Эффектілі оқыту стратегиялары
КІРІСПЕ...
1.ЭФФЕКТІЛІ ОҚЫТУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ ...
1.1 Ағылшын тілі және оны оқытудың әдістері ... .
1.2 Ағылшын тілін ойын арқылы оқытудың әдістемесі ... ... .
1.3 Мультимедиа.инновациялық технологиялар . тілдерге оқытудың тиімді жолдары ... .
2. КӨПТІЛДІЛІККЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МІНДЕТТЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ..
2.1 Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемелік принциптері ...
2.2 Ағылшын тілін оқытудың осы замандық әдістемесіне сипаттама ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ...

Курстық жұмыстың өзектілігі: Рухани интеграция дәуірлеген бүгінгі таңда ағылшын тілі - ғаламдық феноменге айналды. Мемлекетаралық байланыстарды нығайту елдердің экономикалық қарқынына ғана емес, ол руханиятқа, соның ішінде, тілге де тәуелді. Оқыту саласына түбегейлі өзгеріс жүріп жатқан, оқыту әдістері мен оның мазмұны қайта қарастырылып жатқан қазіргі таңда шетел тілдерін оқытудың тарихи тәсілдері мен оның негізгі тенденцияларын жетілдіру жүйесіне орала кету орынды.
Қазір шетел тілін оқыту методикасы ғылым болып қалыптасып келе жатқанына ешкім күмән келтіре қоймас. 1930 жылы Е. М. Рыт методикаға алғаш анықтама берген. Ол: «Шетел тілін оқыту методикасы салыстырмалы тіл білімінің тәжірибелік айқындауышы», - деп баға берген болатьн.
Қолданбалы тіл білімі секілді әдістемеге де түрлі көзқарастардың туындауы 1930 жылдардағы шетел тілін пән ретінде оқыту жүйесінің жеткілікті деңгейде анықталмауымен тікелей байланысты болатын. Сол кезеңдерде зерттеу әдістерінің жүйесі де әзірленбеген еді.
Әдістеменің ғылым ретінде сипат алуындағы алғашқы бағыттар Б.В.Беляевтің есімімен ұштасады. Ол әдістемені қолданбалы психология саласына теліді. Алайда, аудитория жұмысына сай іс әдістерін қолданудағы айырмашылықтар, материалдарды сараптау - методиканың басты мәселесі болған. Сондықтан әдістеменің бұл анықтамасы кең жайылған жоқ.
1930 жылдардың аяғы мен 1940 жылдардың басында педагогикалық ғылым ретіндегі методика анықтауыш бағыты ресімделді. Педагогика мен методика үйретуде бір ғана нысанға ие. Ол – оқыту процесстері, тәрбиелеу, оқытудың мақсат-міндеттері, сабақтың мазмұны. Мұның ішінде біртұтас болып қалған педагогикалық ғылым ретіндегі әдістемеге берілген анықтама. Методика - өз алдына ғылым. Оның зерттеу әдістері мен өзіне тән заңдылықтары бар. Оған берілген нақты анықтама мынадай: «Оқыту методикасы – оқыту жүйесін, тәсілдерін, заңдылықтарын, мақсаты мен мазмұнын зерттейтін, сондай-ақ шетел тілі материалы арқылы оқу-тәрбие үрдістерін үйрететін ғылым».
ХХ ғасырдың басында бір мәселе өткір тұрды. Ол - әдістеме мәселесі. Бұл - заңды құбылыс. Өйткені, Қазан төңкерісінен кейінгі «жаңа» мектептер жаңа әдістердің болуын тіледі. Сол кезеңдерде тікелей (натуралды) әдіс насихатталды. Ол тәсіл пәнді ағылшын сөздерімен байланыстыратын – тура принцип негізінде пайда болды. Бұл ағылшын тілін үйренудің еркін (ассоциативті) әдісі еді.
Батыста аралас әдістеме идеясы туындап жатқан шақта, неліктен мұнда тікелей әдіс насихатталды? Алдымен, патшаға бағынышты оқу орындарында жай жаттауға негізделген мәтіндік аударма мен грамматикалық аударма әдістері үстемдік етті. Осыған жататын тікелей әдіс барынша озық сипатта болды.

1. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы. Астана, 2004ж.
2. С.Назарбаева. Өзіңді өзің танып - білу бұл да ғылым. Егемен Қазақстан-2004ж.
3. Н.Ф.Талызина. Формирование позновательности младших школьников. Москва 1988, 97с.
4. Дьяченко В.К.Новая дидактика. М; Народная оброзавание,2000-197с.
5. Куписевич И.Основы общей дидактики. М; Педагогика, 1986-206с.
6. Оконь В.Введение в общую дидактику.М; Педагогика,1990-234с.
7. Селевко В.К.Современные оброзовательные технологии.М; Народное оброзование, 1998, 256с.
8. Лихечев Б.Т.Педагогика. Курс лекций. М; Прометей, Юрайт,1998.
9. Махмутов М.И. Проблемные обучение. М; Педагогика, 1985,198с.
10. Щукина Г.И. Активизация позновательной деятельности учащихся в учебном процессе. Москва: «Просвещение» 1979, 160с
11. ЧередовИ.М.Формы учебной работы в средней школе-М:Просвешение61988-255с
12. Тоқсанбаева Н.Қ. Оқыту процесі жүйесіндегі танымдық іс-әрекеттің құрылымы.п.ғ.к. дисс... Автореф Алматы-2001.
13. Мөженақова М.С. Мектептің педагогикалық процесінде оқушылардың танымдық қызығушылығын өлкетану материалдары негізінде дамыту.п.ғ.к. дисс...Автореф Қарағанды 2004.
14. Карпов А.П. Самостоятельная позновательная деятельность школьников в обучение. М., Педагогика 1980, 24с.
15. Н.Д.Хмель Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық прцесс Алматы «Ғылым» 2002.
16. Асылжанова М.А. Танымдық іс-әрекет мектепке бейімделудің басты факторы. Дисс... п.ғ.к, Алматы 1999, 144б.
17. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. А «Мектеп» 1978, 110б.
18. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы 2003, 257-261б.
19. Ә.Х.Тұрғынбаев. Философия. Алматы «Білім» 2001, 188-190б.
20. Е.И.Пассов. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. Москва «Просвещение» 1991, 17-22с.
21. С.Н.Савина. Внеклассная работа по иностранным языкам в средней школе.Москва «Просвещение» 1991, 12-16с.
22. Л.В.Щерба. Преподование иностранных языков в средней школе под ред проф Рахманова И.В. Москва «Высшая школа» 1974, 6-13с.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
1.ЭФФЕКТІЛІ ОҚЫТУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
5
1.1 Ағылшын тілі және оны оқытудың әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.2 Ағылшын тілін ойын арқылы оқытудың әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... .
9
1.3 Мультимедиа-инновациялық технологиялар - тілдерге оқытудың тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12
2. КӨПТІЛДІЛІККЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МІНДЕТТЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
19
2.1 Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемелік принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
19
2.2 Ағылшын тілін оқытудың осы замандық әдістемесіне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..
36
.
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Рухани интеграция дәуірлеген бүгінгі таңда ағылшын тілі - ғаламдық феноменге айналды. Мемлекетаралық байланыстарды нығайту елдердің экономикалық қарқынына ғана емес, ол руханиятқа, соның ішінде, тілге де тәуелді. Оқыту саласына түбегейлі өзгеріс жүріп жатқан, оқыту әдістері мен оның мазмұны қайта қарастырылып жатқан қазіргі таңда шетел тілдерін оқытудың тарихи тәсілдері мен оның негізгі тенденцияларын жетілдіру жүйесіне орала кету орынды.
Қазір шетел тілін оқыту методикасы ғылым болып қалыптасып келе жатқанына ешкім күмән келтіре қоймас. 1930 жылы Е. М. Рыт методикаға алғаш анықтама берген. Ол: Шетел тілін оқыту методикасы салыстырмалы тіл білімінің тәжірибелік айқындауышы, - деп баға берген болатьн.
Қолданбалы тіл білімі секілді әдістемеге де түрлі көзқарастардың туындауы 1930 жылдардағы шетел тілін пән ретінде оқыту жүйесінің жеткілікті деңгейде анықталмауымен тікелей байланысты болатын. Сол кезеңдерде зерттеу әдістерінің жүйесі де әзірленбеген еді.
Әдістеменің ғылым ретінде сипат алуындағы алғашқы бағыттар Б.В.Беляевтің есімімен ұштасады. Ол әдістемені қолданбалы психология саласына теліді. Алайда, аудитория жұмысына сай іс әдістерін қолданудағы айырмашылықтар, материалдарды сараптау - методиканың басты мәселесі болған. Сондықтан әдістеменің бұл анықтамасы кең жайылған жоқ.
1930 жылдардың аяғы мен 1940 жылдардың басында педагогикалық ғылым ретіндегі методика анықтауыш бағыты ресімделді. Педагогика мен методика үйретуде бір ғана нысанға ие. Ол - оқыту процесстері, тәрбиелеу, оқытудың мақсат-міндеттері, сабақтың мазмұны. Мұның ішінде біртұтас болып қалған педагогикалық ғылым ретіндегі әдістемеге берілген анықтама. Методика - өз алдына ғылым. Оның зерттеу әдістері мен өзіне тән заңдылықтары бар. Оған берілген нақты анықтама мынадай: Оқыту методикасы - оқыту жүйесін, тәсілдерін, заңдылықтарын, мақсаты мен мазмұнын зерттейтін, сондай-ақ шетел тілі материалы арқылы оқу-тәрбие үрдістерін үйрететін ғылым.
ХХ ғасырдың басында бір мәселе өткір тұрды. Ол - әдістеме мәселесі. Бұл - заңды құбылыс. Өйткені, Қазан төңкерісінен кейінгі жаңа мектептер жаңа әдістердің болуын тіледі. Сол кезеңдерде тікелей (натуралды) әдіс насихатталды. Ол тәсіл пәнді ағылшын сөздерімен байланыстыратын - тура принцип негізінде пайда болды. Бұл ағылшын тілін үйренудің еркін (ассоциативті) әдісі еді.
Батыста аралас әдістеме идеясы туындап жатқан шақта, неліктен мұнда тікелей әдіс насихатталды? Алдымен, патшаға бағынышты оқу орындарында жай жаттауға негізделген мәтіндік аударма мен грамматикалық аударма әдістері үстемдік етті. Осыған жататын тікелей әдіс барынша озық сипатта болды.
Екіншіден, сол уақыттағы тікелей әдіс қарым-қатынасқа тәлімдеуді көздеді.
Үшіншіден, І дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыста бастау алған өзге тәсілдерде қарастырылған ұсынымдармен біздің педагог-әдіскер ғалымдар таныс емес еді.
Бұдан бөлек, көптеген методистер мен мұғалімдер үшін тікелей әдіс жаңа, еліктіргіш болып саналды. Олар оның тиімділігіне шынайылықпен иланды.
Заман ағымына қарай тікелей әдіске енгізілген өзгерістер педагогикада туындаған прогрессивті идеялармен терең байланысты.
Көп ұзамай шетел тілдерін оқытудың салыстырмалы әдісі қалыптасты. Бұл әдіс бойынша шетел тілін үйрету ана тілімен салыстыру негізінде жүргізіледі. Осы тәсілдің негізін қалаған - педагог ғалым Л. В. Щербу.
Мұның ізін ала тікелей және салыстырмалы әдістерді қиыстыру арқылы аралас әдіс пайда болды.
Бара-бара шетел тілін оқытудың мақсаттары мен оны меңгертуге деген талап өзгерді. Сөйтіп шетел тілін оқыту жүйесі күйзеліске ұшырады.
Дағдарыс жағдаяты әрдайым түбегейлі өзгерісті талап етеді. Осындай, озық идеялардың жеткіліксіздігі жағдайында коммуникативті оқыту тәсілі жетілдірілді. Дағдарыс нәтижесінде әдістемелік іздестіру жандандырылып, шетел тілін оқытудың заманауи әдістемелік тұжырымдамасы дами түсті. Олар: коммуникативті, интенсивті, іс-әрекеттік және басқалар.
Қазіргі таңда байланыс пен шығармашылық оқытуға негізделген коммуникативті-бағдарлау әдістемесінің орны бөлек.
Шетел тілін оқыту әдістемесі әрдайым толықтырылуы, дамытылуы тиіс.
Курстық жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.ЭФФЕКТІЛІ ОҚЫТУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
1.1 Ағылшын тілі және оны оқытудың әдістері
Ағылшын тілін уйретудегі әдіс-тәсілдерді түрлендіру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, сабақта алынған материалды бекіту, соның нәтижесінде балалардың ауыз - екі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде, осыған орай бүгінгі күні білім беру мекемелері мен ұстаздарға үлкен талап қойылуда. Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты - шынайы өмірде оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін қалыптастыру болып табылады. Ағылшын тілін оқытудың тарихы жүз жылдап есептелінеді,Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тарихы 1947 жылдан басталады. Содан бері қарай көптеген өзгерістер енгізілді. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жаңаша көзқарастардың дамуы шетел тілін оқыту, дамытуға ықпалын тигізуде. Білім алушылардың жан - жақты дамуына, сапалы білім алуына,өмірде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуінде ағылшын тілін жақсы менгеруінің маңызы үлкен. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістер пайда болды. Сондықтан, әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс. Сонымен, еліміздің мектептерінің оқу үрдісі түбегейлі өзгеріп оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы инновациялық педагогикалық технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен жаңаруына себепші болуда. Жеке тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту,ақпаратты- коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға өз бетімен ықпал ету,өзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру,оқушылардың, танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады. Оқытудың негізгі үш түрі бар: 1.тәрбиелеу, 2.ағарту, 3.дамыту. Оқытудың тәрбиелік мақсаты. Оқушылардың көпшілігінің ағылшын тілін оқуға деген үлкен қызығушылықпен кірісуі, олардың ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін естігісі және сөйлегісі келеді. Олар алғашқы кезде амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың атауларын біле бастайды. Осы кезеңде қарым-қатынас екі жақты болуды талап етеді себебі, олар тыңдай білуге де, сұрай білуге де үйретілуі керек. Оқытудың ағартушылық мақсаты. Кез - келген тілдің ағартушылық қызметі зор. Әрбір тіл сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетінің тікелей көрсеткіші және сол тілде сөйлейтін ел туралы хабардар болуы; өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді. Оқытудың дамыту мақсаты- оқушының тіл білімі деңгейін жоғарылату және сол тілде ойлауды дамыту-тіл білімін дамытудың басты міндеті. Қазір білім саласында оқытудың жаңа технологиясы кеңінен қолданылуда. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте - мөте қажет деп, ел Президенті атап көрсеткендей, электронды оқыту әдіс - тәсілдерін мектеп өміріне енгізу - жаңа білім берудің бірден - бір шарты. Оқыту технологиясы - бұл, бір жағынан, оқу - ақпаратын дайындау, өңдеу, әдіс - тәсілдерінің жиынтығы, екінші жағынан, ұстаздың шәкіртіне оқыту үрдісінде қажетті технологиялық және ақпараттандыру құралдарын пайдалана отырып ықпал ету тәсілдері. Оқытудың мазмұны мен оқыту әдістері өзара тығыз байланыста болу керек. Ұстаздың педагогтік шеберлігі оның керекті мазмұнды, бағдарламадағы материалды іріктей алуымен және оны оқытудың озық әдістерін пайдалана отырып қолданумен белгіленеді. Оқыту технологиясы дегеніміз- оқыту техникасы туралы ғылым, сондықтан, оқыту ғылыми түрінде жүзеге асуы керек, яғни мұғалім қалай оқыту, неге олай оқыту керек деген білім бірліктілігін білуі тиіс. Ағылшын тілін үйретудегі негізгі әдістемелік бағыттар 1. Ағылшын тілін оңайдан қиынға қарай оқытуға бағытталған. 2. Тілдік материалдар қазіргі өмір шындығынан алынған және оқу процесінде әбден шыңдалып, өңделген тілдік материалдар. Сондықтан бұл материалдан күнделікті тіршіліктегі жағдаяттарда қолданылатын ағылшын тілін үйренуге болады. 3. Басты көңіл бөлетін нәрсе сөйлеу мен оқу. Оқушылар сөйлеу мен оқуды меңгергеннен кейін жазуды үйренеді. Сөйлеу мен оқу әрекеттері арқылы дұрыс нәтижеге жеткен оқушы өз ортасында ағылшынша еркін сөйлеп, тілді қатынас құралы ретінде пайдалана білу үшін мынадай ұжымдық жұмыс, топпен жұмыс оқыту тәсілдерін қолданамын. Оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту үшін мынадай: сұрақ - жауап талқысы, салыстыра отырып әңгімелесу, проблемалық сұрақтарды талдау, мәтін не әңгіме бойынша өз ойын ортаға салу, ой алмасу, шарт қою, диалог түрінде сөйлеудегі ойды көрсете білу, пайымдау, түйіндеу,дәлелдеу, ойындар арқылы сөйлеу, сұраққа жауап беру, қорытындылау, өз пікірін айту сияқты әдістерді қолдануға болады, ең тиімдісі сол тілдің өз өкілімен жұмыс жасау арқылы үйрету болар еді,бірақ ондай мүмкіндік жоқ десе де болады.Ең кем дегенде жазба дисктерден тыңдату қажет. Оқу. Мәтін негізгі қарым - қатынас құралы. Мәтінді оқымас бұрын сұрақтар беріледі. Ол сұрақтар бойынша сол мәтіндегі мәселеге байланысты оқушы не біледі, не білмейді, соны анықтау үшін бір мақсат болса, екінші мақсат - өз білімі деңгейінде ойын айтқызып, мәтіндегі оқиға жайлы білуге ұмтылдыру, ынталандыру. Бұл жұмысты бүкіл топ болып немесе 3 - 4 оқушы бірігіп және жұптасып талқылауға болады. Мәтінді оқыған соң оқушы ұғымын тексеруге арналған жаттығуын сұрақтарын қою арқылы оқушылардың мәтіндегі мәселе бойынша өз ойын ортаға салып, пікірін айтуға, еркін сөйлеуге үйретіледі. Оқушыны еркін сөйлеуге төселдіру үшін сөздерді қайталау, оларды еркін де дұрыс қолдана білуге үйрету, грамматикалық материалдарды, сөйлем құрылымын орынды қолдануға үйрету де басты назарда болу керек. Диалогты, әңгімелерді, мәтінді тыңдап, одан не түсінгенін анықтау үшін де әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады. Әдетте тыңдауға арналған маәтіндер оқылған тілдік материалға негізделіп құрылады. Оның ішінде 3 - 4% таныс емес лексикалық материалдар қосуға болады. Әңгімені алғашқы ретте тыңдауға жіберілген уақыт 1- 5 % минут көлемінде болуға тиіс. Тыңдалған әңгіме бойынша төмендегідей жұмыс түрлерін орындаймын: 1. Сұрақтар бойынша оқушыны тексеру 2. Кілт сөздерді анықтау, сөз тіркестерін жазу 3. Тыңдалған әңгімеге ат қою 4. Жоспар құру 5. Ауызша, қысқаша толық мәтіннің мазмұнын беру 6. Әңгіме кейіпкеріне немесе жағдаятқа мінездеме беру. Жазу - сөйлеуге үйренудің басты құралы болып табылады. Жазуды көбінесе грамматкалық жаттығуларды орындағанда, мәтін немесе тақырып туралы не айтқысы келгенін білдіру үшін қолдануға болады. Ал, шетел тілін оқытуда грамматиканы оқытудағы басты міндет - сол грамматикалық құбылыстарды сөз әрекетінің әр түрінде қолдана білу дағдыларын қалыптастырып, одан әрі дамыту. Ағылшын тілі грамматикасын өз ана тілінде зерттеп, аздап болса да онымен салыстыра отырып игеру, сол тілде тезірек және саналы түрде сөйлеп үйренуге қажетті шарттың бірі болып есептеледі. Сабақ - шығармашылық ізденіс дейміз.Күнделіктң сабақ жоспарын жасаудың өзі көптеген ізденісті,терең білімді талап етеді.сондықтанда мұғалім оқушыдан да бетер дайындалуы тиіс.Алдын ала жоспарланған сабақ қана өз нәтижесін береді. Сабақ жүйелі,бір тізбекпен берілуі тиіс.Алдыңғы сабақпен кейінгі сабақта байланыс болуы тиіс.Сонымен қоса қазіргі кезде ең негізгі мәселелердің бірі болып оқушыларға тек қана ғылыми білімдер жүйесін беру ғана емес, оларды шынайы өмірде пайдалана білу болып табылады. Осыған байланысты сыныптан тыс өткізілетін іс - шаралардың оқушылар үшін маңызы зор деп ойлаймын. Бұл жұмыс мұғалімнің сабақ үстінде жүзеге асыратын тәжірибе жұмысын толықтыра және тереңдете отырып балалардың таланттары мен қабілеттерін толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге қызығуын оятудың формасы болып табылады. Өзімнің іс тәжірибемде сыныптан тыс шараларды өткізген кезде интеллектуалды ойындар мен сайыс сабақтарын көп қолданамын,себебі бұл жұмыс формалары балаларды шапшаң шешім қабылдауға, ал топпен жұмыс балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Интерактивті әдіс - тәсілдермен сабақ жүргізген кезде оқытушы - кеңесші рөлін атқаратыны белгілі, ал оқушылар белсенді түрде әрекет ете отырып, бірін - бірі толықтыру арқылы сөйлеуге үйренеді. Осындай игі істер арқасында балалар өзін - өзі батыл, еркін сезінеді, үйреніп жатқан тілге деген қызығушылығы артады, шығармашылық пен жұмыс істеуге үйренеді.Сонымен қатар оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті мақсатқа тез арада қол жеткізуге көмектесе алады. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 8 - бап, 7 - тармағында: Оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті қойылған. Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары: 1. Түрлі - түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау процесі үшін тиімді. 2.Тапсырмалар, кестелерді алдын-ала дайындап қоюда уақыт ұту 5.Оқушымен жекелей жұмысты іске асырады. 6. Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты байланыстырады. Аудиоматериалдар сабақта мынадай мақсатта қолданылады: біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді; екіншіден, оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді, үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді. Таспа арқылы тыңдалатын мәтін оқушының тілін дамытады. Тіл үйренудегі тыңдау сөйлеумен тығыз байланысты. Оқушыға таспадан естігенін тілінде пайдалану қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған мәтін бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы сұраққа дұрыс жауап беру үшін мәтінді ынтамен тыңдап, мәнін түсінуге тырысады. Осы арқылы өз жұмысында компьютерді қолданған мұғалім өзінің өткізетін сабағының сапасын арттырып, оқушылардың танымдылық қызметін ұйымдастыруды белсенді түрде жүргізетініне тағы бір көз жеткіземіз. Бұл жағдайда қазақ тілі пәні мұғалімінің міндеті оқушыларға әр түрлі жаттығуларды орындауда компьютер көмегі мен мүмкіндігін көрсету, өз бетімен компьютерді қолдануды және белгілі бір үлгідегі жаттығулар жиынтығын игеруде арнаулы қолданбалы пакеттерді пайдалануды үйрету болып табылады. Сол сияқты ағылшын тілін игеру барысында білімнің, дағдының маңыздылығын, ал компьютер тек қолдану барысындағы көрнекі құрал екенін оқушылар санасына жеткізе білу де басты мақсаттың бірі болуы қажет. Халқымыздың рухани көсемі А.Байтұрсынов Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек дегендей, өзім де ұйымдастыруда нәтижелі болатын әдістерді сұрыптап пайдаланамын. Озық тәжірибелермен танысып, пән мұғалімдерімен тәжірибе алмасуға тырысамын. Өйткені, сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тәсілдерді дұрыс қолдана білу бізден, яғни бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді. Қорыта айтқанда, ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл - ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып тұр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сабақтың қызықты әрі нәтижелі болуы алдын ала таңдап алынған әдіс-тәсілдерге байланысты. Қазіргі кезде әдіс-тәсілердің барлығы дерлік баланы өз бетімен жұмыстануға,білім алуға жетелейді.
1.2 Ағылшын тілін ойын арқылы оқытудың әдістемесі
Балаларды ерте жастан шетел тіліне оқыту, мәселелерін көптеген ғалымдар мен әдіскерлердің еңбектерінде, диссертациялық зерттеулерінде қарастырылған. Жас балалардың шетел тілін ересектерге қарағанда тез қабылдайтынын кеңес психологтары (Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн) шетелдік психологтар (М. Монтессорл, Б. Уайт,Д. Брунер, П.Элиот) өз еңбектерінде атап көрсеткен.
Шетел тілін ойын арқылы оқу балалардың психикасының дамуына да зор ықпал етеді, шетел тілі сабақтарында ойлау операциялары: салыстыру, анализ, синтез, логикалық және тағы басқаларды іске асырады, балалардың танымдық қабілеттері жоғарылайды.
Бастауыш сыныптарда оқушыларды шетел тіліне оқытудың тиімді тәсілдердің бірі- ойын және ойын элементтерін қолдану, өйткені ойын- бастауыш сынып оқушыларының негізгі іс- әрекетінің бірі.
Ә.К. Меңжанов Мектепке дейінгі педагогика атты еңбегінде ойын әрекеті балалардың барлық нышандары дамуына мүмкіндік тудыратын өзіндік ерекшелігі бар, интеллектуалдық мектеп. Ойын әрекеті балалардың ерік- жігерін, ақыл ойын дамытады деп атап көрсеткен.
Атақты орыс психологы Л.С. Выготский де ойынның балалар дамуындағы маңызын айта келе, мынадай тұжырым жасаған Ойын- шығармашылық жолы және негізі
Осылайша, ойын - балалардың іс- әрекеттерінің негізгі түрі болғандықтан, ол оқушыларды ағылшын тілінде оқыту процесінде оқушылардың шетел тілін оқуға деген құлшынысын, белсенділігін арттырады. Ағылшын тіліндегі ойын процестерінде оқушыларда коммуникативтік біліктіліктің негіздерін қалауға болады. Мұнда қарапайым тілдік қарым- қатынас қызметтері (коммуникативтік, этикеттік, реттеушілік және тағы басқалары) іске асады.
Түрлі әдістемелік әдебиеттерде көрсетілгендей ағылшын тілін оқыту процесінде ойынның мүмкіншіліктерін жүйелі және дұрыс ұйымдастырылған түрде қолдану - ағылшын тілін оқыту процесіндегі бірсарындылықты, біркелкілікті жояды. Ағылшын тіліне оқыту барысында ойын түрлерін кеңінен қолдану оқушыларға психологиялық кедергілерден де өтуге ықпал етеді.Ойын барысында қызығушылық, қызғаныш сезімділік атмосферасы туындайды. Балалар қате жазудан қорықпай, сенімсіздік, селсоқтықтан, осындай сезімдерден арылады.
Ресейлік әдіскер Е.И. Негнивицкая ойын түрлерінің оқыту процесіндегі маңызын былайша атап көрсеткен.
1.Ойын- бұл жаттығу түрі.
2.Ойын- мұғаліммен, құрбылармен өзара қарым- қатынас.
3.Ойын, бұл белгілі бір ситуацияны құру.
4.Оқушылардың ойын процесінде белгілі бір ережелерді сақтауы.
5.Оқушылардың нақты бір іс- әрекетті таңдауы.
Осылайша әр әдіскер, психологтар өз пікірлерін ұсынған. Қазақ халқының да ұлы ақын- жазушылары, әдіскерлері өз тұжырымдамаларын (А.Құнанбаев, М. Жұмабаев) көрсете білген.
Аса ірі ойшылдардың айтқанындай адамды адам еткен- еңбек. Еңбек үстінде адамның көптеген техникалық ерекшеліктері дамып, өмір сүру барысында олар түрлі жолдармен жорыққа шығады. Мысалы, үлкендер өзіне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсеткен, мектепте оқитын балалар сабақ үстінде, ал мектеп жасына дейінгі балалар өз психологиясын ойын үстінде байқатады. Ойын- балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал ол білімді бала қайдан алады. Ойын арқылы бала өзі үйренеді, үлкендер де үйретуге тиіс. Ойынның өз мақсаты, жоспар, арнайы заттары, тағы басқа көптеген ерекшеліктері болады.
Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психогологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы білімді алуға мүмкіндік алады. Бала зейінін қажет ететін, дүниетанымын кеңейтеді, мінез - құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады. Ірі психологтардың айтуы бойынша бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбекте де сондай болады дейді. Ойын - адамның өміртанымының алғышқы қадамы. Қазақ халқының ұлы ақыны А. Құнанбаев: Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма? деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын барасында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) түрлі психологиялық түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын үстінде бала бейнебір өмірдің өзіндегіндей қуаныш пен рені сезімінде болады.
Оқу құралдарының мінезі - мектеп мінезінің айнасы - деп атақты ұлы педагог - психолог, ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай біздің беретін білім, тәрбие жолына пайдаланылатын әдістемелер мәнді, жұмыр болу керек. Ол үшін бала ұғымына, қабылдауына сәйкестендіріп, ойын ұйымдастыру қажет. Балаға таңдалған білім баланың ақылына лайықтап талабын шабыттандыратындай ойын оятарлық, іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек.
Ойын іс пыстырар жұмысты қызықты және тартымды етуге көмектеседі. Лексикалық ойындар грамматикалық ойынның логикалық жалғасы, яғни тілдік құрылымның ірге тасын құруға септігін тигізеді. Фонетикалық ойындар, түрлі қате айтылған, түрлі қиындық туғызатын дыбыстарды қалпына келтіруіне көмек береді. Соңында, лексикалық және
дыбысталуын қалыптастыруға орфографиялық дұрыс ойындар, бастапқы мақсат өтілген лексиканың дұрыс жазылуын қарастыру. Бірінші ойындар
алғышқы жаттығуларды меңгеруге, сонымен бірге әрі қарай қолданып бекітуге зор көмек көрсетеді.
Екінші бөлім шығармашылық ойындар деп аталады. Бұл ойындардың мақсаты тілдік құрылымды әрі қарай дамытуға бағытталған. Осы бөлімде өз бетімен жұмыс істеуге, тез ойламаған кезде өз ойын айтуға көмектеседі. Ойындар тілдікқұрылымдарды шығармашылықпен қолдануға, әсірсе өткен материалды қайталау кезінде қолданылуы шарт.
Ойындардың мақсаты мен міндеті түрлі фактілерге байланысты таңдалады: оқушылардың дайындығына, өтіп жатқан материалына, нақты бағыт пен сабақ жағдайына, барысына байланысты. Егер ойынды бірінші жаттығулар кезінде 20-25 минут бөлуге болады, әрі қарай ойындар 3-5 минут, алдыңғы өткен сабақты қайталауға мақсаттап өткізуге болады. Грамматикалық ойындар, мысалға алғашқы сабақ барысын түсіндіру уақытында қолданған тиімді.
Көптеген ойындар қандай да бір тақырыпқа байланысты болады, сондықтан әрине осылардың ішінде шағын бір пайыз таныс емес лексика кездеседі. Осының бәрін ойын арқылы өткізіп, түсіндіруге болады.
Әрине, шетел тілі сабағы бұл тек қана ойын емес, сенімділік пен түсінушілік, мұғалім мен оқушының қарым - қатынысы ойынның атмосферасында және балалар ойын арқылы терең ойланып түрлі жайттарды шешуге көмек береді.
Балалар ой - өрісін дамытатын қазақ халқының санамақ атты ойынын ағылшын тілімен ұштастырып өткізуге болады. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру.Зат атауларының ұқсастарын санамақ арқылы болса сан үйренеді, санға аты ұқсас заттарды, сөздерді танып біледі. Мысалы,
How much is 1 plus 1?
Two apples in the sun..
How much is 2 plus 2?
Four plums for me and you.
How much is 3 plus 3?
Six cherries in the tree..
How much is 4 plus 4?
Light pairs and no more.
Оқушылардың ой белсенділігін саналы ойлана білуін дамыту, жетелдіру - мұғалімнің негізі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды.
Ойын әрқашан көптеген шешулердінемесе жауаптарды қажет етеді. Мысалға, не істеу керек? Қалай жеңуге болады? деген сұрақтар туады. Осы сұрақтардың жауабын шешуге ойыншы барынтасымен ойынға кіріседі егер оқушы ойын барысында ағылшынша сөйлесе, бұл жерде бір тылсым оқыту тәсілі жатқан жоқ па? Бірақ балалар осы сұрақтарға мән бермейді. Бұлар үшін ойын біріншіден қызықты жұмыс. Осыменен де мұғалімдерді ойын қызықтырады, оның ішінде ағылшын тілі, яғни шетел тілі мұғаліміне. Ойынбарысында барлығы тең. Ойын барлық оқушыларға, яғни әлсіз оқушылардың да қолынан келеді. Тіл жағынан шорқақ оқушы өзінің тапқырлығы мен ақылы арқылы жеңімпаз, не бірінші орынға ие бола алады. Теңдік сезімі, қызығушылық атмосферасындағы қуаныш, бұның барлығы ұялшақтықты, еш қысылмай өз ойын жеткізуге зорықпалын тигізіп, сабақ барысында жетістіктерге қол жеткізуге ықпалын тигізеді. Ойын арқылы тілдік материалды еш қиындықсыз, мүлдем байқамай қабылдап осымен бірге шынымен де мен басқалармен тең сөйлей аламын деген сезім пайда болады.
Балалық ойын - үлкен, шарықталған түсінік. Бұл мысалға, кішкентай бала өзін ұшқыш сезініп, ал жай мектеп орындығын бір ұшақ тәріздес болып көрінеді. Бұл ойын алдын - ала айтылған талаптарға (жасырынбақ, фанттар, тағы басқа)сәйкес ойыншылар арасында түрлі жарыстар өтіп жатады.
Ойындар басты әдістемелік шешімдерді ашуға көмегін тигізеді.
* Балаларды психологиялық дайындыққа, тілдік қатынасқа үйрету.
* Тілдік материалды көп қайталау арқалы табиғи қатынасқа бағыттау.
* Оқушыларды тілдік кұрылымдарды дұрыс пайдалануға үйрету.
1.3 Мультимедиа-инновациялық технологиялар - тілдерге оқытудың тиімді жолдары
Қазіргі кезде білім жүйесі күннен-күнге ақпараттық технологиялар мен компьютерлік телекоммуникацияларды қолдануда. Әсіресе қашықтықтан оқыту жүйесі дамып келеді, бұған дәлел оқу орындарының компьютермен қамтамасыз етілуі және интернет желілерінің дамуы. Оқытудың дәріс-семинар формасы өзінің тиімділігін жоғалтты, оқу уақытының 50% текке кететінін практика дәлелдеді. Шетелдік тәжірибені зерттей келе, келесі маңызды аспектіні көрсетуге болады: мұғалім ақпаратты таратушы рөлінде емес, кеңесші, кейде тіпті коллега ретінде болады бұндай іс-әрекеттің мынадай жағымды жақтары бар: оқушы оқу процесіне активті түрде қатысады, өз бетімен ойлауға бейімделеді, өз көзқарасын айтып және шын ситуацияларды моделдейді. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері - жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру - экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған компьютерлендірілген әлемге дайындау - бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі. Ақпараттық технологиялардың дамуы сабақ өткізуге - қашықтан оқу формасын кіргізуге мүмкіндік жасады. Бұл, біріншіден, оқушының оқу уақыты мен орнын өзі таңдауына мүмкіншілік жасайды, екіншіден, дәстүрлі білім алу мүмкіншілігінен айырылған адамдарға білім алу мүмкіндігін береді, үшіншіден, жаңа ақпараттың оқуға кеткен шығынды азайтады. Сонымен қатар, қашықтан білім алу жеке түрде білім алу мүмкіндігін күшейтеді. Ереже бойынша, қашықтан оқыту формасында электронды оқулықтар қолданылады. Бұл оқулықтардың тиімділігі, біздің ойымызша: біріншіден, олардың мобильдігі, екіншіден, компьютер желілерінің дамуына байланысты кез-келген жерде қолдану мүмкіндігінің болуы. Электронды оқулықтардың жасау ақпарат материалдарын үнемі жаңартып тұруға мүмкіндік жасайды. Электронды оқулықтарда жаттығулар мен мысалдар түрлері көптеп қарастырылады (беріледі). Сонымен қатар, электронды оқулықтар көмегімен білімді бақылау - компьютер арқылы тестілеу жүзеге асырылады. Қазіргі кезеңде қашықтан оқыту дүние жүзінде өте белгілі білім беру формасы болып табылады. Қазіргі кезде көптеген университеттер мен колледждерде қашықтан оқыту әдісі қолға алынып отыр. Халықаралық ақпараттық академия құрылды, бұл жерде 1998 жылы дүниежүзілік университет жұмыс жасайды, бұл университет үш елде - Ресей, Қазақстан және Бельгияда бар. Электронды оқулықтарды қолдану - берілген материалды оқушының саналы игеруіне көмектеседі. Сонымен, ақпараттық технологияның дамуы білім беруде әдістеменің жаңа әдістерін ойлап табуға мүмкіндік жасайды және сапасын арттырады. Қашықтан оқыту - білім берудің кешенді түрі, елде және шет елдегі халықтың басым бөлігіне арнайы ақпараттық жұйе арқылы (спутникті теледидар, радио, компьютер байланысы және т. б. ) іске асады. Қашықтан оқытудың ақпаратты білім жүйесі оқушыны ақпараттық ресурстармен, бағдарламалық, ұйымдастыру- әдістемелік материалдармен қамтамасыз етеді. Қашықтан оқыту жұмыс істей жүріп білім алу формасының бір түрі, адамның білім және ақпарат алуға деген құқығын жүзеге асырады. Яғни қашықтан оқыту білім берудің бір түрі, оқушы мен оқытушының уақыты мен орны бір уақытқа сәйкес келмесе де, білім алу мүмкіндігінің болуы. Егер де бұл анықтамамен келіссек, сырттай оқу қашықтан оқытуға ұқсас, бірақ жеке ерекшелігі жоқ. Мультимедиялық компьютер - бұл ақпаратты жеткізуші жаң а құрал ғана емес, бұл face to face моделін көрсететін қондырғы. Сонымен қатар, тек компьютерде ғана ақпаратты-анықтама жүйесі ерекшелігін (индивидуализация) көрсетеді. Электронды оқулық деген не және оның кәдімгі оқулықтан қандай айырмашылығы бар? Көбіне электронды оқулықтың құрамына білім беретін, тексеретін, моделдейтін және басқа бағдарламалар кіреді, ПЭВМ дисктерінде, оқу пәндерінің негізгі мазмұны көрсетіледі. Электронды оқулық көбінесе кәдімгі оқулықты толықтырады, әсіресе мынадай жағдайларда тиімді: Кері байланысты тез қамтамасыз етеді; Керекті информацияны тез табуға көмектеседі, ал кәдімгі оқулықта бұл қиын; Уақытты үнемдейді; Қысқа мәтінмен қатар көрсетеді, әңгімелейді, моделдейді және т. б. (осы жерде мультимедия-технологиясының мүмкіндіктері мен артықшылығы байқалады) жеке адамды белгілі бір бөлім бойынша білімін тексеруге мүмкіндік жасайды. Электронды оқулықтың 3 негізгі жұмыс тәртібін көрсетуге болады: 1. тексерусіз оқу; 2. тексерумен оқу, әр тақырыптың (параграфтың) соңында оқушыға бірнеше сұрақтар қойылады, бұл сұрақтар материалдың игерілу деңгейін анықтайды; 3. тестілеу арқылы бақылау. Оқулықтың электронды варианты бақылау құралдарын да қамтиды, себебі, білімді бақылау оқытудың негізгі проблемаларының бірі. Отандық оқыту жүйесінде көп уақыт білім тексеру, ережеге сәйкес, ауызша формада өтті. Қазіргі кезеңде тестілеудің түрлі әдістері қолданылуды. Көп адамдар, әрине, бұл көзқарасты, олардың ойынша, тестілер қажетті дағдыларды, мысалы, анализ жасау, салыстыру және т. б. қалыптастырмайды. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану оқудың тиімділігін көтереді, сонымен қатар, оқушының бірден-бір өз бетімен жұмыс істеу құралы болып табылады. Белгілі бір пәнді игеру үшін, теорияны ғана емес, практикалық дағдыларды, яғни тапсырманы орындау практикалық дағдыларды жинақтау керек екендігі белгілі. Бұл үшін оқытылып жатқан процестер мен құбылыстардың математикалық моделдерін құрып үйрену керек, шешімнің алгоритмін жобалап және бағдарлама түрінде жүзеге асыру керек. Бұл мақсатқа жету үшін электронды оқулық құрамына модельдік бағдарламалардың сериясы енгізілді, бұл моделді бағдарламалар структуралардың графикалық иллюстрациясын және алгоритмдердің жұмысын қамтамасыз етеді. Бұл оқушылардың түсіну деңгейін көтеріп қана қоймай студанттің ойлау және сезу қызметін дамытуға септігін тигізеді. Жасалған жұмыс нәтижесі - электронды оқулық екі варианта жасалған: компьютерлік интернет желісі арқылы және аудиторияда оқыту процесі кезінде қолдану үшін. Ол заман талабына сай, компьютер арқылы оқыту құралы талаптарына сай. Біріншіден, заманға сай мультимедиялық ақпараттарды алу жолдарын (амалдарын) кіргізу мүмкіндігін кіргізеді, оқыту бағдарламасы ретінде. Екіншіден, білімді тексеру үшін интерактивті құралдарды кіргізу мүмкіндіктері, сонымен қатар, өзін-өзі тексеру мүмкіндігі және үшіншіден, қазіргі кезде оқулықтардың жетіспеуін байланысты электронды түрін дискетаға түсіріп, үй жағдайында компьютерде қолдануға болады. Егер де оқулықты серверге қойса, онда оның қоланылуына шек қойылмайды. Соңғы жылдары жаңа ақпараттық технологияларды қолдану туралы жиі сөз болып жүр. Бұл жаңа техникалық құралдар ғана емес, сонымен қатар, оқытудың жаңа формалары мен әдістері, оқыту процесіне жаңаша қарау. Шетел тіліне оқытудың негізгі мақсаты Cтуденттердің коммуникативті мәдениетін қалыптастыру мен дамыту, шетел тілінде іс-жүзінде сөйлеуге үйрету. Оқытушының міндеті - әр оқушы үшін шетел тілін іс-жүзінде игеру мүмкіндігін жасау, әр студент өзінің шығармашылығын, белсенділігін көрсете алатындай оқыту әдісін таңдау. Оқытушының міндеті - шетел тіліне оқыту процесі кезінде оқушының танымдық іс-әрекетін жандандыру. Қазіргі кездегі педагогикалық технологиялар, мысалы, жобалау әдісі, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, интернет ресурстарын қолдану оқытудың жеке бағытталған жолын (амалын) қамтамасыз етеді. Компьютермен жұмыс формасы, оқыту бағдарламалары бар, компьютермен жұмыс істеу формасы, шетел тілі сабағында мынадай жұмыстарды қамтиды: сөздермен жұмыс жасау; дыбыстап айту; сөйлеудің монологтық және диалогтық түріне үйрету; жазуға үйрету; грамматикалық құбылыстармен жұмыс жасау. Интернет ресурстарын қолдану мүмкіндіктері өте үлкен. Оқушылар интернет желісі арқылы өткізілетін тестілеуге, викториналарға, конкурстарға, олимпиадаларға қатыса алады, басқа елдердегі құрбыларымен хат алмасып тұруларына болады. Қазіргі кездегі шетел тілін игеруге қойылатын талап - шетел тілінде іс- жүзінде сөйлей алуға үйрету, оны күнделікті өмірде қолдана білу. Ақпаратты технологияларды қолдану интернеттің үлкен мүмкіндіктерін оқыту құралы ретінде ашады. Әлеуметтік-мәдени компетенцияның тиімді жолдарын іздестіруде зерттеушілер арасында бұрын болмаған үлкен мүмкіндіктері бар компьютерлік технологиялар үлкен қызығушылық тудыруда. Атап айтқанда, виртуалды кеңістікке, аутентті виртуалды интерактивті тілдік орта болып табылатын Интернетке ену көптеген зерттеуші- әдіскерлермен аталған компетенцияны дамытудың тиімді құралы ретінде қарастырылады. Егер шетел тіліне оқытуда Интернет беретін мүмкіндіктер мен қызметтерге толығырақ тоқталсақ, келесілерді атауға болар еді: мысалы, студенттер Интернет тораптарында берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, үйреніп жүрген тілінде электронды пошта арқылы хат алысып, виртуалды қатынас клубтарына - телеконференцияларға қатыса алады және нақты уақыт тәртібінде мәтіндік хабарламалармен алмасуға, радиобағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни ақпараттың қандай да түрлерін қолдануға мүмкіндіктері бар. Мұнда ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез арада жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі, интерактивтілік (жылдам кері байланыс пен сұхбат мүмкіндігі), іздеу жүйелері арқылы және өз бетімен іздеу, алынған материалдарды түрлі тасушыларға ауыстырып салу және т. с. с. Интернеттің артықшылықтары пайдаланылады. Интернет ШТ (шетел тілін) үйренушілерге аутентті мәтіндерді қолдануға, тіл тасушыларын тыңдап, олармен қарым-қатынас жасауға қайталанбас мүмкіндіктер береді, яғни ол табиғи тілдік ортаны қалыптастырады. Дегенмен, Е. С. Полаттың көрсетуі бойынша, қандай да болмасын оқыту құралы, ақпараттық-тақырыптық ортаның қандай да қасиеттерге ие болғанына қарамастан, дидактикалық мәселелер, білім берудің нақты мақсаттарымен шартталған танымдық қызметтің ерекшеліктері бірінші кезекті болып табылады. Демек, Интернет өзінің барлық мүмкіндіктері және қорларымен қоса, осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың құралы болып табылады. Бұған қоса, ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдана отыра, оларды оқу үрдісіне енгізіп, сәйкес дидактикалық түсініктемелер беру арқылы дидактикалық мәселелердің келесі қатарын тиімді шешуге болады: Күрделілік дәрежесі жағынан түрлі материалдарды тікелей пайдаланып, оқылым дағдылары мен біліктерін қалыптастыру; Желіден алынған материалдарды мәселелік талқылаудың негізінде монологтық және диалогтық айтылым білігін жетілдіру; Жеке түрде немесе жазбаша серіктеріне жауап жазу, реферат, шығарма және серіктердің бірлескен қызметінің басқа да эпистолярлы өнімдерін дайындауға қатынасу арқылы жазбаша тіл білігін жетілдіру; Активті және пассивті сөз қорын қоғамның әлеуметтік және саяси құрылысын, мәдениет дамуының белгілі сатысын білдіретін қазіргі ШТ лексикасымен толтыру; Өз бойында тілдік этикетті, түрлі халықтардың қатынас жасау жағдайында тілдік тәлімінің ерекшеліктерін, оқытылатын тіл елінің мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктерін қамтитын мәдениеттанымдық білімдермен танысу; Тірі материалдарды жүйелі түрде қолдану мен қызығушылық тудыратын мәселелерді талқылау негізінде өзге тілді қызметтің тұрақты мотивациясын қалыптастыру Қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалар мен Интернет желісінің оқыту тиімділігінің әлеуетінің жоғары болуына қарамастан, оқытудың нәтижелері күткендей болмайды. Көптеген әдіскерлер компьютерлік оқытудың өзін ақтамай жататындығын, көптеген бағдарламалардың, Интернет сайттарының әдістемелік көзқарас тұрғысынан әлсіз болуымен, оқытудың міндеттеріне жауап бере алмайтындығына, елеулі шектеулері болуы мен дәстүрлі оқыту технологиясымен бәсекелесе алмайтындығымен байланыстырады. Басты мәселе, жаңа құралдардың кемшіліктерінде емес, компьютер мен соған сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етулердің болуымен қатар, оқытушының олардың пайдалану әдістемесін меңгергендігінде және осы әдістемені практикада іске асыра алуында. Оқу процесіндегі орнына қарай оқу құралдары орын басу құралдарына кейбір жеке жұмыстарда оқытушылардың орнын ауыстыра алатын - ереже, таблица, көрнекі құралдар, оқу материалдары және оқытудың көмекші құралдары (тақта, магнитафон және теледидар) жатады. Бірақ бұдан да күрделі оқыту құралдары бар. Бұл оқытудың кешенді құралдары, оларға фонграммалар, фильмдер және әрине, компьютер бағдарламалары жатады. Оқытудың мультимедиялық құралдары оқытудың күрделі құралдарына жатады, бұл мұғалім еңбегінің жаңа қаруы. Компьтер бағдарламаларының қасиеттері көп екендігін практика көрсетті. Олардың ішінде жеке оқыту және оқушылардың өздік жұмыстарын дамыту. Жұмыс жасау барысында әр оқушының жеке ерекшеліктері ескеріледі. Кейбір оқушылардың естіп-тыңдау қабілеті дамыған болуы мүмкін, кейбір оқушылардың көріп есте сақтау қабілеті дамыған болады. Жалпы, шетел тіліне компьютерлі технология арқылы оқыту келесі ерекшеліктері арқылы сипатталады: 1. оқушының оқытушымен, парталас көршісімен жеке қарым- қатынасқа түсуіне мүмкіншіліктің болуы; 2. тілдік және тілдік емес информация түрлі және кең көлемде пайдалана алу. Ағылшын тіліне оқыту бағдарламалары әр түрлі және өте көп. Мультимедиялы технологиялардың көмегімен мұғалімдер шетел тілін оқыту барысында сабақта мынадай жұмыс түрлерін жасай алады: 1. грамматиканы оқу (теория); 2. грамматиканы оқу (жаттығу); 3. лексиканы оқу; 4. жазу, сөйлем құрастыру; 5. ойын; 6. диктант жазу; 7. оқу; 8. дыбыстап оқу; 9. диалог (компьютермен). Білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру. Ағылшын тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытудың ерекшелігі: оқу материалдарының ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы оқушылардың оқу іс- әрекетін мұғалімнің көмегімен немесе компьютер арқылы меңгерілуі. Жеке тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту,ақпаратты-коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға өз бетімен ықпал ету, өзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру,оқушылардың, танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады. Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.Еліміздегі білім беру саласында оқытудың жаңа түрлері, әдістері,жаңа бағыттағы технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының жаңаруына себепші болуда. Осындай оқыту әдістемесіндегі заман талабына сай бағдар деп инновациялық, технологиялық білім беру жүйесін айтуымызға болады . Қазіргі әдістемелік әдебиеттерде технология (technology) деген ұғым оқыту деген ұғыммен қатар қолдананылады Технология термині тәсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді. Оқыту технологиясы дегеніміз- оқыту техникасы туралы ғылым, сондықтан, оқыту ғылыми түрінде жүзеге асуы керек, яғни мұғалім қалай оқыту, неге олай оқыту керек деген білім бірліктілігін білуі тиіс. Оқыту технологиясы қалай оқыту керек деген ғылыми тұжырымдамамен тығыз байланысты, яғни қандай үдерістер арқылы, қандай әдістер арқылы, қандай оқыту құралдары арқылы, оқытуды қалай ұйымдастыру керек, қандай факторларды ескеру қажет және ағылшын тілін үйретуде қалай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz