Ағылшын тілі сабақ жүргізудің үлгісі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. Ағылшын тілін оқытудағы оқу жұмысының ерекшеліктері мен түрлері

1. 1 Ағылшын тілін оқытудағы оқу жұмысының мәні, түрлері . . . 5

1. 2 Ағылшын тілі сабағында оқу жұмыстары арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу . . . 8

2. Ағылшын тілін оқытудағы оқу тапсырмаларын сабақта ұйымдастыру

2. 1 Ағылшын тілі сабағында оқу жұмыстарын ұйымдастыру . . . 11

2. 2 Ағылшын тілі сабағындағы оқуға қажетті жаңылтпаштар мен тақпақтар өткізу . . . 18

2. 3 Оқудағы мақал - мәтелдердің маңызы . . . 19

3. Іс-тәжірибе барысында ағылшын тілі сабақтарында қолданған оқыту жолдары . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбы - « Ағылшын тілі сабақ жүргізудің үлгісі» болғандықтан ағылшын тілін оқыту технологиясының бірнеше түрлерін қарастырдым:

- Сыныптан тыс оқыту, яғни - оқу жұмыстарын жүргізу мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.

- Үйірме жұмыстары - сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың ағылшын тілі пәніне қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде ағылшын тілі үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы - қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады.

- Ағылшын тілін әрі қарай дамыта оқыту үшін - интернетпен жұмыс жасау.

Ағылшын сабақтарында оқушылардың алған білімі мен дағдыларын - оқу жұмыстарымен оқумен ұштастыра дамытқан кезде ғана олардың өз бетімен оқу машығы жетіле түспек. Осыдан келіп оқушылардың ағылшын тіліне деген білімдерін арттырудың тиімді жолы - Ағылшын сабақтары мен сыныптан тыс оқу сабақтарын байланыстыра білу мәселесі туады.

Бұл көркем шығарманың идеялық - көркемдік құндылығы, көтерген проблемасының тереңдігі; ауқымы, оқушының қабылдаушылық, қызығушылық қабілеті тұрғысынан сарапқа салынған, мақсаты мен бағыт-бағдары айқындалған сыныптан тыс оқу сабақты басқа да жұмыстармен тығыз ұштастыра жүргізуді міндеттейді.

Ағылшын тілі сабағындағы информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Ағылшын тілі сабағында компьютерлік сауатылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қортындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі - Интернетте жариялау.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Оқушының шет тілі сабағын оқытуда - оқу жұмыстарының мәні мен түрлерін зерттеу мақсатында мәліметтер жинақтай отырып, тақырыпты зерттеу және оның тиімділігін анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Оқушының шет тілі сабағын оқытуда - оқу жұмыстарын жүргізуде қолданылатын пікірталастың мақсатын зерттеу;
  2. Оқушының ағылшын тілі сабағын оқытуда - оқу жұмыстарын ұйымдастыру, яғни сабақтан тыс жұмыстар, курстар, жеке ақыту тәсілдерін қарастыра отырып, тақырыпты зерттеу.

1. Ағылшын тілін оқытудағы - оқу жұмысының ерекшеліктері мен түрлері

1. 1 Ағылшын тілін оқытудағы -оқу жұмысының мәні, түрлері

Оқыту - білім берудің негізгі жолы болып табылады. Оқыту оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты бір текті процесс. Оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны игереді. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі - сыныптан тыс оқыту, яғни - оқу жұмыстарын жүргізу.

Сыныптан тыс оқыту, яғни - оқу жұмыстарын жүргізу мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.

Үйірме жұмыстары - сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың ағылшын тілі пәніне қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде ағылшын тілі үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы - қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады.

Ағылшын тілі үйірмелердің бір түріне «Кітап достары» немесе «Кітап - білім бұлағы» деген үйірмені жатқызуға болады. Әсіресе, V - VIII сыныптарда мұны мектеп кітапханасымен бірігіп жүргізудің маңызы ерекше. Үйірме мүшелері кітапханада арнайы көрме ұйымдастырып өткізеді. Мысалы, «Құрметтейік те көтерейік ананы!» (8- наурыз қарсаңында), «Менің Қазақстаным» (Республика күніне) . Олар жаңа кітапты үнемі насихаттап, балаларға таратып, төменгі сынып балдырғандарына әңгімелеп береді. Жұмыс нәтижелі болу үшін, жоспарлы, жүйелі жүргізілуі керек. Кітапты күтіп ұстау, ұқыпты болу, оны қалай оқудың мәдениеті туралы да тартымды әңгімелер осы үйірме міндетінде. Олар осы мәселеде неше түрлі бәйге өткізеді. Мысалы, «Ұқыпты бала», «Кітап жанашыры», «Білгір» (кітап көп оқитын), «Шапшаң» немесе «Алғыр» (кітапты тез әрі қатесіз оқитындар үшін) т. б. тақырыптарда. Жеіңмпаздарға қоғамдық ұйымдар, үйірме, мектеп әкімшілігі алғыс айтып, оларды мектеп газетінде мадақтап отырғаны дұрыс. Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан кезекті кітапты қалай алуға болады, каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізу керек, соған үйретеді, дағдыландырады.

Үйірмелердің тағы бір түрі - ағылшын тілінде мәнерлеп оқу, драма үйірмелері. Үйірмені осы өнерден хабары бар, сауатты маманның жүргізгені дұрыс. Оқушылар драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы хабар алады, театр өнері, оның өзіндік сипаттарымен, ұлы артистер өмірі, өнерімен танысады. Драма үйірмесіне мектеп оқушылары ішінен өнерге бейімі бар балалар өз еркімен тартылады. Үйірмеде кемінде он бес мүше болады. Оқу жылы басында үйірме жетекшісі мектептің оқу - тәрбие жоспарын негізге ала отырып, жұмыс жоспарын құрады. Үйірменің мақсаты - жекелеген оқушының сан қырлы көркем дамуын, оның рухани қажеттілігінің арта түсуін қамтамасыз ету. Сол арқылы өнерге құлшынысын тәрбиелеу. Үйірме жұмысын жоспарлау көбіне жетекшінің жеке басының біліміне, өнеріне, режиссерлік қабілетіне байланысты. әрбір жетекші ең алдымен оқушының жас ерекшелігін ескеріп, оның табиғи дарынын байқап, жас өнерпаздың қызығушылығын баулып, шығармашылық еңбекке йретеді. Үйірме сабақтарында мектеп бағдарламасына байланысты шағын пьесалардан үзінді, әдеби монтаж қойылымдары даярланады. Үйірменің жұмысы әр оқушының көркем білімін дамытуға әсерін тигізеді. Ал көркем білім ізгілік пен адамгершілікке негізделіп, оқушының нысанасы биік идеясын тәрбиелейді. Ендеше драма жанры бойынша әр сабақта оқушының алған білімі, драма үйірмесінде практикалық істермен ұласып, көркем білім негізін қалыптастырады. Мектептегі ағылшын тілі үйірмесі - ағылшын тіліне жақын, талантты жастарды тәрбиелейді. Ағылшын тілі үйірмесі де жыл басынан жоспарланып дайындалады. Ағылшын тілі үйірмесін ұйымдастырғанда ұйымдастырушы жетекшілері алдына әртүрлі мақсат қоюы мүмкін. Ағылшын тілі оқушылардың үлгерімін арттыру, пәнді игеруге қызықтыру, білімдерін кеңейту, ағылшын тілін тереңдете оқытуға үлес қосады. Сонымен қатар ұлттық негіздегі тәрбиеге халықтың педагогикаға сүйене отырып мынадай жоспар құруға болады.

Ағылшын тілі үйірмесінің жұмыс жоспары.

р/с
Жүргізілетін жұмыстардың тақырыбы
уақыты
Кім жүргізеді?
р/с: 1
Жүргізілетін жұмыстардың тақырыбы:

І тоқсан

Кіріспе

уақыты: қыркүйек
Кім жүргізеді?:

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

р/с: 2
Жүргізілетін жұмыстардың тақырыбы: Жұмыс түрлерімен таныстыру
р/с: 1
Жүргізілетін жұмыстардың тақырыбы: ағылшын тілі пәні мұғалімдері
уақыты: Қазан
р/с: 2
Жүргізілетін жұмыстардың тақырыбы: Кітаптар көрмесі
р/с: 1
Жүргізілетін жұмыстардың тақырыбы:

ІІ тоқсан

Ағылшынша тақпақ жаттау

уақыты: Қараша
р/с: 2
Жүргізілетін жұмыстардың тақырыбы: Ағылшын әдеби шығармалардағы кейіпкерлер
р/с: 1
Жүргізілетін жұмыстардың тақырыбы: Ағылшын - қазақ тілінде мақал - мәтелдер үйрену
уақыты: Желтоқсан
р/с: 2
Жүргізілетін жұмыстардың тақырыбы: Қолөнер
р/с: 1
Жүргізілетін жұмыстардың тақырыбы: ІІІ тоқсан
уақыты: Қаңтар
р/с: 2
Жүргізілетін жұмыстардың тақырыбы: Мақал-мәтелдердің тәрбиелік маңызы
р/с: 1
Жүргізілетін жұмыстардың тақырыбы:
уақыты: Ақпан
Кім жүргізеді?:

ағылшын тілі

р/с: 2
Жүргізілетін жұмыстардың тақырыбы: Ұлттық киім үлгілерін ағылшынша оқу
р/с: 1
Жүргізілетін жұмыстардың тақырыбы:

ІV тоқсан

Ұлттық аспап музыканың түрлерін ағылшынша үйрену

уақыты: Наурыз
р/с: 2
Жүргізілетін жұмыстардың тақырыбы: Әндер айту
р/с: 1
Жүргізілетін жұмыстардың тақырыбы: Мәнерлеп оқу
уақыты: Сәуір
р/с: 2
Жүргізілетін жұмыстардың тақырыбы: Қорытынды

Сыныптан тыс оқу сабақтары бағдарламалық талаптар бойынша жүргізіледі. Оған бағдарламада қосымша оқуға және сыныптан тыс оқуға ұсынылған шығармалар негізге алынады.

Сыныптан тыс оқуға бөлінген сағат көп емес. Бөлінген уақытты ұтымды пайдалана отырып, оқушылардың әдебиет сабақтарында алған білімдерін сыныптан тыс оқу сабақтарында кеңейту мен тереңдетудің тиімді жолдарын іздестірген жөн.

Сыныптан тыс оқу сабағы - Ағылшын сабағының жалғасы. Ол арқылы мұғалім оқушылардың өздігінен кітап оқуына бағыт береді, оқыған шығармаларды есепке алады, қадағалайды, тексереді, оқушылардың қабілетін арттырады. Сыныптан тыс оқуға арналған сабақтарда оқушылар бірде сабақта аяқталмай қалған көркем шығарманы оқыса, бірде кейбір үстірт түсіндірілегн мәселеге қайта оралып, оны нақтылай, дәлелдей түседі, енді бірде оқушыларды алда болатын әдебиет сабағына дайындайды. Бұған қарап сыныптан тыс оқу сабағын қалыптағы дәстүрлі әдебиет сабағы деуге болмайды. Себебі, сынып сағатына қарағанда, мұнда оқушылардың дербес жұмысына, өзіндік ізденуіне, пікір еркіндігіне мол мүмкіндік беріледі. Сондай - ақ баланы жеке адам ретінде қалыптастыруға қажетті тәрбие жұмыстарын іске асыруда сыныптан тыс оқудың маңызы зор.

1. 2 Ағылшын тілі сабағында оқу жұмыстары арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу

Ол оқыту процесінде оқушыларды бірігіп белгілі бір мәселені шешуге белгілі бір әрекетке өз жауапкершілігін сезініп, белсенді болуға және осы кезде өз қиялын, ой-өрісін, шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл әдіс оқушыларды жұп болып, бірігіп жұмыс жасауға, жұмыс жасай отырып, өзгелерге көмек көрсетуге үйретеді. Сонымен қатар бұл ұғым тәсіл ретінде төмендегідей талаптарға сай келеді:

  • ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегінен өткізеді;
  • студент өзін-өзі еркін және ыңғайлы сезінетін өрісті қалыптастырады, тілді оқып үйрену ниетін арттырады;
  • студенттің жеке тұлғасына тікелей әсер етіп, танымдық, шығармашылық қабілетін оятады;
  • топ студенттерімен жасалатын жұмысты түрлі формада (жұптық, топтық, ұжымдық) өткізуді қамтамасыз етеді;
  • ойлауды белсендіреді;
  • ынтымақтастықпен әрекет етуге үйретеді;
  • тындау дағдысын қалыптастырып, өзгені тындай алады.

Әрине мүндай тәсілді қолдануда кездесетін қиындықтар да жоқ емес. Себебі әр студенттің ойлау қабілеті, жылдамдығы, білім деңгейі, ақпаратты меңгеруі бірдей жағдайда емес. Осыдан келіп студенттердің алдында шынайы және психологиялық қиындықтар туындайды.

Шынайы қиындық:

- берілген тапсырма дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда;

-жүріп жатқан әңгіме оқушыларға қызық емес болса;

-әңгімені тыңдамағандықтан сөйлей алмаған жағдайда туындайды.

Ал психологиялық қиындық шынайы қиындыққа қарағанда жиірек кездеседі. оқушылар мұндай жағдайда көбінесе үнсіз калады.

Яғни:

- оқушылар өз ойын білдіру үшін көмекші сөздерді, тілдік құралды таба алмағандықтан үндемейді;

- оқытушы мен топ алдында сөйлеуге қысылғандықтан үндемейді;

- өз білім дәрежесінің төмен екендігін көрсеткісі келмегендіктен үндемейді.

Мұндай жағдайда оқушыларды сөйлеу үшін оған қысым көрсетпей, оған сөйлеу үшін ыңғайлы, қолайлы мүмкіндік туғызылуы керек, студентті өз әрекеттерін тындай білуге үйрету керек.

Мұғалім алдымен оқушыларды сөйлеуге үйретуде, соның ішінде тілді қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруге ұмтылуын, оқушыларға өз іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру үшін оған сай ниетін оятып әрі оқу атмосферасын орната білуі керек. Ал мұндай атмосфераның орнауына Н. В. Гавриленконың төмендегі пікірлерімен толықтай келісуімізге тура келеді.

Біріншіден, ағылшын тілін оқытуда итерактивтік тәсілді қолдану кезінде қойылатын талаптың, жасалатын жұмыстың оқыту процесіне сай болуы керек. Екіншіден, жұмыс түрлері, онда қолданылатын оқу құралдары, жатты-ғулар студенттердің білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне сай болуы керек.

Үшіншіден, оқушылар жіберген қателерін мұғалім көмегімен өзі табуға дағдылануы керек.

Оқушылардың бірі оқьпушының айтқанын жылдам ұғып алады, енді біріне материалды ұғу үшін қосымша түсіндірмелер мен мысалдар қажет болады. Мұндай оқушылар нақты нені түсінгенін ұғына алмай сұрақ қоюға жасқанады. Осындай жағдайда студенттерді топқа не болмаса жұпка біріктіріп, оларға ортақ тапсырма беріп, ол тапсырманы орындау барысында әрбір студентке жеке рөлдер мен міндеттер атқаруды талап етсе, онда әр студенттің өз жұмысына жауапты болып, жалпы жұмыс нәтижесінде қол жеткізуге ұмтылатын жағдаят пайда болады. Сондықтан да білімі төмен студентер үлгерімі жоғары оқушылардан өзіне түсініксіз болған жерді сұрап, ал үлгерімі жақсы студент топтың жеңіп шығуын ойлап, барлық студенттердің, әсіресе білімі төмен студенттердің нәтижелі жұмыс істеуін кездейді. Осылайша оқушылар бірігіп қиындықтың алдын алады.

Интерактивті тәсіл, әсіресе сабақты пысықтап, қорытындылауга бірден-бір көмегін тигізетін тәсілдердің бірі. Сонымен қатар интерактивті әдіс арқылы оқушылар өз білімін өздері бағалайдыда олар алған білім, білік дағдылары бойынша бағаланады. Әсіресе өзін - өзі бақылау, жұптық өзара бақылау. Топтық өзара бақылау кезендері сабақты бекітуге біршама септігін тигізеді.

Бұл бақылауды төмендегі бағалау әдіс белгілері арқылы іске асыруға болады.

Өздік бағалауы

1. Менің бүгінгі тақырыпқа өз бетімше дайындығым: төмен, орта, жоғары

2. Бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім: төмен, орташа, жоғары

3. Бүгінгі сабаққа қатысуым: төмен, орташа, жоғары

Топтың өзара бағалауы (топтар бір-бірін бағалайды)

1. Топ ұжымының татулығы, белсенділігі, өзара әрекет әдебі, топтық араласу әдебі: төмен, орташа, жоғары

2. Жаңа тақырыпты өмірмен байланыстыра айтуы: төмен, орташа, жоғары

3. Сөйлеу шешендігі, мәдениеті; төмен, орташа, жоғары.

Бұл бақылаулар студенттерді өздеріне және өзгеге сын тұрғысында қарауға үйретеді. Онда біреуді бағалау үшін өзінде тиісті білім болуы қажеттігі туады.

Бұл бағыттау мен бағалау оқушылардың бойында мына қасиетгерді қалыптастырады: еріктілік, еңбексүйгіштік, өз біліміне сенімділігі, қабілеттілігі, жауапкершілікті сезінуі, адамдык, жолдастық қасиеттер, сөз қоры, ғылыми ақпараттарды ақтаруы, өзінше түйін жасауы, сөйлеу мәдениеті т. б.

Жалпы шетел тілі сабағында қолданылып жүрген ролдік ойындар, іскерлік ойындар, пікір талас, студенттердің баяндамалары мен ақпараттық хабарлары, дәріс - диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер, ұжымдық -танымдық оқу, иммитация әдістері осы жоғары белсенділікті дамыту әдісінің интерактивті әдіс белгілері болып табылады. Сабақты ұйымдастырудың топтық-үлестірме түрлерін қолдану арқылы іс-әрекетті талқылау, қарама-қарсы кайшылықты мәліметтер беру арқылы пікір таласын тудыру студенттің пәнге деген ықыласын, ынтасын арттырады. Ең бір жалқау деген студенттің өзі де өз ойларын ортаға салуға тырысады.

Сабақ барысында қолданылған төмендегі бір-екі мысалға көңіл аударайық.

Белгілі бір өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында оқушыларды үш топқа бөліп, оларға негізгі тақырыпқа байланысты ("Travelling" тақырыбын пайық) тақырыпшаларды береміз:

1 топқа " Travelling by train"

2 топқа "Travelling by bus"

3 топқа "Travelling by plane"

Әр бір топ өздеріне берілген тақырыпшалар бойынша ассоциограмма жасайды. Ассоциограмманың көмегімен топ студенттері бірігіп, өздеріне берілген саяхат түрлері жайлы толық мағлұмат бере отырып оның тиімді және тиімсіз жақтарын ашып айта білулері керек. Сонымен қатар әр топқа қойылатын талап тақырыпқа байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін көбірек пайдалану және талқылауға топ студенттерінің түгелдей қатысуын

қадағалау. Соңында оқытушы топтарға бірін - бірі бағалауға мүмкіндік беріп, өзінің қойған бағасымен корытындылай отырып, әр топтың ортақ бағасын шығарады.

Осы тәрізді тәсілді грамматикалык жаттығуларды орындату кезінде де пайдаланған өте тиімді. Мұндай жағдайда топ оқушылары әр бір ұпай үшін күреседі. Себебі грамматикалық тұрғыдан әрбір дұрыс жасалған сөйлем оларға ұпай әкеліп отырады. Тапсырманы орындау кезінде студенттер өздерінің бар білгендерін топ мүшелерімен бөліседі. Бұл кейбір грамматикалык материалдарды түсінбей жүрген оқушыларға үлкен көмегін тигізеді.

Ал мәтіндермен жұмыс жасау кезінде оқушылардың берілген мәтінді кемінде екі рет оқығандары дұрыс. Бастапқыда олар мәтінге тек көз жүгіртіп, жалпы идеяны немесе басты проблеманы түсіне алады, ал одан соң мұқият көңіл бөліп бастан аяқ оқып шығады. Бұлайша жасау талқылаудың алдында тұжырымды логикалык тұрғыдан кайта пысықтауға көмектеседі.

Сабақ уақытын мейілінше үнемді пайдалану үшін мәтінді -н оқып келуді тапсырған дұрыс.

Қорыта айтқанда интерактивті тәсілдің ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған тапсырмаларды орындау оқушыларға оқытылып отырған тілдің практикалык тұрғыдан қолдану нәтижесін, жемісін көруге мүмкіндік береді және осы жағдай олардың шетел тілін окып үйренуге деген қызығушылығын арттырады.

2. Ағылшын тілін оқытудағы - оқу тапсырмаларын сабақта ұйымдастыру

2. 1 Ағылшын тілі сабағында -оқу жұмыстарын ұйымдастыру

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті жұрттың қамын же» дейтін бабаларымыз тілдің құдіреттілігін ертеден-ақ айқындап берген. Ел ертеңіне алаңдайтын болашақ тұтқасын ұстайтын саналы да білімді ұрпағымыздың қалыптасуына тілдің әсері мол. Өнер атаулының ішіндегі ең құдіреттісі сөз өнері, сөйлеу өнері екендігін оқушыға сезіндіре отырып, ағылшын тілі сабағында қазақ тілімен шетел тілін сабақтастыра отырып, оқушының өз тілін қастерлеуге, өзге тілді білуге, үйренуге деген талпынысын арттырамын. Сонымен ойы терең, сөзі өткір, өзіндік пікір болжамы қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеуде тіл үйренудің заман қажеттілігінен туындағаны анық. Осы орайда сыныптан тыс жұмыстардың тіл үйренудегі алатын орны ерекше. Соған байланысты іс-тәжірибе барысында 7-сынып оқушыларымен сыныптан тыс сабақ өткіздім. Тақырыбы: «Алтын балық».

THE GOLDFISH

ELEONORE FARJEON

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттерге көптілді білім беруді жүзеге асыру аясында оқыту мен оқу үдерісінде кездесетін қиындықтар
Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға оқыту негіздері
Оқыту әдістері мен түрлері
Диалогтық сөйлеуді оқыту әдістері
Ағылшын тілі сабағында оқушыларды денгейлеп оқыту жолдары
Шетел тілін оқыту әдістемесі
Оқушылардың тәрбиелік деңгейін бағалау көрсеткіштері
Қашықтан оқытуда видеосабақ арқылы тыңдалым дағдысын қалыптастыру
Информатиканы орта мектепте оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Үштілділік бағдарламасы бойынша орта мектептерде тілдерді салыстырмалы оқыту жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz