Электр тізбегі. Электр тізбегінің компоненттері



1. Электр тізбегі. Электр тізбегінің компоненттері
2. Электр тізбегіндегі физикалық процестер
3. Электр тізбегінің жіктелуі
4. Сызықты және сызықты емес тізбектер
5. Қарапайым электр тізбегі
6. Кирхгоф ережелері
Электр тізбегі – бұл электр энергиясын шығаратын, беретін, түрлендіретін және тұтынатын құрылғылардың жиынтығы.
Электр энергиясын шығаруға арналған құрылғы электр энергиясының көзі, немесе қоректендіру көзі, немесе электр қозғаушы күш көзі (ЭҚК), немесе тоқ көзі деп аталады.
Қоректендіру көздері
• машиналық (тұрақты және айнымалы тоқ генераторлары);
• электростатикалық (химиялық, атомдық және т.б.) болады.
Электр энергиясын тұтынатын құрылғы электр энергиясын қабылдағыштар, немесе жүктемелер деп аталады.
Электр энергиясын қабылдағыштар ретінде
• әр түрлі түрдегі электр қозғалтқыш жетектер;
• қыздыру шамдары, қыздыру және жарықтандыру құралдары;
• электрохимиялық және радиотехникалық құралдары және т.б. бола алады.
Электр энергиясын түрлендіргіштерді электр тізбегінің тоқ көзі сияқты немесе энергияны тұтынушы (мысалы, трансформаторлар) ретінде қарастыруға болады.
Электр тізбегінің әрбір құрылғысы электр тізбегінің элементтері деп аталады.
Электр тізбегінің шамаларына
• электр тоғы,
• элементегі кернеу,
• электр қозғаушы күш жатады.
Электр тоғы – электр зарядын тасымалдағыштардың бағытталған қозғалысы.
Қабылданған белгілеу:
тұрақты тоқтың күші;
айнымалы тоқтың лездік мәні.
Кернеу – бұл электр энергиясының қабылдағышындағы әрбір электр зарядына шығындалатын энергия.

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Электр тізбегі. Электр тізбегінің компоненттері
Электр тізбегі - бұл электр энергиясын шығаратын, беретін, түрлендіретін және тұтынатын құрылғылардың жиынтығы.
Электр энергиясын шығаруға арналған құрылғы электр энергиясының көзі, немесе қоректендіру көзі, немесе электр қозғаушы күш көзі (ЭҚК), немесе тоқ көзі деп аталады.
Қоректендіру көздері
· машиналық (тұрақты және айнымалы тоқ генераторлары);
· электростатикалық (химиялық, атомдық және т.б.) болады.
Электр энергиясын тұтынатын құрылғы электр энергиясын қабылдағыштар, немесе жүктемелер деп аталады.
Электр энергиясын қабылдағыштар ретінде
· әр түрлі түрдегі электр қозғалтқыш жетектер;
· қыздыру шамдары, қыздыру және жарықтандыру құралдары;
· электрохимиялық және радиотехникалық құралдары және т.б. бола алады.
Электр энергиясын түрлендіргіштерді электр тізбегінің тоқ көзі сияқты немесе энергияны тұтынушы (мысалы, трансформаторлар) ретінде қарастыруға болады.
Электр тізбегінің әрбір құрылғысы электр тізбегінің элементтері деп аталады.
Электр тізбегінің шамаларына
· электр тоғы,
· элементегі кернеу,
· электр қозғаушы күш жатады.
Электр тоғы - электр зарядын тасымалдағыштардың бағытталған қозғалысы.
Қабылданған белгілеу:
тұрақты тоқтың күші;
айнымалы тоқтың лездік мәні.
Кернеу - бұл электр энергиясының қабылдағышындағы әрбір электр зарядына шығындалатын энергия.
Қабылданған белгілеу:
тұрақты кернеу;
айнымалы кернеудің лездік мәні.
Электр қозғаушы күш (ЭҚК) - бұл электр энергиясының көзіндегі әрбір электр энергиясы алатын энергия.
ЭҚК былай белгіленеді:
тұрақты ЭҚК;
айнымалы ЭҚК-тің лездік мәні.
Тоқтың, кернеудің және ЭҚК-тің шартты-оң бағыттары былай анықталады:
тоқтың шартты-оң бағыты - бұл оң зарядтар қозғалысының бағыты (әрі қарай - тоқтың оң бағыты, немесе тоқ бағыты);
кернеудің шартты-оң бағыты - бұл потенциалдың кемуінің бағыты (әрі қарай - кернеудің оң бағыты, немесе кернеу бағыты);
ЭҚК-тің шартты-оң бағыты - бұл қоректендіру көзіндегі бөгде күштердің бағыты (әрі қарай - ЭҚК-тің оң бағыты, немесе ЭҚК бағыты);
Тоқ пен ЭҚК-тің шартты-оң бағыттары сәйкес келеді. Тұтынушы элементтеріндегі тоқ пен кернеудің шартты-оң бағыттары сәйкес келеді. Тоқтың, кернеудің және ЭҚК-тің шартты-оң бағыттары схемада стрелкамен белгіленеді.

1.2. Электр тізбегіндегі физикалық процестер
Электр тізбегіндегі кедергі (өткізгіштік), сыйымдылық, индуктивтілік; өзара индуктивтілік оның параметрлері болып табылады.
Электр тізбегіндегі параметрлерде өтетін физикалық процестер:
Кедергі ( ) элементтің электр энергиясын жылулық энергияға айналдыру қабілетін сипаттайды. Кейде кедергі ұғымының орнына өткізгіштік ұғымын қолданады.
Сыйымдылық ( ) элементтің электр зарядын жинақтауын (яғни электр өрісін қоздыруын) сипаттайды.
Индуктивтілік ( ) элементтің магнит өрісін қоздыруын (электр энергиясын магнит өрісіне айналдыруын) сипаттайды.
Өзара индуктивтілік ( ) индуктивті параметрлердің бір-біріне әсерімен сипатталады.

Электр тізбегі. Электр тізбегінің жіктелуі
Сызықты тізбек

1 сурет -- Электр тізбегінің шартты белгіленуі
Электр тізбегі -- электр тогының ағуына, жүруіне арналған элементтердің, құрылғының жиынтығы, ондағы жүріп жатқан электромагниттік процесстер ток күші мен кернеу ұғымдары арқылы сипатталады.

Шартты белгілердің көмегімен электр тізбегінің көрсетілуі электр схемасы (электр сұлбасы) деп аталады (1 сурет).
Электр тізбегінің жіктелуі
Тармақталған және тармақталмаған электр тізбектері

2 -- Тармақталған тізбек
Электр тізбектері тармақталмаған және тармақталған тізбектер деп бөлінеді. 1 суретте қарапайым тармақталмаған тізбек схемасы көрсетілген. Оның барлық элементтерінде сол бір ток ағады, жүреді. Қарапайым тармақталған тізбек 2 суретте көрсетілген.
Онда үш тармақ пен екі түйін бар. Әрбір тармақта өзінің тогы жүреді. Тармақты тізбекті байланысқан элементтерден және екі түйін арасындағы құралған тізбек учаскесі ретінде анықтауға болады.Онда бірдей ток ағады.
Түйін дегеніміз 3 тармақтан кем емес тізбектердің тоғысқан нүктесі. Егер электр схемасында ЕКІ линияның қиылысу орнында нүкте қойылса (2 сурет), онда бұл орында екі линияның электрлік байланысуы бар, егер нүкте болмаса электр байланысы жоқ деген сөз.
Екі тармақ қиылысатын, басқа түйіннің жалғасы болып табылатын түйін құрастырылмалы немесе төмендеген түйін деп аталады.
Сызықты және сызықты емес тізбектер
Сызықты электр тізбегі дегеніміз - барлық компоненттері сызықты болатын тізбекті болатын тізбек. Сызықты компоненттерге тәуелді және тәуелсіз идеалдандырылған ток пен кернеу көздері, (Ом заңына бағынатын)резисторлар , және басқа кез келген сызықты дифференциал теңдеумен сипатталатын компоненттер: электр конденсаторлары мен индуктивтілік катушкасы жатады. Егер тізбекте жоғарыда аталып кеткен компоненттер жоқ болса онда бұл тізбек сызықты емес тізбек деп аталады.
Шартты белгілердің көмегімен электр тізбегін көрсетуді электр схемасы деп атайды. Екі полюсті компоненттен жүретін токтың кернеуге тәуелділік функциясын вольт-амперлік сипаттама (ВАС ВАХ) деп атайды. ВАС-ны декарттық координатада графикалық тұрғыда көрсетеді. Абсцисса осінде кернеуді, ордина осінде токты көрсетеді.

Көбінесе Ом резисторларын ВАС сызықты функциямен сипаттайды және ВАС графигінде тік сызық болып шығатындықтан, сызықты функция деп атайды.
Сызықты тізбектерге тек қана ферромагнитті өзекшесі жоқ резисторлар, конденсаторлар мен индуктивтілік катушкалары бар тізбектер жатады.
Сызықты емес тізбекке сызықты режимде жұмыс жасайтын кез келген электронды құрылғылар және сызықты емес активті және пассивті компоненттері бар (күшейткіштері, генераторлары және т.б.)
Қарапайым электр тізбегі
Қарапайым электр тізбегі электр энегиясының көзінен Е, энергия тұтынушыдан Т және энергия көзі мен тұтынушыны байланыстыратын екі өткізгіш жалғастырушы сымдардан С1 және С2 тұрады. Жалғастырушы өткізгіш сымдар электр энергиясының көзіне оң және теріс полюстер деп аталынатын екі қысқыштар арқылы қосылады. Электр энергиясының көзі механикалық, химиялық, жылулық тағы басқа энергия түрлерін электр энергиясына түрлендіреді. Тұтынушыда электр энергиясы басқа энергия түрлеріне - механикалық, жылулық, химиялық, жарық т.б. айналады. Электр энергиясының көзіне генераторлар қандай да болмасын механикалық қозғалтқыштармен қозғалысқа келетін электр машиналары, аккумуляторлар және гальваникалық элементтер жатады. Электр тұтынушылары ретінде жарықтандырғыш шамдар, электр қозғалтқыштары, электрқыздырғыш аспаптар т.б. пайдаланылады.
Гальваникалық элементтерде, аккумуляторларда бірінші жағдайда гальваникалық элементтер батареяларын, екінші жағдайда аккумулятор батареяларын құру үшін бір-бірімен жалғастырылады. Электр энергиясының көзі оған өткізгіш сымдар арқылы қосылған энергия тұтынушымен бірге тұйықталған электр тізбегін құрады. Тұйықталған электр тізбегінде үздіксіз зарядтар қозғалысы пайда болады, оны электр тогы деп атайды.
Металл өткізгіштеріндегі тұрақты ток еркін электрондардың тұйық тізбек арқылы қалыптасып бағытталған қозғалысы болып табылады. Схемаларда ток пен кернеудің оң бағыттарын плюстен минуске қарай бағдарланған нұсқамалар арқылы шартты түрде белгілеу қабылданған.
Тұйықталған тізбектегі электр тогы энергия көзінің электр қозғаушы күші әсерінен ағады. Тізбекте ток жоқ болған жағдайда да яғни тізбек ажыратылған кезде де энергия көзінде электр қозғаушы күші пайда болады. Тізбекте ток жоқ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Логикалық функциялар
Электр тізбегі және оның құрылысы
ЭҚК көзі және ток көзі. Ом және Кирхгоф заңдары туралы
Электр тізбектеріндегі өтпелі үрдістер
Ганн диодтарындағы АЖЖ - құрылғылардың параметрлік сипаттамалары
Гармоникалық тоқ және кернеу көздері бар сызықты тізбектерге жүргізілетін анализ
Электр тізбектері және олардың элементтері
Рельс тізбектерінің жұмыс режимдері
Негізгі электрлік шамалар
Күрделі тізбектерді «үшбұрыш» - «жұлдыз» түрлендіруі арқылы есептеу
Пәндер