Шет тілін оқытудың маңызыдылығы



КІРІСПЕ 3
Тарау І. Шет тілін оқытудың маңызыдылығы. Шет тілін оқытуда грамматиканың ролінің теориялық негіздері 5
1.1.Шет тілін оқытудың маңызы және оның ерекшеліктері. 5
1.2 Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістері. 8
Тарау ІІ. Грамматиканы оқытудың парктикалық негіздері 12
2.1 Грамматикалық материалды бекіту. Грамматикалық жаттығулардың түрлері. 12
2.2 Грамматикалық материалды шет тілі сабағы барысында түсіндіру. 18
2.3 Шетел тілін оқытуда техникалық құралдарды қолдану 21
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25
Қосымша 27
Қоғамның дамуының қазіргі кезеңі, елімізде болып жатқан түрлі өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында "Білім беру мазмұны шетел тілін және информатика негіздерін ертерек оқытумен толықтырылатын болады"- деп қарастырылған. Сондай-ақ мектепте оқушыларды шетел тіліне баулу мәселесі кеңінен қолға алынғанын көрсетеді.
Бұл негізінен мектептегі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, арнайы даярлығы бар шетел тілі мұғалімдерін даярлауды жетілдіруді алға тартады.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі – білім беру жүйесінде оқыту үдерісін технологияландыру. Осыған орай педагогикалық үдеріске қатысты әртүрлі технологиялар жасалып білім беру жүйесінің құрылымдарына кеңінен енуде.
Шетел тілдерін оқу пәні ретінде оқыту кеңестік кезеңнен бастап алғанымен негізінен орта мектепте жүзеге асырылған. Осы бағытта көптеген педагог- ғалымдардың еңбектері (Пассов Е.И., Старков А.П., Комков И.В., Гез Н.И., Рогова Г.В., Рахманов И.В., Маркова Т.В. т.б.) жарық көрді. Олардың негізгі мазмұны мектепте шетел тілдерін оқытудың мазмұнын анықтау, оқытудың әдістемесін нақтылау, оқытуды жетілдіру, т.б. бағыттарды жүзеге асырды.
Біздің зерттеу жұмысымыз үшін болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін даярлау мәселесін басқа да бірқатар пән мұғалімдерін даярлаудың жалпы педагогикалық мәселелерінен бөліп қарастыру мүмкін емес. Сондықтан, біз зерттеу мәселеміздің өзектілігін анықтауда С.И.Архангельский, О.А.Абдуллина, Ф.Н.Гоноболин, Э.А.Гришин, Т.А.Ильина, Н.В.Кузьмина, И.Т.Огородников, В.А.Сластенин, Н.Д.Хмель, А.И.Щербаков және т.б. ізденіс нәтижелерінің үлкен маңызы бар. Болашақ мұғалімдерді даярлаудың сала бойынша мәселесімен көптеген ғалымдар (Г.К.Ахметова, Б.А.Әлмуханбетов, У.Н.Нишаналиев, В.И.Гусев, т.б.) шұғылданған.
Тілдің грамматикалық жүйесін оқыту оқушылардың ойлау қабілетінің дамуымен тығыз байланысты болғандықтан, сабақ барысында таным процесінің белгілі әдістерін (даралау жинақтау, жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға бару, салыстыру) міндетті түрде есте сақтау қажет. Яғни балалардың таным процесі ең алдымен жеке фактілерді жинақтауға, содан соң жинақталған мағүлматта пайдаланып тілдік фактілерді даралауға қарай бағытталады екен. Бұдан шығатын қорытынды: жаңа грамматикалық ұғым туралы түсінік берген кезде мұғалім балалар танымының жалқыдан жалпыға қарай бару қызметіне сүйеніп, тілдік фактілерді байқату және бір-бірімен салықтыру арқылы әлгі белігелерді жинақтауға ұмтылады.
1. Артықбаева А. Қ. «Методика обучения монологической устной речи в языковом вузе» . Канд. Дисс. – М: 1982, -240.
2. Артемова А.Ф., Леонович О.А. «Английские имена собственные и поплнение словарного состава»ИЯШ, 2005, №1, 101-102 стр.
3. Andrian Wallwork “Business options” Oxford, 2000
4. Алдашева А., Әнесов Ғ., Сарыбаев Ш. «Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар» Алматы, «Санат»1990, 136-бет.
5. Әбдіғалиев С.А. «Неміс тілін оқытудың негіздері». Алматы, «Қазақ университеті».1992, 58-59 беттер
6. Байынқол Қ. «Сөздіктер». ҚХҚ және ӘТУ, Хабаршысы, №2, (6), 2003, 39-40 беттер.
7. Бухбиндер В.А., Штраус В.Н. «Основы методики преподавания иностранных языков». Киев, «Высшая школа»1986.
8. Бенюх О.П., Чернов Г.В. «Русско - английский словарь». Москва, 1964.
9. Белбаева М. «Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы». Алматы, «Білім»1976, 10-11 беттер.
10. Гез Н.И. «Теория обучения иностранным языкам». Лингводидактика и методика. М., «Высшая школа»; 1982, 42-46 стр.
11. Гальскова Н.Д. «Проблема целей и содержания обучения иностранным языкам». ИЯШ, 2004, №1 стр 3-4
12. Гальскова Н.Д. «Современная методика обучения иностранным. языкам». Москва, «Академия» 2000, стр. 79-85
13. Григорев В.Б. Христорожденственный // ВШ, 1986, №5, с 86.
14. Дуанина Б.И. «Аударма мәселесінің қазіргі технологиялық жақтары». Москва, «Высшая школа»1979, 34-36 стр
15. Джин Л.К. «Характеристика словаря-миниммума банковской терминологии». Вестник, 2001, №3, стр. 124-129
16. Жданова И.Ф., Вартумян Э.А. «Англо-руский экономический словарь». Москва, «Руский язык» 2001.
17. Жалпы білім беру пәндері бойынша. Типтік оқу бағдарламалары.
ҚР білім және ғылым министрлігі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Алматы, 2005.
18. Жапбаров А. «Оқушының тілін дамыта оқытудың мазмұны». Қазақстан жоғары мектебі; Алматы, 2004. №2, 68-69 беттер.
19. Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті. Білім беру стандарты. Бакалавриат. Астана, 20004, 30-31 беттер.
20. Қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік «Экономика және қаржы». Алғы сөз. Алматы, Рауан, 2000.
21. Kronasser H. „Handbuch der Semasiologie”. Heidelberg, 122 S.
22. Лапидус Б.А. «Проблемы содержания обучения языку в языковом вузе» Москва, «Высшая школа»1972, 8-9 стр.
23. Лапидус Б.А. «К вопросу о сущности процесса обучения иноязычной устной речи и типологии упражнений». ИЯШ, 1970, №1, стр. 65-68.
24. Лешкова Т.А. «Экономическая игра на уроке англиского языка». ИЯШ, 2006, №1, стр 33.
25. Никитина Е.И. «Методические рекомендации к урокам развития связной речи» М., Н.И.И. школ, 1989, стр.115.
26. Оспанова К.Т. «Пятиязычный словарь для технических вузов». Шымкент, 2006, с. 65.
27. Оспанова К.Т., Жақыпова С.Н., Агатаева З.А. «Шетел тілдерін оқытудың әдістері мен принциптері» М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ ғылыми еңбектері №8, Шымкент, 2005, 150-151 беттер.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
Тарау І. Шет тілін оқытудың маңызыдылығы. Шет тілін оқытуда грамматиканың
ролінің теориялық негіздері 5
1.1.Шет тілін оқытудың маңызы және оның ерекшеліктері. 5
1.2 Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістері. 8
Тарау ІІ. Грамматиканы оқытудың парктикалық негіздері 12
2.1 Грамматикалық материалды бекіту. Грамматикалық жаттығулардың түрлері.
12
2.2 Грамматикалық материалды шет тілі сабағы барысында түсіндіру. 18
2.3 Шетел тілін оқытуда техникалық құралдарды қолдану 21
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25
Қосымша 27

КІРІСПЕ

ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢІ, ЕЛІМІЗДЕ БОЛЫП ЖАТҚАН ТҮРЛІ
ӨЗГЕРІСТЕР БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖАҢАША ҚАРАУДЫ, МҰҒАЛІМ ІС-ӘРЕКЕТІН ЖАҢАША
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында "Білім беру мазмұны шетел тілін және
информатика негіздерін ертерек оқытумен толықтырылатын болады"- деп
қарастырылған. Сондай-ақ мектепте оқушыларды шетел тіліне баулу мәселесі
кеңінен қолға алынғанын көрсетеді.
Бұл негізінен мектептегі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес
психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, арнайы даярлығы бар шетел тілі
мұғалімдерін даярлауды жетілдіруді алға тартады.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі – білім
беру жүйесінде оқыту үдерісін технологияландыру. Осыған орай педагогикалық
үдеріске қатысты әртүрлі технологиялар жасалып білім беру жүйесінің
құрылымдарына кеңінен енуде.
Шетел тілдерін оқу пәні ретінде оқыту кеңестік кезеңнен бастап
алғанымен негізінен орта мектепте жүзеге асырылған. Осы бағытта көптеген
педагог- ғалымдардың еңбектері (Пассов Е.И., Старков А.П., Комков И.В.,
Гез Н.И., Рогова Г.В., Рахманов И.В., Маркова Т.В. т.б.) жарық көрді.
Олардың негізгі мазмұны мектепте шетел тілдерін оқытудың мазмұнын анықтау,
оқытудың әдістемесін нақтылау, оқытуды жетілдіру, т.б. бағыттарды жүзеге
асырды.
Біздің зерттеу жұмысымыз үшін болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін
даярлау мәселесін басқа да бірқатар пән мұғалімдерін даярлаудың жалпы
педагогикалық мәселелерінен бөліп қарастыру мүмкін емес. Сондықтан, біз
зерттеу мәселеміздің өзектілігін анықтауда С.И.Архангельский,
О.А.Абдуллина, Ф.Н.Гоноболин, Э.А.Гришин, Т.А.Ильина, Н.В.Кузьмина,
И.Т.Огородников, В.А.Сластенин, Н.Д.Хмель, А.И.Щербаков және т.б. ізденіс
нәтижелерінің үлкен маңызы бар. Болашақ мұғалімдерді даярлаудың сала
бойынша мәселесімен көптеген ғалымдар (Г.К.Ахметова, Б.А.Әлмуханбетов,
У.Н.Нишаналиев, В.И.Гусев, т.б.) шұғылданған.
Тілдің грамматикалық жүйесін оқыту оқушылардың ойлау қабілетінің
дамуымен тығыз байланысты болғандықтан, сабақ барысында таным процесінің
белгілі әдістерін (даралау жинақтау, жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға
бару, салыстыру) міндетті түрде есте сақтау қажет. Яғни балалардың таным
процесі ең алдымен жеке фактілерді жинақтауға, содан соң жинақталған
мағүлматта пайдаланып тілдік фактілерді даралауға қарай бағытталады екен.
Бұдан шығатын қорытынды: жаңа грамматикалық ұғым туралы түсінік берген
кезде мұғалім балалар танымының жалқыдан жалпыға қарай бару қызметіне
сүйеніп, тілдік фактілерді байқату және бір-бірімен салықтыру арқылы әлгі
белігелерді жинақтауға ұмтылады. Ал грамматикалық ұғымды тиісті дәрежеде
түсініп болған соң, олардың ой қабілетінің жалпыдан жалқыға қарай бару
қызметіне сүйеніп, қабілданған мағлұматты тілдің, сөздердің жеке белгілерін
ажырату мақсатында пайдалана білуге үйрету қажет. Бастауыш класс
оқушыларының ойлау қызметінің осындай психо=физиологиялық ерекшеліктеріне
байланысты.
Курс жұмысының мақсаты-шет тілін оқытудың грамматикалық материалдарды
игерудің теориялық мәселелерін зерттеу.
Курс жұмысының міндеттері:
-Шет тілін оқытудың маңызы және оның ерекшеліктеріне;
-Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістеріне;
-Грамматикалық материалды бекіту. Грамматикалық жаттығулардың түрлеріне;
-Грамматикалық материалды шет тілі сабағы барысында түсіндіру барысына;
-Шетел тілін оқытуда техникалық құралдарды қолдануына сипаттама жасау.

Тарау І. Шет тілін оқытудың маңызыдылығы. Шет тілін оқытуда грамматиканың
ролінің теориялық негіздері

1.1.ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Шетел тілін оқытуда білім деп сөздерді олардың мағыналарын, формаларын
білуді, сондай-ақ рецептивтік сөз бен продуктивтік сөз процесінде осы
тілдік материалмен істелетін операцияларға қажетті мәліметтерді меңгеруді
айтамыз[1].
Сонымен, шетел тілінде сөзді меңгеруге байланысты дағды деп рецептивтік
және продуктивтік сөз процесінде лексикалық материалды қолдану әрекетін
автоматтандыру деп айтуға болады.
В.А.Бухбиндер мен В.Штраустың баспасынан шыққан Основы методики
преподавания иностранных языков атты оқулықта авторлар оқытудың мазмұнына
тіл материалын, іскерліктер мен дағдыларды, сөз материалын және ана тілінде
жоқ тіл құбылыстарын енгізуді ұсынады.
Ал сөз материалы деген ұғымға Г.В.Рогованың пікірі бойынша, сөз
үлгілері, монолог және диалог түріндегі айтылымдар үлгісі, белгілі
тақырыптарды қамтитын мәтіндер мен ситуациялар кіреді. Бұл мәтіндерде әр
түрлі функционалдық стильдер; яғни көркем мәтіндер, қоғамдық-саяси мен
ғылыми-көпшілік стильдер көрініс табады[2].
Сонымен қатар оқытудың мазмұнына сөз материалын да енгізу керек деген
ұсыныс орынды сияқты. Олай болса, оқытудың мазмұны мынадай компонеттерден
тұрады: арнайы іріктеліп алынған, меңгеруге жататын тіл материалы
(фонетикалық, лексикалық, грамматикалық және орфографиялық материал);
ауызша және жазбаша сөзді дамытуға негіз болып табылатын тақырыптар; ауызша
және жазбаша мәтіндер; оқушылардың ана тілінде жоқ тіл құбылыстары;
фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, орфографиялық дағдылар; оқыту
барысында анықтама әдебиетті қолдану іскерлігі; сөз материалы (сөз
үлгілері, монолог пен диалог түріндегі айтылымдар үлгілері).
Яғни, әдістемелік әдебиеттерді талдай отырып, біз шетел тілін оқыту
мазмұнын төмендегі сызбадан көрсетеміз[3].
Шетел тілге оқытудың негізгі мақсаттарының бірі-ол практикада әр түрлі
ситуацияларда қолдана білу керек. Жоғарыда берілген оқытудың негізі-
а) (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, елтанымдық,
лингвоелтанымдық),
ә) қарым-қатынас процесінде қандай құралдарды қолдануын білу.
б) дағды мен іскерлік оқыту барысында-тілді қарым-қатынас туралы
ретінде қолдану,
в) сфера, тақырып, ситуациялар онда оқыту мазмұны жүзеге асыралады.,
г) мәдениет –оқыту мазмұнының материалды негізін құрайды. Оқыту мазмұны
тұрақты емес. Оны мемлекеттік стандарт, оқыту бағдарламасы анықтайды.
Әдістемелік проблемалардың маңыздысының бірі-оқыту мазмұнын әрбір оқыту
орнына лайықты етіп таңдау болып табылады. Қазіргі кезде бұл таңдау 2
принцип бойынша жүзеге асырылады. 1-принцип-алға қойылған оқыту мақсатына
жету үшін тілдік мазмұнының жетекшелігі мен қажеттілігі. 2-принцип-оқыту
мазмұнын меңгеру үшін қол жететіндей болу. Бұнда оқушы таңдап алынған
материалды меңгеруге мүмкіншілігі туралы сөз болып отыр. Бұл жерде тілге
құрал ретінде баса назар аударайық. Арнайы шетел тілін үйрететін жоғары оқу
орындарында жетік маман қалыптастыру ерекше орын алуы тиіс. Оның маңызы
тілді оқытуда, үйренуде тілдік емес басқа маман иелеріне, өз мамандықтарына
қатысты шетел тілін жетік меңгеруіне атсалысу. Соған байланысты жаңа
технологиялық оқыту тәсілімен қолданатын оқу орындар сапалы білімді
қадағалаудағы жаңа тәсілді нығайтуға негізделген.
Тіл үйретуде сондай-ақ жоғары оқу орнына сай оқу бағдарламасы қажет.
Шет ел тілін меңгеруде студенттер төмендегідей дағдыларды білуі тиіс:
- фонетика: дыбыстардың оқылу ережелері және алфавиттегі әріптерді сөз
тіркесінде, әріп тіркестерінде, дұрыс айту;
- орфография: белгілі бір дыбыстарға сәйкес келетін әріптер мен әріп
тіркесін жаза білу, негізгі тілдік қолданыста жиі кездесетін белгілерінің
орфография жағынан дұрыстығы сәйкестігін білу;
- лексика: сөзжасам үлгілері, көп мағыналы сөздердің контекстегі
мағынасы, оқытылатын мамандыққа байланысты терминдер мен лексикалық
құрылымдарды меңгеру;
- грамматика: негізгі қаржы және экономика мамандықтары саласында жиі
кездесетін грамматикалық құбылыстарды меңгеру.
Студенттер мынадай іскерліктерді де меңгеруі керек:
оқу: мәтіндерді сөздікпен және сөздіксіз оқу; мәтінне қажетті ақпаратты
табу; оқыған мәтіннің мағынасын түсіну және есте сақтау;
жазу: іс-қағазын толтыру, қысқа тұжырым жазу, құрастыру, іскерлік,
ресми және жеке адамның шағын хатын жазу;
- аударма: аударма ережелеріне сәйкес сөздікті қолданып, шет ел
тіліндегі мәтінді қазақ тілінде немесе орыс тілінде аудару;
- аудирование (тыңдап түсіну): шет ел тілінде айтылған сөйлемдерді
түсіну.
-сөйлеу: сөйлеу ережелеріне сәйкес өз ойын, пікірін шет ел тілінде
қалыптасқан тілдік нормаға сай жеткізу, сұрақ қою, жауап беру, оқытылған
тақырып бойынша шет ел тілінде әңгімелесе білу. Өзі оқыған, тыңдаған мәтін
мазмұнын айтып беру[4].
Біздің зерттеу жұмысымызда лексика маңызды орын алады. Лексикаға
байланысты төмендегі ұғымдар, білімдер шет тілі пәнінен сабақ беретін
мұғалім үшін рөлі зор.
Сөз-лексикалық жүйенің басты бірлігі. Тілдегі номинацияның негізгі
тәсілдері. Лексиканың этимологиялық негіздері. Семасиология. Лексикалық
бірліктердің семантикасы. Сөздің функционалдық аспекттегі семантикасы. Сөз
мағыналарын ажырату әдістері және мағына компоннетерін анықтау. Ана тілі
мен шетел тілдеріндегі сәйкес сөздердің мағыналық құрылымының ұлттық-мәдени
ерекшеліктері. Сөздің мағыналық құрылымының тарихи өзгермелілігі. Тілдің
лексикалық жүйесіндегі семантикалық топтар.
Омонимия және оның тілдің лексикалық жүйесіндегі орны. Омонимияның
көздері. Сөз тудыру. Сөздің морфологиялық және деривациялық құрылымы. Сөз
құрылымының тарихи өзгермелілігі. Тілдегі сөз құрылымын морфемдік және сөз
тудыру тәсілі тұрғысынан талдаудың принциптері мен әдістері[5].
Сөз тудыру моделі туралы ұғым. Сөз тудыру жүйесінің негізгі және
кешенді бірліктері. Сөз тудыру жүйесіндегі функционалдық аспект. Тілдегі
сөз тудыру тәсілдері. Сөз тудырудың ұлттық - мәдени ерекшеліктері. Кірме
сөздер – тілдің сөздік қорын байытудың тәсілдері мен жолдарының бірі[3].
Лексикалық бірліктердің тіркесуі. Валенттілік туралы ұғым. Еркін және
тұрақты сөз тіркестері. Фразеологиялық бірліктер. Фразеологиялық бірлікпен
сөздің бір-біріне сәйкестігі. Фразеологиялық бірліктерді топтау. Сөздік
қордың әлеуметтік және территориялық ажыратылуы. Лексикографияның
негіздері[6].
Тілдік емес жоғары оқу орнында оқытылатын пәндердің студенттерге жалпы
білім беруде өзіндік үлесі бар. Шетел тілі де студенттердің жалпы білім
деңгейін көтеруге атсалысады. Шетел тілін үйрену студенттердің логикалық ой-
өрісін дамытуға көмегін тигізеді. Атап айтқанда, мәтінге, тақырыпқа жоспар
құру, жоспарға, суретке қарап, әңгіме айту студенттердің логикалық жүйелі
ойлауын дамытады. Шетел тілін оқып-үйрену барысында студенттер оның жүйесі,
ерекшеліктері жөнінде мағлұмат алады. Мысалы, белгілік және белгісіздік
категориясы, ағылшын, неміс, француз тілдеріндегі шақ жүйесінің
ерекшеліктері туралы білімін толықтыра түседі. Бұл мағлұматтар
студенттердің жалпы білім деңгейін арттырады. Ал болашақ мамандыққа
байланысты лексикаға байланысты үйретудің орны ерекше[7].
Шетел тілдерін оқыту барысында сол тілдің барлық сөздік қорын меңгеру
мүмкін емес, өйткені шетел тілін оқытуға бөлінген уақыт шектелген. Совет
методикасында лексикалық минимумды іріктеудің негізгі принциптерін біршама
толық түрде қамтыған И.В.Рахманов ең әуелі активтік сөздік пен пассивтік
сөздікті ажырату қажеттігін атап көрсетеді. Ол әуелі пассивтік сөздікті
іріктеу принциптерін келтіреді:
1) сөздердің тіркесу қабілеті,
2) стильдік шектелмегендігі,
3) семантикалық құндылығы,
4) сөз тудыру құндылығы,
5) көп мағыналылығы,
6) көмекші сөз ретінде қолданылу мүмкіндігі және
7) жиілігі.
Бұлардың алғашқы үшеуі негізгі, соңғы төртеуі қосымша принциптер. Осы
принциптер негізінде пассивтік сөздікті іріктеп алған соң, соның ішінен
активтік сөздікті іріктеп алу керек.
Ол үшін жоғарыда аталған принциптерге қосымша тағы да екі принцип
қолданылады: Синонимдерді минимумға енгізбеу және ұғымдарды түсіндіру
принципі[8].

1.2 Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістері.

Тілді, оның ішінде оқушылардың шет тілін оқыту барысында балалардың
сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс
сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе грамматиканы меңгертуге көп
назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар
пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының өн бойында
үнемі жалғасып келді. Мәселен, 20-жылдары грамматиканы арнайы оқытудың
қажеті жоқ, ол сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді деген
көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезіннен бастап кеңес мектептерінде
оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық,
морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады.
Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы ол қылықтар
сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлгендігінен деп
табылды. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім
мазмұнымен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді.
Орта мектептерді шет тілін оқыту барысы мынандай мәселелерді қамтиды:
а) оқуға үйрету;
ә) сөздік қорын, стилистикалық дәлдіті, мазмұндылықты, логикалық
жүйелілікті қамтитын оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту;
б) фонетиканы, сөз құрамын және грамматиканы
(морфология, синтаксис) меңгерту;
в) графикалық, пунктуациялық дағдыларды қалыптастыру.
Жаңа бағдарлама бойынша осы аталған мәселелердің арасында тығыз байланыс
орнату қажет деп табылды. Бұрын балалардың орфографиялық дағдысын
қалыптастыру грамматикалық ұғымдарды меңгертуге, байланыстырып сөйлеуді
дамытуға бағытталған жұмыстармен байланыссыз жүргізілсе, немесе
грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық және синтаксистік
жүйесін оқытумен ұштастырылмаса, енді мұның бәрін бір мақсатқа оқушылардың
өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік жағынан ойын
дәл бейнелеп айта және жаза білу дағдыларын қалыптастыруға бағындыру қажет
болды[9].
Бастауыш мектептің ағылшын тілі мұғалімдерін даярлауда колледждің
Шетел тілі пәндік циклдық комиссия оқытушылары ізгілікті жұмыс жасауда.
Жас ұрпаққа кәсіби білім беру терең теориялық білімді, жан-жақты
біліктілікті талап етеді. Бұл салада әдістемелік пәндердің маңызы зор.
Әдістеме дегеніміз – қойылған мақсатқа жету жолы. Ұстаздың қолындағы мықты
екі қарудың бірі – терең білімі болса, екіншісі – сол білімін оқушы бойына,
санасына жеткізетін, дарытатын әдіс – тәсілі болуы қажет. Әдіс грек тілінен
еңген сөз. Оның бастапқы ұғымы зерттеу деген мағынаны берген, яғни
белгілі бір пәнді оқытудың әдісі дегенді білдіреді. Сонымен қатар әдіс
дегеніміз – алдына қойған мақсатқа жету үшін мұғалімнің және оқушының
жүйеленген іс - әрекеті. Бастауыш мектептің ағылшын тілі мұғаламін
даярлауда әсіресе түрлі әдістер арқылы оқушыларға шетел тілін меңгерту –
баланың жан дүние рухын байытатын, әлемдік білім кеңестігіне жол ашатын,
бәсекеге қабілетті, заман талабына бейімделгіш жас үрпақты тәрбиелеу болып
табылады. 12 жылдық білім беруде шетел тілін бастауыштан бастап оқытудың
себебі – білім негізі бастауышта қаланатындықтан және ең басты мақсаты –
тілдің сапасын арттыру, яғни оқушыларға шет тілін сапалы түрде, бір-бірімен
еркін қарым- қатынас жасай алу деңгейінде меңгерту талап етіледі[10].
Сөйлеу – оқытудың мақсаты. Сөйлеу - өте көп аспектілі және кұрделі
құбылыс. Біріншіден, ол адам өмірінде қарым-қатынас құралының қызметін
атқарады. Мұғалімге ең алдымен оқытуда табысқа жету үшін оның қалайша
жұзеге асатынын түсінуі қажет. Екіншіден, сөйлеу – бұл қызмет, адам
қызметінің бір түрі. Үшіншіден, сөйлеу қызметінің нәтижесінде оның өнімі –
пікір айту пайда болады[11].
Сөйлеу – қарым – қатынас құралы. Қарым – қатынас ауызша, жазбаша түрде
де жүзеге асырыла береді. Бірінші жағдайда сөздік қызметтің түрлері ретінде
адам қарым- қатынастың екі құралын, сөйлеу мен тыңдап-түсінуді, екінші
жағдайда жазу мен оқи білуді меңгеруі қажет. Сондықтан, сөйлеу – сөздік
қызметтің түрі ретінде қарым- қатынастың құралдарының бірі болып
табылады[12].
Әдістемеде сөйлеу түрлерін монологиялық және диалогиялық сөйлеу деп
те атайды.Оқытушының студенттермен педагогикалық қатынасты ұйымдастыра алу
қабілеті бүгінгі таңдағы шетел тілін оқыту процесінің тиімділігін
арттырады, ол студенттің жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ашуға және оның
шетел тілін мәдениет аралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруіне
бағытталады. Бұл мәселені шешу үшін педагогтар оқыту процесінде оқытудың
интерактивті әдістерін қолдану қажет.
Шетел тілін оқыту әдістемесі пәнін ағылшын тілінде жұргізу бірнеше
қиындықтар туғызады. Әсіресе оқытушы мен студенттің сөйлесу қарым –қатынасы
бір жақты болса. Студенттер көбінесе үнсіз қалады. Яғни:
-          студент өз ойын білдіру үшін көмекші сөздерді, тілдік
құралдарды таба алмайды;
-          оқытушы мен топ алдында сөйлеуге қысылады;
-          өз білімінің дәрежесі төмен екендігін көрсеткісі
келмейді[13].
Бұл жағдайда студентті сөйлету үшін түрлі әдістер арқылы ыңғайлы,
қолайлы мүмкіндік туғызылуы керек, өз іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру
үшін оған сай ниетін оятып әрі оқу атмосферасын орнату қажет[14].
Студенттерге шетел тілін оқыту әдістемесі пәнінің теориялық негіздерін
тірек – сызбалар арқылы түсіндіру  тиімді және білім беру стандартының
талаптарына сай теориялық сабақтарда тек оқытушы ғана емес студенттерде
жұмыс жасау талабы орындалады[15]. Мысалы:

Content of Foreign Language
Teaching

1) Psychological component, (2)  Linguistic (3) 
i.e. habits and skills which component, i.e. Methodological
ensure the use of the target language and component, i.e.
language as a means of linguistic materialthe techniques
communication in oral which should be which pupils
(hearing, speaking) and assimilated to be should acquire
written (reading, writing) used in language to learn the
forms skills foreign language
in a most
effective way

Осы сызба арқылы шетел тілін оқыту әдістемесінің мазмұның
компоненттерінің түсіндірмелерін аудару арқылы тақырыптың негізгі мазмұнын
студенттер меңгере алады. Сонымен қатар сөздік жұмыс жасау арқылы сөз
қорларын байытып, тақырыптың сұрағына ағылшын тілінде жауап беруге әр кезде
дайын болады. Қысқаша тірек сызбаларды студенттер оңай есте сақтайды[16].
Практикалық сабақтарда студенттерге төменгідегідей тірек- сызбалар өз
ойларын жинақтап, қойылған сұрақтарға жауап беруге және де жауап беруші
студент жаңылысса басқа студенттерге оның қателерін жөндеуге көмек береді:

Сондықтан жаттығуларда берілген әрекетті қалай орындау керектігі жайлы
нұсқаулар берілулері тиіс. Белгілі бір әрекетті меңгеру үшін
жаттығулар жүйесі, яғни өзара байланыстарын ескере отырып жаттығулар
түрлерін бірізділікпен қолдану қажет.
Қазіргі әдістемеде жаттығулар топтамасында, олардың негізгі екі
түрі-тілдік және сөз жаттығулары көрсетіледі.
Тілдік жаттығулар оқушылардың лексикалық, грамматикалық, семантикалық
және фонологиялық біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған.
Бұл топ жаттығуларын орындай отырып оқушы лексикалық және грамматикалық
элементтерден құралған сөз қорын қолдану білімдері мен
қабілеттіліктерін меңгереді, белгілі бір мағынаны беру үшін
грамматикалық құралдар қолдану білімдері мен дағдыларын меңгереді,
сөз бен сөйлемнің фонетикалық құрылымын қабылдау мен меңгеру
білімдері мен іскерліктерін меңгереді.
Осындай тапсырмалар арқылы студенттердің ағылшын тілінде сөйлеу
қабілеттерін арттыру мәселесі шешіледі және диалогтық  қарым- қатынас
жасауға мүмкіндік беріледі.  Сонымен қатар студенттердің ағылшын тілінде
сөйлеу қабілеттерін арттыру үшін түрлі топтық  немесе жұптық тапсырмалар
беріп,  әрбір студентке жеке рольдер мен міндеттер атқаруды талап етіп,
бірігіп жұмыс жасату бойынша білім деңгейлері төмен студенттер үлгірімі
жоғары студенттермен кеңесіп жұмыс жасауына жағдай жасалады. Ондай болса
студенттердің пәнге деген қызығушылығы, бәсекелестік сезімі негізінде
студенттердің білуге құштарлықтары артады[17].

Тарау ІІ. Грамматиканы оқытудың парктикалық негіздері

2.1 ГРАММАТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДЫ БЕКІТУ. ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ.

Тілдің грамматикалық жүйесін оқыту оқушылардың ойлау қабілетінің
дамуымен тығыз байланысты болғандықтан, сабақ барысында таным процесінің
белгілі әдістерін (даралау жинақтау, жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға
бару, салыстыру) міндетті түрде есте сақтау қажет. Яғни балалардың таным
процесі ең алдымен жеке фактілерді жинақтауға, содан соң жинақталған
мағүлматта пайдаланып тілдік фактілерді даралауға қарай бағытталады екен.
Бұдан шығатын қорытынды: жаңа грамматикалық ұғым туралы түсінік берген
кезде мұғалім балалар танымының жалқыдан жалпыға қарай бару қызметіне
сүйеніп, тілдік фактілерді байқату және бір-бірімен салықтыру арықлы әліг
белігелерді жинақтауға ұмтылады. Ал грамматикалық ұғымды тиісті дәрежеде
түсініп болған соң, олардың ой қабілетінің жалпыдан жалқыға қарай бару
қызметіне сүйеніп, қабілданған мағлұматты тілдің, сөздердің жеке белгілерін
ажырату мақсатында пайдалана білуге үйрету қажет. Бастауыш класс
оқушыларының ойлау қызметінің осындай психо=физиологиялық ерекшеліктеріне
байланысты. Бұл кластарда грамматикалық ұғымдарды меңгерту барысы шартты
түрде төрт кезеңге бөлінеді[18].
Бірінші кезең - түсіндірілетін грамматикалық ұғымның айқын белгілерін
балаларға байқату үшін тілдік материалды талдау. Ол кезеңде оқушылар
нақтылы сөздердің лексикалық мағыналарын түсінумен қатар, олардың тілдегі
ортақ қызметтерін қолданудағы ұқсас белгілерін дерексіз түрде тануды
үйретеді. Яғни талдау мен дерексіздендіру (абстракциялау) сияқты ойлау
операцияларын меңгереді. Мысалы:
“It is me” немесе “It is I”
Ағылшын тілінде “Бұл — менмін” дегенді “It is I” немесе “It is me” деп
айтады, жазады. Мен “It is me” дегенді үйренгенде таң қалдым. Өйткені
қазақшаға аударсаңыз “Бұл — мені” немесе “Бұл — маған” деген тіркестер
шығады. Бірақ “Ағылшын тілінің көп ерекшеліктерінің бірі болар” деген оймен
ол жайлы көп ізденбедім. Кейін күндердің бір күнінде “It is I” деген
тіркеске ұшырастым. Қате жазған дейін десем, үлкен жазушының немесе ағылшын
тілі ана тілі болып саналатын шетелдіктің еңбегі екен. Оның үстіне, менің
тіл білімім оныңкімен салыстырғанда түк те емес еді. Содан, бас қатты.
“Қалай айтқан дұрыс екен?” деген сұрақ мазалады[19].
XVIII ғасырдағы ағылшын тілінің грамматикасында “It is I” деген тіркес
дұрыс деп саналған. Әдеби шығармаларда осы тіркес қолданылған. Ағылшын
грамматикасындағы осынау ереженың негізі латын тілінің грамматикасына
негізделген екен. Бірақ бұл ереже “It is me” деп сөйлейтіндер үшін ешқандай
кедергі болмады.
It is I — грамматикалық тұрғыдан алғанда, ережеге сай келетін тіркес.
Грамматика бойынша жіктеу есімдігің атау септігендегі түрі (негізгі түрі)
қолданылады.
It is me — идиомалық тіркес. Бұл идиомалық тіркесті басқа тілге
аударғанда сіз негізгі мағынадағы тіркесті ала алмайсыз. Идиоманың
ерекшелігі осында.
“It is I” және “It is me” тіркестерінің екеуі де дұрыс, екеуі де
қалауыңызға қарай қолданыла береді. Ауызекі сөйлеу тілінде “It is me”
тіркесі көп қолданылады. Оны өздеріңіз де байқаған боларсыздар. “It is I”
деп сөйлетін адамды кездестіру біраз қиындау.
“It is me” тіркесі әдеби шығармаларда да келе береді. Демек, ағылшын
тілінің грамматикасы жазба әдебиет саласында “It is me” тіркесін қателікке
шығара алмайды[20].
This is I немесе This is me
Бұл екеуінің мағыналары жоғарыда айтылған екі тіркеске тиесілі. “It”
емес “This” болуының себебі әңгімеге арқау болып отырған адамның немесе
заттың қолмен нұсқалып тұрғандығында. Мысалы, суреттен өзіңізді көрсетіп
жатсаңыз, “This is me” немесе “This is I” дейсіз. “It is I” немесе “It is
me” деген тіркестер жалпылама алғанда немесе көрінбей тұрған жағдайда
қолданылады. Мысалы, есікті біреу тоқылдатты. Сіз: “Who is there?” деп
сұрайсыз есікті ашпай тұрып. Есіктің арғы жағындағы адам: “It is I (me),
Abai.” деп жауап береді[21].
Екінші кезең - анықталған белгілерді жинақтау, грамматикалық ұғымның
осы белгілерінің арсындағы өз ара байланысты аңғару, түсіндірілген ұғымның
грамматикалық анықтамасымен танысу. Оқушылар бұл кезеңде ойлау процесінің
салыстыру және жинақтау сияқты операцияларын меңгереді. Мысалы. 2- кластағы
Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер атты тақырыбын оқыту барысында
оқушыларға бірте - бірте адамға қатыста атауларға кім? не? деген сұрақ,
жансыз заттар мен құбылыстардың, жан-жануар мен аңдардың атауларына не?
деген сұрақ қойылатыны ұғындылады. Содан кейін бү атауларды көпше түрінде
кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылатыны түсіндіріледі. Ары қарай кім? не?
сұрақтарына жауап беретін сөздерге жалғаулар (жіктік, септік, тәуелдік)
жалғауы ретінде танылады, т.б.
Бұл тұста аталған тақырыпты меңгертудің мынадай ерекшелігі ескерілуге
тиіс: 2-класта оқушылар Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді 10
сағат оқиды. Берілуге тиіс мағлұматтар мен дағдылардың көлемі де біршама.
Сондықтан мұғалім мағлұматтар мен дағдыларды жүйелеп, грамматикалық ұғымның
әр бір жаңа белгісі үйретілгеннен қейін оны алдынғы оқылған- материалмен
байланыстыра жинақтап отыруы қажет[22].
Үшінші кезең - грамматикалық ұғымның анықтамасын түсіндіру, ортақ
белгілердің мәні мен олардың арасындағы байланысты нақтылай түсу.
Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер тақырыбын оқыту
барысында адамға қатысты сөздерге кім? не? сұрақтары қойылады. деген
анықтаманы толық түсіне бермейді. Олар көбінесе бұл сұрақ кісі аттарына
қойылады деп түсінеді. Сондықтан оларға адамға қатысты сөздер деген ұғымды
кеңейтіп түсіндіру қажет: кісі аты жөнінде, мамандықты немесе кәсіпті
білдіретін сөздерге, туыстықты білдіретін сөздерге, адамға қатысты басқа да
атауларға арнайы уақыт бөліп, тоқталған жөн. Бұл оқушылардың таным мен
сөздік қорын дамытады, әрі түсіндіріліп жақтан грамматикалық ұғымды жақсы
меңгеруге эсер тигізеді.
Төртінші кезең - түсіндірілген грамматикалық ұғымды жаңа тілдік
материалдар негізінде пысықтау, берілген білімді жаттығуларорындау арқылы
іс жүзінде қолдану; осы тақырып пен басқа да грамматикалық ұғымдар
арасындағы байланысты меңгерту. Мысалы ағылшын тіліндегі зат есімнің көпше
түрін баяндаудың барысына тоқталайық.
Plural Noun Forms
Ағылшын тілінде зат есімнің көпше түрін жасау үшін зат есімге -
s немесе -es жалғауын жалғау үрдісі кеңінен тараған. Алайда бұл екі
жалғаудан бөлек те көпше түрдегі зат есімдер жасалады. Ол жайлы осы сабақта
кеңінен түсіндіретін боламыз.
-s және -es формалы көптік жалғаулары зат есімнің жекеше түрін көпше
түрге түрлендіруші негізгі жалғаулар. 
-es жалғауы жалғанатын зат есімдер
-ch, -x, -sh, z немесе s-ке ұқсас әріптерге аяқталатын зат есімдерге -
es жалғауы жалғанады. 
Осының алдындағы сабағымызда (Артикльдер сабағы) жазғанымыздай, көпше
түрдегі зат есімдерде белгісіздік артиклі (a немесе an) болмайды.
Соңы o әрпімен аяқталатын зат есімдердің соңына, әдетте, -es жалғауы
жалғанады. 
Тағы бір ерекшелік – o әрпімен аяқталатын кейбір сөздердің соңына -s
және -es көптік жалғауларының бірдей жалғануы. Екі түрлі жалғау жалғанған
нұсқалары да дұрыс. 
Соңы -y әрпіне аяқталатын зат есімдерге -es көптік жалғауы жалғанады, -
y әрпі i әрпіне айналып кетеді, егер -y әрпінің алдындағы әріп дауыссыз
болса. Мысалы: a dictionary – dictionaries, an army – armies, a city –
cities, a lady – ladies.
Ал соңы -y әрпіне аяқталып, -y әрпінің алдында дауысты дыбыс тұрса,
онда, зат есімге -s көптік жалғауы жалғанады, -y әрпі өзгеріске ұшырамайды.
Мысалы: a boy – boys, a day – days.
Зат есімдердің соңы -f немесе -fe әріптеріне аяқталатын болса, оларға -es
көптік жалғауы жалғанады, ал -f әрпі -v әрпіне айналады. Мысалы:
Бірақ, соңы -f немесе -fe әріптеріне аяқталғанымен, жоғарыдағы ережеге
бағынбайтын сөздер бар. Ондай зат есімдердің соңына -s көптік жалғауы
жалғанады, -f әрпі өзгеріске ұшырамайды. Мысалы:
Екі түрлі жағдайда да дұрыс болатын зат есімдер: a hoof – hoofshooves,
a scarf – scarfsscarves
Ерекше жағдай
Зат есімнің көпше түрінің жасалу ережелерін (жолдарын) жоғарыда
қарастырдық. Енді аталған ережелердің ешқайсысына бағынбайтын ерекше
жағдайлар бар. Ол сөздерді жаттап алған дұрыс болады.
Шет тілдерінен енген сөздердің көпше түрі
Ағылшын тіліне басқа тілдерден енген сөздердің көпше түрлері сол
сөздердің негізгі тілдерінде қалай жазылса, ағылшын тілінде де ережеден
ауытқымай, өз қалпында жазылады. Ондай зат есімдердің кейбірінің екі түрлі
көпше түрдегі нұсқасы болады. Қолданылуына байланысты екеуініңмағынасы екі
түрлі болуы да мүмкін. Шет тілдерінен енген зат есімдердің біразы төмендегі
кестеде көрсетілген.
Затесімдердің саналмайтын түрлері
Зат есімдердің саналмайтын түрлері болады. Мысалы: шаш, сүт, ақша,
жаңалықтар, т.с.с. Ешқашанда Бес сүт іштім немесе Менің 100 ақшам бар
деп айтпаймыз.
Тек жеке түрде қолданылатын саналмайтын зат есімдер.
Milk, news, money, coffee, meat, water, hair ...
Мысалы: My hair is blond. Your news is not good.
Екінші мысалдағы news сөзі -s көптік жалғауымен аяқталғанымен, жекеше
түрдегі етістіктермен бірге қолданылады. Оған ұқсас physics, politics
секілді сөздер бар.
Тек көпше түрде қолданылатын саналмайтын зат есімдер.
Police, people, trousers, jeans, clothes, stairs ...
Мысалы: Where are my jeans? There are few people. The police
are looking for the murderer.
Үнемі көпше түрде жазылатын ұлттардың атаулары
Кей ұлт атауларының алдына the артиклі қойылып жазылады және олар -s
көптік жалғауынсыз-ақ үнемі көпше түрде қолданылады. Мысалы: the Dutch, the
English, the French, the British, the Spanish, the Welsh
Бұл кезеңнің мақсаттары түсіндірілген грамматикалық ұғымды пысықтау
жаттығулары арқылы, жинақтау мен қайталау сабақтары барысында, кейінгі
тақырыптарды өту кезінде орындалады.
Белгілі бір грамматикалық ұғымды оқытудың өз кезеңдері әр сыныпта
қайталанып отырады. Себебі бастауыш сыныпта оқытылатын грамматикалық
ұғымдар сыныптан сыныпқа өткен сайын бірте - бірте күрделендіріліп,
сабақтастыра берілген.
Тілдің ойлау және қарым - қатынас құралы ретіндегі қолданылуы оның
морфологиялық жүйесінде болатын өзгерістерге тікелей байланысты. Адамның
сөздік қоры қаншама бай болса да, егер ол өзі білетін сол сөздерді бір-
бірімен байланыстырып қолдана алмаса, білгеніінің бәрі босқа қалар еді.
Сөзден сөз тудырып, оларды жалғаулар арқылы бір-бірімен дұрыс
байланыстырып, сөйлем ішінде әрқайсысын орын-орнына қою үшін көптеген
морфологиялық заңдылықтарды білу қажет. Атап айтқанда, олар мыналар:
сөз құрамы;
сөздердің жасалу жолдары;жалғаулардың жалғаны тәртібі;
сөз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жобалап оқыту технологиясының ерекшеліктері
Шет тілін оқытудың маңыздылығы
Гигиеналық факторлар
Мектеп, жанұя, қоғамдық ұйымдардың тәрбие жағдайындағы интеграциясы
Педагогика мәдени гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу
Физика сабағында дарынды балаларды оқытудың ерекшеліктері
ОРТА СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ДОМБЫРА АСПАБЫН ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕРІ
Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің лексикалық ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының даму ерекшеліктері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру
Пәндер