйір элементтері, Й әріпінің жоғарғы белгісі әріптер мен жолдардың аралықтарыңда орналасады.
  2. Қатар сызықтары параллель емес (мысалы АБ, ГД, ТА ) әріптерінің ара қашықтарын екі есе азайтуға болады.
  3. Барлық әріптерді екі топқа бөлуге болады. :

-тек түзу сызықтармен орындалатындар - А, Г, Е, Ш, м, н, х, . . .

-түзу және қисық сызықтармен орындалатындар (түзу сызықтар қисық сызықпен иіліп жалғанады) - 0, В, Б, е, з, . . .

  1. А, Б, В, Е, Н, Р, Ч, Б, Э, . . . орталық элементтері ортадан төмен немесе жоғары орналасады.

М әрпінің орталық элементтері, К әрпінің аяғы диоганаль бағытында.

image3

image4

image5

2. 2, б3-сур. Б түрлі шрифт. Кіші әріптер

image6

image7

  1. а-суретте Б түрлі тік шрифтпен орыңдалған латын алфавиті, 2. 3, б-суретте А түрлі көлбеу шрифтпен орындалған грек алфавиті көрсетілген. Грек алфавиті әріптерінің аттары 2. 4-кестеде берілген.

2. 4-суретте Б түрлі араб және рим цифрлары көрсетілген.

А түрлі шрифтпен орындалған кең қолданылатын таңбалар

  1. суретте олардың аттары 2. 5-кестеде берілген.

image8

2. 4-сур. Араб және рим цифрлары. Б түрлі шрифт.

image9

2. 5. ӨЛШЕМДЕР ҚОЮ. МЕСТ 2. 307-68

Өлшемдерді жөне ауытқу шектерін қоюды МЕСТ 2. 307-68 тағайындайды.

Сызуда бейнеленген бұйымның, оның элементтерінің өлшемдерін өлшем сандары көрсетеді. Өлшем сандары өлшем сызықтарының үстіне қойылады, 2. 7-сур. Цифрлардың биіктігі (өлшемі) сызудағы жазулардьщ әріптерінен бір өлшем үлкен болғаны жөн. Өлшем сызықтары контур, ось немесе шығару сызықтарының арасында жүргізіледі. Өлшем сызығы өлшенетін контур сызығына параллель, ал шығару сызығы контур сызығының жалғасы ретіңде, S/2-S/3 қалыңдықпен, тұтас жіңішке сызық түрінде жүргізіледі. Өлшем және шығару сызықтары негізінде өзара перпендикуляр орналасады, кей жағдайда олар параллелограмм құруы да мүмкін (Ø0, 91N), л-сур. Өлшем сызықтары стрелкамен аяқталады, ал шығару сызығы стрелкадан 2-5 мм шығыңқы болады. Стрелканың элементтері, а-суретте көрсетілген.

Мүмкіндігінше өлшем сызықтарын контурдың сыртынан жүргізеді және өлшем, шығару сызықтарының өзара қиылыспағанын қадағалайды. Ол үшін контурға таяу қысқа өлшем сызығын жүргізіп, ұзынын контурдан алыс орналастырады. Негізінде шығару сызықтарын көрінетін контурдан жүргізеді, көріністердің санын азайтуға себеп болса - көрінбейтін контурдан да жүргізуге рұқсат етіледі. Контур мен өлшем сызығының және өзара параллель өлшем сызықтарының ара қашықтығы 7-10 мм, в-сур.

Ұзындық өлшемдер миллиметрмен қойылып сызуда өлшем бірлігі (мм) көрсетілмейді, ал жазуларда (сызудағы) немесе мәтіндерде оны көрсету қажет.

Өлшем саны өлшем сызығының ортасына таман орналасқаны жөн. Бірақ өлшем сызықтары сатылы орналасса, өлшем сандарын шахмат ретімен қояды, в-сур.

Өлшем саны немесе стрелкалар өлшем сызығының үстіне сыймайтын жағдайларда оларды сырттан қоюға да болады, б-сур.

Егер стрелка контур сызығын қиятын болса немесе цифрлар мен белгілер штрихтаудың үстіне келсе, соңғыларды үзу қажет, к- сур. (Ø 20; Ø 14x5), л-сур. (>1:15) . Тізбек орналасқан кішкентай өлшемдерді қойғанда стрелкаларды нүктелермен алмастыруға болады, в-сур.

Өлшем сызықтарының әртүрлі орналасуына байланысты, өлшем сандары тік немесе оң қолдан оқылуы қажет, басқа жағдайларда оларды шығару сызығының сөресіне қояды.

image14

image15

Шеңбер диаметрінің өлшемі алдынан қойылатын белгі: Ø - диаметірі өлшем санының биіктігінің 5/7 не тең шеңберді 75° көлбеу таяқша кеседі. Радиустың өлшем санының алдына R бас әрпін қояды. Сызуда сфераны айыру күмәнді болса, өлшем санының алдына ”Сфера” деген сөз немесе таяқшасыз шеңбер О қояды, мысалы: ”Сфера Ø 40”, ” Ø 10”. Бөлшектің біркелкі ұзындығын L, қалыңдығын S бас әріптері көрсетеді, е, г-сур.

Шеңбердің диаметірін ішінен, сыртынан немесе шығарылған сөреге қояды. Шеңбердің екінші жағы көрінбесе өлшем сызығын осьтен асып тоқтатады, л-сур. (Ø 0, 4N) . Өлшемі бірдей шеңберлердің диаметірін бір рет көрсетсе жеткілікті, ж-сур.

Радиустың өлшемін центірден өтетін өлшем сызығына, доғаның ішінен, сыртынан немесе шығарылған сөреге қояды, к-сур. Ұзын радиустарды 90° бұрышпен қиып, центрді доғаға жақындатуға болады. Шеңбер доғасының ұзындығын көрсететін белгі ∩ өлшем санының үстіне қойылады - шығару сызықтары биссектрисаға параллель, өлшем сызығы бір центрлі доға, ж, к-сур.

Квадрат: элементтерді көрсететін белгі □ - биіктігі цифрлар өлшемінің 5/7-і, л-сур.

Конустың екі шеңберінің диаметрлері айырымының олардың ара қашықтығына қатынасын конустық дейді. Конустық бірлік бөлшекпен, процентпен немесе градуспен беріледі. Конустықты көрсететін белгі: ∆ - конустың төбесіне бағьпталып, шығарылған сөреге немесе конустың осінің үстіне қойылады, л-сур.

Бір сызықтың екінші сызыққа көлбеу орналасуын көлбеулік көрсетеді. Көлбеулік екі сызықтың ара бұрышының тангенсімен анықталып, бірлік бөлшекпен, процентпен немесе градуспен беріледі. Көлбеулік белгісі: >- көлбеу жаққа бағытталып, шығарылған сөреге немесе көлбеу сызықтьщ үстіне қойылады, к, л-сур.

Машина бөлшектерінің кең тараған элементтерінің бірі фаскалар -қырлардың немесе жиектердің қиғашталуы. 45°-пен орындалған фасканың өлшемдері шығару немесе контур сызықтарына бір жолмен жазылады - бірінші цифр фасканың ені, екіншісі бұрышы. Басқа бұрыштармен орындалған фаскалар ендік және бұрыштық немесе екі ендік өлшемдермен қойылады, л-сур. (3x45°, 2 және 60° ) . Бірдей бірнеше фасканың өлшемдері бір-ақ жерге қойылып ”2 фаска”, ”3 фаска”, . . деген сөз қосылады, л-сур.

Негізгі ереже - сызудағы өлшемдер саны минимальді, бірақ бұйымды орындауға және тексеруге жеткілікті болуға тиісті. Бір өлшем бір сызуда (көріністерде, техникалық талалтарда, негізгі жазуда және спецификацияда) бір-ақ рет қойылады. Бұйымды орындау үшін пайдаланылмайтын, бірақ сызуды оқуды (түсіну) жеңілдету үшін қойылған өлшемдерді анықгама өлшемдер дейді. Сызуда анықтама өлшемдерге (*) жұлдызша қойылып, техникалық талаптарға ”*Анықтама өлшемдер” деп жазады. Анықтама өлшемдерге жататындар:

-жартылай дайын бұйымньщ (изделие-заготовка) сызуынан алынған өлшемдер;

-басқа бөлшекке қатьшасты өңделетін элементтерінің орнын көрсететін өлшемдер;

-құрама сызуда конструкцияның кейбір элементгерінің шекті жағдайын көрсететін өлшемдер, мысалы: поршеннің жолы, т. б. ;

-құрама сызуға бөлшек сызудан көшірілген орнату, жалғау өлшемдері;

-сортты, фасонды т. б. прокаттардан жасалған бөлшектердің негізгі жазудағы “материал" графасында берілген өлшемдері.

Бұйымды монтаждау немесе басқа бұйыммен жалғау элемештерінің өлшемдерін орнату - жалғау өлшемдері дейді. Бұйымның шекті сыртқы немесе ішкі өлшемдерін габарит өлшемдері дейді.

Бір осьтің немесе шеңбердің маңында орналасқан бұйымның элементтерінің өзара орналасу өлшемдерін қою жолдары:

-бір ортақ базадан (беттен, осьтен), г-сур. ;

-топталган өлшемдеоді бірнеше базадан, д-сур. ;

-тіркес орналасқан элементтердің өлшемдерін тізбектеп қою, е-сур.

Бірінші габарит өлшемдері, кейін, бір немесе бірнеше база қабылдап, басқа өлшемдер қойылады. Өлшемдер тізбегі жабық болмауы қажет (бір өлшемі анықгама өлшем больш берілген тізбек қана жабық болуы мүмкін) .

Бір бөлшектің сыртқы және ішкі өлшемдерін бөлшектің екі жағына шығарған ыңғайлы, л-сур.

Біркелкі орналасқан элементтерді көрсету үшін өлшемдер тізбегі қажет емес; бір ара қашықтықпен, ара қашықтықтар санының көбейтіндісін көрсетсе жеткілікті, ж-сур. (15x6=90, 15°х4=60°) . Әркелкі орналасқан элементтердің үзьшдық немесе бұрыштық өлшемдерін көрсету үшін бір базаны ”0” деп нүктемен белгілеп, ортақ өлшемдер сызығын жүргізеді. Өлшемдер ”0” ден бастап, шығару сызығының тұсына үдете қойылады, ж-сур. (0, 10,

  1. . ) . Әртүрлі элементтер әркелкі орналасқан жағдайда
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөлшектердің сызбасын орындаудың тәжірибелік жұмыстары
Сызуды оқыту әдістемесі
Сызуды оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы
Сабақта оқытуды қамтамасыз ететін оқыту әдістерін қолдану
Оқушылардың графикалық білімін, дағдысын қалыптастырудағы психология шеберлігі
Сызуды оқыту әдістерінің түрлері
Сызуды оқыту әдістемесінің жүйесі
Тақырып бойынша графикалық сызба жұмыстарын орындау
Қазақ тілі орфографиясындағы негізгі және қосалқы принциптер
Сызба сызықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz