Ламарк ілімі


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім. Ж. Б. Ламарктың эволюциялық концепциясы

2. 1. Ж. Б. Ламарк жайлы өмір дерек

2. 2. Ж. Б. Ламарктың эволюциялық теориясының мәні

2. 3. Ламарктың эволюциялық заңдылықтары

2. 4. Ламарктың «түр» туралы көзқарасы

ІІІ Қорытынды. Ламарк іліміне берілген баға

ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы, адамның шығу тегі, тірі ағзалардың сан алуандығы мен олардың мекен ортасына таңғаларлықтай бейім болуы - адам баласын сандаған ғасырлар бойы толғандырған мәселелер еді.

Табиғат жайындағы жаратылыстану ілімі осыдан 300 жыл бұрын діни көзқарастардың тұтқынында болды. «Метафизикалық» дәуір деп аталған сол кезеңдердегі жаратылыс зерттеушілерінің ақыл-ойын өзінше бір дүние тану қөзқарасы шарпыды. Олар «Жер және онда тіршілік еткен тірі табиғат құдайдың құдыретімен жаралған, содан бері олар өзгермей келеді» деген ұғымда болды.

XVII ғасырдың ортасында кейбір озат ғалымдар, жануарлар мен өсімдіктер сыртқы ортаның жаңа жағдайларына келгенде өзгеріске ұшырайды деген көзқарас танытты. Бірақ, көптеген діни көзқарастарды жақтаушылардың басым болуы, бұл жаңа бағыттың жеңуіне үлкен қиыншылық келтірді. Органикалық дүниенің өзгеретіні жайындағы жаңа идеяның қалыптасуына ғылыми дәлелдемелердің аздығы да бөгеу болды.

Тірі табиғат эволюциясының ғылыми концепциясын жүз сексен жыл бұрын ағылшын биологы Чарльз Дарвин құрды. 1859 ж. Дарвиннің «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығу тегі немесе тіршілік үшін күресте қолайлы тұқымдардың сақталуы» деген негізгі кітабы жарыққа шығуымен ең алғаш эволюциялық идея тиянақты ғылыми негізге ие болды. Бұл теория атақты ғалымның атымен «дарвинизм» деп аталды. Қазіргі уақытта «дарвинизм» деген сөз, «эволюциялық теория», «ілім» деген атаумен ауыстырылды.

A. «Эволюция» (лат. evolutio-даму) деген терминді XVIII ғасырдың ортасында биология саласына швед ғалымы Шарль Боннэ енгізді. Алғашқы кезде бұл термин тек қана эмбриональды дамумен ғана байланысты болды. Қазіргі кезде «эволюция» термині тек биологияда ғана емес, ғылымның басқа салаларында да кеңінен қолданылады.

Негізгі бөлім

2. 1. Ж. Б. Ламарк жайлы өмір дерек

A. ЛАМАРК Жан Батист Пьер Антуан де Моне Шевалье[1] [2] [3] (1. 8. 1744, Базантен, Франция, Пикардия провинциясы - 18. 12. 1829, Париж) - француз жаратылыстанушысы, ең алғаш эволюциялық теорияның (Ламаркизм) негізін қалаған ғалым, Париж ғылым академиясының мүшесі (1783) . Зоопсихологияның негізін салып “Биология” терминін енгізген (1802) . 1778 ж. 3 томдық “Франция флорасы” еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегінде ол бірінші рет өсімдіктерді анықтаудың дихотомиялық принципін ұсынды. Ламарк алғаш рет (1794) жануарларды омыртқасыздар мен омыртқалылар деп бөліп, ғылымға “омыртқасыздар” ұғымын енгізді. “Омыртқасыздар жүйесі” (1801), “Омыртқасыз жануарлардың табиғи даму тарихы” (1815 - 1822) деген еңбектері омыртқасыздар зоологиясының дамуына үлкен ықпал етті. “Зоология философиясы” (2 томдық, 1809 ж. ) еңбегінде Ламарк жануарлар әлемін 14 класқа және 6 “сатыға” бөлуді ұсынды. Ол бірінші болып буылтық (сақиналы) құрттар, моллюскілер мен буынаяқтылардың бір-біріне жақындығын көрсетті. Осы еңбегінде алғаш рет біртұтас эволюция теориясын жариялады. Ол түр тұрақтылығы ілімін жоққа шығарды, оның пікірінше жануарлар мен өсімдіктер әлемінің көп түрлілігінің барлығы дерлік алуан түрлі сыртқы факторлар әсерінің нәтижесінде түрлердің өзгеруінен пайда болады.

2. 2. Ж. Б. Ламарктың эволюциялық теориясының мәні

Алғашқы эволюциялық теория ХІХ ғасырдың басында жарық көрді. Оның негізін қалаушы француз ғалымы Ж. Б. Ламарк 1809 жылы басылып шыққан «Зоология философиясы» атты еңбегі эволюция теориясы бағытындағы жолда ең маңызды баспалдақ болды. К. Линней сияқты Ламарк та жүйелеумен шұғылданды. Ол линнейлік жүйені едәуір жетілдірді. Ол Парижде «Жаратылыс тарихы» мұражайында омыртқасыз жануарлар кафедрасын 24 жыл бойы басқарғандықтан, оның зоология саласындағы ізденістері Линней еңбектерінен анағұрлым нақтырақ болды. Негізгі еңбектерінің бірі «Жәндіктердің табиғи тарихы» кітабында сол кезде белгілі омыртқасыздардың туыстары мен түрлерінің барлығы сипаттап жазылған. Ол омыртқасыздарды 10 класқа бөліп, қомекенділер мен жорғалаушыларды жеке кластарға бөлді. Ламарк өз жіктеуіне жүйке және қан айналу жүйелерінің құрылысын негіз етіп алды. Ол түрлердің құрылысын сараптай келе, тірі ағзалардың құрылымдары сатылап күрделенетіндігін байқады. Ламарктың жүйесінде жануарлар реті бір жасушалылардан - кірпікшелі кебісшеден басталып, сүтқоректілермен аяқталған. Мұнда барлық жануарлар 6-сатыға, 14 класқа жіктелу арқылы орналастырылған (1кесте) .

Ламарктың бұл жүйесінен баспалдақ сипатында жануарлар құрылысының біртіндеп күрделенуін, яғни жоғарлауын (градация) көруге болады. Ламарк біртіндеп тірі ағзалар деңгейінің жоғарылауын және олардың күрделенуін сатылы көтерілу - градация деп түсінді. Демек, тірі табиғат әлемі өзгереді және күрделенеді деп тұжырымдады.

Тірі ағзалардың өзгеруі ішкі ұмтылыс пен сыртқы орта жағдайларының әсерінен болатынын түсіндірді. Ол түрлердің тұрақтылығы жайлы пікірге қарсы болып, түрлердің өзгеретіндігін, бірақ бұл әрекет өте баяу жүретіндіктен оны байқау қиын екенін түсіндірді. Оның ілімі тірі табиғатта қарапайымнан күрделіге қарай тарихи даму болып табылатын эволюцияның бар екенін тұжырымдады. Бірінші болып ғылымға «биология» деген терминді енгізіп, жануарлар дүниесін омыртқалылар және омыртқасыздар деп екі топқа бөлді.

2. 3. Ламарктың эволюциялық заңдылықтары

Ламарк органикалық формалардың эволюциялық қозғаушы күшін өзі ұсынған заңдылықтарымен түсіндіреді.

«Мүшелердің жаттығу және жаттықпау» заңы

- Орта жағдайлардың өзгерісі өсімдіктерге немесе жануарларға тікелей әсер етіп, оларды өзгертеді. Өзгеріске ұшыраған кейбір мүшелер жақсы жұмыс істеп, жаттыға келе дамып жетіледі, ал басқалары көп қолданылмағандықтан, керісінше жаттықпайды да, біртіндеп жойылады. Мысалы, Ламарк пікірі бойынша тіссіз (кит, құмырсқа жегіштің) сүтқоректілердің тістерінің жойылып кетуі, олардың ата тектілерінің коректік заттарды шайнамай жұтуының салдарынан болса, жер астында тіршілік ететін жануарлардың көздері пайдаланбағандықтан қажетсіз мүше ретінде жойылуы.

Суда жүзетін құстарда саусақтарының арасында терісінің керілу салдарынан саусақ аралық жүзу жарғақтары пайда болған. Шөбі жоқ құрғақ жерде мекендейтін жираф үнемі бойын созып ағаш жапырақтарын үзіп жеп қоректенді. Осылай биіктегі жапырақтарға ұмтылып дағдыланғандықтан біртіндеп олардың алдыңғы аяқтары мен мойны ұзарған.

«Тікелей бейімделу» заңы

- Тіршілік барысында пайда болып, қажетті бағытқа толық сәйкестелген белгілер міндетті түрде тұқым қуалайды. Мысалы, су сарғалдағы (Ranunculus agvafilis) терең суда өссе, жапырақтарының бәрі су ішінде дамиды да жапырақ алақандары жіңішке тілімді болады. Егер су сарғалдағы таяз суда өссе, сабағы ұзарып, үстіңгі жапырақтары судағыға қарағанда өзгеше болып өседі. Бұл жағдайда төменгі жапырақтары жіңішке тілімді, жоғарғы жапырақтары жалпақ дөңгелек, ойық жиекті болады. Тағы бір өсімдік түріндегі тікелей бейімделуді айтуға болады. Жебежапырақ (Sagittaria sagittifolia) өсімдігінің су ішіндегі жапырағы таспа тәріздес болса, су бетіндегі жапырағы дөңгелек, су үстіндегі жапырағы жебе тәрізді болады.

14. Сүтқоректілер

13. Құстар

Жүйкелері бас миында жиналған, жүректері екі қарыншалы, жылы қанды.
:
14. Сүтқоректілер13. Құстар:

12. Жорғалаушылар

11. Балықтар

Жүйкелері бас миында жиналған, жүректері екі қарыншалы, жылы қанды.: Жүйкелері бас миында, бірақ ми қаңқасын түгел толтырмайды, жүрек-бір қарыншалы, суыққандылар.
:
14. Сүтқоректілер13. Құстар:

10. Былқылдақденелілер

9. Мұртша аяқтар

8. Буылтықтылар

7. Шаянтәрізділер

Жүйкелері бас миында жиналған, жүректері екі қарыншалы, жылы қанды.:

Жүйкелері бас миында жиналған, тыныс алу үшін желбезектері бар, қан айналу үшін салатамыр, көктамырлары бар.

:
14. Сүтқоректілер13. Құстар:

6. Өрмекші тәрізділер

5. Жәндіктер

Жүйкелері бас миында жиналған, жүректері екі қарыншалы, жылы қанды.: Басында жүйке түйіндері бар, тыныс түтіктері бар, қан айналымы дамымаған.
:
14. Сүтқоректілер13. Құстар:

4. Құрттар

3. Сәулелілер

Жүйкелері бас миында жиналған, жүректері екі қарыншалы, жылы қанды.: Жүйке түйіндері жоқ, тамырлары жоқ, ас қорыту және ішкі мүшелері бар.
:

2. Полиптер

1. Кебісшелілер

14. Сүтқоректілер13. Құстар: Жүйкелері жоқ, тамырлары жоқ, арнайы ішкі мүшелері жоқ, ас қорыту мүшелері бар.

Ламарк адамның шығу тегі жайында өз ойын қорыта келе адам дене құрылысы жағынан басқалардан гөрі маймылға жақын деген пікір айтты.

2. 4. Ламарктың «түр» туралы көзқарасы

Ламарктың көзқарасы салыстырмалы түрде алғанда терең ойлы эволюциялық концепция болып табылады. Ол идеалистік көзқараста болды. Оның ойынша материя бірінші және қозғалыссыз болады, ал материяны қозғайтын сыртқы күш. Жаратушы құдірет өзі қалаған кезде кенеттен бар дүниені мәңгіге қозғалысқа енгізген деп сенді. Оның түр туралы ойы қарама-қайшылықта болды. Алғашында Линней сияқты түрдің тұрақтылығын мойындап, өсімдіктер жүйесін жасап шықса, кейіннен оның көзқарасы түрлердің тұрақсыздығымен өзгереді. Ламарк тірі табиғатта түрлер жоқ деп санады. Ал, әр кластағы даралардың әр түрлілігін келесі себептермен байланыстырады:

1. Белгілі бір тәртіпті сақтау үшін әр ағзаның ішінде өзін күрделендіру үшін ұмтылыстары болады;

2. Тірі ағзаларға сыртқы ортаның әсер етуі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОРГАНИКАЛЫҚ ДҮНИЕ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Алғашқы эволюциялық теория
Тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар
Ламарктың Зоология философиясы еңбегі
Ламарктың эволюциялық концепциясы
Адам эволюциясына әсер ететін факторлар
Эволюция ілімі
Экология ғылымы туралы
Адаптациялардың классификациясы
Вернадскийдің ноосфера туралы концепциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz