Ауызекі сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4
1.1 Тіл мәдениеті туралы ғалымдар көзқарасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Ауызекі сөйлеудің өлшемдері мен оған қойылатын талаптар ... ... .. 11
2 ОҚУШЫЛАРДЫ АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕСУГЕ ҮЙРЕТУДЕГІ КОММУНИКАТИВТІК ӘДІС ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
17
2.1 Ағылшын тілі сабақтарында тіл мәдениетіне тәрбиелеудің әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
17
2.2 Мектеп оқушыларының ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?
Оқыту тілі өзге тілде жүргізілетін мектептерде тіл үйрету туралы жазылған әдістемелік және ғылыми материалдарды зерделей келе, ақпараттық технологияларды пайдалану туралы мәселеге тоқталуды жөн деп санап, осы тақырыпта жинақтаған іс-тәжірибемді ортаға салмақпын.
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.
Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.
1 Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан – 2050" Қазақстан халқына жолдауы
2 Үмбетова Назира. "Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері" журналы. 2005ж. №6
3 Күзекова З.С. "Екінші тіл оқулығы теориясының лингвистикалық негіздері" монографиясы, 2006ж. №8
4 Мыңбаева Г. "Оқыту - тәрбиелеу технологиясы" журналы, 2007ж. №2
5 "Мектеп" Республикалық ғылыми – әдістемелік, педагогикалық журнал.№03/54 Мырзалиева.Ұ.Ш 2008ж.
6 Садық Әбдіғалиев. Неміс тілін оқытудың негіздері. Алматы, 1992ж. 136 б.
7 http://collegy.ucoz.ru/publ/32-1-0-5829
8 М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы. 1992ж.
9 Жәния Нұржанқызы, "Мектеп" журналы, 2008ж. №3
10 Бабанский Ю.К. Методы обучения современной общеобразовательной школе. Москва, 1985г.
11 Миролюбов А.А. Сознательнопоставительный метод обучения иностранным языкам. Москва. 1998г.
12 Давыдова М.А. Деятельная методика обучения иностранным языкам. Москва, 1990г.
13 Янушкевич Ф. Технология обучения в системе высшего образования. Москва, 1986г. 135 с.
14 Г.М.Коджаспирова. Технические средства обучения методика их использования. Москва, 2001ж. 256 с.
15 К.Сарбасова. Инновациялық педогогикалық технологиялар. Алматы. 2006ж. 176 с.
16 Андреевская-Левенстерн Л.С. Методика преподования фран.яз. в сред. шк. М., 1983
17 Құнанбаева С.С. Шет тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2010ж.
18 Алхазишвили А.А. Основы овладения устной иностран. речью. М., 1988
19 Түсіпқалиева Р.Қ. "Қазақстан мектебі" журналы, 2002ж. №10
20 Бабинская П.Г. Практич. курс метод. преподав. иностр. языков. Минск, 2003ж.
21 Бим.И.Л. Теория и практика обуч. немец. языку в средней школе. М., 1988г.
22 Хмель Н. Біртұтас педогогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы. А., 2003ж. 128 б.
23 Поташник М. Качество образования: проблемы и технология управления. М., 2002г. 352 с.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
1.АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

4
1.1 Тіл мәдениеті туралы ғалымдар көзқарасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
4
1.2 Ауызекі сөйлеудің өлшемдері мен оған қойылатын талаптар ... ... ..
11
2 ОҚУШЫЛАРДЫ АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕСУГЕ ҮЙРЕТУДЕГІ КОММУНИКАТИВТІК ӘДІС ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

17
2.1 Ағылшын тілі сабақтарында тіл мәдениетіне тәрбиелеудің әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

17
2.2 Мектеп оқушыларының ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
27

КІРІСПЕ

Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?
Оқыту тілі өзге тілде жүргізілетін мектептерде тіл үйрету туралы жазылған әдістемелік және ғылыми материалдарды зерделей келе, ақпараттық технологияларды пайдалану туралы мәселеге тоқталуды жөн деп санап, осы тақырыпта жинақтаған іс-тәжірибемді ортаға салмақпын.
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.
Ақпараттық технология - ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек, - деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.

1.АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Тіл мәдениеті туралы ғалымдар көзқарасы

Дүние жүзі тарихына үңілсек, көптеген халықтар Академияларындағы ғылым атаулы тілді зерттеуден бастаған.
Тілдің тіл саясатының биік ұғымы, барлық мәні оның қолдануында. Тіл мәдениетінің деңгейі, оның зерттелуі әрі қоғамдық қызметі арқылы көрінеді.
Тіл - қоғам өмірінің объективті құбылысы, ол бүкіл халық үшін бірдей және адамдар білген құбылыстардың алуан түрін түгел қамтиды.
Тіл - қоғамдық құбылыс деген тезисті ұсынбағанмен, тілдің қоғам өмірімен байланыстылығы, қоғамдағы орны, ролі деген мәселелермен ХІХ В.Гумбольдт еңбектері кейініректе туған лннгвистикалық мектептердің тілдің әлеуметтік сипатына ерекше мән берулеріне түрткі болды. Бұл мәселеге Н.Я.Марр да ерекше мән берді.
Жалпы тілді халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихы мен мәдениетімен тығыз байланыста қарау В.Фон Гумбольдт, И.Гердер, Г.Пауль, В.Вундт, Г.Штейнталь, Э.Сепир, Б.Уорф, А.Потебня т.б. ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады.
Қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Балақаев, К.Аханов, Т.Қордабаев, Ы.Маманов, Н.Уәлиев, Р.Сыздықова, А.Жапбаров, Ә.Болғанбаев, С.Исаев, А.Ысқақов, Р.Әміров, Қ.Жұбанов т.б. ғалымдардың еңбектерінде тіл ұғымының сан қырлы жағына тоқталады. Тіл табиғатының қыр-сырына терең жан-жақты үңілу - ғалым А.Байтұрсынұлынан бастау алып, Қ.Жұбанов зерттеулерімен өз жалғасын тапқан[1, 141-142 б.].
Ал, Мәдениет деген түсінікке тоқталатын болсақ, мәдениет - деген ұғымға беті-қолын жуғаннан бастап, адамзат ақыл-ойының қазіргі жеткен ең соңғы биігіне дейінгі барлық ұғым енеді, - деп М.И.Калинин атап көрсетеді.
Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым, өнер т.б. рухани өмір табыстарының жиынтығы, - дейді тілші-ғалым М.Балақаев өзінің Қазақ тілінің мәдениеті атты еңбегінде [2, 10 б.].
Мәдениет туралы түсінікке де әр ғалым әр түрлі анықтама береді. Қарап отырсақ, мәдениеттің өзі екіге бөлінеді екен. Материалдық және рухани мәдениет. Соның ішінде тіл мәдениеті рухани мәдениетке жатады. Ендігі жерде тіл мәдениеті сөз болмақ.
Тіл мәдениеті оқушылардың тілін ұстарту міндетін жүзеге асырудың амал-тәсілдерін көрсетеді. Тіл мәдениетіне тән нормалар оқушылардың таза, нақты, лайықты әдеби тілмен сөйлеуге, диалект сөздер мен дөрекі сөздерді қолданбауға, сөйлеген сөздері жатық, әсерлі, түсінікті болуын қадағалайды. Сонымен қатар, олардың мәнерлеп оқуын, сондай-ақ өз ойларын логикалық тұрғыдан байланыстыра, жүйелі жазу дағдыларын қальштастыруға тиіс.
Осы мәселені зерттеу тақырыбы ретінде ала отырып, алдымен тіл мәдениеті дегеніміз не деген сұраққа жауап іздедік. М.Балақаевтың жоғарыдағы мәдениет туралы айтқан анықтамасын ары қарай тіл мәдениетімен жалғастырсақ ол өз ойын былайша көрсетеді: Тіл мәдениеті дегеніміз - тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сонымен қатар, ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы [2, 17 б.].
Тіл мәдениеті дегеніміз - сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық, - деп анықтама береді Н.Уәлиев өзінің Сөз мәдениеті атты еңбегінде.
Ал тілші-ғалым Р. Сыздықова: Тіл мәдениеті дегеніміз - сөздерді дұрыс орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау(лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру, - дейді [3,24-25].
Тіл мәдениеті негізінен Сөз мәдениеті, Сөзді орынды қолдану деген ұғымды білдіреді. Өйткені, тіл мәдениетінің негізгі зерттейтін объектісі - сөз, сөздің дұрыс айтылуы, дұрыс жазылуы, дұрыс қолданылуы, сол арқылы ойдың айқын, әсерлі жетуі, екі ұштылықтың, күңгірттіктің болмауы. Соған орай тіл мәдениеті ғылымын үлкен екі салаға: ауызша сөйлеу мәдениеті, сөз қолдану мәдениеті деп бөлуге болады.
Сондықтан сөйлеу мәдениетіне байланысты өтілетін практикалық сабақтарда ауызша сөйлеу тілінің ерекшеліктеріне көп көңіл бөлініп, қателерді тіл фактілері негізінде талдап, сырын ашып көрсетудің пайдасы зор.
Тіл байлығы - сөз байлығы. Ал сөз байлығы әр адамның лексикасындағы қолданылатын сөздердің санымен байланысты болғанымен, негізгі байлық - ой байлығы, сол сөздерді қиюластырып, әсем де әсерлі ой мұнарасын қалай білуде. Себебі сөзді көп біліп, бірақ оны орынды, ойлы, образды жұмсай алмасаң, одан не пайда? Ал сөзге көп мағына сыйғызып, әр сөздің парын, мән-мазмұнын, стильдік бояуын дөп басып беру ойлау қабілетімен, оның шығармашылық сипатымен ұштасып жатады. Ал ой байлығына жету үшін тіл дамуының кешегісі мен бүгінгісін, лексикалық қабаттын баю, толығу жолдарын, тілде пайда болған жаңа құбылыстардың өміршеңдігін, бір сөзбен айтқанда, тілдің ішкі, сыртқы мүмкіншілігін жақсы меңгеріп, оған қамқорлықпен, жанашыр көзбен қадағалап отыру керек.
Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі - тіл тазалығы. Тіл тазалығы дегенде, ойымыздың, сөзіміздің бөтен, бөгде элементтермен шұбарланбауын талап етеміз. Әрине, бөтен тілден сөз алмай, таза ана тілі материалының негізінде ғана өмір сүретін әдеби тіл деген болмайды. Көркем шығарманы, сондай-ақ, әдеби нормадан ешбір ауытқымай, бөтен тілдік элементтерді қоспай, сірестіріп, таза әдеби тілде де жаза беруге болмайды. Өйткені, көркемсөз шеберлері оқырмаңдарына өмірдің өзі көтерген саласын жан-жақты көрсету, олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын арттыру мақсатын көздейді.
Қандай адам болмасын, ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен де байқалды. Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал, - деп ұлы Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретіне түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса солай қолдануға жол бермейді. Сөз мәдениеті мен өз мәдениетін қатар ұстап, екеуін бірге әлпештеп, қамқор болса, ана тіліне деген сүйіспеншілігі арта түсері даусыз.
Тіл мәдениті жөніндегі теориялық және практикалық пікірлерді дамытушылардың бірі - И.И.Срезневский. Ол тілді оқушының ойлау дағдысымен тікелей байлансытыра отырып, баланы қысқа әңгімелер түріндегі жаттығу жұмыстарына бейімдеу пайдалы дей келіп, Важен для приучения отличать более важное от менее важного и неважного вникать в те основы слов и выражений которыми изображаются основные мысли ... как безотносительно к форме, в которой та или другая мысль выражается так, и с объяснением самой форм выражении, чтобы заставить детский ум оценить форму,- деп балалардың жұмыстарында, сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілінде синонимдерді барынша кеңінен қолдану қажеттігін айтты.[1, 144 б.]
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында бұл мәселені көптеген ғалымдар зерттеп-қарастырғаны белгілі болды. Солардың ішінен педагогикалық сөздікте берілген мынадай анықтама көңілімізден шықты: Оқушылардың тіл мәдениеті - оқыту үрдісі мен адамдардың тілдік қарым-қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Оған тілдің мағыналылығы, ойлылығы, байлығы, көркемдігі мен жалпытілдік нормалардың сақталуы тән[4, 263 б.]. Ал бұл мәселені жан-жақты зерттеген Л.И.Ожегов: Тіл мәдениеті -бұл өзінің ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізе алу білігі. Дұрыс сөз дегеніміз әдеби тіл нормасы сақталған сөз. Тілдің нормасы - бұл коғамдық сөйлеу тілі тәжірибесінде қабылданған жалпы тілдік сөйлеу, грамматика, сөз қолдану ережесі. Ойын жеткізуде дәл әдіс таба білу ғана емес, сондай-ақ орынды сөйлеу - деп тұжырымдайды[5, 287 б.].
Тіл мәдениеті ұғымына Қазақ Совет энциклопедиясында мынадай анықтама берілген: Тіл мәдениеті -кісінің бойындағы мәдени қасиеттердің бірі, қоғамдық мәдениеттің бір компоненті. Тіл мәдениеті ауызекі тілдің орфоэпиялық нормасын, сөз қолдану, сөздерді тіркестіру заңдылықтарын, сөйлем құрау ерекшеліктерін дұрыс пайдалану және жазба тілде емлеге, тыныс белгілерін қолдануға байланысты ерекшкліктерді толық сақтап, сауатты жазу мәселелерін де қарастырады.[6, 261б.].
Ал педагогикалық энциклопедияда Культура речи 1. В теоретическом плане - раздел филологии изучающий речевую жизнь общества в определенную эпоху и устанавливающий на научной основе правила пользования языком, как основным средством общения людей, орудием формирования и выражения мыслей. 2. В плане практическом - под культурой речи понимается прежде всего нормативность речи, ее правильность, соответствие требованиям, предъявляемым к языку в данном языковом коллективе в определенный исторический период.[7, 58 б.] деп анықтайды.
Оқушылардың тіл мәдениетіне педагогикалық сөздікте төмендегідей анықтама ұсынылады: Оқушылардың тіл мәдениеті дегеніміз, ғылым негіздеріне оқыту үрдісі мен өзін қоршаған адамдармен тілдік қарым-қатынас негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Ол жалпытілдік норманың сақталуымен, тілдің мазмұндылығымен, ойлылығымен, лексикалық байлылығымен, көркемдігімен әрі мәнерлілігімен сипатталады.
Жалпы анықтамаларды қарастыра келе, тіл мәдениеті дегеніміз сыпайы, ізетті, сауатты сөйлей білу мен жаза білу және сөзді дәл айта білу, оны орнымен, әсерлі етіп қолдана алу шеберлігі, - деген пікірге тоқталдық. Халықтың ұшан-теңіз сөз байлығының ішінен ең қажетті, ең ұтымды тілдік құралдарды таңдап алып, оларды айтылмақ ой мен мәтіннің мазмұнына, мақсатына сай етіп тіркестіре алу білгірлік пен шеберлікті қажет етеді.
Сонымен, зерттеуші-ғалымдардың берген түрлі анықтамаларын саралай отырып, біз өз зерттеуімізде тіл мәдениеті дегеніміз - оқыту үрдісінде, отбасында, жалпы адамдардың өзара қарым-қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Ойды дұрыс, түсінікті, анық, дәл, әсерлі әрі әдеби тіл нормасын сақтай, тіл тазалығын сақтай жеткізе білу шеберлігін айтамыз. Әр полимәдениетті дамыған жеке тұлғаның ерекше маңызды қасиетінің бірі - тіл мәдениетін игеру. Сондықтан бүгінде жас ұрпактың тіл мәдениетін қалыптастыру мәселесі ерекше орын алып отыр.
1.2 Тіл мәдениетінің өлшемдері мен оған қойылатын талаптар
Ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы. Егер әр бір сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей ұғымды шығып, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда ғана сезілер еді. Ал мұндай шеберлік тек тіл мәдениеті жоғары адамдардың ғана қолынан келер жайт - деп тұжырымдайды М.Балақаев.[2, 27б.] Көптеген зерттеуші, ғалымдардың еңбектерін, мерзімді баспасөз ақпараттарын талдай келе, оқушылардың тіл мәдениеті деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама, әңгімелесу, байқауларды негізге ала отырып, бүгінгі күнгі оқушылардың сөз саптауы көңіл аударарлық, көпшілігінің тіл мәдениеті төменгі деңгейде деген қорытындыға келдік.
Зерделеудің келесі кезеңінде қазіргі оқушы жастардың тіл мәдениеті деңгейінің төмен болу себебін іздестірдім. Жазушы Ә. Әбішев бұл туралы былай дейді: Жастар ізденбейді, ағаларын оқымайды, олар қазақ әдебиетін оқымайды... Жастар сөйлемді әтейі бұзып жазады, олар ерекшеліктің белгісі түсініксіз жазу деп ойлайды... Тіл мәдениетінің төмен болуына ғылыми-техникалық прогрестің де әсері бар", - десе[8,5 б.], И. Нұғыманов: Оқушылардың тілінде болатын кемшіліктердің себептері:
1. Ортаның әсері; а) оқушының сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді, ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл), б) пән тілінің нормаларын жақсы меңгермеген мұғалімнің әсері;
2. Сөйлеу дағдыларының жоқтығы (мектептің тіл дамытуға немқұрайлы қарауы);
3. Жекелеген оқушы тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық, т.б.) - деп көрсетеді.
Сондай-ақ М. Балақаев, Т. Қоңыратбаев, С. Қирабаев, Ш. Беркімбаева, Н. Уәлиев тағы да басқа ғалымдардың зерттеулерін негізге ала отырып, оқушы жастардың тіл мәдениетінің төмен болуының себептері деп, төмендегілерді сараладым:
1. Көркем әдебиет оқуға деген оқушылардың қызығушылығының төмендігі. Тіл мәдениетіне жастарды тәрбиелеу көркем әдеби шығармаларын көптеп оқумен байланысты. Көркем әдебиетті аз оқитын адамның сөздік қоры аз болады, соған орай олардың сөйлеу мәдениеттілігі мен өз ойын логикалық баяндауы да төмен екендігі байқалады;
2. Мәдени орталықтарға бару, ол туралы пікірлесудің өте сирек кездесетіндігі;
3. Ата-аналардың балаларының тіл мәдениетіне жете мән бермеушілігі;
4. Тілдік ортаның әсері;
5. Тіл мәдениетін қалыптастыруды тек қазақ тілі сабағына міндеттеп, басқа пәндерді бұл мәселеден мүлдем бөліп тастаушылық;
6. Бастауыш сыныпта казақ алфавитін терең меңгермегендігін ескермей, орыс тілі, шетел тілі пәндерін қосып үйрету. Бірнеше тілді игеру ауыр тиетіндігіне көңіл бөлінбеу;
7. Кей мүғалімдердің өздерінің тіл мәдениетінің төмендігі. Мұғалімнің оқушы алдында сөйлейтін сөзін ешбір оқулықпен айырбастауға болмайды. Оқушы мұғалімді тыңдағанда одан білім алумен қатар сұлу, көркем, анық, түсінікті сөйлей білуге үйренеді;
8. Отбасы тәрбиесінде ұлттық педагогиканың, халық ауыз әдебиеті үлгілерінің тар шеңберде қолданылуы;
9. Мұғалімдердің көпшілігінің бұл мәселеге арнайы көңіл бөлмеуі т.б.
Жалпы тіл мәдениетіне қойылатын талаптар қандай, әрбір мәдсниетті адам мәдениетті сөйлеу, қарым-қатынас жасау үшін нені меңгеруі керек деген сұрақтар туындайды. Зерттеуші М.Балақаев өзінің тіл мәдениетін тереңінен зерттеген еңбектерінде тіл мәдениетінің негізгі принципі деп сөйлемдердің, жеке сөздердін тыңдаушыға, оқушыға бірден түсінікті болу керектігін көрсетеді. Зерттеуші жазуда, сөйлеуде адам ойына қажетті сөз таңдағанда олардың стильдік ерекшелігтерін ескеруді айтады. Тілдік норманы қалыптастыру, сауаттылық, тіл тазалығы, сөздерді дұрыс айтым, дұрыс жазу тіл мәдениетінің басты талаптары ретімде тұжырымдалады.
А. Жапбаров тіл мәдениетінің жоғары болуына мынадай талаптар кояды:
- сөздің жүйелі, анық, түсінікті болуы;
- сөздің тілдегі орфоэпиялық, грамматикалық, лексикалық нормаларға сай дұрыс құрылуы;
- сөздердің қажет еткенде бейнелі, көркем, эмоциялы болуы;
- сөздердің тыңдаушы немесе оқушының жағдайына, ортаның қажеттілігіне сай болуы. [9,139 б.]
Осы сияқты көптеген зсрттеушілер, ғалымдар, педагогтардың ой-тұжырымдары мен пікірлсрін қарастыра келе тіл мәдениетіне қойылатын талаптарды төмендегідей сараладық:
- сөйлегенде тілдегі дыбыстарды дұрыс, анық айту;
- сөйлеу әуені, қарқыны, дауыс күші мен кідірісті сақтау;
- екпіннің түсуін, үндестік заңын сақтау;
- сауатты, қатесіз жазу;
- жазба мәтіндерде тыныс белгілерін сақтау;
- әріп таңбаларын дұрыс, түсінікті жазу;
- дұрыс айтып, сөздердің тізбегін табиғи заңдылықтарымен дыбыстау;
- сөйлегенде сөз тұлғаларын, түрленуін сақтау, қосымша, көмекші сөздерді дұрыс, өз орнында қолдану;
- сөздерді өз мағынасына қарай қолдану, мағыналарын анық біліп отыру;
- сөйлемдерді, әсіресе, күрделі ойды білдіретін кұрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастыру;
- керекті сөзді сөздік құүрамның ішінен іріктеп, әдеби вариантын қолдану, ретсіз енген, баламасы бар кірме сөздерді, жергілікті тілге тән диалектілерді, жаргон сөздерді тұс-тұстан қолданудан қашық болып, реттеп отыру;
- тілдегі ауызекі, ресми іс-қағаздарды, публицистикалық, көркем поэзиялық, ғылыми стильдердің әрқайсысының ерекшелігін сақтап отыру;
- сөйлеу әдебінің сақталуы;
- тілдегі көркемдік құралдар, тіл байлығын, оның мүмкіндіктерін пайдалану;
- сөйлеуде тілдің өз заңдылықтарына қатысты халықтың ұлттық ерекшеліктерін сақтау;
- сөйлегенде ойдың көлемі, мазмұндық құрылымы, хабардың жеткізу жүйесін реттеу[10,305 б.].
Өз алдыма тіл мәдениетінің даму сатысы қандай өлшемдер арқылы анықталатындығын айқындау міндетін қойғандықтан, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдай отырып, тіл мәдениетінің мынадай көрсеткіштерін белгіледім: тілдің тазалығы, дәлдігі, анықтылығы, ойлылығы, орындылығы, мәнерлілігі, байлығы, әсерлілігі, жүйелілігі, түсініктілігі, мазмұндылығы, нақтылылығы, дұрыстығы, тілдік нормаға сай болуы, мағыналылығы, әдебі.
Егер осы айтылған көрсеткіштер адам бойында дамып, жетілсе, онда осы адамның тіл мәдениеті жоғары деп санауға болады. Сондықтан мұғалімдер оқушыларға тілдік тәрбие бергенде тіл мәдениетінің көрсеткіштері мен талаптарын үнемі басшылыққа алып отырулары керек.
Жұмыстың келесі кезеңінде тіл мәдениетін қалыптастыру жұмысының негізгі бағыттарын анықтауға тырыстым. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зсрттеу, бір жүйеге келтіріп, талдау төмендегідей қорытындыға әкелді.
Тіл мәдениетін қалыптастыру тілді оқыту негізінде жүреді. Тілді оқыту - тілдің дыбыстық құрамын, лексикасын, грамматикасын оқыту арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, оқытуда сөйлеу тілін дамыту тіл білімінің толық саласынан оқушыға білім беру арқылы жүргізіледі. Тіл материалдарын игеру дегеніміз, оны тану ғана емес, сол материалды дұрыс түсіну әрі дұрыс қолдана білу дағдысын игере білу деген сөз. Олай болса тіл мәдениетін қалыптастыру, тіл дамыту тәсілдері мен әдістері, амалдары мен жолдары осыны ескере отырып белгіленуі керек.
Жалпы тәрбие үрдісінің дұрыс бағытта жүруінің кепілі - педагогтар мен ата-аналар арасындағы өзара тығыз байланыстың болуы. Сондықтан тәрбие үрдісінің басым бөлігін ата-аналармен, балалармен бірлесе ұйымдастыру керек. Бұл тіл мәдениетіне де қатысты. Тіл мәдениеті шыңына жету жолы ұзақ әрі қиын. Ол отбасынан, балалар бақшасынан басталады, мектепте ана тілі жүйелі оқытылып, тіл дамыту, сауатты жазу үйретіледі. Оқушының мектептен алатын тіл сабақтары отбасы мен айналаның тіл сабақтарымен ұштасып жатуы керек. Мектеп ұжымы жүйелі жоспар құрып, шәкірттермен ақылдаса, ата-аналармен бірлесе жұмыс істеген жағдайда ғана үлкен нәтижелерге ие бола алады.

1.2 Ауызекі сөйлеудің өлшемдері мен оған қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес елдегі беделді тілдің бірі - халықаралық қатынастағы ағылшын тілі болып саналады. Ағылшын тілі - XXI ғасырдың тілі. Ағылшын тілі халықаралық қатынаста қолданылатын ортақ тіл, бүгінгі таңда алыс-жақын шетелге шығушылар, шетелде оқушылар, білім жетілдірушілер , қызметкерлер үшін тіл үлкен маңызға ие болып отыр. Қазіргі кезде мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне кажет екенін түсінеді. Ағылшын тілі дүние жүзіне кең тараған тіл. Ол Канада, Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінің мемлекеттік тілі болып табылады. Канада , Ирландияда мемлекеттеріндегі қос тілдің бірі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да XX-ғ- дың 50-жылдарынан бастап жоғары және орта оқу орындарында ағылшын тілі оқытылып, мамандар дайындалуды. Ағылшын тілі Британдық және Американдық болып екі түрге бөлінеді. Британдық ағылшын тілі өз ішінде шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілерге жіктеледі. Ағылшын тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде ағылшын тілі сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр.ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлынғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі, тәрбиелі, білім беру бүгінгі күннің талабы. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым- қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу - уақыт талабы. Бағдарламаның мақсаты: оқушыларды әр түрлі соңғы әдістемелер арқылы еркін де сенімді сөйлеуге үйрету, коммуникативті тәсіл арқылы алған білімін өз ортасында, қоғамдық орында қолдануға дағдыландырып, білім деңгейін тереңдету, ағылшын және қазақ елдері туралы ауқымды мағлұмат беру, таныстыру. Міндеттері: -Оқушының бойына тілдерге деген қызығушылығын, оны үйренуге құштарлығын сіңіру; -жеке тұлғаның заман талабына сай өмірге икемделуіне бағыттау және оның басқа елдің тілін, мәдениетін, тарихын және әдет-ғұрпын танып білуіне ықпал ету; - Оқушының сезімтал, шығармашыл, әлеуметтік, танымдық және тілдік қабілеттерінің дамуына жағдай жасай отырып, оның жалпы дамуына едәуір үлес қосу; -бастауыш сынып оқушыларын шетелдік құрдастар әлемімен, әндермен, тақпақтармен, оқулық және ертегі кейіпкерлерімен таныстыра отырып, тілді тез меңгеруге және өздерін еркін сезінуге көмек тигізу. Оқыту барысында тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу дағдылары біртіндеп дамиды. Тыңдауға үйрету мүмкіндігінше барлық сабақтарда жүреді, оқушы мұғалімнің, достарының айтқанын тыңдап түсіне алады. Сөйлеу көбіне жұптық, топтық жұмыстар кезінде іске асады. Бағдарлама бойынша 1 сыныпта ауызша кіріспе курсы жүреді, оған ең негізгі деген тақырыптар таңдалып алынды. Мысалы: Жанұя, түр-түс, 1-10 дейінгі сан, жануарлар, ауа-райы, спорт, дене мүшелері ең жиі кезігетін етістіктер, модалды етістік, болу бар болу етістіктерін қолдану. Ал 2 сыныптың бірінші жарты жылдығында өткен сынып материалдарын қайталау болып табылса, екінші жарты жылдықта әріптерді танып, жазуға үйренеді, сөздік қорын кеңейтеді. Келесі сыныптарда тақырып ауқымы кеңіп, граматикалық материалдар қосылып білім аумағы кеңейе береді. Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын ояту - басты мәселе. Шетел тілін меңгеруде көп қиыншылықтар кездеседі. Бұл қиыншылықтарды жеңу үшін пәнге деген ынтасын әуестігін арттыру керек. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады: 1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану; 2. Сабақты түрлендіріп өткізу; 3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану; 4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану; 5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету. Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім - біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Ойын - ақыл-ой мен сезім күшін талап ететін ерекше ұйымдастырылатын сабақтар. Ойын әрқашан шешім қабылдауды ұсынады - қалай істеу, не айту, қалай ұту қажет? Осы мәселелерді шешу тілегі ойнаушылардың ойлау әрекетін арттырады. Ал егер оқушы сонымен қатар шетел тілінде сөйлесе, ол оқытудың бай мүмкіндігін ашады. Балалар ол туралы ойланбайды. Ойын олар үшін ең бастысы - еліктіргіш сабақ. Сонысымен ол оқытушыларды, соның ішінде шет тілдер оқытушыларын қызықтырады. Ойын кезінде барлығы тең. Ол тіпті нашар оқушылардың да қолынан келеді.Тіпті тіл даярлығынан нашар оқушы ойында бастаушы болуы да мүмкін: кей кезде бұл жердегі тапқыштық пен түсінгіштік пәнді білуден де маңызды болады. Теңдік сезімі, қуаныш атмосферасы, тапсырманың қолынан келетіндігін сезіну - сөзінде басқа тіл сөздерін еркін қолдануға бөгет жасайтын балалардың ұялшақтық сезімін жеңуге мүмкіндік береді және оқыту нәтижесіне жағымды әсерін тигізеді. Байқаусыз тіл материалы меңгеріледі - мен басқаларымен бірдей сөйлесе алады екенмін деген ой оқушы жадына келеді. Сонымен бірге ойынды оған тән белгілермен - сөйлеу ықпалының мақсаттылығымен, күтпегендігімен, әсерлілігімен шынайы сөйлеу арқылы араласуға барынша жақындатылған сөйлеу үлгісінің көп қайталанатын пысықтауы үшін мүмкіндік туатын жағдайдағы түрлі-жағдайлы жаттығу ретінде қаралады. Ойындар маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады: 1. Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға; 2. Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге; 3. Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтыруға. Міндеттері: 1. Ойын әдістемелерін ағылшын тілі сабағында жасөспірімдердің танымдық белсенділігіне ынталандыру құралдары ретінде пайдалану проблемалары жөніндегі әдебиетті зерделеуге. 2. Ойын әдістемелерін топтастыруға әртүрлі көзқарастарды талдауға. 3.Жасөспірімдердің ағылшын тілін үйренудегі ойын әдістемелерін пайдалану ерекшеліктерін атап көрсетуге. Сабақ үрдісінде оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары сынып оқушыларының жұрт алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Қазақ тілі сабағында оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеуді ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Қазақ тілі стилистикасы пәнінен дәрістер
Жоғары сынып оқушыларының көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Оқушыларды ауызекі сөйлесуге үйретудегі коммуникативтік әдіс
Жай сөйлемді оқытудағы тіл дамыту жұмыстары
Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының негіздері
Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті
Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикасы
Оқушылардың тілін дамытуда қолданылатын технологиялар
Пәндер