Антарктика



1. АНТАРКТИКАЛЫҚ ФЛОРАЛЫҚ АЙМАҚ
2. Антарктикалық аймақ өсімдіктеріне шолу
3. Субантарктикалық аралдар өсімдіктері
Антарктика(гр. ἀνταρκτικός — Арктикаға қарама-қарсы) — жердің ең оңтүстігінде орналасқан құрлық. Антарктиканың ортасы шамамен оңтүстік полюспен сәйкес келеді. Құрлықтың ауданы 14,4 млн км². Антарктика ресми түрде 16(28) қаңтарда 1820 ж. Фаддей Беллинсгаузен және Михаил Лазарев басқарған орыс экспедициясымен ашылды. Ертедегі гректер солтүстікте туатын Жетіқарақшыны "Арктикос"- деп атап, кейінен бүкіл солтүстік өңірді Арктика деп атаған. Ал оған қарама-қарсы жатқан Оңтүстік өңірді Антарктика деп атаған. Бұлардың дәл ортасында біздің планетамыздың солтүстік және оңтүстік нүктелерін (полюстері) жатыр. Осы екі 90 полюстерде барлық ойша жүргізілген географиялық меридиандар түйісіп, нүктеге айналады. Антарктида-Арктиканың орталық бөлігін алып жатқан Оңтүстік полярлық полюс құрлық. Антарктида жер шарының оңтүстік поляр аймағы болып табылатын Антарктиканың орталығында орналасқан бірден-бір материк.
1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет.
2. Введение в ботаническую географию - Абрамов И.И., Скарлыгина-Уфимцева М.Д.– «Ленинград, Изд-во Ленингр. ун-та», 1974г.
3. Сағындықов Ж. Өсімдіктер геолграфиясы. Алматы.,1997.
4. Байтенов М.С. Флора Казахстана, том 1,2.Алматы,1999.
5. Смирнов А. Мир растений. Москва, 1981.
6. "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл
7. Прозорова Т.А.,Черных И.Б.Биоразнообразие растительности парка.
8. Голосков В.П. Родовой эндемизм во флоре Казахстана. В кн. «История флоры растительности Евразии»,Л.1972
9. Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев.
10. Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім
11. Қазақ энциклопедиясы, 7 – том
12. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
13. Родионенко, Г. И. Сем. 25. Магнолиевые — Magnoliaceae // Деревья и кустарники СССР. Дикорастущие, культивируемые и перспективные для интродукции. / Ред. тома С. Я. Соколов. — М.—Л.: Изд-во АН СССР, 1954. — Т. III. Покрытосеменные. Семейства Троходендроновые — Розоцветные. — С. 75—103. — 872 с. — 3000 экз.
14. Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
15. Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
16. Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім
17. Экология (оқулық) - Алматы, 2008
18. "Қазақ энцклопедиясы - VI том"
19. Лианы // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона : в 86 т. (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.
20. А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет.
21. Русско-казахский толковый географический словарь. С. К. Кенесбаева, А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Антарктика(гр. ἀνταρκτικός -- Арктикаға қарама-қарсы) -- жердің ең оңтүстігінде орналасқан құрлық. Антарктиканың ортасы шамамен оңтүстік полюспен сәйкес келеді. Құрлықтың ауданы 14,4 млн км². Антарктика ресми түрде 16(28) қаңтарда 1820 ж. Фаддей Беллинсгаузен және Михаил Лазарев басқарған орыс экспедициясымен ашылды. Ертедегі гректер солтүстікте туатын Жетіқарақшыны "Арктикос"- деп атап, кейінен бүкіл солтүстік өңірді Арктика деп атаған. Ал оған қарама-қарсы жатқан Оңтүстік өңірді Антарктика деп атаған. Бұлардың дәл ортасында біздің планетамыздың солтүстік және оңтүстік нүктелерін (полюстері) жатыр. Осы екі 90 полюстерде барлық ойша жүргізілген географиялық меридиандар түйісіп, нүктеге айналады. Антарктида-Арктиканың орталық бөлігін алып жатқан Оңтүстік полярлық полюс құрлық. Антарктида жер шарының оңтүстік поляр аймағы болып табылатын Антарктиканың орталығында орналасқан бірден-бір материк.
Рисунок 1 Антарктика
Ежелгі Гондвана материгінің құрамында бірге болғанына қарамастан, Антарктиданың қазіргі табиғат жағдайлары оңтүстік жарты шардың басқа материгіне ұқсамайды. Ол айырмашылықтар материктің оңтүстік поляр аймағындағы орнымен түсіндіріледі. Антарктида басқа материктерден алшақ орналасқан, олардан орасан зор мұхит айдындары арқылы бөлініп жатыр. Антарктида жағалауындағы өте салқын мұхит сулары материкті айнала қозғалатын Батыс желдерінің шеңберлік ағыс жүйесін құрайды. Антарктида жалғас Тынық, Атлант және Үнді мұхиттары суларының шеткі бөліктері негізгі мұхит айдындарынан осы шеңберлік суық ағыс арқылы бөлініп жатады. Сондықтан мұндағы судың беткі температурасы мен тұздылығы, тіршілік дүниесі құрамы жағынан аталған мұхиттардан үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан Антарктида жағалауындағы мұхит сулары шартты түрде Оңтүстік мұхит деп аталады. Материк пен оның жағалауындағы теңіздер табанына дейін қалың қайраңдар мұздықтармен құрсалған. Антарктиданың жалпы жері 13974 мың км (шельеф мұздықтар мен олар арқылы құрлыққа қосылып жатқан аралдары және 1582 мың км-дей мұз күмбездерін қоса есептегенде). Материктің ауданы 12,4 млн км, ал қайраңдық мұздықтар мен көршілес аралдарды қоса есептегенде 14 млн км-ге жуықтайды.Оңтүстік Америкаға қарай ұзынша келген енсіз Антарктика түбегі созылып жатыр. Антарктиданың ұзындығы 30 мың км-дей асатын жиек сызығы бүкіл өн бойына дерлік биіктігі бірнеше ондаған метрге жететін тік жар тосқауылдар мұз болып келеді. Антарктида жер шарындағы ең биік құрлық. Оның мұз жамылғысының орташа биіктігі 2040 м, яғни қалған барлық құрлықтардың орташа биіктігінен (730м) 2,8 м есе артық. Антарктида мұз астындағы жер бетінің орташа биіктігі 410 м. Антарктиданың негізгі ерекшелігі, жорамалданып жүргендей, неогеннен бері көлемі біресе кішірейіп, біресе ұлғайып тұратын материктің мұздық қалың жамылғысы болып табылады. Материктің мұз сауытын Мұзды Антарктида, ал оның астында жатқан құрлықты-Тасты Антарктида деп атайды. Бүкіл материкті қалың мұз басып жатыр. Оның территориясының 02-03 процентінде ғана мұз қабаты жоқ. Бұл биік тау шыңдары, ал кейде мұз құрсауының жоғары жағын қар басып жатқан аспандаған тау сілемдері, немесе антарктикалық көгалды алқаптар деп аталатын мұз қабатынан жақында ғана босаған шағын көлемді жағалау алаңдар. Мұздықтар күрделі тау құрылымдарын жасырып жатыр. Ұлы антарктикалық мұз қалқанының ең қалың жері қазіргі дерек бойынша 4200 метрден астам, ал оның көлемі 24 млн км шамасында. Оның мұзы бүкіл дүние жүзі қалыңдығының 50 м мұз қабаты боп жабуға толық жететінін айтсақ, бұл мұздың жалпы көлемі туралы өзінен-өзі түсінікті болар. Егер Антарктиданың мұздық сауыты ери бастаса, ол біздің планетамыздың барлық өзендерін, қазіргі өзендердегі бар суды есепке алғанда, 500 жылдан астам уақыт қоректендіруге жетер еді, ал дүние жүзілік мұхиттық деңгейі мұздық суынан 60 метрден астам көтерілген болар еді. Материктің мұз сол материктің өзінің бетін ғана емес, сонымен бірге оған жанасып жатқан көптеген аралдарды, сондай-ақ шелльфті мұздықтар түзеп, көршілес теңіз бассейндерін де жауып жатады. Кей жерлерде мұздар теңіз деңгейінен недәуір төмен жатыр (-2555 м). Материктің мұздықтардың, шелльфті мұздардың жамылғысы астындағы құрлықпен жанасып жатқан аралдар ауданы 13,974 мон км. Антарктиданың географиялық географиялық орнына байланысты мынадай табиғат ерекшеліктері бар: Жерінің 99%-ын қалың мұз жауып жатыр, мұздың орташа қалыңдығы 1720 м-ге жуық, ең қалың жері 4300 м (Шмидт жазығы); Антарктида - Жер шарындағы ең биік материк, оның мұз жамылғысы мен қоса есептегенднгі орташа биіктігі 2040 м. Материктегі мұздың жалпы көлемі 24 млн . км бұл дүние жүзіндегі тұщы су қорының 80%-ын құрайды. Антарктида- Жер шарының суықтық полюсі, мұнда 1983 жылы ғаламшарларымыздағы ең терең температура (-89,2 С) тіркелген; Материктің ең биік нүктесі биіктігі 5140 м болатын Винсон тауы, ал теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері Бентли ойысы (-2555 м); Антарктида сөнбеген жанартаулар бар, олардың ең ірісі Эребус жанартауы (3794м); Оңтүстік полюс үстінде таңның атуы мен күннің батуын жылына бір рет қана байқауға болады. [1]

1 АНТАРКТИКАЛЫҚ ФЛОРАЛЫҚ АЙМАҚ
Антарктика- Антарктида материгі мен ұсақ аралдары бар, оны коршаған мұхит кеңістігін қамтитын оңтүстік полюс атырабы. Антарктиканың шекарасына, негізінен, 48° және 60° о.е. арасындағы солтүстік жылылау және оңтүстік суық беткі сулардың түйіскен зоналары қамтылады. Антарктикаға соңдай-ақ осы сызыққа таяудағы Принц-Эдуард, Козе, Макуори және басқа аралдар да жатады. Ол антарктикалық және субарктикалық екі географиялық белдеуді қамтиды. [2]
Антарктика флорасы (түрі, саны, эндемі) туралы мәліметтер түрінде оқымыстылар ой- тұжырымдары да дір ретке келмеген. Барлық флоралық аймақпен салыстырғанда Антарктикада да моно және олиготипті (аз, кішекнтай) ареалдары бір-бірінен алшақ орналасқан аралдарда 11 эндемді тұқымдас өседі. Антарктида Гондван материгімен бірге бір тұтасып тұрған кезінде, кейін геологиялық, тектоникалық жағдайларға байланысты Гондван жеке-жеке материктерге, аралдарғы бөлініп, үштік дәуірдің бірінші жартысында гүлді өсімдіктердің жер бетінде доминант болып таралған кезеңі еді. Плейстоцен мұз қаптаған кезеңде Антарктида өсімдіктері- қалампыр, раушан гүлділір, шатырша, сабынкөк тұқымдастар өкілдері- солтүстікке қарай Эквадор, Колумбия биік таулы жерлеріне дейін жеткен.
Антарктида жаз айларында тау беткейі, күнге қараған жота, қырлар, күн сәулесімен тастар 300 дейін қызады. Жан-жәндіктердін өсіп өнуіне азда, қысқа болса да мүмкіншілік туады: күй талғамайтын қынаның 300 түрі, мүктердің 70, жер бетіне өсетін балдырлардың 10 түрі өседі. Бұталы қыны өкілдері де кездеседі. Грейама жерінде қоңырбас, селдірік және бір қалампыр тұқымдастарының өкілдері кездеседі. Солтүстік Антарктидада бұл деңгеіде ағаш өкілдері шағын орман құрып тұр.Антарктида көкжасыл балдыр, жасыл балдыр прознола, қына өседі. Антарктида метеригінің орта центріне жақындаған сайын өсімдік түрлері азая береді.Оңтүстік полюстегі Нансен тауы оңтүстік орталық жер нүктесінде де өсімдік түрлері бар. [3]
Антарктика флорасы бор дәуірінің жоғарғы сатысына Оңтүстік Америка материгімен бірге байланысқан болатын. Нәтижесінде гүлді өсімдіктерден- мүктер, Антарктида биіктіктері, Анд тауына,оңтүстіктегі далаға дейін жетті. Оңтүстік шамшат бұталы ағашы, мәңгі жасыл және күзде жапырағы түсетін Оңтүстік Америка және Жаңа зеландия жерінде де өседі. Раушан гүлділер тұқымдасы өкілі - ацена субантарктикалық аралдарда шөптесін өсімдік болып, кеңінен таралған. Америка, Жаңа Зеландия, Голантарктика жерлерінде өсетін қылқан жапырақтылардың ең қарапайым түрі- подокарпус үлкен де етті, шырынды жеміс- бүрі алыстан мұндалап тұрады.Азия, Еуропалық тропикада өсетін Омелаға ұқсас, фицороя туыстары, ағаш тәріздес папортник- блехнум, протейін тұқымдасы өкілдері, Қырымдағы орман жаңғағына ұқсас, қылқан жапырақтардан - араукария, қызыл су жидек өседі. Көпшілік өсімдіктер Антарктидада, Арктикада өскен биополярлы ареалды өсімдіктер деп аталады. [4]

1.1 Антарктикалық аймақ өсімдіктеріне шолу
1. Қалампыр (Dianthus) -- қалампырлықтар тұқымдастарына жататын біржылдық және көпжылдық өсімдіктерінің бір туысы. Гүлінен эфир майы алынады. Қалампырдың бірнеше түрі декорация ретінде теплицаларда, құмыраларда өсіріледі. Кейде шала бұта түрінде де кездеседі. Қазақстанның далалық аймақтарында, су алабындағы шалғындарда, тасты төбе баурайында, шалғынды тау бөктерінде өсетін 29 түрі бар. Бұлардың биіктігі 15 - 50 см-Рисунок 2 Қалампыр
дей, жапырағы таспа немесе қандауыр тәрізді болады. Қалампыр туысының өзіне тән ерекшелігі - бірігіп кеткен тостағанша жапырақшаларының түбі қабыршақтанып келіп, гүл жапыраққа жабысып тұрады. Көбінесе қызыл, қызғылт, ақ, ала түсті, хош иісті, дара гүлдері сабағы мен бұтағының басында жетіледі. Гүл жапырақшаларының шеті тілімденген не ара тісті ирек. Көбелектермен тозаңданады. Маусым - тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі - көп тұқымды қауашақ. Қытай, түрік, бақша, гренадин, Шабо қалампырлары Қазақстанның гүл өсіретін шаруашылықтарында әсемдік үшін өсіріледі. Ала қалампыр мен қытай қалампыры халықтық медицинада және парфюмерияда пайдаланылады. Емдік мақсатта өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін гүлдеп тұрған кезінде жинайды. [5]

Рисунок 3 Сабынкөк өсімдігі
2. Сабынкөк (лат. Scrophularia) - сабынкөктер тұқымдасына жататын бір, екі немесе көп жылдық өсімдіктер, кейде бұта, жартылай бұта түрлері де кездеседі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 15 түрі бар. Соның ішінде көп тараған түрі -- буылтық сабынкөк (Scrophularіa nodosa), ылғалы мол орманда, бұта арасында, кейде егістікте арамшөп ретінде кездеседі. Биіктігі 120 см, сабағы төрт қырлы, жапырақтары созылыңқы, шеті ара тісті тілімделіп келген. Ұсақ гүлдері қоңыр-жасыл түсті, масақ гүлшоғырына топталған. Жемісі -- қосұялы қорапша. Буылтық сабынкөктің құрамында сапонин мен алкалоидтар бар. Сабынкөктер балды, дәрілік және әсемдік өсімдіктер, араларында улы түрлері де кездеседі. Сиыр мен қой жемейді. 2 түрі: жоңғар сабынкөгі (Scrophularіa dshungarіa) және нұрания сабынкөгі (Scrophularіa nuranіa) қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. [6]
3. Қыналар (лат. Lichenes) -- денесі екі құрамбөліктен (балтыр және саңырауқұлақ) құралған, селбесіп тіршілік ететін ағзалар тобы. Қыналар соңғы уақытқа дейін төменгі сатыдағы өсімдіктеге жатқызылып келді. Алайда олардыңң құрылысыжәне тіршілік әрекетіерекше болғандықтан, соңғы кезде саңырауқұлақтар дүниесінің бөлімі етінде өз алдына жеке қарастырылатын болды.
Рисунок 4 Антарктида қынасы
Қыналар - ерекше және ғажап ағзалар. Саңырауқұлақты жіпшумағы көк-жасыл балдырды орап жатады. Қына түсінің жасыл болуы құрамындағы көк-жасыл балдырды түсіне байланысты. Қынаны төсемікке саңырауқұлақ орналастырады. Оның құрамындағы балдырларды ауадаң ылғал мен шаңды сіңіру арқылы минералды заттар түзеді. Осыған орай саңырауқұлақ зерттеушілер (микологтар) қынаны саңырауқұлақ бөлімі ретінде қарастыруда. Қазіргі кезде қыналарды 26 мыңға жуық түрі белгілі. Қынаны зерттеушілер лихенологтар деп аталады.
Қыналар табиғатта басқа өсімдіктерге қолайсыз, құнарсыз жерлерге өседі. Тасты үстінде, шөлді-шөлейтті жерлерде, тундрада және ормандарда тіршілік етеді. Антарктикадаң 350 түрі, Оңтүстік полюске жақын жерден 7 түрі табылған. Бұлай таралу себебі, өте ыстық ортада өсетіндері жоғаы температурада тез кеуіп кететіндіктен, тіршілігі уақытша тоқталады. Қайтада қолайлы жағдай туса, кеуіп қалған қыналар қалпына келіп, тішілігін жалғастырады. Өте салқын жерлерде өсетін қыналарды айықша тығыз қалың қабықша қоғап тұрады.
Қыналар пішініне қарай үш топқа бөлінеді:
1. Ағашты діңіне, тасқа жабысып өсетін қабық (қаспақ) тәрізді қына. Бұлар сары-қызыл, сары, сұр, көгілдір, қоңыр түсті, жұқа қабыққа ұқсас болады.
2. Орманда ағаш діңіне, түбіріне жабысып өсетін жапырақ пішініне ұқсастары - жапырақ тәрізді қыналар
3. Қарағайлы орманда төсемікте өсетін бұтақталға ақшыл-жасыл, ақшыл түстілері - бұта тәрізді қыналар.
Қыналардың топыраққа көректенуі нашар жүреді. Тастардың бетіне, суыған жанартау қалдықтарының (лава) бетіне алғаш "қоыстанатын" да осы қыналар. Олар өсіп тұрға жеріне Қына қышқылын бөліп, тасты үгіте бастайды. Біртіндеп сол жерде топыақ пайда болады. оған басқа өсімдіктер орығады да, жауарларды мекеніне айналады.
Қыалардың шаруашылық маңызы өте зор. Бұғы қыасы деп аталаты қынаның бірнеше түрі тундра, тайгада қыс кезінде бұғылардың негізгі азығы болып табылады.
Қыналардың емдік қасиеті де бар. Ағаштың діңдеріне өсетін жерқынаны қайнатып, дизетерия ауруын емдеуге пайдаланады. Снымен бірге асқазан, тыныс жолдары ауруларына дәілік жасалады. Қыадан қант, спирт, бояу, такмус алынады. қынаның кейбір түрлерін тәтті тағамдар өнеркәсібінде қолданады. [7]
Рисунок 5 Муктер
4. Мүктәрізділер (лат. Bryophyta) -- жоғары сатыдағы автотрофты өсімдіктердің құрылысы қарапайым тобы. Қазба қалдықтары карбон кезеңінен белгілі. Үштік және төрттік кезеңдерде Мүктәрізділер құрлыққа тарап, ареалдары қалыптасты. Солтүстік жарты шардан тропиктік, қоңыржай аймақтарға дейінгі пайда болған шымтезектердің қалың қабаттарының қалыптасуы Мүктәрізділердің тіршілік әрекетіне байланысты.
Мүктер жер бетiнiң барлық жерлерiнде кездеседi. Әсiресе ылғалы мол жерлерде олар қалың болып өседi. Орманның батпақты жерлерiнде мүктер жер бетiн тұтас жауып жатады. Мүктердi ағаштан салынған үйлердiң шатырынан, ағаш дiндерiнен, тастардың, жартастардың бетiнен көремiз. Мүктi ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тiптен терең тұшы сулардың түбiнен кездестiруге болады. Климаты аса қатал Артика мен Антарктиданың бiр қатар аудандарында жоғары сатыдағы өсiмдiктерден тек мүктер ғана өседi. Мүктердi зерттейтiн ғылымды Бриология деп атайды.
Көпшілік түрлері көп жылдық, аздаған түрі ғана бір жылдық өсімдіктер. Мүк тәрiздiлер аласа болып келетiн көпжылдық, сирек жағдайда бiржылдық өсiмдiктер. Мүктердiң биiктiгi бiр миллиметiрден 70 сантиметрге дейiн жетедi. Мүктердiң құрылысы өте қарапайым түрлер де болады. Бiрқатар мүктердiң жер бетi бөлiгi тармақталып төселiп өседi, оны таллом деп атайды. Талломды мүктер көп клеткалы балдырларға ұқсас келедi. Мүктердiң басым көпшiлiгiнiң сабағы мен жапырағы болады. Барлық мүктерде тамыр болмайды. Тамырдың қызметiн ризоидтары атқарады. Ризоид -- бiр немесе бiрнеше клеткалардан тұратын жiңiшке жiп тәрiздi эпидермистiң өсiндiсi. Ризоид арқылы өсiмдiк топырақтан суды және онда ерiген минералды затарды бойына сiңiредi.
Мүк сабағының сыртын бiр қатар клеткалардан тұратын қабықша жауып тұрады. Бұл клеткалардың хлорофилдерi болмайды. Қабықшаның астында клеткалары хлоропластарға толы, жақсы жетiлген фотосинтездеушi ұлпа орналасады. Өткiзгiш, тiрек, қор жинаушы және жабын ұлпалары нашар жетiлген. Су мен минералды заттардың сабақ бойымен тасмалдануы өткiзгiш ұлпалардың қатысуымен жүзеге асады.
Түсі - жасыл қоңыр, қызыл қоңыр. Белгілі бір затқа ризоидтары арқылы жабысып бекиді. Құрамында хлорофилі бар. Даму циклінде автотрофты гаметофиттің үлесі басым. Гаметофиттер ұзақ уақыт бойы дербес вегетативтік жолмен көбейіп таралады. Гаметангиялары екі түрлі жолмен: аталық (антеридия) және аналық (архегония) жыныс жасушалары жұптасып бір өсімдікте немесе бөлек екі өсімдікте пайда болады. Жыныстық көбеюден пайда болған зиготадан спорофит өсіп шығып, онда жыныссыз көбею органдары - спорогандар түзіледі. Соның ішінде споралар пісіп жетіліп, сыртқа шашылып, ауамен, сумен таралады. Споралары гаплоидты, олардан гаметофит өсіп жетіледі.
Мүктәрізділердің табиғатта судың тепе-теңдігін сақтауда маңызы зор. Кейбір түрлері (мысалы, сфагнум) антибиотик ретінде медицинада қолданылады. Сондай-ақ құрылысқа қажетті престелген тақтайшалар жасауға, ауыл шаруашылығында, әсіресе, отын көзі (шымтезек) ретінде пайдалынады. Өте сирек кездесетін түрлері: тықыр сфагнум, ірі жапырақты пахифиссиденс, жатаған ортотрихум қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. [8]
Рисунок 6 Жасыл балдыр
5. Жасыл балдырлар -- төменгі сатыдағы өсімдіктердің бір тобы. Табиғатта кең тараған. Негізінен тұщы суларды мекендейді. Тұзды және теңіз суларында, топырақта тіршілік ететін түрлері де кездеседі. Жасыл балдырлардың 5 класы:
* вольвокс жасыл балдырлары (Volvocophyceae);
* хлорококк жасыл балдырлары (протококк) (Chlorococcophyceae, Protococcohyceae);
* улотрикс жасыл балдырлары (Ulotrіchophyceae);
* сифонды жасыл балдырлары (Sіphonophyceae);
* конъюгаттар (Conjugatophyceae).
Қазақстанда 178 туысы, 700-дей түрі анықталған. Бұлар бір жасушалы, көп жасушалы, колониялы тіршілік етеді. Жасушалары бір не көп ядролы, кейде жалаңаш, көбінесе целлюлозалы және пиктинді қабықшамен қапталған. Кейбір түрлері ірілігіне әрі тарамдалғанына қарамастан жасушаларға бөлінбеген (сифонды жасыл балдырлары). Жасушаларында хлорофилл басым болғандықтан түсі жасыл және жоғары сатыдағы өсімдіктердегідей каротин, ксантофил пигменттері болады.
Қор заты - крахмал, кейде май. Жыныссыз (зооспораларымен, жылжымайтын спораларымен), жыныстық (изогамия, гетерогамия, оогамия, коньюгация) және вегетативтік (бір жасушалы түрлері - екіге бөліну арқылы, көп жасушалы түрлері - жіпшелерінің бөліктерімен) жолдармен көбейеді. Кейде бір жасушалы және колониялы түрлері (вольвоксты жасыл балдырлары) шамадан тыс көбейіп кетсе, су гүлдеп тұрғандай көрінеді. Жасыл балдырларыдың теңіз салаты (Ulva), монострома (Monostroma) түрлері Шығыс Азия елдерінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антрактика мен антрактида
Антарктика және Антарктида
Антарктида материгіне жалпы физикалық-географиялық сипаттама
Антарктида ғылыми станциялары
Аумақтар мен басқа да кеңістіктер
Антарктида мұз жамылығысының жер беті климатына ықпалы
Азияның физикалық-географиялық елдеріне сипаттама
Халықаралық ынтымақтастық
АНТАРКТИДАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Мұз жамылғысы
Пәндер