Программалық жабдықталу


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Компьютердің кең таралуына басты себеп болған олардың программалық жабдықталулардың кең таралуы еді, бұл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай, белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе ақпараттың белгілі бір түрлерін өңдеуді түгел қамти алатын ғылыми-практикалық маңызы мен жаңашылдығы болды.
Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналып отыр. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанынның бәсекеге қабілетті 50 елдерінің қатарына кіру старатегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап өткен болатын. Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр - ақпараттындыру ғасыры» деп аталды.
Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттындыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақдараттандыру - экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.
Қоғамды ақпараттандыру үрдісінің қарқынды дамуы еліміздің экономикалық жүйесіне ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік, білім беру, медицина сияқты басқа да салаларға дамудың өзіндік жаңа бағыттарын енгізе бастады.
Атап айтқанда, техникалық жаңалық ретінде бұрын жаңа станок, жаңа құрылғылардың пайда болуын айтсақ, енді «компьютер», «дербес компьютер», мамандардың «автоматтандырылған жұмыс орындарын», яғни электронды есептеуіш техникасымен байланысты әңгімелейтін болдық. Ақпараттық қоғамда ақпараттандырудың қарқынды жүзеге асып жатқандығын тәжірибеде дәлелдеп отыр.
Бұл болашақ мамандардың компьютерлік техникамен, ақпараттық технология жабдықтарымен жұмыс жасау икемділігінің болуын талап етеді. Осы мәселені шешудің айқын жолы - білім беруде программалық жасақтамаға аса назар аударып, әрбір программалық жасақтаманы терең меңгеру.
- ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАЛУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ
1. 1 Программалық жабдықталу туралы түсінік
Программа - магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жуктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нүсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыстағы бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі .
Алдын ала келісім нақты программа арқылы орындалатын әрекеттер (функциялар) жиынының және әр функцияның орындалу вариантын анықтайды.
Үнсіз келісім егер жұмыс істеп отырған адам айқын түрде нұсқамаса, көрсетілген немесе басқа әрекеттің, яғни функцияның нақты атқарылу параметрлерін (басқа да варианттары болғанда) тағайындайды.
Интерфейс - программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сұқбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны.
Программалық жасақ - информациялық технологиялардың елеулі бір бөлігі.
Программасыз кез келген аппаратура жәй элементгер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды.
ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді, олар:
- жүйелі программалық жасақ;
- қолданбалы (кәделі) программалық жасақ.
Жүйелі программалар ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жүмыс істеп отырған адамды қолданбалы программалармен байланыстырады.
Жүйелі программалық жасақты бірнеше топқа жіктеуге болады:
1) операциялық жүйелер;
2) утилиттер;
3) сервистік программалар.
Операциялық жүйелер - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшін кең тараган оиерациялық жүйелерге МЗ (РС) DOS, Windows 95, Windows NT, OS/2, UNIX жатады, Дербес компьютерлерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетте бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой .
WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық - бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға болады, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары
болып келеді.
Көптеген ІВМ - үйлесімді компьютерлер дискілік МЗ DОS операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады.
Операциялық жүкелер көптеген функцияларды орыңдайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бүл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кещенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компыотердің: жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест ирограммалары) айтуға болады.
Сервистік программалар - әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.
Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерді шығарамыз. Мұндай программалар "қосымшалар" (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатътн қуатгы мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік продессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т. б. ), ғылыми мөселелерге арналған жоне жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.
Қолданбалы (кәделі) программалық жасақ - белгілі бір мамандық салалсында нақты есептер шығара алатын программадар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.
Белгілі бір мақсатга пайдаланылатын программалық жасақ әр адамның нақты есептерін шыгаруга арналган, сондықтан оны пайдалану аймаіы да шектеулі. Мүндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды немесе оньң талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді.
Дербес компьютерлердің кең тарауьша басты себеп болған олардың алдын ала дайындалған әмбебап программалық жасақтарың кең таралуы еді, бүл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай, белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өндеуді түгел қамти алатын болды.
Әртүрлі информацияларды өндеуге мүмкіндік беретін әмбебап программалық жасақтың негізгі түрлері мыналар:
- мәтін редакторлары;
- графикалық редакторлар;
- электрондық кестелер;
- оқыту жоне ойнау программалары;
- информациялық жүйелер және т. б.
ДЭЕМ-дерді осы мақсаттарға пайдаланса, басқа машинкасына қарағанда жұмыс өнімділігі күрт өсетіні талас тудырмаса керек.
Мәтін редакторлары экранда мәтіндерді түзетуге, қателерін уақьттында табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, мәтіндерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуга, бірнеше алфавитті (латьш, орыс, қазақ) қатар пайдалануға, құжаттарды қағазға бірнеше дана етіп басып шығаруға мүмкіндік береді.
Кең тараған мәтін редакторларына WordPerfekt, Mikrosoft Word, MultiEdit, WordStar, PageMaker т. б. жатады.
Графиктік редакторлар графиктік информацияны дайындау мен өңдеуге арналған программа болып табылады. Олар өмірде жиі кездесетін есептеу нөтижелерін график түрінде шығаруда өте ыңгайлы. Оның үстіне графикалық редакторлар бейнелерді әртүрлі етіп - схемалар, сызбалар, суреттер және т. б. түрлерде бере алады.
Графикалық редакторлар мәліметтердің есептелу нәтижесін график бейнесінде көрсетуде де және өз қалауымызша түрлі сызықтар тұрғызуда да қолданылады.
Графиктерді әртүрлі түзу немесе кисық сызық түрінде, дөңгелек диаграммалар мен гисто-граммалар бейнесінде алуга болады, оларга автоматты түрде масштаб енгізуге, керек болса координата остеріне сандар мен атауларды жазып қоюга да болады. Күрделі графикалық бейнелер түрғызу кезінде түрлі-түрлі фигура мен контурларды пайдаланып, олардың әрқайсысын әртүрлі түстерге бояуга да болады.
Электрондық кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар (ұялар) болады, оігар пернелермен информацияны енгізу арқылы немесе формулалар орнегін есептеу нэтижесі бойынша компьютермен жазу арқылы толтырылады. Мұнда кестелік мәліметтерді түзету, оларды дискілерде жазып сақтау, түрлендіру, қагазга басып алу сияқты коптеген орекеттср өте жылдам орындалады.
Ойын программалары дербес ЭЕМ-дердегі қызғылықты, кез келген жан әуестенетін топқа жатады.
Дербес компьютерлердің кеңінен тарауына да себепші болған ойын программалары еді. Компьютерлік ойындар - демалудың жаңа технологиясы. ЭЕМ-де ойнағанда онымен шектен аса өуестенудің зиян екенін есте сақтау жөн.
Оқыту программалары оқу-үйрену сабақтарын ұйымдастырады, олардың мектепте не үйде тарихтан, информатикадан, тілден, биологиядан, математикадан, физикадан т. б. пәндерден сабаққа дайындалу кезінде өте ыңғайлы екені талас тудырмайды.
Компыотерлер сабақ оқуда электрондық оқулық жөне тренажерлер түрінде, лабораториялық әрі информациялық анықтамалық жүйе есебінде кеңінен пайдаланылады. Институттарға қабылдау емтихандарын өткізу кезінде компьютерлер "қазы" рөлін де әділ атқара алатын құрал екені белгілі.
Іс программалары қызметте керекті әртүрлі информацияларды дайыңдау, сақтау және өңдеу үшін кеңінен қолданылып жүр. Бұлар іс қағаздарын жүргізуді компьютерлендіру кезінде де құжаттар дайындау, жұмыс кестелерін жасау, кезекшілік графиктерін салу сияқты әрекеттерде де өте ыңғайлы болып табылады.
Информацияның кептеген түрлерін сақтау, іздеу, жалпы ұйымдастыру жұмысында информациялық жүйелер қолданылады.
Бұларга мәліметтер базасы, кітапханадағы информация іздеу жүйелері, театрлардағы, әуе жолындағы және темір жолдагы билет сату мен оларды тіркеу тәсілдері жатады. ЭЕМ желілері мен информациялық коммуникациялар негізіндегі осы сияқты жүйелерді жасау мен дамыту қоғамымызды информацияландыру бағдарламасының ірге тасын қалайды.
Болашақта перспективасы бар информациялық құралдарға білімдер базасы мен эксперттік жүйелерді жатқызуға болады. Олардың көмегімен кейбір мамандық салаларында эксперттер тәртібін модельдеу арқылы медициналық тақырыптардан консультациялар мен әртүрлі қызмет салаларынан анықтамалар беру, онертапқыштарга, технологгар мен конструкторларга көмек беру істерін жүзеге асыруга болады.
Әмбебап программалық жасақтың дамуының арқасында күрделі біріктірілген жүйелер (интегралданған) жасальгаып жатыр. Олар бірыңғай командалар жүйесі арқылы бір форматгы пайдалана отырып мәтін редакторын, электрондық кестелерді, графикалық редакгорды, мәліметгер базасын басқаружүйесін, калъкуляторды және тағы басқаларды біріктіріп, бір интерфейс арқылы осылардың барлығын да пайдалану мүмкіндігін береді.
Әмбебап программалык, жасақ дербес компьютерлермен жабдыкталған әртүрлі мамандық иелерінің жүмыс орындарын автоматгандыруды іске асырады. Мысалы, конструкторлық жобалауды, электрондық тақшалар жасап дайындауды, экономикалық және бухгалтерлік жүмыстарды автоматтандыру істерін жатқызуға болады.
Қолданбалы програмалар арасындағы ерекше топқа "қосымша" программаларды даярлаудың аспаптық қүралдары (инструментальные средства) жатады.
1. 2 Компьютердің программалық құралдары
XX - шы ғасырдың 30-шы жылдарында алгоритм түciнігi математикалық зерттеу oбъектісіне айналды, ал ЭЕМ пайда болған соң кеңінен танымал болды.
Электронды есептеуіш машина - «екі санды қосу», «екі санды кебейту», «екі санды салыстыру» және т. б. с. с. карапайым арифметикалық және логикалық операциялардың белгілі жинағын орындай алатын құрылғы.
Бip операцияны орындаған соң ЭЕМ автоматты түрде келесісін орындауға көшеді және осылайша, операциялардың ұзын тізбегін адамның қатысуынсыз орындауы тиіс.
ЭЕМ-ға түсінікті формада жазылған операциялар қатары программа деп аталады. Есептеу машинасының бағдарлама бойынша жұмыс icтey жағдайы, ЭЕМ жұмысын басқарудың бағдармалық принципінің негізін құрайды.
Қазіргі күні көптеген есептерді шешуді адам техникалық құрылғыларға жүктейді. Техникалық құрылғыларды қолдану ережелерінің сипатталу дәлдігі мен амалдардың орындалуы ретіне өте қатал талаптар койылады. Сондықтан әр түрлі ережелерді анық және дәл сипаттау үшін арнайы тілдер жасалады.
Арнайы бағдарламалық өнімдер мен жабдықталған компьютерлер техникалық база және ақпараттық жүйелер үшін құрал болып табылады. Ақпараттық жүйе компьютерлер және телекоммуникациямен жұмыс атқарушы қызметкерлер арқылы ғана жұмыс жасайды.
Ақпараттық жабдықтау - ақпаратты кодтау және классификациялаудың біртекті жүйесінің, құжаттардың реттелген жүйесінің, ақпараттық ағындар схемасының жиынтығы және мәліметтер қорын тұрғызу әдістемесі.
Техникалық жабдықтау - ақпараттық жүйенің жұмысына арналған техникалық құралдардың комплексі, сонымен қатар осы технологиялық процесстер мен құралдарға сәйкес құжаттар.
Техникалық құралдар комплексі келесі құрамнан тұрады:
- Кез келген модельдегі компьютерлер;
- Ақпаратты шығару, өңдеу, жинақтау және беру құралдары;
- Мәліметтерді алмастыру құралдары және байланыс желілері;
- Ақпаратты автоматты алу қондырғылары және оргтехника;
- Эксплуатациялық материалдар және т. б.
Математикалық және бағдарламалық жабдықтау - техникалық құралдар комплексінің жақсы жұмыс атқаруы үшін, ақпараттық жүйенің мақсаты мен мәселесін орындаушы математикалық модельдер, алгоритмдер және бағдарламалар жиынтығы.
Математикалық жабдықтау құрамына:
- Басқару процесстерін модельдеу құралдары;
- Басқарудың типтік мәселелері;
- Математикалық бағдарламалау, математикалық статистика, т. б. әдістері.
Бағдарламалық жабдықтау құрамына жалпы жүйелік және арнайы бағдарламалық өнімдер, сонымен қатар техникалық құжаттама кіреді.
Ұжымдық жабдықтау - ақпараттық жүйе жасау және қолдану барысында жұмысшылардың техникалық құралдармен және өзара қарым-қатынасын реттеуші әдістер мен құралдар.
Құқықтық жабдықтау - ақпараттық жүйелердің заңды статусын және функциясын анықтаушы құқықтық нормалар жиынтығы.
Дербес компьютер бағдарламалық жабдықтаусыз жұмыс істей алмайды. Ол жақсы жұмыс істеуі үшін әртүрлі бағдарламалар комплексі қажет. Дербес компьютер үшін көптеген бағдарламалар жасалған.
- Дербес компьютерді бағдарламалық жабдықтау құрылымы.
Қолданылу мақсатына қарай дербес компьютердегі бағдарламалық жабдықтауды үш топқа бөлуге болады:
- Жүйелік жабдықтау.
- Бағдарламалау жүйелері.
- Қолданбалы жабдықтау.
Жүйелік жабдықтау операциялық жүйелерден және бақылау, диагностика жасау құралдарынан тұрады.
Бағдарламалар жүйесі (программалық жүйе) - ЭЕМ-дегі бағдарламалау процесін жүргізуге көмектесетін негізгі (базалық) бағдарламалық жабдықтаманың бір бөлігі. Бағдармалау жүйесінің құрамына: ЭЕМ-ге бағдарлама құрып, компьютерге ендіретін редактор; ендіру тіліндегі бағдарламаны тікелей орындайтын интерпретатор; бағдарламаны ЭЕМ-ге ендіру тілінен машиналық тілге аударатын транслятор немесе компилятор; бағдарламаны тексеріп, жөндейтін үйлестіргіш (реттегіш) ; транслятордың жұмыс процесі кезіндегі бас бағдарламаға біріктірілетін қосалқы (көмекші) бағдарламалары бар трансляция кезеңінің кітапханасы (ЭЕМ-нің сыртқы жадында сақталынып тұратын бағдарламалар немесе алгоритмдер жиынтығы) ; құрастырылған бағдарламаны жүзеге асыру кезінде қажет болатын машиналық тілдегі көмекші бағдарламалары бар орындау кезеңінің кітапханасы; Бағдарламалау жүйесінің қызметін тұтастай көрсететін монитор енеді.
Қолданбалы жабдықтау - қолданбалы программа дестелері мен қолданбалы программаны пайдаланушылардан құралған. Қолданбалы программалық жабдықтауда пайдалану жағынан мәселе анықтайтын, жалпы тағайындау дестелері және шоғырлану дестелерінен тұратын қолданбалы программалар дестелері үлкен орын алады. Мәселе-анықтайтын ҚПП айырым белгісі болып олардың белгілі бір есептің шешіміне аз ғана беталысы және олардың үлкен алуан түрлілігі. Шоғырлану ҚПП аспаптық құралдардан тұрады және олардың әрқайсысы функционалдық, есептегіш қабілеттеріне қарай мәселе-анықтау программасына тепе-тең болады.
Бағдарламалық қабықшалар - қолданушының дербес компьютермен байланыс жасауын жақсы және қолайлы түрде қамтамасыз ететін бағдарламалар. MS-DOS-үшін әдетте Norton Commander бағдарламасының қабықшасы қолданылады, ал Windows 3. 1. -үшін Norton Desktop және Windows 95-ке Norton Navigator.
Драйверлер- операциялық жүйелердің сыртқы құрылғыларымен (принтер, CD-ROM дискілер, клавиатура, тышқан және т. б. ) қарым -қатынасын қамтамасыз етуші бағдарламалар.
Утилиттер- операциялық жүйе мүмкіндіктерін қамтамасыз етуші көмекші бағдарламалар (антивирустік бағдарламалар, дисктерді оптимизация жасау және т. б. ) Бақылау және диагностика жүйелері дербес компьютер құрылғыларын тексеру үшін арналған. Олар қателерді автоматты түрде тауып қолданушыға хабар береді.
1. 4 Бағдарламалау жүйелері
Бағдарламалау жүйелеріне - бағдарламалау тілдері және трансляторлар кіреді. Бағдарламалау тілдері - мәліметтерді өңдеу алгоритмдерін сипаттау мақсатында жасалған тілдер. Қазіргі кезде бірнеше жүздеген тілдер бар, бірақ тек олардың ондағаны ғана кең қолданылады. Олар Фортран, Кобол, Паскаль, Бейсик, СИ, СИ++, Турбо Паскаль, Турбо Си, Пролог, т. б. Бағдарламалау тілдері көмегімен дербес компьютер үшін бағдарламалар жасалады.
Бағдарлама қолданылған - синтаксистермен сәйкес жазылған командалар жиынтығы. Әдетте бағдарлама ағылшын тіліне жақын символдық тілде жазылады. Бұл тіл компьютерге түсінікті болуы үшін аудару қажет болады. Аудармашылардың ролін трансляторлар атқарады.
Транслятор - бағдарламалу тілінен ЭЕМ-тіліне аудармашы, яғни ЭЕМ-кодтарынан тұратын командалар. Транслятордың негізгі түрлері: интерпретаторлар және компиляторлар.
Интерпретаторлар - машиналық кодтарға командалық аударма және дәл сол уақытта әр команданың орындалуын қамтамасыз етуші транслятор. Интерпретатордың ерекшелігі дербес компьютерді қолданушы сұхбаттық режимде жұмысты ұйымдастыратын мүмкіндігі бар. Ал, кемшілігі бағдарламаның орындалу жылдамдығы баяу жүреді.
Компилятор - барлық бағдарламаны машиналық командаға оның орындалуынсыз аударатын транслятор. Компилятор жұмысының нәтижесінде жұмыс жасауға дайын емес жеке модуль пайда болады.
Қолданбалы бағдарламалық жабдықтау - әртүрлі ақпаратты өңдеуді автоматтандыру үшін және ғылым мен техникадағы есептеулерді орындау үшін әр түрлі негіздегі бағдарламалар жиынтығы.
Қолданбалы бағдарламалар - арнайы бір қолданушыға арналып жасалынған немесе қолданушылардың өз қажеттері үшін жасаған бағдарламалар.
Қолданбалы бағдарламалардың арнайы пакеті - нақты бір мәселеге, есептердің анықталған класына арналған бағдарламалар. Қолданушылар программалаушылардың көмегінсіз пайдалана алатын бағдарламалар. Мұндай пакеттерге: редакторлар (лексикон, Word), электрондық кестелер (Super Calc), мәліметтер қоры (dBase), механизмдерді проектілеу пакеті (AutoCad), математикалық есептеулер пакеті (NortonUtilite) және басқалар жатады.
Интегралданған қолданбалы жүйелер - ақпаратты өңдеудің әмбебап мүмкіндіктеріне ие қолданбалы бағдарламалардың комплексті пакеті. Оның құрамына: текстік редакторлар, текстік процессорлар, МҚБЖ, электрондық кестелер және іскер графика құралдары кіреді. Мұндай жүйелердің өкілдері: QuartPro, Works, Русский офис, Microsoft Officе.
Программалар - бұйрықтардың жалғасуының тәртіпке келтірілуі. Барлық компьютерлік программаның ақырғы мақсаты - аппараттық құралдармен басқару. Сондай-ақ бір қарағанда программа құрылғылармен бірге әрекет етпесе де, және енгізу құрылғыларынан енгізу мәліметтерін талап етпесе де, сонымен бірге шығару мәліметтерін шығару құрылғыларына орналастырмаса да, бәрібір оның жұмысы компьютердің аппараттық құрылғыларын басқаруға негізделген.
Компьютерде прогаммалық және аппараттық жабдықтаулар тығыз байланыста, сонымен бірге үздіксіз бір әрекетте жұмыс істейді. Бұл екі категорияны біз екі бөліп қарағанымызбен, бұл екеуінің арасында диалектикалық байланыс бар екенін ұмытпауымыз керек, оларды бөліп қарауымыз уақытша деп білуіміз керек.
Есептегіш жүйенің программалық жабдықтау құрамын программалық конфигурация деп атайды. Программалар арасында да, физикалық тораптар мен одақтар арасындағыдай байланыс болады- көп программалар көп төмен дәрежедегі программаларға арқа сүйеп жұмыс істейді, яғни программа аралық интерфейс туралы айтуға болады. Ондай интерфейстің бар болуы, техникалық жағдайлар мен бір әрекетті протоколдардың болуына байланысты, ал іс жүзінде программалық жабдықтаудың бір-бірімен бірге әрекет ететін дәрежелердің бөлінуін қамтамасыз етеді.
II. ҚОЛДАНБАЛЫ ПРОГРАММАЛАР
2. 1 Қолданбалы программалық жабдықтау
Қолданбалы программалық жабдықтау - қолданбалы программа дестелері мен қолданбалы программаны пайдаланушылардан құралған. Қолданбалы программалық жабдықтауда-пайдалану жағынан мәселе-анықтайтын, жалпы тағайындау дестелері және шоғырлану дестелерінен тұратын қолданбалы программалар дестелері үлкен орын алады. Мәселе-анықтайтын ҚПП айырым белгісі болып олардың белгілі бір есептің шешіміне аз ғана беталысы және олардың үлкен алуан түрлілігі. Шоғырлану ҚПП аспаптық құралдардан тұрады және олардың әрқайсысы функционалдық, есептегіш қабілеттеріне қарай мәселе-анықтау программасына тепе-тең болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz