Шетел тілі сабағында шетелдік басылымдарды қолдану



КІРІСПЕ ...
1. ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА ШЕТЕЛДІК БАСЫЛЫМДАРДЫ ҚОЛДАНУ..
1.1 Шетел тілін оқытуда газет материалдарын пайдаланудың маңызы..
1.2Ұлыбританияның басылымдары, олардың ерекшеліктері
1.3 Шетел тілін оқытуда газет материалдарын пайдалана отырып, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру.
2. ГАЗЕТ МАТЕРИАЛДАРЫН АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ПАЙДАЛАНУ..
2.1 Оқушылардың қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар.
2.2. Ағылшын тілі сабағында пайдаланатын жаттығулар
2.3. Сабақ жоспары.
ҚОРЫТЫНДЫ .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазіргі таңда шетел тілдерін оқуды сол тілде сөйлеушілердің өмірі мен мәдениетінен бөлек қарастыру мүмкін емес. Ал газет бұқаралық ақпарат құралы ретінде мәдениеттің бір бөлігі болып саналады. Қазіргі замандағы мектептерде уақыт талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияларды қолдану, шетелдік басылымдарды пайдалану басты назарда болып отыр. Өйткені осы жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тілге деген қызығушылықтарын арттырып, білім сапасы көтерілуде. Сонымен, ағылшын тілін оқытуда кездесетін кейбір проблемалар және оны шешудің жолдарын қарастыруда шетелдік басылымдарды пайдаланудың маңызы өте зор. Шетел тілін қазіргі заманға сай оқыту мәселелері, олардың өзіндік ерекшеліктері, жаңа заманға сай мұғалімнің біліктілігін арттыру, оқушылардың шетел тілін меңгерудегі ынтасын арттыра отырып, олардың сабаққа деген қабілетін көтеру талабы қойылып отыр.
Мақсаты: Шетел тілін оқытуда газет материалдарын пайдаланудың маңыздылығын анықтау, газет материалдарын сабақ барысында қолдануға үйрету.
Теориялық маңыздылығы: Шет тілі сабақтарында шетел басылымдарының оқушылардың білімін, коммуникативтік қабілетін кеңейту үшін қолданылатын қосымша материалдар ретінде маңызын анықтау.
Практикалық маңыздылығы: Оқушылардың оқылып жатқан тілге деген қызығушылықтарын арттыру және мотивациясын көтеру мақсатында шетел басылымдарын қолдану жолдарын жүзеге асыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Автореферат, Нышанова С.Т. Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану. Түркістан, 2008.
2. www.wikipedia.com
3. Учитесь переводить/Читалина Н.А., 1975г., 81с.
4. Лексикология английского языка: учеб.пособие для студентов /Г.Б.Антрушина, О.В.Афанасьева, Н.Н.Морозова. – 5-е изд., стереотип. – М.: Дрофа, 2005. – 286 с.
5. Әбдіғалиев С. Неміс тілін оқытудың негіздері. Оқу құралы. – Алматы, «Қазақ университеті», 1992ж., 136 б.
6. Методика обучения иностранным языкам в средней школе: Учебник/Гез Н.Н., Ляховицкий М.В., Миролюбов А.А. и др. – М.: Высш.школа, 1982, 373 с.
7. Cambridge English for the Media. Nick Ceramella and Elizabeth Lee. Cambridge University Press 2008.
8. English File upper-intermediate Oxford University Press, 1996 г.
9. www.about.com Guide to Environmental Issues, 2006.
10. www.school.edu.ru

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1. ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА ШЕТЕЛДІК БАСЫЛЫМДАРДЫ
ҚОЛДАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
1.1 Шетел тілін оқытуда газет материалдарын пайдаланудың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1.2Ұлыбританияның басылымдары, олардың 13
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .
1.3 Шетел тілін оқытуда газет материалдарын пайдалана отырып,
оқушылардың оқуға деген қызығушылығын 16
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ...
2. ГАЗЕТ МАТЕРИАЛДАРЫН АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА
ПАЙДАЛАНУ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
2.1 Оқушылардың қабілеттерін дамытуға арналған
тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2.2. Ағылшын тілі сабағында пайдаланатын 20
жаттығулар ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Сабақ 23
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ 26
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Өзектілігі: Қазіргі таңда шетел тілдерін оқуды сол тілде
сөйлеушілердің өмірі мен мәдениетінен бөлек қарастыру мүмкін емес. Ал газет
бұқаралық ақпарат құралы ретінде мәдениеттің бір бөлігі болып саналады.
Қазіргі замандағы мектептерде уақыт талабына сай оқытудың жаңа әдістерін,
инновациялық технологияларды қолдану, шетелдік басылымдарды пайдалану басты
назарда болып отыр. Өйткені осы жаңа инновациялық технологияларды қолдану
арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тілге деген
қызығушылықтарын арттырып, білім сапасы көтерілуде. Сонымен, ағылшын тілін
оқытуда кездесетін кейбір проблемалар және оны шешудің жолдарын қарастыруда
шетелдік басылымдарды пайдаланудың маңызы өте зор. Шетел тілін қазіргі
заманға сай оқыту мәселелері, олардың өзіндік ерекшеліктері, жаңа заманға
сай мұғалімнің біліктілігін арттыру, оқушылардың шетел тілін меңгерудегі
ынтасын арттыра отырып, олардың сабаққа деген қабілетін көтеру талабы
қойылып отыр.
Мақсаты: Шетел тілін оқытуда газет материалдарын пайдаланудың
маңыздылығын анықтау, газет материалдарын сабақ барысында қолдануға үйрету.
Теориялық маңыздылығы: Шет тілі сабақтарында шетел басылымдарының
оқушылардың білімін, коммуникативтік қабілетін кеңейту үшін қолданылатын
қосымша материалдар ретінде маңызын анықтау.
Практикалық маңыздылығы: Оқушылардың оқылып жатқан тілге деген
қызығушылықтарын арттыру және мотивациясын көтеру мақсатында шетел
басылымдарын қолдану жолдарын жүзеге асыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Шетел тілі сабағында шетелдік басылымдарды қолдану
1. Шетел тілін оқытуда газет материалдарын пайдаланудың маңызы

Республикамыздағы саяси және экономикалық өркендеудің мәнділігі,
нарықтық қатынастар жолы, ұлттық – мәдени тұрғыдан даму білім беру жүйесіне
де ерекше талаптар жүктеуде.
Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, мәдени және дене дамуы мен
кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз
тәрбие мен оқыту үдерісі. Білім беру ісі шеберлікке, дағдыға баулудың өсіп,
өрбіп, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады.
Қоғамның дамуының қазіргі кезеңі, елімізде болып жатқан түрлі
өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша
ұйымдастыруды талап етеді.
Қазіргі уақытта ұрпақтан-ұрпаққа өмір тәжірибесін беруді жүйелі
жүргізетін - мұғалім.
Мектеп мұғалімдері оқушылардың білімі мен іскерліктерін қалыптастыруда
бірқатар іс-шаралар жүзеге асырады. Қазіргі уақытта ұрпақтан-ұрпаққа өмір
тәжірибесін беруді жүйелі жүргізетін - мұғалім. Мұғалімнің сабақты неғұрлым
жоғары деңгейде жүргізсе, білім деңгейі соғұрлым жоғары болады. Оқытушының
қолданған әдіс-тәсілдері балаларғы қызықты, түсінуге оңай болуы тиіс. Осы
орайда газет материалдарын қолданудың маңызы зор.
Газет тілінің көркем, ғылыми және ауызекі тілден басқаша өзіндік
ерекшеліктері бар. Бұл газеттің негізгі ақпарат құралы ретінде орындайтын
әлеуметтік міндетке сәйкес тілдік құралдардың ұзақ уақыт іріктелу
нәтижесі.
Қысқа уақыт ішінде соңғы жаңалықтарды баяндау коммуникативті
тапсырмалар сипатында беріледі. Газет көп әрі түрлі оқырмандар шеңберіне
арналған және өзіне назар аудартатын болуы тиіс. Тілдік құралдың жүйесі әр
газетте әр түрлі болғанымен, газет стилі басқа сөз стильдерінен
ерекшеленеді.
Басылымдардағы мақалалар көбіне талдауды ұйымдастыратын және
тілді үйренушілердің жеке пікірін қалыптастыру мен оны білдіруге әкелетін
мәселелерді қамтиды. Мақала авторлары соның алдындағы басылымдарды
талдайды, немесе қоғамда болып жатқан жаңа процестерді танытып
отыратындықтан оқушыларда сөз ойнақылығына және әр түрлі пікірлерден
дәлелдеме жасау жолдарына назар аудару мүмкіндігі болады.
Газет мақалаларында берілген тақырыпқа байланысты өте көп
лексикалық бірліктермен қатар күрделі концепцияларды дәл беретін белгілі
клишелер, яғни тұрақты лексикалық тіркестер кездеседі. Сол сияқты онда
фразеологиялық тіркестер және идиомалар жиі кездеседі.
Клишелер мен тұрақты лексикалық тіркестерді, сөз құрылымдарын
меңгерудің маңызы зор, себебі оқушылар шетел тілінде өз ойларын құрастыруда
және білдіруде, әсіресе күрделі сөйлеуді талап ететін мәселелерді талдауда
ана тіліндегі құрылымдар мен тіркестерді өзгеріссіз беру бағытын ұстанады.

Осылайша газет материалдары мәдениетпен, қоғамдағы
процестермен, таныстырып қана қоймай, коммуникативті дағдыны дамыту және
тілдік компетенцияны қалыптастыру жұмыстарында материал ретінде
пайдаланылады. Сонымен бірге лексикалық материал нақты халықтың
менталитетінің ерекшеліктерін оқып-білу жағдайында іске асырылады және
меңгеріледі және оқушының санасында із қалдырады. Қоғамда қазіргі болып
жатқан мәселелерді, оларды шешу жолдарын талдау, басқа ортаның даму
тенденцияларын өз ортасындағы тенденциялармен салыстыру мүмкіндігі шетел
тілін оқу мен оны жете меңгеруде өте күшті стимул бола алады. [1;3-4б
Жалпы білім беретін мектептерде шетел тілін оқытудың мақсаты –
оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатнастағы біліктілері мен қабілеттерін
қалыптастыру болып табылады.Демек, шетел тілінің білім беру саласындағы
атқарар қызметі – тілді оқып үйренушілерді басқа ұлт өкілдерімен ортақ
түсіністік, ортақ көзқарас орнатуға,толерантты қарым-қатынас жасай алу
қасиеттерін және сол ұлт мәдениетін түсінуге дайындап, тәрбие,білім беру,
әрі жеке тұлға қабілеттерін жан-жақты дамыту болып табылады. Шетел тілдерін
оқытудың мазмұны келесі мәселелерді қамтиды: - Қарым қатынас саласы,
қамтылатын тақырыптар,сөйлеу әрекетінің материалдары; - Тілдік
материалдар,оларды қолдану тәртібі мен қолданудағы біліктілік; - Тіл
үйренушілердің тіл үйренудегі біліктіліктері; - Тіл үйренушілердің сол
тілде сөйлейтін халықтардың мәдениеті мен ұлттық ерекшеліктері туралы жалпы
білімдері [1]. Білім беруде оқу материалдарының алатын орны өте маңызды,
себебі оқыту материалдары білімді игеруге бірден бір себепші. Күні бүгін
қолымызда білім беремін, тіл үйренемін деген, ағылшын тілінен дәріс беруші
мұғалімдерге арналған, барлық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін, тіпті әр
мұғалімге керекті әдісін таңдап алу жағдайы бар оқулықтар мен
материалдардың саны өте көп. Бұл оқулықтардың көпшілігі бәрімізге белгілі
мәтіндерден, қосымша аудио, бейне таспадан тұратын және басқа да
компьютерлік тілді үйрету бағдарламаларынан құралатын Oxford, Longman,
Pearson және тағы басқа осы типтес оқулықтардың саны өте көп. Көптеген
елдер,сонымен қоса біздің елдеде жоғары оқу орындарының және тілдік
курстардың мұғалімдері осы секілді оқулықтарды қолданады. Қандай материал
немесе оқулық қолдандылмасын мұғалім өз оқушыларының тілді үйренуге қызықты
да нақты нәтиеже бере алатындай материал қолдана білуі қажет. Осындай
материладардың бірі мысалы, аутентті материалдар. Аутенттілік өз негізін
1970 жылдары пайда болған тілді комуникативті оқыту бағдарламасының
шығуынан бастау алған. Аутенттілік грек тілінен аударғанда негізігі,
түпкі деген мағынаны білдіреді. Аутентті материал дегеніміз, longman
cөздігіне сүйенсек, табиғи сөйлеу мен жазылым әрекеттерінің дәрежесінде
қарастырылған тілдік материалдар [2] . Аутентті мәтін - нағыз түпкі негізде
сол тіл өкілі тарапынан жазылған мәтін. Ал, Крамштың пайымдауынша
“аутенттік мәтіндер дегеніміз педагогикалық салада емес, табиғи күйінде,
күнделікті қарым қатынаста қолданылатын мәтіндер”[3]. Г.Видоусон, Д.Нунан
сияқты белгілі лингвистердің деректеріне жүгінсек, аутентті материал
дегеніміз - шетел тілін үйренушілерге емес, сол тілде сөйлейтіндерге
арналған, яғни материалды қолданушылардың өзара қатынасы және қолдану
жағдайларында туындайтын тілдік материал. Сөйлемдердің бұл түрлері,
әсіресе, газет мақалаларның тақырыптарында көптеп кездеседі. Морроудың
айтуы бойынша “аутенттік мәтін - нағыз тілдік, нақты динамикті әсер ететін,
белгілі бір аудиторияға нақты мәлімет беру үшін нағыз спикер немесе жаузшы
тарапынан түпкі негізде жазылған мәтін. Ағылшын тілі сабақтарында
қолданылатын аутентті материалдарды қайдан табуға болады деген сұрақ
көпшілікті мазалауы мүмкін. Кейбір мұғалімдер үшін бұл жағдай ауыр болуы
мүмкін. Бұл жағдайда ең негізгісі World Wide Web яғни интернетке деген қол
жетімділіктің болуы. Бір, он жыл бұрын бұл елімізге қол жетімсіз болғаны
белгілі, ал күні бүгін елдің жағдайы біраз жақсарды, шектеусіз интернетке
қолымыз жетіп, көзіміз ашылды. Міне бүгінде аутентті материалдарды сол
интернет желісін пайдалану негізінде газет журналдарды жүктеу арқылы табуға
болады. Шетел тілі сабақтарында аутентті материал ретінде аутентті газет
мақалаларын пайдалануға болады. Газет - ақпарат беру және ықпал ету құралы.
Газет – қоғамның айнасы, халықтың рухани азығы. Басылым – мемлекет саясатын
жұртшылыққа жеткізуші күш. Қоғамдық пікірдің алтын қазығы да газет екені
белгілі И.В. Арнольдтың ойынша газет өзін оқытатын және ұстап қалатын
көпшілік және біртекті емес аудиторияға арналған. Газетті адамдар әдетте
зейін салуға қиын шарттарда оқиды, мәселен, метрода, поезда, жұмыстан
кейінгі демалыс уақытында, көлікте газет немесе журнал оқып отырған
көпшіліктерді байқауға болады. Осыдан газеттік ақпаратты тез, қысқаша түрде
түсінік беру және ең маңыздысын айтып кету, оқырманға белгілі бір
эмоционалдық ықпал ету туындайды. Жазылған ақпарат оқырманнан дайындықты
талап етпейді және газеттегі мақалалар тақырыбы әр түрлі, бірақ өзекті
болып табылады [4]. Технология мен қатысымдылық заманында біз жан-
жақтылыққа талпынамыз, тіпті басқа елдегі,әлемдегі жаңалықтарды танып
білуге тырысамыз. Жаңалықтар біреулер үшін тіпті өзіне қатысы болмасада
қызықтыруы мүмкін. Енді біреулер үшін тікелей қатысы болуы мүмкін, мысалы
айтар болашақ саясаткерлер үшін немесе жалпы барлығын қызықтыратын
тақырыптар да болуы мүмкін мысалы, отбасы туралы,денсаулық,бала
тәрбиесі,махаббат хикаялары және тағы басқа.Тіл үйрену сыныптарында, газет
мақаларын дауыстап оқу, сұраққа жауап беру, талқылау, өз ойын білдіру
секілді тапсырмаларды ұсынуға болады. Екіншіден,газет оқу ынталандыру
қабілетін арттырады. Газет әсіресе үйреніп жүрген тілдің мәдениетімен
танысқысы келетін студентер үшін өте пайдалы, яғни ол басқа елдің
мәдениетін танып білудің қысқа жолы деп айтуға келеді[5]. Аккультурация
басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін түсіну, танып білу, яғни басқа ұлт
өклідерінің нені ұнатып, нені ұнатпайтынын,қай жағдай оларға теріс, қандай
нәрселер оң әсер ететінін бір сөзбен айтқанда сол елдің дәстур мәдениетін
тану. Сол мәдени мағлұматтарды газет беттеріндегі мақалалардан танып білуге
болады, мысалы қарапайым практикалық мәліметтер саяси,білім жүйелері, заң,
денсаулық, спорт және тағы басқа. Газеттер өз оқырмандарына жақсы әсер
ететіндей күйде болуы үшін сыртқы және ішкі келбеті безендіріледі, яғни
оның өлшемдік формасы, жақсы тақырыпшалардың орын алуымен, суреттердің
сапалылығымен және тағы басқа ерекшеліктерімен көзге түседі. Дегенмен,
көптеген мұғалімдер бұл аспектіні негізге алмай, газеттегі мақалаларды қиып
алып қолданады. Ал бұл материалдың аутеннтілігіне әсер етеді сондықтан да
бұл материалдарды берілген күйінде қолданған жөн. Аутентті газет мәтіндерін
таңдау жолдары: - Мазмұны жағынан оқушылардың білім деңгейіне сәйкес келуі
керек - Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек - Газет
мәтіндері қызықты болуы - Газет материалдары әтрүрлі жанрда болуы -
Мәтіннің тәрбиелік мәнінің болуы - Мәтіннің көлемі жас ерекшелік пен білім
деңгейлеріне сәйкес келуі қажет. Шетел тілі сабағында газет мақалаларын
қолдану сол ұлт мәдениетімен, сол елдегі ұлт жағдайымен, болып жатқан
жаңалықтармен танысуға мүмкндік береді. Шетел тілі сабақтарында, мысалы
аутентті материал ретінде газет мәтіндерін алуға болады. Жалпы сабақ
барысында мәтінмен жұмыс кезінде мәтін алды, мәтінді оқу негізінде және
қорытындылау жұмысы деп 3ке бөліп қарастыруға болады. Ең алдымен белгілі
бір мақаланын алдын алу жұмыстары жүргізілуі тиіс, яғни мақаламен жалпылама
таныстыру, мақалада кездесетін жаңа, жат сөздерге түсіндірме беру секілді
жұмыстары жүргізіледі. Ал, мәтінмен жұмыс кезіндегі жаттығулар мәтінді
жалпы түсіну жолдарын қарастырады. Қорытынды жұмыстары берілген мәтінді
қаншалықты түсінгенін тексеру жұмыстары. Сонымен қатар, бірнеше жаттығулар
жасатуға болады: ( Мәтінді оқып мәтінге сәйкес келетін суреттерді белгіле (
Мәтінді оқып, берілген жаттығуларды орында ( Сұрақ- жауап жаттығулары,ең
көп кезедесетін жаттығулардың бірі. Іштей бұл жаттығудың екі түрін
анықтауға болады: нақты жауапты талап ететін сұрақтар,мысалы Туристтер не
үшін Балқан түбегіне кетті? деген сұрақта кімнің (туристер), қайда (Балқан
түбегіне) кеткені анық, ол тек нақты жауапты талап етеді. Сұрақтың бұл түрі
оқушының есте сақтау қабілетін арттыруға негіз болады. Не мақсатпен? ,
Мәтін тақырыбы туралы не айтасыз? деген сұрақтар жалпы әр оқушының еркін
жауабын талап етеді яғни оқушы бұл сұраққа еркін жауап бере
алады.Ал,сұрақтың бұл түрі оқушылардың сөйлеу мәдениетінің, өз ойын еркін
жеткізе білу қабілеттерін дамытуда жақсы әсер етеді. ( Мәтін үзіндісін,
сөздерді бөліп алып, оны қайта қалпына келтіру жаттығулары ( Мәтінді өз
ойымен аяқтау ( Мәтінді оқып өз ойын жеткізу ( Мәтінге байланысты дебат
сабағын жүргізу және тағы басқа көптеген жаттығулар жұмысын жүргізуге
болады. Аутентті газет мәтіндерін ағылшын тілін үйретуде қолданудың маңызды
жақтары: - студенттер оқып жатқан тілде сөйлеушілердің өмірдегі,
қолданыстағы сөйлеу әрекеттерімен танысады; - аутентті материалдар
студенттердің тіл үйренудегі қол жеткізген жетістіктерін бағалауларына
мүмкіндік береді. Мысалы: Англияда өткізетін 4 күндік саяхат кітапшасына
жоспарларын толтыру; - аутентті материалдар түрлі мәтіндерде қамтитындықтан
ондағы тілдік стиль де түрлі болады; - аутентті материалдар сол тілде
сөйлеушілердің мәдениеті мен ерекшеліктері туралы мәлімет береді, ол өз
кезегінде студенттердің тіл үйренуіне деген қызығушылығын арттырады
Мәселен, New York Times газетінің нөміріндегі мақалада Нью-Йорк
қаласындағы өмірде болмаған ауа райы туралы жазылған: ызғарлы қыс, аяз және
тоқтамай жауған қар көлемі нормадан артық болды. Осы мәтін негізінде екі
студент арасында диалог құрылса, онда көптеген мәселелерге тоқталып кетуге
болады. Мысалы, әдетте бұл уақытта ауа райы қандай болады және ол неліктен
өзгерді, оған не себеп болды, Қазақстандағы қалалардың ауа райымен
салыстырғанда өзгешелігі қандай, қалың қар кезінде далада қалса адам не
істеу керек, т.с.с. сұрақтар қойып, жағдаятты іске асыруға болады. Сонымен
қатар, АҚШ-тың әйгілі Forbes журналында дүниежүзі бойынша атақты
миллиардер кәсіпкерлерді (бизнесмендерді) атап өтеді. Мақалада әр
миллиардердің қаржылық жағдайы қандай екенін, оның қандай кәсіпорындарды
ашқандығын және оның дүниежүзі бойынша қандай орнын алатыны айтылды.Қазіргі
жас өспірімдер үшін бұл өте қызықты да өзекті ақпарат. Осы орайда келесі
сұрақтар тууы мүмкін: неліктен кәсіптің бұл түрі қазіргі кезде кең орын
алады? Бұл миллиардерлер осындай дәрежеге қалай көтерілді? Егер менің
осыншалықты едәуір қаражатым болса, мен не істер едім және т.б. Демек, осы
және басқа да туындайтын сұрақтарға жауап беру үшін студенттер жағдаятты
диалог құрып, пікір алмасады. Осылайша, олар тек АҚШ-тың қоғамдық-саяси
өмірімен танысып қана қоймай, өз еліндегі қоғамдық- саяси жағдайымен
салыстырады. Осы атап кеткен газет-журнал мақалалары аутенттік материал
болып табылады, ал олардың шетел тілін оқыту барысындағы маңыздылығы
бәрімізге мәлім. Қазіргі күнгі газет және журнал мақалаларының ішінде тек
саяси және экономикалық жаңалықтар мен комментарийлерді ғана емес, сонымен
қатар жарнамалар мен аннонстарды, хикаялар және өлең шумақтарын
кездестіруге болады. Осы атап кеткендердің барлығы өзекті және заманауи,
яғни оқушыларға танымал ақпаратты қамтиды. Мәселен, нашақорлық немесе
алкоголизм мәселесі, мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлығы, глобальды жылу
проблемасы, өткен Сочи қысқы олимпиада ойындары, Мемлекетіміздің түрлі
жаңаша заңдары, т.с.с. жаңалықтар ЖОО-ның студенттері үшін өте маңызды да
көкейкесті мәселелер болып табылады және олардың негізінде оқушылар диалог
құруға жағдаят таңдап алуға зор мүмкіндіктер бар. Журналдар жайында айтып
кететін болсақ, олардың ішінде сән, мода, косметика, Қазақстандық және
шетел әртістер, киім-кешек ортасындағы мақалаларымен қатар түрлі хикаялар,
психологиялық және тұлғалық тестілер, викториналар мен жарыстар мақалалары
кең орын алған. Олар тек қыз балаларды ғана еліктірмей, сонымен қатар ер
балаларды да қызықтырады. Осы атап кеткендердің ішінен студенттер құшырлана
жағдаяттарды тауып, диалог құра алады. Газет және журналдардың тілі өте
қарапайым болғанымен, олардың ішінде көптеген саясаттық және экономикалық
арнайы терминдер, клишелер, неологизмдер, аббревиатуралар кездеседі.
Оқушылар осындай сөздерді сабақ барысында диалогта қолданып, кейін сабақтан
тыс қатысымдарда да қолданады, демек, газет мақалаларының жаңа ақпараттық
және мәдениаралық қатысымдық сипаттары бар. Мәселен, ағылшын тіліндегі
газет-журналдарды оқитын студент сол елдің мәдени-әлеуметтік және қоғамдық
ерекшеліктерімен танысады, жаңаша материал меңгеріп, диалог құру барысында
білім, білік, дағдылар мен іскерліктерді қалыптастырады. Әр елдің мәдени
азығы ретінде аутенттік материал ретінде газеттерді қолдану тіл үйренуші
студенттерге аффекті әсер ету мүмкіндігі өте зор. Себебі, студенттер газет
журнал мақалаларын оқығанда шынайы өмірде кездесетін шынайы адамдармен
қатнасқа түскендей күй кешеді. Сөз жоқ газет мақалалары теледидар және
интернеттегі секілді эмоциялы сезім білдірмейді, себебі онда қозғалыс,
немесе теледидардағыдай адам дауысын қолдану мүмкіндігі жоқ. Дегенмен, елде
бір жағдай орын алса, мысалы апат жағдайында хабар келсе адамдар оны ең
алдымен газеттен оқып біледі. Дұрыс таңдалған аутентті материалдар
студенттерді өз біліктілігін жетілдіруде ынталандарады. Егер аутентті
материалдарды қолдануды лексикалық тарапынан оқытатын болсақ, онда
сөздердің түпкі негізгі мағынасын ашып, оның қолданылу заңдылығын түсіну
мүмкіндігіне ие бола аламыз дейді Уиллис. Уиллистің пікірінше аутентті
мәтіндерді ағылышын тілін үйренуде қолдану өте маңызды, себебі оқушылардың
сөздік қоры тек сабақта мұғалім үйреткен сөздермен ғана байыта да
алмайсын[6]. Ал аутенттік мәтіндерді қолдану студенттердің жаңа сөздермен
танысып сол сөздермен біраз өздігінен жұмыс жасауға итермелейді. Мұнынмен
қоймай, аутентті материалдармен жұмыс істеу барысында студенттер өздерін
жаңаша тіл ашады, оларды өз тілдік қорында қолдануды дағдыға айналдыруға
тырысады, сонымен қатар студенттер сөздердің қолдану мен жазылу тәртібінің
лексиконын үйренеді. Сөздер туралы жалпы мағлұмат алу немесе беру,
оқушылардың ұстазға бағынышты болатын көптеген презентациялық әдістен
құтыла алады. Жалпы газет қай ұлт өкілі болмасын сол ел мәдениетінің
ажырамас бөлігі болып табылады, ал осы газет арқылы оқушылар тек тілді
үйреніп қана қойма сонымен қатар сол ұлттың мәдени ерекшеліктерін үйренуге
мүмкіндік алады. Жалпы айтқанда, аутентті газет материалдары тілді үйренуде
үйренушіні қызықтыра оқытып, оның тілді одан әрі жетілдіруіне жағымды әсер
етеді, студенттің материалдарды игеру барысында өзіндік пікірі қалыптасып,
еркіндік бой алады. Ал бұл өз кезегінде студенттердің еркін, толерантты
қарым- қатынас жасау қабілетінің артуына тиімді әсер етеді.

1.2 Ұлыбританияның басылымдары, олардың ерекшеліктері

Ұлыбританияда 120-ға тарта күнделікті газет бар. Олар аптасына 6 рет
басылып шығарылады. Олардың жалпы саны – 15 миллионға жуық дана.
Ағылшындардың ұлттық күнделікті газеттері екіге бөлінеді: сапалы
газеттер өзінің қатаң, қысқа атауларымен және суреттерінің кішілігімен
ерекшеленеді. Ал танымал газеттерге ірі жазумен берілетін атаулар, қысқа
материалдар және суреттердің көптігі тән. Газеттердің бірінші тобына
жататындар The Times, Financial Times, The Guardian, The Daily
Telegraph, ал екінші топқа Daily Mail, Daily Express, Daily Mirror,
The Sun және т.б. жатады.
The Times — Ұлыбританияның күнделікті газеті, әлемдегі танымал
газеттердің бірі. Қазіргі таңда Таймс Times Newspapers Limited басылып
шығарылады және News Corporation корпорациясының жеке меншігі болып
табылады. Оның қазіргі басшысы Руперт Мердок (ағылшынша Rupert Murdoch).
Жексенбі күндері бұл басылым The Sunday Times деген атпен шығарылады.
Таймс Консервативтік партияны қолдайды.
Таймс-қа ұқсас американдық The New York Times және үндістандық The
Times of India деген басылымдар бар.
Джон Уолтер (ағыл. John Walter) 1785 жылы Таймстың негізін қалады. Ол
кезде газеттің аты The Daily Universal Register (Күнделікті жаңалықтардың
тізімі) болды. Редакторы - Джон Уолтер. 1788 жылдың 1 қаңтарынан бастап,
газеттің аты The Times-қа ауыстырылды.
Financial Times – халықаралық газет, әлемнің 24 елінде ағылшын
тілінде басылып шығарылады. Жалпы тиражы – 450 мың дана. Басты
редакциясының штаб-пәтері Лондонда орналасқан. Pearson PLC медиа-холдингке
тиесілі.
2000 жылдан бастап неміс тілінде шығады. Газеттің атауы – Financial
Times Deutschland.
Бұл газеттің негізін 1888 жылы Джеймсом Шеридан және оның ағасы қалады.
Financial Times қаржы және бизнес әлеміндегі жаңалықтарды басып
шығарады.
The Guardian – Ұлыбританияның күнделікті басылымы. 1821 жылы The
Manchester Guardian деген атпен негізін қаланды. 1959 жылы аты The
Guardian болып ауысты. The Guardian Лейбористік партияны қолдайды.
Daily Mail танымал газеттердің қатарына жатады. Жалпы тиражы –
1800 мың дана. 1896 жылдан бастап, бұл газет политикалық жаңалықтарды емес,
криминалистік сенсацияларды басып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілін оқытудағы газет материалдарын қолдану
Оқыту процесінде қолданылатын аутентті мәтіндер
Шетел тілін қашықтықтан оқыту технологиясы
Ағылшын тілін оқыту барысында оқушылардың аудармашылық дағдысын дамыту жолдарын анықтап ұсыну
Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзіреттілігін дамыту ерекшеліктері
Шетел тілі сабақтарында мәтіндік және ақпараттық материалдар
Бұқаралық ақпарат құралдардың классификациясы
Ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті біліктілігін дамыту
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану мақсаты
Қазіргі шет тілі сабағының ерекшеліктері
Пәндер