Дінмұхамед Қонаев қоғам қайраткері


Дінмұхамед Қонаев қоғам қайраткері
Қонаев, Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы (1912-1993) - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері.
Алматы қаласында, қызметкерлердің отбасында өмірге келген. Орта мектепті бітіргенннен кейін, Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті оны Мәскеу Түсті металл алтын институтына оқуға жібереді. Институтты ойдағыдай бітіріп, тау кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болып істейді.
Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады. 1942-52 жж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етеді. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңіреді. Ғылыми ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылады.
Д. Қонаев 1955-60 және 1962-64 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960-62 және 1964-86 жж. Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді.
Ол бірнеше мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. СОКП ның 19 съезінен бастап кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 ж. СОКП Орталық комитетінің мүшесі. Партияның 23 съезінде ол СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал 24 съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды.
Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. 1960 жж. басында Н. С. Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайта қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі еді.
1986 ж. СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М. С. Горбачевтің келуіне байланысты Д. Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды. 18 минөт өткізілген пленумда орнына Ульяновск облысынан Г. В. Колбин отырғызылды. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең сезініп, қолдай білді.
Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 ж. тамыздың 22-інде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.
Дінмұхаммед Қонаевтың ескерткіші алдында «Д. Қонаев мүсіндері» атты ашық көрме болып өтті. Алматы қалалық мәдениет департаменті мен Д. Қонаев мұражайы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен бұл шара ескерткіш алдына гүл шоқтарын қою және аталған көрменің ашылу рәсімімен басталды.
Бұл көрмеге Дінмұхаммед Ахметұлының көзін көріп, ол кісімен қызметтес болған, оның тәлім-тәрбиесін алған Ж. Еркінбеков, С. Жиенбаев, І. Балтағұлов, Қ. Қонақбаев, К. Нұрмақов, туған қарындасы С. Қонаева, немере інілері Э. Қонаев, Д. Қонаев, Димаш ағамыз туралы кітап жазған М. Акуев пен С. Әбдірайымов және ескерткіш авторы Ш. Бекболатовтар қатысты. Олар қазақтың біртуар дарынды ұлы туралы тағылымы зор естеліктер айтты.
- Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 95 жылдық мерейтойы бағдарламасының аясында өткізіліп отырған ашық көрменің мақсаты - қазіргі жастарды тарихи және мәдени ескерткіш болып табылатын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қонаевқа арнап республикамыздың әр аймақтарында қойылған ескерткіштерімен таныстыру, - дейді Қонаев мұражайының директоры Болысбек Батталханов. Осы мәдени шара барысында Қазақ ұлттық аграрлық және Д. Қонаев атындағы университет, сондай-ақ Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының студенттері ұлы аталарына арнаған төл шығармаларын орындады.
Қолөнер шеберлерінің семинары өтті
Кілем тоқу шеберлігіне байланысты өткен республикалық семинарға қатысушылар «өнер атаулы да заманға қарай өзгерісті талап етеді. Кілем мен киіз бетіне түсірілген ою-өрнектер халықаралық деңгейде болуы тиіс» дейді. Бүгінде Ә. Қастеев атындағы көркемсурет колледжінде Түрікменстаннан келген шебер дәріс беруде. Сан ғасырдан бері келе жатқан қолөнер шеберлігі бүгін өзгеріс тапқан. Кілемдерді көненің көзіндей сақтаған суреттердің түс бояу түрлері көбейіпті. Кезінде небәрі төрт-ақ бояу қолданылған екен. Көз жауын алар бояулардың көбеюіне технология аса дамыған кезең өз септігін тигізіп отыр дейді түрікменстандық шебер Людмила Киселева. Семинардың мақсаты - атадан келе жатқан ұлттық нақышты жоғалтпай халықаралық деңгейге көтеру. Қолөнер шеберлері бүгінде жастардың бұл өнер түріне деген қызығушылығының төмендеп кеткенін айтып қынжылады. Адамды төзімділікке, әсемдікке тәрбиелейтін бұл өнер түрімен түбегейлі айналысуға бет бұрғандар тым аз. Соңғы кезде шеберлер пияз бен өзге де бояу қасиеті бар көкөністерді қолданып, алуан түрлі түстер шығаруда. Республиканың түкпір-түкпірінен жиналған қолөнер шеберлері өзара тәжірибе алмасып, білгендерін ортаға салды. Ұлттық бағдарламаны қолға алған Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Еуразия қоры мұндай семинарды әуелі оңтүстікте, содан кейін Батыс Қазақстанда өткізуді жоспарлап отыр. Бұдан кейін қолөнер шеберлігін дамыту мықтап қолға алынбақ
Қонаев-ғұмыржәне қоңыржыр
Халықтың сүйікті дана ұлын еске алу кешіне Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Бәйкен Әшімов бастаған Димекеңмен қызметтес болған жақын серіктері, қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер шеберлері, Димаш атаның туған қарындасы Гаухар апай бастаған туыс-туғандары түгелдей жиналды.
Кеш «Д. А. Қонаев - ғасыр саңлағы» деректі фильмімен ашылды. Димекеңмен қызметтес болған жақын серіктерінің бірі, қоғам қайраткері Кеңес Аухадиев ғасыр саңлағы жайында толымды баяндама жасады.
Қазіргі орта жастан асқан белгілі өнер адамдарының Димекеңнің шарапатын көрмегендері сирек шығар. Оны осы кеш барысында сахнаға шыққан белгілі өнер қайраткерлерінің ашыла айтып, шашыла өнер көрсеткенінен де аңғаруға болады. Димекеңе арнап, өзі шығарған «Ағатай - асқақ ән» әнін шымырлата салған белгілі күйші Шәміл Әбілтаев Димаш ата 1979 жылы өзіне арнап шыққан осы бір қоңыр әнді ерекше ұнатып тыңдап, батасын бергенін айтса, бұлбұл әнші Бибігүл Төлегенова Димекең ерекше сүйіп ұнатқан «Гаухартас», «Қазақ вальсі» әндерін қалықтатты. Әнші Нұрғали Нүсіпжанов халық әні «Алқоңыр», Нұрғисаның әні «Өз елімді», жақында ғана мемлекеттік сыйлықтың иегері атанған Ескендір Хасанғалиев «Асыл арман», «Атамекен» әндерін асқақтатты. Халық әртісі Сұлтан Байсұлтанов Абайдың «Айттым, сәлем Қаламқасын», халық әртісі Майгүл Қазтұрғанова «Жүрегім» әнін толқытты. Соңғы әнді кезінде Димаш ата өте бір елжіреп тыңдаған көрінеді. Және Майгүл әншінің баспаналы болуына тікелей өзі араласыпты. Халық әртісі Сара Тыныштығұлова атақты «Алатаумен» қоса, Димаш атаға арнап шығарылған Ақтоты Райымқұлованың әнін шабыттана орындады. Сөзін ақын Тұрсынзада Есімжанов жазған бұл әнді әнші соңғы рет бұдан 25 жыл бұрын орындапты. Кезінде бүкілодақтық сазгерлер фестивалінде бұл ән Ақтотыға Гран-при жүлдесін алып берген екен. Ал Н. Тілендиев атақты «Алатау» әнін өзі де Алатау тектес, атқан оқ жетпес Димекеңе арнап жазғаны белгілі. Жаратылысынан сыпа, дегдар Димаш ата кезінде «бұл әннің маған арнап шығарылғанын ешкім білмесін» деп тапсырған көрінеді.
- Маған Димаш Ахметұлы жайлы бір ауыз сөз сөйлеу тапсырылған. Меніңше, Қонаев бір ауыз сөзге сыймайды. Қонаев - менің бүкіл жастығым, мені өнер шыңына жеткізген баспалдағым» деп қысқа қайырды Естайдың «Қорланын» қоңырлатқан атақты әнші Әлібек Дінішев. Кеш барысында сондай-ақ «Отырар сазы» этнографиялық-академиялық оркестрі мен Бақытжан Байқадамов атындағы хор капелласы өнер көрсетті.
Кеш соңында Димекеңнің туған інісі Асқар Қонаевтың ұлы, Д. А. Қонаев атындағы Қордың президенті Елдар Қонаев:
- Бұдан тура 20 жыл бұрын Димаш Ахметұлы 75 жасқа толған туған күнін өз отбасымен тар шеңберде атап өтуге мәжбүр болды. Енді, міне, 95 жылдығы осындай кең ауқымда аталып өтіліп жатқанына ризашылығымды білдіремін. Біле білсек, ТМД бойынша кезінде мемлекет басқарғандардың кейіннен дәл Димекеңдей құрметтелгені жоқ. Бұл үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына үлкен рақмет, - десе, Димаш атаның жасы 90-ға таяп қалған туған қарындасы Гаухар апа:
- Нұрсұлтан Назарбаев өзінің естелік кітабында «Дінмұхамед Қонаев ірі тұлға болып қалары даусыз» деген болатын. Ағамыздың туған күнін елдің осылай жер-жерде еске алып жатқанына ризамыз» - деді.
Халықтың айтып тауыса алмайтын шежіресі, әулие тұтқан абызы Димаш ата Қонаевтың 95 жылдығын еске алу кеші кеше Республика Сарайында «Қазақстан және Қонаев» атты республикалық айтыспен жалғасты. Оған Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 16 айтыскер қатысты. Димаш атаның 1978 жылы Алматыдағы Бөгенбай батыр мен Қонаев көшелерінің қиылысында орнатылған мүсініне гүл шоқтары қойылды. 2002 жылы Димаш атаның 90 жылдығында ашылған Қонаев мұражайында «Біз Д. А. Қонаевты құттықтаймыз» атты көрме ашылды. Д. А. Қонаев атындағы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz